Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2.Түрлі ауруларда кәсіби ауланатын жабайы жануарлар сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Кіріспе
Адам тамағында құс еті мен жабайы жануарлар етінің де маңызы зор. Кең байтақ республикамызда елік, қарақұйрық, қоян және көптеген күс түрлері көптеп ауланады. Жабайы жануарлар мен құстардан бағалы еттен басқа жеңіл өнеркәсіпке қажетті құнды шикізаттар алынады.
Жабайы жануарларды аулау, етін мүшелеу, тасымалдау көп-теген жағдайда ветеринариялық-санитариялық талаптарды толық сақтауға мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты жабайы жануарлар өнімдері адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін. Яғни, ветеринарлар аурудың алдын алу үшін, оларды сараптаудың ерекшеліктерін жете меңгеруі қажет.
Жабайы жануарлар мен құстарды республика аумағында аулаудың ережесі рұқсат еткен белгілі бір мерзімде жүргізіледі. Кәсіптік жануарларға тұяқтылар (бұғы, бұлан, бөкен, тау және қыр арқары, құлжа, киік, қарақұйрық, елік, жабайы құлан); кеміргіштер (қоян, тағылан (дикообраз), құндыз, саз құндызы); жыртқыштар: (қоңыр қара және ақ аю, борсық), сондай-ақ арман, дала, батпақты мекендейтін және суда жүзетін жабайы құстарды (қара құр, ақ, сұр және тас кекілігі, вальдшнеп, жылқышы тәріздес орман құсы, дуадақ, қырғауыл, безгелдек, тауқұдірет, балшыншы үйрек пен қаздардың барлық түрлерін және т.б.) жатады. Жергілікті халықтың әдет-ғұрпына байланысты поляр қасқыры, ақ түлкі және басқа жануарлардың етін тағамға пайдаланады.
Жабайы жануарлардың майын (аю, борсық, су құндызы, суыр, саршұнақ) ішкі сауда объектілерінде сатуға рұқсат етеді. Бірақ, әкелінген майдың осы айтылған жануарлардан екенін растайтын жергілікті ветеринар берген анықтама болуы керек. Аңшылықты мылтық, кіші калибірлі мылтық және басқа, иір ойықты мылтықпен жүргізеді, жабайы жануарлардың ізіне түсіп атып алу үшін әр түрлі көлік пайдаланылады. Жабайы жануарларды аулауға пневматика-лық мылтық, улы химикатты пайдалануға рұқсат етілмейді, тек,қасқыр, саршұнақ, аламан, тышқан тектес кеміргіштерді, ал індет пайда болғанда түлкі және жанат тектес иттерді қырып-жоюға улы химикаттарды пайдалануға болады.
Аң құлататын шұңқыр, қысатын қондырғылар, үлкен қақпан сияқты жалпы қауіпті аңшылық саймандарын пайдалануға болмайды. Аңшылықта тұзақ, итарқа, ілгекті пайдалануға, мұздақ, қалың қар, жылтыр мұзбен айдауға, тұяқты малдар мен пайдалы құстарға қақпан құруға, жануарлардың шоғырланған жеріндегі шөпті өртеуге, автомотокөліктерді, ұшақ, тік ұшақ (қасқыр аулағанда пайдаланады) кішкене кеме және моторы жұмыс істеп тұрған қайықтың шамымен судан өтіп келе жатқан жабайы жануарларды атуға рұқсат етілмейді. Апатты жағдайда (дауыл, өрт, тасқын су, ашыққан, көк тайғақ) жабайы жануарларды, сондай-ақ ұша алмайтын құстың балапанын және түгі түсіп жүрген үшпайтын ересек құстарды аулауға болмайды.

Негізгі бөлім
Жабайы жануарлар түріне қарай, етінің сезімдік белгілері, морфологиялық және химиялық құрамы, дәмі және аспаздық қасиеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жас жануарлар ересектерімен салыстырғанда майы аз, борпылдақ дәнекер ұлпасы көп. Жабайы жануарлар майы тері асты, жамбас қуысы, белдеме, бүйрек маңайында, ал өте қоңдыларында денесінің басқа бөліктерінде жиналады. Кейбір жануарлар (суыр, қоян) етінің майы аз болады, демек арық келеді, ал басқа біреулерінің майы көп болады (аю, терістіктің бұғысы, жабайы шошқа). Ет және оның талшықтарының арасында май болар-болмас болғандықтан еттің мәрмәрлігі шамалы.
Көптеген жабайы жануарлар еті терісін сыпырған кезде қызыл түсті болады. Кейіннен миоглобин әсерінен ет тотығып, қараяды, түсі көкшіл және көкшіл күлгінденеді.
Бұлан еті күңгірт-қызыл түсті, тілгенде ет талшықтары тұр- пайы, түсі біркелкі, сыртқы жағынан нағыз және мықты шандыр- мен жабылған, май қатпарлары жоқ, Төстік, белдеме және жамбас қуысында аздап майы болады.
Терістік бұғысының еті бозғылт қызыл немесе қызыл түст. Ет Ет талшықтарының арасында май көп кездеспейді. Майының түсі ақ. консистенциясы нығыз.
Бөкен еті ашық-қызыл түсті, ауада текараяды. Ет талшықтары ірі келеді, аралығында майы жоқ. Ал, ұшасының аздап майы болады, Етінің түсі мен қансыздану дәрежесі бөкенді қандай әдіспен олжалағанына көп байланысты .
Аю еті көкшіл-күлгін түсті, күңгірт-қызыл болады, консис- тенциясы нығыз, талшықтары ірі, құрғақтау, етінің аралығында дәнекер ұлпалар көп. Аю ұшасының бет жағында майдың қалың қабаты болады, оның салмағы күзге қарай 30-35 килограммға жетеді.
Борсықтың еті бозғылт-қызғылт түсті, өзіне тән исі бар, ет талшықтары жіңішке, ет талшықтарының аралығындағы дәнекер ұлпасы болбыр және нәзік. Ет ташықтарының арасында майы мол, осыған байланысты еті мәрмәрлі келеді.
Саз құндызы етінің түсі қоян етіне ұқсас. Талшықтары жіңішке, нәзік және майлы.
Жабайы шошқа еті - ашық қызыл түсті, кейде күңгірт - қызыл қатты, консистенциясы нығыз. Қабан етінің талшықтары ірі келеді өзіне тән исі болады және дәмі жағымсыз. Жылға толмаған торай ының ет талшықтары жіңішке, еті нәзік, хош иісті, шырынды келеді. Майы әдетте тері астына, бүйректерінің жанына, сиректеу ет талшықтарының аралықтарына жиналады.
Арқар (қарақұйрық, муфлон, арқар және т. б.) еттері күңгірт
қызыл, ұсақ түйірлі, жіңішке талшықты, шырынсыздау немесе қаттылау (жасына байланысты) келеді. Ет талшықтарының арасын- да жұқа қатпарлы майы бар.
Қоян еті - күңгірт-қызыл түсті, біркелкі қаттылау, құрғақтау, консистенциясы нығыз. Жас қоян еті нәзік. Бүйрек айналасына жиналған майы ақ түсті.
Қодас еті - күңгірт-қызыл түсті, оның дәнекер ұлпасы көп, тұрпайы, талшықтары ірі, май қабаттары жоқ. Пісіргеннен кейін, құрғап қатайып кетеді.

2.1.Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін тексерудің ерекшеліктері
Үй жануарлары тәрізді жабайы жануарларды сояр алдында ветеринариялық тексеру мүмкіндігі жоқ.
Бұл орайда сол жердің эпизоотологиялық жағдайын білген жөн, үй жануарлары ауырған жұқпалы және инвазиялық аурулармен жабайы жануарлар да ауырады. Аңшылардан кәсіби ауланатын жабайы жануарлардың жүріс тұрысы, құлқы туралы мәлімет жинаған да абзал.
Сойғаннан кейінгі тексеру жабайы жануарлар сойыс өнімдерінің сапасын анықтаудағы негізгі әдісі. Жабайы жануарлардың ұшасы мен мүшелерін ветеринариялық санитариялық бағалау cy оларды дайындаған жерінде, сақтағанда, сатқанда, темір жол, су жолы және басқа көліктермен тасымалдағанда жүргізіледі. Тексеруді терісін сыпырмастан бұрын және ушаны толық мүшелегенге дейін жүргізген абзал. Терісін сыпырғаннан кейін ұша, бас, өкпе, жүрек, көк бауыр және бүйректерін, ал аулаған жерде ішек қарындарын тексереді. Әрине, толық тексеруге көп жағдайда мүмкіндік бола бермейді. Ірі жануарлар ұшасын тексеруге бөлшектеп (жарты ұша, төрттен бірі) әкелуге болады. Жабайы құстарды бір-бірінен ажырату үшін тексеруге қауырсындарымен әкеледі. Атып алынған жабайы жануарлардың ішкі мүшелерін жылдың жылы мезгілінде 2 сағ, ал салқын мезгілінде 5 сағ дейін ұшадан алу керек. Орман жабайы құстарының ұшасын қыс кезінде ішін жармай тексеруге әкелуге болады. Сүтқоректі жабайы жануарлар мен қанатты құстардың еті мен мүшелерін тексеру әдістері, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін және аулау әдісін ескере отырып, сойыс малдарын сараптаудың ережесіне негізделген. Мысалы, бұғыныүшасы мен мүшелерін, ірі қара малдың ұшасы мен мүшелерін тексеретін әдіспен қарайды. Жабайы шошқаны үй шошқаларының ұшасын тексергендей қарайды, құстарды үй құстары сияқты әдіспен тексереді. Әр түрлі себептермен өлген, тағамға жарамсыз жабайы жануарлар етін сараптағанда, өту себебін анықтау керек (үсіген, уланған). Атып алған жануарда оқтан болған жарақаттың ерекше белгілері бар, жара айналасындағы ұлпалар қанталаған. Ал, малды өлгеннен соң атқанда (алдамшы) жараның айналасы қанталамайды. Тұзаққа түскен құстың, қысылған жері іседі және қанталайды, қоянның тұзақ қысқан жерінің жүні үрпиіп кетеді де, тері астына қан құйылады. Басымен тұзаққа түскен ірі жануарлардың басы қатты ісіп кетеді. Атып алған жануардың және құстың ұшасы мен мүшелерінің қансыздануы қанағаттанарлық, кейде нашар болады, ал тұзақпен ұстағанда немесе улы зат қолданғанда қансызданбайды, демек ұшадағы белгілер, өлексеге ұқсап, барлық ішкі органдары мен қаңқа бұлшықеттері қанға толы болады. Ұзақ уақыт жатып қалса шелінде (тері асты) сірі қабықтарында және ішкі мүшелерінде қан тұрып қалады. Әдетте бұндай жерлері көкшіл-қызыл түсті, ұшаның жатқан жағынан (төменгі) кездеседі. Жабайы жануарларды аулау әдістерімен пайдаланғанда ұшаны уақытымен мүшелемейді, терісін сыпыру және ішкі мүшелерінен тазарту да кешігеді, кәсіптік үдерістермен байланысты патологиялық өзгерістер де байқалады, атап айтқанда, ұшасында оқтан болған көлемді жара, сүйектерінің көптеп сынуы, қанталау, зорыққаннан өкпесінің ісуі кездеседі. Нашар қансыздандырылуына байланысты еттің ылғалдылығы артады, яғни, микрофлораның тез өсіп-өнуіне жағдай туады, осыдан барып бұндай ет сақтауға келмейді, тез бұзылады. Ұшаны мүшелеудің сапасы мен еттің иісін анықтаудың маңызы зор. Ішек-қарыны кешігіп алынған және мылтық оғынан оның зақымдануынан құрсақ қуысында нәжістің иісі білінеді. Етті қайна- тудың маңызы зор.
Бұлан, бұғы, жабайы шошқа, еліктің ұшалары цистицеркозға тексеріледі, ал талғаусыз қоректенетін жануарлар және еткоректілердің (жабайы шошқа, аю, борсық, саз құндыз, итбалық) етін трихинеллезге тексереді. Үша мен ішкі мүшелерінен себебі белгісіз патологиялық анатомиялық өзгеріс табылса, оларды кәдеге жара- тады немесе жояды. Оқтан болған көлемді жарақатта сүйектері көп сынып, оның айналасындағы ұлпалар бұзылғанда абцесс, іріңді жара, флегмона табылып немесе азғындаған, түсі өзгерген, жағымсыз иісті жабайы жануарлар және қанатты құстар етін кәдеге жаратады.

2.2.Түрлі ауруларда кәсіби ауланатын жабайы жануарлар сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Үй жануарлары сияқты, жабайы жануарларда да көптеген аурулар кездеседі. Атып алған жануарларда көбіне созылмалы ауруларға тән патологиялық өзгерістер байқалады, ал жіті түрімен ауырғандары өліп қалады немесе жыртқыштарға жем болады. Тағы немесе жабайы жануарлар мен құстардан елік, марал, қырғауыл, көгершін, жабайы қаз, үйрек туберкулезбен жиі ауырады. Қоянда, ұсақ жәндіктер, қырғауыл және көгершінде паратуберкулез кездеседі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал тұқымы
Сатылуға түскен қой ұшасы мен ішкі мүшелерінің сапасын ветеринарлық-санитарлық сараптау және сапасын бағалау
Жабайы жануарлар етін ветеринариялық - санитариялық сараптау кезіндегі ұйымдастыру жұмыстары
Ұшаны ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық-сантариялық сараптауды ұйымдастыру және тексеру әдістемесі (Базардағы ВССЛ)
Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Инфекциялық аурулар
Қазақтың ұлттық жылқы етін ветеринарық санитариялық сараптау және бағалау
Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы
Жабайы жануарларды сойғаннан кейінгі ішкі ағзалар мен ұшаны зерттеу ерекшеліктері
Бруцеллезді балау әдістері туралы
Пәндер