Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Құс еті туралы жалпы түсінік
2.Құстардың жұқпалы ауруларын алдын алу жою шаралары
3.Құс етін тасымалдау
4. Әртүрлі инфекциялық және басқа ауралар кезінде құс еттерін және ішкі мүшелерін санитариялық бағалау
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Құстар -- жылықанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар). Олардың қауырсындары жылуды сақтауға және ұшуға көмектеседі. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады.
Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған.
Қазақстанда құстардың 18 отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман, ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі. Алғашқы құстардың дене тұрқы 1,8 м-ге дейін жеткен, тістері жақсы жетілген, ұша алмаған. Тіссіз, жақсы ұшатын ихтиорнистер қазіргі құстарға өте жақын болған. Құстардың басқа омыртқалы жануарлардан айырмашылығы - олардың ауада ұша алатындығы. Атап айтқанда, алдыңғы аяғы қанатқа айналған, төс, сан және мойын бұлшық еттері жақсы жетілген, сүйектері жұқа, көбінің іші ауаға толы қуыс болғандықтан және бір-бірімен жіксіз тұтасатындықтан, қаңқасы жеңіл әрі берік. Құстарда тек құйымшақ безі ғана болады (ол су құстарында жақсы жетілген). Жүрегі 4 камералы. Зат алмасу процесінің тез және қарқынды жүруі - олардың ұшуына қажетті энергия бөлінуін және дене температурасының тұрақты әрі жоғары болуын (38 - 41°С) қамтамасыз етеді. Құс қанаты, қауырсыны ұшу, қозғалу құралы ғана емес, денедегі жылылықтың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді және шамадан тыс салқындаудан немесе қызып кетуден сақтайды. Ас қорыту органдары қоректі көп мөлшерде қабылдап, тез қорытуға бейімделген. Ұшу кезінде құстардан көп энергия бөлінетіндіктен, жоғары калориялы қоректі қажет етеді. Тыныс алу жүйесі ұшуға байланысты ерекше өзгеріске ұшыраған. Құстардың ішкі органдары мен бұлшық еттері арасында және тері астында жалпы көлемі өкпеден едәуір үлкен 9 - 10 ауа қапшықтары болады. Олар өкпемен кеңірдек арқылы байланысқан. Сондықтан құстар ұшу кезінде қанатын жайғанда кеуде қуысы кеңейіп, өкпеге енген ауа осы ауа қапшықтарына өтеді.
Ал қанатын қомдағанда кеуде қуысы кішірейіп, ауа қапшығындағы ауа өкпе арқылы сыртқа шығады. Құстардың өкпесінде қан оттегімен екі рет (дем алған кезде және дем шығарған кезде де) тотығады. Оны қосарлы тыныс алу деп атайды. Бұл тек құстарға ғана тән қасиет. Құстардың жүйке жүйесі жақсы дамыған, миы үлкен, ми сыңарлары, көру орталығы, мишығы жақсы жетілген. Құстардың сезім органдарының дамуы әр түрлі. Тез ұшатын үкі, жапалақ, басқа да жыртқыш құстардың көзі жақсы жетілген. Иіс сезу көп құстарда жетілмеген, ал дыбыс есту қабілеттілігі жақсы дамыған. Құстардың көру және есту органдарының жақсы дамуы, олардың алыс және жақын кеңістіктерді игеруіне, мезгілімен қоныс аударып, түрішілік және түраралық қатынас жасауына әсер етіп, құс тіршілігінде маңызды рөл атқарады. Құстар 1-ден 20 - 25-ке дейін жұмыртқа салады. Оны 12 күннен 80 күнге дейін басады. Құстар өсімдіктерді тозаңдандырып, олардың тұқымдарын таратады, зиянды жәндіктер мен кемірушілерді құртып, олардың табиғаттағы санын реттеуге қатысады. Кейбір түрлері бау-бақшаға, егістікке зиянын тигізіп, әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратады.

II. Негізгі бөлім
Құс еті- әрі жұмсақ, әрі дәмді ет; Құс еті әрқашан бағалы жөңіл ал саналып келді. Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты - белок; бройлер етінде ол санатына қарай - 17,6-19,7%, тауық етінде 18,2-20,8%, бөдөне етінде 18,0 %. Құс өтіндегі амин қышқылының құрамы өте сіңімді. Суда жүзетін құстардың етінде май коп болады, Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр және қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінде В тобындағы витаминдермол болады. Онда минералдық элементтер де (ең алдымен фосфор, күкірт, темір және мыс) аз емес. Басқа кез көлген ет сияқты, құс етін де қуырады, пісіреді, бұқтырады, одан котлет және басқа туралған ет тағамдарын жасайды. Піскенде құс еті (әсіресе, бройлер еті) елжіреген жұмсақ болады, өйткені онда жалғастырма тканьдер аз, 8%-дан аспайды (сиыр етінде ол 15%). Олар, әсіресе тос етте аз, сондықтан одан сүйкімді тағамдар әзірлейді.
Тауықетінде Тауық өтінің(күркетауық пайдасы еті де өте ұқсас болып келеді) дәнекер тіндер өте аз болып келетіндіктен, көбіне нәзік әрі жұмсақ болады. Құс етінің ақуызында сирек кездесетін қышқылдар және қанықпаған май қышқылдары көп. Олар тез ериді, өте сіңімді, асқазан-ішек жолында тез қорытылады. Құс етінің құрамында В, Н, РР дәрумендері, калий, магний, натрий, темір, фосфор, мырыш, кальций, мыс секілді минералды заттар бар. Диетологтардың көбі адамның қалыптасып қалған тамақтану үрдісін өзгерту керек дегенді айтады. Мамандарымыз мұндай кезде қой, сиыр, тіпті жылқы етінің орнына тауық пен балық етін жеп тұрған жөн деп санайды. Ең бастысы, құрамындағы холестерин мен липотропты заттар жөнінен құс етінің сиыр мен қоян етінен айырмашылығы жоқ. Көпшілік қауым тауық етінен даярланған тағамдарға тән иістерді ұната бермейді, ал кейбірі оны зиян деп жатады. Бұл күмөніңіздің де жөні бар. Өйткені, аталған иіс глютамин қышқылының, эфир майларының, азоты бар экстактивті заттардың, өсіресе пуринді негіздердің әсерінен болып келеді екен. Сондықтан тауық сорпасын, қуырылған тауықты балалар мен қарттардың емдәмінде ғана емес, күнделікті тағамдарыңызда да шектеулі түрде пайдаланғаныңыз дұрыс. Терісі сыпырылған қайнатылған тауық етін қатаң емдәмдерде ғана жеуге болады. Ал тауық балапанын тек қайнатылған күйде ұсынған жөн.

Құстардың ньюкасла ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі
Құстардың Ньюкасла ауруы (жалған оба) - жіті өтетін және тез таралатын ауру, тыныс алу, ішек-қарын жолы органдарының және орталық нерв жүйесінің бұзылуымен сипатталып, құстардың жаппай өлімін туғызады. Иммунитеті әлсіреген вакцинацияланған құстарда аурудың айқын және патологиялық-анатомиялық белгілері көрінбеуі мүмкін. Ауруға тауық отрядтарының барлық үй және жабайы құстары шалдыққыш келеді (тауықтар, цесаркалар, түйе құстар, фазандар, павлиндер).
Ауру қоздырғышы - парамиксовирустар туыстығына жататын вирус. Індеттің көзі ауру құстар және аурудың инкубациялық көзеңіндегі жұқтырып алған құстар (жасырын кезең), ауру 3 күннен 7 күн аралығына созылуы мүмкін, (кейде 10 күнге дейін). Ауру құстар сыртқы ортаға негізінен мұрыннан бөлінген сұйықпен және нәжісімен вирус бөледі.
Ауру қоздырғышының көзі ауру құстардан алынған залалсыздандырылмаған құс өнімдері және шикізаттары болуы мүмкін (жұмыртқа, ет, мамық-түк, қауырсын), немесе ауру құстардың бөлінулерімен ластанған азық, су, құралдар, қызмет етуші кісілердің киімі және аяқ киімі, көлік заттары және ауру қоздырғышы оларда ұзақ уақыт сақталынуға қабілетті.
Ньюкасла ауруын алдын алу шаралары
Ньюкасла ауруынан сақтануды ескерту үшін құс фабрикаларының немесе құс фермаларының (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) өкімшілігі жөне құс иелері, осы Ережеде қарастырылған шараларды орындауға міндетті. Құс шаруашылығының және де мемлекеттік ветеринариялық саланың мекемелерінің ветеринариялық мамандары міндетті:
1) қамтамасыз етуші шаруашылықтарда, елді-мекен бекеттерінде арнайы ветеринариялық шараларды жүргізуді ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелі түрде бақылау жүргізуге;
2) құс қораларын және құрал-саймандарды едкий натрияның (1,5%-ті), хлорлы известің (3%-ті), креолиннің (5%-ті) ерітінділерімен дезинфекцияға. Бір мезгілде аэрозолдық дезинфекция жүргізуге;
3) ньюкасла ауруына қарсы алдын алу вакцинациясын жүргізетін құс шаруашылықтарында, егілген құста иммунитеттің тұрақтылығына бақылау тағайындауға.
Осы ауру бойынша аурудан таза шаруашылықтарда (аймактарда) құстарды ауруына карсы егудін мақсаттылығы, эпизоотиялық жағдайға байланысты облыстардың (аудандардың, қалалардың) Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларымен анықталады. Аурудан таза емес бекеттерде ауруды жою шаралары Құстардың ньюкасла ауруынан таза емес құс шаруашылығында ауруды жоюда келесі шаралар жүргізіледі:
1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, аурудан таза емес құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсілмен өлтіріледі жөне жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетпеуіне және жайылмауына жол берілмеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткіш сөндіріледі, терезелер және есіктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткілікті балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсілмен өлтіріледі және тек ауру немесе ауруға күдікті құстардың көздөрі жойылады;
2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егерде барлық құстарды етке союмен қамтамасыз өтудің мүмкіншілігі болмаған жағдайда оларды ньюкасла ауруына қарсы өгөді. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантинді алуға дөйін, 2 аптадан кешіктірмей етке тапсыру қажет;
3) тұтас еттер қайнатылады және осы шаруашылықтың ішінде халыққа тамаққа қолданылады;
4) құстардың үлкөн партиясы еткө сойылғанда, тұтас еттері облыстың ішіндегі жақын орналасқан ас дайындаушы кәсіпорындарына өндірістік қайта өңдеу үшін жіберілуі мүмкін немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жіберіледі;
5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық- санитариялық жағдайларды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерді, құрал- саймандарды, жабдықтарды дезинфекция жүргізе отырып жүзеге асырады;
6) клиникалық сау құстарды етке сою кезінде алынған түк-мамық және қауырсындарды дезинфекцияланады;
7) ньюкасла ауруы шыққанға дейінгі және карантин кезеңіндегі алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және аурудан таза емес шаруашылықтың ішінде тағамға қолданылады;
8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсілмен дезинфекциялайды жөне жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлік тағамдарға қолдануға, облыс ішіндегі тамақ өнеркәсібінің көсіпорындарына тасымалдап шығаруға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының жайылып таралып кетуін болдырмау үшін шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлікті, жұмыс киімдері және аяқ
Құстардың шешек ауруын алдын алу және жою шаралары туралы ережесі.
Құстардың шөшегі (шешек-дифтерит) - ірі эпителиотропты сүзгіден өтуші вирус туғызатын, теріде өзіне төн шешектік өзгерістердің пайда болуымен және ауыз, жоғары тыныс жолдарының кілегей қабықтарының дифтероидтық бұзылуымен сипатталатын контагиоздық ауру.
Вирустың үш түрі кездеседі: тауық шешегі, көгершін шешегі және канареек шешегі. Тауық шешегінің вирусымен ауыратындар: тауықтар, түйе құстар, фазандар, цесаркалар, павлиндер және басқа құстар. Індеттің көзіне ауру жөне ауырып жазылған құстар (ауырып жазылғаннан кейін 2 ай мерзім ішінде), шешек вирусымен залалданған жұмыртқалар, түк-мамықтары және қауырсындары, топырақ, азық, су, құралдар және қызметкерлердің жұмыс киімдері жатады. Ауруды таратушы үй және жабайы құстар, жөне де кеміргіштер, шыбын-шіркейлер (көнелер, шыбындар, бүргелер, масалар) бола алады.
Құстардың шешек ауруын алдын алу шаралары
Құс фабрикаларында немесе құс фермаларында (бұдан әрі - Құс шаруашылығы) ветеринариялық- санитариялық талаптарды сақтау, құстардың жаңа бастарын тасымалдап алып келердің алдында мұқият дезинфекция және дезинвазия жүргізіледі.
Аурудан таза құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдыққыш барлық бастарына шешекке қарсы алдын алу вакцинациясы жүргізіледі. Құс қораларына және жабдықтарына толық санация жүргізіле отырып, өсірілуші топтарда алдын- алу үзілісі іске асырылады.Құстардың шешегін алдын алу үшін, осы ауруға, құс шешегіне қарсы вирус-вакцинасын оны қолдану нұсқаулығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ньюкасл құс ауруы кезіндегі балау қою әдістері және алдын алу шаралары
Тауық шешек - дифтерит ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Шешек ауру қоздырушысының ерекшелігі
Ньюкасл ауруы - тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін жұғымтал ауру
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс пуллорозымен ауырған балапандар
Құс сальмонеллезі
Құстардың инфекциялық ларингиті
Ортомиксовирустар. Құс тұмауы ауруының сипаттамасы,диагностикасы,алдын алуы
Екі жіпті үзілмелі РНҚ
Пәндер