Көжек азықтандыру нормасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Ветеринария» факультеті

«Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

Тақырыбы: Қояндарға арналған қоражайларға қойылатын ветеринариялық -санитариялық және гигиеналық талаптар, күркетауықтарды күтіп - бағу жағдайларыжәне оларды жақсарту шаралары

Орындаған: Көптілеуұлы Б.

ВС-307 Тексерген: Джунисбаева С.

АЛМАТЫ, 2014 ж

Жоспары:

І. Кіріспе _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _4-5

ІІ. Негізгі бөлім:

2. 1. 1. Жоба тапсырмасын жасау_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 6-8

2. 1. 2. Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9-12

2. 2. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар ( қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т. б. ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу _ _ _ _ _ _ _ _ _13-14

2. 3. Қоян шаруашылық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _15-25

2. 4. Суға және су көздеріне қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар (ішетін суды санитариялық бағалау, тәуліктік су қажеттілігін есептеу, суды залалсыздандыру) және оның санитариялық сапалылығын сақтау шараларын белгілеу_ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26-29

2. 5. Малды күтіп-бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық-гигиеналық бағалау (микроклимат параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материялдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _30-36

2. 6. Мал шаруашылық нысандарын инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтаудағы профилактикалық, санитариялық - гигиеналық шараларын белгілеу _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 37-45

ІІІ. Қорытынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 46

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 47

РЕФЕРАТ

Жұмыс: 47 беттен, 6 кестеден, 2 суреттен тұрады.

Түйінді сөздер: гигиена, стандарт, гигиеналық-санитариялық талаптар солярий, категория, микроклимат, дезинфекция т. б.

Кіріспе

Қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті, терісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті - диеталық тағам, терісі - бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып, сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер, көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т. б. тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте аналығы жылына төрт рет 6 - 12 көжек туады. Ал еті мен терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 - 50 кг ет алынады.

Ет үшін өсірілетін көжектер 2 - 2, 5 айдан кейін салмағы 2 кг-ға жеткенде бөлек бағылады. Түбіт алу үшін өсірілетін шаруашылықтарда әрбір ірі қояннан жылына 350 - 500 г түбіт алынады. Қояндар әдетте таза ауада торша ішінде, қораларда және механикаландырылған қораларда өсіріледі. Үй қояндарын өсіруде торша ішінде ұстау жүйесі кең тараған, онда жерден биіктігі 0, 5 м жылжымалы және жылжымайтын торшалар болады. Жеке торшалардың көлемі: ұзындығы 100 - 130 см, ені 60 - 70 см, алдыңғы жағының биіктігі 50 - 65 см, артқы жағы 35 - 45 см болады.

Қояндар жасына, жынысына қарай бөлек ұсталады. Қоян өсіретін фермаларда бір мезгілде 1000 - 3000 аналық және 240 - 260 аталық қоян ұстауға болады. Мұндай фермаларда қыста орташа температура 14 - 16°С, ылғалдылық 60 - 75%, тор ішіне ауа жіберу жылдамдығы 0, 3 м/с болуы керек. Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 - 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандарына күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (капуста, қызылша, сәбіз, т. б. жапырақтары, көкөніс қалдықтары), шырынды жем (сүрлем, бақша өсімдіктері, картоп, капуста, сәбіз, т. б. ) және құрама жем (майлы дақылдар тұқымдары), ірі дақылдар (пішен, шөп ұны, ағаш бұтақтары, т. б. ), минералды, витаминді қоспалар (сүйек ұны, үшкальцийфосфат, ас тұзы, балық майы, т. б. ) беріледі.

Жазда әр түрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл - сұлы. Қояндардың күндізгі азық рационына минералды азықтар (0, 5 - 1, 5 г тұз, 1 - 2 г бор, 0, 4 - 1, 6 г фосфор) қосылады. Қыста және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18 - 20°С, ал қыста 30 - 35°С болуы керек. Қоян өсіретін фермаларда ауру қояндарды оқшаулап ұстайтын бөлмелер болады. Қазіргі уақытта қоян өсірумен көбіне жеке шаруа қожалықтары айналысады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық түрлерінде 105, 2 мың қоян өсіріледі (2006) .

Қояндар (лат. Leporidae ) - сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0, 1 - 4, 5 кг, дене тұрқы 12 - 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 - 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады.

Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.

Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 - 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады.

2. 1. 1. Жоба тапсырмасын жасау

Жобалау - құрылыс салудың алғашқы да маңызды кезеңі. Сондықтан да жобалауды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін, сондай-ақ құрылыс басталар кезде ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті ұйымдастыру жағынан, механикаландыру, жарықтандыру, сол сияқты архитектуралық- жоспарлау шешімінің дәрежесі, құрылыс конструкциясы жағынан артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған жөн. Мал шаруашылығы кәсіпорындарын, ғимараттары мен басқа құрылыстарын жобалауды жобалау мекемелері жүзеге асырады. Ал тапсырма беруші - сол құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым.

Мал қораларын жобалағанда әрі салғанда жүргізілетін ветеринариялық - санитариялық бақылау.

Сақтық ветеринариялық - санитариялық бақылау қораларын жобалау және салу барысында мына кезеңдер жүргізіледі:

- Құрылысты техника - экономикалық тұрғыдан негіздегенде;

- Құрылысқа жер таңдағанда

- Жобаларға ветеринариялық - санитариялық тұрғыдан сараптағанда;

- Құрылыс кезінде ветеринариялық - санитариялық нормалардың сақталуына бақылау жүргізгенде;

- қораны пайдалануға қабылдағанда.

Құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттар (МЕМСТ) - негізгі және ұсынылатын ережелерді белгілейді, олар ғимарат пен құрылыстардың жеке бөліктерінің, құрылыс материалдарының нақты параметрлері мен сипаттамасын белгілеп, бұл өнімді құрастыру, өткізу және қолдану кезіндегі техникалық бірлігін қамтамасыз етеді.

Мал қора салынатын жерге қойылатын талаптар: құрғақ, сәл биіктікте, су баспайтын болуы тиіс. Айналасында жасыл желек болуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Мал шаруашылығының технологиялық жобалау нормаларын (ТЖН) салалық жобалау мен ғылыми-зерттеу институттары жануарлардың жеке түрлеріне, ірі нысандар мен жеке фермерлік шаруашылықтар үшін жасайды.

Құрылысқа арналған жер таңдау. Таңдап алынған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң су баспайтын болуы тиіс. Жер қыртысының құрамы ауа және су өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, көк-желек отырғызуға жарамды болуы тиіс. Жер асты сулары 0, 5м тереңдікте, су қабаттары 5м артық тереңдікте орналасуы тиіс. Жерге қойылатын басты талап оның топырақтық инфекциялардан таза болуы. Құрылыс материалдарына қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар.

Мал шаруашылығы нысандарын тұрғызу үшін сан түрлі құрылыс материалдары пайдаланылады. Құрылыс материалдарын келесі топтарға бөледі:

- табиғи тасты материалдар.

- керамикалық бұйымдар.

- бейорганикалық байланыстырғыш (минералды) заттар: бетон, железо бетон, т. б.

- ағаштан жасалған материалдар.

- жылуды изоляциялайтын материалдар.

- битумды материалдар.

- гидроизоляциялаушы материалдар.

- пластмасс, полимер және олардың бұйымдары.

- металдар.

- әйнек.

Лак, бояу материалдары:

Беріктік - қоршаған орта әсерінен бұзылу мен деформациялауға қарсы тұру қасиеті.

Тұрақтылығы - үлгіден салмақты алып тастағаннан кейін деформацияның қалпына келуі.

Иілгіштігі - салмақты алғаннан кейін материалдың пішіні мен көлемін өзгертіп, қалпына келмеуі.

Қаттылық - бөгде қатты заттың енуіне материалдық қарсы тұру қасиеті.

Тығыздығы - материал массасының оның алатын көлеміне қатынасы.

Қуыстылығы - Материал көлемінің қуыстармен толтырылу дәрежесі.

Гигроскопиялық - материалдың ылғалды ауадан су буын сіңіре алу қабілеті.

Ылғалдылық - Материалдағы судың мөлшері.

Су өткізгіштік - қысымның әсерінен материалдың суды өткізу қабілеті.

Жылу өткізгіштік-беткейлердегі температуралардың айырмашылықтарына байланысты бір беткейден екінші беткейге өзінің қалыңдығы арқылы материалдың жылуды өткізе алу қабілеті.

Қоралардың бөліктерін зоогигиеналық тұрғыдан бағалау.

Мал, құс және аң шаруашылықтары үшін көп жағдайда бір қабатты қора-жайлар салынады. Олар тік бұрышты, түзу болып келеді және бір-біріне өзара байланысты жекелей құрылымдылық элементтерден тұрады.

Қораның негізгі тіректі элементтеріне ғимараттың ірге тасы, қабырғалары, едені мен төбелері жатады. Оларға ауырлық, температуралық, көлденең және тік салмақтар түседі. Ғимараттарды құрылымдық типтері бойынша каркасты және каркассыз деп бөлеміз. Қорғаушы құрылымдық элементтер сыртқы және ішкі қабырғалар, төбесі, едені, қоршаулары, терезе мен есік саңылауларын толтыратын материалдар, т. б. көмегімен қоралар сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғалып, ғимараттың іші қажетті температуралық - ылғалдылық және акустикалық жағдайлар сақталады. Қора қабырғасының жылу және дымқыл өткізбеуі мақсатында қабырғаның қалыңдығы мен ол жасалатын материал ескеріледі. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн. Төбе жапқыштар барынша жеңіл, берік, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуы тиіс. Қора төбесі ғимаратты сыртқы табиғи әсерлерден қорғайтын конструкция. Терезелердің саны мен мөлшері ғимаратқа сай және сәулеттік шешімге сай болуы керек. Терезе қимасы қораптардан, жақтаулардан, алдына төселген тақтайшалардан, сыртқы су аққыштардан тұрады. Терезелер бітеу, ашылмалы - жаппалы, бір немесе екі қабат әйнектелген болып жасалуы мүмкін.

2. 1. 2. Көлемді жоспарларды есептеу шешімдері (ені, ұзындығы) кеңдігі, ғимарат көлемі

Мал қораларының көлемді жоспарлар шешімдері әртүрлі жеке қора жайлардан тұрады. Осы жеке қоралар бірігіп, біртұтас жоспарлау композициялық бірлестігіне айналады және мал қораларының көлемін табады. Құрастыру өзгешеліктеріне қарай өндірістік қоралар әртүрлі жоспарлы жүйеге бөлінеді "Залдарға, секциялық-коридорлы секцияларға т. б бөлінеді". Бір қабатты өндірістік қоралар пайдалы көлеміне қарай бір, екі және үш деңгейлі болып бөлінуі мүмкін. Мал қораларының көлемді жоба жоспарлық шешімдерін шешуде күрделі комплекстік мәселелер қаралады. Мысалы: технологиялы және инженерлік жабдықтарды мүмкіншігіне қолайлы тығыз орналастыру. Мұндай жағдайда технологиялық, экономикалық санитариялық зооветеринарлық шараларды дұрыс ескеру керек. Технологиялық жобалаудың шешімдерінде төмендегідей мәлеметтер көрсетіледі:

Жем тарту және көң шығару жолдарының, жұмысшылар жолдарының ені;

Малды сыртқа шығару, технологиялық жабдықтардың өлшемі (мал орыңдарының, секциялардың, қи таситын жолдардың т. б. ) және басқа деректер. Бұл аты аталған өлшемдер малды дұрыс пайдалануға және мал қораларында ойдағыдай /оптимальды/ микроклиматтың болуына бағыттайды. Бұл жерде жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы көп және оны қолайлы микроклиматта ұстау көлемді жоспарлық шешiмдердi дұрыс есептеудің нәтижесінде болады. Көлемді жоспарлық және конструкциялық; шешімдерді бағалау үшін, көлемді конструкциялық және көлемді жоспарлы өлшемдерін ескере отырып үйлестіріп, оған дұрыс шешім қабылдау керек.

Көлемді жоспарлық шешімдерді бірнеше бағалау жолы бар, солардың біреуін қарастырайық. Мәселен: ірі қараны бордақылау үшін қораны жобалады дейік; жоба бойынша технологиялық берілгені: тесік еденді секцияларда бос ұстау, стационарлық азық таратқыш жабдығы, конвейр - жем салғыш, жалпы ірі қараның орны берілген. Қораның тиімді ауданын анықтау талап етіледі.

Технологиялық кесінді мынандай формуламен есептелінеді.

B=Всn+Вкс n/2+Вэпр(n/2+2) ;

Мұндағы: В - қораның ені, м;

Вс - бір баста арналған секцияның ені, м;

п - бордақылау қорасыңдағы секциялардың қатарлы саны.

Вкс -екі жақтама азщы таратқыштың ені м;

Вэпрэвакуациялық шығу жолының ені, м

Бұл үшін: Ғс - бір басқа арналған секциялық ауданы, м2

Ф - бір басты азықтандыруға арналған орын. Секция қатарының санына қарап /п = 2, 4, 6, 8/, қораның есептеу ені анықталынады. Сол вариантты үйлестіру мөлшерімен салыстырып, ауытқу шешімдері нөлге тең болу керек.

Азыққа арналған қораның ұзындығы мына формуламен анықталады:

i = m

α = Q x l ф/п +  bi;

l = 1

Мұндағы: α- азыққа арналған қораның ұзындығы, м;

Q - азыққа арналған қораның сыйымдылығы;

іn - көлденең жолдарының саны;

bi - көлденең жолдарының ені, м

Бұл жерде бір қатар шектелу сақталуы керек, яғни стационарлық азық таратқышпен малдың қиын шығаратын транспортердің ұзындықтары бірдей болуы керек, т. б. Басқа мал қоралар үшін технологиялық жабдықтары мен қоса жекеленген өлшемдер ескеріледі.

Көп жылдық тәжірбие және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі үй қояндарын тек торларда ғана өсіруді немесе бағуды дұрыс деп тауып отыр.

Торда бағу -үй қоянын өсіру жұмысын дұрыс жүргізуге, әрқайсысын бөлек азықтандыруға, шағылыстыру жұмысын қолайлы кезеңде жүргізуге, тұқым жақсартуға, оның нәтижелерін дер кезінде тіркеуге, жоғары сапалы өнімдерді мол алуға, сондай-ақ тиісті сақтық шараларды жүргізуді қамтамасыз етіп, ауырған үй қояндарын дер кезінде жеке бөлуге мүмкіндік туғызады.

Қоян әсіресе, ауаның таза болуын қалайды, аммиактың шамадан тыс көп болуына төзе алмайды. Сондықтан олар үшін жасалынған торлар жақсы желдетіліп тұруы қажет.

Қоян үшін жасалатын үйшіктер. Торлы үйшіктердің қандай түрі жасалынса да, олар белгілі бір талапқа сай болуы қажет. Әрі арзан, әрі ыңғайлы болғаны жөн. Үйшіктер қоянға жақсы пана ғана емес, сондай-ақ таза, жарық пен ауа мол болуы қажет. Тағы бір ойластыратын жағы, үйшік қояндардың еркін жүруіне кең болу керек, әсіресе ол көжектердің өсіп келе жатқан шағында қажетті шарт.

Торлы үйшіктердің жерден биіктігі 80см жоғары болады, аулада, сарайдың қабырғасына жақын жерге немесе сарайдың ішінде қоюға болады. Торлы үйшіктердің ең қолайлы мөлшері : ұзындығы 120 см, ені 60-65 см, биіктігі- 70см . Қабырғаларының биіктігі әртүрлі болады. Әсіресе артұы және алдыңғы қабырғаларының биіктігі жаңбыр суы іркіліп қалмайтындай болуы керек: алдыңғы қабырғасының биіктігі 70-75см де, артқысы 40-45 см болуы шарт, сонымен бірге төбесін жапқан қақпағы алдынан 30см, артынан және жан- жағынан 15см-дей шығып тұрады.

Үй қояндарын қолда ұстаудың бірнеше жолы бар:еркін ұстау және үйшікте ұстау. Осылардың ішінен жалпы қоян өсірушілерден қолдау тапқан жүйе үйшікте өсіру. Жыл бойына қоянды үйшіктерде ашық далада ұстау организмді шынықтырып қана қоймайды, сонымен бірге, олардың тұқымдық және өнімділік қасиеті жақсарады. Жүннің өсуіне қолайлы әсер етеді. Жеке шаруашылықта қоян өсірушілер әртүрлі әдістерді қолданады: көктемде, жазда және күзде үйшіктерді ашық далаға, ал қыста ересек қояндарды шағылыстырғанда, көжектегенде арнайы бөлмелерге орналастырады.

Есейген еркектерін үйшіктерде жеке ұстайды. Ұрғашыларын тыныққан уақытында және көжектенгенге дейін 10күн бұрын үйшіктерде екі-екіден ұстап, содан кейін оларды бөліп жеке ұстайды. Жастарын 3 айға дейін ұяда тобымен ұстап, содан кейін еркегі мен ұрғашыларын бөліп, 2-4 тен үйшіктерге орналастырады. Қоян негізінде қорқақ хайуан, сондықтан олармен өте сақтықпен жұмыс істеу керек. Үйшіктерді құрғақ, суық желден сақтайтын жерлерде орналастыру қажет.

1- Сурет. Қоян өсіруге арналған қора-жай

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcRZ_ntr_zekBCNUfBFa09ZG0Rti6YXWEO7mc5qQkGHEyp20PzWPnA

2- сурет. Үй қояны

2. 2. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға қойылатын зоогигиеналық талаптар ( қи сақтағыш, өлексені утильдейтін орын және т. б. ) және олардың беріктілігін сақтайтын шараларды белгілеу

Қиды сақтау технологияларына қойылатын - санитариялық талаптар. Көнді өндеу, сақтау және пайдалану қоршаған ортаны ластанудан қорғау және адам мен мал денсаулығына қауіпсіз ету мақсатында жүргізеді. Сұйық көңді өңдеу құрылғысы мал шаруашылығы мекемесінің қоршау ішінде орналасуы керек. Сұйық көңді сақтау, Өңдеу қондырғысының территориясы қоршалып, көпжылдық жасыл ағаштармен қорғалуы керек және жықсы 3, 5 м енеді кіріп - шығатын жол салынады. Қою және сұйық көңді дада аймағына тасу техникалық немесе санитарлық жағынан шектелсе, онда оларды арнайы көң сақтағышқа (арнайы ыдыс) сақтайды. Көңсақтағыш конструкциясы, оның сиымдылығы және орналасу орны көнеді шығару технологиясына, годрогеологиялық көрсеткіштерге, мал ұстау әдістеріне жіне т. б. байлансыты. Көңсақтағыштар мал қора - жайына 60м кем емес қашықтықта, ал үйлерден 500 - 600 м қашықтықта жел өтінің ық жағынан орналасады. Мал шаруашылығы орналасқан аймақта жабық көңсақтағыш салуға болады. Көңсақтағыштарда қи органикалық тыңайтқыштар жасау үшін сақталады. Оның жер үстінде, сәл тереңдетілген, терең апаңдардағы, сонымен қатар ашық және жабық түрлері болады. Жабық көңсақтағыш міндетті түрде желдету жүйісімен қамтамсыз етілуі керек, себебі көң сақтағанда көмірқышқыл газының көп мөлшерде, сонымен қатар, жарылғыш қауіпі баржәне улы (метан, сутегі, күкірттісутегі және т. б. ) газдардың жиналуы мүмкін. Сұйық көңге арналған көңсақтағыш 2-5м тереңдікте темір - бетонан жасалған, ал қою қи үшін (төсеніштік) ашық аса терең емес (сәл тереңдетілген) су өтпейтін алаң немесе 1, 5 - 2м тереңдіктегі көң сақтағыш қоланылады. Мал қора - жайы мен көңсақтағыш арасында алдын алу мақсатында 3 карантиндік көң қабылдағыштан (сұйық нәжісі қабылданғанда) кем болмауы керек. Олар көңді 6 тәулік бойы уақытша ұстау (карантиндік) үшін қажет. Егер кешенде 6 тәулік ішінде ерекше қауіпті ауру байқалмаса, көңді көңсақтағышқа ауыстырады. Карантиндік көңсақтағыштармен қатар, термиялық және басқа да әдістермен көңді залалсыздандыру арналған тұрақты немесе жылжымалы қондырғылар болуы керек, олардың аса қауіпті аурулардың (топалаң және т. б. ) қоздырушыларын химреагенттермен толық залалсыздандыру мүмкіндігі болмағанда пайдаланады. Малдың қиын сақтайтын және өңдейтін ғимарат, құрылыстың мынадай түрлерін қамтиды: өңдеу және сақтау орындары, зарарсыздандыру, малдың қиы даярлау және пайдалану орындары, қиды және құстың саңғырығын өңдейтін орын.

Мал өліксілерін уақытша жинау және утильдеу - малдын жүқпалы ауруларын алдын алуда аса маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өлексесі топырақты, суды және ауаны ластап, мал мен адамның арасында індет ауруының таралуына себепкер болады. Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесімен ішкі ағзалардан потогенді микроорганизімдер ұзақ уақыт сақталады. Өлексені бірнеше тәсілмен жояды: жергілікті жердің жағдайына және аурудың түріне байланысты мал өлекселерін өртейді, биоматериялық шұңқырда залалсыздандырады .

2. 3. Қоян шаруашылық малын азықтандыру және мал азығына қойылатын санитариялық - гигиеналық талаптар (азық қоймасын есептеп шығару, мал азығын санитариялық тұрғыдан бағалау) және азықтың санитариялық сапасын сақтайтын шараларды белгілеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Үй қояндарының қолда өсіру
Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу
Қояндардың азықтануы
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Қоян шаруашылығын дамыту
Үй қояны
Жабайы қояндар
Қояндарды өсіру технологиясы
Қояндар мен терісі бағалы аңдар гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz