Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
Айғырларға арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар. Айғырларды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары тақырыбында жазылған
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған :Бейіс А. ВС - 311
Тексерген : _____________________
Алматы 2014
Мазмүны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Негізгі бөлім
2.1 Айғырды күтіп-бағу технологиясын санитарлық бағалау және оларды жетілдіру шараларын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2 Айғырды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитарлық-гигинелық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.3 Айғырды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитарлық-гигинелық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.4 Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.5 Айғырды шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақөтау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.6 Зооантропонозды аурулардың алдын алу және мал шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары ... ... ... ... ... ... 25
3.Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі айғыр тұқымдарының зоолгиялық тәртіппен жіктегенде олар сүт қорктілер класына дара тұйақтылар отрядына жатады. айғыр: есек , құлын, зебра, және қазіргі айғыр болып төрт тусқа бөлінеді. Олардың ішіндегі екі түрі айғыр мен есек қана қолға үйретіліп үй жануарларына айналған.
Қолда өсірілетін малдың шығу тегін, қолға үйрету бағытын зерттеу жүргізген ғалымдар ішінде болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып қазіргі кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жіктеудің нақты тәсілдерін беруге мүмкіндік берді.
Қода өсірілетін айғырдың шығу тегі мен дамуы бағытындағы ғасырлар ішінде болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып қазіргі кездегі айғырдың тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақты тәсілдерін білуге мумкіндік берді.
Басқа мал түрінің ішінде айғырдың алатын орны ертеден- ақ ерекше болатын, өндіргіш күштер мен текхниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай айғырдың жән-маңызда өзгерді, бірақ адамының айғырға деген сүйсіпеншілігі өзгерген жоқ. Қайта айғыр шаруашылығы бұрынғыданда жетіле түсті.Айғырдың шаруашылыққа пайдалы қасиеттері үшан- теңіз. Ол мінсе көлік, сүтті қасиетті дистеталдық сусын, еті дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диханадар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін артырған, айғырды спортпен әскерге пайдалануда оның маңыздылығын күшейтіп, мәнінің артауына зор ықпал тигізді.
Негізгі бөлім
Мал шаруашылығы құрылыстарын белгіленген зоогигеналық норма мен ветеринарлық - санитарлық талаптарға сай жобалауға , салуға және пайдалануға бақылау жасап отыру қажет .
2.1.1 Жоба тапсырмасын жасау
Мал қораларының құрылыстары оларды жобалаудан басталады . Құрылыс салу және қалпына келтіру үшін жобалау және зерттеу жұмыстарын қол қойылған келісім негізінде жобалау мен зерттеу жұмыстарын орындау мерзімі мен құны , оған қоса келісімде көрсетілген жұмыстар сметасы , заказ берушінің осы жұмыстарды қаржыландыру туралы анықтамасы және оларды жобалау үшін бастапқы деректерді беретін график көрсетілуі тиіс.
Құрылысты бастамас бұрын нысанды жобалау үшін бөлінген қаржы есебінен құрылыс салу үшін жобалау - зерттеу жұмыстарының алғашқы тізімі болып табылады.
Жобалау - құрылыс салудың алғашқы да маңызды кезеңі. Сондықтан да жобалауды ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін , сондай - ақ құрылыс басталар кезде және ол іске қосылар кезде технологиялық және өндірісті ұйымдастыру жағынан , механикаландыру , жарықтандыру , сол сияты архитектуралық - жоспарлау шешімінің дәрежесі , құрылыс конструкциясы жағынан артта қалып қоймастай етіп олардың даму келешегін ескере отырып жасаған жөн . Мал шаруашалығы кәсіпорындарының , ғимараттары мен басқа құрылыстарын жобалауды жобалау мекемемелері жүзеге асырады. Ал тапсырма беруші - сол құрылысты салғызуға құқығы бар ұйым . [5.]
Мал қораларын жобалап және салу кезінде аса көңіл бөлетін жағдай, онда орналасатын малдарға қолайлы жәні мал азығын үнемдеуге, технологиялык, процесстерді (желдету, азықтандыру, көң шығару т.б.) механикаландыруға, мал дәрігерлік, архитектуралық және өрттен сақтандыру ережелеріне сәйкес келетіндігін бақылау. Сондықтан, мал қораларын жобалау және оны салып тұрғызу кезінде мал мамандарының қатысуы міндетті болып есептеледі. Себебі олар құрлысқа қолайлы жер тандау, оған да керекті жобаны таңдап алу, керек құрылыс материалдарының гигиеналык, қасиеттеріне қарап, алмастырмай пайдалануын, аяқталған объектілерді дер кезінде қабылдауды т.б. қадағалаулары қажет.
Яғни мал мамандары жобалаудың және құрылыс салудың негізгі нормативі құжаттарын білулері, құрылыс сызбаларын, олардың белгілерін ажыратып оқи алулары керек. Сондықтан болашақ мал мамандарына алғашқы бастан қораларды жобалап салудың негізгі нормативті құжаттармеі танысу болып есептеледі.
Мал қораларын салу үшін типті (біркелкі) және жекелеме (индивидуальды) жобалар пайдаланады. Бір объектіні тұрғызуға ғана арналған жобаны - жекелеме жоба деп атайды. Олар ерекше халықтық (музейлер, театрлар, спорт үйірмелері, өндіріс орындары т.б.) құрлыс объектілерін салуға арналады. Ал басқа объектілер (тұрғын үйлер, мектеп - бала бақшалары, мал қоралары т.б.) көп тараған типті жобалармен салынады.
Сондықтан типті жоба деп - конструктивті шешімдері жақсартылған, индустриализациялау және экономикалық талаптарға сәйкестірілген бір емес бірнеше рет қайталап салатын құрылыстарға пайдалануға болатын жобаны айтады.
Типтік жобаларды табиғат және климаты әртүрлі аймақтарға арнап дайындайды, бірақ олар құрылыс салынатын жерлерге байланыстырып жасалмайды. Сондықтан әрбір типтік жобаны, көбінесе салғызушы, мал мамандары салынатын жерге байлаулары қажет, яғни, ол объектіні жер бедеріне, жарық, жел бағытына, басқа өндіріс орындарына, электр, жылу жүйелеріне, жайылым, азық қоры, су көздеріне байла - ныстырып құрлыстың іргетасын құру.
Онымен қоса типтік жобаны құрылыс салуға пайдалану, оны жобалауға кететін уақытты үнемдеуге және құрылыстың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады. Типтік жобалар объектілерді түрғызуға көбінесе зауаттарда дайындалған, размерлері мен типтік размерлері азайтылған бөлшектерді (конструкцияларды) пайдалануға қолайлы болады.
Кейбір жағдайларда (қораның құрылыс материалдарының қасиеттерінің қорада малдарды ұстау жүйелерінің- бос ұстау, байлау, клеткада ұстау т.б.) малдардың организміне және олардан алынатын өнімнің сапа-санына нендей әсер ететіндігін зерттеу үшін экспериментал (тәжірибе) жобалар жасалады.
Ондай жобалар белгілі бір уақытқа дейін (тәжірибе мезгіліне байланысты) пайдаланылады да, одан соң пайдалы, жарамды болса типтік жобаға айналдырып көптеп шығарады, ал пайдасыз, жарамсыз болса, айналымнан шығарып тасталады.
Жоба күрделілігіне (объектінің) қарап бір немесе бірнеше альбомдардан тұрады. Неғұрлым күрделі болса, солғұрлым жоба көп альбомды болады, ал жобаның құрамы туралы түсінік әр альбомның алдыңғы бетіне үлкен әріппен жазылып көрсетіліп отырады.
Әр жобаның үш негізгі бөлігі болады.
1. Анықтама хат.
2. Жұмыстық сызбалар (құрлыс, архитектуралы сызба)жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып,
3. Сметалык, документ (ағалық құжаттар).
Өте күрделі объектілердің жобаларының әр қүрлі архитектуралары сызбаларында да осындай үш бөлімдер болуы мүмкін.
Жобамен танысу барысында ең бірінші оның анықта хатын оқып талдау жасау қажет. Өйткені, жобаның анықта хаты оның негізгі түсінік беретін бөлімі болып есептеле Анықтама хаттың маңызы - ол жобаның барлық бөліг технологиялық процесстері мен конструктивті шешімдеріне толықтай түсінік береді.
Қораны жылыту, желдету және ауа құрамын жақсарту шараларын, ондағы температура, ылғалдылық және зиянды газдардың артық мөлшерін қалыптастыру жолдары есептеп шығарылады. Ол қорадан әр сағатта қанша ауа шығарылып (немесе кіргізіліп) отыруға, жылдың қай мезгілінде қандай жылыту көздерін пайдалануға болатындығын көрсетеді.
Объектіні сумен қамтамасыз ету және көң тазалау, сақтау, заразсыздаңдыру қалай жүреді, оған тәулігіне қорада тұратын уақытына, мал басына байланысты қанша су керек және оның қоры қандай, қалай анықтайды т.б. қаралады.
Құрылысты салуды ұйымдастыру бөлімінде де оларда жүргізілетін жалпы жұмыстардың түрлері, оларға қажет жұмысшылар, мамандар, оларды оқытып, үйрету жолдары, қай бөлігін қай мезгілде салып, қай уақытта пайдалануға қосу керектігін т.б. көрсетіледі.
Объектілерді тұрғызуға арналған жобалардың негізгі бір бөлігі болып сметалық құжаттар (смета) есептеледі. Сметаның бағасы жобалық тапсырмаға байланыстырылып бекітіледі. Смета - жоба тапсырмаларына негізделген ауыл шаруашылық комплекстері мен жеке фермалары, басқа объектілерді салу олардың бөлшектерін және жабдықтарын дайындау (немесе сатып алу) үшін кететін шығынды көрсететін нормативтік құжат болып саналады.
Смета - жоба жасауға тапсырма алу кезеңінде жасалып ол жұмыс чертежі бойынша бекітіледі де, құрылыс мекемелерінің өнімдерінің шығару бағасы, яғни әрбір істелген құрылыс жұмысына, әр объектіні жабдықтауға кеткен шығынның мөлшерін көрсетуге арналған болып саналады. Ерекше атап айтуға тура келетін мәселе - сметадағы дұрыс жасалмаған баға - шаруашылықтың зиян шегуіне апарып соғады. [8.]
Жоба құжатарын тексеру және құрылыс сапасын бақылау
Ветеринария мамандарымен мал өнімдерін өндіретін технологтар жобалау мен құрылыс салуға сол сияқты оларды қабылдау мен пайдалануға беру ісіне бақылау жасап отыруға міндетті . Бұл жерде олар жобалық шешімдерді қабылдаудың пайдалылығын және жасалған смета дұрыстығын қадағалайды . Жобаларды сараптан өткізудің мақсаты мынада : малдың денсаулығын қорғауға және өнімділігін артыруға бағыталған ветеринарлық - санитарлық және зоогигеналық талаптарды қатаң сақтай отырып жобалық шешімдердің жоғары техникалық дәрежесін қамтамасыз ету , фермаларды індеттен және басқада аурулардан сақтау , жұқпалы ауруладың алдын - алу және мал өлімінен сақтандыру, ветеринариядағы ауыр еңбекті механикаландыру , сол сияты қоршаған ортаны қорғау , ағын суларды өндірістік қалдықтардан ластанудан сақтау .
Құрылыс салатын жерге қойылатын ветеринарлық - санитарлық талаптар
Қошқар шаруашылығына арналған құрылыстар салынатын участок мына талаптарға сай келуі тиіс:
1) Ол құрғақ болуы керек, рельфі кедір-бұдырсыз, жаңбыр суы мен қар суы ағып кетерліктей сәл ылдилау болуы керек. Ыза суы жер астында мүмкіндігінше терең жатқаны дұрыс;
2) Участок шаруашылыққа, ішуге, өндіріс мұқтажы мен өртке қарсы мұқтажға керекті жақсы сумен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуі керек;
3) Жайылымға жақын жерде болуы керек, мұнда қошқарларды өріске, суатқа айдайтын жол темір жолдары, автомобиль олдарын және батпақты жерлерді басып өтпейтін болуы керек. Құрылыстың ең жақын жолдан қашықтығы кемінде 300 метр болуға тиіс;
4) Жердің ылдилығына қарағанда участок тұратын және мәдени-тұрмыс үйлерінен төмен, малдәрігерлік - емдеу құрылыстарынан жоғары болуға тиіс, ол жел үнемі соғатын жағынан қарағанда - тұрғын және мәдени-тұрмыс үйлердің ығында, малдәрігерлік - емдеу құрылыстарының жел жағында болуға тиіс. [7]
Айғырды күтіп-бағу технологиясын санитарлық бағалау және оларды жетілдіру шараларын ұйымдастыру
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа қора салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда.
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табыңда баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу басгырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастьфма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс.Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20 пайыз аттардан аспауы керек, биелерді табында баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10 пайыз басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан -5 пайыз мал басынан аспауы керек, ірі айғырлар үшін қымыз өндіретін фермада 25 пайыз мал басына қора салынуы тиіс.
Барлық қораларда жемді, ірі шөіиі және төсеніппі сақтау, арба өбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.Айғыр шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы таіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орны және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жемшөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Айғыр зауыттарында бие үшін өжірелер қораның ортасыңда орналасады (әжіре саны әр қатарда 12 пайыздан коп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастырылады. Әр қатарда ат түратын орын саны 30 пайыздан аспау керек. Ал қораның ортасыңца кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал-саймандар түратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл түқымды малға арналған қорада -манеж болуы тшс. Жеңілдеу қорада топта күтіп-бағатып 25 басқа арналған секция болуы тиіс жөне ірі атгарға арналған секцияда өжірелер болуы керек.
Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады (1-сурет). Әжіреде жемшөп салатын ақыр бо - уы тиіс. Қораның ішіңдегі ауаның температурасы 6°С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы -75 пайыздан аспауы керек. Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіңцегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс.
Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал түратын орынның үзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың ұстіңгі ені 60 см, төменгі ені 40 см, ал тереңдігі 40 см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 метр болу керек. Айғырды топтап ұстағанда ақырдың ұындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1м шамасында, ал жасмалдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзын-дығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек.
Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс.
Мал фермаларының санитариялық-гигаеналық ережелерге сай келмейтін жағдайларына төмендегілер жатады: олардың бактериялармен ластануы, шандануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкіртгісутегінің, көмірқышқыл газының жинақталуы, индол, скатол және басқадай зиянды иісгі газдардың пайда болуы. Объектінің жоғары санитариялық мәдениеті, жақсы санитариллық және технйкалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық-ылғалдылық режиімін және ауаның тұрақты құрамын сақтап отыруға, қора ішіндегі ауадан микро-организмдер мен шанды аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдеседі. Мал шаруашылықтарында барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, яғни малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақгау және малдан алынатын өнімнің сапасы жоғары болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Міңцетгі түрде мал шаруашылықтарында санитариялық мәдениетті көтеру қажет, яғни мал қораларында ветери-нариялық-санитариялық ережені бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар іске берілген кезде, техникалық құралдарды пайдалану.
Айғырды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитарлық- гигинелық талаптар
Айғыр -- қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өндеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, айғыры жемшепті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азық-тануға ұзағырақ уақыт жұмсайды.Жұтылған азық қарынға сүйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді. Егерде қарынға енген азық қоректік затгарының жедел түрде ашуы-нан (брожение) көп көлемде ішек газдары пайда болса, олар қарын аума-ғын керіп жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, өңеш арқылы кері ауыз қуысына кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған айғыр қарны кернеп, қатты түйнеуінен (колики) ол тіпті өліп кетуі мүмкін. Айғырдың желінетін жемшөп пен суарылар судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен қарайтыны осындай морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Эволюция бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында айғыр бұлінген сапасыз жемшөпті жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар.
Қарын сөлі ферменттерінің өсерімен қорытыла бастаған азық қоректік заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі айналмалы (ободочная) тоқ және аумақты (сыйым-дылығы 20-70 л) соқыр ішегінде микробиологиялық өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде химус микробтық аминқышқылдары жөне витаминдерімен байытыла . Айғыр ішегі күйісті малдікінен 2-2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ ететін химус қоректік заттары қысқа мерзімде қорытылып үлғеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы ауырлап, азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық қуаттылығы арттырылып, желінген азық қүрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Айғыр астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша жаратпайды. Айғырдың сүйікті азығы сүлы дәні. Оны айғырға шектемей жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді. Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, үлғайып, ішті кешіру қаупін тудыратын қара бидай дәнін тек үнтақтап, туралған сабанмен араластырып жегізуге болады. Айғырдың ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі.4-5 л жылы суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан кесіңцісін бұркіп, айғырдың ас қорытуының бұзылуынан туындайтын өлі тиюін (колики ло - шадей) тоқтату үшін жегізеді.
Айғырдың, әсіресе, қара жүмыс атқаратын аттардың азықтандыр-уын атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық қара жүмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен мерзіміне тәуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен ез денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған (мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға (сила тяги) жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бұкіл энергия шығынының 13 бөлігі, яғни 25-30% жұмсалады.
Айғырдың, әсіресе, қара жүмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау қажет. Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, алдымен ірі жемшоптің бір белігін беріп терін бастырғаннан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы, тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес азықтандырады. Сонымен қатар айғыр түқымдарының зат алма-суындағы барысы едәуір ерекшеленетінін ескеру қажет. Мысалы, жеңіл
жүрісп мініс тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардыкімен салыстырғанда 100 кг тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% темен болады.
Айғырдың зат алмасуына атқаратын жүмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жүмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуатгылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыртүйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп, атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, өлардың келіктік жөне мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
Айғырды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитарлық-гигинелық талаптар
Су мал қажеттілігін өтеумен қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық процесстерді өту үшін де өте қажетті (желінді жуу, тазартыу мал денесін қораларды тазарту т.б)
Су малдың кейбір індетті вирустық және инвазиялық аурулардың таралуында үлкен рол атқарады. Ондай ауыруларға топалаң, бруцллес, пастереллес, маңқа, аусыл көптеген паразит аурулары жатады.
Шетін судың сапасы мен мөлшері малодың денсаулығымен өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Айғырды ішітін судың сапасы нашар болса (лай, бөгде иіс) асқазан ішек жолдарын секроторлық аппараттардың қызыметтерін қоздырмай кері рекция береді. Өте суық сумен суғарғанда жылқы оганизмы суық тиіп ауырады, сондықтан малды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін оның санитариялық-гигинеалық көрсеткіштерін анықтап отыру қажет.
Мал шаруашылықтары пайдаланылатын табиғи су көздері мамандар тарапынан үнемі санитариялық бақылауда болуы қажет.
Су көздерін ветеринариялық- санитариялық тұрғыдан бақылауға мынандай жайыттар жатады: оның ветеринариялық- санитариялық жағдайын байқау және судың органикалық т.б қалдықтармен бөгде заттармен ластануын алдын алу мақсатымен күзеттер үйымдастыру
Судың температурасы оның маңызды ветеринариялық- санитариялық гигинеалық көрсеткіштері болып табылады. Жылқы суық суды ішкенде организм темперетурасын реттеуге көр энергия жұмсайды, бұл өнімділіктің төмендеуіне және азықтың көп шығынна әкеледі.
Су қора- жайларды, құрал-саймандарды жуып тазарту үшін және дезинфекциялау үшін, малдың күтімі үшін және т.б көптеген мөлшерде қажет жәнеде оңдай суда сапалы болу тиіс.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар
Айғырды өлекселерін жинау және утильдеу
Мал өлекселерін уақьггша жинау және утильдеу - малдың жүқпалы ауруларын алдын алуда аса маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өлексесі топырақты, суды және ауаны ластайды, сөйтіп мал мен адамның арасында індет ауруының тарауына себепкер болады.
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзаларында патогеңці микроорганизмдер үзақ уақыт сақталады. Мысалы, өлекселерде туберкулез қоздырушылары 500 тәулік, ал листериоз қоздырушылары 160 тәулікке дейін сақталады. Соған байланысты, мал өлекселері түрлі жүқпалы ауруларды таратушы фактор болуы мүмкін. Мал өлгеннен кейін, мал дәрігері тез арада өлексені қарап-тексеріп, қажетті шара қолдануы керек. Өлекселерді арнайы автокөліктерде тасы-малдайды. Ол үшін арнайы металдан жасалган жәшік немесе іші темірмен қапталған ағаш жәшік болуы керек. Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі жатқан жерді дезинфекциялау қажет. Өлекселерді сою және терісін сыпыру биотермиялық шүңқырдың бетондалған алаңқайында немесе утиль-зауыттардьщ арнайы бөлімдерінде жүргізіледі. Өлексені бір-неше тәсілмен жояды: жергілікті жердің жағдайына және аурудың түріне байланысты мал өлекселерін өртейді, биотермиялық шүңқырда зарарсыздандырады немесе ветеринариялық-санитариялық утильдеу зауыттарьшда өңдейді. Өлекселерді жерге көмуге тыйым сальшғаны дұрыс (барлық дамыған елдерде мемлекетгік зандармен өлексені көміп жоюға тыйым салынган). Себебі өлексе және басқа биологиялық қалдықтар патогенді қоздырушылармен, токсиндермен, радионуклеидтермен, химиялық және де басқа улы затгармен зақымдануы мүмкін. Сондықтан олар эпизоотологаялық және эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіпті болып саналады.
Егер мал топалаңнан және де басқа қоздырушысы спора түзетін індеттен, сонымен қатар аса қауіпті аурудан (маңқа, ірі қара обасы, қүтырық) өлсе, өлекселер міндетті түрде өртеледі. Өлекселерді арнайы өлексе өртейтін пештерде, отынның (ағашты керосин, соляркамен бірге қолданады) көмегімен ошақта немесе шүңқырда өртейді.
Өлік жағатын шүңқырды өлексе кебетіндей етіп жабдықтайды. Әрі оны айқастьфылған (крест сияқты) екі ордан тұратын етіп қазады. Екі ор қиылысқан жерде жуан бөренелер салып оған өлекселерді орналастырады. Шұңқырдың түбіне сабан және ағаш салып жандырады. Ірі қара өлігі 6-7 сағат ішінде толық жанады. Өлікті жағу тек утильдеу зауьптары жоқ болтан жерлерде рұқсат етіледі.Соңғы уақытта Ресейде (ВНИИВСГЭ) тиімділігі жоғары жаңа отынның түрі өңдіріліп, биологиялық қалдықтарды түрақты немесе далалық жағдайларда өртеу үшін техникалық құралдар мен пайдалану технологиясы дайындалған. Мұндай өлексені өртеудің жаңа технологиясында пайдаланатын жаңа отынның құрамы - сүзгіден өтіп жанатын пиротехникалық қосындыдан (ПСФГ) түрады. Мұндай қосындының ерекшелігі оның жану температурасының жоғарылығында -2000-2500°С (ағаш пен жанармайға қарағанда 1,5 есе жоғары). Мал өлексесі ПСФГ қолданғанда 3- 4 сағат ішінде толық жанып кетеді, ал соляркамен жаққанда -- 20 -- 26 сагатқа созылады. Көң сыртқы ортаны ластайтын бірден-бір фактор болып табылады, ал кей жағдайда індетгік және эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін. Ауру малдан нөжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. Олардың қида сақталу үзақтығы темпера-тураға, қоздырушыныш түріне байланысты болады. Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін (туберкулез қоздырушысы 475 төулік сақталады), ал гельминттердің жұмыртқалары -7-15 айға дейін созылады. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауьфатын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет.
Қою ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz