ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға жіберілді
Халықаралық құқық кафедра
меңгерушісі, Академик з.ғ.д.
профессор ________________Саби кенов С.Н.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
БҰҰ-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
5В030200 - Халықаралық құқық мамандығы
Орындаған
4 курс студенті Өміржан Ә.Ө.
Ғылыми жетекшісі
ХАА Академигі, доцент с.ғ.к Нұрғалым К.С.
Алматы, 2019

Өміржан Әкімбек
БҰҰ-ның халықаралық құқықтық мәртебесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030200 - Халықаралық құқық мамандығы бойынша

СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНТИТУТЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
Бекітемін
Халықаралық құқық
кафедрасының меңгерушісі Аадемик,
з.ғ.д., профессор Сабикенов С.Н.
___________________________
___ __________________ 2019 ж.
Дипломдық жұмысқа
ТАПСЫРМА
СтудентӨміржан Ә.Ө.университет ректорының __ қараша 2018 ж. №03-01-01-0326 бұйрығы бойынша БҰҰ-ның халықаралық құқықтық мәртебесі тақырыбында дипломдық жұмысы бекітілді.
Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі __ _________ 2019 ж. Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1) Халықаралық ұйымдардың құқығын, құқықтық мәртебесінің анықталуы.
2) Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын халықаралық актілер.
3) БҰҰ-ны халықаралық қатынастардағы алатын орны тұрғысынан зерттелуі.
4) БҰҰ-ның қызметінің құқықтық реттелуінің зерделенуі.
5) Халықаралық құқықтың қалыптасуы мен дамуындағы БҰҰ-ның рөлі.
6) БҰҰ-ның халықаралық-құқықтық қатынастардағы қызметі.
7) Даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуде БҰҰ-ның құқықтық қызметінің талдануы.
8) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің халықаралық құқықтық мәртебесінің сарапталуы.
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
5
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10
1.1
Халықаралық ұйымдар құқығы және құқықтық мәртебеcінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10
1.2
БҰҰ-ның халықаралық ұйым ретінде түсінігі мен қағидалары ... ...
20
1.3
БҰҰ-ның халықаралық қызметін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... .
28
2
БҰҰ-НЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ...
35
2.1
Қазіргі халықаралық құқықтағы БҰҰ-ның орны мен рөлі ... ... ... ..
35
2.2
Дауларды бейбіт жолмен шешудегі БҰҰ-ның құқықтық функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
47
2.3
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің халықаралық құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...
65
Қысқартулар мен Белгілеулер
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АӨСШК - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес
ӘАБ - Әлемдік азық-түлік бағдарламасы
БЖКБ - Босқындар істері ойынша Жоғарғы комиссар Басқармасы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰДБ - БҰҰ-ның Даму бағдарламасын
БҰҰ ҚК - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі
ДЗМҰ - Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы
ДМҰ - Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым
ИФАД - Халықаралық ауыл шаруашылықты дамыту қоры
КСРО - Кеңестік Социалистік республикалар одағы
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
НАТО - Солтүстік атлантикалық шарт ұйымы
ФАО - Біріккен Ұлттардың азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы
ХВҚ - Халықаралық Валюта Қоры
ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы
ХҚДБ - Халықаралық қайта құру және даму банкі
ХҚС - Халықаралық қылмыстық сот
ХҮАҰ - халықаралық үкіметаралық ұйымы
ЭКОӘК (ЭКОСОС) - Экономикалық және Әлеуметтiк Кеңес
ЮНДКП - Есірткі заттарын бақылау бойынша БҰҰ Бағдарламасы
ЮНЕП - Қоршаған орта бойынша БҰҰ Бағдарламасы
ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттардың білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы
ЮНИСЕФ - БҰҰ-ның Балалар қоры
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықаралық ұйымдар - халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатады. Олар мемлекетпен қатар доктриналық, және де конвенциялық тәртіпте халықаралық құқық субъектілері болып саналады. Халықаралық құқық әдебиеттерінде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасының ең бір күрделі мәселесін - мемлекеттік егемендік пен үкіметаралық ұйымдардың құзыретігіндегі мемлекетпен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.
Мемлекеттің тәуелсіздік мәселелері мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың құзыреттерінің арақатынасындағы мәселелермен анықталады, яғни бұл мемлекеттің халықаралық ұйымға өз құзыретін ішінара беруі арқылы немесе оған белгілі бір міндеттерді атқаруына мүмкіндік беруі бойынша ынтымақтастығының көп жақтылы нысаны болып табылады; оны мемлекеттер тиісті жағдайларда құрады және ол халықаралық қатынастардың қажеттіліктерінен туындап отырады. Мұнда баса айтатын бір мәселе халықаралық ұйымдардың құқық субъектілігі мүше мемлекеттердің еркін беруіне, осы ұйымдардың мақсаттарына, құзыреттеріне, өкілеттіктеріне, органдарының құрылымына, қабылданатын шешімдердің заңдық салдарларына тікелей тәуелді болады.
Қазіргі заманда мемлекеттер бір-бірімен әр түрлі тетіктердің көмегімен, ең бірінші кезекте халықаралық ұйымдарды құру және дипломатиялық қарым-қатынас орнату арқылы өзара әрекеттеседі. Бүгінгі күнгі ірі халықаралық үкіметаралық ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болып табылады. Көптеген басқа халықаралық ұйымдар БҰҰ-мен бекітілген алғышарттар негізінде әрекет етеді.
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы қызметі өте өзекті болып табылады және ол келесі факторлармен негізделеді.
Біріншіден, әлемнің жаһандану әсеріне өзара байланыстығы мен өзара тәуелділігі кез келген соғыс аймақтық және жаһандық экономикалық дағдарысқа әкелуі мүмкін.
Екіншіден, халықаралық қауіпсіздіктің пәндік өрісі кеңейе түсті: әскери аспектіден бөлек, соңғы жылдары бейбіт әсер ету саласы кеңейді, оны халықаралық қауіпсіздіктің әскери емес немесе азаматтық саласына жатқызуға болады.
Үшіншіден, қауіпсіздікпен байланысты мәселелер жаһандануға қарамастан, субъективті өлшемдерге ие: халықаралық өзара әрекеттестік жағдайында бірдей немесе әр түрлі мүдделері бар субъектілер кездеседі. Әр мемлекет үшін өз қауіп иерархиясы бар. Бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтауға талпыну үлттық мүдделерге және ұлттық біртектілікке жолығады.
Сондықтан да қазіргі геосаяси ахуал БҰҰ-ның халықаралық қауіпсіздікті сақтау процесінде рөлін және оның құқықтық мәртебесін өзектендірді.
БҰҰ мен мамандандырылған мекемелері құқық шығармашылығы функцияларын жүзеге асырады. Осы ұйымдар шеңберінде қабылданған конвенциялар мен басқа да әмбебап нормативтік актілер халықаралық заңнаманың толыққанды жүйесін қалыптастырады және жалпыға маңызды мәселелердің кең ауқымын қамтиды.
Зерттеу объектісі - қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде халықаралық ұйымдардың халықаралық құқықтық мәртебесі.
Зерттеу пәні - халықаралық қатынастар жүйесінде, соның ішінде халықаралық құқықта БҰҰ-ның құқықтық қызметі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты БҰҰ-ның халықаралық құқықтық мәртебесін зерттеу болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау алға қойылды:
Халықаралық ұйымдардың құқығын, құқықтық мәртебесін анықтау;
БҰҰ-ны халықаралық қатынастардағы алатын орны тұрғысынан зерттеу;
БҰҰ-ның қызметін құқықтық реттеуді зерделеу;
Халықаралық құқықтың қалыптасуы мен дамуындағы БҰҰ-ның рөлін анықтау;
Даулар мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуде БҰҰ-ның құқықтық қызметін талдау;
БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің халықаралық құқықтық мәртебесін сараптау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу барысында теориялық және тарихи негіз ретінде халықаралық ұйымдардың құқығы, БҰҰ-ның құқықтық мәртебесі бойынша бірқатар авторлардың еңбектері алынған.
Қазіргі кезде халықаралық ұйымдар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, экономика, қаржы, денсаулық сақтау және ғылым, білім және мәдениет, зияткерлік меншік, ауыл шаруашылығы, сауда, қоршаған орта және т.б. сияқты салаларда өз функцияларын жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдардың мәртебесін құқықтық реттеуді зерттеуге А. Канашевский [1; 2], Э. С. Кривчикова [3], Л. А. Левина [4 ], В. И. Маргиев [5], Г. И. Морозов [6], Т. Н. Нешатаева [23] және көптеген басқа да авторлардың еңбектері арналған. Халықаралық құқық жүйесі туралы және ондағы халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі туралы мәселе Н. Кириловская [7], Д.Фельдман [8] сынды авторлардың еңбектерінде қарастырылған.
Құқықтық реттеудің дереккөзі ретінде осындай жүйе құраушы фактордың маңыздылығын Т.Н. Нешатаева нұсқаған, ол бұл элементтің халықаралық қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйелер үшін өте маңызды екендігін атап өткен [9, 46-б.].
Осылайша, Д.И.Фельдман құқықтың жалпы теориясында жүйе құраушы өлшемшарттар бойынша әртүрлі көзқарастар бар екенін, ал олардың барлығы ішкі мемлекеттік заңнамаға бағытталғанын көрсетеді. Халықаралық құқық жүйесінде қолданылатын осындай критерийлерді зерттеуді жүргізген Д.И.Фельдман жазғандай, түрлі зерттеушілер осындай өлшемшарттар ретінде құқықтық реттеу пәнін, өзара байланысты халықаралық құқық нормаларының топтарын оқшаулау немесе автономиялауды, дербес саланың бар болуына халықаралық қауымдастықтың қызығушылығын, халықаралық-құқықтық нормалардың жиынтығының сапалы түрі, дереккөздердің оқшаулануын, құқықтық реттеу әдісін жатқызады және халықаралық құқықтың әр саласына өзіндік құқықтық реттеу әдісі тән деген пікірмен келіспейді [8, 46-47-б.].
Д.И. Фельдман халықаралық ұйымдардың құқығын халықаралық құқықтың бір саласы ретінде, халықаралық құқық субъектілігі құқығымен, халықаралық шарттар құқығымен, халықаралық қауіпсіздік құқығымен, халықаралық гуманитарлық құқығымен және т.б. заңдарымен қатар қарастырады [8, 62-б.]. Э.С. Кривчикова халықаралық ұйымдардың құқығын халықаралық ұйымдарды қалыптастыру мен қызмет ету мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды қамтитын қазіргі заманғы халықаралық құқықтың саласы ретінде қарастырады.
Б.В. Ганюшкин халықаралық ұйымдардың құқығын осы ұйымдардың құрылуына, халықаралық-құқықтық мәртебесіне және олардың қызметіне қатысты жалпы қағидалар мен нормалар жүйесі ретінде, ал халықаралық ұйымдардың дипломатиялық құқығын - халықаралық ұйымдар мен олардың қызметкерлерінің, халықаралық ұйымдар жанындағы мүше-мемлекеттердің тұрақты өкілдері мен қызметкерлерінің, берілген ұйымның құрамына кірмейтін мемлекеттің тұрақты бақылаушыларының және осындай бақылаушылар бюросының қызметкерлерінің, халықаралық ұйымдар органдарында және халықаралық конференцияларда мемлекет өкілдеінің құқықтық мәртебесін, артықшылықтары мен иммунитеттерін анықтайтын нормалар жиынтығы ретінде анықтайды [10, 11-б.].
И.И. Лукашук халықаралық ұйымдардың құқығы халықаралық құқықтың саласы болып табылатындығын жазады, олардың қағидалары мен нормалары мемлекетаралық органдар мен ұйымдарды құру тәртібін, сондай-ақ олардың мәртебесі мен функцияларын анықтайды [11, 23-б.].
Жалпы осы қысқаша берілген тарихнамаға шолу зерттеу жұмысының зерттелу деңгейін ашуға үлкен үлес қосты.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында деректер көзін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа халықаралық ұйымдар құқығының теориялық және арнайы мәселелері бойынша зерттеген бірнеше қазақстандық және ресейлік ғалым-құқықтанушылардың монографиялық еңбектерін жатқызуға болады: Арынов Е.М., Трофимов А.Е., Тоқаев Қ.К., Канашевский В. А., Маргиев В. И., Кириловская Н. Н. және т.б.
Деректер көзінің екінші тобына халықаралық актілерді, соның ішінде: БҰҰ-ның 1945 жылғы 26 маусымдағы Жарғысын, БҰҰ Халықаралық Сотының Статутын, БҰҰ-ның Артышлықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясын, БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясы туралы ережені және БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарларын жатқызуға болады.
Деректер көзінің үшінші тобын жергілікті және шетелдік мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар және ғаламтор желісінен алынған мәліметтер құрайды.
Зертеу әдістері. Бітіру жұмысын жазу барысында логикалық, функционалдық, жүйелеу, салыстыру, талдау және т.б. зерттеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі. Бітіру жұмысын атқару кезінде қойылған мәселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету мақсатында салыстырмалы талдау, логикалық, салыстырмалы-құқықтық және басқа да жалпы ғылыми әдістер қолданылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Халықаралық ұйымдардың халықаралық құықтық нормаларды қолданылуы және жасау бойынша қорытындылар мен ұсыныстарын мемлекет басшыларының дипломатиялық конференциялардағы кездеуі кезінде, Халықаралық құқық және Халықаралық құқық шығармашылығы пәндерін оқыту кезінде зерттеулермен қатар көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндіктер бар.
Бітіру жұмысының көлемі мен құрылымы. Зерттеу мақсаттары мен міндеттері бітіру жұмысының көлемі мен құрылымын анықтап берді. Бітіру жұмысының құрылымы мазмұны, қысқарған сөздер тізімінен, кіріспеден, 2 тарау және 6 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

5.1 Халықаралық ұйымдар құқығы және құқықтық мәртебеcінің жалпы сипаттамасы
Халықаралық ұйымдар - халықаралық құқықтың қосымша субъектілерінің қатарына жатады. Олар мемлекетпен қатар доктриналық, және де конвенциялық тәртіпте халықаралық құқық субъектілері болып саналады. Халықаралық құқық әдебиеттерінде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасының ең бір күрделі мәселесін - мемлекеттік егемендік пен үкіметаралық ұйымдардың құзыретігіндегі мемлекетпен тыс белгілердің арақатынасындағы мәселе ретінде көрсетеді.

Ұйым жарғысының заңды күшіне енуі белгі бір құқықтық салдарларды қамтамасыз етеді.
Мәселен, халықаралық құқықтың жаңа субъектісі пайда болады, ол өзін құрған мемлекеттен өзгеше сипатпен анықталады. Дегенмен халықаралық ұйым халықаралық құқықтың негізгі субъектілеріне тән маңызды ерекшелігіне - мемлекеттер, ұлттар мен халықтар өз тәуелсіздігін, дербестігін қорғап күресу ерекшелігіне ие бола алмайды. Мемлекет, кез келген халықаралық ұйымға мүше болған кезде өзінің тәуелсіз құқықтарын жүзеге асырады. Бірақ, мұндай жағдайда мемлекет пен ұлттық ұйымдардың байланысу сипаттары мемлекеттің тәуелсіздігін толық шектейді деген ұғым туындамауы керек. Тәуелсіздік - бұл мемлекетің күрделі саяси - заңды сипаты, ол құзіреттің саяси тәртібі, билік тетігі сияқты құқықтық институттар арқылы жүзеге асырылады. Халықаралық жарғыларында тек қана бір белгі-құзыреттер бойынша бір ғана шектеу қойылады.
Халықаралық ұйым - халықаралық қатынастастарды Халықаралық құқықтық реттеу жүйесіндегі қажет нақты объективті құбылыс. Халықаралық тәжірибеде халықаралық ұйымдардың қызметіне және оның көптеген бағыттары бойынша әрі қарай дамуына әсерін тигізетін факторлар мен шарт - жағдайлар жүйесі болады. Олар мыналар:
- шаруашылық қызметін интернационалдау;
- ғылыми - техникалық процесс;
- қазіргі заманғы маңызды проблемалардың ғаламдық сипаты [12, 34-б.].
Халықаралық ұйымдар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың өзге де субъектілері арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды құқықтық нысанының біреуі болып табылады. Қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды құрастыру халықаралық ұйымдардың қызметінде күннен күнге өзекті мәселеге айналып келеді. Халықаралық ұйымдардың тәуелсіз мемлекеттермен қатар, халықаралық қатынастарды халықаралық құқықтық реттеуде айтарлықтай рөл ойнайтыны белгілі.
XIX ғасырдың ортасында қоғам дамуының табиғи қажеттіліктері тұрақты әрекет ететін, халықаралық әкімшілік одақ деп аталатын халықаралық ұйымдардың пайда болуына себеп болады. Халықаралық ұйымдардың қазіргі дәуірдегі дамуының кейбір заңдылықтары бар. Олар: алуан түрлі қоғамдық құрылымды мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі; отарлық жүйенің құрылымды күйреуі, шаруашылық, саяси, ғылыми және мәдени өмірдің интернационалдануы, сондай - ақ тәуелсіз мемлекеттердің өмір сүруі.
Халықаралық ұйымдардың құрылуының объективті - нақтылы негізі бар және ол әлемдік бірлестіктің шынайы қажеттіліктерінен туындайды. Олар халықаралық қатынастарға құқықтық реттудің тұтас шегінде, халықаралық ұйым аясында құқықтық ықпал етудің арнайы әдісінен басқа ешнәрсе де емес. Халықаралық ұйым құқықтардың халықаралық құқықтың дербес саласы ретінде бөліп шығару мәселесінде олар белгілі бір рөл атқарады.
Халықаралық ұйымдардың құқығы күрделі нормативті құрылымға ие. Жалпы халықаралық құқықтың қағидалары, яғни jubs cogens қағидаларын бейбіт қатар өмір сүру, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеу, мемлекеттердің тең құқықтылығы және бір - бірінің ішкі істеріне қол сұқпау қағидаларын, сонымен қатар халықаралық ұйымдарың құқықтарының қағидалары да жатады. Мәселен, аталған қағидалардың көпшілігі БҰҰ жарғысындағы 2 - баптың мазмұнынымен сәйкес келеді. Онда нақты халықаралық ұйым қызметінің қағидалары айқындалады.
Көпке дейін халықаралық шарттар құқықтарының теориясында 2 түрлі тенденция өмір сүріп келеді:
- халықаралық ұйым құқықтарының мәліметтері; бұл концепцияның жақтастарының көзқарасы бойынша БҰҰ - ның төтенше құқықтарына жалпы халықаралық құқықтан бөлек әрекет ететін жаңа құқық кіреді;
- халықаралық ұйым құқықтарының ұғымы, БҰҰ - ның құқықтары деген ұғымнан әлдеқайда кең; сондай - ақ осы құқықтың жалпы халықаралық құқықтың бөлінуін және оның жалпы халықаралық құқықпен қатар параллельді әрекет ету мүмкіндігін мойындау.
Байқап отырғанымыздай, бұл тұжырымдаманың екеуін де қазіргі заманғы халықаралық құқықтың ғылыми жүйесі қабылдай алмайды.
Халықаралық ұйым құқығы- халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін ретейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін қазіргі заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.
Көп жағдайларға халықаралық ұйым құқығы халықаралық құқықтың бір саласы ретінде танылады. Сонымен қатар, баяғы қалпынша халықаралық құқық жүйенің ішкі құрылымның проблемалары шешілмеген, соның ішінде бұл жүйедегі халықаралық ұйымдардың құқықтарының алатын орны әлі айқындалмаған. XIX ғасырдың ортасында тұрақты әрекет ететін халықаралық ұйымдар пайдаболғанға дейін мемлекетаралық тікелей байланыстар халықаралық қатынастардың негізгі түрі болып келеді. Кейінірек халықаралық ұйымдардың пайда болуына орай, халықаралық ұйымдардың шеңберінде байланыстар халықаралық қатынастар псйда болды, олар:
- халықаралық ұйым мүшелері есебінде мемлекеттердің өзара байланыстары;
- мүше мемлекеттердің халықаралық ұйымдармен қатынастары;
- халықаралық ұйым органдарының өзара қатынастары;
- ұйымдардың мүшелері емес мемлекеттермен халықаралық ұйымдардың байланыстары;
Жоғарыда аталғандардан басқа ұйымдардың өзара арақатынастары да пайда болады. Сонымен, жаңа халықаралық қатынастардың пайда болуы оларды халықаралық құқықтың нормалары арқылы реттеу қажеттілігін негіздеп береді.
Халықаралық құқықта құқықтық реттеудің арнаулы бір пәні пайда болды, ол - халықаралық ұйым шеңберіндегі халықаралық қатынастар. халықаралық ұйымдардың қызмет ету процесінде нормативтік база құрылды. халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасалатын шарттар көлемінің артуы халықаралық ұйымдардағы шарт құқығының қалыптасқандығын көрсетеді.
Құқық ғылымында құқықтың салалануының өлшемі ретіндегі құқықтық реттеу тәсілдерінің рөлі жөнінде бірнеше көзқарастар өмір сүріп келеді.
Бұдан сала жүйелерінің ішкі құрылымын айқындау қажеттілігі туралы мәселе туындайды. Халықаралық құқықтық реттеу әдістерінің мазмұнын қарастыра отырып, біз бұл әдістің құқықтық қатынасқа қатысушылардың теңдік жағдайында, міндеметтелерді ерікті түрде қабылдауы және құқықтарды күштеу элементтерінсіз, тараптардың келісу жолымен құқықтарының орнатылуымен сипатталатынын көреміз.
Халықаралық ұйымдардың жұмыс істеуі - оның органдарының әр түрлі қызметтері белгілі бір құқықтық тәртіпті орнатуға негізделген. Халықаралық құқық жүйесінде халықаралық ұйымдардың құқықтарынан тыс бірде - бір салада құқықтық реттеу әдістерінің мұндай ерекшелігі жоқ екенін ескерсек, бұл саланың дербес сала жағдайында тұрғанын атап айтуға болады.
Халықаралық ұйымдарға шарттық құқық қабілеті беріледі, яғни өз құзыреті шегінде түрлі келісімдерге қол жеткізуге құқығы бар. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986 жылғы Вена конвенциясының 6-бабы бекіткендей, халықаралық ұйымдардың келісімшарттар жасауға құқығы осы ұйымның ережелерімен реттеледі. Конвенцияның 2-бабының 1-тармағында белгіленгендей, ұйымның ережелері, атап айтқанда, құрылтай актілері, оларға сәйкес қабылданған, шешімдер мен қаулылар ұйымның бекітілген тәжірибесін білдіреді. Халықаралық ұйымдар дипломатиялық қарым-қатынасқа қатыса алады. Мемлекеттердің өкілдіктері аккредиттеледі, олардың мемлекеттерде өкілдіктері (мысалы, БҰҰ-ның ақпараттық орталықтары) бар және өздері арасында өкілдермен алмасады. Халықаралық ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғалары 1946 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының Артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда, 1947 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияда және т.б. бекітілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады [13, 237-б.].
Халықаралық құқық субъектілері ретінде халықаралық ұйымдар құқық бұзушылық және өз қызметімен зиян келтіргені үшін жауапкершілік танытады және жауапкешілікке қатысты талаптарды алға тарта алады.
Әрбір халықаралық ұйым өздерінің қаржылық ресурстарына ие, олар негізінен мемлекеттер мен мүшелерден келген жарналардан тұрса да, тек қана ұйымның жалпы мүдделеріне жұмсалады.
Қазіргі халықаралық жүйеде екі өзара байланысты бағыт бар:
а) қоғамдық тұлғалардың жеке құқық мәселелеріне назарын арттыру және олардың жеке-құқықтық қатынастарға қатысуын тереңдету;
b) жеке құқық мәселелерінің мемлекеттік құқық деңгейіне (жеке-құқықтық қатынастарды жариялау) көбірек көлемде шығару [14, 11-б.].
Халықаралық ұйымдардың халықаралық сипатта азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысу ерекшеліктері бар және бірқатар теориялық және практикалық мәселелерді туындатады. Зерттеудің мақсаты осы саладағы ең маңызды мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын табу және осы саладағы қолданыстағы ғылыми тапшылықты жоюға бағытталған. Халықаралық ұйымның құрылтай құжаты - халықаралық шарт болып табылады, онда бұл ұйымның заңды тұлға болып табылатындығы анықталған.
Қазіргі кезде халықаралық ұйымдар бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, экономика, қаржы, денсаулық сақтау және ғылым, білім және мәдениет, зияткерлік меншік, ауыл шаруашылығы, сауда, қоршаған орта және т.б. сияқты салаларда өз функцияларын жүзеге асырады. Халықаралық ұйымдардың мәртебесін құқықтық реттеуді зерттеуге А. Канашевский [1; 2], Э. С. Кривчикова [3], Л. А. Левина [4], В. И. Маргиев [5], Г. И. Морозов [6], Т. Н. Нешатаева [23] және көптеген басқа да авторлардың еңбектері арналған. Халықаралық құқық жүйесі туралы және ондағы халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі туралы мәселе Н. Кириловская [7], Д.Фельдман [8] сынды авторлардың еңбектерінле қарастырылған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта құқықтық жүйеде халықаралық ұйымдар құқығының орнын анықтайтын бірыңғай тәсіл жоқ. Бұл жұмыстың мақсаты - халықаралық ұйымдардың құқығын, құқықтық мәртебесін жеке құқықтық нормалар жиынтығы ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктерді анықтау және оның жүйелік сәйкестігін анықтау.
Құқықтық жүйе, оның ішінде халықаралық құқық жүйесі туралы мәселе шешілген мәселелер қатарына жатпайды. Осылайша, әдебиеттерде атап өтілгендей, құқықтық жүйе мәселесі ХХ ғасырдың басында ғалымдардың назарына ілінді. Құқық жүйесінің зерттеулерінің басымдықты бағыты кеңестік құқықтық жүйе (1938-1940 жж.) туралы алғашқы ғылыми талқылаулардың нәтижелері бойынша анықталды. Дәл сол уақытта құқықтық реттеу пәні ретінде құқықтың салаларын бөлу өлшемшарты туралы тезис қолдауға ие болды. Кеңестік құқықтық жүйе туралы (1954-1955 жж.) екінші ғылыми талқылау барысында қатысушылар тек затты ғана емес, жүйені қалыптастырушы фактор ретінде құқықтық реттеу әдісін қолдану туралы пікір қалыптастырды [15, 12-13 б.].
Құқық жүйесін зерттеуге және жүйені қалыптастырушы өлшемшарттарды іздестіруге арналған сұрақтар бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан қызу пікірталастардың тақырыбы болып табылады.
Салалар және институттар бойынша құқықтық нормаларды бөлудің дәстүрлі өлшемшарттары ретінде, әдетте, құқықтық реттеудің субъектісі мен әдісі танылады [16, 26-б.1; 17, 271-272-б.]. Алайда, бұл мәселе бойынша басқа да көзқарастар бар.
Мысалы, құқықтық реттеудің субъектісі мен әдісімен қатар, мұндай өлшемшарт құқықтық тәртіп ретінде қарастырылады, оның маңызды құрамдас бөлігі құқықтың құрамына енетін қағидалар мен жалпы ережелер болып табылады [18, 457-460-б.].
Құқық салаларының белгілері құқықтық реттеудің пәні және жалпы құқықтар жүйесі (құқықтық нормалардың кодификациялық жиынтығы) ретінде сипаттайтын нормалардың ішкі ұйымдастырылу дәрежесі болып табылады. Тиісінше, осы тұрғыда заң саласы белгілі бір әлеуметтік қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың кодификациялық жиынтығы ретінде түсінілуі керек [19, 85-б.]. Сонымен қатар, құқық салаларының саны әрдайым кодификацияланған нормативтік құқықтық актілердің санына сәйкес келмейді. Құқық саласы мен заң саласы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты проблема бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтпайды [20, 32-б.].

Аталмыш автордың айтуынша, негізгі элементтерді құрайтын және құқықтық реттеу әдісінің құрылымын ашатындардың барлығы (субъектілердің құқықтары мен міндеттерін белгілеудің әдісі ретіндегі келісім, субъектілер арасында өзара қарым-қатынастарды жүзеге асыру тәсілі ретінде тең құқылық; іс-әрекет үлгісі ретінде дауларды бейбіт жолмен шешу және мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау; құқықтық қорғау және міндеттерді орындау ретінде мемлекеттер тарапынан жеке немесе ұжымдық түрде жүзеге мәжбүрлеудің ерекше нысаны) халықаралық құқықтың, тіпті оның кез - келген институтына тән [8, 46-47-б.].
Ғылымдағы құқықтық реттеу әдісі тұжырымдамасына деген көзқарас біркелкі емес екенін атап өткен жөн. Әдетте, қолданыстағы бағыттарды шартты түрде екі бастысын анықтау арқылы қарастыруға болады.
Бірінші. Бұл әдіс құқықтық нормаларда қамтылған ұйғарымдардың сипатымен тікелей байланысты. Бұл әдіс құқықтық реттеудің екі негізгі әдісін - авторитарлық (беделді ұйғарымдар әдісі) және диспозитивті (автономия әдісі) ерекшелеуге мүмкіндік береді [21, 567-б.].
Екінші. Бұл әдіс құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға тек беделді немесе диспозитивті әсерімен ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа да қасиеттерде көрінеді. В.С.Нерсесянц атап өткендей, салалық әдістердің бірқатар ерекшеліктері құқықтың әрбір саласы өз ерекшелігіне ие екендігіне байланысты:
:: олардың құқық субъектілігінің, құқық қабілетінің және іс-әрекетке қабілеттілігінің ерекше мазмұнымен құқық субъектілерінің салалық құрамын анықтау тәртібі,
:: тиісті құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру шарттары мен формалары,
:: берілген саланың құқық нормаларында бұқаралық-құқықтық және жеке-құқықтық компоненттерді байланыстыру тәсілдері,
:: түрлі ережелердің нормативтік қасиеттерін біріктіру әдістерін қолдану және қолдану әдістері (императивті және диспозитивтік, тыйым салу, міндеттеуші және т.б.) [22, 438-б.].
Екінші тәсіл мынадай себептер бойынша қолайлы. Егер бірінші бағыт қолданылса, онда барлық қолданыстағы дербес құқық салалары бір әдісті немесе екіншісін немесе екі әдістің (императивті және диспциялық әсер) арнайы үйлксімін қолданады. Құқықтың көптеген салалары болған жағдайда, әрбір салаға қолданылатын құқықтық реттеу әдісінде диспозитивті және императивті принциптердің түпнұсқалық тжиынтығын ұстап алу өте қиын. Мұндай жағдайда салалық әдітердің ерекшеліктері көмекке келеді.
Халықаралық құқық жүйесі туралы айта отырып, халықаралық құқықтың салаларын критерийлері бойынша барлық ғылыми ұстанымдарды екі топқа біріктіретін Н. Кириловскаяның ұстанымын атап өтпеу мүмкін емес. Бірінші бағыт халықаралық құқықтың ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы пән - құқықтық реттеудің арнайы әдісі мемлекет ішілік құқықтың кең таралған теориялық құрылымын пайдалану мүмкіндігімен байланысты. Екінші бағыт - халықаралық құқықтың салалық дифференциациясы үшін құқықтық реттеу субъектісінің мағынасын жоққа шығармай, келесі критерийлер ұсынылады: реттелетін халықаралық қатынастардың автономдығы; халықаралық қоғамдастықтың қызығушылығы; әлеуметтiк қатынас шеңберiнің жеткiлiктi әлеуметтiк маңыздылығы; нормативтік-құқықтық материалдың жеткілікті көлемі; жаңа құқық саласының құрылысын реттейтін арнайы қағидалар және т.б. [7, 84-86-б.].
М.Х. Хабачиров атап өткендей, құқықтық нормалардың жиынтығы сала деп аталуы үшін белгілі бір шарттар қажет (әлеуметтік қатынастардың нақты шеңбері; осы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар (және тиісті нормативтік құқықтық материалдардың жеткілікті мөлшерде болуы); аталған әлеуметтік қатынастардың маңыздылығы; жаңа қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі қоғамдық мүдде) және бүгінгі күні үлкен көлем критерийімен келісу екіталай. Жаһандану жағдайында калейдоскопиялық жылдамдықпен өзгерген кезде қазіргі заманғы жағдайдағы құқықтық материалдың көлемі (массасы) саланы қалыптастыру критерийі үшін шешуші фактор болып табылмайды [23, 33-б.].
Осылайша, бүгінгі күні құқықтың ұлттық салалары мен халықаралық құқық жүйесі салаларына қатысты дербес құқық саласы бар деп айтуға негіз болатын өлшемшарттарды бөлуге қатысты бірыңғай көзқарас жоқ.
Халықаралық ұйымдар құқығын ғылымда көрсетілген критерийлерге сәйкестігін талдай отырып, біздің ойымызша, келесі тармақтарға сүйенуіміз керек.
Біріншіден, халықаралық ұйымдар құқығы пәнін ерекшелеуге болады - бұл халықаралық ұйымдардың құрылуы мен жұмыс істеуіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар. Халықаралық ұйымдардың көп санына және осы субъектілерді әр түрлі салаларда белсенді қызмет етуін, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдардың ерекше рөлін есепке ала отырып, осы қарым-қатынас шеңберін бөлек құқықтық реттеуді қажет ететін жеке топқа бөлу туралы айтылуы мүмкін.
Екіншіден, халықаралық ұйымдардың құқығына құқық көздерінің жиынтығы тән, олардың әрқайсысының мәні, жалпы алғанда халықаралық қатынастарды реттеуге қарағанда басқаша көрінеді.
Осылайша, халықаралық үкіметаралық ұйымның (ХҮАҰ) құрылтай актілері болып табылатын халықаралық шарттар өте маңызды. Үкіметаралық ұйымдар қабылдаған актілер де маңызды рөл атқарады. Егер ХҮАҰ актілері халықаралық құқықтың көзі болып табылмайды деген ұстаным ұстанатын болса, бірақ олар тек ХҮАҰ-ның ішкі құқығының көзі ретінде қаралуы керек болса, онда халықаралық ұйымдардың құқығы үшін ерекше құқық көзі тән деп айтуға болады.
Үшіншіден, халықаралық ұйымдардың құқық субъектілерінің тізімі көп жағдайда халықаралық құқық субъектілерінің құрамына ұқсас. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар құқығының негізгі субъектісі, сөзсіз, халықаралық ұйымдардың өзі болып табылады.
Төртіншіден, халықаралық ұйымдар құқығының негізгі субъектілерінің бірі бола отырып, ХҮАҰ құқықтық субъектілікті алудың ерекше әдісіне ие. Осылайша, үкіметаралық ұйымдар, басқа да халықаралық құқық субъектілерінің ерік-жігерімен құрылған туынды, екінші субъектілер болып табылады. ХҮАҰ-ның құқық субъектілігі оны құрушылар арқылы анықталады және ұйымның құрылтай актілерімен белгіленеді.
Бесіншіден, халықаралық ұйымдардың құқығына қолданылатын халықаралық жария құқықтың негізінде жатқан қағидаттар ерекше қолданысқа ие.
Бұл, мысалы, егемендік теңдік қағидасы. Халықаралық ұйымдардың құқығына қатысты бұл қағида халықаралық ұйымдар құқығының субъектісі егемендік теңдікке ие мемлекет болып саналатындықтан қолданылады. Мемлекеттер ХҮАҰ-ның негізін қалаушылар болып табылады, кейіннен, мысалы шарт жасау арқылы халықаралық ұйымдармен құқықтық қатынастарға түседі. Тікелей ХҮАҰ-ның арасындағы тікелей қарым-қатынас тең дәрежеде реттелмейді. Құрылу уақытында ұйымға оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті құқық субъектілік ауқымы беріледі. Басқаша айтқанда, бастапқы кезеңде ХҮАҰ құқық субъектілік ауқымы бойынша тең болмайды.
Сонымен бірге, халықаралық ұйымдарды құрумен және олардың қызметімен тікелей байланысты қатынастарды реттеу қағидалары халықаралық құқық ғылымында анықталады және аталады.
Мәселен, халықаралық ұйымдар құқығының қағидасы ретінде қаралуы мүмкін негізгі қағидалардың бірі ретінде халықаралық ұйымдар қабылдаған актілердің мақсаттары мен функцияларына сәйкестігін атауға болады.
Алтыншыдан, халықаралық ұйымдар құқығы жария-құқықтық және мен жеке құқықтық құрамдас бөліктердің айрықша, айқын үйлесіміне ие.
Бір жағынан, ХҮАҰ халықаралық жария құқықтың субъектісі болып табылады, оның мәртебесі ең алдымен жария құқық нормаларымен реттеледі. Екінші жағынан, халықаралық ұйым жеке-құқықтық сипаттағы қатынастарға кіреді. Бұдан басқа, ХҮАҰ басқа субъектілермен қарым-қатынастарды реттеуге арналған жеке құқықтық нормаларды қамтуы мүмкін актілерді қабылдайды. Осылайша, жария-құқықтық нормалардың үстемдігіне қарамастан, жеке-құқықтық бастаулар ХҮАҰ-ның азаматтық-құқықтық және жария-құқықтық болып табылмайтын басқа да қатынастарға қатысуын реттеу үшін сөзсіз қолданылады. Біздің ойымызша, болашақта халықаралық ұйымдардың жеке-құқықтық қызметінің кеңеюіне байланысты, халықаралық ұйымдар құқығында жария-құқықтық және жеке-құқықтық нормалардың өзгеруі мүмкін.
Осылайша, халықаралық ұйымдардың құқығы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызмет етуі саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жеке жиынтығы болып табылады. Халықаралық ұйымдардың құқығына құқықтық реттеудің арнайы пәні; субъектілердің және құқық көздерінің арнайы иерархиясы; халықаралық құқық қағидаларын нақты қолдану және өз қағидаларын қалыптастыру; жария-құқықтық және жеке-құқықтық айқын үйлесім тән.
Халықаралық ұйымдар құқығының оқшауланған жағдайын анықтағаннан кейін, осы құқық нормаларының басқа да құқық салаларының арасында орны туралы мәселеге жауап беру қажет.
Д.И. Фельдман халықаралық ұйымдардың құқығын халықаралық құқықтың бір саласы ретінде, халықаралық құқық субъектілігі құқығымен, халықаралық шарттар құқығымен, халықаралық қауіпсіздік құқығымен, халықаралық гуманитарлық құқығымен және т.б. заңдарымен қатар қарастырады [8, 62-б.]. Э.С. Кривчикова халықаралық ұйымдардың құқығын халықаралық ұйымдарды қалыптастыру мен қызмет ету мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды қамтитын қазіргі заманғы халықаралық құқықтың саласы ретінде қарастырады. Халықаралық ұйымдар құқығы көптеген халықаралық ұйымдарға тән қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ жекелеген ұйымдар мен олардың топтарының арнайы нормаларын қамтиды. Халықаралық ұйымдар құқығының көздеріне бұл автор төмендегілерді жатқызады:
- құрылтай актілері болып табылатын халықаралық шарттар мен келісімдер;
- басқа халықаралық шарттар;
- халықаралық салт-дәстүр;
- құрылтай актілері негізінде әзірленген рәсім ережелері, қаржылық ережелер мен қызметкерлерге арналған ережелер;
- халықаралық ұйымдардың кейбір шешімдері және т.б. [24, 27-28-б.].

И.И. Лукашук халықаралық ұйымдардың құқығы халықаралық құқықтың саласы болып табылатындығын жазады, олардың қағидалары мен нормалары мемлекетаралық органдар мен ұйымдарды құру тәртібін, сондай-ақ олардың мәртебесі мен функцияларын анықтайды [11, 23-б.]. Анықтамадан көрініп тұрғандай, бұл жағдайда автор халықаралық ұйымдардың құқығына олардың мәртебесін реттейтін ережелерді ғана емес, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен халықаралық органдардың құқықтық мәртебесін анықтайтын ережелерді де жатқызады.
Осылайша, халықаралық құқық жүйесіне деген көзқарастарға және оның салаларын бөлу критерийлеріне қарамастан, көптеген зерттеушілер халықаралық ұйымдардың құқығын құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде жоққа шығармайды, ал халықаралық ұйымдардың құқығы термині заң әдебиеттерінде кеңінен қолданылады.
Халықаралық ұйымдар құқығының жүйелік заңдылықтарын анықтауға қатысты қолданылатын тәсілдерді үш негізгі бағыт бойынша қарастыруға болады.
1. Халықаралық ұйымдар құқығы қазіргі заманғы халықаралық құқықтың тар (немесе халықаралық жария құқық) саласы болып табылады. Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық құқық саласы ретінде анықталғанына қарамастан, сөз халықаралық жария құқық туралы болып отыр.
2. Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық жария құқықтың, сондай-ақ халықаралық жеке құқықтың нормаларын қамтитын құқықтың күрделі саласы болып табылады.
3. Халықаралық ұйымдар құқығы халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтармен тең дәрежеде қызмет ететін дербес құқықтық жүйе болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, келесі қорытындыларды тұжырымдауға болады.
1. Халықаралық ұйымдардың құқығы - құқықтық реттеудiң өзiнiң жеке заты ретiнде сипатталатын құқықтық нормалардың жеке жиынтығы; субъектілердің және құқық көздерінің арнайы иерархиясы; халықаралық құқық қағидаттарын нақты қолдану және өз принциптерін қалыптастыру; жария-құқықтық және жеке құқықтың айқын үйлесімі.
2. Халықаралық ұйымдардың құқығы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызмет етуі саласындағы қатынастарды реттейтiн халықаралық жарияжәне жеке халықаралық жеке құқық саласында да орын алатын қағидалар мен құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын күрделi заң саласы ретiнде қаралуы тиiс.
1.2 БҰҰ-ның халықаралық ұйым ретінде түсінігі мен қағидалары
Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мәселелеріне арналған халықаралық ұйым құру маңыздылығы туралы берік ұстаным 1941 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған КСРО мен Польша үкіметтерінің декларациясында алғаш рет айтылды. Бұл құжатта берік және әділ әлемді қамтамасыз ету жаңа халықаралық ұйым арқылы ғана қол жеткізілуі мүмкін екендігі атап өтілді. Осындай ұйымды құрған кезде барлық одақтық мемлекеттердің ұжымдық қарулы күштерімен қолдауға ие халықаралық құқыққа құрмет болуы керек [25, 251-б.].
Америка Құрама Штаттарының президенті Ф. Д. Рузвельт ұсынған Біріккен Ұлттар атауы 1942 жылы 1 қаңтарда Біріккен Ұлттар Декларациясында алғаш рет қолданылды. Алайда, бұл құжатта жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздік халықаралық ұйымын құру идеясы бекітілмеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымын құру Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы күресте КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа да мемлекеттерінің күш-жігерлерінің бірігуінің нәтижесінде мүмкін болды [26, 115-б.]. БҰҰ-ны құрудың негізгі кезеңдері:
1. КСРО-да Қытай елшісінің қатысуымен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің Мәскеу конференциясы, онда 1943 жылы 30 қазанда Жалпыға ортақ қауіпсіздік мәселесі туралы декларация қабылданды;
2. 1943 жылғы желтоқсандағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Тегеран конференциясы;
3. 1944 жылғы қыркүйектегі Думбартон-Окстағы конференция;
4. 1945 жылғы ақпандағы КСРО, АҚШ және Ұлыбритания үкімет басшыларының Қырым конференциясы;
5. 1945 жылғы сәуір-маусым айларындағы Сан-Францискодағы конференция.
БҰҰ-ның ғаламдық деңгейде ұстанатын басты мақсаттары:
-дүниежүзілік тұрақтылықты, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-мемлекеттер арасындағы жанжалдарды дипломатиялық тәсілдер арқылы шешуге жәрдемдесу;
-мемлекеттер арасында экономикалық, сауда-саттық, мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Швейцария БҰҰ-на 10 қыркүйек 2002 жылы толыққанды мүше ретінде қабылданып, оған дейін БҰҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие еді. Швейцария үкіметінің барлық саяси мәселелерде раласпау саясатын қолданатыны баршамызға мәлім.
БҰҰ-ның құрылымы.
1. Бас Ассамблея ұйымға мүше мемлекет өкілдерінің барлығы қатысады. Ассамблея ұйымның жарғысы шегінде кез келген мәселені талқылап шешім қабылдайды, бүкіл ұйымның бюджетін бекітеді, қауіпсіздік кеңесінің жыл сайынғы баяндамаларын талқылап мүше мемлекеттерге ұсыныс әзірлейді. Бас Ассамблеяда талқыланған шешімдер мәжіліске қатысқан елдердің 23 басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Бас Ассамблеяның төрағасы болып 13 маусым 2005 жылы өткен 16 сессиясында Ян Элиассан (Швеция) бір ауыздан сайланды.
БҰҰ-ның Бас Ассамблея шеңберінде қызмет атқаратын басты комитеттері:
* Қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты комитеті;
* Экономика және қаржы мәселесіне байланысты комитеті;
* Әлеуметтік, гуманитарлық және мәдениет мәселелеріне байланысты комитеті;
* Отаршылықты жою мәселелеріне байла-нысты комитеті;
* Әкімшілік және бюджет мәселелеріне қатысты комитеті;
* Құқық мәселелеріне қатысты комитеті.
2. Қауіпсіздік кеңесі: бұл органға БҰҰ жарғысының 24-бабына сәйкес дүниежүзілік қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғау жауапкершілігі жүктелген. Бұған қоса халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке кез келген қауіп қатер төнген жағдайда, оны қалпына келтіру үшін Бас Ассамлеяға ұсыныс жасайды. БҰҰ-ға мүше 15 мемлекет өкілдерінен тұратын кеңесте 5 тұрақты өкілі бар. Олар АҚШ, Ресей, ҚХР, Ұлыбритания, Франция. Тұрақты емес қалған 10 мүше ел Бас Ассамблея тарапынан екі жылға ағылшын алфавиттік тізіміне қарай сайланады. Алайда, тұрақты мүшелердің бірі дауыс бермесе (вето) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz