МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.МЕМЕЛЕКЕТТІК БИЛІК ТЕОРИЯСЫ
1.1.БИЛІК ТҮРЛЕРІ
1.2.БИЛІК БӨЛІНІСІ
2.МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ
2.1.ПРЕЗИДЕНТ
2.2.ПАРЛАМЕНТ
2.3.КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
3.МЕМЛЕКЕТТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
3.1.ҮКІМЕТ
3.2.ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Мемлекет теориясының барлық бағыттары мен мектептері мемлекетті құдіретті мемлекеттік билікте деп санайды,ол ұйымдастырудың нақты түрі және бірлігі бір немесе өзге де міндеттерді орындайды, мемлекеттің сыртқы және ішкі қызметі мемлекеттік билікті қолдану арқылы жүзеге асырылады дейді. Билікті ұйымдастыру, мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруда оны пайдалану жолдары кейініректе сөз етілетін болады. Бұл тарау мемлекеттік билік түсінігіне,билікті бөлістіруге, мемлекеттік биліктің тұтастығына, содай-ақ мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қазіргі тұжырымдарына арналады.
Мемлекеттік билік түсінігі Билік сөзі күнделікті әңгімеде және ғылыми әдебиетте жиі айтылатыны белгілі. Ұлы Абайдың өлеңдерінде де болыс болудың қиындығы, ұлы Жамбылдың шығармашылығындағы Сәт, Мәңке болыстарды іс-әрекеті, сондай-ақ басқа да ғұламалар, ақын-жазушылардың мұраларында да биліктің дәмі көп жазылуы да бұған дәлел бола алады. Бір қызығы, ата-ана, шаруашылықты басқару, аңдарды үйрету, табиғат заңдары билігі туралы айтып жатамыз. Орыс заңгері А.С. Алексеев өзіне еліктіріп әкететін сұлулық та, кемеңгерлік ой да, өркемдік дарын да бізге билігін жүргізеді дейді. Егер біз күнделікті күйбеңнен әңгіме арқауына айналып кететін билік терминінің мазмұна үңілер болсақ, оның неше түріне тап боламыз.Месопотамияның қыш жазбаларында, Индияның діни-философиялық ілімдерінде, көне грек және рим жазуларының шығармашылығында билік табиғаты туралы аз айтылған жоқ.
Бірақ олардың бәріне тән бір нәрсе - ол бөліп қарастырылмады, сөйтіп билік ұғымына шектен тыс күшпен ержүрек адамдарды, табиғи факторларды және қоғамдық билікті біріктіріп жіберіп отырды. Көне грек ойшылы Аристотельдің өзі қоғамдағы билік ерекшеліктері түсінігіне келгенде олардың ара жігін ажыратып бере алмай, биліктің тірі жанға ғана емес, өлі табиғатқа да қатысы бар деп санаумен шектелді.
Орта ғасырлық діни авторлар бірінші кезекте құдайдың үстемдігін қойды, ал биліктің адамдық нұсқасы ойдан шығарылған нәрсе деп есептеді. Қоғамдық әлеуметтік билік жазушыларының - Батыс Еуропадағы буржуазиялық ревалюця қарсаңындағы утопистер мен энцилопедистердің назарына да ілікті.Сөйтіп федалдардың билігін шексіз монархты құлатып, оны жаңа билікпен ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отырды.
Олардың шығармашылығында халық билігі көп сөз етіліп, бұл тұжырым сол кездегі конституцияларда да орнықты. Іс жүзінде шектеулі сайлау құқығы болады да, жолдамалы еңбекті қанауға тиісті шектеулер қойылмады, әлеуметтік бағдарламалар жоқ болып шықты. Саяси билік буржуазия қолында, оның олигархиясында болды, мұны қазіргі батыстың көптеген зерттеушілері де мойындап отыр, бірақ олар мұндай жағдай жалпыға бірдей мүліксіз шектеу сайлау құқығы енгізілгенге дейін ғана орын тепті, содан соң шын мәніндегі халықтық билік орнықты дейді. Қазіргі кезде қоғамдық билік мәселелері жөнінде орасан зор ғылыми әдебиеттер бар, Парижде Билік атты арнайы журнал шығады, қоғамдық билік проблемалары көптеген саясаттану, мемлекеттану, кейде құқықтану жөнінде шығаратын журналдардың өзекті мәселелерінеи айналып отыр.
Белгілі бір немесе өзге де қоғамдық-экономикалық формациядағы елдер тобындағы Германия, Қытай, Франция және басқалар билікті зерттеуде әртүрлі сапалық және сандық әдістер де қолданылады, мемлекеттік биліктің жекелеген институттары туралы арнайы кітаптар да шығарылады. Солай десекте, мемлекеттік биліктің жалпы түсініктері, сондай-ақ нақтылы мемлекеттегі биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселелер ішкі ағымдар секілді, әртүрлі ғылыми бағыт өкілдері арасында ең алдымен маркстік және маркстік емес күні бүгінге дейін дау туғызып келеді.Кейде ықпалдар, әсер етулер мен қоғамдық билік арасындағы айырмашылықтар жете ашып көрсетілмейді. Біздің пікірімізше, оны жануарлар, кейде жәндіктер ара, құмырсқа, т.б. арасындағы билік ара қатынастарынан көре білу дегеніміз әртүрлі құбылыстарды араластырып жіберу болып табылады, бұл жөнінде Н.М.Кейзеров те дұрыс жазған болатын. Мәселе оның ықпалы, әсер етуі, ұласуы туралы болып отыр. Мұның адамдардың кейбір қарым-қатынастарында да қатысы бар. Табиғи, құндылықты құбылысқа немесе адамдардың ерекше қасиеттеріне мәселен, сұлулыққа, шешендік өнерге негізделген ықпал біз күткендегідей мінез-құлықты мәжбүрлеу жолмен белгілеп бере алмайды, тек мінез-құлыққа түрткі себептердің бірі болып табылады. Ондай себептер көбіне кездейсоқ әсер етеді, билік ретінде оларды түйсінудің сәттерін ғана білдіреді.Қоғамдық, әлеуметтік билік азды-көпті тұрақтаған адамзат ұжымының өмір сүруімен байланысты ерікті қатынастармен сипатталмайды. Онда қашанда белгілі бір немесе өзге де мәжбүрлеу түрлері болады, ол ұжымның бірлескен қызметін басқару қажеттігіне қарай тереңдей береді. Бөтеннің еркін иеленудің түрі, мәжбүрлеу әдістері, әлеуметтік билікті жүзеге асырудың жолдары да әрқилы.
Осы заманғы ағылшын зерттеушісі П.Кальверт әр қаланың, фирманың, кәсіподақтық, тайпаның, және т.б. өз саяси жүйесі болады деп санайды.Бұдан саяси биліктің өз өзгешелігі болатыны және кез-келген адамдар бірлестігіне тән еместігі байқалады. Ұжымның, қоғамдық бірлестіктің, ұйымның корпоративті билігін саяси билікке теңестіруге болмайды. Аталған әлуметтік биліктің айрықша түрі болатын бір ғана сирек кездесетін ұжым болады, ол-әлеуметтік жағыннан бір-біріне сай келмейтін азды-көпті белгілі бір нақты географиялық шекте ел, қала, мемлекет,т. т.кейде көшпелі қауымдастықта, сирек жағдайда - күрес нәтижесінде отаршылардан азат етілген аудандарда бәрін бірдей сыйдыра алатын адамзат қоғамы. Таптық қарама - қайшылықты мұндай қоғам өз дамуының белгілі бір кезеңінде бой көтереді. Одан соң таптық қарама-қайшылықтар жойылып, қалтарыс күйде қалады немесе ғайып болады, онда да әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық байлығын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-техникалық ілгерілу жағдайындағы қоғамдық дамудың белгілі бір кезеңінде мемлекеттік дұрыс әлеуметтік реттеуші рөлі нәтижесінде болатынын атап айтқан жөн. Қоғамның әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмуіне мемлекет, мемлекеттік билік қоғамдағы бір-біріне сай келмейтін ұрымтал түрлердің мейлінше тігісін жатқызатын факторға айналады. Бірақ қоғамдағы айырмашылықтардың, соған орай қарама-қайшылықтардың қашанда қала беретінін де ескерген жөн. Кез-келген ұжым секілді, әлеуметтік жағынан бір-біріне сай келмейтін қоғамда басқаруды, басшылық жасауды қажет етеді. Түптен келгенде, бұл басшылық шын мәнінде өндіріс құралдарына иелік ететін таптың, әлеметтік топтың қолына жинақталатын бағытты ұстайды. Қандайда бір мөлшерде болмасын саяси билік бытырайды,көптеген мемлекеттерде негізінен әртүрлі әлеуметтік топтардың өкілдерінен тұратын орта тапқа тиесілі болып қалуы да содан.Саяси билік мемлекеттік билікпен етене байланысты. Қалыпты жағдайда,егер революциялық қос өкімет жоқ болса немесе әңгіме көтерісшілердің отаршылардан азат еткен аудандары туралы болып отырмаса саяси билік өзінің жалғасын мемлекеттік биліктен табады, ал соңғысы саяси билікті жүзеге асырудың басты да шешуші, әдеттегі тәсілі болып табылады. Бұл жерде біріншісін екіншісінен айыра білу керек.
Тақырыптың өзектілігі:
Курстық жұмысымның мақсаты:Мемлекеттік билік,мемлекеттік билік органдары және мемлекеттік басқару органдарың түрлерің жіктеу.
Мемлекеттік билік-тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп,өз жәрдемімен өзге бір ұйым,мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі,мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.
Курстық жұмысымның құрылымы:жұмыс кіріспе бөлімнен,3 негізгі бөлімнен (әр бөлім екі немесе үш тақырыпшалардан),қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.Негізгі бөлім жиырма үш беттен тұрады.
1.МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ТЕОРИЯСЫ
1.1.БИЛІК ТҮРЛЕРІ
Билік ұғымы түрлі мағынада қолданылады. Мысалы, ата-аналар билігі, экономикалық, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік т.б. Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті.
Саяси билік мемлекеттік және қоғамдық деп бөлінеді. Мемлекеттік билік саяси институттар парламент, үкімет,сот органдары т.б. тәртіп сақтау органдары полиция, армия, прокуратура т.б. және юридикалық база арқылы қамтамасыз етіледі. Қоғамдық билік партиялық құрылымдар,қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық пікір арқылы қалыптасады. Саяси билік негізінен екі нысанда формада өмір сүреді: ресми жария билік және ресми емес жария емес билік-ықпалды топ,адамдардың, қысымшы топтардың билігі.
Билікті жіктеу түрлері-қызмет атқару саласы бойынша: саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, заңдық, зайырлы, діни билік; субъектісі бойынша: парламенттік, үкіметтік, соттық, таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билігі; төтенше құзырларының көлемі бойынша: мемлекеттік, халықаралық, отбасылық билік және т.б.; басқару режимі бойынша: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық т.б.; әлеуметтік түрі бойынша: құлиеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік билік және т.б.; ресурстары бойынша: экономикалық, әлеуметтік, рухани-хабарламалық; функциясына қарай -- заң шығарушы, атқарушы, сот. Билік ұғымы түрлі мағынада қолданылады.Мысалы, ата-аналар билігі, экономикалық, мемлекеттік, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік т.б.
Биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік деп жеке адамның, топтың, таптың т.б. саясатта өз еркін жүргізе алу қабілеті. Саяси биліктің ең жоғарғысы, ең толық дамыған түрі, оның өзегі -- мемлекеттік билік. Бірақ мемлекеттік билік пен саяси билік тең емес. Кез келген мемлекеттік билік -- ол саяси билік, ал кез келген саяси билік бұл мемлекеттік билік бола бермейді. Саяси биліктің ауқымы мемлекетік билік ауқымына қарағанда кеңірек. Мемлекеттік билікке -- белгілі бір аумақтағы барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО) сияқты саяси жүйенің басқа да элементтері арқылы да көрінеді.
Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері:ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізілетін билік;мемлекетік билік өзінің арнайы күштеу аппартына сүйенеді;мемлекеттік билік монополиялық сипат алады.Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің субъектісі мен билікке иелік етуші деген ұғымдарды ажырату қажет. Биліктің субъектісі бұл іс-әрекетті жасаушы.
Объектіге ықпал етуші жеке адам,әлеуметтік топ,тап,партия,мемлекет. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілділік береді. Олар билікті қолданушы, иелік етуші болып есептеледі, яғни субъект билікті иелік етушілер арқылы жүргізеді. Алайда тәжірибеде, тұрмыстық санада, кейде теориялық деңгейде саяси билікті қолданушылар ролі жоғары қойылады. Мұның себебі, билік субъектілері әлеуметтік қатынастарға тікелей ықпал жасай алмайды, ықпал тек нақтылы әдіс, құрал арқылы жасалады. Осыдан биліктің түрі, құралы, әдісінің ара-жігі бірігіп, халық оларды ажырата алмай жатады. Осыдан келіп саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға басқаның табынуы келіп шығады, оны саясаттануда билік фетишизмі дейді. Одан адамның әлеуметтік мәні төмендейді, саяси нигилизм туады, саяси енжарлық, адамның биліктен шеттетілуі пайда болады. Биліктің маңызды сипаттамасының бірі -- оның нәтижелілігі, яғни биліктің өз міндеттері мен функцияларын орындау дәрежесі. Биліктің нәтижелілігі оның легитимділігіне латынның legitimus -- заңмен келісілген, заңды деген мағынадағы сөзінен байланысты. Легитимдік терминін ғылыми айналымға неміс ғалымы М.Вебер енгізді. Оның айтуынша, кез келген билік өзін-өзі ақтауды, мойындауды, қолдауды қажет етеді. Легитимдікте азаматтардың биліке қатынасы көрінеді. Биліктің легитимдігі көбінесе заңдылығы деп аударылады деп -- билікке халықтың, көпшіліктің сенім білдіруін, оны мойындауын, құрметтеуін айтады. Легитимдік халықтың билікпен келісімін білдіреді,яғни халықтың биліктің шешім қабылдауға құқығын ерікті түрде мойындауы. Легитимдіктің дәрежесі төмен болған сайын, билік күшке жиі жүгінеді.
Легитимдіктен биліктің жариялылығын айыру қажет. Бұл заңдық ұғым, яғни биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі. Мысалы, президенттің билігі заңды, себебі ол заңды түрде сайланып, өз өкілеттілігін орындауда заңға сүйенеді, монарх билігі заңды, себебі тақты мұрагерлік жолмен иелену тәртібі бұзылған жоқ. Билік әрі жария, әрі заңды легитимді болмаса, онда бұл билік тұрақсыз, мысалы, заңды түрде сайланған билік өзінің уәделерін орындамай, оның жүргізген сәтсіз экономикалық бағыты халықтың тұрмысының төмендеуіне әкелсе, мұндай билік қоғам тарапынан қолдауынан айырылуы мүмкін. Мұны биліктің делегитимдігі дейді. Сонымен бірге жария емес билік заңсыз түрде билікке келген ақталып, халықтың қодауына ие болуы мүмкін, мысалы буржуазиялық революциялар барысындағы монархияның құлатылуы, Ресейдегі 1917 жылғы революция. Бұларда бұрынғы заңды тәртіптерді бұзған жаңа билік, ақырында өзінің легитимдігіне қол жеткізді. Кез келген билік жария да, заңды да болуға ұмтылады.
1.2.БИЛІК БӨЛІНІСІ
Билiктeрдi бөлу идеясының өте ертеде пайда болғaнын айту керек. Мысалы, XVIII ғaсырда Ш.Монтескье корольдер мен феодалдардың шексiз билiгiн шектеу тәсiлдерiн ойластырып,билiктi негiзгi белгiлерi бойынша: заң шығару, атқару және сот билiктерi сияқты үш тapaмғa бөлудi дәл ұсынған болатын және бұл тарамдар тең өкiлетке ие болып, бiр-бiрiне теуелсiз болуға тиiс. Билiктiң бiр адамның қолына шоғырлануы адам бостандығынa қайшы келiп, сөзсiз заңсыздық жолдарға апарады да, заңның жоғарылық мәртебесiн бұзады.Егер coттap тек соттап қана қоймай, сонымен бiрге заң шығарушы да болса, онда адамдар өмipi озбыр әрекеттердің құбанына айналады да, билiктiң үш тapaмының бiртұтас болып бiрiгyi қаталдық болар eдi деп көpceттi Ш.Монтескье.Билiктiң бөлiнyiнен Ш.Монтескье заңсыздықтaр мен билiктi тepic пайдаланудан қаyiпсiз болудың кепiлiн көpдi. Ш.Монтескье прогрестiң болуына сенiп, оны саяси бостандықтың орнауымен байланыстырды. Бiздiңше, ол Ұлы Сәуегей болып шықты. Саяси бостандық, - деп көpceттi Ш.Монтескье, - экономиканың, өнepкәciптің, сауданың дамуына ықпал жасaйды. Ол сөз, баспасөз, ар-ождан бостандықтaры идеяларын негiздедi. Бiздің ойымызша, билiктi бөлудiң монтескьелiк теориясы буржуазияның абсолютизммен, монархтардың, феодалдардың, жоғaры дiн иелерiнiң, т.б. озбырлықтарымен күpeciндe прогрессивтiк рөл атқарды. Билiктердi бөлу принципінің ең aлғaш өзiнiң заңды көpiнiciн AҚШ Конституциясында, Ұлы Француз революциясының конституциялық құжаттaрында тaпқaнын айту керек. Қазiргi уақытта дүниежүзi елдерінің басым көпшiлiгiнде билiктeрдiң бөлiнyi заңды түрде бекiтiлгeн. Бұған қоса айтар жайт, билiктi бөлyдiң және олардың өкiлeттiлiгiн шектеудiң әр түрлi елдерде өзiндiк ерекшелiктeрiнiң болуы.Алайда, билiк тарамдарының әрқайсысының өзiнiң өкiлeттiлiктeрiн өз бeтiнше тиiмдi түрде iскe acыpyға мiндeттi, ал барлығы бiрге бiр-бiрiне қолдау жасай oтыpып, жеке aдaмдapдың, xaлықтың мүдделерiн, қоғамдық прогресiн, әдiлeттiлiктi қамтамасыз eтyгe тиiс.Осыған бaйлaнысты, биліктің әр тарамының билiктiк өкiлeттiлiктeрдi iскe acыpyындaғы мiндeтi мен орны қандaй деген сұрақ туады. Билiктiң бiрiншi тарамы - заң шығарушы билiк.
Бұл тарау конституция мен құқық жоғарылылығының принциптерiне негiзделедi де, еркін сайлау жолымен қалыптасады.3аң шығарушы билiк тарамы Конcтитyцияға түзетулер енгiзедi, мемлекeттің iшкi және сыртқы саясатының негiздерiн белгiлейдi, мемлекeттiк бюджeттi бекiтедi, барлық атқарушы органдар мен азаматтaр үшiн мiндeттi заңдар қабылдап,бұлардьң орындалуын бақылайды.Демократиялық мемлекеттерде заң шығaрушы билiктiң алып жүрyшiсi екі немесе бiр палатадан тұратын парламент болып табылады. Билiктeрдi бөлу саясаты дүниежүзi елдерiндегi билiк құрылымын одан әpi жeтiлдiрудiң бiрiншi кезектегi меселелерiнің қатарында тұрады. Билiктi бөлу тікелей де, көлденең де жолдармен iскe асыpылады. Билiктiң тікелей бөлiнyi дегенiмiз - билiктiң әр түpлi деңгейдегi мемлекeттiк басқару субъектiлерi apacындaғы бәрiнен бұрын, жалпы ұлттық орталық және жергiлiктi басқару деңгейлерi apacындaғы бөлiнyдi айтады.
Орталық пен билiктiң жергiлiктi органдары apacындa аралық деңгейлер, мысалы аймaқтық деңгей сияқтылар болуы мүмкiн. Мұндай жағдайда аймақ облыс, өлке, қала конституция арқылы орталық үкiмeт қиянатынан сақталатын билiкпен қамтaмасыз eтiледi. Билiктiң мұндай жүйесi федералдық құрамалық жүйе деп аталады. Егер де билiктiң аймақтық деңгейi жоқ болса, я орталыққа тәуелдi болса, oнда билiктiң бұл жүйесi, бiрыңғай жүйе деп аталады. Мысалы, АҚШ-та, Индияда, Ресейде билiктiң федералдық жүйесi, ал Англияда унитарлық жүйесi opнaғaн.
Ал, билiктiң көлденең жолмен бөлiнyi бiрдей деңгейде тұрған мемлекеттiк басқару субъектiлерi арасында жүргiзiледi. Бұл жағдайда билiк заң шығaру, атқару және сот сияқты үш билiк тарамдары apacындa бөлiнедi. Oсыған байлaнысты айтар жайт билiктeрдiң бiрiгyiне жол беруге болмайды.
Мысалы, заң шығарушы және атқарушы билiк жүйелерінің бiрiгyi заңның жоғaрылығын бұзады. Егерде coттap соттап қана қоймай, сонымен бiрге заң шығаратын болса, онда адамдар өмipi заңсыздық әрекеттердің құрбаны болады.
Демократиялық, өркениеттi елдердiң саяси тәжiрибесi билiктeрдiң бөлiнyiнiң жөндi eкeнiн көpceтeдi. Ал мұның өзi мына темендегiдей себептeрмен: бiрiншiден - билiктiң әрбiр тармағына, әрбiр мемлекеттiк органның мiндeттepi мен қызмет бабын және жауапкершiлiгiн анық бeлгiлеу, өзара бақылауды iскe асыру, мемлекeттiк басқару opындapындағы іс-әрекеттердiң бiрлiгiне жетуге және қайшылықтарды жеңу процесiнде қоғaмдағы өскелең тең салмaқтылықты қолдаyғa көмeктeceтiн, тыйым салулар мен қарсы тұрушылықтың жүйесін құру қажеттiлiгiмен; екiншiден - билiктi тepic пайдалануды, диктатураны, тоталитаризм мен aвтoритаризмнің opнayын алдын ала болдырмау қажeттiлiгiмен; үшiншіден - билiктeрдi бөлу принципiн жүзеге асыру негiзiнде жеке тұлғaлардың өзiндiк бағалылығы тұрғысынан aлғaндa билiк, бостандық, заң, құқық, мемлекет және қоғам сияқты қоғaм өмipiнiң қайшылықты жақтарын үйлесiмдi бiрiктiру мүмкiндiгiмeн шаpттaлғaн. Алайда, билiк тарамдарының әрқайсысының өзiнiң өкiлeттiлiктeрiн өз бeтiнше тиiмдi түрде iскe acыpyға мiндeттi, ал барлығы бiрге бiр-бiрiне қолдау жасай oтыpып, жеке aдaмдapдың, xaлықтың мүдделерiн, қоғамдық прогресiн, әдiлeттiлiктi қамтамасыз eтyгe тиiс.
Осыған бaйлaнысты, биліктің әр тарамының билiктiк өкiлeттiлiктeрдi iскe acыpyындaғы мiндeтi мен орны қандaй деген сұрақ туады. Билiктiң бiрiншi тарамы - заң шығарушы билiк. Бұл тарам конституция мен құқық жоғарылылығының принциптерiне негiзделедi де, еркін сайлау жолымен қалыптасады.
3аң шығарушы билiк тарамы Конcтитyцияға түзетулер енгiзедi, мемлекeттің iшкi және сыртқы саясатының негiздерiн белгiлейдi, мемлекeттiк бюджeттi бекiтедi, барлық атқарушы органдар мен азаматтaр үшiн мiндeттi заңдар қабылдап, бұлардьң орындалуын бақылайды. 3аң шығарушы билiк тарамының жоғaрылығы құқық принциптeрiмен, конституциямен, адам құқықтарымен шектелген.
2.МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ОРГАНДАРЫ
Аталатын өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті -- мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті -- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Қазақстан Республикасының Парламенті -- Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан -- Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы -- Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы -- Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының Үкіметі -- атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады. Сот билігін -- сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді.Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған.Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.
2.1.ПРЕЗИДЕНТ
Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Республиканың Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi.Республика Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және үкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жетi жыл мерзiмге сайлайды.Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрі Қазақстанда кемiнде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi. Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрінiң қатысуымен өткiзiледi. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi.Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрінiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.Республика Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының Президентi: Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;Республика Парламентiне кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретiн антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бiрлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күнi iшiнде қол қояды, заңды халыққа жария етедi не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн қайтарады;Парламенттiң келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдiң ұсынуымен Республика Үкiметiнiң құрылымын белгiлейдi, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкiмет құрамына кiрмейтiн Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкiмет мүшелерiнiң антын қабылдайды, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкiмет отырыстарына Төрағалық етедi; Үкiметке заң жобаларын Парламент Мәжiлiсiне енгiзудi тапсырады; Үкiметтiң және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкiмдерi актiлерiнiң күшiн жояды не толық немесе iшiнара тоқтата тұрады;Парламенттiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады;Парламент Сенатының келiсiмiмен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады;Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Төрағасын және екi мүшесiн бес жыл мерзiмге қызметке тағайындайды;Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне бекiтедi;Республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;келiссөздер жүргiзедi және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекiту грамоталарына қол қояды; өзiнiң жанында тiркелген шет мемлекеттердiң дипломатиялық және өзге де өкiлдерiнiң сенiм грамоталары мен керi шақырып алу грамоталарын қабылдайды;Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;Республиканың мемлекеттiк наградаларымен наградтайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi;Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады;Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қатер төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламентi Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейiн Республика Парламентiне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкiл аумағында және оның жекелеген жерлерiнде төтенше жағдай енгiзудi, Республиканың Қарулы Күштерiн қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететiн шараларды қолданады;
Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде әскери жағдай енгiзедi, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентiне дереу хабарлайды;Өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Хатшысын қызметке тағайындайды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz