Білім берудің құрылымы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМНІҢ КРЕАТИВТІК ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1. 12 жылдық білім беру моделіне көшу жағдайында бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беру моделіне көшудің қазіргі жайы . . .
1. 2 «12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру» ұғымының мәні, ерекшеліктері . . .
1. 3 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың педагогикалық алғышарттары . . .
2. 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ МҰҒАЛІМІНІҢ КРЕАТИВТІК ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
- 12 жылдық білім беру жүйесінде мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру құрылымы, мазмұны . . .
2. 2 Педагогикалық тренинг- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру құралы . . .
2. 3 12 жылдық мектеп мұғалімнің креативтік қабілетін қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Қосымшалар . . .
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсеткендей, жоғары білім берудің мақсаты - еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу [1] .
Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты - білім сапасын арттыру, еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу, білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог мамандығының мәртебесін көтеру.
Педагог мамандығының беделін арттыру кез келген мемлекеттің білім беру саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасында 2015 жылдан бастап орта білім беру жүйесі құзіреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім беру моделіне көшу межеленуде.
Осыған сәйкес педагогикалық жоғары оқу орны алдында үлкен міндет тұр 12 жылдық мектепте жұмыс істей алатын жаңа тұрпатты мұғалім дайындау.
Жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау үшін педагогикалық жоғары оқу орындары жаңаша жұмыс жасауы тиіс:
- оқу -тәрбие процесін жаңа талаптарға сай жетілдіру;
- жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкестендіру;
- білім беру жүйесін толықтай ақпараттандыру, «е-learning» электрондық оқыту жүйесіне көшу;
- білім берудің сапа- менеджмент жүйесіне көшу;
- үш тілде оқытатын педагогтарды даярлау және т. б. [2] .
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу мәселесін жаңа тұрпатты мұғалім даярлауды мақсат тұтатын жоғары педагогикалық білім берумен ұштастырады .
Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде біршама реформалар жүргізілуде: білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі, болашақ мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі (бакалавр-магистратура PhD докторантура) жүзеге асырылады, жоғары педагогикалық білім берудің жаңа стандарты қабылданды.
Үшінші мыңжылдықта білім беру саласындағы басты проблема - әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау болып табылады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру Н. Ш. Чинкина, Ш. Х. Құрманалина, Ш. Т. Таубаева, К. Ж. Бұзаубақова, Н. Р. Юсуфбекова, Б. Т. Барсай, Ж. А. Қараев, Б. А. Тұрғынбаева, С. Н. Лактионова, Қ. А. Сарбасова және т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.
Ал 12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты мұғалімінің инновациялық технологияны өздігінен меңгеруге көмектесетін инновациялық-технологиялық әлеуетін қалыптастыру мәселесі қарастырылмаған.
Сол себепті зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру жолдары» деп алынды.
Зерттеудің мақсаты . 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың ғылыим-теориялық негіздерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін анықтау және оның мәнін ашып көрсету.
- «12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру» ұғымының мәнін ашу.
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың тұжырымдамасын және нобайын жасау, мазмұнын анықтау.
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау және әдістемесін жасау.
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, сынақтан өткізу және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің нысаны . 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың процесі.
Зерттеудің пәні : 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы . Егер 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып мұғалімінің креативтік қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалып, тұжырымдамасы жасалып, оны жүзеге асыратын құрылымдық- мазмұндық жүйесі, нобайы құрылса және оны жүзеге асыратын педагогикалық тетіктері айқындалса, онда өз бетінше ізденіп, инновациялық технологияны тиімді қолдана алатын, кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдай алатын шығармашыл тұлға қалыптасатын болады.
1.
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшудің
қазіргі жайы
Білім беру «Қазақстан - 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойып отыр. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады [2, 3] .
Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы болатынын дәлелдеп отыр.
Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан - білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс [4] .
Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.
Қазақстан Республикасында ел басшылығының адами капиталды дамытудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, білім беру жүйесін реформалауды бастауға және жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл - Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т. б.
Адами ресурстарды дамыту еліміздің 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарындағы басымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Білім беруге инвестиция салу арқылы адами капиталды сапалы дамытуда нақты қол жеткен мақсаттар бар.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда [5] .
12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында жалпы орта білім берудің мақсаты - жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту [6] .
12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайында жалпы орта білім берудің міндеттері:
- 12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғырту арқылы жүзеге асыру;
- Шағын жинақталған мектеп проблемаларын шешу;
- Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.
2020 жылы 12 жылдық оқыту моделіне көшу толықтай жүзеге асырылады (2015 жылы - 1, 5, 11-сыныптар) .
2015 жылы қазақстандық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижелері: PISA - 50 - 55 орын, TIMSS - 10 - 15 орын болса, 2020 жылы: PISA - 40 - 50 орын, TIMSS - 10 - 12 орын, PIRLS - 10 - 15 орын болу көзделуде.
2015 жылы құзыреттілік тәсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
Білім беру стандарттарының ауысуы білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеумен байланысты. 12 жылдық білім беру мазмұнының базалық принципі - әрбір мектепте тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда адамгершілік-рухани мәдениеттің жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер өзін-өзі танудың негізін, жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуын меңгеретін болады.
МЖБС коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.
2011 жылы бастауыш білімнің МЖБС жаңартылады, негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленді.
Оқытудың 12 жылдық үлгісі бойынша эксперименттік алаң үшін оқулықтар мен ОӘК, түзеу білім беру ұйымдары үшін электрондық оқулықтар, аударма және оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу жүзеге асырылады. Оқулықтарды әзірлеу және оқулықтарды сараптамадан өткізу функциялары бөлінеді.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне көшу төмендегідей кестеде көрсетілді (кесте - 1) .
Кесте-1. 12 жылдық моделіне көшу нобайы
Оқытудың 12 жылдық
бағдарламасы бойынша
Оқытудың 11 жылдық
бағдарламасы бойынша
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей бөлуді, оқытуды дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:
- жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуімен;
- күтілетін нәтижелерге бағыттылығы;
- оқытудың сабақтастығы;
- әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім мекетепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс.
1-саты. Жалпы орта білім беру ( 1-4 сыныптар) . Оқуды бастау жасы - 6 жас. Оқыту ұзақтығы - 4 жыл.
1сатыдағы негізгі бағдар - оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге, оқу, жазу, есептеу, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке басының тазалығы мен денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
2- саты. Жалпы орта білім беру ( 5-10 сыныптар) . Оқыту ұзақтығы - 6 жыл.
2-сатының негізгі бағдары - жалпы білім алуға жағдай жасау, тұлғааралық және ұлысаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру механизмдерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшінші сатыдағы - мектепте бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3-саты. Жалпы орта білім бер (11-12 сыныптар) . Оқыту ұзақтығы - 2 жыл.
Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіру бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық немесе технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу формалары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай үйрету керек?» «Ойлауға қалай үйрету керек?» «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі үш бағытты басшылыққа алады. Олар:
1) оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
2) ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар:
Инварианттық компонент - мемлекеттің базалық оқу стандарты жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу жоспарының бөлімін меңгеру.
Профильдік компонент - профильдік оқу стандарты талаптарының мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру.
Тұлғалық компонент - оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу жоспарларын меңгеру [6, 8] .
Қазіргі таңда республикамызда 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Мұндағы біздің басты ұстанымымыз - тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
Білім беруді жаңарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту процесі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту процесі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың сапалы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін процесс.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің ерекшелігі:
- ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына;
- өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне;
- адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына;
- әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі бастауыш білім берудің мақсаттары:
- қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
- өзін-өзі дамытуға;
- жоғары білімді шығармашыл, ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру;
- жеке тұлға интеллектісін байыту;
- бала тұлғасындағы рухани және дене мүмкіндіктерін ашу.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің негізгі мақсаты - оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту.
Қоғам алдында, білім беру жүйесіне қойылған міндетке сәйкес, білім беру жүйесі оқушы тұлғасын үйлесімді дамытуға бағытталған жалпы білім беретін мектептің жаңа үлгісін таңдауға бағытталып отыр.
Мұнда баланың қоршаған дүниемен қарым-қатынасында рухани адамгершілік құндылықтарының интеллектісінің, танымдық белсенділігін, іс-әрекетінің негізін қалауға бағдарланған бастауыш мектепке ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр.
ХХІ ғасырда білім беру жүйесінде әлемдік дамудың негізгі тенденциялары болып табылатын елеулі өзгерістер болды:
- қоғам дамуының қарқындылығы;
- мәдени аралық қатынастың кеңеюі, ақпараттық, өндірістік қоғамға өту;
- халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде ғана шешілуі мүмкін басты мәселелердің туындауы және өсуі;
- қоғамның демократиялануы;
- экономиканың динамикалы дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
- адамзат капиталы мәнінің артуы.
Осыған орай дамыған елдердегі білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен әдіснамасын жаңарту порцестері, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерінің қарастырылуы т. б. бай- қалып отыр.
Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушының таным белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірленуі және енгізілуі, кредиттік технология негізінде үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде:
- Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы;
- Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды жәтижелерге
бағдарлануы;
- Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің сақталуы.
- Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамымауы, өзін-өзі анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік қызығушылығы мен болашақ жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық білім беру стандарты қалыптасты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz