Мемлекет түсінігінің пайда болуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

Тарих факультеті
Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы

РЕФЕРАТ
Құқық негіздері пәні бойынша
Тақырыбы: Мемлекет нысаны: түсінігі, түрлері.

Орындаған:
МО-11 тобының студенті
Исабеков Ж.С.
Тексерген:
Аға оқытушы Галы Ж.О.

Қарағанды 2018

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
1.1 Мемлекет түсінігінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2.1 Унитарлық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2.2 Конфедерациялық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2.3 Федерациялық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым - қатынаста болатындығын, оның яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің осы жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым - қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр. Қоғам адамдарының ұйымдасуымен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айыр басталып жатады. Осының өзі белгілі бір тәртіпті адамдар арасындағы қарым-қатынастың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағыттал-ған, өз мүшелерінің мінез-құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етуінің құралдарының болуы мен сипатталады. Мемлекет қоғамның негі-зінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдастырудың бірі болып табылады. Ол қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты және табиғаты қандай болса да, мемлекетте сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне ылайықты мемлекеті болса, өркениетті қоғам мүлде басқа мемлекет. Өркениеттің әр басқышы әр алуан мемлекеттер мен сипатталып келді.
Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жақсаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттер атқаруға назар аударайық.
Мемлекет жалпы дамуға талпынған болса, өз мемлекеттің ішіндегі көптеген қоғам саласындағы проблемаларды, сыртқы мемлекеттермен саяси,экономикалық т. б. байланыстарды өз мүдделері үшін жүзеге асыруы қажет. Өйткені мемлекеттің өзі жанұя деген негізден шыққан. Жанұяны асырау үшін қызмет істеп, үйге тамақ әкелумен, үйдегі тәртіпке көңіл бөліп, үй ішіндегі проблемаларды шешумен, үйді сырттан торалаған дұшпандардан сақтаумен түсіндіріледі.
Әлемдегі дамыған мемлекеттердің өзі сыртқы саяси байланыстар арқылы қазіргі қалпына келіп отыр. Капиталистік заман келгеннен бері бұрынғы КСРО территориясындағы елдердің көбі өз экономикасын нарық талабына сай бұрып бүгінгі шақта дамыған елдердің қатарына қосылды, Мәселен, Жапония, Қытай, Германия, т.б. көптеген Еуропа елдері АҚШ-тың тікелей капитал енгізу, инвестицияларымен қандай әлеуметтік-экономикалық дәрежеге жетіп, еңсесі биік елге айналып отыр. Бұл даму мемлекеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік механизмдердің потенциялына байланысты.
Өзіміздің мемлекетіміздің де шаңырағын көтеріп, ел болғалы 25-жылдық уақыт өтсе де үлкен жетістіктерге жеттік. Ол еліміздің демократиялық принциптегі қоғамға айналуы, сол принциптерге негізделген конституциямыздың референдум арқылы қабылдану, Азия құрлығындағы дамыған елдермен саяси-экономикалық қатынастарда терезесі тең мүше болуымен көрінеді. Осыларға толығырақ тоқталуымыз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрайды.

1 МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Мемлекет түсінігінің пайда болуы
Қазіргі заманғы заң әдебиетінде мемлекеттің пайда болуы анықталған қоғам мен мемлекеттің өмір сүру және даму талаптарымен шартталатын барлық табиғи құбылыстардың тұтас жиынтығы ретінде түсіндіретін анықтама орын алған.
Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды ойландырғаны белгілі. Қоғам мемлекет арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған ұмтылыстар ежелгі заманнан бері белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын алғаны белгілі. Тарихи тәжірбие көрсетіп отырғандай, сан ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп отыр. Сонымен қатар ежелгі грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта қоғамдық белесте мемлекеттің пайда болуы туралы сан түрлі пікірлер айтылды.
Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын ролін, алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды.
Мемлекеттің пайда болу турасында туындаған ой-пікірлер Ресейдің саяси-құқықтық ой тарихында да белгілі дәрежеде көрініс тапты, оның ішінде Ресейдің зиялы қауымы, бұл мәселені қоғамдық қажеттілікпен де байланыстырады. Саяси-құқықтық ой әлемдік мемлекеттік құқықтық тәжірбиенің дамуының нәтижесін, теориялық негізін көрсетеді, мемлекеттің пайда болуы сол әлемдік өмір тәжірбиесі дәлелдеген қоғамдық келісім мен қажеттіліктің бірі болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттің мәніне терең бойлайтын болсақ, мемлекеттің негізгі мақсаты да қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған қызмет ету тұғырнамасын алға тартады.
Мемлекеттің шығу тегін тап күресінің аясында ғана қарастыру Маркс ілімінің ең осал тұсы. Ал түбегейлеп зерттесек, бұл көзқарас та батыстық, яғни отырықшылық өркениет туғызған әдістемелік өpic. Көшпенділер тұрмысында өзара кереғар әлеуметтік таптардың күресін сипаттау өзіндік жат құбылыс, бұл қоғамның өзегі генеологиялық-рулық байланыстарда жатыр.
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Батыс Еуропа елдерінің жаңа дәуірдегі тарихының кейбір қырлары қоғамдық тіршіліктің қай саласын қарастырса да мемлекеттің пайда болу тұрғысында еуропалық ілімдер материализмге негізделеді. Бұл Батыс елдерінің даму ерекшеліктері туғызған зандылық. Ф. Энгельс мемлекеттің шығу тарихы мен себептерін қарастыра келе үш кезеңге арнайы тоқталады: Афин, Рим және ежелгі Германдық мемлекеттердің дүниеге келуі. Бұл аталған үш кезеңге де тікелей себеп болған қоғамның iшкі дамуындағы әлeyмeттiк қарама-қайшылықтар. Батыс қоғамы әуел бастан материалдық құндылықтарға тым бағыныштылығымен ерекшеленеді. Tіпті көне демократиялық мемлекеттің ең әдемі үлгісі саналатын Афинның өзі де алғашқы рулық қауымның ыдырауы барысында, оның бүкіл iшкі қарама - қайшылығының асқынуы арқасында дүниеге келді. Ру ішіндегі аристократиялық әулеттердің әлсіз топтарды барынша қанауы, одан кейін құлдануы Ежелгі Грек мемлекеттepiнің құл иеленушілік бағытын анықтап берді. Еңбек бөлінісіндегі осы дәстүр, үстеме пайданы бөлу және оның бip қолға шоғырлануы -- Батыс мемлекетінің түпкілікті себептері. Одан бepi бірнеше мың жыл өтсе де iшкі, сыртқы қанау Еуропа мемлекеттік билігінің нақты көpiнici болып келеді.
Мемлекеттің пайда болуы тек материалистік түсінікке яғни марксизммен ғана шектеліп қалмайды. Тіпті көне заманның өзінде Платон сияқты ғұламалардың ілімдерінде де мемлекеттен құл иеленушілік құрылымның тоталитарлық сипаты анық аңғарылады. Платоннан бастап орта ғасырлық Томазо Кампанеллаға дейінгі аралықта Еуропа ойшылдарының қиялынан туған мемлекеттерде үстеме байлыққа, материалдық құндылықтарға иелік жасайтын аристократиялық топтар басшылық жасайды. Т. Кампанелланың Күн қаласының Сталин тұсындағы тоталитарлық кеңестік империядан айырмашылығы шамалы. Халықтың бәрі де бip белгілі тәртіппен іс-әрекет етіп, олардың тууы, уйленуі, балалы болуы, дүниеге аттануы -- бәpi-бip топ аристократтардың қолында.
Гоббс, Руссо сияқты ағартушылардың шығармаларында материалистік ілімге бағынбайтын көзқарастар бар. Бірақ олардың түпкі ceбeбi ғалымдардың өз шығармаларына Батысты емес, Шығысты, немесе табиғи адамды басты кейіпкер етуі тікелей байланысты.
Егер де адамдар арасында тең дәрежелі және еркін қарым-қатынас қамтамасыз етілсе, меншік түрлеріне және көзқарастарға тиым салынып, қудалауға ұшырамаса, қоғам мемлекеттік басқару жүйесін толық бақылап, жауапқа шақырып отырса, ол қоғам мемлекеттің идеалды үлгісі деп танылады. Қазіргі уақытта саясаттану мұндай қоғамды - азаматтық қоғам деп те атайды. Азаматтық қоғам туралы Батыс елдерінде Т. Гоббс шығармаларынан бастау алады. Адамзат көшін басқарып келе жатқан елдердің арасында осы идеалды талғамға айналдырып келеді.
Қоғамдық келісім -- мемлекеттің негізгі арқауы. Бұл теория бip жағынан мемлекет қайдан пайда болды деген сұраққа, екінші жағынан мемлекет болашақта қандай болуы керек деген мәселеге жауап береді. Гоббс, Руссо ілімдеріндегі жеке тұлға, жеке адам, табиғи адам еуропалық елдердің қажеттілігі туғызған түсініктер. Феодалдық қоғамнан капитализмге, рационализмге ұмтылған Еуропаға тұлға қажет болды. Осылай бо-ла тұра тұлға туралы түсініктердің мемлекеттің пайда болуын зерделеуге де өз көмегі тиеді. Мемлекет белгілі дәрежеде азаматтардың өзара келісімінің нәтижесі. Егер қоғамдық топтар мен олардың өкілдерінің арасында келісім (шартты, не шартсыз) болмаса кез келген мемлекет құлап қалары анық еді. Бұл әcіpece мемлекеттің ерте кезеңіне қатысты болса керек.
Бірақ Руссо алғашқы қоғамдық келісімнен тез арада деспо-тизм өciп шығатынын жасырмайды. Билік иелерінің мемлекетке өз меншігіндей қарауы, ал мемлекеттің халқын қара тобыр есебінде қабылдауы қоғамның ішінде бітіспес кереғарлық барын көрсетсе керек. Қандай да бip қоғам мүддесі материалдық байлықпен байланысты болса, ол жерде теңсіздік epiп жүреді. Бұл қарама-қайшылықтан тек азаматтық құндылықтарға негізделген көшпелілер ғана аман қалады. Көшпелі қазақ қоғамының ішкі дамуына қатысты үйлесім мен адамгершілікті қашан да алға шығады.
Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болу алғы шарттары жан-жақты қарастырылады. Оның ішінде мемлекеттің белгілері және оның түсінігі тереңнен сарапталып, ондағы мемлекеттің пайда болу себептері мен ерекшеліктері айқындалады. Зерттеушілердің пікірінше мемлекеттің пайда болуына не-гізгі себеп -- екі өмір салтының арасындағы айырмашылык,. Осы мәселеге аса көңіл бөлген Л. Фробениуас көшпелі -- малшылардың өмip салтына жоғары баға береді: "дала мен шөлдің адамы тіпті басқаша. Оның мәдениеті бойында, дүниетанымы әлеуметтік күштердің тепе-тендігіне, дамылсыз ой-қимылына, білімге негізделген. Олардың арасында жүріп мен өмірімде бірiншi рет орман адамына тән топастықты кездестіргенім жоқ. Аз -- көп уақыт өткен соң мен олармен тіл табысатынмын, тілін тапқан уақытта көзі жадырап, не туа біткен, не мұраға қалған, не өзінің бақылауынан туған көсем ойларды түйдек-түйдек шығарады ..." Бұл ғылыми жарқын ойлардың соңғы қозғаушысы атақты шығыстанушы В. В. Бартольд болды.
Әр ғылым саласының пәні өзіне ғана тән құбылыстарды зерттеп, мемлекеттің өмірге келуі туралы теориялар негізін ашуды қажет етеді. Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттің пайда болуы және оның объективтік заңдары мен мемлекеттің өмірге келуі туралы негізгі теориялар қарастырылады. Қоғамдағы мемлекеттің орны мен мәні және мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері талданады. Мемлекетке саяси сипат тән, соған қарай ол қоғамның саяси жүйесінің құрамына кіреді. Алайда мемлекет -- оның мемлекеттік емес буындарына ұқсас саяси жүйесінің, әдеттегіден тыс бөлігі. Ол -- оның белгілі бір мөлшерде ондағы шоғырландырушы және үйлестіруші рольді орындайтын өзегі.

1.2 Мемлекеттiң механизiмi оның анықтамасы және түсiнiгi
Механизм -- дегенiмiз бiр неше білiмдердiң жиынтығы бұл білiмдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизiмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi - бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар мемлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi -- белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизiмi бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.
Мемлекеттiң механизiмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар -- құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизiмiне тән заңдылық -- оның органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетіледі.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті. Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері
Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.
Мемлекет механизiмiнiңөзiне тән белгiлерi:
реттелген мемлекеттiк органдар;
оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.
Екiншi заңдылығы -- бiрiнiғ қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың
Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар санағынан өткен принциптерге негiзделiп құрылады.
Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан түрады: 1. өкiлдiк органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi: 1)Жоғарғы өкiлдiк орган -- Парламент. 2)Жергiлiктi өкiлдiк органдар -- облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы -- Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган -- үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар -- әкiмшiлiктер. 4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. әскер. оған мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды үстап түратын орындар.
Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:
а) Монархия
ә) Республика
Монархия - деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр адамның қолында болады.
Монархияныңүш түрi бар:
1) Шексiз абсолюттiк монархия
2) Шектеушi конституциялық монархия
3) Дуалистiк монархия
Республика - деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.
Республиканың түрлерi:
1) Президенттiк
2) Парламенттiк
3) Аралас
4) Аристакратиялық Республика
5) Демократиялық Республика
Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент -- ол барлық органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.
Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент -- жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.
Заң атқару органдары.
Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы -- себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.
Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.
Сот органдары.
Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.
Бақылау -- қадағалау органдары.
Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.
Прокуратура -- барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.
Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.
Конституциялық кеңес атқаратын орган.
Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.
Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялық кеңес -- конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.
Әскери күштер.
Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,
Мемлекеттi қорғау органы.
Құқықты қорғау органдары.
Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:
1) құқықтары мен бостандықтарын қорғау
2) қоғамдық тәртiптi нығайту
3) қылмыспен күресу
4) бұзылған құқықтарды қалпына келтiру.

ІІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекет нысандары -- саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер мемлекеттің негізі санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, мемлекет нысаны санаты - қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
Мемлекет және құқық теориясы құқық пен мемлекеттің шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.
Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол жоғарғы өкімет органдарының іске асатын саяси жүйесі.
Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.
Полиция көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полиция мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
-- мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
-- жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
-- жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
-- жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
2.2 Мемлекеттің әкімшілік - құрылым нысаның түрлері
Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі.

2.2.1 Унитарлық түсінігі
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет -- мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің түсінігі, түрлері, белгілері
Құқық функцияларының түрлері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саясаттың негізгі мәселесі билік
Құндылық түсінігінің тарихи дамуы
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі
Құқық ұғымы туралы
Азаматтық бірегейлік мәселелерін зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Зайырлылық түсінігі
Кельзеннің құқықтық нормативтік теориясы
Пәндер