Өсімдіктер мен жануарлар әлемі



Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі милионнан асады.
Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі, Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ, "тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген: "... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін ". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін " және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі — адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган деп ұғынуға болады.
Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса, "организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып! Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген "организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық " және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді. Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АҒЗА ЖӘНЕ ОРТА
ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ

Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі
милионнан асады.
Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз
ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі
дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты
бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі,
Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ,
"тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген:
"... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін
". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін "
және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі —
адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың
тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі
біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік
иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган
деп ұғынуға болады.
Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса,
"организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып!
Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me
аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген
"организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ
тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше
қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге
пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі
кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық "
және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді.
Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде қабылдап, тұрақтандырған
жөн.
Тірі ағзалар түрлері ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық кезендерде
бірте-бірте қалыптасқан. Белгілі аумақта тарихи мерзімде пайда болып
мекендейтін жануарлар түрі фауна (мақұлықат) деп аталады. Ал белгілі
аймақтағы тарихи мерзімде қалыптасқан өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың
түрлік құрамын флора (нәубетат) дейміз. Жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне
біркелкі таралмаған: бір аумаққа өсімдіктердің қалың не сирек өсіп,
жануарлар түрлерінің аз немесе көп болуы мүмкін. Өсімдік бірлестігінің
белгілі бағытта қалыптасуы климат жағдайына тікелей тәуелді болады, осыған
орай ол аймақтың жануарлар түрі де өзгеріске ұшырайды.Осы заманда жер
шарында тірі ағзалар түрлерінің, сондай-ақ сан алуан биоценоздардың таралу
заңдылығына байланысты 5 биогеографиялық аймақ бар деи есешеледі. Олар
мьшалар:
1.Голарктикалык, аймақ (Гренландиямен қоса Солтүстік Америка,
Үндістансыз Евразия, Исландия, Корея, Жапония және Солтүстік Африка).
2.Палеотропиктік аймақ (Сахараның оңтүстігін ала Африка, Мадагаскар,
Үндістан, Үіндіқытай).
3.Австралиялык, аймақ (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия,
Океания).
4. Неотропиктік аймақ, (Оңтүстік және Орталық Америка).
5.Антарктидалык, аймақ (Антаркгида).
Бұл аймақтарда тірішлік ететін тірі ағзалар бірімен-бірі ғана емес,
өлі табиғат факторларымен де үнемі байланыста болады. Тірі ағзалардың
бірімен-бірі және өздері мекендейтін ортамен өзара байланысын зерттейтін
ғылым экология (грекше: "oikos — тұрғынжай, тұрақтау орыны + logos — сөз,
ілім") деп аталады. Сыртқы ортаның жеке қозғаушы күштерін экологиялык,
факторлар дейміз. "Экология" терминін тұңғыш. ұсынған (1866) неміс биологы,
дарвинизмнің филогенетикалық негізін қалаушы Эрнст Геккелъ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР. Тірі және өлі табиғат арасында ұзақ уақыт өзара
қарым-қатынастың тұрақты сақталуын қоршаған орта деуге болады. Қоршаған
орта ағзалардың, популяциялардың, табиғи бірлесгіктердің жағдайы мен
қасиеттеріне тікелей немесе жанама ықпал етеді. Мұндай әсердің жағымды да,
жағымсыз да болуы мүмкін. Қоршаған орта пайда болатын осындай әсерлер
экологиялық факторлар деп аталады. Экологиялық факторлардың табиғи әр түрлі
үш тобын атап өтейік:
1. Өлі табиғаттың экологиялық фактордары (абиотикалық грекше: "а —
бей, теріс + bioticos — тірі — тірі емес, өлі" факторлар") — а) климаттық
факторлар (ылғалдық, жауын-шашынның мөлшері, ауа температурасы, жарық
мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, физикалық және механикалық
әсері); ә) гидрологиялық факторлар (су тунықтығы, судың ластануы, т.б.); б)
жер бедерінің әсері (күн сәулесінің түсу ерекшелігі, беткейлік, еңістік,
т.б.).
2. Тірі табиғаттың экологиялық факторлары (биотикалық факторлар) —
ағзалардың өзара селбесу арқылы тіршілік етуі, арамтамақтық тіршілік,
жыртқыштық және жемтікке айналу. Бұл факторлар: а) фитогенді (грекше:
"phyton — өсімдік — genos — туу, шығу тегі") — өсімдік жәрдемімен; ә)
зоогенді (грекше: "zoon —жануар + genos — туу, шығу тегі") — жануар
жәрдемімен әрекет жасайтын екі факторларға бөлінеді. Мұндайда жануарлар мен
өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен бактерериялар бірінен-бірі оқшауланбай,
өзара күрделі қарым-қатынас жасайды.
3. Адамның іс-әрекетіне байланысты факторлар антропогендік факторлар)
— адамның алуан түрлі іс-әрекеті барлық тірі ағзалардың мекен ортасы
ретіндегі табиғатты өзгертуге ұшыратады немесе олардың тікелей тіршілігіне
әсер етеді.
БИОЦЕНОЗ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ. Табиғатта бірлесіп мекендейтін сан алуан
ағзалар айқын бірлікте болады. Құрлықтың немесе суқойманың үлесін бірлесіп
мекендейтін жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және ұсақ ағзалардың
жиынтығын биоценоз (грекше: "bios—тіршілік + koinos — жалпы, ортақ-
бірлестік") дейді. Биоценоз (бірлесяж) айтарлықтай тұрақты биологиялық
түзіліс, өйткені мұнда өзінің табиғи қасиеті мен түрлер құрамын әдетте
климаттық немесе басқа факторлардың өзгеруінен туыңдайтын сыртқы әсер
кезінде өзі сақтап қалады. "Биоценоз" терминін (1877) неміс гидробиологы
Карл Август Мебиус ұсынды.
Бірлестік (биоценоз) — оны құратын түрлердің жиыны ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Қазақстан биосферасы
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Табиғат қорғаудың негіздері туралы
Қазақстанның қорықтары. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Ақсу-жабағылы қорығы
Табиғат қорғаудың негіздері
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Мемлекеттік табиғи қорығы
Африканың географиялық орналасуы
Пәндер