МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ

ЭТНОПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы»

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру.

Орындаған: Әліпбекова . А

СМД-111до

  1. п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2014ж.

Ф-ОБ-001/033

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Тарих -педагогика факультеті

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«Жалпы педагогика және

этнопедагогика» кафедрасының

меңгерушісі, п. ғ. к., аға оқытушы.

Рысбекова А.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойындар арқылы қалыптастыру.

Орындаған : Әліпбекова А.

CМД-111до

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. к., доцент: Кішібаева Д.

Түркістан 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:

КІРІСПЕ . . .

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 1
: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қалыптастырудың педагогикалық сипаты . . .
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 1. 2
: Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары . . .
17
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМСІ
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2. 1
: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы ойынның түрлері . . .
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: 2. 2
: Балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдер . . . … . . .
60
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
:
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
79
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
82
КІРІСПЕ . . .1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ:
: ҚОСЫМШАЛАР . . .
86

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі Жолдауда да білімді дамытуды халықаралық деңгейге көтеру, бәсекелестікке даярлау, Отансүйгіштікке, төзімділікке, маман ғана емес, адам тәрбиелеуіміз керектігін баса көрсетті. « . . . Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деген еді Елбасы. Мемлекет басшысы тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап жаңа Қазақстанды құрудың басты стратегиялық жетістіктерінің бірі ретінде адами капиталды дамытуды белгіледі. Елбасының білім саласына «қарқынды түрде жаңаруда» деп жоғары баға бергендігі айтыла отырып, Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауында білім саласына зор міндеттер жүктеп отырғандығы айтылған болатын Шығармашылық қабілеттердің өзі де білім базасына, іс-әрекеттердегі технологиялық процестерді жүзеге асыратын іскерліктерге байланысты болып табылатыны белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда пәндік білімдер мен іскерліктердің мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы ерекше болары айқын. Адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасында да білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетілген. Аталмыш құжатта “шығармашылық” ұғымына “… адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі” ретінде сипаттама берілген . Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында былай делінген: “Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде бедерленеді” [5] . Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты балаларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Оқу-тәрбие үрдісінде балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыруды алға тартады.

Елімізде білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер орын алып қалыптасып келеді. Солардың қатарына мектепке дейінгі балалардың қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштаудағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқытудың озық технологияларын пайдалануды айтуға болады. Оның себептерінің бірі қазіргі таңда ғылым мен техниканың дамуына, технология ғылым саласының озық жетістіктерінің өндіріске көптеп өзгерістер енгізуіне байланысты мектепте шығармашылық тұлғаға тән білім мен іскерлікті беру қажеттігі.

Шығармашылық - мәдени немесе материалдық құндылықтарды өз ойы бойынша жаңадан жасау ретінде түсінілетіні белгілі, әрі ол ойлаудың жоғары формасы болып табылады.

Бүгінгі таңда шығармашылықтың саласы көп, әр сала бойынша іс-әрекет нышандары әркімде болатынын, бірақ оны дамыту керектігін еліміздің психологтары ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеулер барысында дәлелдеп көрсеткен.

Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шығармашылық тұлға қабілеттер арқылы көрініс табады. Ол көріністер адамның қасиеттерінің синтезі, психологиялық ерекшеліктері, немесе адамның психологиялық қасиеттерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Шығармашылық қабілет, іс-әрекет жөнінде өз ойларын көптеген ғұламалар еңбектерінде жазып қалдырған.

Қабілеттер жайлы, оның адамның еңбектік сферасына байланысты зерттеулер жүргізілді. Мәселен, математикалық қабілеттер, педагогикалық қабілеттер . Сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту және т. б. мәселелер бойынша зерттеудің жаңа бағыттары белгіленді.

Тәрбиелеу оқыту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін педагог-ғалымдар Ш. А. Амонашвили, Л. И. Божович, Я. А. Пономарев, Н. Ф. Талызина, Д. Б. Эльконин, И. С. Якиманская және т. б. қарастырған және аталған ғалымдардың еңбектері көптеген іс-тәжірибелерге негіз болды. 6

Республикамызда мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде жоғарғы сыныптарға шығарма жазғызу Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева, оқушыларды сөз өнеріне баулу арқылы көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту Қ. Ә. Жаманбаева, оқушы шығармашылығын дамытудың дидактикалық мүмкіндіктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан тұжырымдау А. Б. Мырзабаев шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздерін анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту Б. А. Тұрғынбаева мәселелері тереңінен зерттелген. 7 . 8. 9

Елімізде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай талабына сәйкес мектепке дейінгі балалардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мәселесін педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі біздің диплом жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін ойын арқылы қалыптастыру» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілтін ойын арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу .

Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру процесі.

Зерттеудің міндеттері:

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың теориялық мәнін қарастыру.

2 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипатын айқындау.

3 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдарын анықтау.

4 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруда ойын түрлерін пайдалану .

Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; зерттеу мәселесі бойынша оқу-әдістемелік құжаттарды талдау; педагогикалық-тәжірибелік талдауда әдістерді пайдалану.

Зерттеу көздеріне психолог, педагог - ғалымдардың шығармашылыққа баулу, шығармашылығын дамыту жөніндегі еңбектері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігінің құжаттары (Конституция, Білім туралы заң, гуманитарлық білім беру және білім мазмұны тұжырымдамасы, бағдарламалары, оқулықтары мен әдістемелік құралдар.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық сипаты

Бүгінгі таңда кез келген өндіріс саласының даму кезеңінде адамдардың шығармашылықты игеруі тек экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік прогрестің жетекші факторы болып табылады.

Адамзаттың шығармашылықтағы іс-әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны ұқсас болып келетіні жөніндегі пікірлер де ХХ ғасырдың бас кезеңінде пайда болды. Ғалымдар мен инженерлер: Т. Рибо, П. Энгельмейер ХХ ғасырда бастау алған шығармашылықтың мәні жоғары екендігін көрсетті.

С. А. Рубинштейн ойлаудың іс-әрекетпен немесе іс-әрекет ойлаумен жайдан-жай қабат жүрмейді, іс-әрекет бұл ойлаудың өмір сүруінің алғашқы нысаны екенін атап көрсетеді [10] .

Адамның еңбек сферасы саласындағы іс-әрекетінің түріне байланысты шығармашылық және шығармашылық емес деп ажыратады. Ғалымдар арасында кейбіреулері шығармашылыққа ертеректе белгісіз болған техникалық және технологиялық мәселелерде туындайтын және шешетін еңбекті айтады. Кейбіреулері шығармашылық еңбек ұғымының мәнін тарылтады, оны тек ақыл-ой еңбегіне қатысты деп қарастырады, ал дене еңбегінің шығармашылық мазмұнының болуының объективті мүмкіндігін қарастырмайды.

Шын мәнінде шығармашылық еңбек негізінің өзінде жатады. Сонымен қатар шығармашылық элементтері адамның еңбек іс-әрекетінің әртүрлілігі де түрліше дәрежеде болады. Еңбектің шығармашылық сипаты және еңбекке шығармашылық қатынас ұғымдары теңгестірілмейді.

Энциклопедияда шығармашылық "… ешқашан бұрындары болмаған, жаңа сапалы нәрсені тудырушы іс-әрекет …" ретінде қарастырылады . Идеалистік және метафизикалық тұжырымдамаларға қарсы тұрған шығармашылықтың ғылыми-философиялық ұғымы, шығармашылықты адамның және адамзаттың мақсаттары мен қажеттеріне сәйкес, нақтылы өмірдің объективті заңдылықтары негізінде табиғат пен әлеуметтік дүниені өзгертетін адамның іс-әрекеті деген тұрғыда қаралады . 11

Біздің ойымызша, шығармашылық деп адамның алдағы міндеттерді (тапсырмаларды) шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі аталады және біріншіден, қандай-да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай-да бір жаңа объекті, құбылыс, т. б. пайда болады.

Шығармашыл тұлғаға қажетті сапаны зерттеудің алғашқы кезеңінде психологтар және басқа да ғылым саласының ғалымдары мен ойлап табушылардың өмірбаянын, мемуарын және олардың шығармашылық лабораториясы жөніндегі айтылғандарды талдады. Осы талдау мен талдап қорытудың арқасында шығармашыл жеке тұлғаға тән сипатты белгілер бөлінді. Олар: интуиция, бай қиял, эмоционалдық қозушылық, жоғары деңгейде дамыған интеллект, зейін және т. б.

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастау алған шығармашылық процесс және оны зерттеуге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілді, оның ішінде ойлап табушылыққа бейімі бар адамның сипатты сапаларын айқындау әдістемесі, организмде немесе жеке тұлғада шығармашылық потенциалды сақтау мәселесі, шығармашылық қабілеттерді дамытудың әртүрлі тәсілдері бойынша жүргізілгені осының дәлелі.

Шығармашылық процеске даярлауды мектепке дейінгі мекеме қабырғасында жүзеге асыру мәселесі педагог-ғалымдардың назарында болды. Халыққа білім беру жүйесінің негізгі міндеттері ретінде қоршаған әлемді шығармашылықпен қабылдауды дамыту үшін қажетті өз бетінше ойлана алатын мектепке дейінгі балаларды қалыптастыру қарастырылды. ХХ ғасырдың 70-жылдарында мектепке дейіінгі балаларға шығармашылықты ұйымдастыру практикада жүзеге асырыла бастады. Н. Г. Алексеев пен Э. Г. Юдин бұл оқытудың ұйымдастырылуы балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруды бірден жақсартады деп санады. Ол жөнінде ізденушілер: “Бұл жердегі ең қажетті мәселе мынада, оқытуда зерттеу әдісін қолдану талап етіледі. Балалар негізгі ғылымға байланысты дайын білімнің жиынтығын біліп қана қоймауы керек. Сондай-ақ, мектепке дейінгі балалар тәрбиешінің басқаруымен бұл білімді немесе оның қажетті құраушыларын өздерінше алуы керек жағдайда болуы қажет. Бұл өз кезегінде тәрбиені оқытуды ұйымдастыру процесінде мынаны жоспарлайды. Балалар алдына жаңа мәселелерді үздіксіз қоюды, оларды біртіндеп қиындық процесіне айналдырады. Басқаша айтқанда, оқыту процесінің құрылымын ситуациялық мәселелер құрайтын болады. Сондықтан да бұл тәсіл осылай аталады”, - деп жазды . 12

Шығармашылық қабілеттің тәрбиелік мүмкіндіктері, шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу жөніндегі зерттеулерде жүргізілді. П. Л. Капица “Адамдағы іскерлік қабілетті тәрбиелеу өз бетінше ойлау қабілетін дамытуда жатыр. Менің көз қарасымша, ол мына бағыттарда дамуы мүмкін: ғылыми қорытынды жасай білу - индукция ; іс жүзіндегі процестердің өтуін айта білу үшін теориялық шешімді қолдана білу - дедукция ; ең соңында табиғатта болып жатқан процестер мен теориялық толықтырулардың қарама-қайшылығын анықтай білу - диалектика ” - деп, өзіндік ойлаудың мәнін, бағытын сипаттады 14] .

Жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарындағы білім берудің негізгі міндетінің бірі білім мен іскерлікті игерту ғана емес, осылардың негізінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ол жөнінде А. Н. Несмеянов “Бірақта ең бастысы білім беру - бұл білім "қоржынын" емес, бұл "қоржынды" игере білу іскерлігі керек екендігін жиі ұмытамыз. Бұл кез келген, соның ішінде жоғары білім беру саласының да басты мақсаты. … Игеру - бұл дегенің қолдана білу . Қолдана білу екі бөліктен құралады: өз мамандығың бойынша техникалық жұмыс жасай білу, ол тәжірибе арқылы болады. Ал негізгі іскерлік - өз мамандығың бойынша сұрақтарды қойып, оны шеше білу. Сонымен білім берудің негізгі мақсаты - едәуір шығармашылық түрдегі сұрқтарды қоя білуге және оны шешуге мыйды шынықтыру”, - деп жазды .

Жалпы шығармашылық тұлғаға, шығармашылық процесс барысына өзек болатын негізгі элементтер не деген сұрақ та ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Ю. А. Дмитриев өзінің зерттеуінде, зерттеу нысанына байланысты жұмысшылардың және инженер-техникалық жұмысшылардың техникалық шығармашылығына ықпал ететін факторларды, факторлар мен жаңашылдардың шығармашылық белсенділігі арасындағы байланыс тығыздығының дәрежесіне сәйкес төмендегідей етіп анықтайды:

  • біліктілігі;
  • әлеуметтік жағдайы;
  • жасы;

Соңғы педагогикалық әдебиеттерде мектепке дейінгі балаалардың оқу-тәрбие процесінде шығармашылық іс-әрекет әдістері жөнінде кеңінен жазылуда. Солардың бірі В. А. Бухвалов еңбегінде шығармашылық іс-әрекеттер әдістерін кеңінен төмендегідей етіп береді:

1 Шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдау.

2 Зерделенген ережелерді қосу .

3 Ойлауды белсендіру әдістері. Бұл әдістер балалардың жеке дара және топтық шығармашылық жұмыстарында қолданылады.

Қазіргі уақытта мектепте дейінгі балалардың педагогикалық мақсаты - бұл мәдениеттің негізгі заңдылықтары мен әдістері, танымдық және практикалық іс-әрекетте өзбетінше жұмыс жасай алуды, кәсіптік, қоғамдық және отбасылық карьерді таңдаудағы еркіндікті меңгеру процесінде өнегелік және шығармашылық жеке тұлғаны дамыту 15] .

ХХ ғасырдың 80-жылдары ғалымдар Г. С. Альтшуллер мен И. М. Верткин шығармашылық жеке тұлға, яғни шығармашылық жеке тұлғаны дамыту теориясының негіздерін әзірледі (жеке тұлғаның шығармашылық сапасы жөніндегі ілімді қалады) . Бұған дейін кейбір ғалымдар "Шығармашылық сапа балаға тұқым қуалаушылық бойынша ата-анадан беріледі және оны тәрбиелеу мүмкін емес" деген көзқараста болған болатын. 16

Егер ондай көзқарас дұрыс болған жағдайда педагогтар мектепте тек жеке тұлғаны дамытумен ғана шектелген болатын еді.

Осы мәселені шешу үшін ғалымдар мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың (ақындар, суретшілер, сазгерлер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т. б. ) өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекетінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларын меңгергенін анықтады:- шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру іскерлігі;

- өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау іскерлігі;

- жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі;

- мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі;

- өзінің сенімін қорғай білуі .

В. А. Бухвалов адам өмірді белгілі мақсат үшін сүретінін және оның шығармашылық болуы керектігін айта келе, шығармашылық іске өз балаңды тәрбиелеу барысында, жиһазды конструкциялау, өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тұқымдарын, тағамның жаңа түрлерін, киімнің жаңа үлгілерін құру және т. б. жұмыс үлгілерінің қатысы барын өз еңбегінде сипаттайды. Сондай-ақ мұндай жұмыстар әрбір адамның өзінің қызығушылық саласы мен өзінің мүмкіндігінің деңгейінде жасауы, шығаруы қажет екендігін айтады [17] .

Я. А. Пономарев адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін, педагогикалық ықпал етудің жолдарын тұжырымдай отырып, ой жүргізудің ұйымдастыру жоспарын төмендегідей белгілеген:

- тапсырманы орындаушының өзі мен өзі, басқа бір әріптесімен немесе тапсырманың өзімен шығармашылық іс-әрекет барысында диалогта болуының коммуникативті-тұлғалық шарты;

- ойлау үрдісінің өз ішіндегі динамикасы немесе тапсырманы шешу кезеңдерінің алға жылжуы, өнімділігі;

- құрылым реттілігі немесе ой жүргізу компоненттерінің өзара байланысы мен әрекеттесуі .

Дегенмен, зерттеулер нәтижелерін зерделеудің негізінде В. А. Бухваловтың “… шығармашылық іс-әрекетке қызығушылық пайда болғанда басталады” деген пікірімен толық келісуге болады . 19

Адамның шығармашылық қабілетін зерттеу барысы, негізінен, төмендегідей ғылымдар жүйесі тұрғысынан зерттелді:

1 Шығармашылықтың мәні жөнінде философия саласы тұрғысынан;

2 Адамның шығармашылық қабілетінтін психологиялық тұрғыдан;

3 Шығармашылыққа баулу мәселесі бойынша педагогикалық тұрғыдан.

1. 2 Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетінтін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық сипаты

Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін мектепке дейінгі балаларды жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет деп еліміздің президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен.

Балалардың шығармашылық іс-әрекеті және оның мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның ғылыми-педагогикалық зерттеулердің объектісі ретінде анықталу сипатын білу қажеттілік болып табылады. Шығармашылық қабілетет тұлғаны құраушы және оны айқындаушы фактор ретінде де қарастырылады.

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижелеріне қарап бағалайтындығы байқалды. Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарынан, өркениет биігінен көрінуі оқу сапасына тікелей байланысты. Қазіргі жаңа өрлеу, даму кезеңінде, мектепке дейінгі балаларды заман талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңа заманға жаңаша көзқарас қалыптастырып, білім сапасын техника жетістіктерімен сабақтастыра отырып жаңарту - ХХІ ғасыр талабы болып табылады.

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы, жеке тұлғаның дамып қалыптасуында олардың білімге деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты.

Мектепке дейінгі балалардың дайындық тобында білімге деген қызығушылығы мен ынтасы негізінде танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқу-тәрбие барысындағы балалардың іс-әрекетінде танымдық белсенділікті арттыру, олардың шығармашылық әрекеттерінің нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу - бүгінгі оқу-тәрбие үрдісінің негізгі мақсаттарының бірі. Оқу-тәрбие барысында белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасатын жеке тұлға мәселесі теориялық тұрғыдан педагогтар үшін де маңызды. Бұл проблеманың кейбір тұстары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алды. Антика дәуірінің ойшылы Сократ балалардың танымдық белсенділігі мен іс-әрекетін басқаруға көп көңіл бөлді. Ол шәкірттеріне білімді жай ғана бере салмай, сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабілетін, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДАҒЫ ҮЙРЕТУШІ ОЙЫНДАР
Ішкі әрекет - сыртқы әрекеттің интериоризациясы
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Балабақшадағы тіл дамыту бағдарламасы
Біріккен сабақ
Химия пәнін оқытуда ұжымдық оқыту технологиясын қолдану
Дамыта отырып оқыту әдістемесі
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды ғылыми тұрғыда айқындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz