Мемлекет механизмінің түсінігі
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
1. Мемлекет механизмінің түсінігі
1.1 Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері.
1.2 Мелекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
1.3 Мемлекет механизмінің маңызды буындарының сипаттамасы.
2. Мемлекеттік басқару органдары және мемлекеттік қызмет
2.1 Мемлекеттік басқару органдарының кең мағынасы.
2.2 Мемлекеттік қызметтің кең мағынасы.
3. Қазақстан Республикасы Үкімет қызметінің конституциялық негіздері
3.1 Үкімет - атқарушы биліктің жоғарғы органы.
3.2. Үкіметтің құзіреті.
3.3 Үкіметтің сыртқы қызметі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекет және құқық теориясы пәнінен жасаған курстық жұмысымның тақырыбы Мемлекеттік органдардың мемлекеттердің ішкі және сыртқы қызметтерін жүзеге асырудағы орны. Мемлекет механизміне тоқталмас бұрын, жалпы тақырып бойынша түсінік беруге тырысайын. Мемлекет дегеніміз - бұл арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы. Мемлекетті әлеуметтік биліктен айыратын бірден бір белгі: бұқаралық биліктің болуы. Яғни, міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс. Себебі, бұқаралық билік - бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрме мен басқа да мекемелер.
Мемлекет тетігі -- мемлекеттің қызметін (функциясын), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында мемлекет тетігі және мемлекеттік аппарат түсініктері синоним ретінде колданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген оргаңдарды жатқызады, ал мемлекет тетігі түсінігіне мемлекеттік аппараттың материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары, түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінін, қоғамның өркениетті даму кезендерінде әр түрлі құрылымдары және қызметтері болған. Адам баласының коғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрған, мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің құрамдық және қызметінің әртүрлілігі, онын жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне -- қоғамды мемлекеттік басқару және оның негізін мүдделерін қорғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекетімізде 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңымыздың 1 бабында, елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық, егеменді ел ретінде орнықтыратыны жазылған. Сонымен қатар, Конституциямызда ерекше орын алатын орган ретінде - мемлекеттік аппарат саналады. Курстық жұмысымның мақсаты мемлекет аппараты, нысаны , қағидасы туралы нақты жауап беру.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Мемлекет механизмінің түсінігі
1.1 Мемлекет механизмінінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері.
Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің сипаты мен табиғаты, тікелей бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкілеттіктері, жұмыс нысандары мен әдістерімен ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Оларды комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын қанағаттандыруға,олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет механизміне ерекше көңіл бөлінген. Ол іс жүзінде мемлекеттік билікті жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қызмет - мемлекет механизмінің шексіз құқығы. Мемлекет саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құрылған мемлекеттің барлық органдарының, сондай - ақ биліктің ұйымдастырушылық және ұйымдастыру - мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине, бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан бір - бірімен өте жақын және көп жағдайда бір біріне сәйкес келгенімен, алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мыналар: мемлекеттік аппарат мемлекет механизмінің мемлекеттік қызмет принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да, мемлекеттік аппаратқа, мысалы жергілікті өкілетті органдар, қызметші болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын депутаттар кірмейді. Сөйте тұра, жергілікті өкілетті органдар, күмән жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.
Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі, оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің ( мемлекеттің) бір бөлігі бола отырып, олар бір біріне қарсы келмеулері керек. Керсінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі саладағы тіршлік - тынысын қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз етулері керек.
1
Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.
Сөйтсе де, мұндай бірлік әр түрлі мемлекеттік органдардың функцияларын араластыру мүмкіндігін білдірмейді. Ол олардың арасындағы құзіретті
тиімді бөлісуді жоққа шығармайды, болжайды. Мемлекет механизмінің әрбір буыны өзіне тиісті салада еңбекке айқын шек қою мен бөлудің негізінде қайталаушылыққа жол бермей, нәтежиесінде мемлекет алға қойған ортақ міндеттерді мемлекет қызметінің түрлі субьектілерінің күшімен орындап шығуды қаматамсыз ететіндей әрекет етуі тиіс.
Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап, түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз тармақтарының ( заң шығару, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен артық болмайды. Олар бір-бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істермен айналыса отырып, тек өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу теориясында ( Д.Локк, Ш.Л.Монтескье, Т.Джефферсон және т.б) негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің көптеген елдері конститутциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органда немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауының қажеттілігін; 2) бір биліктің басқа билікті функиясын орындау жолымен алмастыруына жол бермеуді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыруы мен қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
* Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың конститутцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын заңдылық принципі;
* Мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және олардың өзара қарым-қатынасы;
2
* Мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың, меңгерудің және бақылаудың принциптері;
* Мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпқойлық пен құзіреттілік шеңбері;
* Жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтежиесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұршылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;
* Мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.
Жоғарыда аталған принциптерді санамалап шығу-бүгінгі таңда мемлекет механизмінің қызметі ұйымдастырылып, толық жүзеге асырылды деген сөз емес. Сөйтсе де олардың маңызын кемітуге болмайды, өйткені олар мемлекет механизміне кіретін органдар мен лауазымды тұлғалар қол жеткізуге тырысатын жетістіктерге эталон ретінде қызмет етеді.
3
1.2 Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің алғашқы клеткаларының бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты
(егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халықты қамту) мемлекеттік органдардың сипатына өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында ерекше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықтары болса да, құзіреті басқа құрылымдардың құзіретінен қалай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Алайда, бірқатар мағынасы бар жоғарыда аталған нұсқаулармен шектеліп қалу жеткіліксіз, әйтсе де олар мемлекет органдарының ерекшелігін ашып көрсете алмайды. Соны анықтау мақсатында бірқатар ғалымдар мемлекеттік органдардың ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттік-билік өкілеттіктері туралы ережені ұсынды. Өздерінің басқару және ұйымдастыру қызметінде олар азаматтардың барлығына немесе белгілі бір категорияларына, лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға міндетті болатын билік сипатындағы жалпы немесе нақты ұйғарымдар беруге құқылы. Бұл ұйғарымдар аталған органның моральдық-қоғамдық беделіне ғана емес, мемлекеттік-мәжбүрлеумен қамтамасыз етуге де сүйенеді.
Мемлекеттік органдардың басқа сипатты белгілеріне мыналар жатады:
* Олардың әрқайсысының конститутцияның, заңдар немесе басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде құру;
* Мемлекеттің олардың әрқайсысының алдына қойған міндетінің ұйымдық құрылым мен құзіретінің ауқымына сәйкес келуі;
* Қызметтің олардың өздеріне ғана тән айрықша нысандары мен әдістерін пайдалануы.
4

Заң ғылымында мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін еместігі туралы қалыптасқан пікір дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан мемлекеттік органдарды топтастыру үшін басқа негіздемелер алынады. Олардың ішінде ең көп тарағаны-өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар 1) заң шығарушы және өкілді; 2) атқарушы; 3) сот органдары болып бөлінеді.
Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және және өкілді органдары белгілі бір дірежеде халықтық егемендікті бейнелейді. Сайлау процесімен халық сайлаған соң, олар өздерінің мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге халықтың өзінен мандат алған сияқты сезінеді. Әдетте, заң шығару функциясын мемлекет механизмінде негізгі органдардың бірін алып отырған парламент (кейде ол конгресс, сейм, фолькетинг, хурал, ұлы халық жиналысы және т.бдеп аталады) жүзеге асырады. Федеративті мемлекеттерде әдетте парламент екі палаталы, ал көптеген біртұтатас мемлекеттерде бір палаталы құрылымда болады. Бірақ, бұл қатып қалған заң емес, басқаша да болуы мүмкін. Парламент заң шығармашылығынан басқа бірқатар жалпымемлекеттік өкілеттіктерді де (мемлекеттік бюджетті және оның орындалуы туралы есепті бекіту, үкімет пен басқа атқарушы органдардың қызметіне бақылау жасау, мемлекеттің бірқатар органдары лауазымды тұлғаларын сайлау немесе тағайындау) жүзеге асырады, және соңғысының нақты көлемді бір елдің парламентінде ауқымды болса, басқаларында - шамалы.
Қазақстанда бір палаталы Жоғары Кеңестен екі палаталы Парламентке ауысу жүзеге асырылды, мұнда Мәжіліс пен Сенаттың өкілеттіктері бірдей емес, олар әр түрлі мәселелерде бірін бірі толықтырып, маңызды қоғамдық қатынастарды заңға сәйкес реттеуді қамтамасыз етіп отырады.
Жергілікті өкілетті органдар парламентпен бір реттегі жүйені құрайды, тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың өмірінінде маңызды рөл атқарады, бюджет мәселелерін шешеді және олардың орындалуы туралы есепті қарайды, жергілікті жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберінде реттейтін актілер қабылдайды.
Көптеген елдерде жергілікті өкілетті органдарға жергілікті өзін өзі басқару жүйесі бірігіп кеткен. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті өзін өзі басқару халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді өзі
5
шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. (ҚР-ның Конститутциясының 89-бабы).
Атқару органдарының қатарына мемлекеттік саясатты іс жүзінде дайындап, іске асыру, конститутция мен заңдар талабын іс жүзіне асыру міндеті жүктелген органдар жатады.
Үкімет және салалық орталық, сондай-ақ маңызды жергілікті атқарушы органдар мемлекет басшысына тікелей есеп береді және бақылауында болады, кейде оларды мемлекет басшысы тағайындайды және қызметінен босатады, толығымен дерлік соған бағынады. Сондықтан саяси-заң ғылымында мемлекет басшысы дәстүрлі түрде атқарушы органдар қатарына жатады, елдегі атқарушы вертикальдің шыңы болып есептеледі. Алайда соңғы кездері Қазақстанда және ТМД-ның бірқатар елдерінде президент билік бірлігін бейнелейді, билік тармағының үстінен қарайды, олардың қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді деген идея тарауда. Осы көзқарастардың алғашқысы, президент атқарушы биліктің басқарып қана қоймайтындығын, сондай- ақ мемлекет басышсы ретінде атқарушы биліктің шегінен шығатын бірқатар функцияларды (ол елдің қарулы күштерінің бас қолбасшысы болып табылады, Қазақстанның басқа елдердегі және халықаралық ұйымдардағы елшілері мен дипломатиялық өкілдерін тағайындайды және кері шақырып алады, кешірім жасау құқығы бар және т.б) жүзеге асырады. Екінші көзқарас президентті билікті бөлу шегінен шығарып жібереді. Бұл мәселе қосымша зерделеп, талдау жасауды қажет ететін сияқты.
Атқару органдарының жүйесіндегі маңызды орынды үкімет алады. Ол елді тікелей басқаруды жүзеге асыратын, министрліктер мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдарың қызметін біріктіріп және бағыттап отыратын мемлекеттің жоғары атқарушы және жарлықшы органы болып табылады. Үкімет құзіреті экономиканың, әлеуметтік саланың, мәдениетті, ғылымды, білім беруді дамытудың, бюджеттің орындалуының, ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асырудың, тәртіпті және азаматтардың құқығын қамтамасыз етудің, елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың көптеген мәселелерін қамтиды. Үкімет қаулы шығарады, ал Премьер-министр-мемлекет аумағында міндетті күші бар жарлық шығарады. Министрліктер мен ведомстввалар жекелеген салаларға немесе мемлекет өмірінің
6
салаларына басшылық етеді және мемлекет басшысы, парламент және үкімет алдында олардың жағдайына жауап береді. Олардың жалпы саны, бір бірімен ара қатынасы, атқаратын міндеті мен қызметі, мәртебесі мен өкілеттігі әр елде әр түрлі. Дара басшылық бастауында әрекет ететін префектуралар коммуналар, жергілікті үкіметтер, мэриялар, қауымдастық басқармалары жергілікті атқарушы органдар болып табылады. Қазақстанда жергілікті жерде әкімдер, олардың департаменттері және оларға бағынатын басқа да құрылымдар атқарушы органдар міндетін атқарады. Олар өздерінің әкімшілік-аумақтық бірлігіндегі істер жайында жауап береді және жергілікті жердегі түйінді мәселелерді шешеді. Жергілікті атқару билігінің бағыныстылығы былай: облыс әкімі Президентке, ал төменгі тұрған әкімдер жоғары тұрған әкімдерге бағынады. Оларды құру тағайындау жолымен жүзеге асырылады.
Сот органдары әділ сотты қылмыстық, азаматтық, шаруашылық нысанында, ал көптеген елдерде- конститутциялық сот өндірісі нысанында жүзеге асырады. 1995 жылдың тамыз айының соңына дейін Қазақстанда Жоғарғы сот басқаратын жалпы соттар, Жоғарғы төрелік сот басқаратын төрелік сот және Конститутциялық сол болды. Қазір жалпы және төрелік соттар Жоғары сот басқаратын бір жүйеге біріктірілді, ал Конститутциялық сол Конститутциялық Кеңеске орнын берді.
Сот органдарының қызметі мемлекеттегі конститутциялық құрылысты қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды, қоғамдық қатынастар субьектілерінің арасында туған дауларды заң негізінде шешуді қамтамасыз етеді. Бұл қызметтің ерекшелігі, заңмен белгіленген продедуралар мен ережелерді сақтай отырып, айырықша процессуалды нысанда жүзеге асыру болып табылады. Жаңа заманға сай мемлекеттер конститутцияларды соттың заң шығарушылар мен атқару билігінен тәуелсіз екендігін, әділсот функциясын жүзеге асырған кезде тек қана конституция мен заңға бағынатындығын, заң алдында барлығының тең екендігі принципін жүзеге асыратындығын, айыпкердің қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, кінәсіздің презумпциясын белгілеп берді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардан басқа мемлекет механизмінің құрамына сондай-ақ армия, полиция, түрмелер, барлау, қарсыбарлау, және биліктің басқа да кейбір ұйымдастыру-мәжбүрлек құралдары кіреді. Олар болмаса мемлекет өзінің алдында тұрған міндеттерің орындай алмайды. Мемлекеттің қандай да бір мақсатына қол жеткізу үшін мұндай билік құралдарының бар екендігі фактісі жеткілікті.
7
Ол тиісті нәтежие бермеген жағдайда, биліктің аталғанда, оның мемлекет механизміндегі өзінің сипатымен және табиғатымен, құрылымымен және адамдарының құрамымен, материялдық қамтамасыз етілуімен, қызметінің мәртебесімен және бағыттылығымен ерекшеленетін айрықша құрылым екендігі ескеріледі. Олардың әрқайсысының ішінде басқару огандары (қорғаныс министрлігі, әскер түрлері мен округтер комондованиелері, әскери комиссариаттар, командирлер және т.б) бар. Олар басқару, бақылау, ұйымдастыру-техникалық функцияларын орындайды, аталған билік құралдарының әрқайсысында тәртіп болуын қадағалайды, олардың қызметінің мемлекет алдына қойып отырған міндеттер арнасында болуын қамтамасыз етеді.
8

2.1 Мемлекеттік басқару органдары.
Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзіретке ие. Мемлекеттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзіреттік сипатына, тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді.
1. Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар (олардың қызметі бүкіл республика аумағында жүреді). Мұндай органға Қазақста Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар ( бұлардың да қызмет аясы республиканың бүкіл аумағына, бірақ нақты министрліктер- Экономика мен бюджеттік жоспарлау, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар, Әділет министрліктері шеңберінде ғана тарайды); агенттіктер ( мысалы, спорт және туризм жөніндегі агенттік және т.б); жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік-аумақтық құрылым-облыс; аудан; ауыл шегінде ғана жүзеге асады.
2. Құзіретінің сипаты бойынша мемлекетік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзіретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылардың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық-нақтысалалар бойынша басқарылатын (министрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, функциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда- (ведомствовалар) органдар болып бөлінеді.
3. Мемлекеттік басқару органдарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім берерді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады.
4. Мемлекеттік басқару органдарының қарауына жататын мәселелелерді шешу тәртібі алқалы (Үкімет) және жеке-дара (министр, агенттіктің, мемлекеттік комитеттің төрағасы) болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік басқару органдарының қаржыландыру көздері мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын (Үкімет, министрліктер) және басқару аппараты өздеріне қарасты құрылымдық бөлімшелері табыстары есебінен қаржыландырылатын қазыналық кәсіпорындар т.б болып бөлінеді.
9
6. Мемлекеттік басқарудың сан-салалы органдарына жетекшілік жасауды қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік
7. әкімшілік-аумақтық бөлінісіне орай Негізгі Заң мемлекеттік басқару органдарының жүйесін бекіткен. Конституцияға сәйкес мемлекеттік басқару органдарының жүйесіне атқару билігінің жоғары органдары, мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдары кіреді.
Атқару билігінің жоғары органдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жатады.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент жеті жыл мерзімге сайланады. Ата Заңдп Президенттің құзіретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.
Республика Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді.Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесінбасқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады.
Қазақста Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады.
Орталық басқару органдары дегеніміз-министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б бойыншабасқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республкасының агенттіктері- спорт және туризм, денсаулық сақтау және т.б нақты салалар бойынша басшылықты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеттері арнаулы функцияларды орындап, нақты салалар бойынша біріңғай саясатты қамтамсыз етеді. Олар ведомстводан тыс заңдық биліктік өкілеттікке ие және қызметін өздеріне бағынбайтын мемлекеттік басқару органдарына қатысты
10
жүзеге асырады. Комитеттер орындайтын міндеттер олардың атауларынан көрініс табады. Мемлекеттік мүлік саласы бойынша жеткілікті- Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет жүзеге асырады. Осы сияқты Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет инвестицияларға қатысты қызметті, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет өзіне қатысты атауынан көрініс табатын тиісті қызметтерді атқарады және т.б. Мемлекеттік комитеттердің қаулылары барлық министрліктермен өзге де басқару органдары үшін міндетті.
Республика Президентінің актілеріне сәйкес атқару билігінің орталық органдарының жүйесі тәртіпке келтірілген және олар қоғамдық қатынастардағы өзгеріске орай өзгеріп отырады. Мәселен, 1999 жылға дейін мемлекеттік комитеттердің басты міндеті болып келген қызметті 1999 жылғы Президент актісі негізінде қайтадан құрылған министрліктер мен агенттіктер атқарып келеді. Өз кезегінде олардың нақты құрылымдары департаменттері, комитеттері, басқармалары нақты айқындалған қызметтерді атқарады.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Жергілікті өкілді органдар-мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы-мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады.
Ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz