Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары



Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор.
Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі.
Махамбет – қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған наркескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Жалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі.
Махамбеттің жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы.
Ерегескен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Аңдамаған жалынана шарпылады. Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ұлынан қаймықпау да, «бас кесермін, жасырман» деп, қасқая қарап тұру кез келгеннің

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісұлының
педагогикалық көзқарастары

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық
құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: ... Махамбет бұрынғы, соңғы
қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет
жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз
тілі, өз арман талабы. Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген
әділ баға деп білуіміз керек.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген
ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі,
қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық
мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік
университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық
мәні орасан зор.
Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО
көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі.
Махамбет – қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас
қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен
жігерінен жаралған наркескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен
Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Жалкиіз,
Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке
ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі.
Махамбеттің жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы.
Ерегескен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға
еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Аңдамаған жалынана шарпылады.
Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық
ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ұлынан қаймықпау да, бас
кесермін, жасырман деп, қасқая қарап тұру кез келгеннің қолынан келе қояр
ма екен?
Махамбет ел, халық жүрегінен мәңгілікке орын тапты. Оның жырлары
елдің рухын көтеретін, ерлікке, елдікке бастайтын ұран іспетті. Сондықтан
да болар халқымыз Махамбеттің есімін де, отты жырларын да қатты қастерлеп,
ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп отырды.
Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві – жас
ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның
шығармаларындағы айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі
педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелерімен үндесіп жатыр.
Ескі идеология, тарихнама, әдіснама бойынша тарихтағы жеке тұлғалардың ролі
дұрыс бағаланбады, бұрмаланып біржақты түсіндірілді. Әсіресе, тарихи
тұлғалардың алатын орнын, еңбектерін бағалауда ескі идеологияға негізделген
көзқарасқа, әдіснамаға сүйенілді. Ел билеген хандар мен билерді, қолына
қару алып елін қорғаған батырларды еліне білім мен ғылымның нәрін себуде
ерекше еңбек сіңірген ойшылдарды, атап айтқанда, Махамбет, Исатай, Жәңгір
Ханның тарихтағы орны, еңбектері біржақты бұрм аланып бағаланды.
Тек ғана соңғы жылдары тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан
егемендігіміздің нәтижесінде Махамбет сынды алыптарымыздың еңбектерін
жаңаша зерделеуге мүмкіншілік туды. Бабамыздың мұрасы көп жылдар ескерусіз
келді.
Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан
салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық,
экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының
жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруда
алатын орны ерекше.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске
шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше.
Өлең-тәрбие құралы. Көне заманнан бері халықымыз тәрбие құралы
ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен
терме, баталарды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді,
ырым-тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып
отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды
Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты
құралы - өршіл жырлары болды.
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты
көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш
салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас
исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісұлы жайында
Махамбеттің күй мәдениеті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбеттің әдеби дүниетанымы
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Пәндер