Қырым соғысының басталуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3-6

1 Қырым соғысына дейінгі халықаралық жағдай . . . 7

1. 1 Ұлы державалардың позициялары . . . 7-11

1. 2 Соғыстың дипломатиялық дайындалуы. Меньшиковтың миссиясы . . . 11-13

2 Қырым соғысының басталуы . . . 14

2. 1 Соғыстың басталу себептері мен алғышарттары . . . 14-16

2. 2 Дунай, Қара теңіз бен Кавказдағы орыс - түрік қақтығыстары(1853-1854 жж. ) . . . 16-17

2. 3 Қырым соғысының жаңа кезеңі. Англия мен Францияның соғысқа араласуы . . . 17-21

2. 4 Осы оқиғалар кезіндегі халықаралық жағдай . . . 21-25

3 Қырым соғысының аяқталуы. Париж бейбіт келісімі . . . 26-29

Қорытынды . . . 30-31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 32

Қосымша . . . 33-39

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық тарихында алатын орны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.

Соғыстың басталуы, өріс алуы мен ақталуы жөнінде айтар алдында соғыс қандай дипломатиялық жағдайда туғаны жөнінде, Батыс Еуропа мен Ресейдің бұл мәселеге қандай көзқараста болғаны және қандай мақсат ұстағаны жайлы айтып кету керек деп ойлаймын. Бұл кіріспеде, негізгі бөлімде қарастырылып өткен мәселелерге және Қырым соғысын зерттеген тарихшылар, ғалымдардың еңбектеріне қысқаша шолу жасалады.

Осы курстық жұмысты жазу барысында, Қырым соғысы жылдарындағы Еуропа елдерінің дипломатиялық қатынастар және Париж келісімі бойынша көптеген мағлұмат алдым. 1848 жылғы революция басылғаннан кейін Еуропаның халықаралық істерінде алғашқы орындардың біріне Шығыс мәселесі шықты. Туындап келе жатқан қақтығыстың негізінде Таяу Шығыста билік жүргізуге таласқан ірі держевалар арасындағы күрес жатты. Бір жағынан бұл билікке патшалық Ресей, екінші жағынан Англия мен Франция таласты. 1849жылы Түркияға тағылған Венгер эмигранттарын қайтару туралы дау-жанжал Шығыс мәселесіне байланысты қақтығыстың дамуының алғы шарты болды. 1853-1856 жж. Қырым соғысының халықаралық тарихында алатын орны ерекше. Қырым соғысы Осман империясы мен Ресейдің дамуына, тарихына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғалардың бірі.

Негізінен Қырым соғысының себепші болған орыс патшасы - Николай I екені сөзсіз. Патша соғысты өзі бастап, өз елінің даму жағынан артта қалғандықта, дипломатияда, мемлекеттік басқаруда және әскери ұйымдастырудың әлсіздігіне байланысты өзі-ақ соіста жеңілген еді. Алайда соғыс тек патшалық Ресей жағынан агрессивті болған жоқ, өйткені Қырым соғысы Англия мен Францияның жаулап алушылық жоспарларының, державалардың нағыз саяси келбеттерінің ашылған кезі еді. Дегенмен, бұл елдердің ағылшындық А. Кинглек және француз К. Базанкур сияқты тарихшылары Англия мен Франция Қырым соғысына Түркияны Ресейдің шабуылдарынан қорғау мақсатымен енгені жайлы жазуда. Ал орыс зерттеушілердің айтуынша екі держава да Түркияға көмектескенде кейін бұл елдің есебінен өзің марапаттау үшін, Ресейді Жерорта теңізінен ығыстыру арқылы бұл аймақта ықпалдарын кеңейтуге тырысы, өз қолдарына Түркияның экономикасын, мемлекеттік қаржысын алғысы келген деп жазуда. Бірақ екінші жағынан мүмкін державалар шынымен әлемде тепе-теңдік сақтау мақсатымен Түркияны қорғағысы келген шығар.

Түрік империясының әлсіз жақтары байқалған сайын екі жақты да қорқыныш билеп алатын болды. 1953жылы Еуропа тарихының жаңа парағын ашқан дипломатиялық тарих басталды. Арада 5-күн өткенде Николай патша Аглия премьер-министрі Сеймурды өзіне шақырған. Екінші кездесу 14-ші қаңтарда, үшіншісі - 20ақпанда, төртіншісі әрі соңғысы 21-ші ақпанда болды. Бұл кездесулердің мақсаты анық еді: патша Англияға Арабия, Месопотомия және Кіші Азияны қосатын Түркияны өзара бөліп алуды ұсынды. А. С. Меншиков Түркияға төтенше және өкілетті өкім ретінде патша болып тағайындалды. Меншиковке ресми түрде «киелі жерлер» туралы дау-жанжалды біржолата шешуін тапсырды [1, 438] .

Пруссияда жағдай өзгеше болды. Түркияның құлау мүмкіндігі Пруссияның өмірлік қызығушылықтарына сай келмеді. Пруссия антиресейлік көзқарас ұстануы керек дегенге келетін. Австрия неғұрлым әлсіз болса, бұл Пруссия соғұрлым қолайлырақ еді. «Орыс» партиясын корольдің досы генерал Мопольд Фон Генрих басқарды. Оның артынан аристократтардың барлығы мен дворяндардың көпшілігі ерді.

Австрия империясының министр президенті - Буоль Венадағы кездесуге шақырылған Англия мен Францияның елшілеріне ұсынған нотаның жобасын жасап шықты. 1854жылы 31-ші қаңтарда Орлов Австрия императорына мынадай ұсыныс жолдады. Ресейдің батыс державаларымен басталғалы тұрған соғысында Австрия бейбіт ел Ресейге бейтараптылығын жариялайды. Бұл үшін патша Австрия иеліктерін қорғап, сақтауға және Пруссияны, артынан бүкіл герман одағының да солай ететініне кепілдік берді. Ресей жеңіске ие болып Түркия құлаған жағдайда Ресей мен Австрия тең құқылы түрде Сербия, Болгария, Молдавия және Валахияға өз протекторатын жариялай алады.

1854 жылы ақпанның аяғында дипломатиялық қатынастарды үзіп Англия адмиралы Сеймур Пруссияны Ресеймен соғысқа кіргізуге талпыныс жасады. Алайда IV Фридрих Вилгельм: «Мен Дунайда өтуге тиіс қақтығыстар Шығыс Пруссияда болғанын қаламаймын», - деп жауап берді және Пруссия шекарасында 200 мыңдық әскер тұрғанын да айтты. Англия үшін орыс әскерінің бір бөлігі болса да оңтүстіктегі құрылғаны өте маңызды еді.

ХIХ ғасырдың аяғына жақын көріп отырғанымыздай АҚШ аграрлы елден жоғарғы дамыған индустральды - аграрлы елге айналды. 1894 жылғы АҚШ-тағы өнімнің объемі бүкіл Еуропалық елдердегі өнімнің жартысына тең болды. Және де Ұлыбританияның өнімінен екі есе жоғары болды. АҚШ трестер мен монополиялордың классикалық еліне айналды. ХIХ ғасырдың аяғында Батыстың кең кеңістігі мен бұрынғы Мексика територияларын жаулап алу аяқталды. Бұл територияларды игеру процесі өте тез жүрді. Ішкі нарықтың белгілі бір деңгейде кеңейгеніне қарамастан, ол еңбекші халықтың көбеюінің нәтижесінде ауылшаруашылығы мен өнеркәсіп өнімінің өсуін білдіре алмады. ХIХ ғасырдың соңындағы маңызды дипломатиялық жаңалығы-Латын Америка істеріндегі АҚШ-тың монопольды жағдайға жетуінің анықталуы болды. Мұнда шекара жөніндегі ағылшын және Венесуэль сөз таластыруы болды. Бұл талас Ұлыбританияның 1814 жылы өкіметіне АҚШ-тың Монро доктринасының негізінде өздерінің оңтүстік көршілері үшін жауапты екендігін мәлімдеді. АҚШ өкіметі қуанышпен таластағы сұрақтарды реттеуге өз қызметтерін ұсынды. Соңында 1888 жылы конгрестің екі палатасы да мұндай конференцияның шақырылу сұрағын шешкен заң жобасын қабылдады. АҚШ өзіне жақын орналасқан елдердегі басқа еуропа мемлекеттерінің ықпалының аздығын шебер пайдалана білген, АҚШ бұл елде протекторат қатынастарын дамыта отырып, Америка монополиясының ықпалының орнығуына барынша жағдай жасады. Бұл әсіресе, Куба, Панама, Доминикан республикасына қатысты болды.

Міне, осыдан Қырым соғысы және сол кезеңдегі халықаралық жағдай атты тақырыптың өзектілігін көре аламыз, яғни Қырым соғысы жайлы екі жақты көзқарастардың бар болуы, басқаша айтқанда шетел тарихшылары Қырым соғысын бір жолмен баяндаса, орыс ғалымдары алғашқылардың тарихын жоққа шығарып, соғысты өзге жолмен баяндап, Қырым соғысының тарихы жайлы сәйкессіздік туған еді. Осы себептен мен бұл тақырыпты тандап, деректер мен әдебиеттерді бір-бірімен салыстыра отырып, сраптама арқылы Қырым соғысы атты тақырыпты ашуға тырыстым.

Негізінен Қырым соғысы тарихи жағынан жан-жақты зерттелген және бұл оқиға жайында шетел және отандық тарихшылармен көптеген зерттеулер, ғылыми жұмыстар жазылған. Енді өз жұмысымның тарихнамасына сараптама жасайтын болсақ, нақты сол кезде қалыптасқан жағдайды құжаттар мен оқиғаның куәгері болған адамдардың естеліктері арқылы ғана анықтай алатынымызға байланысты болғандықтан біріншіден, деректерге көңіл бөлейік. Бұл жұмыста Н. Г. Чернышевскийдің «Рассказ о Крымской войне по Кинглеку» атты дерек пайдалынылған. Чернышевский Қырым соғысының бұрмалап жазған Кинглек пен Базанкурдың тарихын жоққа шығарып, Англия мен Францияның саясаттары халыққа қарсы, реакциялық сипатта болғандығын аша отырып, өз түсіндірмесін жасаған ғалым еді. Сондай-ақ, Мартенстың «Собрание трактатов и конвенций, заключенных Россией с другими иностранными державами», «Сборник договоров Росии с другими государствами 1856-1917гг. » атты деректердің де бұл жұмыс үшін маңызы зор.

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі мен зерттелу деңгейі. Жоғарыда айтылып өткендей Қырым соғысы жайлы көптеген әдебиеттер бар. Мысалы: Е. В. Тарленің, А. Н. Лагоевтың және Л. Горевтың еңбектерінде көптеген маңызды мәселелер - сол кездің халықаралық жағдайға, державалардың позицияларын, дипломатиялық қарым-қатынастар ерекшелігі жайлы, орыс әскерлерінің сәтсіздіктерінің себептеріжіне т. б. сұрақтарға хабар беріледі. Солардың ішінде ерекше көңіл бөлетіндей Тарленің Қырым соғысы жайында монографиясы бүгінгі күнге шейін Қырым соғысы туралы ең толық ғылыми зерттеу болып табылады.

Н. А. Дулина, И. Е. Петросян, И. Л. Фадеевтың еңбектері Қырым соғсының тылындағы Англияның Түркияға ықпал етілуі қарастырылса, Н. С. Киняпина - соғыстағы Ресей саясатын қарастырады, В. А. Георгиева - бұғаздар мәселесін зерттеген, ал Х. М. Ибрагимбейли - Қырым соғысындағы Кавказ және халықаралық қатынастар тақырыбын ашқан еді, сонымен қатар В. И. Шеремет - Осман империясы мен Батыс державалардың Қырым соғысында қарым-қатынасынқарастырған. Ал Л. В. Бестужев, В. А. Дивин мен Н. И. Казаков Қырым соғысын тарихнамалық жолмен зерттеген ғалымдар. Сондай-ақ бұл жұмыстың жазылуына А. Д. Новичевтың «История Турции» зерттеуі және де «История дипломатии» атты еңбектің I томы маңызды болған еді.

Жұмыста тақарыбымызға қатысты зерттеулер жүргізген тарихшылар мен саясаткерлердің ғалымдардың еңбектерін шама-шарқымызша қарастыра отырып соған орай кеңінен ақпарат беруге тырыстық.

Курстық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты. Курстық жұмыстағы жалпы тарихи-салыстырмалық, тарихи-жүйелеу әдістері пайдаланылды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, сондай-ақ, тарих және философияның іргелі тұжырымдары басшылыққа алынды. Тарихи оқиғаларды баяндау кезінде саяси және логикалық бірліктің айқындамасына сүйеніп, саяси-тарихи процестерді қарастыруда зерттеу жұмысында сыннан өткен диалектикалық амал қолданылды.

Жұмыстың мақсаты. 1853-1856 жж. Аралығында Қырым соғысының басталуы мен сол кездегі соғыстың мәнің ашу, және сол уақыттағы халықаралық жағдайын қарастыру болды. Осы мақсаттарды орындау барысында курс жұмысыма мынадай міндеттер қойдым:

- 1853-1856 жылдар арасында болған соғыстың мәнің ашу;

- Қырым соғысында болған халықаралық жағдайды көрсету;

- 1853-1856 жылдар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың мәнің көрсету.

Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, негізгі бөлімі үшін тараудан және әр тарау сәйкесінше бірнеше тармақтарға бөлінген. Бірінші тарауда Қырым соғысына дейінгі халықаралық жағдай және бұл мәселеге қатысты елдердің позициялары қарастырылады. Екінші тарауда соғыстың басталу, оның себептері, соғыстың жүрісі және Еуропалық державалардың соғысқа кіріп, соғыстың жаңа сипатқа ие болғаны қарастырылса, үшінші тарауда соғыстың аяқталуы мен Париж конгресінің нәтижелері қарастырылған. Негізінен Қырым соғысы тарихи және дипломатиялық жағынан өте қызықты оқиға.

1 Қырым соғысына дейінгі халықаралық жағдай

1. 1 Ұлы державалардың позициялары

1853-1856 жж. Еуропалық елдердің дамуына үлкен әсер еткен XIX ғасырдың маңызды халықаралық оқиғасы, Қырым соғысы бірден туа салған жоқ. Батыс державалар арасындағы қарама-қайшылықтар, ең бірінші Англия мен Ресей арасындағы XIX ғасыр бойы созылып келе жатқан жанжалдар, әсіресе 30-50-ші жылдардағы әскери қақтығыс қауіпі соғыстың басталуына әсер еткен. Бұл жанжалдар ішінде 1831-1841 жж. шығыс мәселесін аяқтаған конвенциялар, әсіресе 1841 жылғы бұғаздар жайлы конвенциялар болған. Негізінен 1841 жылы 13 шілде күні Англия, Франция, Ресей, Австрия, Пруссия бұғаздар жайлы конвенцияға қол қойды. Конвенция бойынша Ресейге үлкен артықшылықтар беретін, яғни тек қана орыс әскери кемелердің Босфор және Дарданелл бұғаздарынан өту артықшылығы жайлы 1833 жылғы Ункяр-Искелес келісімінің жойылуына байланысты Англия үлкен саяси сәттілікке жетті. 1841 жылғы конвенция Ресейдің бұғаздардан еркін өту құқығынан айырғандықтан, Ресей үшін конвенция сәтсіз болып саналды. Басқа сөзбен айтқанда, Ресейдің оңтүстік әскери флоты Қара теңізде қамалынып қалды және Ресей жағалауларына теңіз державалардың күшті флоттары жағынан, әсіресе Англия және Франциядан шабуыл жасау қаупі өсті. Сөйтіп, бұғаздар жайлы конвенция шығыс мәселесін шешпей, керісінше Ресей мен Англия арасында қарама-қайшылықтарды жандандырды. Уақыт барысы бойынша Осман империясымен байланысты қатынастар да қиындап кетті. Таяу Шығысқа қызығушылық танытатын Англия, Ресей, Австрия, Франция сияқты төрт ұлы державалар ішінде Осман империясының өміріне үлкен әсер еткен Англия мен Ресейді, әрине, Франция мен Австрияның Англияның одақтастары ретінде Қырым соғысында алатын орны ерекше.

Ең терең экономикалық та, саяси да қайшылықтар Англия мен Ресей арасында орын алған. Екі ұлы держава әртүрлі себептерге байланысты территориялық экспансияға ұмтылған. Әр елге жеке келетін болсақ, ХІХ ғасырдың орта шебінде Ресей Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда экономикалық және саяси жағынан артта қалған феодалды-крепостнойлық ел болған. Ресейдің ішкі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы елдің сыртқы саясатын айқындап отырды. Егер бір жағынан Ресей "Қасиетті Одақ" негіздеріне байланысты революциялық қозғалыстарды тек өз жерлерінде ғана емес, басқа да одақтастардың территориясында басып жою үшін күш аямаса, екінші жағынан тауар-ақша қатынастардың дамуына байланысты Ресейдің дүниежүзілік нарыққа деген тәуелділігі арта бергендіктен, Ресей жаңа нарық үшін ұлы державалармен белсенді күресе бастады. Сөйтіп, мақсаттарына жету үшін, нарықты кеңейту үшін, Ресей ұлт-азаттық көтерілістерді қолдап отырды. Ресейдің ең үлкен бәсекелес елі - Англия еді.

Англия, Үндістан, Қытай жерлерінде отарлау саясатын жүргізіп, Таяу Шығыс, Кавказ, Закавказьеге қызыққан әлемде экономикалық жағынан ең күшті дамыған ел. Англияның негізгі мақсаттары: сауда үшін нарықты кеңейту, бәсекелестік қауіп төнген жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаңа шикізат қорларын - отарларды өзіне қосу еді.

Франция Англияны отарлық - сауда экспансия жағынан қуып жетуге тырысқан. Ғасырлар бойы Франция Осман империясымен саяси және экономикалық байланыста болды. Алайда 1789-1794 жылдардағы революциядан кейін және Наполеон I және Александр 1-ның Тильзиттегі қастандығының нәтижесінде Францияның Түркиядағы беделдігі, ықпалы төмеңдеді. Осыған орай Францияның басты мақсаты: өз беделін көтеру, Англияның Түркияда ықпалының артуын болдырмау.

Ал Австрия үшін Ресейдің әлсіреуі өзінің Балқанда позицияларының күшеюі деген сөз еді. Ресейге агрессиялықпен қараған Пруссия Ресейді Прибалтикадан ығыстыруды армандады, ал Швеция 1808-1809 жж. Орыс - швед соғысынан кейін Ресей қол астына өткен Финляндияны қайтарғысы келді. Жоғарыда айтылып өткен ұлы державалардың мақсаттары, саясаттары жанжал орталығы - Шығыс мәселесі, яғни Осман империясына ықпал ету аймақ мәселесі төңірегінде шоғырланды.

Николай I жас кезінен-ақ Осман империясын жойып жіберуге немесе толығымен өзінің ықпалына алуды мақсат еткен. Тіпті ол соңғысына Адрианополь және Ункяр - Искелес келісімдері арқылы қол жеткізгендей болды. Алайда Николай I-нің осындай саяси жеңістері Еуропа державаларының үрейін туғызып, олар бірлесе 1841 жылы Түркияның тәуелсіздігін қорғауды дұрыс деп шешкен. Осылай Түркия үшін жан-жағынан, әсіресе ұлы державалар жағынан қауіп төне бастады. Бұл жағдайда Түркия үшін ең тиімді жол өз күшімен, реформалар арқылы мемлекеттік құрылысты нығайту еді. Дегенмен, алғашында Рашид-паша бастауымен 1839 жылы жаңа сұлтан Абдул - Меджид "Гюльханейлік хатти - шерифты" жария етіп, салық жүйесін, әскери қызметті жаңартып, сот, аймақтық кеңестер ұйымдастыру арқылы белгілі табыстарға жеткен еді. Осындай жолмен өзгеріп келе Түркия бірнеше жыл ішінде күшейіп, кез-келген ұлы державаға жалғыз өзі-ақ тұра алар еді. Сондықтан Николай I Түркияға уақыт та, мүмкіндік те бергісі келмей, ішкі істерге араласа бастады, оның негізгі қаруы Осман империясындағы христиандар және оларды қорғау ниеті. Сонымен қатар, сол кездің өзінде-ақ Англия мен Францияның капиталдары Түркияға еніп, державалардың бұл аймақта күшейгені байқалған. Экономикалық жағынан артта қалып, бұл жол арқылы Таяу Шығыстан Англия мен Францияны ығыстыра алмайтындығын түсінген Николай I XIX ғасырдың 30-40 жж. Түркияны Англиямен ықпал ету аймақтарына бөлуді ұсынған. 1853 жылы 9 қаңтар күн Елена Павловна, ұлы княгиняның кешінде Николай I Гамильтон Сеймурмен Түркияны бөлу жайлы алғаш рет әңгіме бастайды. Бұл әңгімені 1853-1856 жж. Қырым соғысының саяси тарихының басталуы деп те айтуға болады. Патша Түркия - "ауру адам" екендігін белгілеп өтеді. Николай I, егер Ресей мен Англия ортақ келісімге келетін болса, басқалар не істейтіндігі ол үшін бәрібір екендігін, Константинопольге ешбір ел енбейтіндігін, тіпті Ресейдің өзі қожайын емес, уақытша күзетші болатындығын, ал егер де Молдавия, Валахия, Сербия, Болгария, Ресей протекторатына өтсе, Ресей Англияға Египет пен Крит аралының өтуіне қарсы болмайтындығын айтып өткен [2, 246] .

Бес күн өтісімен Сеймур Николай І-мен алғашқы әңгімеде айтылып өткен мәселені талқылау үшін шақырылады. 14 қаңтар күні - екінші, 20 ақпан күні - үшінші, 21 ақпан күні - соңғы және төртінші сұхбаттар өтеді. Негізгі мәні: Түркияны өзара бөлу мәселесі еді.

1853 жылы 9 ақпан күні Лонданнан Ресей үшін жағымсыз жауап келді, яғни ағылшын үкіметі патшаның ұсынысын қабылдамады.

Бұл жауаптың негізгі себебі: Англия Ресейдің Шығыстағы саясатына сенбеушілікпен қарады және патшаның Осман империясы жақын арада құлайтыны жөнінде көзқарасын қолдамай, патшаның Костантинопольды уақытша болса да иемденуіне қарсы болған. Сондай-ақ, Англия мен Ресей арасындағы келісімдер Франция мен Австрияның күдіктерін тудырғызып, ал бұл сәйкесінше елдердің арасындағы қарым-қатынастардың нашарлауына әкелер еді.

Англияның қарсы жауабынан кейін патша алдында екі жол тұрған: Біріншісі жоспарын кейінгіге қалдыру болса, екіншісі жалғыз жауға қарсы шығу.

Егер Австрия мен Франция Англияны қолдап, оның жағына шығатын болса, Ресей бірінші жолды талдар еді, ал кері жағдайда одақтастарсыз Англия Ресейге қарсы шықпайтындығын түсінген патша екінші жол таңдап, жалғыз жауға аттанар еді. Соңында патша екінші жолды тандады.

Бұл жолды қалауда және 1853 жылғы Николай I-нің Англияға деген ұсынысында үш үлкен қателіктер байқалды:

Біріншіден, патша 1848-1851 жж. төңкерістерден кейін Франция әлсіз болғандықтан және жаңа император қауіпсіздігімен тәуекел етпейтіндігіне сенген патша Францияны бірден ойыннан шығарып жіберді.

Екіншіден, ағылшын елшісі Сеймурдың Австрия жөнінде сұрағына Николай I Австрия менімен біртектес және ол қарсылық көрсетпейді деп жауап берді. Бұл ел де алдын ала ойыннан шығарылып жіберілген.

Үшіншіден, патша оның ұсынысы Англиямен қалай қабылданатынын дұрыс елестете алмады, өйткені ағылшын ханшасы Викторияның Николай І-ге деген жылы ниеті және қарым-қатынасы патшаның ойын үнемі шатастырған. Тіпті өмірінің соңына дейін патша ағылшын дипломатиясын, конституциялық теориясын және тәжірибесін түсінбеген.

Осындай қате жолды тандаудың негізгі себебі: Ресейдің сол кезде қызмет етіп жүрген елшілердің, Кисилев (Париж), Бруннов (Лондон), Мейендорфтың (Вена), патшаға қалыптасқан жағдайды дұрыс түсіндірмеуі, тарихи факттарды бұрмалап, не көргенін емес, патша не көргісі келетінін баяндамаларында жазғандықтары.

Луи-Наполеонмен "қасиетті жерлер" жайлы жанжалдың пайда болуы патшаның қалыптасқан жағдайға байланысты сәлде болса да көзін ашты. Көптеген ғасырлар бойы Франция мен Осман империясы тығыз саяси және экономикалық қарым-қатынаста еді. Алайда Ресейге қарсы бағытталған провокация негізінде Луи-Наполеон "қасиетті жерлер" мәселесіне Ресейге бәсекелес ретінде араласа бастады. Негізінен бұл мәселе 1850 жылы пайда болып, 1851 жылы күшейіп, ал 1852 жылы әлсіреп, дегенмен, 1853 жылы жаңа күшімен тарихқа енген оқиға.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫРЫМ СОҒЫСЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
Ресейдегі тарихи оқиғалардың қысқаша жылнамасы
Интервенцияның себептері және басталуы
Екінші дүниежүзілік соғыс. «Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесі
Шетел интервенциясы мен азамат соғысының басталуы
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Соғыстың басталуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz