Тарих факультеті
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Бүкіл әлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
Реферат
Тақырыбы:Сот билігі, билер соты.
Орындаған:МО-11 тобының студенті Исабеков Ж.С.
Тексерген:Рысжанова Г.С.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарих кафедрасы
Қарағанды-2017
Жоспар:
Кіріспе:
1.1 Билердің қазақ қауымыңдағы рөлі
Негізгі бөлім:
2.1 Ресей құрамындағы кезеңдегі билер соты
2.2 Билер сотының ерекшеліктері
Қорытынды
Билердің қазақ қауымыңдағы рөлі
Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.
Қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан - ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік әдет-ғұрыпқа негізделген дәстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эвалюциясында тек әділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келді. Ұлтымыздың өзіне тән осындай құқықтық мәдениеті, оның халық алдындағы беделі мен рөлінің жоғары болуына билер сіңірген өлшеусіз еңбекті барлық қырынан танып білу қажет. Оның тарихи тұлғасын көне заманнан келе жатқан Рим, Эллада, Египет, Вавилон сынды елдер жеткендей құқықтық дәрежеге көтеруді осылай ғылыми тұрғыда тиянақтау өте орынды, әрі еліміздің құқық тарихы үшін өте қажетті нәрсе.
Бұл жолғы ұйымдастырылып жатқан дүниежүзілік конференцияның ой-мақсаты тарихы тереңнен тамыр тартатын билер сотының құрылымын, оның халық алдында атқарған міндеттері мен жаупкершілігін сараптауда, билер соты еліміздегі бүгінгі сот билігінің бастау көзі, оның айнымас бірегей жүйесі екеніне әлем ғалымдарының көзін жеткізу болмақ.
Би - бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы, әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, соттық функцияны атқаратын мемлекеттік қызметші. Ол сот ісін жүргізгенде өзі қадағалайтын тәртіптілікті қатаң сақтай отырып, істің күрделілігі мен екі жақ тараптардың ықылас-мүдделеріне баса назар аударған. Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялықты қатаң сақтайтын әділ төреші болған. Би соттың дәлелдеу қорытындысында екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп емес екі жаққа да шындықты мойындата білген. Халық алдында өзінің шынайы шешімімен тараптарды татуластырса ғана әділ ісімен даңқы артқан. Ондай билердің атақ-абыройы бүкіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, жүгініске отырған. Сондықтан, Қазақ елінің билер соты барша жұрт алдында кәсіби жағынан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. Адал би - әділ би деген принцип содан қалған.
Бұл туралы академик Салық Зиманов өзінің төрт тілде шыққан Қазақтың билер соты - бірегей сот жүйесі деген кітабында: Қазақтың билер соты өзіне жүгінген тараптардың дауларын қарастыра отырып, тараптардың арасында, рудың арасындағы бітімгершілікке және бірлікке қол жеткізуге тырысатын. Билер сотының осы асқақ мұраттарының талабына жауап беру үшін билер дала даналарының мектебінен өтуге, алдыңғы ұлы билердің сынынан сүрінбеуге тиіс болған дейді.
Хатқа түскен тарихи жылнамалар мен ауызша жеткен дерекнамаларға зер салып көрсек, мемлекеттік билікте, ел басқаруда халыққа етене жақыны, біліктілігімен сұңғыла шыққандары -- билер ғана. Өйткені, саф таза шынайы өмір тіршілігін қалаған, соған лайықты көшпелі қоғамды мемлекет тірегі деп ұққан ата бабаларымыз табиғаттың өзі сыйға тартқан тазалықты, адалдықты -- ар-ұжданның серті деп білген. Өресі биік данышпандар айтқан Табиғатты -- құдай жаратқан деген қағиданы көшпелілердің мыңдаған жылдар бойы берік ұстауы, соның белгісі. Содан болар, ата-бабаларымыз құдай алдында жаманатты болмауы үшін ізгілікке шаң жұқтырмайтын имандылықты -- беттің ары, жүректің сенімі деп ұққан.
Екіншіден, билер біртұтас мемлекеттік билік ісіне қосқан үлесі және ел басқаруда көшелі іс, көсем сөз, даналығымен танылған құрметті тұлға. Елбасына күн туған қиын сәтте халқына пана бола білген қорғаушы әрі қолдаушысы. Халық жадында Елге бай құт емес, би - құт немесе Қабырғадан қар жауса - атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе - қабырғалы биге күш, Хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы деген мұқым заманан келе жатқан даналық сөздер билердің мемлекет алдындағы беделінің тым жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Хан тағына отырған сұлтандар мен бектердің бәрі бірдей сұңғыла, көреген болмаған. Оларға ұлыстың билік істерін үйлесімді жүргізуде елге кеңінен танылған билер қолға алып, ақыл-кеңес беріп отырған. Ал мемлекеттік дәрежедегі ел таныған би болу үшін терең ақыл, жүйрік ой, асқан біліктілік пен кемеңгерлік қажет. Бидің бойынан табылатын ондай асыл қасиеттерге алдымен: имандылық, әділдікке қылау түсірмейтін турашылдық, ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, шежірелі тарихын, елдің шарушылық ісін, жер-судың қадір-қасиетін, бітім-болмысын ерекше білетін ой-өрісі өзгеден жоғары, кісілік келбеті елден ерек, көкірек-көзі ояу, өмірден көргені көп білікті, майдан қыл суырғандай дәл, әділ сөйлейтін шешендігі жатады. Бойындағы мұндай асыл қасиетін халыққа таныта алған, дауға түскенде топ алдында алмастай жарқылдап, қабілет-дарынын көрсете білген адам ғана би деп танылған. Қызыл сөзді судай сапырғанның бәрі бірдей би атана бермеген.
Қазақтың дәстүрлі құқығындағы билер сотының және ел тұтастығы үшін билердің атқарған қызметі орасан зор. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы билер бүгінгі мемлекттік биліктің функционалдық қызметтерін толықтай атқарып келді десек, қателеспейміз. Олар атқарушылық, заң шығарушылық, билік айтып ел басқару қызметтерінің барлық түрлеріне араласты. Оған қоса мемлекеттің ұлттық идеологиясы мен ел бірлігі, әлеуметтік тұрмыс жағдайы туралы даналық ойлар айтып, ел болашағын күнілгері болжауда, оған қажет қандай келелі істерді ынтымақтасып істеудің сара жолын дидактикалық нақыл сөздерімен халыққа түзу бағыт беріп отырды.
Қазақ елінің әр салаға бөлінген мемлекеттік билік орындарына қызмет көрсеткен билердің және дәстүрлі құқықтағы билер сотының атқарған жұмыстары туралы жан-жақты зерттеу - өте қажет нәрсе. Өйткені, билер Қазақ елінің мемлекеттік билік ісіндегі барлық құқықтық жауапкершілікті көтерген. Яғни, мемлекеттік құқық нормаларының бірлігін, әлеуметтік-саяси, тұрмыстық-мәдени, әсіресе заң орнына жүрген әдет-ғұрып, салт-сана, жол-жора сынды халықтың болмыс-бітіміне қатысты тәртіп пен әдептілікті, кісілік пен имандылықты, ор-ұжданды сақтауда және оны жас ұландарға үйретуде биден артық билік тұтқасын ешкім ұстамаған. Және де қандай қиын жағдайда бидің алдын кесе-көлденеңдейтін басбұзарлар ешқашан болмаған.
Қазақ елі ұлт болып ұйысқан ерте дәуірден-ақ төрт құбыласы тең мемлекет құрып, қол астына қараған ұлыстар мен ру-тайпаларды басқаруда, оны билеуде билердің ақыл-парасатына жүгінген. Ел басқаруда қоғамда туындаған саяси шиеленістерді ақыл-парасатпен бүкпесіз шешіп, бұқара халықты сүттей ұйытып, бірлікте ұстай білді. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүр-салт, жосықты заң ережелері мен даналық ой-толғамдар, қоғамдық қатынастағы құқықтық норманың айнымас қағидасы болды. Көшпелі қоғамның тұрмыс-тіршілігіне негізделген осы әдет-ғұрыптың алтын діңгегі, яғни ұстанымы -- аталы сөз еді. Одан ешкім асып түспеген, ауа жайылмаған.
Ресей құрамындағы кезеңдегі билер соты
XIX ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өздеріне тəн бірегей дəстүрлі билер соты болды. Ол көшпелі жəне жартылай көшпелі өмір салтына бейімделген еді. XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап патша үкіметі билер сотын біртебірте жоя бастады.
XVIII ғасырдың аяғынан бастап билер сотымен қатар қазақ жеріне ресми ресейлік сот билігі кіргізіліп, қазақ халқы өзін-өзі басқару құқығынан айырылды.
Ресей Қазақстан аумағына азаматтық жəне əскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дəстүрлі билер соты болды. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тəртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отырды.
Ал империяның саясаты сот құқығы саласында негізгі бағыт қазақтардың билер сотын шектеу, патша өкіметінің заңдарын тереңдеп ендіру. Сот билігі патша өкіметінің əкімшілік аппаратының жазалау бөлігі болды. Осы бағытта ол күшейе түсті. Билер соты да патша өкіметінің еркін, бай феодалдардың еркін қорғауға қызмет етті. Жаңа Ережелер бойынша билер соты халық соты деп аталды. Билер қызметке үш жыл мерзімге сайланатын болды. Болыстық сайлауда болыстармен бірге билер де сайланды. Билер де əскери губернатордың бекітілуіне жатты. Əр болыста ауылдардың санына қарай 4-8 би болды. Əр ауылда бір биден артық болмады.
Ресей империясының отарлау саясатының 1864 жылғы сот реформасын енгізуінің салдарынан билер соты өзінің демократиялыққұқықтық институт ретіндегі дəстүрлі мəнмаңызын жоғалтты. Үш сатылы билер сотын (жеке-дара сот, болыстық жəне төтенше съездер) сот төрелігінің жаңа жүйесін енгізіп, құқықтық құзіретін шектеу оның қызметін елеулі дəрежеде өзгертті. Ол қазақ даласындағы отаршылдық басқару əкімшілігінің бір тармағына айналды.
Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тəртібін енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мəселен, қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уəлиханов билер сотына жоғары баға берді.
1885 жылы Шардары билердің төтенше съезінде Төбе би болып сайланған ұлы Абай құқықтану ғылымына өлшеусіз үлес қосқаны белгілі.
ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту жəне басқа да реформалар Ресейдің құрамында дамыған шығыстағы ұлттық аймақтарға əсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры жəне көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтыды.
1867-1868 жылдардағы реформалар арқылы əскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Ашық таптық сипаты бар сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталынса да, əскери-уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің бір айта кететін жайы - ол ескі шариғаттық патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге əсеріне шек қойды. Əрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер сайлайтын еді. Шын мəнінде, əскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соттары патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. 1861 жылғы крепостниктік құқын жою жөніндегі заң сияқты 1867-1868 жылдардағы реформалар қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмағандықтан, реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын əскери əміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді.
Батыс Сібір губернаторы М.М. СперанскийСібір қырғыздары туралы Устав атты құжат жасақтады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылып, бұрын рулық принцип бойынша бөлінетін территория əкімшіліктерриториялық прициппен окруктерге бөлінді. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Əр округте 15-20 болыстар, əр болыста 10-12 ауылдар, əр ауылда 50-70 үйлер болды. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынып, округті коллегиялық орган округтік бұйрық басқарды. Округтік приказға аға сұлтан-төраға жəне төрт заседатель (оның екеуі ресейліктерден тағайындалды, екеуі құрметті қазақтардан сайланды) кірді. Округті аға сұлтан басқарып, бірақ бұйрық құрамындағы ресей өкілдері билік жасады.
Устав бойынша қазақтардың сот ісіне, əдетғұрып құқығына өзгерістер енді. Билер сотының, адаттың билігі шектеліп, сот əкімшіліктен бөлінбеді.
Сонымен билер соты үш сатыдан тұрды: а) Жалғыз биден тұратын 300 сомға дейінгі азаматтық талап арыздарды қарайтын, 100 сомға дейінгі шешімдерді түпкілікті шешуге құқықты соттар; б) болыстық билер съезі бірінші сатылы сот ретінде шектеусіз мөлшердегі азаматтық істерді қарады жəне 500 сомға дейінгі дауларды түпкілікті шешуге құқықты, сондай-ақ екінші сатылы сот ретінде жалғыз билер сотының шешімдерін қарады; в) билердің төтенше съезі əртүрлі болыстардың ауылдары арасындағы дауларды қарады, екінші сатылы сот ретінде болыстық билер съезі шешімдерін қарады. Билер соты мынадай қылмыстық мəселелерді: жеке басқа қарсы қылмыстар (кісі өлімінен басқа); меншікке қарсы (тонау мен талқандаудан өзге), отбасы-некеге қарсы, ислам дініне қарсы, болыс, би, старшындарға қарсы істерді қарады. Ережелерде айыптың, тоғыздың мөлшерлері нақтыланып, малдың ақшаға шаққандағы құны да белгіленіп отырды. Мысалы, төтенше билер съезі малдың құнын былай белгіледі. 5 жылдық түйе 30 сом, екі жылдық түйе 15 сом, бес жасар жылқы 10 сом, 2 жасар тай - 5 сом, сиыр құны жылқымен бірдей, ірі қой - 2 сом, бір жасар қой(тоқты) - 1 сом. Билік үшін əр 10 сомнан 10 тиын төленді.
Бұрын халық соттарына жататын жиырмадан аса істер империялық соттарға берілді. Айып салатын шешімдерде билер кінəліге айып салып, соны орындаттырған.
Сонымен, билер сотына бақылау орнады. Ол соттың шешімі жоғарыға шағым болмағанда ғана күшіне енді. Билер соты: рулық, төменгі рулық жəне ауылдық сот деп аталатын буындарға бөлінді. Билер сотының 2 мыңға дейін сомды құрайтын істің шешімдері округтік приказда, 5 мыңнан жоғары істер жөніндегі шешімдер Үкіметтік Сенатта бекітілетін болды. Билерге тұтқында ұстау, Сібірге айдау, дүре соғу, рудан аластау сияқты құқықтар берілді. Ғасырлар бойы ұлттық салт-дəстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дəстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам билер сотын ескіліктің қалдығы есебінде танып, ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға əкеп соқты. Сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, ұлттық салтдəстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дəстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған 1917-1922 жылдар аралығында билер соты талай мəрте айтыс-тартысқа түсіп, ескіліктің қалдығы есебінде ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға əкеп соқты.
1922 жылдың соңы Кеңестер еліндегі барлық республикалар үшін үлкен жаңалық əкелді. Яғни осы жылдың 31 желтоқсаны күні одақтас республикалар құрылып, Советтік Социалистік Республикалар Одағының салтанат құрған датасы тарихи құжат болып бекітілді. Осы негізбен барлық Одақтас республикалар мeмлeкeттiк мəртебелерін белгілеп, қайта құрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негізіне сай қайта жүйелеп, бекітті. Сот құрылымдары да Бүкілодақтық Атқару комитетінде қаралып, бip жүйеге түсірілді. Одан кейін губерниялық соттар тұрды. Əpбip одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, КСРО Жоғарғы Сотына мəлімет бepiп, бip орталыққа бағынған заңдылық негізінде сот icін жүргізуді үрдіске айналдырды. Сөйтіп, КСРО-дағы барлық сот жүйесі одақтық маңызға ие болды.
Дегенмен, қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы жəне сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, əлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.
Яғни, қазақ елінің мыңдаған жылдардан бері ғасырдан-ғасырға ұласып келе жатқан мемлекеттік билігінде билер сотының алар орны ерекше. Шынайы халықтық үлгіде құрылып, ежелден елдік əдет-ғұрыпқа негізделген дəстүрлі құқық нормаларын берік ұстанған бұл сот жүйесі ұлттық санамыздағы ұзақ жылғы даму эволюциясында тек əділдік пен ақиқаттың айқын көрінісі ретінде мызғымай келген.
Сондықтан, Қазақ елінің билер соты барша жұрт алдында кəсіби жағынан əбден шыңдалған, тəуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді. Адал би - əділ би деген принцип содан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz