Маргарет Тэтчер - Билікке жету жолы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Е. А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

Бүкіл әлем тарихы және

халықаралық қатынастар

кафедрасы

М. Тэтчер және британдық неоконсерватизм(тэтчеризм)

(курстық жұмыс)

Орындаған: МО-1 п/я тобының студенті

Рақымова И. Т.

Тексерген: аға оқытушы Аймахов Е. Н.

ҚАРАҒАНДЫ - 2014

Жоспар

Кіріспе . . . 3-6

1 Маргарет Тэтчер - «Билікке жету жолы» . . . 7-13

1. 1 Парламентке жетудегі өмір жолы . . . 7-10

1. 2 Қатардағы парламентариядан премьер-министрге дейін . . . 10-14

2 М. Тэтчер әкімшілігінің ішкі саясаты және оның жетістіктері мен кемшіліктері . . . 15-25

2. 1 Ұстанған «меншіккерлер демократиясы» (монетаризм) . . . 15-17

2. 2 Антиколлективизм мен посткорпоративизм . . . 17-20

2. 3 Әлеуметтік саясат төңірегіндегі білім, денсаулық сақтау, тұрғын-үй мәселелері . . . 20-22

2. 4 Тэтчерлік онжылдықтың соңғы кезеңіндегі реформалар . . . 22-25

3 М. Тэтчер әкімшілігінің сыртқы саясаты . . . 26-34

3. 1 Фолкленд аралдары үшін соғыс (1982) . . . 26-29

3. 2 М. С. Горбачев кезеңіндегі КСРО-мен қарым-қатынастары . . . 29-31

3. 3 «Қырғи қабақ соғысының» аяқталуы . . . 31-34

Қорытынды . . . 35-36

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 37

Қосымша . . . 38-49

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. «Неоконсерватизм» ұғымы XX-ғасырдың 70-жылдарының II-жартысындағы Батыс Еуропа және АҚШ елдерінде алдыңғы қатарға шыға бастады. Мұның тарихи алғышарттары ретінде Н. М. Степанова өзінің «Британский неоконсерватизм и трудящиеся» атты еңбегінде әлемдік деңгейде капитализм дағдарысын және социализм мен ұлт-азаттық қозғалыстардың орындарының халықаралық аренада күшеюі деп санайды [1, 3] . Ал бұл бағыттың кезіндегі XVIII-XIX ғғ. қалыптасқан консерватизм ұғымының жалғасы, жаңа көрінісі болып табылатындықтан, бірінші кезекте «консерватизм» түсінігіне анықтама беруіміз орынды болады. «Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша қолданылатын терминдер мен ғылыми ұғымдар түсінігі» атты терминологиялық сөздікте: «Консерватизм - модернизация үрдісінің саяси-әлеуметтік, экономикалық салдарына феодалдық қоғамның элиталық әлеуметтік топтарының кертартпалық мағынада әсерінен туған идеологиялық ілім» ретінде көрсетілетін болса, «Неоконсерватизм деп - либертарлық дәстүрден бастау алып, бірақ нақтылы саяси негізі бар күрделі ілімдер мен принциптердің жиынтығы» деген түсініктеме беріледі [2, 36-52] . Ал Британияда өзіндік көрініске ие болған бұл ағым, нақты айтатын болсақ, 1979 жылы билік басына Маргарет Тэтчер келуімен өз заңды күшіне енді. Бірақ осыған қарамастан либералды көзқарастағы ағылшын публицисті Д. Уотсон М. Тэтчерді консерватор ретінде қарастыруға бас тартады. Оның ойы бойынша: «Консерватор - ескі құндылықтарды сүйетін дәстүрші, ал саясатты заттарды қалыпты күйде қалдыру үшін күрес ретінде санайды. Алайда ешкім де тэтчеризм немесе рейганизмнің заттарды қалыпты күйде қалдыруға тырысатынын көріп тұрған жоқ», - деп М. Тэтчер саясатын сынаған болатын [3, 167] . Қалай да болса, тұңғыш әйел премьер-министр ұстанған саясаттың кейінгі өзгерістер төңірегінде ұлы жетістіктерімен қоса, көптеген кемшіліктері ашылды. Осындай XX-ғасырдың соңғы онжылдықтарында Британияда орын алған саяси оқиғалар мемлекеттің келешектегі дамуын айқындап, Әлемге, мүмкін, мыңжылдықта бір рет дүниеге келетін ұлы тұлғаны сыйлады.

Өткен ғасырдың 50-60 жылдары Әлемдегі беделінен айырылып бара жатқан Ұлыбритания және бүгінгі күні «Ұлы сегіздік» құрамына кіретін алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ұлыбритания арасында жер мен көктей айырмашылық жатыр. Ал осы прогресстің туындауы 70-80 жылдардағы оқиғаларымен байланысты. Сондықтан да Англияның қазіргі заман тарихындағы ерекше атап өтілетін кезеңнің зерттелу маңызы пайда болады, себебі тек тарихи сәттерге үңілу арқылы бүгінгі күнгі саясатты түсінуге болады.

Тақырыптың тарихнамасы. Бұл ағымның өріс алғанынан бастап бүгінгі кезеңге дейін көптеген зеттеушілер мен ғалым-академиктер Маргарет Тэтчердің өмірбаянын да, билікке келгеннен кейінгі ұстанған саясатын да жан-жақты қарастырған еді. Соның ішінде алғашқы кезекте атап өтілуі тиіс С. Перегудовтың «Тэтчер и тэтчеризм» деп аталатын монографиясы. 1996 жылы жарыққа шыққан ғалымның бұл еңбегі көптеген ғылыми мақалалар және 4 жыл бұрын шыққан «Современный консерватизм» атты еңбегінің заңды жалғасы, автордың тақырыпты тереңдеп ашу арқылы жалпы Ұлыбританияның саяси құрылымын қарастыру, «ойын ережелерін» түсіну мақсатын қояды. Әсіресе сол кезде Ресей аса зерттелмеген тақырыптардың бірі болып табылатын тэтчеризм мәселесі болғандықтан, С. Перегудов монографиясында бір-біріне тығыз байланысты Британияда неоконсерватизм бағытының дамуы мен «Тэтчерлік онжылдықты» синтездеп зерттеуге тырысты [4, 3-5] . Ал соңғы ғасырдағы Англияның ең танымал премьер-министрі Маргарет Тэтчердің орыс ғалымдарының арасындағы алғашқы биографтарының бірі Виктор Поповтың «Маргарет Тэтчер: человек и политик (взгляд российского дипломата) » деп аталатын кітабының екінші басылымында автордың биографиялық тұрғыдағы зерттеулерімен бірге, орыс тіліне аударылмаған Маргарет Тэтчердің екі томдық автобиографиясынан құнды материалдар қолданылады. Жалпыланған тұрғыда еңбектің ерекшелігі: ұлы тұлғаның өмірге келгендегі алғашқы қадамдарынан Премьер-министр қызметінен кейінгі де өмір тағдырын зерделеуі. Автор «темір ханымның» өмірін түрлі қарама-қайшылықтар мен өзгерістерге толы болғанын атап өтеді, М. Тэтчерге көп кезекте «алғаш», «бірінші рет» деген сөздер қолданатынын байқайды [5, 3-9] . Биография тақырыбын жалғастырған француз тарихшысы Жан Луи Тьерио батыс адам тұрғысынан Маргарет Тэтчердің өмір жолын өзінше түсінеді де, баяндайды және бұл маңызды мәселелерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. «Маргарет Тэтчер: от бакалейной лавки до палаты лордов» басты еңбегінде ұлылардың ұлысы болған тұлғаға кезінде көп лақап аттар қойғанымен («белдемшедегі Черчилль», «антикоммунизмнің әлемдік жандармы», «Шығыс одағы мен Варшава келісімшартының қабыршысы», т. б. ), халықтан өте жиі «Бізге Маргарет Тэтчер керек!» деген сөздер естілгенін байқайды [6, 2-5] . Жүйелей келе, бұл кітап Әлемдегі кешегі оқиғаларды кеңірек қарауға, кейбір атаққұмарларға саяси билік шыңына жету туралы оқулық түрінде көрініс табуы мүмкін. Осындай салыстырмалы негізде жазылған ғылыми еңбектердің бірі - В. А. Матвеевтің «Британия вчера и сегодня». Зерттеу жұмысының негізі болып, Англияның II дүниежүзілік соғыстан кейінгі қалыптасқан саяси бағытының XX-ғасырдың екінші жартысында күрт өзгеріске ұшырауы. Автор арнайы тарауларда 1950-1980 жж. аралығындағы кезеңді жеке, 1980 ж. бергі өрістеген құбылыстарды жеке қарастырып өтеді, осыдан да бір ғасырдың төңірегінде мемлекеттің саяси құрылысында қарама-қарсы идеологиялардың қалыптасқанын байқауға болады. Әсіресе ішкі және сыртқы саясаттағы Премьер-министрдің қабылдаған шешімдерін айқындау кезінде, белгілі бір паралелль жүргізіліп биографиясы баяндалады [7, 123-126] . Ал сол тарихи оқиғалардың куәгері, тіптен себепкері Маргарет Тэтчер биліктен кеткеннен кейін, мүмкін өз елі үшін жасаған бағаланбас еңбегін қорытындылай келе, бірнеше автобиографиялар мен мемуарлар жариялаған. Соның ішінде ерекшеленетін басылымы, 2003 жылы жарыққа шыққан «Искусство управления государством. Стратегии для меняющегося мира». Оның аннотациясында: «Искусство управления государством» - әлемдік мәндегі мемлекеттік қайраткердің тарапынан жазылған терең ғылыми еңбек», - деп көрсетілетін болса, автор, шын мәнінде, өткен дәуірдің ең танымал саяси кезеңдері мен халықаралық конфликттердің пайда болу алғышарттары және де өту сипаттары жайлы баяндайды [8, 15] . Өзі жайлы көптеген жағымды және жағымсыз пікірлер естіген Британияның бұрынғы Премьер-министрі ендігі кезекте Әлемді өз көзімен қалай елестететінін осы еңбегінде жан-жақты суреттейді. Салыстырмалы түрде біршама аз уақыт бұрын өмір сүрген тұлға, жаңа идеология, саясат жөніндегі пікірталастар, көзқарастар, ғылыми мақалалар, монографиялар мен ғылыми еңбектер, тіптен танымал журналисттердің сол оқиғаларға арнап өз көзқарастарын кітап түрінде басып шығаруы өрістеген саяси құбылыстардың тек Британия тарихына ғана емес, Әлем тарихына да үлкен серпіліс бергенін білдіреді.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Сонымен бірге сол кезеңнің хронологиялық шеңберін анықтайтын болсақ, Маргарет Тэтчердің 1979 жылы 4 мамыр күні Консервативтік партия атынан Премьер-министрге сайлау кезінде жеңіске жетуінен бастап 1990 жылы 29 қараша күні қызметінен кетуіне дейінгі біршама қысқа да ұзақ аралықты қамтиды. Кейін де Консервативтік партия атынан Премьер-министр қызметін атқарған Джон Мейджар бір жағынан М. Тэтчердің өз қолдауымен тағайындалса да, «тэтчеризм» бағытын түпкілікті жүзеге асырды деп айту қиын. Сол себепті де неоконсерватизм бағытын орнатқан Маргарет Тэтчер үкіметі бүгінгі күнге дейін ең радикалды, қатал тәртіп орнатқаны жайлы көптеген мысалдар дәлелдейді.

Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері. Рим драматургы Теренций: «Қанша адам болса, сонша пікір болады», - деп айтқандай, әрбір мәселеге әрбір ғалым жан-жақты қарауға талпынады және өткен оқиғалардың түп шындығын, себептерін табуға тырысады. Сол секілді біздің тақырыбымыздың төңірегінде іске асыратын мақсатымыз: Ұлыбритания тарихындағы ұлы саяси қайраткерлердің бірі Маргарет Тэтчердің өмір жолын зерттей келіп, оның есімімен байланыстырылатын британдық неоконсерватизм ағымының қайнар көздерін анықтау, әрі маңызын түсіну. Бұл ағым пайда болып жатқан кезеңдегі зерттеушілердің еңбектері мен мәселе өз мәресіне жеткеннен кейін ғалымдардың кең ауқымдағы ғылыми жұмыстарын зерделей келе, XX-ғасырдағы ең маңызды құбылыстарының бірі болып саналатын мәселенің түп қазығына жету. Осы мақсатқа жету барысында: 1. Алғашқы тарауда Маргарет Тэтчердің мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымға ие болғанға дейінгі өмір тағдыры жан-жақты қарастырылады, себебі дәл сол кезеңдегі орын алған оқиғалар М. Тэтчердің кейінгі қызметі төңірегінде іске асырған саясатына негізгі алғышарттарды қалыптастырды. 2. Келесі тарауда қарастырылатын мәселе көбінесе Тэтчер үкіметі кезеңінде жүргізілген ішкі саясаттың жағымды жақтары мен жағымсыз тұстарын ашуға арналады, әсіресе әлеуметтік-экономикалық шаралары кейінгі уақытта тэтчеризм деген атқа ие болуы сирек кездесетін құбылыс. 3. Сонымен қатар Маргарет Тэтчер билік басындағы кезеңде, халықаралық аренада мемлекеттер арасында маңызды мәселелер шешіліп жатқанына байланысты, өзінің радикалдылығын премьер-министр сыртқы саясатта да қолданғанын зерттеуге үшінші тарау негізделген. Сондықтан да бүгінге дейін, яғни XXI-ғасырдың II-онжылдығына дейін әлі де толық шешімін таппаған бұл тақырып тереңдей қараған сайын түрлі жекеленген әрі басты мәселенің негізін қалыптастыратын сұрақтардан құралады: «консерватизм» мен «неоконсерватизм» ұғымдарының байланысы, Консервативтік партия орнатқан саясаттың неоконсерватизм ағымынан айырмашылықтары, Маргарет Тэтчердің Еуропа тарихындағы тұңғыш әйел премьер-министр ретіндегі рөлі, радикалды саясаттың жағымды мен жағымсыз жақтары.

1 Маргарет Тэтчер - «Билікке жету жолы»

1. 1Парламентке жетудегі өмір жолы.

Маргарет Хильда Робертс 1925 жылы 13 қазан күні Линкольншир графтығы, Грантем қаласында дүниеге келеді. Робертстердің үйі барша Грантем қаласы секілді өзінің қарапайымдылығымен, тиянақтылығымен, қаталдығымен ерекшеленді. Тұрғындарының саны шамамен 25 000 адамға жеткен қалада бір топ іскер азаматтар маңызды мәселерді шешіп отырды. Маргареттің әкесі Альфред Робертс те солардың қатарынан болды. Нортгемптонширде туып өскен А. Робертс отбасындағы жеті баланың арасында тұңғышы болды. Кейіннен М. Тэтчер әкесін еске алғанда: «Менің әкем жергілікті басқарма орнында ауқымды жұмыс атқарды. Ол қалалық кеңестің мүшесі болғанда, мен төрт жаста едім», - деген екен [7, 125] . Болашақ жарын Беатрис Стефенсенді, Альфред Робертс шіркеуде кездестіреді. Ол 1888 жылы дүниеге келген еді және әлеуметтік жағдайы күйеуінен жоғары болған жоқ. Осылайша 4 жылдан кейін Мюриел (М. Тэтчердің әпкесі) және тағы 4 жылдан кейін Маргарет туылады. Бала кезінде олар ешқашан жақын болған емес, себебі Мюриел анасына тартып, тыныш және тұйық болып өсті. Ал Маргарет, керісінше, әкесіне тартты және әкесі қызының ерекше білім мен энергияға бөленгенін сезіп, кезінде өзі ала алмаған жақсы білімді беруге тырысты. Сондықтан 1930 жылы Маргарет қала маңындағы Хантинг-Тауэрда орналасқан графтықтың орта білім беретін мектебіне түседі. «Ол бес жасында да зейінді, әдепті және байыпты болды», - деп көрші партада отырған Джон Фостер айтқан болатын [9, 16] . Алайда бірінші кезекте ол методист болды. Орта таптың өкілдері Финкин-стриттағы уэслиандық шіркеуге барумен болды, сол жерде де жас Маргарет Тэтчер әкесінің уағыздарын тыңдады. М. Тэтчертің есінде саясатқа алғаш рет араласуы қалды - ол 1935 жылдағы парламент сайлауларына қатысты болды. Сол кезде М. Тэтчер 10 жаста еді. Жас Маргареттің ой-өрісінің қалыптасуына, сонымен қатар, шетел елдердегі құрдыстарымен хат алмасып отыруы өз септігін тигізді. Бір жылдан соң М. Тэтчер қыздарға арналған Кестевендік дербес мектепке оқуға түседі. 1939 жылдың қазан айында Маргарет Тэтчер 14 жасқа толғанда, Грантэм әлі бомбалауға тап болмаған еді. Бірақ жақын арада соғыс Грантем қаласының аймағына соққы бере бастады. Сол себепте Маргарет Тэтчер соғысты жақыннан көрді. Осы кезеңде Альфред Робертстің саясы мансабы жоғарылай бастады: 1943 жылы олдермен және әлемдік судья болып сайланғаннан кейін, 1945-1946 жж. Грантем қ. әкімі рөлін атқарады. 1945 жылы 8 мамыр күні Англия үшін соғыс жеңіспен аяқталған соң, Маргареттің жүрегі қуанышқа толды. 1942 жылдың соңынан бастап Маргарет Робертс алдында өмір ісін таңдау жөнінде сұрақ туындайды. Алайда патриоттық энтузиазм мен саяси құмарлық адамды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды. Мэгги Саммервилл-колледжіне (Оксфордтың қыздарға арналған колледжі) химия мамандығы бойынша оқуақы алу сайысына қатысуға шешім қабылдайды. Неге химияны таңдады? Себебі, мектебіндегі мұғалімдерінің бірі мисс Кей оқушының осы ғылым саласына деген құштарлықтың пайда болуына көмектесті және де епті қыз осы салада Біріккен Корольдікте жұмысты оңай табатынын жақсы түсінген. Самервилл-колледжімен бірге тапсырып көрген екі университетке өткенімен, Самервиллге түсу арманы қайғылы өкінішпен аяқталады. Осыған байланысты Маргарет Кестевендік мектепке қайтып келуге шешім қабылдайды. Алайда оқу жылының басталғанына небәрі 6 күн өткенде, оның Самервиллге қабылданғаны туралы жарияланады. Көп ойланбастан М. Робертс қолындағы екі сөмкемен вокзалға асығады. Жалпы Самервилл-колледжі Оксфорд колледждерінің арасында ең қарапайым болғанына қарамастан, Маргарет Робертс бастапқы кезде өзін ыңғайсыз сезінді. Демалыстар кезінде әкесі Альфред Робертс қызын түрлі кездесулерге, отырыстарға, соның ішінде соттық отырыстарға алып жүрді. Осындай жиындар кезіндегі көріп, естігендері оны химиядан гөрі көбірек қызықтырды. Академиялық үлгерім жағынан Маргарет Тэтчер рекордтар қойматын-ды. Университет қабырғаларында белсенді түрде қатысқан ұйымдарының бірі - студенттер-консерваторлар клубы еді, ал 3 курста Оксфордтағы консервативтік ассоциациясының төрағасы болып сайланды. 1945 жылы 19 жас шамасында М. Тэтчер сайлау кампаниясы кезінде Оксфордтың көшелерінде торилар үшін дауыс беруге шақырады. Сайлаудың қорытындысы - торилердің жеңілісі - Маргаретті де, партияның белсенділерін де таң қалдырады. 1947 жылы М. Робертс Оксфорд университетін біршама лайықты дипломмен аяқтайды. Химия маманы ретінде «Бритиш Зайлонайт пластике» немесе «Би-Экс» атты фирмаға жұмысқа орналасады. Басынан бастап оның бөтен екені көрінеді, ол өз жұмысын жек көре бастайды. Өмірінің келесі сатысына оны 1948 жылғы кездейсоқ кездесу көтереді. Оксфордтық түлектерінің Консервативтік ассоциациясының өкілі ретінде партиялық конференцияға шақырылады, сонда Джон Гранттың қолдауына байланысты Дартфорд округының атынан сайлауға қатысуға мүмкіндік алады. 1949 жылы ақпан айында оның кандидатурасын комитет қолдайды да, 28 ақпанда Дартфордтың сайлаушы-консерваторлар кеңесінің алдында ресми түрде жарияланады. Сайлауға қатысуы жұмыстан кетуге көптен көп күткен себеп пайда болады. Хаммерситте (Лондонның батыс аймағы) М. Тэтчер «Дж. Лайонз» корпорациясында жасанды қаймақ балмұздағын дамытумен айналысады. Сайлау күні болып 1950 жылы 23 ақпан белгіленеді. Оның қарсыласы Норман Додд «ескі тәртіптің» лейбористі болып, өз қарсыласына құрметпен қарады. Тори жеңіліске ұшырағанымен, Эттлидің парламенттік көпшілігі 146-дан 5-ке дейін қысқартты. 1951 жылғы қазан айында Англия сайлау бюллетендерін салатын арнайы жәшіктерге қайтадан шақырылғанда, М. Робертс екінші рет кандидат ретінде шығады. Норман Доддтан жеңілісінде тағы да 1000 шақты дауысты қысқартады. Жеңіске жету үшін көбірек ыңғайлы округті табу мақсатымен Дартфордтан кетуге мәжбүр болады. Сонымен бірге Дарфордта өткізген жылдар кезеңінде «шешуші» кездесу өтеді. 1949 жылы ақпан айында Маргаретке арналған ресми асқа шақырылғандардың арасында 33 жасар, «Атлас презервейтив компани» компаниясының бас директоры Деннис Тэтчер болады. Осы кездесуді М. Тэтчер кейіннен: «Мен саясат жайлы қанша білсем, ол да сонша білді, ал экономикада менен әлдеқайда көп білді», - деп еске алған. 1951 жылы 26 жасында Дэннис Тэтчерге тұрмысқа шығып, 1959 жылға дейін Маргарет Тэтчердің саясаттағы белсенділігі төмендей түседі. Материалдық жағынан ешқандай қиындық көрмеген М. Тэтчер көптен бері талпынған адвокаттар дайындайтын корпорацияға оқуға түседі. 1953 жылы мамырда адвокат атағын алуға алғаш емтихан тапсырған соң, тамызда отбасында егіздер - ұл Марк және қыз Кэрол - дүниеге келеді. Маргарет Тэтчер балалардың бөбек жасынан шыққанша дейін саясатқа араласпауға уәде береді, алайда 1955 жылғы сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға тырысады, бірақ бұл әрекет іске аспайды. 1958 жылы Финчли «соңғы үміттің» округіне айналады, себебі кейін 1959 жылғы сайлауға электораттың сеніміне бөленуге уақыт жетпеген еді. Әлеуметтік жоспар бойынша Финчли округінің маңайында орта тап өкілдері өмір сүрді және де 1955 ж. консерваторлар бұл аймақта 13 мың дауыс артықшылығымен жеңіске жеткен болатын. 1958 жылы Финчли (Лондонның солтүстігі) округі жалынды энергияға бөленген кандидатты қажет етті. Маргарет Тэтчерге өте қатал бәсекеден өтуге тура келеді: округ, шын мәнінде, «алтын» болып есептелді. Сол себепті ол тез арада жергілікті мәселелерді зерттеуге кірісті, Финчлидің тұйық көшесімен байланысты қиыншылықтардан бастап, Фрайерн-Барнеттің оңтүстігіндегі қоқыстың шығарылу уақытына шейін білетін болды. Ақыры М. Тэтчер тағы да 3 кандидатпен бірге финалисттер тізіміне енеді. Ұлы күн - 14 шілде келеді. Жергілікті консерваторлар кеңесінің атқарушы комитетінің алдында өзін таңдау үшін қолынан келгенінің барлығын істеді. Ол орнынан түре келіп, көрнекті сөз сөйледі. Бірінші айналымда 35 баллға ие болса, оның қарсыласы Лангтон 34 балл иеленді. Екінші шешуші айналымда 46 балл қорытындысымен жеңіске жеткенде, барлық жиналғандар М. Тэтчерді құттықтай бастады. Басты мақсаты іске асты. 31 шілде консерваторлар партиясының Орталық бюросы Маргарет Тэтчердің сайлауда партияның өкілі болатынын мәлімдейді. Британдық дәстүрге сәйкес премьер-министрге сайлау күнін таңдауға өкілеттік берілгеніне байланысты, 1959 жылы қыркүйекте Макмиллан сайлауды қазан айында өткізуге шешім қабылдайды. Либералдар атынан шыққан кандидат, Айвен Спенс, аристократиялық әдетке бөленген талғампаз денди болды. Қорытындылар даусыз болып шықты: 1959 жылы 8 қазан күні Маргарет Тэтчер 26 697 дауыспен парламентке сайланады. Оның қарсыласы-лейборист небәрі 13 437 дауысқа, ал Айвен Спенс - 12 260 дауысқа ие болады. Ақыры М. Тэтчер кейін кідірсіз 33 жыл бойы иеленетін орынға жетеді: 34 жас шамасында ол жаңа әлемге, Вестминстерге кіреді.

Парламентке дейін 1925 - 1959 жылдар аралығындағы өмір жолы біркелкі немесе сәтті өтті деп айту қиын болар, алайда өзінің патриоттылық сезімін жүрегінде сақтаған, ұстанымдарын ешқашан өзгертпеген тұлғаның қанша рет жеңіліске ұшыраса да саясатқа деген сүйіспеншілігін сақтап қалуы, әйел болса да қайрат қажымастығын көрсетуі, өткен сынақтарының бекер болмағаны келешек оқиғалар дәлелдейді. Маргарет Тэтчер өміріндегі алғаш сайлау кезінде айтқан сөзінде: «Жас кезінде оптимист болмаған адам, ешқашан оптимист бола алмайды». Сондықтан да Маргарет Тэтчердің өз арманынан үміт үзбегендігі арқасында жеңіске жеткендігі, өмір соңына дейін оптимист қалғандығына нағыз ақиқат.

1. 2 Қатардағы парламентариядан премьер-министрге дейін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбритания тарихында алғаш әйел премьер министр болған Маргарет Тэтчердің саяси мансабы
М.Тэтчер-темір ханым
Маргарет Тэтчер
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Тэтчердің сыртқы саясаты
Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Тэтчердің ішкі саясаты
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Еуроодақ құрылуының алғы шарттары
Маргарет Тэтчердің саяси бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz