Қаржы саясаты
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
І .Тарау. Қазақстан Республикасының қаржы саясаты мен қаржы
механизмі
1.1. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі ұғымы, олардың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.7
1.2. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.9
ІІ.Тарау. Экономикалық қаржы механизм жүйесі
2.1. Қаржы механизмі . экономикалық категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.12
2.2. Экономикалық қаржы жүйесінің негізгі міндеттері ... ... ... ... ... ..12.14
2.3. Экономикалық қаржы жүйесінің
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.17
ІІІ.Тарау. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
3.1. Экономиканы қаржылық реттеу ұғымы және
жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.19
3.2. Экономиканы қаржылық реттеу жүйесінде фискалдық саясатты
реттеу механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26.28

Қаржы жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді.
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
«Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, бролжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы экономикасының механизм жүйесіндегі қаржы механизм жүйесінің мазмұны мен құрылымы, оның елімізде қалыптасуы, дамуы және реттелуі мен негізгі қызметтерін қарастыру.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан құралған.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қаржы саясаты мен қаржы механизмі, олардың өзара байланысы, қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы жайында жазылған.
Екінші тарау экономикалық қаржы механизм жүйесі, қаржы механизмі –

. В.Д.Мельников, В.Д.Ли «Қаржының жалпы курсы» «Экономика», Алматы -2005 ж. [158-165стр.].
2. Г.Қ.Төлешова «Дамыған қаржылық есеп» «Экономика», Алматы -2005ж. [49-55 беттер].
3. «Егемен Қазақстан» 6.ХІІ.2006. №235 [3 бет].
4. А.А.Ильясов «Денежно-кредитная политика» «Экономика», Алматы -2007 [3-9стр.], [55-59стр.], [91-92стр.], [102-105стр.].
5. «Қаржы - қаражат» 2006 ж. [24-29 беттер].
6. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әзімжанов, Н.А.Құдайбергенов, Ф.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп» «Экономика», Алматы -2001ж. [261-262стр.].
7. Қ.Қ.Кеулімжаев, Э.Т.Төлегенов, М.Б.Байдаулетов, Н.А.Құдайбергенов «Субъектінің қаржы шаруашылық қызметі», «Экономика», Алматы 1998 ж.
8. С.Р.Тоқсанбай Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік «Сөздік -словарь», Алматы-1999 ж. [38-47беттер], [128-131беттер].
9. Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев «Қаржы», «Жедел басу», Алматы -2003ж. [318-331 беттер].
10. УМК «Финансы и кредиты» Алматы -2006 г. [58-65 стр.].
11. Д.С.Моисеев «Денежно-кредитная политика: теория и практика» «ЭкономистЪ», Москва -2005 г. [3стр.], [81-86стр.], [161-163стр.].
12. Б.Н.Жаналинов «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане» «Экономика», Алматы -2007 г. [132-135стр.].
13. Ван Хорн Дж. К. «Основы управления финансами» «Финансы и статистика», Москва -2000 ж. [74-77 беттер].
14. ІІ Халықаралық ғылыми теориялық конференция, Ақтөбе -2005 ж.
15. «Основы экономики» 2006 г. № 2(8) [30-31стр.].
16. Финансово-экономический казахско-русский словарь. Алматы-2007 г. Под научной редакцией д.э.н., проф. А.А.Абишева.
17. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана -2008 ж.
18. М.Р.Ковбасюк, З.Н.Соколовская, В.И.Беспалов «Анализ финансовой деятельности» «Финансы и статистика», Москва -1997 ж. [50-53беттер].
19. М.К.Бункина «Монетаризм» «Экономик'С», Москва -2004 г.
20. «Аль-Пари» 2007 г. №2 [15-18стр.].
21. Т.Қ.Қожаниязов, Ж.Т.Қожаниязова «Қазіргі экономика» Тараз -2006 ж. [155-156 беттер].
22. Ғ.С.Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» «Экономика», Алматы -2005 ж. [72-81 стр.].
23. «Финансы и кредиты» 2006 г. №9 [10-11 стр.].
24. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» «Маркет», Алматы -2004 ж.
25. «Банки Казахстана» 2006 г. №3 [11-12стр.], 2006 г.
26. «Экономика и право Казахстана» 2007 г. №2 [8стр.].

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І –Тарау. Қазақстан Республикасының қаржы саясаты мен қаржы
механизмі
1. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі ұғымы, олардың өзара байланысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...5-7
2. Қаржы механизмінің мазмұны мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7-9
ІІ-Тарау. Экономикалық қаржы механизм жүйесі
1. Қаржы механизмі – экономикалық категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-12
2. Экономикалық қаржы жүйесінің негізгі
міндеттері ... ... ... ... ... ..12- 14
3. Экономикалық қаржы жүйесінің
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...14-1 7
ІІІ–Тарау. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
3.1. Экономиканы қаржылық реттеу ұғымы және
жіктелімі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 18- 19
2. Экономиканы қаржылық реттеу жүйесінде фискалдық саясатты
реттеу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 19-21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2-23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24-25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26-28
Кіріспе
Қаржы жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет
экономикасының маңызды элементтерінің бірінен саналады, ол кез
келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді.
Қаржы механизмі – экономикалық және әлеуметтік даму үшін
қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы
қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан
жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.
Механизм термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға
келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл
мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық,
соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы
субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның
жоспарлау, бролжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару
сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне қаржы
қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым
ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де
өзара іс-әрекет етеді.
Жалпы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы экономикасының
механизм жүйесіндегі қаржы механизм жүйесінің мазмұны мен құрылымы, оның
елімізде қалыптасуы, дамуы және реттелуі мен негізгі қызметтерін
қарастыру.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан құралған.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қаржы саясаты мен
қаржы механизмі, олардың өзара байланысы, қаржы механизмінің мазмұны мен
құрылымы жайында жазылған.
Екінші тарау экономикалық қаржы механизм жүйесі, қаржы механизмі –
экономикалық категория ретінде қызмет атқаратындығы, оның негізгі
міндеттері мен элементтері жайында кеңінен жазылған.
Үшінші тарауда экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу мен оны жүзеге
асырудағы фискалдық саясат пен механизмдер негізгі бағыт ретінде
қарастырылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі өзге тәуелсіз
мемлекеттер қатарында қалыптасып, дамып үлгерген жүйе болып табылады.
Бұған басты дәлел елдегі валюталық тұрақтылық пен экономикалық өсу қарқынын
келтіре аламыз.
Қаржы механизмінің блогы - бұл жалпы мақсатты бағыттылық
белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің
жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық нысаны,
ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде
білінеді.

1.1. Қаржы саясаты мен қаржы механизмі ұғымдары, олардың өзара байланысы
Саясат мемлекет қызметінің барлық бағыттарын қамтиды. Саяси ықпал
жасаудың элементі болып табылатын қоғамдық қатынастардың сферасына қарай
экономикалық немесе әлеуметтік, мәдени немесе техникалық, қаржы немесе
несие, ішкі немесе сыртқы саясат туралы айтылады.
Бұдан бұрын айтылғандай кез келген қоғамда мемлекет қаржыны өзінің
функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін, белгілі бір мақсаттарға
жету үшін пайдаланады. Қойылған мақсаттарды іске асыруда қаржы саясаты мен
оның жүзеге асу мехзанизмі маңызды роль атқарады. Оны жасап, жүзеге
асыру процесінде қоғам алдында тұрған міндеттерді орындаудың шарттары
қамтамасыз етіледі.Ол экономикалық мүдделерге ықпал жасаудың белгілі
құралы болып табылады.
Қаржы саясаты – қаржыны басқарудың түпкі мақсаты, оның нақты нәтижесі.
Өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржы
саласында жүргізетін мақсатты ойлары мен шараларының жиынтығы. Ол
мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелерінң сипатына қарай
мемлекеттің қаржы саясаты қаржы стратегиясы мен қаржы тактикасы
болып бөлінеді.
Қаржы стратегиясы экономикалық және әлеуметтік стратегиямен
анықталып, дамуға есептелген және ірі ауқымды міндеттерді шешуді
қарастыратын қаржы саясатының ұзақ мерзімді курсы. Ол макроэкономикалық
процестер дамуының ұзақ кезеңіне бағытталған, ал оның шеңберіндегі
күнделікті міндеттер басты стратегиялық мақсатқа жетудің кезеңдері
ретінде жүзеге асырылып отырады. Сөйтіп, қаржы саясатының мазмұны
экономикалық жүйеде қаржыны пайдаланудың стратегиялық бағыттылығымен үнемі
анықталып отырады. Алайда, тап осындай тәсілдеменің болмауы елдің үнемі
нашарлап бара жатқан қаржы жағдайын, мемлекеттің жиынтық қаржы балансының
тепе-теңсіздігінің өсуінен дер кезінде тиісті қорытынды жасауға және
экономикадағы қажетті құрылымдық өзгерістерді уақытылы қамтамасыз етуге,
оның бүгінгі дағдарыстық жағдайға сырғып түсуінен қорғап қалуға мүмкіндік
бермеді. Қаржы стратегиясын мемлекет қоғам дамуының ірі тарихи кезеңдеріне
үйлестіре отырып жасайды. Оны жасау процесінде қаржыны дамытудың негізгі
тенденциялары болжанады, оны пайдаланудың тұжырымдары қалыптасады, қаржы
қатынастарын ұйымдастырудың қағидаттары белгіленеді. Ұзақ мерзімді
мақсаттарды таңдап алу мен қаржы саясатында мақсатты бағдарламаларды
жасау қаржы ресурстарын экономикалық және әлеуметтік дамудың басты
бағыттарында шоғырландыруды қажет етеді.
Қаржы тактикасы қаржы байланыстарын ұйымдастыруды дер кезінде өзгертіп
отыру, қаржы ресурстарын қайта топтастыру арқылы қоғамды дамытудың
нақтылы кезеңінің мәселелерін шешуге бағытталған. Ол назарды кезек
күттірмейтін міндеттерді шешуге, пайда болған үйлесімсіздіктерді
қаржылардағы және елдің, аумақтың, саланың экономикасындағы
ауытқушылықтарды жоюға шоғырландыра отырып, стратегиялық нұсқаманы
нақтылайды. Қаржы стратегиясының біршама тұрақтылығы кезінде қаржы
тактикасы орамдылығымен ерекшеленуі тиіс, ол экономикалық жағдайлардың,
әлеуметтік факторлардың және басқалардың ширақтылығымен алдын ала
анықталады.
Қаржы саясатының стратегиясы мен тактикасы өзара тығыз
байланысты. Стратегия тактикалық есептерді шешу үшін қолайлы жағдайлар
жасайды. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының шешуші кезеңдері мен
басты даулы мәселелерді анықтай отырып, тактикалық әдістерді өзгерту,
қаржы байланыстарын ұйымдастырудың нысандары арқылы неғұрлым қысқа мерзім
ішінде ысырап пен шығындарды ең аз деңгейде жұмсап, қаржы
стратегиясы белгілеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Жоғарыда талқылауға түскен қаржы стратегиясының аталған
нысандарын іске асырудың негізгі көзі – бұл, сөзсіз, экономикалық
қаржы механизмі болып табылады. Осыдан қаржы саясаты мен қаржы
механизмі ұғымдарының өте тығыз байланыста екендігі әрі бірі –
бірінсіз өз қызметтерін жүзеге асыруға шамасыздық танытатыны
айқындалады.
1.2. Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті
қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері
арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар - қатынастарды іске асырудың
түрлері, нысандары мен әдістері - экономикалық өмірде тиісті
процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы
өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау
және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге
қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай
табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты
қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай
және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің
негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы
механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді.
Өз кезегінде бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды
қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механиз
мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық
бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының
қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де
өзіне тән ішкі құрылымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Оған
қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрлі
элементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде
қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын,
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын, қаржы
жоспарлаудың әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін басқарудың
нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап
осындай көптгі оларды ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын
және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.
Қаржы механизмі құрылымын сипаттау үшін оның буындары
ретінде анықталатын жүйелі талдаудың қосалқы жүйесі немесе
бөлігі, блогы, элементі сияқты ұғымдарын пайдаланған орынды.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі оның неғұрлым маңызды қозғаушы
күші болып табылады, олар:
• қаржылық жоспарлау;
• қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары;
• ұйымдық құрылымы;
• қаржы жүйесінің құқықтық режимі;
• қаржыны ұйымдастыру.

Қаржы механизмінің элементі – бұл қарапайым шаруашылық
нысаны, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері
айрықша түрде білінеді.
Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының
және әрекет жасау әдістерінің өзара іс-қимылы арқылы көрінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық және қаржы механизмдерінде абстрактты
экономикалық категориялар нақтыланады және нақтылы нысандар түрінде
болады.

1. Қаржы механизмі – экономикалық категория ретінде
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
белгілі бір жағын сипаттайды және абстрактілі, қорытынды түрінде көрінеді,
оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс және т.б. жатады.
Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау
заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіш күштердің сипаты мен даму
деңгейіне сәйкестік заңның) ісәрекетіне негізделеді.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы
іске асырылады. Ол қаржы ұйымдастыру, жоспарлау және басқару
түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.
Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде
және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың
мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен
ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы
қатынастары басқарылады.
Көбірек жалпы экономикалық категория ретінде қаржы
абстракциясының (салықтардың, бюджеттің және т.б.) аз дәрежесі бар
жеке қаржылық қосалқы категориялардан тұратындықтан, дербестіктің
белгілі дәрежесімен салық саясатын, бюджет саясатын, қаржыны
басқару, қаржылық - құқықтық механизмдерді бөлуге болады.
Мезгілінің ұзақтығына және шешілетін мәселелердің сипатына қарай

Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы,
нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық
деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес
игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтырдың толып жатқан барлық
элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне
айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде
қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық
(шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандылығын
тудырады.
Сөйтіп, қоғамдық формацияның экономикалық заңдарымен, белгілі бір
өндірістік қатынастардың және тиісті категориялардың болуымен анықталатын
өндіріс процесі шаруашылық механизм арқылы іске асатын экономикалық
саясатпен реттеліп отырғанда тұйық, айналмалы заңдылық байқалынып отырады:
шаруашылық механизм өз кезегінде ұдайы өндірістің нақты нәтижелерін тиісті
сандық және сапалық тұлғалауда (нысандауда) жаңғыртуға көмектеседі. Бұл
диалектикалық заңдылық диалектикалық бұралым түрінде (ұдайы өндірістің
қалыпты жағдайында) өспелі қағидат бойынша іс-әрекет етеді.
Сондықтан, ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағымы экономикалық саясат
пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы
механизміне байланысты. Дұрыс тұжырылымдалған қаржы саясаты анық етіп
қалыптастырылған синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады:
егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық есепке алмаса
немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі
ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және өндірістің өзге салаларында
мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ;
мұндай жағдайда қоғамның экономикалық жағдайы тежеледі, жағымсыз
құбылыстар қордалынады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай
ситуацияның объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін
басқарудың әкімшіл-әміршіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда
қалыптасады.
Қаржы механизмін қайта құру процесі тиісті база жасаумен қосарлана
жүргізілуде. Соңғы жылдары Парламент қаржы қызметінің құқықтық негізін
қалайтын бірқатар заңдар қабылдады. Оларға мемлекеттік кәсіпорындар
туралы, шаруашылық серіктестіктері туралы, шетелдік инвестициялар
туралы, жаңа салық кодексі туралы және басқа заңдарды жатқызуға
болады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты практикаға акционерлеу,
бағалы қағаздар, дивиденттер, еркін бағалар, лицензиялар, кәсіпорындардың
тұтыну және қорлану қорлары, валюта қорлары сияқты терминдер
енгізілді. Салықтардың жаңа түрлері (акциздер, қосымша құнға алынатын
салық, жер салығы, мүлікке салынатын салық, кеден баждары, жер қойнауын
пайдаланушыға салынатын салық және басқалары), ақша қаражаттарының мақсатты
аударымдары енгізіледі.
Экономикалық механизмнің аталынған жаңа компоненттері ғылыми-техникалық
процесті тездетуді, адамдардың материалдық мүдделеріне ықпал жасау
жолымен өндірісті интенсивтендіруді, қоғамның негізгі шаруашылық есептегі
буындардың, жеке қызметкерлердің мүдделерін жақындастыруға шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шығармашылық әлеуетін жандандыруы тиіс.
Жүргізіліп жатқан реформа қоғамдық жүйедегі өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың өзара іс-әрекетінің көрінісі болып табылатын
шаруашылық механизмді қайта құрудың кешенді тәсілдемесін қажет етеді.
2.2. Экономикалық қаржы жүесінің негізгі міндеттері
Экономика дамуының қазіргі кезеңіндегі қаржы механизмінің міндеттері
өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық
реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық
ынталылықтың өсуімен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды,
қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі
өндірістің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық жақтарынан
өтеді. Сондықтан шынайы, жақсы жолға қойылған қаржы механизмінің көмегімен
өндіріске белсенді түрде ықпал жасауға, оның тиімділігін арттыруға және
экономиканы өсіру үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Нақтылы нысандар деп жоспарлана алатын, түрін өзгерте алатын,
адамдар есепке алатын категориялар ұғынылады. Нақтылы нысандар -
бұл экономикалық категориялардың іске асу нысандары. Жалпы қаржылар
арқылы емес, бірақ оның нақтылы нысандары (қаржылық қосалқы
категориялар) - бюджет, кірістер, шығыстар арқылы экономикалық
заңдарды адамдар өз мақсаттарына пайдаланады. Бұл мағынада жоғарыда
аталған нақтылы мысалдар ұдайы өндіріс процестерін басқарудың
құқықтық категориялары болып табылады.
Әдіс - бұл басқару функцияларын орындау жөніндегі іс-
әрекеттердің тәсілі, әрі бұл жағдайдағы анағұрлым ұтымды тәсіл.
Ықпал ету әдістері белгілі бір категориялардың ішкі мағынасындағы
(бағадағы, қаржыдағы, табыстағы, пайдадағы, салықтардағы, кірістердегі
және басқалардағы) экономикалық заңдардың көрінісінің әр түрлі
нысандарына қолданылады.
Экономикалық реформалар мен нарықтық қатынастар тұтқалардың іс-
әрекетінің жүйесі болып табылатын қаржы механизмінің құрылымы мен
элементтеріне әсер етпей қойған жоқ.
Нарықтық реформалардың тереңдей түсуі жағдайында сапалық
жағынан жаңа қаржылық механизмі қолданылады. Бұл шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халықтың бюджет жүйесімен, сақтық
компанияларымен өзара қарым – қатынастарына қатысты.
Қаржы механизмі қоғамның өндірістік қатынастарының барлық
жақтарын қамтиды. Сондықтан қарқынды жақсы жолға қойылған қаржы
механизмінің көмегімен өндіріске белсенді ықпал жасау, оның
тиімділігін арттыру және экономиканы өсіру үшін оны қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етуге болады.
Қаржы механизмін оның қоғамдық ұдайы өндіріске ықпал жасау
тұрғысынан қарағанда оның функционалдық буындары:
• ресурстарды жұмылдыру;
• қаржыландыру;
• ынталандыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz