Қонақ үй



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I . тарау.Қонақ үй шаруашылығына сипаттама
1.1 Қонақ үй шаруашылығының тарихи дамуы ... ... ... ... ... . ... .. ... ... 4 . 10
1.2 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 . 11
1.3 Қонақ үй шаруашылығы облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11 . 15
1.4Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері .. ... ... ... ... ...15 . 16
1.5 Қонақ үйлердің тұрмыстық және қызмет бөлімдері... ... ... ... ... ... ... 16 .19
1.6 Халықаралық қонақ үйлер тізбектері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 . 30

II . тарау. Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
2.1 Классификация туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 . 33
2.2 Қонақ үйлердің түрлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... . ... ... . ... ... ..33
2.3 Жұлдыздық жүйе ... ... ... . ... ... .. ... . ... . . ... ... .. ... . ... ... . ... .. ... ... 34 . 36
2.4 Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі ... ... ... ... 36 . 38
III. тарау. Қонақ үй сапасын басқару
3.1 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар ... ... . 38 . 43
3.2 Қонақ үйдегі қосымша қызмет түрлеріне қойылатын талаптар. ... .. .. ... ... .. ... ... . ... .. ... ... ... . ... .. .. ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43 . 50
3.3 Қонақтарды тамақтану жүйесін ұйымдастыру және қызмет көрсету технологиясы ... . .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 50 . 55
3.4 Қонақжай индустриясындағы сервистік қызметті сапалы басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. ... ... .. ... ... ... .. ... ... . ... ... ... 55 . 58
3.5 Кішігірім қонақ үй іс.әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... . ... . ... ... ... .. . ... ... ... ... ... ... ... . .. 58 . 60
3.6 Тазалық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... .. ... ... ... ... .60 . 61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын, дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады.Себебі, қонақ
үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды
жасайды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекетінің әлеуметтік, мәдени және эконо –
микалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.
Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша
өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек.
Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарас –
тыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және пайда табу көзі болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I – тарау.Қонақ үй шаруашылығына сипаттама
1.1 Қонақ үй шаруашылығының тарихи дамуы ... ... ... ... ... . ... ..
... ... 4 – 10
1.2 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 - 11
1.3 Қонақ үй шаруашылығы облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 - 15
1.4Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері .. ... ... ... ...
...15 - 16
1.5 Қонақ үйлердің тұрмыстық және қызмет бөлімдері... ... ... ... ... ...
... 16 -19
1.6 Халықаралық қонақ үйлер тізбектері... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 19 - 30

II – тарау. Қонақ үйлерді классификациялау, оның түрлері
2.1 Классификация туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30 - 33
2.2 Қонақ үйлердің түрлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
... ... ... . ... ... . ... ... ..33
2.3 Жұлдыздық жүйе ... ... ... . ... ... .. ... . ... . . ... ... ..
... . ... ... . ... .. ... ... 34 - 36
2.4 Елдер бойынша қонақ үй классификациясының жүйесі ... ... ... ... 36 - 38
III- тарау. Қонақ үй сапасын басқару
3.1 Қонақ үйлердің дәрежесіне байланысты қойылатын талаптар ... ... . 38 -
43
3.2 Қонақ үйдегі қосымша қызмет түрлеріне қойылатын талаптар. ... .. .. ...
... .. ... ... . ... .. ... ... ... . ... .. .. ... ... ... ...
... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43 - 50
3.3 Қонақтарды тамақтану жүйесін ұйымдастыру және қызмет көрсету
технологиясы ... . .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. ... ... ... .. 50 - 55
3.4 Қонақжай индустриясындағы сервистік қызметті сапалы басқару ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. ...
... .. ... ... ... .. ... ... . ... ... ... 55 - 58
3.5 Кішігірім қонақ үй іс-әрекетін ұйымдастыру және оның спецификасы ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... . ... . ... . ... ...
... .. . ... ... ... ... ... ... ... . .. 58 – 60
3.6 Тазалық сақтау жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... .. ... ...
... ... .60 - 61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Туризм жоғары табысты және қарқынды түрде дамып келе жатқан сала болып
табылады.Әлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша дүниежүзілік
өндірістік – сервистік нарық айналымының – 10 %, әлемдік жиынтық ұлттық
табыстың – 6 %, дүниежүзілік инвистицияның — 7 %, әрбір 9 — шы жұмыс орнын,
дүниежүзі бойынша тұтынушылар шығын –
дарының – 11 % және барлық салық түсімдерінің – 5 % туризм саласы
қамтиды.Бұл мәліметтер туризм индустриясының жоғарғы экономикалық
тиімділігірің айғағы болып табылады және таза экономикалық тиімді –
лікке енетін туризмді дамыту арқылы қол жеткізуге болады.Сондық –
танда туризмді дамытуға қонақ үй салалы үлес қосады.Себебі, қонақ
үй туристер үшін сапалы қызмет көрсетеді, оларға барлық жағдайды
жасайды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай – ақ мемлекттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемлекетінің әлеуметтік, мәдени және эконо –
микалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.
Қонақ үй қызметінің саласы – бұл адамдар арасындағы қарым – қатынас, нақты
алушы мен сатушы арасындағы байланыс.Яғни, қызмет көрсетушілердің күш
жігері демалушыларға арналып, қонақтардың ойын жаулап алу мақсатында
ауқымды дәрежеде қызмет көрсету.Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты
жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада
үлкен жетістіктер,атақ абыройға ие бола алады.
Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы уақытша
өз үйі.Ал үй ішінде адам өзін жақты сезіну, көтеріңкі көңілде болу, оны
әрқашан көтеріңкі көңілмен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін
қанағаттандыратындығына сенімді болу шарт.Осындай жолмен ғана қонақ үйлерді
туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін
қалыптастыру керек.
Жалпы қонақ үй шаруашылығы бизнесін туристік бизнестен қарас –
тыру мүмкін емес. Өйткені, қонақ үй шаруашылығы халықты жұмыспен қамтамасыз
етеді және пайда табу көзі болып табылады.
Қонақ үй шаруашылығы — әр бір мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және
экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет түрі.

1. Қонақүй шаруашылығына сипаттама

1.1 Қонақ үй шаруашылығының тарихи дамуы

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла
бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі
және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген
адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп
келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей
болған емес. Антиканың алтын шынжыр мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде
тоғыстырады.

Еуропалық даму антикалық негізде құрылған. Жерорта теңізі аймағы, Таяу
Шығыстағы, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері,
Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стилде көптеген
ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық дәуір әлемге және адам қауымына саяси
және әлеуметтік формалар енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда
болған. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен қатар көптеген
халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал етті. Антика
дәуірде көптеген ғылымдардың негізі жатыр.

Антика дәуіріне маңызды естеліктерді гректер мен римдіктер қалдырып кетті.

Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде – Вавилонның
патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде
әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.

Кейбіреулері қонақжайлық сөзі ескі француз сөзі ospis - біртүрлі
қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі hospitalis дегенді яғни
– қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар – дәл осылай антика
дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған.
Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс
жөнінде келісім құрған.

Қонақжайлық түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің
ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына
тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.

Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында
орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет
қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу,
баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.

Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла
бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге
саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.

Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге
айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және
Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер
тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері
керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу
орындарында жайғасты. Сауда байланысының дамуына байланысты Еуропада
қонақжай шаруашылығының біршама өсуіне әкеп соқтырды. Мысалы XIV – ғасырда
Миланда 150 қонақ үйі орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақжай шаруашылығы
ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлық
деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII–XIX ғасырлардағы мемлекетаралық
экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй
шаруашылығының тез дамуына ықпал етеді.

Қонақ үй жұмысы үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.

XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен
байланысты.

Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет
орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың
уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы
жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді.

Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар
және синдикаттар пайда бола бастады.Осындай біріккен ірі мекемелер өз
еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай – ақ басқа
мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.

Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда Қонақ үй қожайын одағы құрылды.
Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй
қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.

1906 жылы Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы құрылып, әр түрлі әлем
елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.

Еуропаның ең ірі қалаларында қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану
басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконфепенция өткізу
қарастырылған.

Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған
себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір
жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми – техникалық
және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.

Қазіргі Қонақжай индустриясы дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар,
курорттар, ойын – сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

XVIII – XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен,
қалалар саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй
жүйесі жұмыс жасады. 1900 жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910
жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің бәрі таза
коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.

Октябрь ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ
үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады.
1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде
барлық халық шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй шаруашылығына үлкен зиян
келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа
қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.

1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының 1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ
үйде қызмет көрсетті.

Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін
келесі факторлар анықтайды:

Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы

өнеркәсіптің өсуі

ғылымның және мәдениеттің өсуі

өнердің өсуі

адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т.с.с.

Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс – сапарға және демалысқа
шығатындардың санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу
Олимпиадасының қарсаңында, КСРО – да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын
алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды.
Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі
Измайлово қонақ үйі болып саналады.

Өкінішке орай еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саяси жағдайға
байланысты қонақ үй қызметіне деген сұраныс құлдрап кетті. 1990 жылдың
аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берілген статистикалық
мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй
типіндегі мекемелерді игерген.

Барлығы ресейде қонақ үйлердің 60% - ы қалалық жерлерде, ал 34 % - ы
ауылдық жерлерде табылады. Көлемі жағынан қонақ үйдің нөмірлік қоры ең
үлкендері Мәскеу мен Санкт – Петербург қалаларында орналасқан. Ресейдің
астанасына арнап Мәскеу үкіметі Мәскеудегі халықаралық туризмнің 2005
жылға дейінгі даму концепциясы атты бағдарламада, қонақ үйлерді қайта
жабдықтау және 30 мың қонақ үй орнына арналған жаңа құрылыс жоспарлаған.
Үкімет қолдауымен сыртқы және ішкі туризмді дамыту бағыттары алға қойылған.

Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм
XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай
болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін
жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем
бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық
деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына
туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті
өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс,Шығыс Азия, және Тынық
мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке
жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда
болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа
жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері
пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда
туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу
үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық
ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.

Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және
ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті
қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын
анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет
түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне
негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету
саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау
жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.

Орналастыру – туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық
жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі
сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын
беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық
инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі
қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық
инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды:
отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған
жатақханалар,апартаменттер,туристік приюттар және жеке секторлар.

Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің
оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан,
Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар),
Қойлық(Талдықорған).

Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей
байланысты.

Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана
қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде
республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында
орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында
инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды.
Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық
қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында
халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды.
Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.

Қонақ үй индустриясына инвестицияның келуіне байланысты, банкротқа ұшыраған
конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы.
Мысалы: оған Премьер Медеу отелін жатқызамыз. Ежелгі Медеу шатқалы демалу
жүмыс орнына қолайлы. Осының бәрі Алматы орталығынан 15 минуттьқ жерде.
Медеу мүз айдынының жанында Қазақ ауылы мейманханасы (Отырар комплексі)
орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр
түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние
жүзінің волонтерлері қолданады.

Ал люкс нөмір 1400 долларға дейін жетеді. Бұнымен көбінесе сапарға келген
президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар,
халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде
шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп
тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.

Достық отелі шетел азаматтарына өте қызықты. "Интерлюкс отелі, бұл қала
сыртындағы Алатау санаториінде орналасқан. Мұнда советтік партияның қол
басшылары, мәр-мәр залда жүргенін көресіздер. Алия, Уют орташа қонақ
үйлері бар. Конақтар көбінесе орташа елдерден Өзбекстаннан, Қырғызстаннан
келеді. Жоғары таулы отель "Ворота", "Туюк су". Бүл керемет пансион
Швейцариядағы альпілік қонақ үйге үқсас болып келеді. Отель өте ыңғайлы
және қолайлы. Әр нөмірлерінің қабырғалары ағаштан ойылып салынған.

Анкара - қонақ үйі. Алматы қаласының орталығы, Президент сарайына қарама-
қарсы орналасқан. Бүл қонақ үйде 290 жабдықталған нөмірлер бар.Оның ішіде
люкс нөмірлерінде халықаралық телефон байланысы, мини барлар, көп
бағдарламалы музыкалық жүйе, спутникті ТВ, бағдарламалармен жабдықталған.
Қонақ үй құрамына 5 мейманхана және барлар кіреді. Сонымен қатар бассейн,
денсаулық клубы, туристік агенттік, шаштараз, казино, түнгі клубтар бар.
Алматы қаласындағы ең үлкен залдардың бірі осында орналасқан. Премьер-
Медеу-Интернейшнэл - қонақ үйі - Алматы қаласының орталығынан 15километр,
ал әуежайдан 50 минуттық жерде орналасқан. Қонақ үйде 129 нөмірлер бар.
Оның ішінде 126 жай нөмір, 3 люкс нөмірі кіреді. Бұл нөмірлердің барлығы
халықаралық телефон жүйесімен, спутник ТВ, мини барлармен жабдықталған.
Қонақ үйде жоғары мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады.

Медеу қонақ үйі өзінің клиенттеріне қиындықсыз келісімге отыруына
көмектеседі. Қонақ үйде 2 конференц залы, 10-80 адамға арналған, жоғары
класстағы мейманхана бар, сіздерге сусындар мен шығыс және еуропа асханасын
қызмет көрсетеді. Сіздерге жыл бойы демалуға мүмкіндік жасайды. Кімде-кім
таза ауада демалуды ұнатса, қыс кезінде шаңғы, конькимен мұз айдынында
сырғанауға болады. Бұл мезгіл қарашаның аяғынан басталып сәуірдің басында
бітеді. Бұдан басқа, қонақ үйден 30метр жерде бассейн орналасқан.

Премъер-Алатау қонақ үйі – Алматы қаласында 1974 жылы құрылған. Қонақ
үйде 185 нөмір бар. Олардың ішінде қазіргі уақытта 83 нөмір белсенді жүмыс
атқарады. 5 жартылай люкс және 73 жай нөмірлер бар. Олар халықаралық
стандартпен қамтылған. Ішінде желдеткіш, телевизор, телефон, мини барлар
бар.

Барлық саяхаттар туристерді орналастырумен басталады. Өйткені қонақ үйлер
туристердің демалу орны болып саналады. Сондықтан онда әдемі жақсарған және
туристерге ұнау үшін барлық жағдай жасалған. Орналасуы әдемі туристік-
рекреациялық жерлерге үқсас болып келеді.

Қарағанды облысында 30-ға жуық қонақ үй бар. Ең халықаралық стандартпен
жасалған Созвездие отелі. "Созвездие" люкс отелі сәулеткерлік өнермен
жасалған 8 қабатты ғимарат. Бүл отель экологиялық таза ауданда орналасқан
және парк зонасында аквалендпен этнопаркпен қоршалған. Табалдырықтан аттай
бастағанда, сізді жоғары дәрежедегі ыңғайлы қонақжайлылық күтіп түрады.

Люкс отель әрбір жеке клиентке көңіл бөледі. Отельде жоғары
мамандандырылған қызметкерлер жүмыс атқарады. Бүл жерде Қазақстандағы
жалғыз бильярд спорт орталығы орналасқан. Сіздерді өте жоғары деңгейдегі әр
түрлі асхана тағамдарымен қамтамасыз етеді. Сауна, джакузи ыңғайлы демалыс
бөлмесі бар. Отельде VІР және люкс нөмірлер евро дизайнмен жасалған. Мұнда
желдеткіш, мини бар, телефон, телевизор бар. Бұл отель осы уақытқа дейін
2267 қонақтарды қабылдады. Отельге әйгілі суретшілер, саясаткерлер,
халықаралық бильярдтан турнирге қатысушылар, әйгілі фирмалардың басшылары
келеді.

Жезқазғанда 4 қонақ үй халықаралық класта қызмет көрсетеді. "Байқоңыр" -
"5" жұлдызды қонақ үй. 1999 жылы желтоқсанда қонақ үй "Казақмыс
корпорациясының" меншігіне кірді. Қайта қалпына келтіру жүмыстары
жүргізіліп 2000 - шы жылы іске қосылды. Қонақ үй - Кеңгір су қоймасының
жағасында орналасқан. Барлық қонақтарға ыңғайлы болып саналады. Бүл жерде
20 орын, соның ішінде VІР нөмірі; 2 люкс, 8 жартылай-люкс, 9 бір адамдық
жоғары категориялы орындар бар. Қонақ үй желдеткішпен, таза сумен және
әрбір нөмірде телефон, телевизор, мини барлар бар. Конференц залы
аудиовизуалды техникамен жабдықталған. Зал іскерлік кеңесуге арналған.
Қонақ үйде хол және қысқы оранжерея бар. Осыған қоса 150 орынға арналған
мейманхана, 36 орынға арналған кіші банкет залы кіреді. Бүл жерде ұлттық
жөне халықаралық асхананы көруге болады. Жазда ашық ауада терассада отыруға
болады. Демалуға арналған бассейн, сауна, бильярд ойнау залы бар. Кір
жуатын жерлері соңғы үлгідегі кіржуғыш машиналармен жабдықталған.

"Бизнес-центр" - "3" жүлдызды қонақ үй. Швед фирмасы салған. Ол Кеңгір су
қоймасының жағасында, қалалық демалыс орнында орналасқан.Бұнда желдеткіш,
таза сумен қамтылған нөмірлер бар. Қонақ үй құрамына автокөлік түрағы, 40
орындық мейманхана, 12 орындық конференц залы, емделу кешені кіреді.

"Металлург" - қонақ үйі. Бүл қонақ үй 1969 жылы пайдалануға берілген.
Жезқазған қаласының орталығында орналасқан. Қонақ үйде 10 адамға арналған
11 орын, 4 бар, жоғары категориядағы 2 нөмір бар. Қонақ үй құрамында 40
орындық кафе, 25 орындық жазғы кафе бар. Қонақ үйде іскерлік комплексінде
23 адам жұмыс атқарады. Бұл жерде ақылы қызметтер: сауна, бильярд, кір
жуатын жер, мейманхана, кафе. Барлық қызметтер жоғары деңгейде орындалады.

1.2 Қонақ үйдің мәні мен мазмұны
Қонақ үй – кең мағынасында қысқа мерзімдік уақытта тұруға
арналған жиһаздандырылған бөлмелер жиынтығы.
Қонақ үй – бұл қызметтерді өндіру және қызметтер көрсету бойынша
қалыптасқан күрделі шаруашылық кешені.
ЮНВТО – ның анықтамасы бойынша қонақ үй дегеніміз – белгілі
бір нөмерлер санынан тұратын бірегей басшылығы бар және бір қатар қызметтер
түрін көрсететін (кем дегенде төсек орнын ауыстыру және нөмерді жинау тағы
басқа) сондай – ақ классқа, категорияға бөлінетін ұжымдық орналастыру
құралы.
Қонақ үйлердің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы қызметтер көрсету,
оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің дең –
гейін әлемдік дәрежеде көтере алады.
Қонақ үйді басқару ерекшеліктеріне байланысты олар айрықша қонақт үйлер
немесе қонақ үй желілері болып бөлінеді.
Барлық қонақ үйлердің қызметтері негізгінен 4 топта қарастырылады:
1. орналастыру
2. тамақтандыру
3. бос уақытты ұйымдастыру
4. тұрмыстық қызмет көрсету
Орын (койка) – бір адам пайдалынатын және тікелей соған арналған төсегі бар
жер көлемі.
Қонақ үйдегі номерлер көлемі жағынан, жиһаздандыру жағынан, құрал – жабдығы
жағынан, жарақтандырылуы жағынан және тағы басқа сипаттарымен ерекшеленеді.
Категорияға байланыссыз әр бір қонақ үйде келесідей жиһаздар мен құрал –
жабдықтар болуы тиіс:
1. төсек
2 2. орындық немесе бір орындық (кресло)
3 3. төсектің жанына арналған тумбочка
4 4. киім ілуге арналған шкаф
5 5. жарық көзі
6 6. қоқыс тастайтын себет
7 7. қонақ үй жөніндегі мәлімет және өрт кезінде болатын қауыпсіздік
шарасының жоспары
Қонақтарды тамақтандыру жөнінен қызметтер әр түрлі комбинациядан тұруы
мүмкін:
• өндірістік (ас бөлмесінде тамақтарды даярлау)
• шаруашылық (дайын өнімдерді сату, ішімдік және сусындарды сату)
• сервистік (қонақтарға мейрамханаларда, кафелерде, барларда, номерлерді
официанттардың қызмет көрсетуі)
Қонақ үйде қосымша болатын қызметтер:
• бассейндер
• спорттық жаттығулар (фитнис залдар, тренажор залдар, конференц залдар,
келіс сөз жүргізу залдар )
• автомобильдерді жалға беру
• химиялық тазалау
• кір жуу
• шаштараздық қызмет (сұлулық салон)
• массаж жасау кабинеттері
Қонақ үйлік бизнесті басқару кезінде көрсетілетін қызметтердің негізгі
құрамын ескеру қажет:
1. өндірістік пен тұтыну процесінің бір уақытқа сәйкес келуі
2. қызметті сақтаудың шектеулігі
3. қонақ үйлік қызметтердің сипатының жылдамдығы және жеделдігі
4. персоналдардың өндірістік қатысуы
5. қонақ үйлік қызметтерге сұраныстың маусымдық сипатта болуы
6. саяхат жасау мақсатымен қонақ үйлік қызметтің өзара байланысы

1.3 Қонақ үй шаруашылығы облысындағы басты түсініктер мен анықтамалар

Қонақ үй индустриясы экономикалық қызмет түрі секілді өзіне қонақ үйде,
мотельде, кемпингте, пансионаттарда және сыйақыға басқада орналастыру
орындарында қысқа уақытта тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді
қосады.

Орналастыру түсінігінің астында адамдардың уақытша тұруға арналған кез –
келген объектті жатқызуға болады.

ГОСТ КР 50645 – 94 Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер
класификациясы жарлығына сәйкес қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған
кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы
тиіс.

Басқа да нормативті құжаттарда – ҚР – дағы қонақ үй қызметін көрсету
ережелері ҚР – ның қаулысында бекітілген қонақ үйге келесідей анықтамалар
береді: қызмет көрсетуге арналған мүліктің комплекс (ғимарат, ғимарат
бөлігі, басқа да мүлік немесе құрал - жабдық).

Қонақ үйлер келесідей белгілермен сипатталады:

берілген нақты саннан асатын номірлерден тұрады, біртұтас басшылыққа
ие;

түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;

елдің стандарттарына ие, көрсетілетін қызмет түріне байланысты класқа
және категорияларға топтастырылған;

Қонақ үй кәсіп орындарын сыйымдылығына, тұру орнының санына және
номірлердің санына байланысты ажыратады.

Нөмір – қонақ үй категориясына сәйкес, талаптарға сай, бір немесе бірнеше
орыннан тұратын бөлме.

Жатын орын – бір адам тұтынуға арналған, жатақ орналасқан алаң.

Халықаралық іс – тәжірибеде Бүкіл Әлемдік Туристік ұйым эксперттерімен
талқыланған, орналастыру құралдарының стандартты классификациясы
қабылданған.

Осыған сәйкес барлық орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып
бөлінеді.

Ұжымдық орналастыру құралдары қонақ үй типтес және мамандандырылған болып
екіге бөлінеді.

ГОСТ ҚР 51185 – 98 Туристік қызметтер. Орналастыру құралдары. Жалпы
талаптар. жарлығына сәйкес қонақ үй типінің ұжымдық орналастыру
құралдарына келесілер жатады:

қонақ үйлер;

мотельдер;

тұруға арналған клубтар;

пансионаттар;

жиһаздалған бөлмелер;

жатақханалар;

Мамандандырылған орналастыру құралдарына – орналастыру қызметін ғана емес,
сонымен қатар арнайы бір мақсаттағы қызметті орындауға арналған объекттер
жатады. Мұндай орналастыру құралдарына келесілер жатады:

санаториялар;

профилакториялар;

демалыс үйлері;

туристік тұрақтар;

туристік, спорттық базалар, демалыс базалары;

аңшылар үйі;

конгресс - орталықтар;

кемпингтер;

ботельдер;

флотелдер;

ротельдер;

Жеке орналастыру құралдарына келесілер жатады: пәтерлерден бөлмелер; үйлер;
котедждер; жалға берілетін үйлер.

Сонымен орналастыру құралдарының кейбір атауларына анықтамалар бере кетсек:

Мотель – автотуристерге қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.

Ботель – судағы кішігірім қонақ үй.

Флотель – судағы курорт деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары
комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес
– турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.

Ротель – қозғалмалы вагон – қонақ үй.

Кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған
қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)

Санаторий – табиғи ландшафтты аймақта орналасқан, емдік – сауықтыру
орталығы.

Флайтель – Аэроқонақ үй немесе ұшатын қонақ үй. Әдетте өте қымбат және
қонақ үйдің мұндай түрі көп кездесе бермейді. Қону алаңымен және метео
қызметтермен байланыста тұрады.

Пансионат – қарапайым стандартарға және шектеулі қызмет спекторына жауап
беретін кәсіпорын. Кәдімгі қонақ үйлерден айырмашылығы, мұнда таңғы ас,
кешкі және түскі ас ұсынылады (яғни – full board). Дегенмен бұл қызмет
тек тұрғындарға ғана көрсетіледі.

Отель – гарни – клиенттерге тек қана шектеулі қызмет: орналастыру және
таңғы ас ұсынатын кәсіпорын.

Сонымен қатар қонақ үйде қолданылатын қонақ үй нөмірлеріне байланысты
қосымша түсініктерді атап көрсетуге болады:

double twin – бұл екі жатағы бар нөмір.

king size – жанұялық жұптарға арналған үлкен жатағы бар бөлме.

extra bed – екі орынды нөмірде қосымша жатақ.

triple – екі жатағы және диваны бар бөлме.

single – бір орындық нөмір. Кейде жалғыз келген туристерді екі орынды
бөлмеге орналастырады. Бұл нұсқа "double for single use" деп аталады.

junior suite – екі орынды жақсартылып жасалынған нөмір.

de luxe – дәл осындай бөлме, бірақ аса қымбат жасақталған.

suite – жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған жатын және қонақ бөлмесі бар
нөмір.

business – жұмысқа арналған факспен және компьтермен жабдықталған үлкен
нөмір.

family studio – үлкен жанұяға арналған екі бөлмелі нөмір.

president – қонақ үйдегі ең қымбат нөмірлердің бірі, бірнеше жатын бөлме,
кабинет, екі – үш әжетхана орналасады.

penthouse – онақ үйдегі ең жоғарғы қабатта орналасқан нөмір, әдетте жоғары
ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

фронтдеск – туристер тіркеуден өтетін орын.

all inclusive – орналастыру және тамақтануға берілетін тариф.
1.4 Қонақ үй қызметі, ерекшелігі және құрама элементтері

Нарықта тауардың қатары, капиталдар, жұмыс күші нарық қызметімен
байланысты. Қызмет сферасы песрпективал, тез дамығыш экономикалық
секторлардың бірі болып табылады. Қызмет — тұтынушының тілектерін
қанағаттандыратын, ұсынушымен тұтынушының байланысы. Қызмет функциялық
жағынан екіге бөлінеді: материалдық және әлеуметтік-мәдени.

Материалдық қызмет — бұл тұтынушылардың матыриалды-тұрмыстық сұраныстарын
қамтамасыз ететін қызмет түрі. Бұған кіретіндер: тұрмыстық ықзметтер,
коммунальдық тұрғын үй, транспорттық ықзметтер және тамақтану.

Әлеуметтік-мәдени қызмет — тұтынушының жан-дүниесі, интеллектуальдық
тілектерін қанағаттандыратын қызмет түрі. Бұған кіретіндер: медициналық
қызметтер, білім қызметтері, мәдениет қызметтері, туристік және қонақ үй
қызметтері.

Қызметтер және қонақ үй қызметтері принципиалды түрде тауарлардан
ерекшеленеді.

Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет
көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды
кіргізеді:

- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;

- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтануда қызмет көрсету;

- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін
қанағаттандыру;

- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.

Сезілмейтін

қызметтер

Сапаның өзгеруі

Нақты өндіру

және тұтыну

Сақтауға қабілетсіз
1.5 Қонақ үйлердің тұрмыстық және қызмет бөлімдері.

Жақсы бағытта дамыған қонақүй ісінің, қызмет көрсету саласы, өз кезегінде
қонақ үй ғимаратының оң бағытта өзгеруіне өз ықпалын тигізді. Жинақталған
тәжірибенің негізінде қонақ үй ғимараты дұрыс қолданыла бастады. Егер
бұрындары қонақ үй ғимараты 1-2 қабаттан құралып, сол бір ғимараттың ішінде
тұрғын, қызмет көрсету, тазалау және басқа да бөлімдер орналасса, қазіргі
қонақ үй ісінің басты жетістігі, ол – тұрмыстық бөлім мен қызмет бөлімінің
айырылуы. Тұррмыстық бөлім көбіне жоғарғы қабаттарда орналасады. Ал бірінші
және екінші қабаттарда, мейрамханалар , тазалық бөлімдері орналасады.
Тұрмыстық бөлім мен қалған бөлімдер арасындағы байланыс вестибюль ( холл )
арқылы іске асады. Ал көп қабатты қонақ үйлерде лифт жүйесі арқылы іске
асады. Лифт арқылы адамдар мен қатар қонақ үй шаруашылығына қажетті заттар
да тасымалданады. Бірақ кейбір қонақ үйлерде қызметтік арнайы лифттер
болады. Қажеттік лифтпен тек қонақ үй қызметкерлері, жұмыс барысында
қолданады.

Қонақ үйдің тұрмыстық бөлімінің орналасуына қарай бірнеше түрлері бар:

Қапал тәрізді, жабық жүйе: ХIХ ғасырдың шағын қала құрылысына ұқсайды.
Тиімді жердің бәрін құрылысқа пайдаланып, ғимараттардың ортасында шағын
аула қалады. Мұндай ғимараттардың артықшылығы да, кемшілігі де бар. Жақсы
жағын айтатын болсақ, тұрмыстық бөлімге, дөңгеленген коридор арқылы бір
орталықтың оңай қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар мұндай шағын ғимараттар
өте бекем, төзімді болады. Ауласы тар болғандықтан ғимарат ішінде қысқы
бақша, аквариум сияқты керемет қондырғылар орнатылады. Мұндай қонақ
үйлердің басты кемшілігі, аулаға терезесі қараған, номерлердің қараңғы
болуы, яғни аулаға жарықтың аз түсуіне байланысты. Сонымен қатар сол
номерлердегі вентиляция жүйесінің нашар жұмыс істеуі. Сондықтан бұл
номерлердің бағасыда төмен болады.

Геометриялық жүйе – жабық жүйенің нашар жақтары, қонақ үй ғимаратының
құрылысында жаңа шешім, жаңа жобалар іздеуге мәжбүрледі.Нәтижесінде
әріптердің кейіпіндегі жаңа ғимараттар салына бастады. Оларда жабық алаңдар
болмайды. Мысалы ғимараттар T, L, V, C, Y Сияқты әріптерге ұқсастырылды.
Бірақ соның өзінде кейбір мәселер шешіле қоймайды. Мысалы L формасындағы
ғимаратта. Ішкі бұрыштағы номерлердің жағдайы сыртқы бұрыштағы номердің
жағдайымен салыстырғанда өте төмен болды. Себебі қонақ үй ғимаратындағы
әртүрлі қондырғылардың қызметі барлық бөлмелерге, ғимарат бұрыштарына,
қиылыстарына жете бермейтін.

Конструктивті модуль. Тұрмыстық бөлімді жобалағанда басты маңыздылық
конструктивті тордың немесе конструктивті модульдің орнатылуына бөлінеді.
Элементтердің вертикальді конструкцияда орналасуы, номер бөлмелерінің
үлкендігін айқындайды. Сонымен қатар оның сыртқы және ішкі көрінісіде
кескінделеді. Негізінен тұрмыстық бөлмелерді орналастырудың қалыптасқан
басты 3 тәсілі бар:
1.
Бір тұрмыстық номерге тең конструктивті схема. Мұндай құрылыста барлық
номерлер бірдей болады. Коридордың бір бетінде үлкен, екі адамдық
номерлер, ал екінші жағында кішірек 1 адамдық номерлер орналасады.
2.
Екі номерге тең конструктивті схема. Мұндай құрылыста номерлердің
бірнеше түрлері салынады. Бір адамдық, екі адамдық, біріне- бірі ұқсас
екі номерлер немесе апартаменттер. Бұл жүйе тұрмыстық құрылыстың
әртүрлілігіне және оны тыңдауға мүмкіндік береді.
3.
Конструктивті схеманың бұл түрі, конструкция құрылысына қарамастан,
номерлердің әртүрлі болуымен ерекшеленеді.

Тұрғын номерлердің құрылыстық құрамы.

Номерлердің құрамы қонақ үйдің түріне байланысты болады. Мысалы үшін,
демалушыларды қабылдайтын қонақ үйлерде екі адамдық номерлер көп болғаны
дұрыс. Ал қалалық қонақ үйлерде бір адамдық номерлердің көп болғаны дұрыс.
Туристік қонақ үй номерлері нақты белгіленген құрамнан тұрмайды, себебі
экскурссия құрамы айқындалмаған.

Қонақ үйдің барлық түрінде номерлердің әртүрлері болуы керек. Бұл ұстаным
дұрыс болғанымен, жобалауда қиындықтар туғызады. Сондықтан ең тиімді
конструктивті модуль – екі номерге тең конструктивті схема. Қазіргі қонақ
үйлердің тұрмыстық номерлер клиенттің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз
нтуі керек. Номерден тыс жерде көрсетілетін қызметті, қонақ үй
қызметкерлері көрсетуі керек. Клиент номерлерде күні – түні демалып, жұмыс
істеуге, қаламен байланысуға, қонақ үй қызметімен байланыста болуға,
санитарлық гигиена және жекелеген заттарды қолдануда барлық мүмкіндіктерге
ие болуы керек. Сондықтан тұрмыстық бөлімнің басты элементі – номер.

Номердің саласы, оның сәулеттік – жобалауына, алаңына, санитарлы –
техникалық жабдықталуына, қондырғылар мен жиhаздарына байланысты
анықталады. Номерлердің әр түрлілігі, қонақ үй құрылысының құнына да әсер
етеді.

Қазіргі таңда номерлердің алаңы төмендегідей бөлінеді, - бір бөлмелі, бір
орындық номерлер:

8м2 – 1 немесе 2 жұлдызды қонақ үйлер үшін.

10м2 – 3 жұлдызды қонақ үй үшін.

12(16) м2 - 4 жұлдызды қонақ үй үшін.

14(18)м2 - 5 жұлдызды қонақ үй үшін.

16(25)м2 - 5 жұлдызды қонақ үй үшін.

-Бір бөлмелі екі орындық номерлер

- 12м2 - 2 жұлдызды қонақ үй үшін.

- 14м2 - 3 жұлдызды қонақ үй үшін.

- 14(20)м2 - 4 жұлдызды қонақ үй үшін.

Көп қонақ қабылдайтын номерлерде есептелген алаңнан бөлек, әр орынға 6м2
қосымша қосыла береді. Қонақ үй құрылысымен жобалауды талдай келе,
номерлердің енгізгі түрлерін айқындауға болады. Бір бөлмелі, бір адамға
арналған номерлер; бір бөлмелі екі адамға арналған номерлер. Бір бөлмелі
дубль типті номерлер, яғни сұранысқа қарай номерлердің сыйымтылығы оңай
өзгертіледі; бір- екі бөлмелі 3-4 адамға арналған номерлер; бір – екі
бөлмелі 5 және оданда көп адамдарға арналған номерлер (жатақхана -
номерлер); комфорт деңгейдегі 2-3 бөлмеден тұратын номерлер. Әлемдік
тәжірибеде бір бөлмелі 1-2 адамдық номерлер кең тараған. Қонақ үй құрылысын
жобалауда, бір бөлмелік, бір адамдық номерлер ғимараттың енсіздігіне қарай,
немесе екі орындық номермен салыстырғанда аз алаң алуына байланысты
салынады. Бір, екі адамдық номерлердің пайыздық қатынасы қонақ үйдің
мақсатына, оның ыңғайлылығына, және басқада факторларға байланысты. Отандық
қонақ үйлерде бір орындық номерлер жалпы номерлік қордың 30-50% құрайды. Ал
шетелдік іскерлік қонақ үйлерде бір адамдық номерлердің пайызы 60-80%
жетеді.

Туристік және курорттық қонақ үйлерде жанұясымен саяхаттайтындардың көп
болуына байланысты, екі адамдық орындар өте көп болады. Олардың жалпы үлесі
75-100% құрайды[43].

Тұрғын бөлме-бір бөлмелік номердің тұрмыстық бөлмесі көп түрлі қызмет
атқарады. Ол бөлмеде ұйықтап, демалады, жұмыс істейді, күндіз отырып
демалады, заттарды сақтайды, тамақтанады, қонақтарды күтеді. Сондықтан
бөлмеде осыған қажетті барлық қондырғылармен жиһаздар орналастырылып, сыйып
тұруы керек. Ол үшін сәулеттік – ғимараттық құрылысы дұрыс жобалануы керек.
Бөлмені жиһаз, қондырғылармен жабдықтау үшін арнайы, қонақ үйге арналған
жиһаздарды қолданады. Олар өте шағын, әрі төзімді, мықты болуы керек.
Бөлмеде жиһаздар құрамы: ұйқы жиһазы, жұмыс істеу үшін арнайы жиһаз, және
жеке заттарды қоятын жиһаз. Бөлмеде жиһаздарды орнату тәсілі бар. Негізінен
жиһаздарды орнатқанда негізгі 3- зонаны бөліп қояды. Олар ұйқы зонасы және
күндізгі демалыс зонасы. Қонақ үйдің мақсатына қарай осы зоналардың
біреуіне ерекше маңыз беріледі. Мысалы іскер адамдарға арналған бөлмелерде
жұмыс зонасына ерекше маңыз беріледі. Ал, курорттық қонақ үйлерде күндізгі
демалыс зонасына маңыз бөлінеді.

Номердің кіре беріс жері негізінен шағын болады, бірақ сол жердің өзінде
бір шкаф еркін сиятын болуы керек. Екі және оданда көп бөлмелі номерлерде
кіре беріс жерді бөлмелерден есік арқылы бөліп қояды. Ал бір бөлмелі
номерде кіре беріс жер бөлмеден тек алаң арқылы бөлінеді. Шетелдік қонақ
үйлердің номерлерінде кіре беріс жерде асханалық – шкафта орналасады. Егер
қонақ немесе тұрғын қонақ үй асханасы әзірленген тағамды жегісі келмесе,
өзі сол жерде ас мәзірлей алады. Асханалық – шкафта негізінен ұзақ мерзімге
берілетін номерлерде, апарт – отелдерде, отбасылық қонақ үйлерде,
мотелдерде, курорттық қонақ үйлерде қойылады.

Санузел. Жуынатын, тазалық орны және әжетхана.

Тазалық орны жобалау тәсіліне қарай әр қилы болып келеді. Көбіне біріккен
тазалық орындарын істейді. Яғни ваннна немесе душ, қол жуатын жер, унитаз
және сүлгі кептіргіш, қол жуатынның қасында міндетті түрде айна, әжетханаға
қажетті заттарға арналған таяқшалар, сүлгі ілгіш, электрлі қырынғышты
қосатын штепельді розетка( тоқ көзі). Ваннасы бар номерлер душы бар
номерлерге қарағанда ыңғайлырақ және қымбат болады. Екі және оданда көп
бөлмелі номерлерде, бір орындық және екі орындық бір бөлмелі номерлерде
тазалық орнының ішінде биде де орналасады. Тазалық орнына кіретін есік
көбіне кіре беріс жерде болады. Ал қымбат, жоғары деңгейлі номерлерде
тазалық орнына.

1.6 Халықаралық қонақ үйлер тізбектері

Туристтерді орналастыру құралдары ретінде түнеу үшін орын болатын
туристтерге ұсынылатын кез келеген объект (ғимарат, жай және т.б.) болып
табылады. Олар келесі параметрлер (қасиеттер) бойынша сипатталады:

орналастыру объектінің орнының жалпы саны;

орналастыру объектісінде басшылық пен қызмет көрсету персоналы бар;

орналастыру объектісін басқару коммерциялық негізде құралады.

ДТҰ-ның рекомендациясына сәйкес барлық туристтерді орналастыру құралдары 2
категория бойынша бөлінеді: ұжымдық және индивидуалды (1-кесте).

Ұжымдық орналастыру құралдары құрамына қонақ үйлер және аналогиялық
мекемелер, мамандандырылған орналастыру құралдары және т.б. ұжымдық
орналастыру құралдары жатады.

Қонақ үйлердің негізгі белгілеріне ең бастысы тұруы үшін нөмірлердің болуын
жатқызуға болады. Қонақ үйлер тұрғындарға міндетті қызмет терімдерін
ұсынады: нөмірді тазалау, күнделікті төсекті жинау, санитарлы узелдерді
және қоғамдық қолданыстағы орындарды тазалау, сонымен қатар басқа да кең
ауқымды қосымша қызметтер.

Қонақ үйлерге аналогиялық мекемелер тобы нөмірлер қорына ие, міндетті
қызметтер тізімін ұсынады. Оларға пансиондарды, жаһаздалған бөлмелерді,
туристтік жатақаналарды және т.б. жатқызады.

Мамандандырылған мекемелер. Оларда нөмірлер емес, баспана, ұжымдық жатын
бөлме, аула болады. Туристтерге түнеу үшін орын ұсынудан басқа да қызмет
түрлерін жүзеге асырады. Мамандандырылған мекемелерге мысал ретінде
сауықтыру мекемелері (курорттар, санаториилер, лагерлер), көпшілік
транспорт түрінде орналастыру құралдары (поезд, кеме), конгресс-орталықтар
бола алады.

Мамандандырылған қонақ үйлерге:

Кемпинг – қала сыртындағы жерлерде орналасатын, жазғы үйшіктермен,
палаткалармен жабдықталған автотуристтерге арналған лагерь.

Ротель – бір, екі орынды нөмірлерімен вагондарын ұсынатын қозғалмалы қонақ
үй. Күндізгі уақытта туристтер түрлі қалалармен, олардың көрікті жерлерімен
танысады да, түнде поезде түнейді.

Ботель – сәйкесінше жабдықталған кемені ұсынатын жүзгіш қонақ үй;
туристтерге ыңғайлы нөмір-каюталар, белсенді демалыс қызметтері, келісімдер
үшін залдар, байланыс қралдарын, көптеген барлар мен ресторандар ұсынылады.
Флотельдерді 1990 жылы қарқынды дами бастаған круизді демалысты ұймдастыру
үшін қолданады.

Арнаулы орындардың жоғарлауы мен сегмент нарықтарының кеңеюінен круиз үшін
демалыстың жаңа түрі дами түсті. Ол круиз және самолетпен ұшу. Мұнда әуе
транспортының жылдамдығы мен романтикалық теңіз саяхаты тіркесімін табуда.
Осында демалыс үшін орналастыру құралы флайтель деп аталады, бірақ бағаның
жоғары болуынан қонақ үй нарығында ол шектеулі етіп ұсынылады.

Қонақ үй нөмірлерін келесідей классификациялап бөліп қарастыруға болады:

орын санына байланысты. Бірорынды, екі орынды, үшорынды және т.б. деп
бөледі. Қонақ үйде, мотельде бірорынды нөмір – келушіні орналастырудың
аса қымбат түрі. Екі орынды нөмір бір мезгілде екі бірдей тұрғынды
орналастыруға арналған орын. Мұнда бөлек екі жатақ немесе үлкен жатақ
болуы мүмкін; көп жағдайда мұндай нөмірлер ерлі – зайыптыларды
орналастыруға арналған;

бөлме санына байланысты. Бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және
т.б. болуы мүмкін;

тағайындалуына байланысты. Нөмірлерді әдетте бизнес – класты,
экономкласты, апартамент – нөмірлер және т.б. деп тағайындайды.

Бизнес – класс нөмірлері іс – сапармен немесе жұмыс бабымен келген
туристерді орналастыруға арналған. Бұл жағдайда нөмірде стандартты
жағдайлардан басқа нөмірде жұмыс үшін жағдайлар жасалуы қажет (жұмыс
үстелі, телефон, факс, компьютер).

Эконом класс нөмірлері – қонақтардың кең ауқымын орналастыруға арналған.
Құралдардың және жиһаздардың қымбат емес түрімен жабдықталған (нөмірде –
жатақ, үстел, орындық, шкаф, қосымша – душ немесе ванна, туалет, мұздатқыш,
телевизор бар), сонымен қатар өзінің орналастыру бағасымен ерекшеленеді.

Апартамент – нөмірлер – екі-, үш-, төртбөлмелі нөмірлер, ережеге сай,
отбасылық туристерді ұзақ уақытқа орналастыруға арналған. Апартамент –
нөмірледің құрамында міндетті түрде керекті құралдармен (микротлоқынды пеш,
кофе қайнатқыш, миксер) жабдықталған асхана болуы керек.

Люкс – апартаменттер - тұру алаңы 45 кв. метр болатын үш - , төрт бөлмелі
нөмірлер. Бұл нөмірлердің аса қымбат түрі.

Ерекше назарды жаңадан дамып келе жатқан мамандандырылған туризм түріне –
ауылдық туризмге (деревенский туризм, rural tourism) аударуына келіп тұр.
Қазіргі уақытта осы туризм түрі пайдалы әрекет түрі ретінде қарастырылады.

Басқа да ұжымдық орналастыру құралдарына ең бастысы демалыс үшін арналған
баспаналар жатады, мысалы, пәтер типтес қонақ үйлер, үйлер кешені немесе
бунгалолар. Бұл жайлардың тұтас басқарулары бар, ақшаға жалға немесе кез
келген тұлғаға немесе ұйымға жалға беріледі.

Басқа орналастыру құралдарына кемпинг үшін аумақтағы объектілер, кіші
кемелер үшін аймақтағы объектілер кіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Қазақстан туризмін дамытудағы орналастыру индустриясының маңызы
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Қонақжайлылық тарихы
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу
Тәуелсіз қонақ үлгісі
Қонақ үйді басқарудың қызметтік құрылымы
Халықаралық қонақ үйлер тізбектері
Қонақ үй қызметі
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Пәндер