Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары



МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І. АҚША . НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ.
1.1 Ақша.несие саясатын жүргізудің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ..5.9
1.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүргізетін ақша.несие саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.10

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Ақша.несие саясатын жүргізудің тәсілдері мен оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.12
2.2 Ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12.18

ІІІ . ҰЛТТЫҚ БАНК ЖҮРГІЗЕТІН АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ.
3.1 Ақша.несие саясатын жүргізуде кездесетін негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19.20
3.2 Ақша.несие саясатын жүргізудің жаңа классификациясы ... ... ... ... .20.23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25.26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Жалпы қаржы саясаты негізгі 2 бағыттан тұрады:
1. Фискалдық саясат немесе салық -бюджет саясаты;
2. Монетарлық саясат немесе ақша-несие саясаты.
Ақша-несие саясатын жүзеге асыратын орган болып Ұлттық банк табылады.
Ол ағымдық экономика жағдайына байланысты бұл саясаттың екі түрін ұстанады: қымбат ақша саясаты және арзан ақша саясаты. Егерде елде инфляция болса, онда орталық банк қымбат ақша саясатын жүргізеді.Ол үшін:
• Ашық нарықта банктерге, тұрғындарға мемелекеттік құнды қағаздар сатады;
• Коммерциялық банктердің резерв нормаларын көбейтеді;
• Учет ставкасын өсіреді.
Ал, арзан ақша саясаты елде жұмыссыздық болса, пайдаланылмай қалған өндіріс қуаттары болғанда қолданылады.Бұл саясаттың негізінде ол халыққа белгілі бір мөлшерде ақша ұсынады және де сол ақшаны көп ұсыну үшін ол мынадай операцияларды орындайды:
• Ашық нарықта банктерден, тұрғындардан мемелкеттік бағалы қағаздарды сатып алады;
• Коммерциялық банктердің резерв нормаларын кеңейтеді;
• Учет ставкасын азайтады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың негізгі мақсаты- бұл бюджеттегі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі жағдайында тапшылықтың орнын толтыру болып табылады. Жалпы экономикадағы ақша несие саясатын жүргізудің мақсаты-ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаты-ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігімен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейде субъектісі-Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісін экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы құрайды.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.
Біздің бүгінгі курстық жұмысымыздың негізгі мақсаты- Ұлттық банк тарапынан жүргізілетін ақша-несие саясатының мәнін, оның экономикадағы орнын, маңыздылығын, оны жүргізудің мақсатын, қызметін, міндетін және оны жүргізу процесінде кездесетін негізгі проблемелер мен оларды шешу жолдары, нарықтық экономикаға сай, ақша-несие саясатын жүргізудің тиімді шетелдік тәжірибелерін игеріп, экономиканы әрі қарай дамыту болып табылады.
1. Б.Көшенова «Ақша,несие, банк, валюталық қатынастары»
Алматы 2000ж.
2. Ғ.Сейтқасымов «Ақша, несие, банк»
Алматы 2001ж.
3. С.Б. Мақыш «Банк ісі»
Алматы 2004ж.
4. «Экономикалық саясат» Алматы 2002ж
5. Д.М. Мадиярова
«Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік».
Алматы 2000ж.
6. Халықаралық нарықтағы ТМД елдерінің бәсеке қабілетін нығайтудың стратегиялық аспектілері.
Конференция ІІІ 10-11 сәуір 2006ж.
7. ҚР-ы «Валюта айналымы» заңы.
8. ҚР «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» 29.06.98ж. заңы.
9. ҚР Ұлттық банктің 2002-2005ж.ж. арналған ақша-несие саясаты.
10. Шеденов, «Жалпы экономикалық теория», Алматы, Экономика, 2002ж.
11.О.И.Лаврушин, «Деньги, кредит, банки», «Финансы и статистика», 1999г.
12.Я.Ә.Әубәкіров, «Экономикалық теория негіздері», Алматы, «Санат», 1998ж.
13. С.Б.Мақыш, «Коммерциялық банктердің операциялары», Экономикасы, 2001ж.
14. С.Б.Мақыш, «Ақша айналысы және несие», А., Издат.Маркет, 2004ж.
15. Б. Нурғалиев «Қазақстан экономикасы»
Алматы 1999ж.
16. Кезеңдік басылымдар:
• Егемен Қазақстан 23 маусым 2007ж
• Саясат 7шілде 2004ж.
• Қоғам және дәуір №4 2004ж, №3 2003ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І. АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ.

1.1 Ақша-несие саясатын жүргізудің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ..5-9

1.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие
саясатының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...9-10

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРАЛДАРЫ

2.1 Ақша-несие саясатын жүргізудің тәсілдері мен оның түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-12

2.2 Ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12-18

ІІІ . ҰЛТТЫҚ БАНК ЖҮРГІЗЕТІН АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ.

3.1 Ақша-несие саясатын жүргізуде кездесетін негізгі проблемалар мен оларды
шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .19-20

3.2 Ақша-несие саясатын жүргізудің жаңа классификациясы ... ... ... ... .20-
23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...24

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .25-26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ.

Жалпы қаржы саясаты негізгі 2 бағыттан тұрады:

1. Фискалдық саясат немесе салық -бюджет саясаты;
2. Монетарлық саясат немесе ақша-несие саясаты.
Ақша-несие саясатын жүзеге асыратын орган болып Ұлттық банк
табылады.

Ол ағымдық экономика жағдайына байланысты бұл саясаттың екі түрін ұстанады:
қымбат ақша саясаты және арзан ақша саясаты. Егерде елде инфляция болса,
онда орталық банк қымбат ақша саясатын жүргізеді.Ол үшін:

• Ашық нарықта банктерге, тұрғындарға мемелекеттік құнды қағаздар
сатады;
• Коммерциялық банктердің резерв нормаларын көбейтеді;
• Учет ставкасын өсіреді.
Ал, арзан ақша саясаты елде жұмыссыздық болса, пайдаланылмай қалған
өндіріс қуаттары болғанда қолданылады.Бұл саясаттың негізінде ол халыққа
белгілі бір мөлшерде ақша ұсынады және де сол ақшаны көп ұсыну үшін ол
мынадай операцияларды орындайды:

• Ашық нарықта банктерден, тұрғындардан мемелкеттік бағалы қағаздарды
сатып алады;
• Коммерциялық банктердің резерв нормаларын кеңейтеді;
• Учет ставкасын азайтады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың негізгі мақсаты- бұл бюджеттегі
қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі жағдайында тапшылықтың орнын толтыру
болып табылады. Жалпы экономикадағы ақша несие саясатын жүргізудің мақсаты-
ырықтандыру жағдайында баға тұрақтылығын, қаржы секторының орнықтылығы мен
бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаты-
ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігімен басқа шетел
валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-
несие саясатының макроэкономикалық деңгейде субъектісі-Ұлттық банк болып
табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісін
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы құрайды.

Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру
нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің
нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай
өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының
жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

Біздің бүгінгі курстық жұмысымыздың негізгі мақсаты- Ұлттық банк
тарапынан жүргізілетін ақша-несие саясатының мәнін, оның экономикадағы
орнын, маңыздылығын, оны жүргізудің мақсатын, қызметін, міндетін және оны
жүргізу процесінде кездесетін негізгі проблемелер мен оларды шешу жолдары,
нарықтық экономикаға сай, ақша-несие саясатын жүргізудің тиімді шетелдік
тәжірибелерін игеріп, экономиканы әрі қарай дамыту болып табылады.

Курстық жұмыс 3 бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде: ақша-несие саясатын жүргізудің
мәні, оның қажеттілігі,мақсаты және де қызметі жөнінде жазылған. Ал, екінші
бөлімінде: Қазақстан Ұлттық банкінің аталмыш саясатты жүргізу жағдайы
туралы ашып жазылған. Үшінші бөлімде: елімізде осындай саясатты тиімді
жүргізі мақсатында Ұлттық банктің шетелдік тәжірибелерді пайдаланылуы жайлы
айтылған.

І. АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ.

1.1 Ақша-несие саясатын жүргізудің экономикалық мәні

ХVІІ ғ. А.Смит: егер жеке табыстың елеусіз қолы бағыттайтын болса,
онда экономика мемлекеттің араласуынсыз өзін-өзі басқаратын болады. Одан
бері, көбісі өзгеріп, өмір сүру өз түзетулерін енгізді. Бүгінгі күні тек
саясаттар ғана емес, сонымен бірге көптеген экономистер мемлекеттің
шаруашылық қызметінің белсенді қатыушылары болуы керек деп есептейді.

Мемлекеттің экономикаға әсер етуінің үш негізгі әдісі бар: тікелей
араласуы ( мысалы, тауарларды мұғдарлау және баға мен табысты реттеу
долымен); фискалды саясат және ақша саясаты.Тәжірибе көрсеткендей,
мемлекеттің тікелей араласу саясатын жүргізген елдердің ешқайсысы да, ұзақ
мерзімді жағдай жасай алмай қалды. Сондықтан да нарықтық экономикада,
мемлекеттік реттеу фискалды және ақша-несие саясаты арқылы жүзеге асады.

Ақша-несие саясатының міндеті – экономикалық дамудың басты мақсатына
ақша ұсынымындағы өзгерістердің сәйкес келуі.

Ақша –несие саясатының үкіметпен анықталғандығымен де, оның жолсерігі -
Орталық Банк болып саналады. Ол ақша-несие саясатының құралдары деп жиі
айтылатын жиынтық құралдары қолданады. Бұл құралдар негізінен не ақша
көлеміне, не пайыздық ставкаға ісер етеді.

Ақша-несие саясатының құралдары бөлек-бөлек қолжанылуына міндетті
емес, кеісінше, бірін-бірі күшейту үшін бірден екі немесе одан да
қолданылады.

Ақша-несие саясатының мақсаты мен құралдарын келесідей топтастыруға
болады.

Аяқты мақсаттар:

А) экономикалық өсу; В) бағаның
тұрақтылығы

Б) толық жұмысбастылық; Г) тұрақты төлем балансы.

Аралық мақсатты бағдарлар:

А) ақша массасы;

Б) пайыздық ставка;

В) айырбас құны.

Құралдары:

А) несиелеудің лимиті немесе шегі;

Б) қажетті резервтің нормаларының өзгеруі;

В) есептік ставканың өзгеруі;

Г) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей (а) және қосалқы (б,в,г) құралдарының арасында айырмашылық бар.
Өтпелі экономикада, әсіресе оның алғашқы даму кезеңінде тікелей сияқты,
қосалқы құралдары да қолданылады.

Аяқты мақсаттар – фискалды, сырты саудалық, құрылымдық және басқа да
саясат түрлерімен бірге, толықтай экономикалық саясаттың бағыттарының бірі
ретінде ақша-несие саясаты арқылы жүзеге асырылады.

Ақша-несиелік реттеудің басқа да құралы есептік ставканың өзгеруі болып
табылады. Ол бойынша Орталық Банк Коммерциялық Банктерге несие береді.Егер
есептік ставка жоғарыласа, онда Орталық Банктен шеттен алып пайдалану
көлемі қысқарып, сәкесінше, Клммерциялық Банктерді ссудаларын беру
операциялары азаяды. Сонымен бірге, бұдан да қымбат несие ала отырып,
Коммерциялық Банктер де ссудалар бойынша өздерінің ставкаларын
жоғарылатады.Несиелік қысылымның толқыны және ақшалық қымбаттауы барлық
жүйе бойынша өтеді. Экономикадағы ақша ұсынымын төмендей бастайды. Есептік
ставканы Орталық Банкпен жоғарлату шектеулі ақша-несие саясатының басталуын
ескертеді. Бұдан соң, алдымен банкаралық несие нарығындағы ставкалар өсіп,
кейін Коммерциялық Банктің банктік емес бөлімге жеткізілетін ссудалар
бойынша ставкалар өседі. Осы барлық өзгерістер өте тез жүреді.

Міндетті немесе қажетті резервтер – Коммерциялық Банктердің Орталық
Банкке пайыздық емес салымдар ретінде сақтауға міндетті. Міндетті
резервтердің нормалары депозиттер көлемінен пайыз түрінде тағайындалады.
Олар салымдар түрінде тәуелді көлеміне байланысты айрықшаланады.Неғұрлым,
Орталық Банк міндетті резерв нормасын жоғары қойса, соғұрлым Коммерциялық
Банктермен пайдаланылатын қаржылардың бөлігі аз болуы мүмкін. Резерв
нормасының жоғарлауы ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша массасының
қысқаруына әкеледі. Осылайша, міндетті резервтер нормасын өзгерте отырып,
Орталық Банк ұсынымының динамикасына әсерін тигізеді.

Ашық нарықтағы операциялар – ақша массасын реттеудің үшінші әдісі. Ол
бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде қолданылады.

Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын
несие көлемін пайыздық мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз
капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-
шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты – ақша айналымы мен
несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық коньюктурасын реттеу. Ақша-несие
саясаты ия несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды
іріктеуге және шектеуге бағытталады. Өндірістің дағдарысы және
жұмыссыздықтың күшейуі жағдайында Ұлттық Банк несие беруді кеңейту және
пайыз мөлшерін азайту арқылы өндірістің жандануына себепші болады.
Керісінше, экономикалық өрлеу кезінде кездесетін алыпсатушылық, бағаның
өсуі, үйлесімсіздіктің өрлеуі сияқты келеңсіз жағдайлары болдырмау
мақстында Ұлттық Банк несиеге шек қою, пайыздық төлемді жоғарылату, төлем
құралдарын шығаруды тежеу және сол сияқты әрекеттермен шұғылданады.

Ел экономикасының жағдайы ақша-несие жүйесіне тығыз байланысты. Несие
институттарының санына, несие ресурстары мен жүргізілетін операцияларының
көлеміне қарай кез келген мемлекеттің ақша-несие жүйесңінің негізі
коммерциялық банктер болып саналады.Оған дәлел, көптеген мемлекеттерде
ақша массасының 75%- дан 90%-ға дейінгісі банктік депозиттер, ал тек 25-
10%-ы Ұлттық Банктің банкноттары.Сондықтан мемлекеттің ақша-несие аясын
мемлекеттік реттеу қызметі, тек Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктердің
операцияларына масштабы мен олардың түрлеріне ықпал жасауымен ғана табысты
бола алады.

Ұлттық банк ақша-несие аясына ықпал ету үшін ең алдымен коммерциялық
банктердің депозиттері ұлғайту немесе азайту мүмкіншілігін пайдаланады.
Бірақ одан банк банктердің депозиттік эмиссиясы мен операцияларының көлемін
тікелей өзгертеді деген ұйым тумайды. Ұлттық банк міндетті резервтер
жүйесі арқылы банктік несие мен депозиттер динамикасына әсер етеді.Ол
банктердің резервтік реттеумен несие мен депозиттерді қысқарту немесе
ұлғайту реакциясын тудыруы мүмкін.

Ұлттық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп
тарағандары төмендегідей:

- коммерциялық банктерге берілетін несиеге пайыздық төлем мөлшерін

өзгерту;

- банктердің міндетті қорларының мөлшерін өзгерту;

- ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік

облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, сату операциялары;

- ваталюта курсының саясаты, немесе курстық саясат.

Бұл айтылған ақша-несиелік әдістері барлық коммерциялық банктердің
операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен
жалпы реттеу әдісі деп аталады. Ал іріктілік тексеру әдісі кейбір несие
түрлерін немесе кейбір шаруашылық салаларын реттеуге қолданылуы мүмкін.

Іріктеп тексеру әдістеріне мыналар жатады:

- кейбір банктерге банктік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей
шектеу;

- несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда,
маржа мөлшерінің арасындағы айырма.

Реттеудің дәстүрлі әдісіне орталық банктің пайыздық мөлшерін өзгерту
жатады. Пайыздың ресми мөлшерін өсіру коммерциялық банктердің өз
резервтерін толтыру үшін несие алатын мүмкіншілігін азайтады, ол өз
кезегінде коммерциялық банктердің алған қарызын қысқартады, демек ол ақша
массасы мен нарықтық пайыз мөлшерін өсіреді. Сөйтіп Ұлттық банк пайыз
мөлшерін жоғарылатып, несиені шектеу саясатын, яғни несиелік рестрикция
жүргізеді. Пайыз мөлшерін жоғарылату елге қысқа мерзімді шетел капиталын
тартуға әкеп соқтырады. Сонымен қатар, ол төлем балансы мен валюта курсының
деңгейіне де әсер етеді. Қорытындысында төлем балансы активтеніп және шетел
валютасын ұсынушы көбейіп, демек шетел валютасының курсы төмендеп, ал
ұлттық валютаның курсы жоғарылайды. Ұлттық банктің пайыз мөлшерін
төмендету әдісі, яғни несиені кеңейту саясаты – несиелік экспансия деп
аталады.Ресми пайыз мөлшерін өзгерту барлық қарыз капиталы нарығына екі
жақты әсер етеді: пайыз мөлшерін жоғарылату несиелік рестрикция саясатының
басталуын, ал несиелік экспансия пайыз мөлшерін төмендету саясатының
басталуын көрсетеді.

Коммерциялық банктердің резервтеріне, демек олардың қарыз беру
мүмкіндіктеріне міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.
Міндетті банктік резервтің нормасын жоғарылату деген банктік қаражаттың
жұмсалмай, Ұлттық банктің шотында жұмсауға тыйым салу жағдайында ұсталуын
және оны коммерциялық банктер несиеге беруге қолдана алмауын көрсетеді.
Нәтижесінде банктік қарызбен айналымдағы ақша массасы қысқарып, қарыз
бойынша пайыз жоғарылайды. Ал міндетті банктік резервтің нормасын төмендету
банктік несие мен ақша массасын ұлғайтып, нарықтық пайызды төмендетеді.
Бағалы қағаздар нарығы дамыған мемлекеттерде ақша-несиелік реттеудің көп
тараған әдісі - ашық нарықтағы операциялар.

Елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы және оның экономикалық даму
перспективаларына қатысты оң болжамдары инвесторлардың Қазақстанның
экономикалық саясатына деген сенімінің айтарлықтай өсуіне ықпалын тигізді.
Соның нәтижесінде қайталама рыноктағы Қазақстан еурооблигацияларының
түсімділігі біртіндеп кеми түсті.

2000 жылы Ұлттық банк жүйесіндегі нақты экономика секторының
кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру жұмысы басталды, ол Ұлттық банктің
ақша-несие саясатының тиімділігін арттыра түсу, оның экономиканың нақты
секторының қажеттігіне бағдарлауын күшейте түсу мақсатын көздейді. Сонымен,
Ұлттық банк 2000 жылы алға қойылған бағдарлардың бәріне іс жүзінде қол
жеткізді немесе асып түсті деуге болады.

Ұлттық банк өзінің ақша-несие саясатын заңдарға белгіленген негізгі
міндеті –теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз етуді негізге
ала отырып жүзеге асырады. Ақша- несие саясатының негізгі мақсаты
инфляцияның төменгі арқынын сақтау болады. Бұл мақсатқа жету Ұлттық
банктің барлық құралдарын пайдалану арқылы ақша базасының деңгейін
реттеумен қамтамасыз етіледі.

Ұлттық банк Қазақстан тауарларының сыртқы нарықта баға жағынан
бәсекелестік қабілетін сақтауға ықпал ететін теңгенің еркін өзгермелі
айырбастау бағамының режимін сақтағысы келеді.

Ашық нарық операциялары ақша – несие саясатының негізгі құралдары болып
қалады, олар алдымен Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттарын шығару мен
өтеу, вексельдерді қайта есепке алу арқылы ресми ставкаларды реттеу және
банктерді қайта қаржыландыру, банктерге қысқа мерзімді несиелер беру арқылы
жүзеге асырылады.

Ағымдағы және күтілетін ақпаратты тікелей кәсіпорындардың басшыларынан
алу Ұлттық банктің ақша-несие саясатының тиімділігін арттырады, оның
экономиканың нақты секторының мұқтаждарына бағдарлануына күшейте түседі.

2003 жылдан бері Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының негізгі
бағыт-бағдары 3 жылдық кезеңге анықталып отыр. 2003-2005 ж

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – инфляцияның төмен деңгейін
анықтау немесе қолдау. Бұл мақсатқа жету Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкінің барлық құралдарын қолдану арқылы ақша базасын реттеумен қамтамасыз
етіледі. Ал ақша-несие саясатының перспективті бағыты Қазақстан
Республикасындағы валюталық режимін әрі қарай ырықтандыру жүзеге асыру
болып табылады.

Ақша-несие саясаты іскерлік білсенділікті реттеу мақсатында мемлекеттің
ақша массасына әсер ету құралы болып табылады. Ол тепе-теңдік - нақты
экономикалық өсуге әкеледі. Мемлекеттің ақша-несие саясатының негізгі
мақсаты – нарыққа қатысушылардың төлеу қабілетін қамтамасыз етуінде
шектеледі. Берілген мақсатты орындаудың негізгі шешуші факторы ақшаны
ұсыну болып табылады. Ақша ұсынымының күрделі табиғаты мен бамуы бар.
Алайда, ақша шаруашылығының негізгі мемлекетпен құралады.

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, қаржылық сияқты, ақша саясатының екі
негізгі түсінікті құрайды – кең және тар мағынада.

Кең мағынада, яғни нақты өндіріс деңгейін құру мақсатында мемлекеттің
барлық ақша массасына әсер ету құралдарын анықтайды. Кезегінде, ақша-несие
саясаты туралы айтылады. Ал тар мағынада ақша-несие саясатының 2 негізгі
формасында қарастырады:

А) айналымдағы қолма-қол ақша қатынасындағы саясат ретінде;

Б) айналымдағы квази-ақша қатынасындағы саясат ретінде.

1.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие
саясатының ерекшеліктері.

Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады.Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығы, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді.

Ақша-несие саясатының тәсілінде халық шаруашылығы мәселелерін
шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық
мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық
жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.

Экономиканың қызушылық кезінде инфляцияның өсу қаупін тудырады,
бұл кәсіпорындар мен халықтың табысын тежейді және экономикалық өсуді
қауіпке алып келеді. Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық ақша бірлігінің
бағалығын қорғаушы функциясын жүзеге асырады. Бұл функцияны сәтті жүзеге
асыру үшін Ұлттық Банк ақша- несие саясатының әртүрлі құралдарын
пайдаланады. Қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық банкі ақша –несие саясатын
баға тұрақтылығын сақтау мақсатында жүзеге асырады, бұл қалыпты,
баланстанған экономикалық өсуді қамтамасыз ететін басты шарты болып
табылады.

Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша экономиканың ағымдық
жағдайына байланысты Қазақстан Ұлттық банкінің жүргізетін ақша-несие
саясатының мақсаттар мен негізгі құралдары өзгеретін Мемлекеттің
макроэкономикалық реттеуінің басты құралы Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие
саясаты болып табылады.

Реформа кезінде Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсуі бірінші рет
1996жылы байқалды. 1996 жылғы инфляция деңгейінің 1995жылға қарағанда 60,3%-
дан 28,7%ға төмендеді, бұл позитивті қорытынды болды. 1995-1999 жылдары
қазақ экономикасының тұрақтануы мен құрылуының алғашқы этапында қолданылған
ақша-несие саясатының негізгі құралдары көрсетілген, сондай-ақ мұнда
экономикалық өсу және инфляция сияқты макроэкономикалық көрсеткіштер
көрсетілген.

2000ж бастап, қазақ экономикасындағы экономикалық өсудің
тұрақтылығын куәландырады. Бұған байланысты Ұлттық банк ақша-несие
саясатының реттеу құралдары мен мақсаттары алмасады.

2004 жылдан бастап, Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мына факторларға негізделеді:

• Сыртқы экономикалық шарттардың жылдамдығы;
• Мемлекеттегі макроэкономикалық тұрақтылық;
• Айтарлықтай тұррақты экономикалық өсу.
Сондай-ақ 2004ж 1қаңтарынан бастап, Ұлттық банктің бақылау функциялары
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы кәсіпорындарын реттеу және
бақылау агентіне жүгінеді. Бұдан кейін Ұлттық банк эффектілі ақша-несие
саясатын жасауға көп көңіл бөлді.

Төменде Қазақстан Ұлттық банкінің негізгі құралдарының бөлек-бөлек
түрлеріне анализ берілген.

Мысалы, қайта қаржыландыру ставка құралын пайдаланып, ақшаға
сұранысты реттейді. Ұлттық банктің пайыздық ставкасының белгілі деңгейі
екінші деңгейлі банктер үшін басты индекатор болып табылады, ол
мемлекеттегі ақша массасының көлеміне және инфляция деңгейіне әсер етеді.

Ақша- несие саясатының тағы бір маңызды құралы- бұл ақша нарығындағы
тепе-теңдікті, банк секторының өтімділігін қамтамасыз ету. Банктердің
міндеттері бойынша төлемеу қаупін төмендету-Ұлттық банктің ең аз резервтегі
талаптар нормасы.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ
ҚҰРАЛДАРЫ.

2.1Ақша-несие саясатын жүргізудің тәсілдері мен оның түрлері

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
және жүзеге асыратын орган болып табылады. Жалпы ақша –несие инструменттері
арқылы елдегі эконмикалық жағдайды реттеуде Орталық банктің ролі зор екені
белгілі. Енді сол Орталық банктің ақша-несие саясатының 3 құралы бар:

1. Ашық нарықтағы операциялар;
2. Резерв нормаларын өзгерту;
3. Учет ставкасын өзгерту.
Осы аталған факторлардың қай-қайсысы да елдегі ақша массасын өзгертуге
ықпал жасайды.

1. Құнды қағаздар сату. ҰБ-тің құнды қағаз сатуынан коммерциялық
банктердің резерв нормалары өседі. Ол кредит көлемін төмендетеді.Ақша
ұсынуды кемітеді.Сатып алу керісінше болады.
2. Резерв нормаларын өзгерту.Егер резерв нормаларын көбейтсе, онда кредит
көлемі төмендейді. Ал егер резерв нормалар азайтса, онда кредит көлемі
көбиеді.
3. Учет ставкасын өзгерту. Ұлттық банк коммерциялық банктерге кредит
беруде учет ставкілерін пайдаланады. Егер учет ставкасы өссе,
коммерциялық банк кредитті аз алады немесе керісінше. Учет ставкасын
көбейту инфляция мен күрестің бір әдісі.
Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаты-
ұлттық Attention\валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігімен
басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы массасы несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы.

Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейде субъектісі-Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу
объектісін экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының
жиынтығы құрайды.

Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының
екі типі болады:

1. Рестрикциялық немесе қымбат ақша несие саясаты;
2. Экспансиондық немесе арзан ақша несие саясаты.
Рестрикциялық ақша несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар
жиынтығы.Олар мысалы: инфляция, елдің төлем балансының көрсеткіштерінің
нашарлауы, т.б айналымдағы ақша массасының жоғарылауы болып табылады.

Экспанциондық ақша-несие саясаты-несие беру көлемін кеңейту мен айналыстағы
ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігі мен және сыйақы мөлшерлемесінің
төмендеуі мен байланысты шаралар.

Ақша-несие саясатының негізгі құралдары болып мыналар табылады:

1. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
2. Міндетті резервтер нормасы;
3. Мемелкеттік бағалы қағаздармен операциялар немесе ашық нарықтағы
операциялар.

2.2 Ақша-несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары және жүргізілетін
негізгі операциялар

Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты:
инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға
сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының
көмегімен реттеледі:

• сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;
• ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
• мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық
нарықтағы операцияларды жүргізу;
• банктерге және үкіметке несиелер беру;
• валюталық нарықта интервенциялау;
• кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі
мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде
қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді
ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми
сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:

• ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
• ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
• РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
• овернайт займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
• күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі-ақша нарығының жалпы
жағдайына, несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері,
Қазақстан Республикасы Президенті актілері негізінде немесе Қазақстан
Ұлттық банк басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем
операциялары бойынша қолданылады. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақшамен
қолма-қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың
әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрылымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер
енгізді.

Жоспарлы – орталықтанған экономика жағдайында ақша айнылымының
ерекшеліктері:

— қолма-қол ақша да, қолма қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын
өнімдерін алдын-ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс
құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-
техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің
табысына сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді;

— мемлекет заңмен ақша айналымын қолма-қол ақша және қолма-қол емес
ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет
атқаратынын белгіледі. Сөйтіп, қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай
табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша айналысы өндіріс құрал-
жабдықтарын бөлуді көрсетті;

— ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде
директивалық заңдармен реттеледі;

— ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті;

— ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте
шоғырланып, оған мембанк бақылау жүргізді;

— қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мембанк
монополды құқықпен шығарды;

— мемлекеттік жүйелер алдын – ала өнімге баға белгілеумен және
көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданады. КСРО негізінде
құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс –
шараларынан кейін ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда болды.
Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер:

— ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет
жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлігін қамтиды;

— қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату
жойылды;

— ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке
тұлғалардың жоспарлы болжауының жоспарлы болжауының объектісі болып
табылады;

ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
—ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған,
яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған;

— қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз
байланыста жүреді;

— қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес
ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады;

Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде
үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша
айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі айналымда тек қана ақша
жүреді.

Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың
құны айналымда жүрді. Себебі, металл монетаның өз құны өзінде көрсетілген
(номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының ақша құнының қозғалысы
тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар
айналымы мен ақша айналымын біріктірді. Қазіргі кездегі ақша айналымын құн
айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп — қолма –қол ақша және қолма-қол
емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен,
тіпті жоқ деуге болады. Демек, қазір құн айналымы деп – тек тауар айналымын
айтуға толық негіз бар.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі-ақша нарығының жалпы
жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық
мөлшерлеме болып табылады және ол айланыс мерзімі алты айлық вексельдерді
қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері-жылдық
пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздар мен операциялар жүргізуде
қолданылады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесінен ауытқу жағдайында ақшалай
қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолы мен РЕПО нарығындағы сыйақы
мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын
болдырмау.

Овернайт заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі-Ұлттық банктің екінші
деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Ұлттық банктегі корреспонденттік
шоттары бойынша есеп айырсуды дебеттік қалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Пәндер