Халықаралық құқықтық норма ұғымы мен белгілері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Искаков А. Б.
Орталық Азия мемлекеттердің халықаралық құқықтық қатынастарының жүйесіндегі құқықтық нормалар формалары
(кәсіби бағыт)
Астана, 2017 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
Заң факультетінің деканы
С. К. Амандыкова
«___» 201__ жыл
Магистрлік диссертация
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ФОРМАЛАРЫ
мамандығы: 6M030200 «Халықаралық құқық»
(кәсіби бағыт)
Магистрант А. Б. Искаков
Ғылыми жетекшісі,
з. ғ. д., профессор Ш. В. Тлепина
Кафедра меңгерушісі Ш. В. Тлепина
Астана, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
Халықаралық құқықтың формалары (қайнар көздері) : ұғымы мен
түрлері . . .
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл магистрлік диссертацияда келесі стандарттарға сәйкес сілтемелер көрсетілген:
- 1945 жылғы 26 маусымдағы БҰҰ Жарғысы
- Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 ж. Вена конвенциясы
- БҰҰ Халықаралық сотының Статуты
- 1949 жылғы 12 тамыздағы «Соғыс кезінде азаматтық халықты қорғау туралы» Женева конвенциясы
- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясы (2017 жылғы 10 наурыздағы өзгертулер мен толықтырулармен бірге)
- Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі қаулыларының жинағы
- Түрікменстан Республикасының 1997 жылғы 12 маусымдағы Қылмыстық кодексі
- Тәжікстан Республикасының 1998 жылғы 23 мамырдағы № 574 Заңмен қабылданған Қылмыстық кодексі
- Өзбекстан Республикасының 1995 жылғы Конституциялық құқығы: нормативтік актілер жинағы, I. II. томдар
- Тәжікстан Республикасының 2011 жылғы 28 маусымдағы «Қауіпсіздік туралы» Заңы
- Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы
- Қырғызстан Республикасының 2003 жылғы 26 ақпандағы «Мемлекеттік қауіпсіздік туралы» заңы
- Түрікменстан Республикасының 2013 жылғы 4 мамырдағы «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңы
АНЫҚТАМАЛАР
Осы диссертацияда келесі терминдер тиісті анықтамаларымен қолданылады:
Құқық нормасы - бұл мемлекет тарапынан кепілдендірілген, азаматтар мен ұйымдардың еркіндік деңгейін білдіретін қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатын жалпыға міндетті, формалды түрде анықталған тәртіп ережесі.
Гипотеза - бұл нақты бір өмірлік жағдайларға көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотеза құқық субъектілерінің мемлекет қалайтын жүріс-тұрыс ережелерін ғана қамтып қоймай, осы міндеттемелерді сипаттайды, заңды факті мағынасын береді.
Диспозиция - бұл заңды мінез-құлық немесе мінез белгілерінің ережелерін тұжырымдайтын құқық нормаларының бір бөлігі болып табылады. Азаматтық құқықта диспозицияның өзге де реттеуші салаларының қатарында диспозиция құқықтық тәртіп ережелері түрінде әрекет етеді.
Санкция (басқаша…) - құқық бұзушыға қолайсыз (мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары, заңды жауапкершілік шаралары, жаза) болып табылатын құқықтық норманың диспозициясында белгіленген талаптарды сақтамаудың құқықтық салдарын көрсететін заңды норманың элементі болып табылады.
Халықаралық құқық нормалары - бұл мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілерінің орындауға жататын заңды міндетті тәртіп ережелері. Олар халықаралық құқықтың субъектілерінің өздерімен бекітіледі және ерікті түрде орындалады немесе қажет болған жағдайда мәжбүрлеудің ерекше түрінің көмегімен жүзеге асырылады.
Әмбебап нормалар - шешіміне барлық адамзат мүдделі қазіргі заманның маңызды мәселелеріне қатысты халықаралық құқық субъектілерінің қарым-қатынасын реттейтін нормалар.
Локалды нормалар - объектілері халықаралық құқық субъектілеріне жанасатын бір географиялық ауданның қарым-қатынастарды реттеуші немесе халықаралық құқық субъектілерінің шектеулі ортасына қатысты қарым-қатынасты реттеуші нормалар.
Диспозитивтік нормалар - халықаралық құқық субъектілеріне өздігінен өзара мүддені ескере оытрып тәртібін анықтауға және қандай да бір мәселе бойынша ерекше қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін нормалар.
Құқық теориясында құқықтың қайнар көзі ретінде жүріс-тұрыстың заңды міндетті ережелері көрінетін және осы ереже құқықтық норманың сапасын (мысалы, конституция, федералды конституциялық заң, федералды заң, мемлекеттік құзыретті органның жарлығы, қаулысы немесе заң асты актілері және т. б. ) беретін форма
Халықаралық әдет-ғұрып - ұзақ уақыт бойы бірнеше қайталаудың нәтижесінде халықаралық құқық субъектілері тарапынан үнсіз танылған іс-әрекет ережесі.
Халықаралық құқық нормалары принциптері - барлық субъектілер үшін міндетті болып табылатын халықаралық құқық нормалары.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АӨСШК- Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі
БҰҰ - Біріккен Ұлттар ұйымы
БҰҰ БА - Біріккен Ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы
БҰҰ ҚК - Біріккен Ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі
ГФР - Германия федеративтік республикасы
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
ЕҚЫК - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экномикалық қауымдастықтың
ИКАО - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы
ҚКХК - Қызыл кресттің халықаралық комитеті
ҚР - Қазақстан Республикасы
МАГАТЭ - Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік
ОА - Орталық Азия
РФ - Ресей Федерациясы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҰҚШҰ- Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
КІРІСПЕ
Әлемдік қауымдастықтың ХХІ ғасырға аяқ басуы адамзаттың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер, өнеркәсіп пен басқа да салалардағы үлкен жетістіктерін куәландырады. Әлемде орын алып жатқан ғаламдық мәселелер мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың әмбебап деңгейде де, аймақтық деңгейде де тығыз ынтымақтасуын талап етеді. Бұның барлығы мемлекеттер тарапынан халықаралық-құқықтық нормаларға негізделген әлемдік тәртіпті қатаң сақтауды талап етеді.
Халықаралық демократиялық процестің дамуы халықаралық қатынастарда құқықтың басымдыққа ие болған жағдайында қамтамасыз етіледі.
Шарттар мен әдет-ғұрыптардағы халықаралық-құықтық нормалар халықаралық құқық шығармашылығының жаңа тетіктерімен толыға бастады.
Халықаралық-құқықтық нормалар - бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері.
Ондай нормаларға мынадай сипат тән:
- біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуі;
- екіншіден, міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;
- үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі көптеген жағдайларды ескере қарастырылған.
Қазіргі заманауи халықаралық құқық шығармашылығында халықаралық аренадағы тәртіп ережелері халықаралық, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың қызметінің процесінде, халықаралық конференциялар, мемлекет және үкімет басшыларының келіссөздерінің барысында жасалуы мүмкін. Бұндай нормалар көп жағдайда ұсыныс сипатында болады. Қазіргі таңда заманауи әдістермен әзірленген және қабылданған нормалар адамзаттың ғаламдық мәселелерін реттеуде маңызды ықпал етеді және халықаралық құқық ғылымында өзекті сипатқа ие.
Қазіргі халықаралық қатынастардағы халықаралық ұйымдар рөлінің артуы олардың белсенділігімен анықталады, ол халықаралық құқық субъектілер санының өсуімен, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатнастардың тереңдеуімен, адам құқығы ен негізгі бостандығын қорғаумен түсіндіріледі.
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі қазіргі халықаралық қатынастардың жаңа жүйесінде, халықаралық қауіпсіздік сақтау, ядролық катастрофаны алдын алу, мемлекеттердің жеке дара және ұйымдар шеңберінде әрекет етуін қамтамасыз ету үшін халықаралық құқықтық нормалардың маңыздылығымен түсіндіріледі. Халықаралық-құқықтық нормалар мемлекетаралық ұйымдар арасында алдына қойған міндеттерін орындау кезінде қолданатын әдістерінің бірі. Және БҰҰ секілді ұйымдардың халықаралық-құқықтық нормалары халықаралық құқықтық қатынастарда үнемі артып отырады. Әсіресе қазір, халықаралық қауіпсіздікті сақтау, нығайту, адамзаттың ядролық катастрофадан аластату секілді міндет тұрған кезде. Бұл өз кезегінде қазіргі халықаралық құқықтық нормаларды тиімді пайдаланып, оны әрі қарай дамыту міндетін қояды.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу барысында теориялық және тарих негіз ретінде халықаралық құқық бойынша келесі авторлардың ортақ жұмыстары (курстары) қолданылды: Ашитов З. О., Ағдарбеков Т., Зыбайло А. И., Зимненко Б. Л., Тихомиров Ю. А., Горев А. В., Тункин Г. И., А. Камаровский және т. б.
Жалпы халықаралық құқықтық нормаларға анықтама бере отырып, кейбір авторлар Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін жалпы мойындалған халықаралық құқық қағидаларына сәйкестендіруді қажет деп санайды. Және кейбір авторлар жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларына анықтама беріп өткен. Зыбайло А. И. «Имплементация норм международного права в Республике Беларусь» атты өзінің заң ғылымдарының кандидаты атағын алуға қорғаған диссертациясында «жалпы мойындалған халықаралық құқық қағидалары» түсінігіне анықтама беруде ғылыми әдебиеттерде де, соынмен қатар халықаралық және мемлекетішілік актілерде көзқарастардың бірлігі жоқтығынан, халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасын бағалауда елеулі қиындықтар туады» деп көрсетті. Ал Б. Л. Зимненко «Соотношение общепризнанных принципов и норм международного права и российского права» атты мақаласында жалпы мойындалған халықаралық құқық нормалары мен қағидалары түсінігіне негізгі қайнар көздері халықаралық әдет ғұрып болатын көптеген мемлекеттер мойындаған жалпыға міндетті тәртіп ережелерін жатқызуды ұсынды.
Ю. А. Тихомиров «Соотношение национального и международного права» атты мақаласында «халықаралық құқық қағидалары оның нормалары болып табылады, және халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларынан өзінің айрықша белгілерімен және халықаралық қатынастардың басты мәселелерін қозғауымен ерекшеленеді» деп есептейді.
Кейбір еңбектерде халықаралық құқықтың формалары, яғни қайнар көздеріне арналған аранайы тараулар бар. Халықаралық құқық қайнар көздері тақырыбына арналған еңбектердің ішінде келесі еңбектерді атап өтуге болады: Ячменев, Ю. В. Формы (источники) права: учебное пособие для изучающих право / Ю. В. Ячменев; под общ. ред. В. П. Сальникова. СПб. : Санкт-Петербургская академия МВД России, 1997. - 48 с., Разумович, Н. Н. Источники и форма права / Н. Н. Разумович // Советское государство и право. 1988. - № 3. - С. 20-27. ; Зивс С. Л. Источники права. М., 1981, Филимонова М. В. Источники современного международного права М. 1987. Отандық зерттеушілердің ішінен Айдарбаев С. Ж. Халықаралық шарттың халықаралық құқық қайнар көздері арасындағы орны // Тәуелсіз Қазақстаннның дамуының саяси, экономикалық және құқықтық аспектілері. Ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. - Алматы, 2004. - 90-2б., Ерджанов Т. К. Международное публичное право. - Алматы, 2006. - 892 с., еңбектерін атап өткен жөн.
Көптеген жұмыстарда шетелдік авторлар отандық авторлар секілді қайнар көздерге қатысты бірнеше аспектімен немесе халықаралық құқықтың бір саласын қараумен шектелген. Мысалы, Гассер Х. -П. «Международное гуманитарное право» атты еңбегінде Женева конвенциясының 2 хаттамасына тоқталған.
Давид Э. «Принципы права вооруженных конфликтов» атты лекциялар курсында шарт құқығы мен әдет құқығының ара жігін ажыратқан.
Ал зерттеудің нысанына айналған халықаралық құқықтық нормалардың Орталық Азия мемлекеттерінің қолдану тәжірибесіне қатысты бірқатар еңбектер жарық көрді. Олардың қатарына: Бейшембиев Э. Д. Законодательство Кыргызстана и международное право. Бишкек: Международный университет Кыргызстана, 1998. С. 16-19; Международные отношения в Центральной Азии. События и документы / Под ред. А. Д. Богатурова. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. - М., 2011. ; Файгенбаум Э. Шанхайская организация сотрудничества и будущее Центральной Азии // Россия в глобальной политике. - 2007. - Т. 5, № 6. - С. 122-131. ; Брилл Олкотт М. Новая геополитика Центральной Азии // Конституционное право: восточноевропейское обозрение. - 2001. - № 4. - С. 67-70; Олкотт М. Центральная Азия: как превратить бывших подданных в друзей? // Россия и мусульманский мир: Бюлл. реф. -аналит. информации. - 2005. - № 2. - С. 73-77; Сыроежкин К. Центральная Азия в треугольнике «Россия - Китай - Запад»: выбор приоритетов // Мировая экономика и международные отношения. - 2007. - № 10. - С. 12-23. жатқызуға болады.
Жалпы осы қысқаша берілген батыстық, ресейлік және отандық тарихнамаға шолу зерттеу жұмысының зерттелу деңгейін ашуға үлкен үлес қосты.
Зерттеу нысаны: қазіргі халықаралық құқықтық қатынастар жүйесінде, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттерінде әрекет ететін халықаралық-құқықтық нормалар формалары.
Берілген зерттеудің пәні халықаралық қатынастар жүйесінде, соның ішінде Орталық Азия аймағында әрекет ететін халықаралық-құқықтық нормаларын зерттеу барысында пайда болған қатынастардың жиынтығы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі халықаралық құқықтық қатынастар жүйесіндегі халықаралық құқықтық нормалардың қызметін, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық құқықтық нормаларды жүзеге асыруын зерттеу зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау алға қойылды:
- жалпы құқықтық нормаға анықтама беру, халықаралық құқықтық нормалардың белгілерін анықтау;
- халықаралық-құқтық нормалардың формаларына талдау жасау;
- Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық-құқықтық нормаларды жүзеге асыру қызметіне шолу жасау;
- Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық құқық нормаларын қалыптастыру қызметінің даму бағыттары айқындау;
- Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық ұйымдар шеңберінде құқықтық нормаларды жүзеге асыруын талдау;
- Орталық Азия аймағындағы мәселелерді реттеудегі халықаралық құқық нормаларын жүзеге асырылуын бағалау;
- Халықаралық құқықтық нормаларын жетілдіру болашағын сараптау.
Зерттеу әдістемесі зерттелетін материалдың барлық ауқымымен, мақсаттарымен, жұмыс міндеттерімен анықталған: Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық құқықтық қатынастар жүйесінегі әс-әрекеттерін реттейтін халықаралық құқықтық нормалардың бағыттары мен әдістерін, формалары мен мазмұнын, зерттелетін құбылыстардың мәні мен сипатының байланысын анықтау. Сонымен қатар логикалық, жүйелік, талдау әдістер де зерттеу жұмысында қолданыс тапты.
Диссертациялық зерттеудің деректік негізін төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа автор халықаралық құқықтық теориялық және арнайы мәселелері бойынша зерттеген бірнеше қазақстандық және ресейлік ғалым-құқықтанушылардың монографиялық еңбектерін енгізуге болады: Ерджанов Т. К. , Ашитов З. О., Құлжабаева Ж. О., Айдарбаев С. Ж. , Сарсембаев М. А. , Комаров С. А., Зыбайло А. И., Зимненко Б. Л., Тихомиров Ю. А., Тункин Г. И., Талалаев А. Н., Тиунов. О. И., Ячменев, Ю. В. және т. б.
Деректер көзінің екінші тобына БҰҰ-ның құжаттары, БҰҰ-ның Жарғысы, Бас Ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын, ЕҚЫҰ актілерін; халықаралық шарт құқығы туралы, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық шарт құқығы туралы Вена конвенцияларын жатқызуға болады.
Деректер көзінің үшінші тобына халықаралық қатынастар жүйесінің субъектілері болып табылатын Орталық Азия мемлекеттерінің Ұлттық заңнамаларының нормалары: Орталық Азияның бес елінің Конституциялары, Қылмыстық кодекстері мен конституциялық заңдарын жатқызуға болады.
Деректер көзінің төртінші тобын жергілікті және шетелдік мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар және ғаламтор желісінен алынған мәліметтер құрайды.
Қорғауға шығарылатын, диссертациялық зерттеудің негізгі қағидалары:
1. Халықаралық-құқықтық жүйе қазіргі таңда норма жасаудың ілгері басқан тетіктері мен процестеріне зәру, соның ішінде: халықаралық келісімдердің мәтініне техникалық толықтырулар мен қосымшаларды үнсіз енгізу секілді арнайы ережелерді еншізу.
2. Халықаралық ұйымдар халықаралық құқықтың дамуына өте күрделі ықпал етті: біріншіден олардың қатысуымен халықаралық ұйымдардың ішкі құқығының қайнар көздерінің жаңа түрі қалыптасты - олардың регламенттері; екіншіден халықаралық шарт пен халықаралық әдет-ғұрыптың пайда болу процесі мен формасын өзгертті. Халықаралық ұйымдар шарттар мен әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал етіп қана қоймай, олардың тікелей қатысушылары да болады.
3. Халықаралық құқықтық нормалардың пайда болуына халықаралық ұйымдардың қарарларының маңызы өте жоғары, әсіресе БҰҰ Бас Ассамблеясының. Олар қағидалар мен нормалардың қалыптасу кезеңі де, қандай да бір құқытық нормалар мен қағидаларды нақтылайтын көмекші құрал ретінде де болады алады. Үкіметаралық ұйымдардың мүше-мемлекеттерінің тартіп ережелерін сақтау туралы ұжымдық шешімі БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында бекітілген.
4. Халықаралық ұйымдар ұйымдастыратын конференциялар дақазіргі заманғы ғаламдық мәселелерді шешудің тиімді әдістерінің бірі бола алады. Олар қабылдайтын актілер көбінесе қазіргі халықаралық құқықтың қарапайым нормасы немесе «жұмсақ норма» сипатын алады.
6. Халықаралық қатынастардың қалыптасуы мен реттеудің құралы ретінде мемлекет және үкімет басшыларының келіссөздері, және де келісім-шарттары мен келіссөздер барысында жасалған келісімдері жатады. Екі жақты дипломатиялық келіссөздердің, көпжақты дипломатиялық конференциялардың, халықаралық ұйымдардың аясында халықаралық шарттардың мәтіндері әзірленеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: халықаралық құқықтық нормалардың жасалуы, қолданылуы, халықаралық үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық құқық нормаларының қалыптасуына ықпалы, бойынша кешенді зерттеу жүргізілуі, халықаралық конференциялардың құжаттарының халықаралық құқықтық норманың қалыптасуына қосатын үлесі бойынша кешенді зерттеу жүргізілуі зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Мемлекеттердің халықаралық құықтық нормаларды қолданылуы және жасау бойынша қорытындылар мен ұсыныстарын мемлекет басшыларының дипломатиялық конференциялардағы кездесуі кезінде, «Халықаралық құқық» және «Халықаралық құқық шығармашылығы» пәндерін оқыту кезінде зерттеулермен қатар көмекші құрал ретінде пайдалануға мүмкіндіктер бар.
1 Халықаралық құқық нормалар мен формаларының теориялық негіздері мен түрлері
- Құқықтық норманың түрлері мен жүйелері
Құқық нормасы - бұл мемлекет тарапынан кепілдендірілген, азаматтар мен ұйымдардың еркіндік деңгейін білдіретін қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылатын жалпыға міндетті, формалды түрде анықталған тәртіп ережесі.
Құқықтың барлық нормалары жинақталып объективті құқықтық құрайды, ал реттеушілері қоғамдық қатынастардың белгілі бір шеңбері - құқық саласы. Салалар ішіне нормалар институттар мен субинституттарға бөлінеді. Нормалылық тұлғалардың анықталмаған кең ортасына арналған жалпыға міндетті ережелерді білдіреді. Формалды анықтылық норманың ресми құжатта бекітілуін көрсетеді [1] .
Құқықтық нормалар келесі белгілерге ие:
- Жалпы сипат. Адресаттың нақты еместігі, персонификациялық сипат емес (құқық қолданушылық актілерге қарағанда) . Олар қарапайын қарым-қатынастарды реттейді және көп рет пайдалануға арналған.
- Жалпыға міндеттілігі. Құқық нормалары кімге бағытталса, солардың барлығы үшін міндетті болып табылады.
- Мазмұнның нақтылығы. Норма мәтін қарапайым баяндаумен және де жалпыға мәлім және арнайы заңды терминдерді кең қолданумен қол жеткізіледі.
- Формалды анықтылық. Ережеге сәйкес, құқық нормалары мемлекеттің құқықтық актілерінде бекітіледі және құқық пен міндеттемелерді берік бекітеді.
- Микрожүйелілік. Құқық нормалары өзарабайланысты және ережеге сәйкес, бір-біріне қайшы келмейді [2] .
Классикалық мінсіз құқық нормасы үш құрылымдық элементтен тұрады - гипотездер, диспозициялар және санкциялар («Егер (гипотеза) », онда (диспозиция), немесе (санкция) » құрылымы) . Құқық нормаларының қолданбалылығы төмендегілердің өзара байланысы жағдайында қол жеткізіледі: заңды фактінің бар екендігін нақтылайтын нормалар; қолдану процесінің әр түрлілігін нақтылайтын; жазаны қолдану және орындау процесін тіркейтін құқықтық нормалар.
Гипотеза - бұл нақты бір өмірлік жағдайларға көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотеза құқық субъектілерінің мемлекет қалайтын жүріс-тұрыс ережелерін ғана қамтып қоймай, осы міндеттемелерді сипаттайды, заңды факті мағынасын береді [3] .
Шарттардың санына байланысты гипотезалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді:
- Қарапайым гипотеза заңды норма жүзеге асатын қандай да бір шартты болжайды.
- Күрделі гипотеза екі немесе одан көп шарттары бар нормалардың әрекеттерін байланыстырады. Күрделі гипотезаның әр түрлілігі - балама: аталған фактілі жағдайлардың біреуіде құқық нормасының әрекетке көшуі.
Білдіру түріне бафланысты абстрактілі және бейресми гипотеза түрлерін ажыратады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz