Мал шаруашылығы өнімдерінің экологиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.Атмосфералық су ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.2.Жер бетіндегі сулар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3.Жер асты сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.4.Судың санитариялық-биологиялық көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 11
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Кіріспе
Су кешенді табиғи байлық болып табылады және дүниежүзілік мұхит (94%), жер асты суы (4%), мұз бен қар (2%), өзен, көл және батпақ суларынан тұрады. Барлық су қорының (1,5 млрд км ) тек 2 пайызы ғана тұщы су үлесіне тиеді.
Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жануарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі санитариялық орны жан-жақты көрсетілген.
Мал шаруашылығының ерекшелігі оған күнделікті судың қажеттігі. Сондықтан мал мен мал кәсіпорындарының сумен сенімді түрде тұрақты қамтамасыз етілуі. Тағы да бір ерекшелігі - мал шаруашылығы көбінесе елді мекендерге арналған су жүйелерін пайдаланатындықтан оның суға деген сұранысының сол елді мекендердің сумен қамтамасыз ету дәрежесіне тәуелділігі. Ал республикамызда ауылдағы көптеген (7 мыңнан астам) елді мекендерде судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі байқалып отыр. Мұндай жағдайдың басты себебі - көптеген пайдаланып отырған су құбырларының ескіруіне байланысты санитариялық талапқа сай емес. Осыған байланысты елімізде қабылданған ішетін су салалық бағдарламаның іске асуы, біріншіден, ауылдағы елді таза әрі сапалы сумен керекті мөлшерде қамтамасыз етуімен қатар мал шаруашылығының да суға қажеттілігін арттыруға бағытталған.
Мал шаруашылығы орындарына арналған су жүйелеріне негізгі талап барлық өндіріске қажет су мөлшерін толығымен қамтамасыз ету. Атап айтқанда, күнделікті керек су мөлшері мал ішуге және санитариялық-гигиеналық шараларды іске асыруға кететін судан тұрады. Бұл арада пайдаланатын су мөлшері малдың түріне, жасына, өнімділігіне, азықтандыру сипатына, суару тәсіліне, судың температурасы мен қасиеттеріне, метеорологиялық жағдайларға және басқа факторларға байланысты екенін еске алу қажет.
Ауыз су тұтынушыларын соның ішінде мал кәсіпорындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелері мына төмендегідей болуы мүмкін:
* бағыттары бойынша: елді мекендерге арналған (қала, қыстақ, ауыл), өндіріске және ауыл шаруашылығына арналған деп бөлінеді;
* пайдаланылатын су көздерінің түрі бойынша: жер бетіндегі су көзінен (өзен, көл және т.б.) алатын жер асты су көзінен алатын (құдық, бұлақ және т.б.) және атмосфера суынан алатын (жауын-шашын, қар суы) жүйелер;
* суды тарату әдісі бойынша: өздігінен ағатын (су көзі тұтынушылардан жоғары орналасқан); механикалық жолмен берілу (сорғыштардың көмегімен) және аймақтық (кейбір аудандарда су бөлек сорғыштармен беріледі);
* пайдалану әдісі бойынша: шоғырланған (централизованная) жүйе (барлық тұтынушылар бір су көзінен топтық құбырлар арқылы қамтамасыз етіледі) және жергілікті жүйе (әрбір тұтынушы дербес су көзімен қамтамасыз етіледі .
Мал шаруашылық кәсіпорындарында судың тәулік бойы шығындануы өнім үздіксіз беруді талап етеді. Бұл сумен қамтамасыздандыру жүйесінің жоғары сенімділігінің қажеттілігін керек етеді. Мал шаруашылық кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету үшін жер асты сулары кеңінен қолданылады, оларды арнайы салынған құбырлы және шахталы құдықтардан, ақпалы және горизонтальды су шығарғыштар арқылы алады. Жер асты суы әдетте өте таза, түрлі бөгде қоспалары жоқ, құрамында микробы да аз, бірақ айтарлықтай минералды болып келеді.

Негізгі бөлім
Су дегеніміз негізгі биологиялық сұйық. Су организмге үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Оның ең көп мөлшері клетка ішінде жиналады (40-50 пайызы). Клетка сыртындағы суға қан плазмасы, клетка аралық сұйық және лимфа жатады. Трансцеллюларлық сұйық (ішек-қарын жолындағы, перикардтағы, плеврадағы, құрсақ қуысындағы, көз ішіндегі, буын қалтасындағы) тамырлардан кілегей қабат арқылы бөлінген.
Ұлпалардағы су құрамының ондағы зат алмасудың белсенділігімен байланысы бар. Мәселен, мида - 86 пайыз, бүйректе - 80 пайыз, бауырда - 70 пайыз, сүйек ұлпасында - 20 пайыз су болады. Жануарлар организміне су азықпен бірге ішкенде және органикалық заттардың клетка ішінде ыдырауы әсерінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпа мен бұлшық еттерде болады. Олар су қоры міндетін атқарады. Тері су алмасуда зор роль атқарады, сондай-ақ организмді температураның кездейсоқ өзгеруінен қорғайды. Диффузия мен терлеудің нәтижесінде эпидермис арқылы су бөлінеді, организмнің зәр бөлуін азайтады. Жануарлар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20 пайыз кемісе ол өтеді. Олар, әсіресе төл организмі аштықтан көбі шөлге шыдай алмайды. Жануарлар ашыққанымен су беріп отырса майының, көміртегі мен белоктарының 50 пайызын жоғалтқанымен 30-40 тәулік тіршілік ете алады. Ал су бермесе 4-8 тәулік ішінде-ақ өліп қалады.
Су жетіспесе органдар мен ұлпалардың шөліркеп зат алмасуы бұзылады, сүт қышқылының мөлшері өсіп торығу процестері төмендейді, қанның ұюы артып, дене қызуы көтеріледі, тыныс алуы жиілейді, ас қорыту бездерінің секрециясы азайып, тәбеті төмендейді және өнімділігі күрт кемиді. Шөлдеу организмді инток- сикацияға ұрындырады. Себебі, бауыр, бүйрек, қан құрамында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Белоктар жылдам ыдырай бастайды. Организмде су көбейген кезде электролиттер айтарлықтай көбейіп кетеді. Соның салдарынан клеткалар зақымданады. Сөйтіп, организм суға уланады. Шамадан тыс тұтынылған су қан және басқа клеткаларға өтіп оларды ісіндіреді. Қан қысымы артады, ішекте сумен тым артық араласқан азықты организм нашар сіңіреді. Сақа мал рационында су шамадан тыс көп болса, олардың өнімділігі көтерілмейді, керісінше төмендеп кетеді, 1 кг сүт өндіру үшін (азықпен бірге түсетін суды қоса есептегенде) 4-5 л су жұмсалады деп есептеген дұрыс.
Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссимиляция, резорбция, диффузия, осмос және т. б.) органикалык және неорганикалық заттардың судағы ертіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компоненттерімен қосылысқа түсіп отырады. Ас қорыту, асқазан-ішек жолдарындазықтың қорытылу және организм клеткаларындағы заттардың синтезделу процестері тек сұйық, сулы ортада ғана өтеді. Су тотығу, гидролиздену және басқа да алмасу реакцияларына тікелей қатысады.
Ол зат алмасу кезінде құралған түрлі зиянды заттарды организмнен шығару үшін де қажет. су организмге ас қорыту жолы арқылы түсіп, одан қан және лимфамен ұлпа аралық кеңістікпен ұлпаға барады. Осымен бір мезгілде ас қорыту каналының ең бастысы ащы ішектің, кейде тоқ ішектің қабырғаларында су ас қорыту сөлімен бірге қайта сіңіріледі.
Осылайша су екі бағытта жүреді. Ас қорыту органдары қалыпты қызмет жасағанда су толығымен дерлік сіңіріледі. Оның шамалы мөлшері ғана нәжіспен сыртқа шығады. Асқазан-ішек жолдары ауруына шалдыққан кезде (мысалы, мал тышқақтаған кезде) сұйық, едәуір көп жоғалады. Су ішектің кілегей қабығының бүртіктері (ворсинки) арқылы сіңіріледі. Ас қорыту каналдарының кейбір бөліктерінің сіңіру қарқындылығы ет қоректілер мен шөп қоректілерде әр түрлі. Мәселен, бір тәуліктің ішінде ірі шөп қоректілердің ас қорыту каналы арқылы өтетін 160 л судың (оның ішінде ішек сөлінің 70 л суы бар) 145 л дейін ащы ішек пен тоқ ішек сіңіреді де, қалған 15 литрдейі ғана нәжіспен бірге (тезекпен) шығарылады. Ал жылқының бопайымен (нәжіспен) бірге шығарылатын сұйығы тәулігіне 4-5 литр ғана. Су ас қорыту каналынан қанмен бірге бауырға жетеді. Ол қанға сол қанның жоғары осмостық қысымының көмегімен өтеді.
Организмнен шыққан судың ішкен судан едәуір артық болуы шөліркеуге әкеліп соғады. Сусыздану (шөліркеу) түрлі процестердің бұзылуы кезінде, мәселен малдың ұзақ уақыт іші өткенде, ішек бітелгенде, жұту қиындаған кезде, тұз азайғанда, құсқанда т. б. кездерде жиі кездесетін жағдай. Сусыздану кезінде байқалатын клиникалык белгілер: мал шөлдейді, тілі мен кілегей қабықтары құрғайды, тері серпімділігі төмендейді,зәрі қатты қойылады (олигурия), көздің ішкі қысымы төмендейді, іші кебеді, қан айналысы бұзылып, жалпы әлсіздік байқалады.

2.1.Атмосфералық су
Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.
Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы болғандықтан қышқыл реакциясы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді. Мұндай сулар көбінесе ішуге жарай бермейді.
Атмосфералық жауын-шашын -- ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттанжауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршық қар, қиыршық мұз, бұршақ тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шық, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шығатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.

2.2.Жер бетіндегі сулар
Жер бетіндегі сулар жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл. теңіз) ойпандау тұсына барып орын тепкен атмосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол қалпында іше беруге жарамайды, алдын ала өңделіп барып пайдаланады.
Қазақстан территориясында жер беті суының мол қоры орналасқан және оның негізгісі өзен мен көлдер болып табылады. Гидрологиялық қызметінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 7557 өзен бар деп есептеледі. Өзендер Республика территориясында біркелкі орналаспаған. Олардың 50 пайыздан артығы таулы және тау етек аудандарында орналасқан.
Республикада үш үлкен су көздері (Балқаш көлі, Арал және Каспий теңіздері), екі көл (Алакөл мен Теңіз) және 38 мыңнан астам кіші көлдер орналасқан. Алайда, жер беті суларының ресурсының (100,5 км жылына) біркелкі орналаспауы оларды тиімді пайдалануға кедергі болып отыр.
Жер беті суларының сапасына келетін болсақ, барлық ірі су ағымдарының сапалы ішетін суға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балықтардың шаруашылықтағы маңызы
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі (2014-2015 ж.)
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
ЖАЙЫҚ ЭКОЛОГИЯСЫ
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Балалардың ем – дәмдік тамақтануы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы
Оңтүстік Африка Республикасы
Бразилия
Пәндер