Листериоз ауруы туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Листериоз ауруы туралы түсінік
2.2 Індеттік ерекшеліктері
2.3 Паталогоанатомиялық өзгерістер
2.4 Ажыратып балау
2.5 Емі
III Қортынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

\

І.Кіріспе
Ауыл шаруашылығының саласы - ірі қара шаруашылығын дамытуда сиырлардан алынатын өнімді арттырып, ірі қара басын көбейту жолында кедергі болатын негізгі себептердің бірі - жұқпалы аурулар.
Листериоз- орталық жұйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретінде өтетін жұқпалы ауру. Осы ірі қара шаруашылығының өнімін және басын көбейтуде инфекциялық ауруларға дер кезінде балау жасап, аурудың алдын алудың маңызы зор.
Сиырлардың іш тастауымен, бұзаулардың және ересектерінің жүйке жүйесінің зақымдануымен, бұзаулардың катарлы энтеритке шалдығуымен, т.б. сипатталатын листериоз ауруы шаруашылыққа көп экономикалық зиян келтіреді.
Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы- тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су және топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу көзі болып сүрлем саналады.
Листериозды болдырмау үшін шеттен әкелінген ірі қараларды бұл аурудан сау шарушылықтан алу керек. Жемшөптің, әсіресе, сүрлемнің сапасын үнемі бақыланып, кемірушілермен күрес жүргізіледі.
Листериоз шыққан фермада малдарды жаппай қарап, ішінара ыстықтарын өлшейді. Орталық жүйке жүйесінде зақымданулар бар ірі қараларды бірден союға жібереді. Ауруы күдікті және ауру ірі қараларды оқшаулап, емдейді. Листерия алып жүруші және ауруы жасырын жануарларды анықтау үшін жаппай қан алып, АР және КБР бойынша тексереді. Оң нәтиже берген жануарларды да бөліп алып емдейді. Барлық қалған шартты түрде сау жануарларды АУФ штаммынан жасалған вакцина егілмесе бірден жемге антибиотиктер қосып береді.

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Листериоз ауруы туралы түсінік
Листериоз (Listeriosis) - орталық жүйке жүйесі, жыныс мүшелері, желін зақымданып, өлітию ретІнде өтетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бірінші рет бұл ауруды үй қоянында Lucet (1892) сипаттады, ал D.A Gill (1931) қойда анықтағаннан кейін құстың, сиырдың және басқа да жануарлардың ауыратындығы белгілі болды.
Қоздырушысы - Listeria monocytogenes грам теріс, таяқша тәріздес бактерия, мөлшері - 0,5-2 х 0,3-0,5 мкм, ұштары дөңестеніп бітеді, спора және қауашақ түзбейді, жіпшелері бар, қозғалады, жартылай ауасыбағалы, кәдімгі коректік орталарда (рН 7,2-7,4) өседі. ЕПА-да мөлдіреген шық тәріздес шоғыр түзеді, ЕПС бірінші тәулікте лайланады да, кейіннен пробирканың түбіне шөгіп, қоректік орта мөлдірленеді. Шөгінді шайқаған кезде перде тәрізді көтеріледі, өсу үшін 6Н қолайлы температура 30-37°С, бірақ, бөлме температурасында да, тіпті төменгі температурада да (4°С) өсе береді.
Листерияның денесінде О,Н-антигендері болады. Біріншісі жоғары температураға төзімді, 15 түрі белгілі. Екіншісі қыздыруға, формалинге төзімсіз. Егер микроб бөлме температурасында өсірілсе, қылшалары мол болып, перитрих ретінде орналасады. 37°С-де өскенде қылшалары аз болып, бір шетінде ғана болады немесе мүлдем болмайды. Н-антигенінің 5 түрі бар: А, В, С, Д, Е. Антигендік құрамы бойынша бұл микроб 5 вариантқа бөлінеді. Бұлардьң екеуінің індеттік маңызы зор: кемірушілердің және күйіс қайырушылардың листериялары. Біріншісі алғаш рет кемірушілерден, екіншісі сиырдан бөлініп алынған. Екеуі де жануарлардың барлық түрі мен құстарда кездеседі.
Төзімділігі. Листериялар сыртқы ортада ұзақ уақыт бойы сақталады және төменгі температурада әр түрлі субстрат пен сүрлемде өсіп-өне алады. Кебек пен сұлыда 105, ал шөп пен ет-сүйек ұнында 134 күнге дейін тіршілігін жоймайды, тұздалған етте төменгі температурада ұзақ уақыт бойы өлмейді. Мал қораларында 24-48 күн, көңмен ластанған даладағы топырақта 8 күннен (жазда) 115 күнге (қыста) дейін, жерге көмілген өлекседе 1,5-4 айға дейін сақталады. Дезинфектанттар ретінде қолданылатын 5% лизол немесе креолин ерітіндісі 10 мин, 2 % формальдегид немесе күйдіргіш натрий 20 мин ішінде өлтіреді. 100°С кыздырғанда 5 мин, ал 75-90° -та 20 минутта өледі.

2.2 Індеттік ерекшеліктері
Листериозға қой, ешкі, сиыр, шошқа, жылқы, қоян, күзен, тауық, үйрек, қаз, күрке тауық бейім. Сонымен қатар, ит, мысық жэне маймылдың да ауыратындығы белгілі болды. Жалпы алғанда листериялар 92 түрлі жабайы жануарлар, одан қала берді иксод жэне гамза кенелері, бит пен бүрге, бөгелектің балапан құртынан да бөлініп алынған. Бұньң бәрі листериоздың үй жануарларына жұғуы үшін қауіпті. Әсіресе кемірушілер арасында байқалып, оқтын-оқтын тышқан тектестерді көп шығынға ұшырататын індет ауыл шаруашылық малдары үшін аса қауіпті.
Қазақстанда және көршілес елдерде басқа малдармен салыстырғанда негізінен қой ауырады да, бұл түліктің ауруға шалдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткіші де жоғары болады. Басқа елдерде сиырдың ауруы да жиі ұшырайды. Листериозбен жануарлар кез келген жаста ауырады, әйтсе де, жас төл мен буаз малдардың бейімділігі жоғары болады.
Қазақстанда қойдың листериозы солтүстік облыстардың орманды және далалы аймақтарында жиі байқалады. Бұған табиғи себептермен қатар қоздырушысы үшін қолайлы орта болып табылатын сүрлемді мал азығын кеңінен пайдалану да әсер етеді. Листериоздың қоздырушының бастауы -ауырған және ауырудан сауыққан малдар. Олар листерияларды сыртқы ортаға несеп, нәжіс, сүт және көзден, танаудан, жыныс мүшелерінен аққан сорамен бөліп шығарады. Ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бойы, қой мен шошқа 30 күн, кейбір кемірушілер 260 күнге дейін, листериоздан болған желінсау кезінде сүтпен саулықтар 90, ал сиыр 300 күнге дейін сыртқы ортаға микроб бөліп шығарады. Иксод кенелерінде қоздырушы 500 күнге дейін тіршілігін жоймайды.
Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы -тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп , су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады. Ал ауыл шаруашылық малдары үшін ең басты жұғу факторы сүрлем болып табылады, әсіресе, сапасы нашар, қышқылы аз сүрлемде ауаның температурасы төмен, 0°С-тан біраз ғана жоғары жағдайда листериялар зардаптылығын сақтап, өсіп-өне береді.
Литериозға белгілі бір аймақта орын тебу жэне табиғи ошақтылық тән. Қойда көбінесе қыс пен көтемде кездеседі, ал басқа жануарларда мұндай маусымдылық байқала қоймайды.
Әдетте ауру қоздырушысы малдың денесіне негізінен ауыз арқылы, сонымен қатар, тыныс жолдары, көз конъюнктивасы, зақымданған тері арқылы енеді. Қан сорғыш жэндіктер: кене, бүрге, бит, т.б. қатысуымен трансмиссивтік жолмен жұғуы да мүмкін. Көп жағдайды малдардың листериозға шалдығуына кемірушілердің арасында таралған індет себепкер болады.
Дерттенуі. Листериялар денеге енген соң қан мен сөлге өтіп, бүкіл организмді жайлап, көбейеді де ми мен жұлынға енеді. Микроб эндо- жэне экзотоксиндер бөлуі арқылы эр түрлі ұлпаларды, қанның қыл тамырларын зақымдайды, қанның белоктық құрамы өзгеріп, моноциттер саны көбейеді. Инфекциялық процестің одан әрі өршуі қоздырушының уыттылығы мен мал организмінің физиологиялық ахуалына байланысты болады. Егер микробтың уыттылығы төмен, ал мал организмінің төзімділігі тиісті дәрежеде болса, қоз-дырушы денеге айтарлықтай зардабын тигізбей сөл түйіндерінде, бауыр мен көкбауырда, бүйректе, жілік майында сақталады. Ондай жағдайда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмай, мал ұзақ уақыт бойы жасырын листериялар альш жүруші болып қалады. Ал микробтың уыттылығы күшті болса жас жануарларға өлі тиіп, сақа жануарлардың орталық жүйке жүйесі зақымданып, энцефалит, энцефаломиелиттің клиникалық белгілері байқалады, ал буаз малдар жыныс мүшелерінің закымдануынан іш тастайды.
Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңі 7-30 күнге созылады. Ауру жіті, жітіден төмен, созылмалы түрде өтеді де, клиникалық белгілері бойынша өлітиген, жүйке жүйесін зақымдайтын, генитальдік және кәдімгідей емес түрлерге бөлінеді.
Листериоздыц өлі тиген түрі жас малда, эдетте 1-3 айлық төлде кездеседі. Оның басты белгілері: дененің ыстығының көтерілуі, күйзеліске ұшырап, жемшөптен қалуы, іш өтуі (катарлы энтерит) көбінесе бұзау мен қозыда байқалады, шошқада енесінен бөлінген 2-4 айлық торайларда кездеседі. Осы жастағы жэне енесін еміп жүрген торайлардың жүйке жүйесі зақымданады.
Өлітиген жануарлардың ауызынан ақ көбік ағып, тынысы жиілейді, басын кегжитіп шайқай береді. Ауру 7-14 күнге созылып, көбінесе өліммен аяқталады. Жазылған төл жетілмей қалады.
Листериоздың жүйке жүйесін зақымдайтын түрі өте жиі кездеседі. Қой мен ірі қараның негізінен орталық жүйке жүйесі зақымданады. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала бе-реді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бұлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды. Сонымен бірге, көздің, ауыздың кілегейлі қабықтары қабы-нады. Аурудың соңғы сатысында тұла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. Мөлшері 10 тәулікке дейін со-зылған ауру өліммен аяқталады.
Генитальдік түрі буаз малда кездеседі. Негізгі клиникалық белгісі -буаздықтың екінші жартысында байқалатын іш тастау. Әдетте түсіктен кейін ұзақ уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листериоз ауруы
Листериоз кезіндегі биопрепараттар жайлы мәліметтер
Листериозды балау, дауалау шаралары
Листериоз ауруының сипаттамасы
Ірі қара малының листериоз ауруын балау, дауалау және онымен күресу шаралары.
Инфекция көзі
Шошқа листериозы
Листериоз-Listeria monocytobenes-s
Жануарлардың туберкулезі
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Пәндер