Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның негізгі қорлары: қалыптасуы және пайдалану тиімділігі
("алуа жер" ЖШС мысалында)

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР 3

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 4

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ 7
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы 7
1.2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 10

ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ 20
2.1 Алуа Жер ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін
талдау 20
2.2 Алуа Жер ЖШС-нің негізгі өндірістік құралдармен қамтамасыз
етілуін талдау 29
2.3 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау 38

ІІІ БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ 42
3.1 Негізгі өндірістік қорды тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату 42
3.2 Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың резервтері 52
3.3 Кәсіпорынның негізгі қорының тиімділігін жоғарылату жолдарының
негізгі бағыттары 55

ҚОРЫТЫНДЫ 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 60

АНЫҚТАМАЛАР

Негізгі қорлар - өндірістегі барлық қорлардың ең маңызды және негізгі
бөлігі.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай
бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады.
Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл негізгі құрал-
жабдықтарды арттыруға немесе алуға жұмсалған нақты шығындар құны.
Негізгі құрал-жабдықтардың өткізу құны – бұл сатушы мен сатып алушы
арасындағы негізгі құрал-жабдықтармен айырбас жасау құны.
Қорсыйымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта жылдық
құнының жалпы өнім құнына қатынасы.
Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының
үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланыс‬ты.
Қop қapулaнуы – бұл eңбeктiң қopмeн жapaқтaнyы, яғни eңбeктiң нeгiзгi
өндipicтiк құралдармeн қapулaну дәpeжeciн cипaттaйтын көpceткiш.
Қаржылық тұрақтылық - бұл тәуекелдердің мүмкін болатын деңгейінде төлем
қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру
негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын
көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

НҚ – нгізгі құралдар
ХҚЕС – халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Т.Д.Ш – тасымалдау-дайындау шығыстары
МЖТ – материалдық жауапты тұлға

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі уақытта, экономикалық тұрақсыздық
тән болған нарықтық экономика жағдайында, даму дағдарыс кезеңінде ауысқан
кезде, кәсіпорынға өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру қажет.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінде өндірістің тиімділігін арттыру маңызды
орындардың бірі болып табылады. Өндірістің тиімділігін арттыру мәселенің
мәнісі қолда бар ресурстарды пайдалану үрдісінде шығындардың әр бір
бірлігіне экономикалық нәтижелерді ұлғайтуында.
Кәсіпорынның өндіріс тиімділігін арттыру кезінде ең маңызды
факторларының бірі болып негізгі қорлардың қажетті мөлшерде және оларды
ұтымды пайдалану, сондай-ақ барлық түрлерімен қамтамасыз ету болып
табылады.
Негізгі қорлар - өндірістегі барлық қорлардың ең маңызды және негізгі
бөлігі. Олар кәсіпорынның өндірістік қуатын анықтайды, олардың техникалық
жабдықталуын сипаттайды, еңбек өнімділігімен, өндірісті механикаландыру,
автоматтандырумен, өнімнің өзік құнымен, табыспен және рентабельділік
деңгейімен тікелей байланысты.
Негізгі қорларды талдау бірнеше жолмен жүзеге асырылуы мүмкін, оларды
өңдеу кезінде дамыту құрылымын, динамикасын және оларды пайдалану
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Талдау және орындалатын аналитикалық тапсырмалардың бағытын таңдау
басқару қажеттіліктерін анықтаумен анықталады. Негізгі құралдарды талдау
оларды пайдалану үшін үздік нұсқаны таңдауға бағытталған. Негізгі қорларды
қалыптастыруын сапалы талдау үшін абсолютті ауытқуларын айқындай отырып,
жыл басында және аяғында негізгі құралдардың құрылымын зерделеу және
аталған негізгі қорлардың құрамын өзгерту бойынша нақты себептерін анықтау
ұсынылады.
Негізгі қорлар бастапқы құн бойынша, яғни сатып алу немесе дайындау
немесе құрылысының бағасы бойынша бағаланады. Негізгі қорларды пайдалану
үрдісінде олар тозады және амортизацияға ұшырайды, яғни қызмет ету
кезіндегі олардың құны есептеліп, қалпына келтіріледі. Бұл құндар, яғни
бастапқы болсын, қалпына келтіру құны болсын, негізгі құралдардың баланстық
құны деп аталады.
Кәсіпорындар инфляциялық процестерге байланысты, негізгі құралдарды
қайта бағалауды орындайды, сондықтан, әрбір 4-5 жылда олардың нақты құнын
анықтау мақсатында негізгі құралдарды қайта бағалау жүзеге асырады.
Негізгі қорлардың құрылымы кәсіпорынның түрі мен қызмет ету саласының
түріне тәуелді болып келеді. Негізгі құралдардың жай-күйін негізгі
құралдарды тiркеу және және негізгі құралдарды пайдаланудан шығару
коэффициенті бойынша анықтайды.
Аталған мәселелерді шешу үшін негізгі қорларды пайдалану тиімділігін
анықтау өте маңызды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның негізгі қорларының
қалыптасуын және пайдалану тиімділігін зерттей отырып, зерттеу объектісі
ретінде алынып отырған Алуа жер ЖШС негізгі қорларды пайдалану
тиімділігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызын ашып көрсету;
- негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік
негіздерін зерттеу;
- Алуа Жер ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- Алуа Жер ЖШС-нің негізгі өндірістік құралдармен қамтамасыз етілуін
талдау;
- кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау;
- негізгі өндірістік қорды тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату бойынша
ұсыныстар әзірлеу;
- кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың резервтерін
зерттеу;
- кәсіпорынның негізгі қорының тиімділігін жоғарылату жолдарының
негізгі бағыттарын көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- артық және қажет емес шығындарды анықтап, олардың өткізілуіне бақылау
жүргізудің әдістері ұсынылған;
- өндірісте қорлардың қолданылуын жүйелі түрде бақылау тәсілдерін
анықталған;
- қорларды тиімді пайдалану жолдары ұсынылған.
Зерттеудің тəжірибелік маңыздылығы. Жұмыстағы зерттеу ғылыми
конференциялар мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен қолданылды.
Сонымен бірге осы қарастырылып отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі арнайы
материалдарға, жалпы экономикалық әдебиеттерге жүгініп негізделген.
Зерттеу объектісі: Алуа жер ЖШС.
Зерттеу пәні негізгі қорлардың қалыптасуын және оны саралау факторлары,
теориялық зерттеу маңыздылығын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық жəне əдістемелік негізі ретінде
экономикалық теория, отандық және шет елдік ғалымдардың жалпы ғылыми
тұжырымдары құрайды, яғни Друри К, Нидлз Б, Нұрсейітов Е.О., Мадиева Қ.С.,
Керимов В.Э. және т.б. еңбектері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш
бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы

Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызы
сипаттамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер
ықпалын, оларды барынша тиімді пайдалануды зерттеу үлкен қызығушылық
туғызады.
Әрбір саланың экономикалық өзгешелігіне байланысты әр саладағы негізгі
қорлар құрылымы әр түрлі болып келеді. Негізгі қордың өндірістік құрылымы
өнімнің қор сыйымдылығына, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысқа да үлкен
ықпалын тигізеді.
Негізгі қорлардың салалық құрылымында қор сыйымдылығы жоғары салалардың
үлес салмағы жоғары болған сайын, басқа жағдайлар бірдей болғанда,
өндірістік өнім мен ұлттық табыстық қор сыйымдылығы жоғарылай береді.
Негізгі қордың өндірістік құрылымында машиналар мен құрал жабдықтардың,
әсіресе технологиялық құрал жабдықтардың үлес салмағы артқан сайын өнім
шығарылуы артады, нәтижесінде өнім мен ұттық табыстың қор сыйымдылығы
төмендейді.
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және
қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына
және қызмет түріне жатады.

Сурет 1. Кәсіпорынның негізгі қорлары
Е с к е р т у: [1] әдебиет негізінде жасалған
Пайдалану барысында негізгі құралдар тозады және құнсызданады. Кез
келген жинақталған амортизация (тозу) және құнсызданудан жинақталған залал
шегерілгеннен кейін танылатын сома негізгі (өзіндік) құны деп аталады, сол
бойынша актив бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетіледі.
Бұл негізгі құралдың әлі өндірістік өнімге ауыспаған бөлігін сипаттайды.
Негізгі құралдар нысанының баланстық (өзіндік) құнына шығындарды тану,
ондай нысан керек жерге жеткізіліп, мекеме басшылығының ниетіне сәйкес оның
жұмыс істеуін қамтамасыз ететін күйге келтірілген кезде тоқтатылады.
Сөйтіп, негізгі құралдар нысанын пайдалану немесе қоныс аудару барысында
шеккен шығындар осы нысанның баланстық (өзіндік) құнына қосылмайды.
Пайдалануда болатын және бірлескен кәсіпорынға оның қатысушылары
жарғылық капиталға жарна ретінде берілетін негізгі құралдар бірлескен
кәсіпорын қатысушыларының келіскен ағымдағы бағамен есепке алынып, олардың
жарналарының сомасы бөліне отырып қабылданады.
Заңды және жеке тұлғалардың сыйлығы немесе үкімет субсидиясы түрінде
қайтарымсыз берілген негізгі құралдар кәсіби бағалаушылардың қатысуымен
тәуелсіз комиссия арқылы бағаланады. Комиссия нысанның ағымдағы құны мен
оның беру сәтіндегі тозуын белгілейді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің "Ұлттық қаржылық есептілік
стандартын бекіту туралы" 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 Бұйрығына сәйкес,
негізгі құралдар мен материалдық емес активтер мынадай жағдайда ғана актив
ретінде танылады, егер:
- осы активке байланысты болашақ экономикалық пайдалардың субъектіге
келіп түсуі ықтимал болса;
- активтің өзіндік құнын сенімді түрде бағалау мүмкін болса;
- актив кейіннен қызметінің барысында сату үшін сатып алынбаса [2]
Негізгі құралдар объектісін (мысалы, автобус) пайдалануды жалғастырудың
шарты осы объектінің бір бөлігін алмастыру болғандығына қарамастан,
ақауларды анықтау мәніне үнемі күрделі техникалық қараулар жүргізу болуы
мүмкін. Әрбір күрделі техникалық қарау жүргізілген кезде оны құны негізгі
құралдардың тиісті объектісінің өзіндік құнында, егер тану өлшеуі сақталса
алмастыру ретінде танылады. Алдағы техникалық қарауға жұмсалатын
шығындардың өзіндік құнының қалған бөлігін (табиғи бөлімдерден ерекше) тану
тоқтатылады. Бұл объектіні сатып алу немесе салу жөніндегі операциялардың
нәтижесінде сәйкестендірілген алдыңғы техникалық қарауға жұмсалған
шығындардың болуына қарамастан жүргізіледі. Қажет болған кезде болашақ
ұқсас техникалық қарауды жүргізуге жұмсалатын шығындарды есептік бағалау
объектіні сатып алған немесе салған кезде техникалық қарауға жұмсалатын
шығындардың қолда бар құрамдас бөлігінің құны қандай болғандығының
индикаторы ретінде пайдаланылуы мүмкін [3, б.55].
Жер мен ғимарат жеке бөлінетін актив болып табылады және, егер олар
бірге сатып алынса да бөлек ескеріледі.
Негізгі құралдар объектісін бастапқы тану кезінде субъект бұл объектіні
оның іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша өлшеуге тиіс.
Ұсынылып отырған анықтамада үш негізгі белгі бөліп көрсетіледі:
- материалдық нысанының болуы;
- компанияның қалыпты қызметінің (сатуға арнамалған) барысында
пайдаланудың мақсатты сипаты;
- пайдаланудың ұзақ мерзімі (бір кезеңнен астам).
Негiзгi құралдың есебiн ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында және бухгалтерлік есептік халықаралық
тәжірибесінде мекемелер (кәсіпорындар) активтерді нақты бағалауға ұмтылады,
сондықтан негізгі құралдарды қайта бағалау, ағымдағы бағалауды белгілеу
нарықтық конъюктура өзгеруіне байланысты жиірек жүргізіледі. Негізгі
құралдарды дұрыс бағалау және олардың амортизациясының негізделген мөлшерін
(нормасын) анықтау, сондай-ақ сенімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік
құнын анықтау үшін өте маңызды.
Негізгі құралдардың бір немесе одан көп объектісі сенімсіз активке
немесе активтерге айырбасталып, не ақшалай немесе ақшалай емес активтерге
ұштастырылып сатып алынуы мүмкін. Төменде айтылған пайымдаулардың сенімсіз
бір активті екіншісіне айырбастауға ғана емес, сонымен бірге осының
алдындағы сөйлемде сөз болған барлық айырбастауларға да қатысы бар. Негізгі
құралдардың осындай объектісінің бастапқы құны әділ құн бойынша бағаланады,
бұған айырбастау операциясының коммерциялық мазмұны жоқ, немесе алынған да,
берілген де активтің әділ құны нақты бағалауға келмейтін реттер кірмейді.
Сатып алынған объект, тіпті ұйым өзі берген активті тануды дереу тоқтата
алмаса да, тап осылайша бағаланады. Егер сатып алынған объект әділ құн
бойынша бағаланбаса, оның бастапқы құны берілген активтің қаржылық жағдай
туралы есептік құны бойынша бағаланады.
Танудан кейін бағалау бойынша ұйым өзінің есеп саясаты ретінде
бастапқы құн бойынша есепке алу үлгісін, не қайта бағалау үлгісін таңдауы
тиіс және таңдап алған есеп саясатын негізгі құралдардың барлық тобына
қолдануға міндетті. Актив ретінде бастапқы танудан кейін негізгі құралдар
объектісі, жинақталған амортизация және құнсызданудан болған залалдар
шегеріліп, оның өзіндік құны бойынша ескерілуі тиіс. Актив ретінде таныла
отырып, әділ құны нақты бағалауға келетін негізгі құралдар объектісі,
кейіннен жинақталған кез келген амортизация және кейіннен құнсызданудан
жинақталған кез келген залал шегеріліп, қайта бағалау күнгі оның әділ
құнына тең қайта бағалау шамасы бойынша есепке алынуы тиіс. Қайта
бағалаулар есепті күні әділ құнды пайдалану кезінде анықталатын қаржылық
жағдай туралы есептік құннан елеулі түрде өзгеше болуына жол бермеу үшін
жеткілікті түрде жүйелілікпен жүргізілуі тиіс.
Активті пайдалану шамасы бойынша қайта бағалау мөлшері бөлінбеген
кіріске өтемпұлды есептеу әдісін қолданумен сәйкес анықталатын шамада
қалдырылуы мүмкін. Қайта бағалаудың барлық мөлшері бөлінбеген кіріске тек
актив шығарылғаннан кейін ғана қалдырылады.
Екі нұсқаның қайсысы болмасын келесі жылжымайтын мүліктің объектілерін,
ғимаратты және жабдықтарды бағалауда баланстық құны жиналған өтемпұл
мөлшеріне және құнсызданудың кез келген шығынының мөлшеріне азаяды.
Объекттерді пайдалану мерзімі бойы келесі шығындар қажеттілігі туады,
яғни пайдалы қызмет ету мерзімін созу үшін объекттердің жағдайын жақсартуға
және бастапқы есептелген нормативті көрсеткіштердің үстінен өнімділігін
арттыруға (болашақта экономикалық пайданың өсуіне әкеледі) бағытталған
шығындар, сонымен қатар объекттерді жұмыс күйінде қолдау үшін бастапқы
есептелген нормативті көрсеткіштермен сәйкес болашақта экономикалық пайданы
сақтау немесе қалпына келтіру мақсатында оның жұмыс істеуі.
Жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды және объекттің техникалық жағдайын
сақтау және қалпына келтіру мақсатында шығарылған жабдықтарды жөндеуге және
пайдалануға кететін шығындар бастапқы құнын көбейтпейді, ағымдағы шығындар
ретінде пайда болу кезінде танылады. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде
активтердің апаттары мен басқа бұзылыстардың салдары болып табылатын
жылжымайтын мүлікті, ғимараттарды және жабдықтарды сақтау және қалпына
келтіру шығындары залалға жатқызылады.
Негізгі құралдар нысанының баланстық (өзіндік) құнын тану мынандай
жағдайды міндетті түрде тоқтатылуға тиіс:
– шығып қалғаннан кейін; не
– оны пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық
пайдалар күтілмесе.
Негізгі құралдар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған
пайда немесе шығын, шығып қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар
болса) мен осы объектінің қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы
айырма ретінде міндетті түрде анықталуы тиіс.
Негізгі құралдар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру
бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдар объектісі
үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда
объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай
бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда
ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады.
Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді
және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі
қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі
жағдайда болып келеді.

1.2 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік
негіздері

Еліміздің ұлттық байлығының маңызды және елеулі бөлігін құрай отырып,
негізгі капитал өндірістің материалдық базасын және техникалық деңгейін
сипаттайды. Қаржылық есептілікте негізгі капитал негізгі құралдарды
құрайды. Негізгі қорлардағы оларды пайдалы қолдану үдерісінде алғы төлемі
төленген, құн үздіксіз айналымда болады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы
жұмыс істейді және өзінің заттық нысаны сақталған кезде өзінің құнын
дайындалған өнімнің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің
құнына бөліктермен тасымалдайды.
Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді.
Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет
[4, б.75].
Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты
біренше түрі бар. Олар:
1. Бастапқы құн
2. Қалдық құн
3. Қалпына келтіру құны
- Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл негізгі құрал-
жабдықтарды арттыруға немесе алуға жұмсалған нақты шығындар құны.
Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын
активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану
көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.
- Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп
бастапқы құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып
тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып
табылады, яғни қалдық құн - негізгі қордың бастапқы құны мен тозу
сомасының айырмашылығы болып табылады.
- Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек
құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі
негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта
бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын
бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың финанстық-экономикалық
көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, қаржылық
көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэфициенті
қабылдайды.
- Негізгі құрал-жабдықтардың өткізу құны – бұл сатушы мен сатып
алушы арасындағы негізгі құрал-жабдықтармен айырбас жасау құны.
- Негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны – негізгі құрал-
жабдықтарды пайдалану мерзімінің соңында жою кезінде бөлшектеуге
жұмсалған шығынды шегергенде қалатын қосалқы бөлшектердің,
сынықтардың болжалды құны.
Бағалаудың бұл әдістерінен бөлек, негізгі қор өзінің құның шығарылатын
өнімге ауыстырумен мінезденеді. Мысалы, бастапқы құнды НҚбаст, ал қызмет
ету мерзімін – tқыз деп белгілесек, жыл сайын бірқалыпты құн ауыстыру
жағдайында бағасының бір бөлігін мына формуламен есептейміз:

Δ Қ = НҚбаст tқыз (1)

Негізгі қордың құн айналымын келесі суреттен көруге болады (сурет 2)

Сурет 2. Негізгі қордың құның ауыстыруы
Е с к е р т у: [4] әдебиет негізінде жасалған

Амортизациялық аударымдардың сомасы келесідей есептеледі:

АΣ = Σ ΔАі (2)

мұнда ΔАі – негізгі қордың жылдық амортизациялық аударымы;
АΣ – амортизациялық аударымның сомасы.
Экономикалық талдауда, есепте және жоспарлауда біріншіден еңбек
құралдарының қолзғалысын және жағдайын, екіншіден, оларды дұрыс падалану
тиімділігін анықтау үшін көптеген көрсеткіштер жүйесін қолданады. Негізгі
қорларды пайдаланудың тиімділігі жалпы және жекелей көрсеткіштердің
жүйесінде бейнеленеді. Жалпы көрсеткіштерге қор қайтымы, рентабельділік,
негізгі қорлардың айналымдылығы мен өтелгіштігі жатады; жекелей
көрсеткіштерге негізгі қорлардың кейбір түрлерінің, негізінен жабдықтың
пайдаланылуының абсолютті және относительді көрсеткіштері жатады.
Материалдарды тиімді пайдалану негізгі көрсеткіштерінің бірі – материал
сіңіргіштік те, екіншісі – материалдық қайтарым коэффициенттері.
Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын
негізгі бір жинақтаушы көрсеткіш – қорқайтарымдылық. Қор қайтымы шығарылған
нормативтік таза өнім көлемінің немесе жалпы өнім көлемінің негізгі
өндірістік қорлардың әуел бастағы құны бойынша есептеп шығарылған орташа
жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады. Ол өнім көлемінің және негізгі
қорларға жұмсалған күрделі қаржылардың арасындағы объективтік және
субъективтік факторлардың ықпалымен қалыптасқан қатынастарды сипаттайды.
Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдағанда кейде олардың қалдық құны
алынады да, ол қор қайтымының шамасын неғұрлым дәлме-дәл сипаттайды деп
саналады.
Салыстырылып отырған уақыт аралығында, өнім өндіруге жұмсалған
шығындардың 1 теңгеге шаққандағы тауарлы өнім мөлшері неғұрлым көп болса,
материалдық ресурстардың соғұрлым тиімді пайдаланылғанын көрсетеді.
Негізгі қорды бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді
қолданылады: Қор қайтарымы, Қор сыйымдылығы, Қор жарақтылығы.
Өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны былай анықталады

Нқ = Нқ1+ Нқкіріс * П1 12, Нқшығ. *П2 12, (3)

мұнда: Нқ1 – негізгі қордың бастапқы жылдық құны, теңге;
Нқкіріс, Нқшығ. – жылдық ағым құнының енгізу және шығарылу сәйкестігі
П1, П2 – енгізілген ай санының толық істен шығу мезеті.
Қор қайтарымы негізгі қордың басты бір қолдану көрсеткіші. Қор
қайтарымы ғылыми техникалық прогресс шартын өсіріп, жабдықтармен
алмастырады, яғни кәсіпорынға жұмсалатын еңбек шартын жақсарту бағытын
игеру, табиғатты қорғау және тағы басқа көптеген шарттарын көбейту.
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының
төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді. Қорқайтарымдылықты анықтайтын себепкер шарттар келесі суретте
көрсетілген (сурет 3)

Сурет 3. Қорқайтарымдылықты анықтайтын себепкер шарттар
Е с к е р т у: [5] әдебиет негізінде жасалған

Басқа деңгейлері бірдей сай болған жағдайда өнім шығару жөніндегі
жоспардың орындалуы кәсіпорындағы бар негізгі қорларды пайдаланудың
тиімділігіне тікелей байланысты болады. Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі
қорлардың пайдаланылуын жақсарту жаңа жабдық пен өндірістік алаңға қосымша
күрделі қаржы жұмсамай, өндірісті ұлғайтып, өнім көлемін арттырғанмен
бірдей.
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту
есебінен қосымша өнім алу еңбек өнімділігін арттыруға, шығарылатын
бұйымдардың өзіндік құнын кемітуге, пайданы арттыруға және қоғамдық
өндірістің тиімділігінің басқа да көрсеткіштерін жақсартуға жеткізеді.
Қор қайтымы көрсеткіші өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың өз құрылымына
да біршама тәуелді болады. Оған өндіріс жабдықтарының шамасы мен тиісті
үлес салмағының өзгеруі тікелей ықпал жасайды. Жаңа өндірістік үй-жайдың,
қойма үйлерінің, желдеткіш қондырғыларының, тиеу-түсіру жұмыстарын
механикаландыру құралдарының және т.б. пайдалануға берілуі, кәсіпорынның
негізгі қорларды пайдаланудағы қол жеткен табыстарына қарамастан, қор
қайтымы көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кәсіпорынның
жұмысын бағалауда қателіктерді болдырмау үшін қор қайтымының жалпы
көрсеткішімен қатар өндіріс жабдықтарының 1 теңгеге (100 немесе 1000
теңгеге) келетін өндірілген өнім көрсетекішін есептеп шығару керек. Оны қор
қайтымы көрсеткішімен үйлестіре пайдалану қажет болады. [6, б.45]
Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың қор қайтымы көрсеткішін
есептеп шығару және оған талдау жасау үшін ең алдымен техника - өнеркәсіп-
финанс жоспарының, сондай-ақ жылдық есептің мәліметтерін пайдаланады.
Есепті кезең ішіндегі іс жүзіндегі қор қайтымын жоспардағымен және мұның
алдындағы кезеңдердегі динамикасымен алып салыстыру арқылы кәсіпорынның
негізгі қорларды пайдалануындағы жеткен табыстары мен кемшіліктерін
анықтайды.
Қор қайтылымына кері шама болып табылатын қорсыйымдылық негізгі
қорларға жұмсалған күрделі қаржылардың және өнім шығарудың немесе өткізудің
арасындағы арақатынасты бейнелейді. Қорсыйымдылық көрсеткішін бірқатар
қосындылармен білдіруге болады; бұлардың әрқайсысы кәсіпорын бойынша,
негізгі қорлардың топтары мен түрлері бойынша олардың көлемін сипаттап бере
алады. Бұл жағдай өнімнің технологиялық, кәсіпорынның қорсыйымдылық
көрсеткіштерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
Қор сыйымдылығы белгілі бір өнім өндіруге жұмсалған қордың шығынын
көрсетеді. Қор сыйымдылығы өнім мөлшері. Егер Қор қайтарымы тенденцияны
өсіруге тиісті болса, ал Қор сыйымдылығы керісінше төмендетеді.
Қорсыйымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта жылдық
құнының жалпы өнім құнына қатынасы.

(4)

мұнда Қс - өнімнің қорсыйымдылығы.
Осы тәсілмен анықталған есепті жылдың көрсеткішін жоспардағы материал
сіңіргіштік коэффициентімен салыстыру арқылы материал сіңіргіштік
коэффициентінің өзгеру заңдылығы анықталады. Бұл орайда материал
сіңіргіштік коэффициентінің азаюы өндіріс процесінде материалдық
ресурстардың пайдалану тиімділігінің артқандығын айқындайды.
Өндірілген өнімнің жекелеген түрлеріне жұмсалған шығын мөлшерінің
бекітілген нормативтен аспауы – материалдық ресурстардың тиімділік
көрсеткішіне ықпал жасайтын ең негізгі фактор. Белгіленген нормадан ауытқу
өнім өндіруге жұмсалған шығындардың жоспарлық мөлшерден артық жұмсалуына,
өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына әкеп соқтырады. Талдау барысында
материалдық тиімділік көрсеткіштерін жақсарту, материалдық ресурстардың
тиімділігін арттыру жөнінде кәсіпорынның белгілеген шараларының қаншалықты
дәрежеде жүзеге асқандығына талдау жасауы маңызды шарт. Кейде
кәсіпорындарында техникалық, ұйымдық және өндіріс процесі деңгейінің ғылыми-
техникалық прогрестің талаптарына сай келмеуімен материалдық-техникалық
ресурстардың ысырапсыз көп шығындалуына жол беріледі. Өндіріске
жетілдірілген (қалтқысыз жұмыс істейтін) технология, еңбекті және өндірісті
ұйымдастырудың озат үлгілері баяу енгізіледі. Соның салдарынан орынсыз
шығындардың, жарамсыз қалдықтардың мөлшерінің артуына жол беріліп, өндіріс
тиімділігі төмендейді.
Талдау жасаған кезде осы кемшіліктерді жоюдың жолдары мен шаралары
белгіленеді.
Тіркелген активтер шағын тобының құндық балансы мына алгоритм бойынша
анықталады:
а) кезең соңында шағын топтың құндық балансы (ҚБс) амортизациясының бір
жылында есептелген сомага кемиді:

ҚБс – ЕА, (5)

мұнда ЕА – есептелген амортизация;
ә) шағын топтың құндық балансы қайта бағалау кезінде баланстық құнның
өсу коэффициентіне түзетіледі:

(ҚБс – ЕА) · Кбқ, (6)

мұнда Кбқ – қайта бағалау кезіндегі баланстық құнның өсу коэффициенті;
б) алынған мөлшерге ағымдағы жылы алынған тіркелген активтер құны
қосылады және оларды сатқанда шыққан сома шегеріледі:

(ҚБс – ЕА) · Кбқ + А + В, (7)

мұнда А – алынған тіркелген активтер құны;
В – сатылган тіркелген активтер құны;
в) шағын топтың түпкілікті құндық балансы (ҚБ) жоғарыда көрсетілген
құндық баланс сомасына салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары
жөндеу жұмыстарына жұмсалатын нақты шығын сомасын қосу жолымен анықталады:

ҚБ = ((ҚБс – ЕА) · Кбқ + А – В) + Шж, (8)

мұнда Шж – салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары жөндеу
жұмыстарына жұмсалған нақты шығын сомасы.
Кәсіпорынның жылдық орташа өндірістік қуаты (Қжо) мына формула бойынша
анықталады:

Қжо = Қб + (Қе · Тжі) : 12 - (Қіш · ((12 – Тжі): (9)

мұнда Қб – кезең басыңдагы өндірісrік қуат:
Қе – өндірістік қуаты жаңа қуат енгізу немесе ұйымдастыру-техникалық
шаралар өткізу арқылы арттыру;
Қіш – істен шығу есебінен өндірістік қуаттың кемуі.
Өндірістік құатты пайдалану коэффициенті мына формула бойынша
есептеледі:

КҚ = ӨШ Қжо, (10)

мұнда – Кқ - өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті [7, б.49].
Талдаудың міндеті кәсіпорынның өндірістік қуатының пайдаланылуын
зерттеу болып табылады. Талдауға керекті мәліметтер Өндірістік қуаттың
балансында - статистикалық есептің жылдық формасында болады. Баланс
бойынша қуаттың бірнеше кезең ішінде өзгеруі зерттеледі. Балансқа берілген
есептік материалдарды пайдалану арқылы өндірістік бағдарламаның орындалуын
қамтамасыз ету дәрежесі анықталады.
Өндірістегі олқы жерлерді анықтаған кезде айтылмыш кәсіпорынның нақты
қолда бар ресурстарын толық пайдалану жөніндегі және тиісті бірлестіктің
бос қуаттарын қатыстыру жөніндегі оперативтік шаралар белгіленеді.
Талдау жасаған кезде жоспардағы кезеңде уақытша пайдаланылмай тұрған
жабдықты, сырттағы ұйымдардың тапсырысын алу арқылы қосымша жұмыс істеуге
пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Тиісті жабдықты, ең
алдымен арнаулы жабдықты осы кәсіпорында пайдалануға мүмкіндік болмаған
кезде, бұл жабдықты өткізу жөніндегі шаралар белгіленеді.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты мақсаты бухгалтерлік
есеп беруді толығымен ашу үшін қажет негізгі құралдар туралы жеткілікті
ақпарат алу болып табылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің негізгі міндеттері:
- негізгі құралдардың түсуін, шығуын және ауысуын дұрыс және уақытында
көрсету, олардың қолда болуын және пайдалану орнында сақталуын бақылау;
- негізгі құралдардың тозуын уақытында және дәл есептеу;
- жөндеу бойынша шығындарды анықтау және осы мақсат үшін бөлінген,
қаржының тиімді пайдаланылуын бақылау;
- негізгі құралдардың пайдаланылмайтын, артық объектілерін анықтау,
резервтердің тиімді пайдаланылуын бақылау, машиналардың, құрал –
жабдықтардың және басқа нысандардың жұмыс тиімділігін арттыру;
- есептеу техникаларының заманауи құралдарының базасында есептік –
есептеу жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі құралдардың жағдайы
туралы кәсіпорынның басшылығын қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.
Бұл міндеттерді тиісті құжаттаудың және негізгі құралдардың қолда барын
және қозғалысын есепке алуды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етудің
көмегімен шешеді.
Алға қойылған міндетке жауап беретін, негізгі құралдардың есебін
ұйымдастыру үшін келесі алғышарттардың маңызы бар: негізгі құралдарды
жіктеу; негізгі құралдарды бағалау қағидаларын анықтау; негізгі құралдардың
пәндерін есептеу бірлігін анықтау; алғашқы құжаттардың және есеп
тіркелімдерінің нысанын таңдау.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
– негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
– негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін амортизация
ставкасы;
– қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған
құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
– негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негізгі құралдар есебінің басты сұрақтары:
- оларды мойындау моментін анықтау;
- олардың нақты құнын, пайдалы қызмет ету мерзімін, өтемпұлды есептеу
ретін және олардың шығу нәтижесін анықтау;
- соңғы күрделі қаржы жұмсалым есебін және басқа да негізгі құралдардың
бастапқы бағасының өзгеруін анықтау және реттеу.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі қамтамасыз ету керек:
- құжаттарды дұрыс дайындау және қолда бар есебінде (синтетикалық және
аналитикалық есеп тіркелімінде) және негізгі құралдар қозғалысын уақытында
көрсету, оларды материалды-жауапты тұлғаға орнықтыруды уақытында көрсету;
- негізгі құралдарды, оның ішінде консервациядағы және қордағы
құралдарды қорғауды бақылау;
- негізгі құралдарды тиімді пайдалану мерзімінің ішінде амортизация
төлемінің сомасын төлемнің арнайы тәсілін қолдану арқылы есептеуде дұрыс
көрсетілімді бақылау;
- сатылым нәтижесін және басқа да негізгі құралдарды шығару, оның
ішінде жалға беру нәтижесін дұрыс көрсетуін бақылау;
- сметаның (бюджеттің) сақталуын және негізгі құралдарды қалпына
келтірудің нақты шығындарының есеп көрсетілімінде толығымен көрсетуді
бақылау;
- негізгі құралдар объектілерін жаңарту және техникалық жаңарту
шығындарын есептен шығару және құрастыру дұрыстығын қаржыландыру көздерін
есептеу арқылы бақылау;
- жалға берілген негізгі құралдарға, көпжылдық отырғызуларға, жерлерді
түбірімен жақсартуға қаражат жұмсаумен байланысты көрсеткіш операциялар
есебінде толығымен және уақытында көрсетуді бақылау;
- негізгі құралдардың баланстық және баланстықтан тысқары объектілерін
түгендеу нәтижесінің есебінде әділдік көрсетуді бақылау;
- негізгі құралдарды қайта бағалауды іске асыруды және оларды қайта
бағаланған бағамен есептеуді бақылау;
- негізгі құралдармен байланысты операциялар бойынша салықты уақытында
және дұрыс төлеуді бақылау және оларды есептеуде көрсетуді бақылау [8,
б.106].
Негізгі құралдарды кәсіпорын қолдануды бағалау үшін негізгі құралдарды
қолдану көрсеткіштерін есептеу қажет. Бұл көрсеткіштер негізгі құралдарды
қолданудың дәл деңгейін көрсетеді.
Сонымен қатар, көрсеткіштерді есептеуден басқа, осы көрсеткіштерді
дұрыстап талдау керек және олардың мәніне әсер ететін факторларды табу
керек.
Негізгі құралдар жағдайы және оларды қолдану – аналитикалық жұмыстың
негізгі бір аспектілері, себебі олар ғылыми-техникалық прогресстің
материалды іске асыруы болып табылады. Ол - кез келген өндірістің
тиімділігін жоғарлататын басты фактор. Негізгі құралдарды және
кәсіпорындардың өндірістік күшін тиімді және толығымен қолдану оның барлық
техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік береді: еңбек
өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымының өсуіне, өнімнің шығарымының
көбеюіне, оның бағасының төмендеуіне, күрделі қаржы жұмсалымының
үнемдеуіне.
Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау мақсаты – негізгі
құралдардың жоспарының және өсу қарқынының және оларды пайдалану
көрсеткішінің орындалу нәтижесін бағалаудан, құралдардың құрылымын
зерттеуден, негізгі құралдардың жеткілікті пайдаланылмауын тудыратын,
себептерді анықтаудан және оларды пайдалануды жақсарту резервтерін
айқындаудан құралады.
Негізгі құралдардың тиімділігін талдаудың басты міндеттері:
- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен
қамтамасыз етілуін және жалпы және жеке көрсеткіштер бойынша оларды қолдану
деңгейін, олардың өзгеру себебін орнатуды анықтау;
- негізгі құралдардың техникалық жағдайын зертеу;
- уақыт және күш бойынша жабдықтарды тиімді пайдалануды анықтау;
- негізгі құралдарды өндірістік тауар көлеміне және басқа да кәсіпорын
жұмысының экономикалық көрсеткіштерін қолдануда әсерін анықтау;
- қор қайтарымының өсу резервтерін, өндіріс және сатылым көлемінің
өсуін, сонымен қатар негізгі құралдарды қолдануды жақсарту есебінің түсімін
анықтау.
Ақпараттың құрамы, мазмұны және сапасы негізгі құралдарды талдауды
кірістіріледі, және олар талдау тиімділігін қамтамасыз етуде анықтаушы
рөлді атқарады. Негізгі құралдар талдауының мәліметтер көздері жоспарлы,
есеп және есептен тыс болып бөлінеді. Жоспарлы көздерге кәсіпорында
жасалынатын барлық жоспарлар түрі кіреді: цехтардың жабдықтарын жаңарту,
жаңа технологиялық линияларды иемдену, жаңа өндірістік ғимараттарды салу
бойынша келешекке арналған жоспар, ағымдағы жоспар – негізгі құралдарды
жоспарлы жөндеуден өткізу, негізгі құралдарды жоспарлы жөндеуден өткізу
тапсырмасы, негізгі құралдарды шұғыл жөндеуден өткізу тапсырмасы, сонымен
қатар сметалар және жобалы тапсырмалар.
Негізгі құралдардың тиімділігін талдау үшін арналған мәліметтер
көздері: бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік баланс қосымшасы Негізгі
құралдар құрамы және қозғалысы, негізгі құралдарды есептеудің түгендемелік
карточкалары, жобалы-сметалы құжаттамалар, техникалық құжаттамалар.
Талдау нәтижесінде айқындалған кемшіліктерді жоюға және негізгі
құралдарды едәуір тиімді пайдалануға бағытталған, іс – шаралар әзірленуі
тиіс.
Негізгі құралдардың құрамын экономикалық талдаудың негізгі құралдардың
құрылымындағы өзгерістерді анықтау үшін зор маңызы бар. Негізгі
құралдардың құрамы өзінің мақсаты, қызмет көрсету мерзімі, өндірістік қуаты
және тағы басқалары бойынша өзгешеленеді.
Негізгі құралдардың тиімділігін талдау нәтижесінің толықтығы және
дұрыстығы бухгалтерлік есептің жетілу дәрежесіне, негізгі объектілерімен
тіркелу операцияларының жүйесін мінету, есеп құжаттарының толық
толтырылуына, жіктелген есеп топтарына объектілерді қатыстыру дәлдігіне,
аналитикалық есеп тіркелімін енгізуге және өңдеуге байланысты. Негізгі
құралдарды талдау негізгі құралдар көлемін, олардың динамикалары мен
құрылымдарын зерттеуден басталады.
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің
негізгі құралдармен қамтамасыз етілуі және олардың пайдалану деңгейі еңбек
өнімділігіне, өнімді өндіру және өткізу көлеміне, негізгі құралдардың
жаңарту шығындарына айтарлықтай әсерін тигізеді, ал осы арқылы пайдаға әсер
етеді. Негізгі құралдардың есебін дұрыс және уақытылы жүргізу, пайдалану
тиімділігін арттыру кәсіпорынның шығындарын азайтуға септігін тигізеді,
сондай-ақ өндіріске және өнімді, жұмысты, қызмет көрсетуді өткізу
шығындарының динамикасына оң әсер етеді. Сондықтан да, өндіріс потенциалы
кәсіпорынның негізгі қызметінің тиімділігінің, яғни қаржылық тұрақтылығының
негізгі факторы болып қала береді. Әрі қарай, екінші бөлімде Алуа жер
ЖШС үлгісінде негізгі құралдарды есепке алу және оны жетілдіру жолдарын
нақтылап қарастырамыз.

ІІ БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ

2.1 Алуа Жер ЖШС қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерін
талдау

Алуа жер ең басты ерекшілігі – тиемді және жоғары сапалы бұйымдар
өндіреді. Алуа жер бәсекеге қаблетті бағамен жоғарғы сапалы өнімге
кепілдік береді. Алуа жер ЖШС келесі технико – экономикалық көрсеткіштер
қолданылады: өнімді өткізуден түскен табыс, жұмыс істейтін адамдардың орта
тізімдік саны; еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, қор қайтарымы, жалпы
табыс, кезең шығындары, таза табыс, активтердің айналымдылығы, табыстылық,
Алуа жер ЖШС өнімдерді өткізу, сату үшін фирмалық сауда орындары қала
және ауылдарда бар [9].
Ұйымның технико – экономикалық көрсеткіштерін 1-кестеден көруге болады.

Кесте 1 – Алуа жер ЖШС негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштері,
мың теңге
Көрсеткіштер 2014 2015 2016 Ауытқу 20142016
Абс.+,- %
1 2 3 4 5 6
1. Өнімді сату көлемі 2753630 2152045 3195785 442154 13,84
2. Сатылған өнімнің өзіндік2273009 1832476 2683960 410951 15,31
құны
3. Өнімді сатудан пайда 480620 319569 511824 31203 6,10
4. Өткізілген өнімнің 1 0,83 0,85 0,84 0,01438 1,19
теңгесіне шығындар
5. рентабельділік деңгейі, 21,14 17,44 19,07 -2,074 -10,85
%
6. Жылдағы еңбекақы қоры 183700 6981 133407,01 -50293 -37,70
7. Жұмысшылар саны, адам 180 182 181 1 0,55
8. Еңбек өнімділігі 14,99 308,23 23,96 8,96535 37,44
9. Негізгі қорлар 1737423 1802453 4078165 2340742 57,40
10. Қор қарулануы 9652,35 9903,58 22531,30 12878,9 57,16
11. Айналым құралдары 4353,37 25587,9 51329,51 46976,1 91,52
Е с к е р т у: Алуа жер ЖШС көрсеткіштерінен алынып есептелінген

1-кестеден коріп тұрғандай Алуа жер ЖШС көрсеткіштерінің ауытқығанын
байқауға болады. Жұмысшылардың саны 2014 жылы 180 адам болса, 2015 жылы 2
адамға көбейіп, ал 2016 жылы 181 адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 1
адамға көбейгенін көреміз. Себебі, жаңа технологияларды сатып алып,
өткізуден түскен табыс көбейгендіктен соған сәйкесінше жұмысшылар санының
маңыздығы зор болды.
Рентабельділік кәсіпорын табысының қалыптасуының сипаттайтын басты
көрсеткіштері болып табылады. Сондықтан да олар қаржылық жағдайына баға
беруде және салыстырмалы анализ жасауда міндетті түрде есептеледі.
Кәсіпорынға талдау жасау барысында рентабельділік көрсеткіштері
инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың инструменті ретінде
қолданылады. Ал Алуа жер ЖШС рентабельділігіне келетін болсақ, 2015 жылы
17,44% көрсетсе, 2016 жылы 19,07% құраған.
Өнімнің өзіндік құны 2014 жылы 2273009 мың теңге құраса, 2016 жылы бұл
көрсеткіш 2683960 мың теңге болған яғни 410951 мың теңгеге өскенін көреміз.
Бұл дегеніміз өнім көп өндіргендіктен соған сәйкес өнімнің де өзіндік құны
да өсіп отырады.

Кесте 2 – Алуа жер ЖШС табысының құрамы мен құрылымы, мың теңге

Көрсеткіштер атауы 2014 2015 2016 Ауытқу 2015-2016
жж.
1 2 3 4 5
Өнімді сатудан түскен пайда2753630 2152045 3195785 442 154 13,84
Жалпы табыс 480620 319569 511824 31 203 6,10
Басқа да табыс 39 124 14814,6 138 486 99 361 71,75
Таза табыс 213 993 85 633 91 337 -122 656 -134,2
Барлығы 253 117 100 448 229 823 -23 294 -10,14
Е с к е р т у: Алуа жер ЖШС көрсеткіштерінен алынып есептелінген

2-кестеден көріп отырғанымыздай, Алуа жер ЖШС жалпы табысы үш жыл
ішінде өзгеріске ұшыраған, яғни 2014 жылы 480620 мың.тг құраса, 2016 жылы
ол 6,1 пайызға ұлғайып, 511824 мың.тг құраған.
Сонымен, Алуа жер ЖШС таза табысы 2014 жылы 213993 мың.тг болса, 2015
жылы ол көрсеткіш 85633 мың.тг дейін төмендеп, 2016 жылы 2014 жылға
қарағанда 134,29%-ға кеміген. Оған себеп болған өзіндік құнның 2015 жылы
күрт төмендеп кетуі.
Төменде кәсіпорынның шығының құрамын талдайық:

Кесте 3 – Алуа жер ЖШС шығынының құрамы мен құрылымы, мың.теңге
Көрсеткіштер атауы 2014 2015 2016 Ауытқу
2014-2016 жж.,
+-
1 2 3 4 5
Сатылған өнімнің өзіндік 2273009 1832476 2683960 410951 15,31
құны
Кезең шығыстары, оның 357386 355726 346969,9 -10416,6-12,8
ішінде:
Жалпы әкімшілік шығындар 108241 138523 149929,1 41687,5 27,80
Сату бойынша шығындар 35390 34381,1 31812,08 -3578,3 -11,25
Қаржыландыру шығындары 213754 182821 165228,6 -48525,8-29,37
Басқа да шығындар 39124163 14814695,967175,68 28051,5 41,76
Барлығы 396510786 370541435 414145,6117634,834,26
Е с к е р т у: Алуа жер ЖШС баланс мәліметтері негізінде есептелген

3-кестеден қарайтын болсақ Алуа жер ЖШС кезең шығыстары 2014 жылы
229740 мың.тг құрады, ал 2016 жылы 17949 мың.тг ұлғайған, яғни 247689
мың.тг құраған. Жалпы әкімшілік шығындар 2014 жылы 120162,1 мың.тг құраса,
2016 жылы 20509 мың.тг ұлғайған.
Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты,
өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның
ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру,
негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын
ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы
амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.

Кесте 4 – Алуа жер ЖШС-нің негізгі құралдарының құрылымын талдау

Негізгі құралдардың 2014жыл 2015 жыл 2016 жыл Ауытқулар
+;- %
1 2 3 4 5 6
Негізгі құралдар, 1737423,1 1802453,3 4078165,5 2340742,4 57,3
барлығы
Үйлер, құрылыстар 133958,9 139525 151092,22 17133,32 11,3
Ғимараттар 509055,8 509764,61 1982241 1473185,2 74,3
Көлік құралдары 254511 284524 388436 133925 34,4
Өткізгіш құралдар 42544 45778 63453 20909 32,9
Машиналар мен жабдықтар192192,45 204218 246626 54433,55 22,07
Өндірістік мүліктер 575114,5 583822,09 1184463,08 609348,58 51,4
Басқа да негізгі 30046,45 34821,6 61854,2 31807,75 51,4
құралдар
Е с к е р т у: Алуа жер ЖШС баланс мәліметтері негізінде есептелген

4-кесте мәліметтері Алуа жер ЖШС-нің негізгі құралдарының жалпы
жағдайын сипаттайды. Кесте мәліметтерінен құрылыстар есептік жылы 17133,32
мың.тг көбейген, көлік құралдары 34,4%-ға ұлғайған. Көлік құралдарының
көбеюі есепті жылы кәсіпорынға өндірістік мақсатта көліктер енгізілуімен
байланысты. Сондай-ақ мәліметтерден кәсіпорында өндірістік үрдіске
қатысатын негізгі құралдар – машиналар мен құрал жабдықтар үлесінің
жоғарылығын байқаймыз.
Негізгі құралдардың ең көп үлесін өндірістік мүліктер құрайды.
Кәсіпорынның табысты қызметінде мүлкінің қоғалысы да маңызды рөл ойнайды.
Сондықтан кәсіпорын тозығы жеткен құрал-жабдықтарды есептен шығарып, оның
орнын жаңасымен толықтыруға тырысып жатады.
Қор қайтарымға факторлардың әсерін талдау барысында Алуа жер ЖШС қор
қайтарымының өзгеруіне өнім көлемі оң әсер етіп, өндіріс‬тік негізгі қордың
орташа жылдық құны теріс әсер еткені анықталды, себебі өндірілген өнімнің
көлеміне сәйкесінше негізгі қордың құны қайтарылмай отыр.

Кес‬те 5 – Алуа жер ЖШС-нің негізгі құралдарды тиімді пайдаланудың
көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер Өлшем 2014 2015 2016 Ауытқу
бірлігі

5-кестеден көріп отырғанымыздай, Алуа жер ЖШС-нің негізгі қорлардың
жылжуы туралы есеп беруіне сүйене отырып, негізгі қордың тиімділік
көрсеткіштері қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және жұмысшылардың қор
қарулануы анықталды.
2015 жылы Алуа жер ЖШС-нің қор қайтарымдылығы 1,18 теңге, ал 2016
жылы 5,2%-ға кеміп отыр. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға
бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. Бұл жерде табыс
алу азайған, оған себеп болған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның негізгі қорлары
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Кәсіпорынның негізгі капиталының пайдалануын талдау
НЕГІЗГІ ӨНДІРІСТІК ҚОРДЫ КӘСІПОРЫНДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды бағалау әдістері
Кәсіпорынның айналым қоры
Кәсіпорынның айналым капиталы
Айналым қаражаты
Пәндер