Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы


МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. XX ғ. басынан бастау алатын қытай қоғамындағы әр түрлі бетбұрыстарды ала келген өзгерістердің нәтижесі арқылы ғана қытай әдебиетінде проза жанры маңызды орын ала бастады. Қытай әдебиетіндегі әңгіме тек XX ғ. басында пайда болып, қалыптасты деуге әбден болады. «4-мамыр» қытайдың жастары қозғалысының алды-артында ұлттың дәстүрлі әдебиетіне реформа жасау науқаны белең алды. Бұл реформаның өзегі негізінен, дәстүрлі поэзияны тастап, жаңа, еркін өлеңге көшу, прозада ұзын-сонар романшылдықты доғарып, қысқы әңгімені өркендетуге қатысты болды.
Бұл ретте сол кездегі аса көрнекті әдебиетшілердің әңгімені жаппай насихат¬тауы мен батыс елдері әдебиетінен таңдаулы әңгімелерді көптеп аударғанды¬ғын айтқан орынды. Мәселен, Лиң-Чичаудың «Әңгіме және ел өмірі» атты мақаласы, Ди-Пиңзының «Әңгіменің әдебиеттегі орны» деген мақаласы, Уаң-Ушыңның «Қоғамдық өзгеріс және әңгі¬ме жанры» атты мақаласы, Тау-Шысыңның «Әңгіменің қуаты мен ықпалы» атты мақаласы, Шүй-Ниянсының «Әңгіме туралы ойларым» т. б. да авторлардың толып жатқан мақалалары бірі¬нен әңгіменің әлеуметтік, әдеби, эстетикалық рөлі мен маңызы, тиімділігі деген секілді жақ¬тары барынша дәріптелді. Әсіресе Ли-Чичаудың: «Бір халықтың болмысын өзгерту ке¬рек» - деген теориялық қуаттамасынан кейін, қытайдың сол замандағы жаңашыл қаламгер¬лері әңгіме жанрын қоғамды өзгертудің, халықты оятудың, замана рухын қуаттандырудың тамବша қаруына айналдырды. Бұдан тыс тура сол кезеңде батыс әдебиетінен әйгілі жазушы¬лар¬¬дың таңдаулы әңгімелері көптеп хань тіліне аударылып жарық көріп жатты. Он жылда (1910-1920) мерзімді баспасөзде 5100 әңгіме жарияланған болса, соның 2/3-і аударма әңгі¬мелер екен.
Қытай әдебиетінде жаңа заманғы әңгіме жанрының туып, қалыптасуына орыс әдебие¬тінің ықпалы ерекше болды. Атап айтқанда Л. Толстой, А. Чеховтар¬дан бастап М. Горькийге дейінгі орыс жазушыларын жаңа қытай әдебиетінің («4 мамыр» тұсындағы) негізін салушы¬лардың ұстазы болды деуге болады. Әсіресе ол тұста шетел әдебиетінен мол сусындап, көп үйренген қаламгер Лу-Синь болды. Оның алғашқы кездегі фельетондары мен әңгімелерінен Чеховтың үнін аңғару қиын емес. Ал Лу-Синьнен кейінгі По-Можуо, Мау-Дун, Джоу-Шули т. б. көрнекті қаламгерлердің шығармаларында да еуропа әдебиетінің, әсіресе, орыс проза¬сы¬ның ықпал-әсері қатты сезіледі. Қытай әңгіме жанры соңғы жиырма жылда ғана батыс (со¬ның ішінде орыс) әдебиетінің «шырмауынан» босап, өзінше ізденіске көше бастаса, повесть қытай әдебиетіне сырттан кірген кірме жанр болғандықтан XX ғ. 50-ші жылдарынан қалыптаса бастады.
Жұмыстың мақсаты ХІХ ғасырдың басынан мен ХХ ғасырдың ортасына дейін қазіргі қытай прозасын ұсыну болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамына шолу жасау;
- 4-мамыр қозғалысының Қытай әдебиетіндегі алатын рөлін анықтау;
- Қытайдың солшыл жазушыларының лигасын сипаттау;
- Қазіргі заман қытай прозасының тарихын және зерттеулерін талдау;
- Қазіргі заман Қытай прозасының жанрлары анықтау;
- Қазіргі заман қытай прозасының ерекшеліктері белгілеу;
- Қазіргі заман Қытай прозасының әдебиетке тигізген әсерін бағалау.
Зерттеу жұмысының негізгі объектісі қазіргі заман Қытай әдебиеті, ал зерттеу пәні - қазіргі заман Қытай прозасы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыста әдебиет жанрлары бойынша жіктеу әдісі, сипаттау әдісі қолданылды.
Зерттеу жүргізудің негізгі дереккөздерін Қытайдың әдебиет тарихына қатысты қытайлық, ресейлік және отандық зерттеуші қытайтанушы-ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған материалдар еліміздің жоғары оқу орындарында «Халықаралық қатынастар», «Аймақтану», «Филология», «Шығыстану» мамандықтары бойынша оқыту курстарында, дәрістерде қолданылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, 7 тараушадан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
1. 1 Жаңа Қытайдың әдебиет қоғамы
«Өмір үшін өнер» бағытының жақтаушылары, жазушы-реалисттер «Әдебиетті зерделеу қоғамы» (Wenxue Yenjuhui «文学 研究 会») әдеби қоғамдастығында бірікті. «Қоғам» 1921 жылы 4 қаңтарда Бейжіңде құрылды, бірақ бірте-бірте орталық Шаңғайға ауысты.
Қытайдың басқа қалаларында «Әдебиетті зерделеу қоғамының» филиалдары құрылды.
Оның бастамашылары - Мао Дунь 茅盾 (1896-1981), Чжэн Чжэндо 郑 振铎 (1898-1958), Сюй Дишаң 许地山 (1893-1941), Ван Тунчжао 王统照 (1897-1957), Го Шаоюй 郭绍虞 (1893-1984), Чжоу Цзожың 周作人 (1885- 1967), Е Шэнтао 叶圣陶 (1894-1988), Гэн Цзичжи 耿济之 (1898-1947), Сунь Фуюань 孙伏园 (1894-1966), Чжу Сицзу 朱希祖 (1879-1944), Ван Луянь 王鲁 彦 (1901-1944), Чжу Цзыцин 朱自清 (1898-1948), Бин Синь (1900-1999), Лу Инь 庐隐 (1898-1934), Лю Баньнун 刘半农 (1891-1934), Лю Дабай 刘大白 (1880-1932) [1, 56-б. ] .
Қоғамның басты баспа органы 1909 жылдан бері Шанхайда шығатын, бас редакторы Мао Дун болған «Проза күнделігі» («Xiaosho yuebao», «小说 月报») және Чжэн Джендо редакциялайтын «Әдеби күнделік» («Wenshue Xunqan») журналдары болды. 1921 жылдың мамырында Шанхайда «Театр күнделігі» («Шиджу Юэкан», «戏剧 月刊») шыға бастады.
«Әдебиетті зерделеу қоғамының» негізгі міндеттері: жазушыларды бірыңғай ұйымға шоғырландыру, елдің әдеби және қоғамдық өмірінің мәселелері бойынша пікір алмасу, қолайлы эстетикалық платформаны дамыту, ұлттық және шетелдік классиктерді насихаттау және әдебиетті белсенді әлеуметтік күшке айналдыру. Жарияланған «Манифесттегі» және Қоғамның «Жарғысындағы» негізгі мақсат - әлемдік әдебиетті зердделеу және танысужүйеге ескі қытай әдебиетін әкелу. Манифест Қоғамның мүшелерінің әдеби көзқарастарын келтірді, олар әдебиеттің зардаптарын жоюға және оқырмандарды қызықтыруға уақыт келді деп есептеді [2, 138-б. ] . Қоғамның әдебиетінің негізгі мақсаты әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісі болуы. Әдебиет - бұл адам өмірімен тығыз байланысты іс-әрекеттердің бірі және онымен айналысатын адамдар бүкіл өмірін оған арнау керек.
«Әдебиетті зерделеу қоғамы» қытай оқырмандарын прогрессивті әлемдік әдебиеттермен, оның сыни түсіндірмелерімен, аудармаларымен және жарияланымдарымен таныстыруға үлкен көңіл бөлді. Олардың мақсаты - Қытайдың жаңа әдебиеттерін дамытуға жәрдемдесу үшін шетелдік өнерді, әлемдік заманауи идеяларды насихаттау болды. Олар Ресей мен Кеңес Одағының танымал шығармаларының аудармасына назар аударды [3, 111-б. ] .
«Проза күнделігі» журналында жарияланатын әдеби-сыни мақалалар жас авторларға әлемдік әдеби процессті түсінуге, өнерде өзіндік қолтаңбасын табуға, көптеген классикалық және жаңа қытайлық туындыларды дұрыс түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, журналда көркем аудармалар жарияланды, көбіне реалисттік әдебиеттерден. Қоғамның қайраткерлері, әдеттегідей, шетелдік шығармаларды бейімдеуге талпынған бұрынғы қытайлық аудармашыларға қарағанда, лайықты түрде орындалған адекватті аударманы жақтады.
«Әдебиетті зерделеу қоғамының» арқасында Еуропа, Азия және Американың 20-дан астам елдерінің еңбектері аударылып, жарық көрді; 1919 жылдың ақпан айынан 1922 жылдың соңына дейін «Проза күнделігі» журналында 155-тен астам аудармалар басылып шықты, олардың үштен бірі орыс жазушыларының еңбектеріне тиесілі еді.
Орыс және Кеңес әдебиетінің аудармашыларының ішіндегі ең көрнекті тұлғасы Генг Джизи 耿 济 之 (1898 - 1947) болды. Пекинде Орыс тілінің арнайы мектебін бітірді. «Әдеби революция» кезеңіне «4 мамыр қозғалысы» кезеңіндегі «әдеби төңкеріске» қатысты [4, 201-б. ] . 1921 жылы Чжэн Чендомен бірге орыс тілінен «Интернационалды» аударды. 1922-1937 жылдары КСРО-да дипломатиялық қызметте болды. 1925 жылы Шанхайда Гэн Гэн Цзичжидің «Ресейдің төрт ұлы жазушысы» («俄国 四大 文学家») кітабы жарық көрді [5, 61-б. ]
«Әдебиетті зерделеу қоғамы» жазушыларының негізгі саласы - тарихы мен эссеистетикалық проза, сондай-ақ аударма. Поэзия мен драма үлкен орын алмады.
Жаңа реалистік әдебиет өкілдерінің арасында шаруалар тақырыбы да кең таралған. Осы бағытта жұмыс істеген авторлардың бірі, Сюй Циньвэнь 许 钦 文 (- 1984 1897) болды. 1926 жылы л«Отан» («Гусян», 故乡1926) , 1928 жылы - «Осылай секілді» («Фанфу жуцы», 仿佛如此) , 1930 жылы - «Шырын құмырасы» («Итань цзю», 一坛酒) атты әңгімелер жинағын жариялады. Ең бастысы Сюй Циньвэнь ауылға назар салып, қытай әйелінің құқықсыз жағдайына, отбасылық мәселелерге көңіл аударады.
Ауылдық өмірдің қиыншылықтарын әңгімелейтін жизни «Жүнді шұлықтар» («Маосянь ва», 毛线袜), «Солбыр А-эр» («Люти А-эр», 鼻涕阿二) атты әңгімелер кең таралған.
Осылайша, реалисттік бағытының әдебиеттік топтарының құрамы бойынша әр түрлі «Әдебиетті зерделеу қоғамы» (немесе қазіргі атауы бойынша Әдебиеттік қауымдастық) әдебиеттің теориялық және тәжірибелік мәселелерін әзірлеуде үлкен рөл ойнады, ол өз кезегінде әдебиет қайраткерлерін дайындау деңгейін көтеруге, олардың шығармашылық және әдебиеттанушылық зерттеулдерінің деңгейлерін арттыруға үлкен әсер етті.
Қытайда «Әдебиетті зерделеу қоғамынан» басқа шамамен 100 әдебиеттік бірлестіктер бар, олардың қатарында: «Сөз тізбегі» « 语丝社» (1924-1930), «Атауы жоқ» « 未名社» (1925-1933), «Айдың тұтылуы» «新月» (1928-1933), «Күн» «太阳社» (1927-1930), «Көктемгі найзағай» (1924-1927) «春雷社», «Батқан қоңырау» «沉钟社» (1925-1929), «Таңғы гүлдер» «早花社» (1925-1928), «Оңтүстік қоғам» «南社» (1924- 1927), «Дауыл» «飓风» (1926-1929), «Құлдар қоғамы» «奴隶社» (1927-1929), «Қажеті жоқ қоғам» «无须社» (1926-1928) және т. б. . Осы әдеби одақтардың жұмысы әр түрі бағытты жазушылардың шығармашылық қызметіне үлкен әсерін тигізді.
«Күн» қоғамы ( Тайян шэ «太阳社») 1927 жылдың күзінде Шанхайда құрылды, қоғамның негізін қалаушылар Цзян Гуанцзи (蒋光慈, 1901-1931) және А Ин (шынайы есімі Цянь Синцунь钱 杏 邨) . «Күн» - жаңа Қытайдағы коммунистік идеяны тарататын қоғам ретінде ойластырылды, идеологиялық жұмыстардан басқа әдебиет өкілдері өздерінің мәдени қызметке арнады. Қоғам бір атаулы «Солнце» ( Тайян юэкань « 太阳月刊») күнделігін және «Теңіздегі бриз» ( Хайфэн чжоубао «海风周报») апталық баспасын шығарды.
«Сөздер тізбегі» қоғамы ( Юйсы шэ «语丝社») 1924 жылы құрылды, қоғамның негізін қалаушылар Лу Синь және оның ағасы Чжоу Цзожэнь 周作人 (1885-1968), Линь Юйтан 林语堂 (1895-1976), Цянь Сюаньтун 钱玄同 (1887-1939) және т. б. «Сөздер тізбегі» қоғамының басты баспа органы Лу Синь редакциялайтын «Сөздер тізбегі» апталық баспасы болды. «Таңғалыспен» («随感录») және «Бос әңгімелер» («闲话») айдарларында сол кезеңнің өзекті мәселелері, прозаикалық және басқа да туындылар туралы публицистикалық мақалардың үлкен мөлшері жарияланды. «Сөздер тізбегі» журналында Лу Синь былай деп жазды: «Өмірді өнерден бөлек айту - әлеуметтік қозғалыстағы саясат пен қатысушының міндеті. Төңкеріске оң көзбен қарайтындар еүлкен төңкерістік массаға кіруі мүмкін. Оларға әдебиет пен өнер туралы айтудың қажеті қанша?» Әрі қарай ол: Әдебиет пен өнерді революцияға қолдануға тырысу - бұл ақылға сыймайтын мәселе», «өнерінің өзіндік және шексіз құндылығы бар» Бұл жерде Лу Синь өзінің сөздеріне өзі қарсы келіп отыр, ол еш қай жерде болмаған да болмайды да дей отыра таза өнердің бар екендігін жоққа шығарады. Қытайлық әдебиеттік сыншылдық Лу Синьді әр түрлі үлгілерде бағалап отырды.
Апталықта Лу Синнің «Құрметті ұстаз Гао» («高老夫子», 1925) әңгімесі, Лао Шэнің «Ажырасу» («离婚», 1933) романы, Лу Синнің «Сәнді күмбез астында» («华盖集», 1926), «Сәнді күмбез астында - жалғасы» («华盖集», 1926), «Міне, осы» («而已集», 1927) жинақтары, «Жабайы шөптер» прозасындағы эсселер мен өлеңдер жинағы жарияланды. 1925 жылы шілдеде Лу Синнің басшылығымен Пекинде «Атауы жоқ» әдебиет қоғамы ( Вэй мин шэ «未名社») құрылды. Лу Синнен басқа онда Вэй Суюань 韦素园 (1902-1932), Тай Цзиннун 台静农 (1903-1990), Цао Цзинхуа 曹靖华 (1897-1987), Ли Цзи’е 李霁野(1904-1997), Вэй Цун’у 韦从芜 (1901-1993) сынды жас аудармашылар қызмет етті. Кейінірек Қоғамның қызметіне Ван Цзинши 王菁士 (1896-1988) және Ли Хэлинь 李 何林 (1904-1988) араласты.
Жалпы осы кезеңдегі Қытайдағы әдеби қоғамдардың негізгі міндеттерінің бірі - қытай оқырмандарын шетелдік авторлардың шығармаларымен таныстыру, шетел әдебиетін аудару және танымал ету, олардың басым бөлігі Еуропадағы әдеби шығармалардың аудармаларын аудару болды.
1. 2 4-мамыр қозғалысы
1919 жылғы 4 мамырдағы оқиғалар тарихшылар мен саясаткерлер «1919 жылғы 4 мамырдағы қозғалыстың» ажырамас бөлігі ретінде қарастыратын «әдеби революцияның» » ( Вэньсюэ гэмин 文学革命) негізгі бағыттарын қалыптастыруға көмектескен әлеуметтік және саяси ойларды дамуын жеделдетті. Уақыттың белгісі жаңа идеялық ағыстың - Бейжің мен Шанхайда пайда болған жаңа мәдениеттің қозғалысы деп аталатын қарқынды даму және белсенді орын алуы болды. «Ғылым және демократия!» ұранымен бұл қозғалыс қытайлық интеллигенцияның ең озық, жас және білімді бөлігін біріктірді. Бұл қозғалыстың қатысушылары дәстүрлі емтихандар жүйесі мен бюрократиялық аппараттағы қызметпен байланысы жоқ, керісінше қазіргі заманғы білім бар қылайлық қоғамның білімді элитасының жаңа буыны болды. Көптеген қатысушылар шетелде, бірінші кезекте, Жапонияның жоғары оқу орындарында оқыды, онда Қытай үкіметі ең үздік студенттерді оқуға жіберді. ХХ ғасырдың басында Американдық жоғары оқу орындарында әртүрлі пәндерді оқып үйрену үшін студенттердің алғашқы топтары құрылды. Ғасырдың басында Еуропа мен Ресейде оқитын қытайлық студенттер өте аз болды. Қытайдың болашағы үшін жастар оптимистік тұрғыдан қарады, бұл негізінен өздері оқыған барынша дамыған шетел мемлекеттерінің жетістіктерін мойындау және қабылдаумен анықталды [6] .
1917 жылдан 1927 жылға дейінгі онжылдықта, Қытай аударылған батыс әдебиетінің ағысын әкеледі, ол көп жағдайда отандық жазушылар үшін үлгі болды, олар «жаңа ырғақта» жаза бастады.
Қытайдағы әдеби революцияның бастамашысы - Лян Цичао (1873-1929) . 1902 жылы Жапонияда жарық көрген «Жаңа проза» журналының алғашқы нөмірінде ол әмбебап білім беру, моральді, дінді, үкіметті, басқаруды, адамгершілікті, ғылымды, өнерді жаңғыртуға мүмкіндік беретін прозадағы революцияның қажеттілігін ашық жариялады. Ол прозалық революцияны қалай жүргізу керектігін, бірақ сол уақыттың ауызекі тіліне барынша жақындатқан, Веньян жазба тілінің жаңа стилін жасады. Ол алғаш болып өзінің еңбектерінің мәтініне тек жаңа сөздерді, сонымен қатар шет тілдерінің грамматикалық құрылымдарын енгізді. Қытайдағы прогреске кедергі келтіретін себептер туралы толғана отырып, Лян Цичао, сондай-ақ, ауызекі тілден өте алыс кеткен жазба тілінің шамадан тыс күрделігін де атады.
Лян Циxао жазбаша және ауызекі қытай тілін жақындастыруда туындаған жағдайдан шығудың жолын көрді. «Европалықтарда», - деп жазды ол, - өткенді және жоғары мәдени мақсаттарды зерттеуде қолданатын латын және грек тілдері бар. Алайда, сонымен қатар, әр елде өзіндік, жергілікті жеке тілдері болады, олар ол арқылы күнделікті сөйлесіп, бастапқы сыныптарда сабақтарын жүргізеді. Егер Еуропада заманауи тілдерді тарату мүмкін болмаса, онда да тірі табиғи және жазбаша әдеби тіл арасында айырмашылық болар еді, ал сауатты адамдардың саны Қытайға қарағанда көп болмайтын еді». Бірақ әліпбилік хаттың жақтаушысы болған Лян Лян Цичао (梁启超, 1873-1923) - философ, тарихшы, әдебиеттанушы; Кан Ювейдің шәкірт және көмекшісі, реформисттік идеологияны дамытуға белсене қатысты.
«Әдеби революция» қозғалысы 4-5 мамырдағы оқиғалардан бұрын басталды, бірақ соңғылары қытай тіліндегі жазба төңкерісіне мәжбүр болды, оның негізгі мақсаты әдеби тілдің таралуы және әдебиеттерді жаңғырту болды. Чэнь Дусю, Ли Дачжао, Лу Синь, Цянь Сюаньтун, Ху Ши, Лю Баньнун және басқалары сынды «Синь циннянь» журналы мен оның авторлары осы өзгерістердің бастамашылары болды. «Синь циннянь» 1926 жылға дейін шықты.
Алдыңғы қатарлы ойшылдар ауызекі тілден бөлінген вэньянь ескі тілін байхуа жалпыхалықтық сөйлеу тілінің негізінде қалыптасқан жаңа әдеби тілмен ауыстыруды түсінді. Кітаптың, газеттің, журналдың, құжаттың тілін қарапайым адамға түсінікті ету шынайы сауаттылыққа қол жеткізуді кеңейту ғана емес, сонымен бірге баспасөз пен әдебиеттерді жаппай идеологиялық әсер етудің қуатты құралына айналдыруды білдіреді. Озық интеллигенцияның осы күш-жігері ыстық назарға ілікті, шын мәнінде кең қолдауға ие болды, ұлттық өзін-өзі танудың өсуін бейнеледі. Бұны, ең алдымен, газеттер, журналдар, содан кейін кітаптарды басып шығару кезінде байхуаның кең таралуы дәлелдеді.
«Жаңа мәдениетке арналған қозғалысының» идеялық орталығы 1915 жылдан шыға бастаған «Синь циннянь» (新青年 «Жаңа жастар») журналы болды. Оның редакторы Пекин Университетінің профессоры, кейін (1917 жылдан бастап) гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы Чэнь Дусю болды. Бастапқыда журнал 1916 жылы «Циннянь» ( 青年 «Жастар») деп аталды, 1916 жылы - «Синь Циньянь», редакторлық және авторлық құрамы сол қалпында қалды. Журналдың позициясы, әсіресе студенттік үйірмелерде, кең қолдауға ие болды.
Журнал «пекиндік» кезеңде аса маңызды мәнге ие болды. 1917 жылы Чэнь Дусю Пекин университетінде орын алады және журнал да Пекинде басылып шыға бастады. Сонымен қатар Қазан төңкерісінің сәтті тәжірибесі жарияланымның белсенді түрде жандануына әкеледі, ал редакторлық құрам Қытайдың алғашқы маркстік-коммунистерінің бірімен, ҚКП негізін құраушылардың бірі Ли Дачжамен толығады.
Журналдың жаңа басылымының (1916, қыркүйек) бірінші нөмірінде Чэнь Дусюдің «Жастарға үндеу» ( «Цзингао циннянь», 敬告青年») атты бағдарламалық мақаласы шығады, онда бас редактор жастарды жаңсақ пікірлерден бас тартуға және жаңа құндылықтар мен жаңа идеяларға ашық болуға шақырады.
1917 жылдың ақпанында журналда жарияланған Чэнь Дусюдің «Әдеби революция туралы» мақаласында ол «әдеби революция» арқылы жүзеге асырылуы тиіс қағидаттарын баяндады: «біз ақылға сыймайтын, нәзік, ақсүйектерге арналған әдебиеттерді алып тастаймыз және адамдар үшін қарапайым эмоционалды әдебиетті қалыптастырамыз; ескірген, классикалық әдебиеттерді жойып, жаңа, шыншыл әдебиетті қалыптастырамыз».
1917 жылдың қаңтарында «Синь циннянь» журналы «Әдебиет реформасына қатысты үлгілер» ( «Вэньсюэ гайлян чу’и» 文学 改良刍议) . мақаласын жариялады. Оның авторы Америкадағы оқуын аяқтамаған Ху Ши болды. Ху Ши өзінің көлемді мақаласында әдеби реформаға қатысты өзінің түсінігін ұсынды және оның пікірінше, оны орындау үшін қажетті негізгі шараларды (жалпы алғанда сегіз тезис) ұсынды. Мақала классикалық әдеби тілден ауызекі тіліне ауысу жақтаушыларының алғашқы және негізгі бағдарламалық құжаты болды.
Ху Ши Вэньянды «өлген тіл» деп санап, әдебиет (соның ішінде поэзия) тек қана байхуада құрылуы керектігін айтты. Өзінің тезисін растау ретінде ол «байқау» өлеңдерін (көркемдік тұрғыдан жетілмеген) жазды. Ол оларды «эксперимент әзіл» деп атады, ал жазушылар Май шайқағыш деп аталатын Тан дәуірінің ақыны - Чжан Дау (张 打油) туындысына ұқсас болды. Бұл тәжірибе замандастарды жаңа поэтикалық принциптерді іздестіру мүмкіндігі мен қажеттілігіне тағы бір рет назар аударды. 1919 жылы байхуа жалпыға бірдей танылды және 1920 жылы мектептерде оқуға енгізілді. Осы уақытта Қытайда «бір түнде ауызекі тілде төрт жүздей жаңа газет пен журналдар пайда болды, мыңдаған жастар қолдарына қалам алды. Бұл әдеби революцияның негізгі мақсаттарына қол жеткізуді және оның екінші сатысына көшуін білдірді. 1919-1920 жылдары әдеби өнімдердің саны артып, жазушылар туынды түрі және мазмұнымен белсенді түрде тәжірибе жүргізе бастады. Проза бірінші рет әдебиеттің жетекші түріне айналды, ал оның негізгі жанры - проблемалы әңгімелер болды [7, 560-б. ] .
Қытайлық сыншылдар «әдеби революцияның» жетістіктерін бағалап, негізгі кезеңдерді атап өтті:
1) бірінші кезең: 1915 жылдан, яғни «Синь циньнянь» бірінші журналы шыққаннан бастап 1919 жылдың 4 мамырына дейін. Бұл кезеңде барлық назар Шығыс пен Батыс өркениетінің артықшылығы мен кемшіліктерін, олардың арасындағы ұқсастықтар айырмашылықтарды талқылауға бағытталды;
2) Екінші кезең: «1919 жылғы 4 мамырдағы қозғалыс» кезеңі. Батыс және шығыс мәдениетінің мәселесін талқылау тереңдей түсуде, ол «ескі» және «жаңа» мәселеге айналады. «Жаңа әдебиет дегеніміз не? Атты Ли Дачжаодың мақаласы »
3) үшінші кезең: 1919-1922 жж. Бұл кезеңді 1920 жылғы «Жүректе із қалдырған Еуропаға саяхат туралы жазбалар», 1922 жылғы «Шығыс пен Батыстың мәдениеті және олардың философиясы» атты Лян Цичаоның мақалаларымен байланыстырады. Конфуциандықтан бас тарта отырып, «Жаңа мәдениет үшін қозғалыстың» қатысушылары дәстүрлі саяси тәртіптерден бас тартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz