Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығы және ҚР айналымы

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І . Бағалы қағаздар туралы түсінік және олардың түрлері.

1. 1 Бағалы қағаздар туралы түсінік . . . 4-6

1. 2 Бағалы қағаздардың түрлері . . . 6-11

1. 3. Бағалы қағаздарды эмиссиялап, айналысқа түсіру және қалыптасуы . . . 11-14

ІІ. Бағалы қағаздар нарығының мәні, пайда болуы және қалыптастырудың міндеттері мен принциптері.

2. 1 Бағалы қағаздар нарығы: мәні, негізгі белгісі және оның қатысушылары . . . 14-17

2. 2 Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы . . . 17-18

2. 3 Бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың міндеттері мен принциптері . . . 18-20

ІІІ . Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту перспективалары.

3. 1 Қазақстанда бағалы қағаздарды дамыту . . . 21-22

3. 2 Бағалы қағаздар нарығын реттеу . . . 22-24

3. 3 Отандық бағалы қағаздар нарығын дамытудағы шетелдік тәжірибелері . . . 24-26

Қорытынды . . . 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 28

Қосымшалар

Кіріспе

Нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған, экономикалық реформаларды өткізу шартында біздің елімізде әр түрлі меншік формалары қалыптасты. Мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік түрлері де пайда болды: акционерлік қоғамдар, нақты кооперативтік меншік, әр түрлі серіктестіктер, арендалық кәсіпорындар, муниципалдық түрдегі меншіктер және тағы басқалары. Пайда болған жеке меншік формалары ішінде, отандық экономиканы дамытуға бағытталған біріккен кәсіпорындар да белгілі болды. Акционерлік қоғам өзінің жарғылық капиталын көбейту мақсатында бағалы қағаздар шығарады. Яғни олар акциялар және облигациялар түрінде болуы мүмкін. Осындай негізде құрылған акционерлік қоғамдар өздерінің жарғылық капиталына қосымша кіріс алу мақсатында өздерінің бағалы қағаздарын эмиссиялайды. Ал оның пайдасы акционерлер арасында келісім бойынша белгіленген мөлшерде бөлініп отырады.

Берілген курстық жұмыстың тақырыбы «Бағалы қағаздар және олардың негізгі түрлері» деп аталады. Бағалы қағаздар- ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін “символы” деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан - жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыс 3 тарау, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында, бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері, айналысқа түсіру және қалыптасуы қарастырылды. Екінші тарауда бағалы қағаздар нарығы және оның мәні, пайда болуы, міндеттері мен принциптері қарастырылды. Үшінші тарауда бағалы қағаздар нарығын реттеу мен оларды дамыту туралы, отандық бағалы қағаздар нарығын дамытудағы шетелдік тәжірибелер туралы баяндалады.

Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттері мен мерзімдік басылымдар, ҚР Азаматтық кодекс баптары пайдаланылды.

І . Бағалы қағаздар туралы түсінік және олардың түрлері.

1. 1 Бағалы қағаздар туралы түсінік

Бағалы қағаздар - іс иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал ролін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді. Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар - бұл меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Азаматтық құқықтық объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:

-бағалы қағаз - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландыратын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

-бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады.

-бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық, бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссаментқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкінің болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді) .

Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индосантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индосаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды. (АК-тің 132 бабы) .

Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез-келген құжаттың бағалы қағаз болмайтыныны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы құқығын алады.

Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі,, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизитерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушінің талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.

Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, консамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөлінеді. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнұсқасы болады, ал түпнұсқасын ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек, ұсынбалы бағалы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады. (мысалы, облигация)

Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже боцынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі юолып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.

Сонымен бірге мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту мақсатында ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизімі жасалған.

Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап береді (“Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы” Заңның 96-бабын қараңыз) . Ордерлік қағаздың иесі айырылып қалған құжаты кімнің қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы. Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұндай қағазды жоғалтқанда оның орындалуына да уміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама данасын беруге болмайды.

Атаулы бағалы қағаз - бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.

Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар рыногының дамуы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға- акциялар, облигациялар, векселдер ақша чектері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады.

1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол - кредиттік ақшалардың түрі) . Бірақ басқа жағынан ақша сатып алу - сату процестеріне тартылғандықтан вексельді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель - қарызгер несиегерге беретін және несиегерге қарызгерден белгіленген мерзімде вексельде көрсетілген соманы талап етуіне құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельдермен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес вексельдер көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.

1. 2 Бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар-бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнде жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т. б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. ҚР Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз- бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

Бағалы қағаздар нарық субъектілерінің қажетттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаз арқылы субъектілер ақша- қаражаттарға деген сұранысын, ал осы құралдарға инвестициялаған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауға бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.

Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, векселдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. [№1 қосымша]

Негізінде акционерлік қоғам өзінің жарғылық капиталын көбейту мақсатында бағалы қағаздар шығарады. Яғни олар акциялар және облигациялар түрінде болуы мүмкін.

Акция - үлесті немесе меншікті құнды қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлігінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ, осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өгреруі мүмкін. Акционердің акцияны шығаратын компанияға қайтаруға құқығы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықты сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайда болады:

  1. Меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
  2. Бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
  3. Жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.

Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде айналымдағы капитал және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта, өз ойынша пайдалана алады.

Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі. Акция компанияның акционерлік алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайтып сатып алатын құқы бар. Бірақ, бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықта айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетіннашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті меншік нысанын білдіретін қағаз.

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші адам акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталшысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісімшарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамның өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайтк үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуді қызмет етеді.

Әдетте АҚ резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп жинақталған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл АҚ жақын арада құлдырауын білдіреді. Акцияны иеленушілер аз дивидент әкелетін акциядан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай ғана қағазға айналады.

Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияның номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негінде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі:

Рендит=Дивидент*100/Сатып алу бағасы

Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойынша сатып алынса және өз бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей болады:

10*100/250=4%

Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акияны сату, ол акция бойынша біршама табысты қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт- бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді. Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент мөлшері қаншалықты жоғары болса, соғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді. Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырылады. Банктегі пайыз деңгейі - акция бағамының жоғарылауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше.

Демек, акция бағамының формуласын төмендегіше анықтайды:

Акция бағамы= Дивидент*100/ Қарыздық пайыз.

Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция - бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады.

Акциялар жай және артықшылықты акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін үшін әртүрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды көрсетеді.

Сондай-ақ, АҚ облигация түріндегі бағалы қағаздарды да шығару құқына ие. Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді.

Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйықты төлеуді міндеттеген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қайшы келеді. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.

Облигация шығару-қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан, оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілділік эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Облигация иемденуші корпорацияға несие беруші болып есептелінеді. Ал, облигация корпорацияны несиелендірушінің куәлігі. Облигация иесінің дауыс беру құқығы жоқ. Ол акционерлер жиналысында, сонымен қатар корпорация басқаруға да қатыспайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Туынды бағалы қағаздар
Бағалы қағаздардың жіктелуін зерттеу
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері
Азаматтық құқық объект жүйесіндегі бағалы қағаздар
Ордерлік бағалы қағаздар
Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Қаржы (қор) нарығын зерттеудің теориялық негізі
ВЕКСЕЛЬДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz