Отбасылықтың құндылықтардың әлсіреуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жаһандану үдерісі қазақ отбасының құндылықтарының өзгеруіне қаншалықты әсер етіп жатыр?

1. КІРІСПЕ
Ұлттық құндылық дегеніміз не? Ұлттық құндылық дегеніміз белгілі бір ұлт адамының жеке қасиеті, белгілі бір немесе басқа бір ұлт адамының көптеген жеке қасиетінің жиынтығы болып табылады, ұлттық құндылық әрбір ұлт адамдары үшін бұзылмас заң. Кімде кім өз ұлтын сыйламаса және сақтама, ол сөзсіз барып тұрған арамза, отансыз қаңғыбас. Өзін сыйлай алған адам өзгені де сыйлай алады, белгілі бір ұлттың толық азаматы болып әрі өз ұлтыңды мақтан ете отырып, сен басқа халыққа да лайықты қарай аласын. Ұлттық құндылық тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу қажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан [1]. Жаһанданудың құралы болған ақпарат толқынымен тек қана әрбір адам бойындағы өзіндік жеке қасиет, ұлттық құндылығын сақтаса ғана қарсы тұра алады.
Қазіргі таңда мемлекеттің негізгі құраушы адамдар, адамдық қатынастар болғандықтан, отбасындағы ұлттық құндылықты сақтау ждәне оны жаңғырту маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Дені сау отбасында білімді және үлгілі ұрпақ өседі. Ата-аналардың өздерін тәрбиелеуімен қатар ол ата-аналық борыш негізінде де жетілдіріледі. Дегенмен, соңғы уақытта қоғамда орын алып жатқан өзгерістер мен толқулар білім берудің негізі болып табылатын отбасындағы қалыпты тәрбиеден бастап, біздің тәрбиемізге мүлдем жат қылықтарға дейін отбасылық құндылықтарымызды әлсіретіп келеді.
Сондықтан тәуелсіз мемлекеттің болашаққа байыппен қарауы үшін әлеуметтік күш болып табылатын отбасы мәселесіне, және олардың басты ойыншылары жастара басты назар аудару қажет. Отбасыны құрайтын қазіргі дастар өзгеше қасиеттерге ие. Бұл не қасиеттер? Біріншіден, олардың рухани беймазалығы, болмысқа сыни аөзбен қарайтындығы, өзімшілдігі, қара басының қамын бәрінен биік қоюы. Ал осындай жастардан құралатын қазақ отбасында қандай әлеуметтік құндылықтар сақталуы мүмкін?
Сондықтан қазіргі жаһандану үдерістерінің қазақ отбасына әсерін айқындау өзекті болып табылады.
Зерттеу пәні жаһандану үдерісінің қазақ отбасындағы құндылықтарға әсерін бағалау болып табылады.
Берілген тақырыптың отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нысанына айналғанына қарамастан аталмыш тақырып әлі де болса зерттеуді қажет етеді. Сондықтан жаһанданудың қазақ отбасының әсерлерін анықтау - біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты болып табылады.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жаһандану жағдайындағы қазіргі қазақ отбасының бет-бейнесі
Отбасы халықты жаңғырту және әлеуметтік қатынастарды реттеу, жеке тұлғаларды әлеуметтендіру, олардың моральдық және физикалық жағдайы, өмірлік өзін-өзі дамыту саласында қоғамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету жүйесінде маңызды рөлді ойнайды. Қазіргі таңда жаһандану жағдайында зерттеушілердің көбін отбасы мәселесі, отбасы құндылықтарының сақталу проблемалары назарын аудартады. Біріншіден, отбасының түрленуі барынша күлкен ауқымды сипат алуда, ол болып жатқан өзгерістердің себептерін, мәнін зерделеуді ұсынады [2-5]. Екіншіден, барлық үдерістер мен әлеуметтік-экономикалық бағдарларға, соның ішінде отбасыға әсер етуші маңызды фактор жаһандану болып табылады. Батыстың нарық пен демократияға негізделген, вестернизация, американизация жаһандану деп деп аталатын мәдениетінің шырмауы қоғамымызды жаулап алды. Оны мына факторлардан көре аламыз:
дәстүрлі отбасы құндылығына қазақ жастарының бейжай қарауы, азаматтық уақытша некелердің, аралас некелердің белең алуы;
бұқаралық мәдениет өндірісінің (кинопрокат, компъютерлік клубтар, дискотека, арзан телесериалдар, поп музыка, кітап өндірісінің т.б.) кең қанат жаюы. Ұлттық сипаты жоқ бұқаралық мәдениеттің ықпалынан рокер, хиппи тағы басқаларға еліктеуі, бұл субмәдениеттерге қосылмаса да қазақтың құндылықтарына ескіліктің сарқыншағы деп қарау жастардың көпшілігінің санасында көрініс беруі;
электронды ақпарат құралдарының жастар санасын стандартқа түсіруі (жүріс-тұрыс пен киім стилінің, тұрмыстық тұтыну тауарларының, талғамның стандартқа түсуі, яғни батыстануы);
бостандық, еркіндік, демократияны желеу етіп, арсыз, ұятсыз әрекеттерге баруы, қарым-қатынас мәселесінде адамгершілік қағиданы ысырып тастап, тек нарықтық заңдармен жүруі [6].
Осы секілді қазақ қоғамындағы келеңсіздікті жоққа шығара алмаймыз. Бұл батыстың мәдениетін, менің ойымша, антимәдениет деп атауға болады. Себебі мәдениет адамға ешқандай зиянын келтірмеуі керек. Сондықтан еркін өмір сүреміз деп жүргенде қазақтың ата-бабаларымыздың барлық ілім мен білім тәрбиелеріне елемейтін қазіргі қазақ отбасы отбасылық құндылықтарға алаңдамайды. Ал осы отбасылық құндылық қалай сақталады? Ол әрине, ұрпақтан ұрпаққа, отбасыдан отбасыға бала тәрбиелеуде белгілі-бір құндылықтарды сақтап, жеткізу. Сондықтан отбасылық құндылықтардың жоғалмауы үшін, сыртқы факторларға қарсы тұруы үшін қазақ отбасында бала тәрбиесіне ерекше назар аудару қажет.

2.2 Жаһандану үдерісінің қазақ отбасы құндылықтарына негізгі әсерлері мен ерекшеліктері
Отбасындағы тәрбие - бұл ата-аналардың күнделікті тәрбиесінің барлық объективті әсерлерін қамтитын, жас ұрпақты тәрбиелеу институтының бірі ретінде мақсатты педагогикалық үдеріс болып табылады. Дегенмен қазіргі қазақстандық отбасының бейнесі және оның тәрбиесі түбегейлі өзгерді. Өйткені жаһандану үрдісі ағымдағы отбасына қатты әсер етеді. Оларды төмендегі бірнеше белгілер арқылы көруге болады:
- ең алдымен, жас отбасылардың 50-70% -ы ата-аналарынан бөлек өмір сүргісі келеді. Бұл жағдай отбасылық тәрбиені ұйымдастыруда екі жақты əсер етеді. Бір жағынан, жас отбасы өздігінен өмір сүруге бейімделуге үйренеді, ал екінші жағынан, отбасындағы ұрпақтың өзара байланысы үзіледі. Отбасындағы ересек адамдар өздерінің немерелерін тәрбиелеу қуанышымен шектеледі, ал жас отбасы балаға күтім жасауды және дәстүрлі отбасылық өмірді ұйымдастырумен толыққанды көмек көрсетуден шектеледі. Шындығында, халықта отбасылық тәрбие жас ұрпақты тәрбиелеудің өзара байланысы негіздерінен қалыптасады. Отбасында ақсақал болса, құндылық та болады деген терең сана-сезіммен өмір сүре отырып, халық отбасылық тәрбие үдерісін қалай ұйымдастыру керектігін білді. Қазақ отбасында тәрбиелеу бірнеше ұрпақтың бір шаңырақ астындағы өзара қарым-қатынасы арқылы ұйымдастырылды. Бұның растауы ретінде келесі мысалды келтіруге болады: Бір күні бір еңбекқор адамнан өзінің еңбегімен тапқан табысын неліктен үш бөлікке бөлгенін сұрады. Оған ол былай жауап берді: бір бөлігімен қарызымды жабамын, екінші бөлігін қарызға беремін, тек үшінші бөлігі ғана өзіме қалады. Бұл мысалдан көріп отырғанымыздай, бұл қазақ халқының тарихи дамуының дәстүрін көрсетеді. Онда отбасылық тәрбиені үш ұрпақтың атасы - әкесі-ұлы мен олардың қарым-қатынасын үлгілі тәрбиелеу арқылы тиімді түрде жүзеге асыруды сипаттайды [7];
- Қазіргі отбасының тағы бір ерекшелігі - отбасылық қарым-қатынастың демократиялық сипаты, сондай-ақ қатынастардағы теңгерімдік үрдіс байқалады. Осылайша, отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың бір-біріне деген жауапкершілігін емес, автономды құқықтар мен әрекет ету бостандығынан басым болады. Дәстүрлі отбасыларымен салыстырғанда, демократиялық отбасыларда ерлі-зайыптылар моральдық және психологиялық тұрғыда жоғары шарттар (мысалы, түсіну, назар, құрмет, қамқорлық, қолдау, толеранттылық) қояды.
- отбасылық құндылықтарды дамытудағы келесі ерекшелік - отбасылардағы ажырасу фактілерінің кездесуі. Елімізге тән дәстүрлі тәрбиелеу бірте-бірте өзінің күшін жоғалтып келеді, жұртшылықтың пікірінше, ажырасу проблемалық жағдайдан шығудың бір жолы ретінде қарастырылады, нәтижесінде жалғыз басты аналар, толыққанды емес отбасылар және т.б. (жыл сайын өтініш берушілердің 40%-ы ажырасу туралы өтініш жасайды) көбейіп келеді [8].
Сондай-ақ, некесіз бала туу да қалыпты жағдайға айналып келеді.
Бүгінгі отбасындағы құндылықтардың әлсіреуінің тағы бір ерекшелігі - отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара қамқорлықтың болмауы. Ата-аналардың күні ойы үйде болмауына байланысты таланың тәрбиесі олардың назарынан тыс аймақта жүргізіледі. Ата-ананың қамқорлығы ақшамен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етумен толтырылады. Мұндай отбасыларда тәрбие төмен деңгейде жүргізіледі. Сәйкесінде мұндай отбасыларда отбасылықтың құндылықтың да сақталуы төмен. Осыған байланысты біз В.А. Сухомлинскийдің сөзін ұмытпауымыз керек: Бала отбасында тек қамқорлықтың жеткіліксіздігінен ғана емес, оның шамадан тыс көп болуынан да зардап шегеді [9]. Өйткені, отбасында жеткіліксіз көңіл аудару мен қамқорлықты алған бала тұйық, ынжық, өзіне-өзі сенімсіз болып өседі, ал шамадан тыс көңіл бөлінген бала еріншек, өзімшіл, жағымсыз болып өседі.
Н.Ә.Назарбаев Барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты халыққа жолдауында: Егер біз жоғары моральдық қоғам болғымыз келсе, ерлі-зайыптылар арасында, әсіресе, балалар алдында жауапкершілікті күшейтуіміз керек [10] деген.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы балалар мүлдем басқа. Олардың мүлдем басқа қажеттіліктері мен тәрбиесі бар. Сондықтан ата-аналар балаларды тәрбиелеуде әлеуметтендіру процесін жүзеге асыра алмайды. Бұл мектеппен тығыз қарым-қатынас жасауды талап етеді.
Ұлы түркі ғалымы Ж.Баласағұнның айтуынша, әрбір ата-ана өз баласын сыртта емес, өз ұясында, өз үйінде тәрбиелеуі керек [11]. Өйткені, өз елін немесе отбасын ерте тастаған бала жатбауыр болып дамиды, туысқандары мен жақындары алдында суық қарым-өатынас пайда болады. Біздің заманауи қоғамда, бала отбасында тәрбиеленсе де, ол басқа біреудің тәрбиесі мен қамқорлығын алады.

2. 3 Зерттеу әдістері: тәуелсіз зерттеу жүргізу
Тәуелсіз әлеуметтік зерттеу жүргізудің мақсаты жаһанданудың қазақ отбасының құндылықтарына әсерін анықтау, олардың жаһандануға көзқарасы, жаһанданудың отбасындағы тәрбиеге әсерлерінің ерекшеліктерін анықтау.
Әлеуметтік талдаудың объектісі аға буын және жас буын отбасыларының әлеуметтік санасы, мінез-құлқы. Пәні қазақ отбасының әлеуметтік мінез-құлқы, саналарының ерекшеліктері.
Зерттеу әдісі: сауалнама сұрақтары.
Гипотеза: аға буын және жас буын қазақ отбасыларының жаһанданудың ықпалына ұшырауында айырмашылықтар бар деп ойлаймын. Бұл әсерлер әлеуметтік құндылық, әркеттерімен көрсетіледі.
Сауалнамаға 18 адам қатысты, оның 11-і аға буын өкілдері 7-уі жас отбасы.
Жүргізілген зерттеулер келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік берді:

2.3.1 Сауалнама анализі
Сауалнама барысында қойылған негізгі сұрақ: қазіргі қазақ отбасында таралған жағымсыз құндылықтарды анықтау еді. Зерттеулер нәтижесінде қазіргі қазақ отбасында сынадай жағымсыз қасиеттерді көреміз:
1. Мақсатсыз өмір, енжарлық, жалқаулық, бос жүргендік. Көптеген отбасылы жандар мақсатсыз өмір сүреді, ештене істегісі келмейді. Сонымен бірге ата-анасына сеніп өз балаларының алдында жауапкершіліксіздік танытатындар да аз емес.
2. Алькоголизм, нашақорлық, шылым шегу. Өкінішке орай қазіргі кезде жас отбасы арасында бұл қасиеттер терең жайыла бастады.
3.Эгоизм, пайдақорлық, көреалмаушылық, сараңдылық, ұжымдықтын жоғалуы. Қазіргі уақытта ақша басты құндылыққа айналып кетті. Сонымен бірге жас отбасының көп бөлігі қазіргі қоғамда адам өзін ғана ойлауы керек деп санайды.
4. Мәдениетсіздік, тұрпайлылық, арсыздық. Аға буынның айтуынша мұндай қасиеттердің пайда болуы себебі: Қыз балалардың өз нәзіктігін жоғалтумен және ер жігіттердің мәдениетінің төмендеуі деп түсіндіреді. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластау, басқа адамдарға деген сыйлаусыздық.
5. Өтірік айту, екі жүзділік, жауапсыздық, сатқындық, айлакерлік. Өкінішке бұл қасиеттер әдетке айналып кетті. Бірақ мен жауап алған адамдар 13 бөлігі бұл қасиеттерді ең жаман, жеркенішті қасиеттер деп атады. Онда отбасыда тәрбиеленген балалар да болашақта сондай қасиеттерге ие болатыны ықтимал.
6. Бетімен кету, ұятсыздық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтағы әлеуметтану
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Демократиялық саяси жүйенің орнығуы
Қоғамның саяси саласындағы жастар
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы
Ұлттық құндылықтар – білім бастауының қайнар көзі
Жаһандану мен ұлттық мәдениет
Тәрбиенің қазіргі жағдайы
Мотивация
Пәндер