Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Халықаралық құқық кафедра

меңгерушісі, Академик з. ғ. д.

профессор Сабикенов С. Н.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

5В030200 - «Халықаралық құқық» мамандығы

Орындаған

4 курс студенті Өміржан Ә. Ө.

Ғылыми жетекшісі

ХАА Академигі, доцент с. ғ. к Нұрғалым К. С.

Алматы, 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өміржан Әкімбек

Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030200 - «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша

Алматы, 2019

Логотип_дурысы
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНТИТУТЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Халықаралық құқық

кафедрасының меңгерушісі Аадемик,

з. ғ. д., профессор Сабикенов С. Н.

«___» 2019 ж.

Дипломдық жұмысқа

ТАПСЫРМА

Студент Өміржан Ә. Ө. университет ректорының «__» қараша 2018 ж. №03-01-01-03/26 бұйрығы бойынша «Халықаралық бала асырап алуды» тақырыбында дипломдық жұмысы бекітілді.

Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі «__» 2019 ж. Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Халықаралық бала асырап алу түсінігі мен құқықтық қағидалары
  2. Халықаралық бала асырап алу институтының дамуы
  3. Халықаралық бала асырап алу шарттары
  4. Халықаралық бала асырап алу кезінде туындаған қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері
  5. Қазақстан заңнамасында және екі жақты халықаралық шарттарда халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
  6. Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алуды реттеу
  7. Алименттік қатынастарды халықаралық - құқықтық реттеу

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

5
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: КІРІСПЕ .
5: 6
: 1
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ . . .
5: 10
: 1. 1
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Халықаралық бала асырап алу түсінігі мен құқықтық қағидалары…… . . .
5: 10
: 1. 2
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Халықаралық бала асырап алу институтының дамуы. . . . .
5: 19
: 1. 3
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Халықаралық бала асырап алу шарттары . . .
5: 26
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .:
5:
: 2
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАҒАН ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
5: 32
: 2. 1
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Қазақстан заңнамасында және екі жақты халықаралық шарттарда халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу … . . .
5: 32
: 2. 2
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алуды реттеу . . .
5: 42
: 2. 3
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: Алименттік қатынастарды халықаралық - құқықтық реттеу … . . .
5: 53
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .:
5:
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . .
5: 60
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .:
5:
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .
5: 63
:
МАЗМҰНЫБЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .:
5:

Белгілерулер мен Қысқартулар

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

АХАЖ - Азаматтардың хал актілерін жазу

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚХР - Қытай Халық Республикасы

ҚР НжОК - Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексі

РФ - Ресей Федерациясы

ЮНИСЕФ - БҰҰ Балалар қоры

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл бітіру жұмысы халықаралық бала асырап алу мәселесін ұлттық және халықаралық заңнамада реттелуі мен олардан туындайтын мәселелерін қарастыруға арналған. Халықаралық бала асырап алу бүкіл әлемдегі ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғаудың кең таралған әдісі болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігінде еш күмән тудырмайды.

Батыс мәдениетінде бала асырап алудың тарихы рим қайнар көздерінен бастауын алады. ХІХ ғасырдың басында Францияның Азаматтық кодексіне бала асырап алу мүмкіндігі қосылған соң, бала асырап алу үдерісі бүкіл батыс әлеміне кең жайылған. Ең бірінші болып бала асырап алуды Нидерланд елі қарастырған. Алайда ол үлкен маңыздылыққа ие болған жоқ, өйткені бала асырап алушылар саны өте аз болды. Сол уақыттағы көптеген заңгерлер «бала асырап алуды өздерінің ұлттық сипатымызға сай келмейтіндігін» алға тартқан. Осы себепке байланысты бала асырап алу 1838 жылы Нидерландының Азаматтық Кодексіне енгізілмеген болатын. Ол алғаш рет 1956 жылдан бастап заңмен реттеле бастады. Басқа елдер бала асырап алуды ХІХ-ХХ ғасырларда өз заңнамаларына енгізе бастады. Оған қоса, көпшілік елдерде бала асырап алу балаға көмек ретінде қарастырылған. Сол себепті бала асыранып алғанға қарамастан, бала мен бала шыққан жанұя арасындағы құқықтық байланыс үзілмей, сақталып отырған.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық бала асырап алу ауқымды құбылысқа айналды. Халықаралық бала асырап алу кезінде балалардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғау мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылады. Шетелдіктердің бала асырап алуы баланы туған елінде жайғастырудың қандай да бір қолайлы тәсілін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдағы баланы жайғастырудың балама тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Балаларда жақсы бейнені қалыптастыру үшін асырап алушылар, биологиялық ата-аналарынан айырылу туралы мәселені шешіп алған жөн. Осыған қатысты бала асырап алудың зерттелуі мен осындай отбасылардың тәжірибесінде, бала асырап алушылар, баланың туған ата-анасының алдында мәселе болып табылмайтын бірқатар мәселелермен кездеседі.

Сондай-ақ халықаралық аренада балалардың еңбегін арзан және ақысыз пайдалану, жезөкшеліктің қара рыногы қалыптасқан. Балаларды сату туралы фактілер де бар.

Халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуінің жетілдіруі, шетел азаматтарымен асыранып алынған балалардың өмірін қатал бақылауды жүзеге асыру мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталуы қажет. Осы мақсаттар үшін өзара көмек көрсету туралы екі жақты келісімдерді қабылдау қажет. Халықаралық бала асырап алу кезінде пайда болатын қатынасты құқықтық реттелуі толық ғылыми зерттелмеген. Заңи әдебиеттерде зерттеліп отырған мәселеге қатысты арнайы назар аударылған. Бұрында жасалған зерттеулердің теориялық қорытындылары мен жағдайлары тәжірибе мен ғылымда маңыздылығы жоғары. Алайда бұл зерттеулер бұрында жасалған және тек кейбір мәселелерді қарастырған. Сондай-ақ бұл зерттеулер халықаралық бала асырап алудың кейбір мәселелері бала асырап алудың әкімшілік тәртібін бекіту, мемлекеттердің капиталистік және социалистік лагерлерге бөлу кезінде жазылған, нәтижесінде ұсыныстар мен қорытындыларда көрініс тапқан.

Жоғарыда аталған мәселелер бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға түрткі болды. Қорытындылай келе, балалардың құқықтар мен мүдделерін қорғалуы мен бұл мәселеге қатысты халықаралық және ұлттық заңнамалардың орындалуын қатал қадағалау тиіс. Зерттеудің объектісі - халықаралық бала асырап алу институтын қызмет ету кезінде қалыптасатын субъектілерінің халықаралық қатынастары. Зерттеу - халықаралық бала асырап алу саласындағы ұлттық және халықаралық-құқықтық заңнама. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты халықаралық бала асырап алу мәселесінің құқықтық реттелуін зерттеу болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау алға қойылды: Халықаралық бала асырап алу түсінігі мен құқықтық қағидаларын анықтау. Халықаралық бала асырап алу институтының қалыптасуы мен дамуына талдау жасау; Халықаралық бала асырап алу шарттарын ұлттық және халықаралық заңнамада айқындау; Қазақстан Заңнамасында және екі жақты халықаралық шарттарда халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуін талдау; Шетелдердегі бала асырап алу тәртібін ұлттық заңнама мен халықаралық конвенциялардың ережелеріне сәйкес мақсаттарын анықтау және салыстыруды жасау; Шетел мемлекеттің құқығында және халықаралық келісімдерде бала асырап алудағы алименттік қатынастардың құқықтық реттелуін айқындау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда халықаралық бала асырап алу мәселесі құрама зерттеулерде көрініс таппаған. Осы мәселеге қатысты арнайы монографиялық және диссертациялық зерттеулер жоқ. Бала асырап алудың құқықтық мәселелерін зерттегендер, Г. Ф Шершеневичтің, А. Г Гойхбаргтың еңбектерінің маңызы зор.

Мысалы, Г. Ф. Шершеневич «Бала асырап алу - өзге тұлғалардың заңды балаларының заңи жағдайын тану», «бұл, ұрпақтың болмауы салдарынан жанұяның алдамышы», - деген. Г. Ф. Шершеневичтен берілген түсініктемеден бала асырап алудың құқықтық салдарының қорытындысын жасауға болады, бірақ бала асырап алу кезінде қандай құқықтық қатынас пайда болатыны туралы түсініксіз болып табылады [1, 215-б. ] .

А. Г. Гойхбарг былай деп жазады: «бала асырап алу - жанұямен жасанды қатынастың жасауы» [2, 24-б. ] . М. В. Антольская, бала асырап алуды, ата-ана мен аланың арасында пайда олатын ең жақын туыстық қатынас пен асырап алушы мен асыранып алынған баланың арасындағы қатынасты қалыптастыратын институт ретінде қарастырады [3, 101-б. ] .

В. А. Тархов бала асырап алуды асырап алушы мен асыранып алушының ұрпағымен, шығу тегі жағынан туыстарымен теңестірілетін азаматтық жағдайдың актісі ретінде анықтайды [4, 90-б. ] .

Бала асырап алуға қатысты берілген көптеген анықтамаларға қарамастан, «бала асырап алу - асыранып алынған бала мен тәрбиелеуге қабылдап алған тұлға немесе тұлғалар арасында, ата-ана мен баланың арасында болатын, жеке және мүліктік қатынас орнайтын заңды акт болып табылады» деген тұжырымға тоқталған жөн.

Мемлекеттің ішкі бала асырап алуына көңіл бөлгендер, әсіресе кеңестік кезеңде Свердлов Г. М., Заважинов В., Неволин К. А., Харди П., Кулишер М. И., Л. Ю. Анисимова, Беспалов Ю., Бейли Ж. М., Боброу Д., Вулф М., О. Халлоран К., Бессчетнова О. В., Кебец И., Марышева Н. И., Дюжева О. А., Залуина Н. Азаров Е. Г. және т. б. болды.

Г. М. Свердлов атап өткендей, «баланы асырап алу қатынастарын құруға бағытталған «асырап алушының, асырап алудың (қамқоршының немесе жанашырдың) және кейбір жағдайларда жанашырлық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік органның рұқсаты бойынша қабылдаған еркі» деп түсінулері керек.

Отбасы құқығының әсіресе бала асырап алуға байланысты мәселелермен айналысқан қазақстандық авторларды атап өтуге болады. Олар: Б. Б Базарбаев, Ю. Г Басин, А. Ж Жакипов, М. Б Кудайбергенов, Джандарбек Б. А және т. б.

Жалпы осы қысқаша берілген тарихнамаға шолу зерттеу жұмысының зерттелу деңгейін ашуға үлкен үлес қосты.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында деректер көзін төрт топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа халықаралық ұйымдар құқығының теориялық және арнайы мәселелері бойынша зерттеген бірнеше қазақстандық және ресейлік ғалым-құқықтанушылардың монографиялық еңбектерін жатқызуға болады.

Деректер көзінің екінші тобына халықаралық конвенцияларды, соның ішінде: 1989 жылы 20 қашарда қабылданған БҰҰ-ның «Бала құқықтар туралы» Конвенциясы; 1993 жылы 29 мамырда қабылданған «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастығы туралы» Гаага Конвенциясы; 1967 жылы 24 сәуірде қабылданған «Бала асырап алу туралы» Европа Конвенциясы; 1980 жылы қабылданған «Халықаралық балаларды ұрлау азаматтық аспектісі туралы» Конвенциясы, мемлекеттердің Отбасы кодекстерін жатқызуға болады.

Деректер көзінің үшінші тобын бала асырап алу және халықаралық бала асырап алуды реттейтін ұлттық құқықтық базаны жатқызуға болады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Неке және отбасы туралы», «Бала құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; Қорғаншы және қамқоршы органдар туралы ереже, Патронат туралы ереже; «Соттардың балалар тәрбиесімен байланысты дауларды шешуде заңнаманы қолдануы туралы», «Соттардың бала асырап алу туралы істі қарау кезде неке және отбасы туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулылары және басқалар.

Деректер көзінің төртінші тобын Қазақстан Респубикасының мемлекеттік органдарының және Статистика агенттігінің статистикалық деректері құрайды.

Деректер көзінің бесінші тобын жергілікті және шетелдік мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар және ғаламтор желісінен алынған мәліметтер құрайды.

Зертеу әдістері. Бітіру жұмысын жазу барысында логикалық, функционалдық, жүйелеу, салыстыру, талдау және т. б. зерттеу әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Бітіру жұмысын атқару кезінде қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында салыстырмалы талдау, логикалық, салыстырмалы-құқықтық және басқа да жалпы ғылыми әдістер қолданылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді негізгі тақырып бойынша халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуінің жетілдіруі, шетел азаматтарымен асыранып алынған балалардың өмірін қатал бақылауды жүзеге асыру мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бітіру жұмысының көлемі мен құрылымы. Зерттеу мақсаттары мен міндеттері бітіру жұмысының көлемі мен құрылымын анықтап берді. Бітіру жұмысының құрылымы мазмұны, қысқарған сөздер тізімінен, кіріспеден, 2 тарау және 6 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ШАРТТАРЫ

1. 1 Халықаралық бала асырап алу түсінігі мен құқықтық қағидалары

Халықаралық бала асырап алу ұғымына тоқталмас бұрын, ең алдымен бала асырап алу ұғымына анықтама берген жөн. Бала асырап алу ұғымы қоғамның әр түрлі саласымен зерттелуіне байланысты сипатталады. Әлеуметтанушылар бала асырап алуды әлеуметте пайда болған, дамушы және өзгеріп тұратын қоғамның құбылысы [5, 170-б. ] .

Заң ғылымында «бала асырап алу» термині әртүрлі мағынада қолданылады. Бала асырап алу - бұл заңды түрде баланы отбасына қабылдау. Бала туысқан ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін баланың тағдырына және оның толық дамуына ең жоғарғы дәрежедегі жауапкершілік белгіленеді [6, 7-б. ] . Сонымен қатар, Ю. Беспалов бала асырап алуды сот арқылы баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қолданылатын әдісі ретінде қарастыруды ұсынады. Жалпы, бала асырап алу, ата-ананың қамқорынан қалған балалардың құқықтарын, ең бастысы, қорғану құқығын, өмір сүру құқығы мен жанұяда тәрбиеленуді жүзеге асыру үшін арналған [7, 8-9 б. ] . Ғылыми әдебиеттерде бала асырап алу туралы әр түрлі пікірлер бар.

Мысалы, Г. Ф. Шершеневич «Бала асырап алу - өзге тұлғалардың заңды балаларының заңи жағдайын тану», «бұл, ұрпақтың болмауы салдарынан жанұяның алдамышы», - деген. Г. Ф. Шершеневичтен берілген түсініктемеден бала асырап алудың құқықтық салдарының қорытындысын жасауға болады, бірақ бала асырап алу кезінде қандай құқықтық қатынас пайда болатыны туралы түсініксіз болып табылады [1, 215-б. ] .

А. Г. Гойхбарг былай деп жазады: «бала асырап алу - жанұямен жасанды қатынастың жасауы» [2, 24-б. ] . М. В. Антольская, бала асырап алуды, ата-ана мен аланың арасында пайда олатын ең жақын туыстық қатынас пен асырап алушы мен асыранып алынған баланың арасындағы қатынасты қалыптастыратын институт ретінде қарастырады [3, 101-б. ] .

В. А. Тархов бала асырап алуды асырап алушы мен асыранып алушының ұрпағымен, шығу тегі жағынан туыстарымен теңестірілетін азаматтық жағдайдың актісі ретінде анықтайды [4, 90-б. ] .

Бала асырап алуға қатысты берілген көптеген анықтамаларға қарамастан, «бала асырап алу - асыранып алынған бала мен тәрбиелеуге қабылдап алған тұлға немесе тұлғалар арасында, ата-ана мен баланың арасында болатын, жеке және мүліктік қатынас орнайтын заңды акт болып табылады» деген тұжырымға тоқталған жөн.

Бала асырап алуды адамзат тарихындағы өзіндік ерекше әлеуметтік феномен ретінде қарастыруға болады және пайда болғаннан бастап көптеген өзгерістерге ұшырап отырған. Кейіннен құқықтық институт ретінде қалыптасып, қазіргі заманның көптеген құқықтық жүйелерінде көрініс табады.

Заң ғылымында халықаралық бала асырап алу ұғымына жалпы қабылданған анықтама әлі қалыптаспады.

«Бала асырап алу - асыранып алған бала мен мен оны тәрбиесіне алған адам немесе адамдар арасында ата-аналар мен балалар арасындағы жеке және мүліктік қатынастар орнатылатын заңды акт. Шетелдік элементтің қатысуымен күрделенген мұндай отбасылық-құқықтық қатынастар осы қатынастарды бірнеше мемлекеттердің заңдылықтарымен құқықтық байланыс орнататын жеке халықаралық құқық нормаларымен реттеледі»- деп атап өткен Батычко [8, 96-б. ] .

Бала асырап алуға анықтаманы цивилист-ғалымдар 1884 жылдары-ақ анықтауға тырысты. К. Д. Кавелин бала асырап алуды «бала асырап алушы мен асырап алынғандар арасында ата-аналар мен балалардың арасында болатын мүліктік қарым-қатынастарды ерікті түрде орнату» деп атады [9, 156-б. ] .

Бала асырап алуды анықтауға қатысты цивилист-ғалымдардың ұстанымдарды 1970 жылға дейін де өзгерген жоқ. Иванова Н. А., Королев Ю. А., Седугин П. И. пайымдауынша, «бала асырап алу бөтен балаға қатысты ата-аналық жауапкершілікті ерікті түрде қабылдаудан тұрады» [10, 84-б. ] .

Жоғарыда келтірілген анықтамалар сол уақытқа тән «асырап алу» институтына тән бірқатар белгілерді ерекшеледі: біріншіден, асырап алушы мен асырап алынған арасындағы қарым-қатынастың негізі - асырап алушының еркі; екіншіден, асырап алушы мен асырап алынған арасында ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынастар орнатылады.

Сондықтан Г. М. Свердлов атап өткендей, «баланы асырап алу қатынастарын құруға бағытталған «асырап алушының, асырап алудың (қамқоршының немесе жанашырдың) және кейбір жағдайларда жанашырлық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік органның рұқсаты бойынша қабылдаған еркі» деп түсінулері керек [11, 153-б. ] .

Алайда, Г. М. Свердлов сынды басқа да бірқатар зерттеушілер бала асырап алу саласында оны ата-ананың; баланың ата-анасының, қамқоршылардың (жанашырлардың), асырап алушы ата-аналардың, балалар интернаттарының басшыларының, 10 жастан асқан баланың ерік-жігерінен; мемлекеттің құзыретті органының шешімінен тұратын күрделі құқықтық процесс ретінде қарастырады.

Асырап алу асырап алынатын баланың ата-аналарының, қамқоршылардың немесе жанашырлардың, асырап алған ата-аналардың, балалар интернаттарының басшыларының, сондай-ақ баланың келісімінсіз-ақ мүмкін болатын бірнеше жағдайларды қарастыратын Кодекстің ережелерін ескере отырып, осы мәлімдемемен келісу қиын [12, 28, 129, 130-б. ] .

Демек, жоғарыда аталған тұлғалардың ерік-жігері сияқты заңды фактілер бала асырап алушы (асырап алушылар) мен асырап алынған бала арасындағы бала асырап алудың құқықтық қатынастарын тудыратын әрбір құқықтық құрам үшін міндетті емес. Асырап алушылардың ерік-жігерінсіз және сот шешімінсіз бұл құқықтық қатынастардың орнауы мүмкін емес.

Осылайша, асырап алушы мен асырап алынған бала арасындағы құқықтық қатынастың негізі қосымша фактілерден тұратын құқықтық құрам болып табылады: бала асырап алу туралы сот шешімі және баланы асырап алу туралы бала асырап алушылардың ерік-жігерлері.

Заңды акт ретінде ала сырап алу нәтижесінде бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында ғана емес, сондай-ақ бала асырап алушылардың туыстары мен асырап алынғанның ұрпақтары арасында да құқықтық қатынастар пайда болады. Мысалы, Я. Р. Вебер атап өткендей, бала асырап алу - бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпағы арасындағы, екінші жағынан бала асырап алушы мен оның туыстарының арасында туысқандық қарым-қатынас орнататын заңды акті болып табылады [13, 56-б. ] .

Бірнеше елдердің цивилист-ғалымдары да, заң шығарушылары да ата-аналық немесе ата-аналық қатынасқа ұқсас қарым-қатынастың бала асырап алумен ғана туындайтындығы туралы бірауыздан бірдей пікірге келмеді.

Бірқатар цивилист-ғалымдар бала асырап алушы мен асырап алынған бала арасында ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа толықтай ұқсайтын қарым-қатынас орнайтындығын атап өтті. Б. С. Антимонов және К. А. Граве бала асырап алуды «Ата-аналар мен балалар арасындағы екі адамның (бала асырап алушы және асырап алынған) құқықтық (жеке және мүліктік) қарым-қатынастары бар заңды актісі» ретінде қарастырады [14, 120-б. ] . Бұл көзқарасты О. С. Иоффе де ұстанады [15, 252-б. ] .

А. И. Пергамент өз пайымдауларында одан әрі зерттеп, құқықтық қатынаста асырап алу актісін баланың туылуына теңестіреді [16, 67-б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мәселелері
Бала асырап алудың құқықтық салдары
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
Ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың орналастыру институтын құқықтық реттеу
Халықаралық бала асырап алу
Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары
Некені бұзу мәселелері
Халықаралық жеке құқықтағы бала асырап алудың құқықтық аспектілері
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz