Бақытжан Қаратаев және патша үкіметінің жер саясаты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

№1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: « Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі»

Мамандығы Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

(Аты-жөні)

«» 20__ж. (бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

І Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы . . . 5

ІІ Б. Б. Қаратаевтың мемлекеттік және қоғамдық қызметтерге араласуы . . . 10

Қорытынды . . . 12

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 13

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан егемен ел ретінде тәуелсіз өркениетті даму жолына түсіп, барлық ұлттық-рухани байлығымызды қайта жаңғыртқан тұста, елдің өткен тарихын жаңаша зерделеуге мүмкіндік берді. Қазақ тарихын қайта қалыптастыру бағытында, бүгінге дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты бағаланған тарихи оқиғаларды жаңаша саралау шаралары жүзеге асырылып, тарихта өзіндік із қалдырған тұлғалардың ғұмырнамасын жасау қолға алынды. Соған байланысты ұлт қайраткерлерінің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, қоғамдық-саяси және әлеуметтік процестердегі алар орнын ашу және олардың қайраткер ретінде қалыптасу мәселелеріне көп көңіл бөліне бастады. Олардың қатарына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында қалыптасқан қазақ зиялыларын жатқызуға болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Б. Б. Қаратаевтың өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі, көзқарасы және шығармашылық қызметі біртұтас кешенді ғылыми тұрғыдан жеке тақырып ретінде зерттелмегенімен, қазақ тарихына қатысты зерттеулерде белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, ғылыми және жалпы танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы, оған қатысқан қазақ зиялылары тарихымен тікелей байланыстыра зерттеу қажет. Себебі, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған зиялылары қатысты. Ал, Б. Б. Қаратаев осы кезеңде қалыптасқан қазақтың ұлттық-демократиялық зиялылары көшбасшыларының бірі бола білді. 1913 жылы Ж. Сейдалин: «қазақ зиялыларының тарландары - Бақытжан Қаратаев, Әлихан Бөкейханов және Бақыш Құлманов, бұл үшеуі өзі үш рулы ел болса да, Алаш дегенде басы бір жерге қосылса керек. » - деп өз пікірін білдірген болатын. Ұлт зиялысы Ж. Сейдалиннің өз заманында айтқан бұл пікірі көп нәрсені аңғартады, әрі Б. Б. Қаратаевтың қызметіне объективті тұрғыда берілген жоғары баға деп есептеуге болады. Б. Б. Қаратаевтың ғұмырнамасын зерттеушілердің қатарында М. Ысмағұловтың есімі ерекше. 1967 жылы «Білім және еңбек» журналы бетінде Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жариялаған көлемді мақаласында М. Ысмағұлов: «Қазақ халқының болашағы, бақыты үшін күрескен абзал азаматтарымыздың бірі - Бақытжан Қаратаев екені сөзсіз.

Оның өмірі қазіргі және келешек ұрпаққа өнегелі үлгі боларлық сыр-сипатқа өте бай»-деп бағалап, Б. Б. Қаратаев өмірі мен қызметін зерттеуде ғылымға жаңа леп берді. Кешегі заманда М. Ысмағұловтың Б. Б. Қаратаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жазылып, бірақ жарияланбаған қолжазбасы бүгінде ғылыми айналысқа еніп, тұлғаны тануға септігін тигізіп отырғаны

3

анық. М. Ысмағұловпен тұстас Ғ. Сапарғалиевтың 1966 жылы Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясаты жөніндегі еңбегі жарық көрді. Зерттеуде Б. Б. Қаратаевтың қооғамдық-саяси қызметіне қысқаша тоқталып, оны қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілі және өзінің талаптарымен езілген халықтың мүддесін көздеген қайраткер ретінде бағалады. С. Зиманов та Б. Б. Қаратаевтың Мемлекеттік Думадағы және қазақ баспасөзін шығару жолындағы қоғамдық-саяси қызметтерін объективті бағалап, өз үлесін қосты. Кейін С. Зиманов Қ. Ыдырысовпен бірге жазған еңбегінде де, Б. Б. Қаратаевты «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің идеологы деп бағалап, ағартушылық қызметіне оң баға берді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын анықтауға қалам тартқан М. Жақсыалиев, М. Сералин, Ж. Сейдалин және Ғ. Қарашев сынды Б. Б. Қаратаев та қазақ қоғамының ілгері дамуына демократиялық бағыт ұстаған, қазақ халқының әлеуметтік дамуын жақтаған ірі қоғам қайраткері ретінде атап өтеді.

Б. Б. Қаратаевтың ІІ Думадағы патша үкіметінің қоныстандыру саясатын әшкерелей сөйлеген сөзі көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тауып, түрлі пікір айтылды. Кезінде В. И. Ленин 1905-1907 жылдардағы социал-демократтардың аграрлық бағдарламасы жөніндегі еңбегінде Б. Б. Қаратаевтың сөзіне ерекше назар аударып, көзқарасын білдірген болатын. С. Зиманов пен М. Ысмағұлов ІІ Дума отырысында сол кезеңдегі қазақ қоғамындағы ең бір күрделі де, шиеленіскен аграрлық мәселе жөнінде сөйлеген сөзіне ғылыми тұрғыдан талдау жасап, дұрыс бағалануына атсалысты. 1985 жылы С. Созақбаевтың «Петербург университеті Қазақстанның саяси және құқықтық ой-пікірінің тарихында» тақырыбында жазылған кандидаттық диссертациясы қорғалды. Автор Б. Б. Қаратаевты төңкеріске дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірінің тарихында ерекше орын алатын ағартушы-демократ, ірі қоғам қайраткері ретінде жоғары бағалап, оның студенттік кезеңінен тың мәліметтер жинақтаған. Б. Б. Қаратаевтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметтері, көзқарастарының қалыптасуы жөнінде ғылыми пікірлер соңғы жылдары жазылған еңбектерде, диссертациялық жұмыстарда ішінара көрініс тапты.

Семестрлік жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Менің семестрлік жұмысымның басты мақсаты - Б. Б. Қаратаевтың ғұмырының барлық кезеңдерін қоғамдағы саяси-әлеуметтік процестермен байланыстыра отырып, қоғамдық саяси қызметін тың деректерге сүйене отырып, зерттеу. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

-Б. Б. Қаратаевтың туып-өскен және білім алған ортасы, оның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды айқындау;

-ХХ ғасыр басында Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси өмірге араласуына объективті баға беру мақсатында бірінші орыс революциясы тұсындағы,

Мемлекеттік Думадағы және т. б қызметіне талдау жасау;

4

Ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі ретінде Ресей империясының отарлық саясатын, ұлттық езгіні сынауы және оның қазақ халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарасын талдау жасау арқылы ашып көрсету;

-Б. Б. Қаратаевтың ғылыми-зерттеу және естелік еңбектерін көрсету.

5

І. Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы.

Б. Б. Қаратаев Орал облысы, Жымпиты уезі, Жақсыбай болысына қарасты 9-шы ауылда 1860 жылы дүниеге келген. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдан тараған ұрпақ, яғни Әбілқайыр ханнан- Нұралы хан, одан Қаратай сұлтан, Қаратай сұлтаннан- Бисәлі, одан Дәулетжан тарайды. Ал, Дәулетжаннан - Бақытжан, Мағзом, Батыр есімді ұлдар тараған. Шежіреден көріп отырғанымыздай, Б. Б. Қаратаевтың ата-бабалары қазақ тарихында елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен күрескен тарихи тұлғалар, ата-бабасының өткен жолы Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси көзқарасына бірден-бір септігін тигізгені даусыз. Әрі, Б. Б. Қаратаевтың ержетуі Ресей империясының қазақ халқын саяси билігінен біржола айырып, өзінің толық отарына айналдыруға белсене кіріскен кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазақстанның саяси өміріндегі ең ірі тарихи оқиға, нақ осы, ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан басталған болатын. Патша үкіметі 1867-1868 жылдары жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізу жолымен Қазақстан аумағын шексіз билеп төстеуге қол жеткізді. Б. Б. Қаратаевтың туып-өскен Орал өңірі империяның отарлық саясатының күшейіп, қарқынды жүргізілген аймақтарының бірі болды. Аталған реформалардың заңдық негізде жүзеге асырылуы салдарынан патша үкіметінің қазақ даласындағы қоныстандыру, шоқындыру, т. б сипатындағы отаршыл әрекетінің күшеюі, туған топырағында өгейліктің күйін кешкен қазақ халқының отарлық саясатына қарсы ел ішіндегі наразылық көтерілістері, жалпы Б. Б. Қаратаевтың жастық шағында қазақ даласындағы болып өткен тарихи оқиғалар мен процестер оның қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуына зор әсерін тигізді.

1878 жылы алғаш татар мектебінен сауат ашқан Б. Б. Қаратаев Орынбор гимназиясына оқуға келеді. Б. Б. Қаратаев оқуға түскен гимназия ірі көпестердің, өнеркәсіп иелерінің, орыс армиясы офицерлерінің балалары оқитын элитарлық білім ордасы болған. Бірақ, осы кезеңдегі барлық оқу орындары патша үкіметінің орыстандыру саясатына қызмет еткен болатын. Өйткені, патша үкіметінің отарлау саясаты оқу-ағарту саласында да қарқынды жүргізілді. Б. Б. Қаратаев гимназияға өзіндік ой-пікірі, көзқарасы қалыптасқан, оңы-солын ажырата білетін азамат шағында келді. Жастайынан білімге құмар, қабілетті, ынталы Б. Б. Қаратаев өз тілінде оқыған орыс балаларынан қалыспай, бар күш жігерін терең білім алуға жұмсады. 1886 жылы аталған гимназияны бітіріп шыққан жас сұлтан империя заңдарын терең меңгеріп, оны отарлықтың азабын тартқан туған халқының мүддесіне пайдалану үшін Ресей орталығындағы беделді оқу орны Императорлық Санкт-Петербург университетінің заң факультетін оқуға аттанады.

Б. Б. Қаратаев 1886 жылдың 9 қазанында Императорлық Санкт-Петербург

университетінің заң факультетіне қабылданады. Ол өзінің дарындылығымен,

білімге құщтарлығымен, іздемпаз қабілетімен университет ғалымдары мен

6

басшыларының назарына ілікті. Университет қабырғасында қатар оқыған Б. Сыртанов, М. Сердалин, А. Теміров және шығыстану факультетінде бұлардан бұрын дәріс алып жүрген Б. Құлманов сияқты жігіттермен бірге «Жерлестер» үйірмесін құрады. Тарихтан мәлім, ХІХ ғасырдың соңы Ресей империясында революциялық қозғалыстың даму кезеңі болды. Ресей территориясының барлық қалаларында ірілі-ұсақты өнеркәсіп ошақтарында патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық ереуілдер өршіп, үлкен қақтығыстар орын алды. Қарапайым халықтың наразылық толқыны оқу орындары студенттерін де бей-жай қалдырмады. Б. Б. Қаратаев оқыған Санкт-Петербург университеті әлемге терең білім мен ғылымның ордасы ретінде ғана емес, сонымен бірге студенттік ереуілдердің ошағы ретінде де таныиал болған оқу орны. Университет студенттері астыртын Ресей орталығындағы саяси оқиғаларға араласып, ереуілдер мен наразылық шерулерін ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласты. Б. Б. Қаратаев та өзінің университеттік әріптестерімен бірге жалпы саяси ағымның шебінде болып, отарлық саясаттың езгісінен тепкі көрген қазақ халқының ауыр жағдайларына назар аударды. Қазақ жастарымен бірге, университеттің білімімен шектеліп қалмай, барлық азаттық, демократиялық озық ойлы идеяларды бойына сіңірді. Ол революциялық әдебиеттерді көптеп оқитын, әсіресе француз реформаторларының қоғамдық өркендеу мен демократиялық мемлекет құру идеяларынан өнеге алып, Европа мәдениетін бойына сіңіріп, тәрбие алды.

Б. Б. Қаратаев 1890 жылы университетті алтын медальмен үздік бітіріп шығады. Сөйтіп, ол Ресейдің беделді оқу орны Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, толық курсын үздік бітіріп шыққан алғашқы қазақ заңгері атанды.

Б. Б. Қаратаевтың алғаш еңбек жолы Әділет министрлігіне қарасты Департаменттік басқару сенатындағы екінші мекемесінде басталды. Империя орталығында қызметте жүрген Б. Б. Қаратаев қазақ студент жастарымен тығыз

қарым-қатынаста болып, олардың білікті маман, саяси шыңдалған азамат ретінде қалыптасуларына қолдан келгенше көмек көрсетуден аянып қалмады. Сол кездегі Б. Б. Қаратаевтың Санкт-Петербургтегі пәтері студент жастардың бас қосатын орнына айналды. Ол Ә. Бөкейханов бастаған бір топ студенттерге барынша қамқорлық көрсетуге талпынды. Қазақ студент жастарының арасында Ә. Бөкейхановтың дарынды болмысын ерекше бағалайтын. Кейін Б. Б. Қаратаев туған халқының мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етіп, ұлт

жанашырына айналған Ә. Бөкейхановқа жазған хатында:«Мен сені студент болған кезіңнен-ақ өз пікіріңмен, сеніміңнің беріктілігіне тәнті болып, құрметтейтінмін. »-деген болатын. Мамандығына сай қызметке алынған Б. Б. Қаратаев қызмет барысында империяның шет аймақтарды басқару ісін жүзеге асыратын сорақы қызметтерімен, қаулыларымен, заңдарымен

7

жақынырақ танысатыны анық. Патша саясатының отарлық астарын түсінген Б. Б. Қаратаев империяның отаршыл әрекеттеріне қарсы шықты. Сондықтан, 1891 жылы оны Грузия мемлекетінің Кутаиси губерниясына жұмысқа жібереді. Бұл қызметінен Б. Б. Қаратаев алты жылдан соң босап, елге оралады. Бұл жөнінде 1896 жылғы 18 қыркүйектегі «Тургайская газета» бетінде: «Уволен от службы, согласно прощению, помощник мирового судьи Сенакского отдела, губернский секретарь Каратаев, происходящии из киргиз Тургайской области, Актюбинского уезда, Буртинской волости»-деген хабарлама басылады.

Б. Б. Қаратаевтың қоғамдық-саяси қызметке белсене араласа бастауы 1905 жылдан, яғни бірінші орыс революциясы кезінде ерекше байқалады. 1905 жылы 18 ақпан күні патша үкіметінің «мемлекетті көркейту және халықтың жағдайын жақсарту мәселелеріне қатысты жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан түскен өтініштерді қарау және талқылау» ережесін қамтыған қаулы жарияланады. Бұл қаулы қазақ халқына ашық өз талаптарын қойып, мұң-мұқтаждарын жеңілдетуді сұраған петиция жазуға жол ашқан болатын. Б. Б. Қаратаевтың басшылығымен Орал және Торғай облыстарында орталық билік орындарына петиция жазып тапсыру жұмысы қызу жүргізілді. Петицияда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сай өзгерістер енгізу, қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату, Дала ережесін жаңа заңмен ауыстыру, жер мәселесіне байланысты талаптары қойылды. Сондай-ақ, делегация патша үкіметінен Мемлекеттік Думаға қазақ халқынан депутат сайлану құқығын беру туралы өтініш білдіруді де жоспарлады. 1905 жылы 12 шілдеде

Б. Б. Қаратаев бастаған делегация петицияны орталық билікке табыстау үшін Орынбордан Санкт-Петербургке аттанады. Бұл делегацияның құрамында С. Б. Кейкин, М. Қайдаров, Д. Тоқбаев, С. Алдияров, Д. Мусин, Ғ. Есмұхамбетов, М. Мендіқұлов, А. Бірімжанов, Ж. Сейдалин кірді.

Ресей орталығында 1917 жылы 28 ақпанда демократиялық төңкеріс жеңіске жетіп, Уақытша үкіметтін құрылуы туралы хабар Қазақстанға наурыздың басында жетіп, халық арасында кең тарап кетті. 1917 жылы 5 наурызда Уақытша үкімет жергілікті органдарын құру туралы қаулысын шығарды. Қазақ зиялылары қазақ қоғамының мүддесі үшін Уақытша үкіметке қолдау

көрсетіп, қазақ жерінің түкпір-түкпіріндегі қазақ комитеттерін үкіметке қолдау көрсетіп, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде қазақ комитеттерін құру ісіне кірісті. Орал облысында ақпан төңкерісінің жеңісінен соң қазақ комитетін құру ісін Б. Б. Қаратаевтың айналасына топтасқан ел азаматтары қолға алған болатын. 1917 жылы 7 наурызда Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын басқару мақсатында Жайық сыртқы бөлігін басқару жөніндегі азаматтық комитетін құрып, төрағасы етіп Б. Б. Қаратаевты тағайындады. Ал, комитет мүшелігіне Ғ. Әлібеков, А. Әбенов, Ы. Тоқберлиев,

8

Д. Түсепқалиев, Ә. Әйтиев сайланды. Ақпан төңкерісінен кейін Орал өлкесінде саяси революциялық күрес жандана бастады. Облыста екінші үкімет, яғни жұмысшы, солдат және шаруалар депутаттары Кеңесі де өзінің жергілікті органдарын- Кеңестерді құра бастады. Ал, Орал орыс-казактары өзге саяси билікті мойындағысы келмей, өз «Әскери үкіметін» құрды. Бірақ, Б. Б. Қаратаев Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттердің патшалық Мемлекеттік Дума тұсындағы Ресей империясы құрамындағы шет аймақтарының, оның ішінде Қазақстанның ұлт және аграрлық мәселерін шешуде құлықсыз әрекеттеріне әбден қанық болатын. Сондықтан да, Б. Б. Қаратаев 1914 жылы-ақ кадет партиясынан бас тартты. Б. Б. Қаратаев өміріне тікелей қатысты ұлттық мәселелерді мемлекет деңгейіне көтеріп, қазақ халқының мүддесіне сай оңтайлы шешетініне күмән келтірді. Өзінің мәні жөнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет жөніндегі көзқарасын 1917 жылы мамырда Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде ашық білдіріп, өз күдігін қазақ зиялыларына ескертеді. Көп кешікпей, Ә. Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары да Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреп, іргелерін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болатын ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға кіріскен болатын.

1917 жылы мамырдың соңында Б. Б. Қаратаев большевиктерді жақтаушы деген айыппен «ауылынан ешқайда шықпау» жөнінде орыс-казактардың Әскери үкіметіне қолхат беріп, Орал уезі, Көкбақты болысы милициясының қатаң бақылауында 1918 жылдың наурызына дейін бір жылдай «үй тұтқыны» жағдайында қамауда болады. Бұл жағдай Б. Б. Қаратаевты қазақ зиялыларынан алшақтатып, олардың саяси қызметтеріне өз пікірін білдіріп, қатарында болуына кедергі келтіреді.

Орал облысында жергілікті большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз болуы, әрі бұл өңірде Қазақстан территориясындағы патша үкіметінің ең ірі әскери шептері шоғырланып, орыс-казактарының әскери күштерінің

басымдылығы Кеңес үкіметін орнатуды бірталай қиындатты.

Бұл жылдары Қазақстанның батыс өлкесінде күрделі және қарама-қайшы оқиғалар белең алған болатын. Өлкеде орыс-казактар билікті өз қолына алып, монархиядан кем емес, озбырлық саясатын жалғастырды. Әрине, Б. Б. Қаратаев орыс-казактардың жоспарын түсінді. Міне, сондықтан да ел тыныштығын сақтап, аласапыран кезеңде одан шығудың жолын іздестірді. Орыс-казактардың саясатынан және оларды қолдаған өлкедегі түрлі шовинистік топтардың әрекетінен қауіптенген Б. Б. Қаратаев ұлтының ертеңі үшін оның болашағын большевиктермен байланыстырып көруге тәуекел етті.

1918 жылы 18-ші наурызда Орал қаласында облыстағы жағдайдың шиеленуісіне байланысты Кеңестердің шұғыл түрде екінші облыстық съезі шақырылып, облыстық атқару комитеті құрылды. Б. Б. Қаратаев Әділет

9

комиссары болып тағайындалды. Бірақ, наурыздың 28-інен 29-ына қараған түні Әскери үкімет Орал қаласында контрреволюциялық төңкеріс жасап, облыстық Кеңестің басшылары мен барлық мүшелерін тұтқындайды да, билікті өз қолына алады. Б. Б. Қаратаевты 15 сәуір күні әскери отряд өз ауылында тұтқындайды. Әскери-далалық сот оны, ең алдымен ату жазасына бұйырады да, кейін бұл үкімді 6 жылға қамауға ауыстырады. Түрмеде отырып жазған күнделігінде Б. Б. Қаратаев:«Большевизм үкімет басында тұра алар ма екен? Меніңше, ол жалған атақты үкіметтердің тіршілігі жойылғанға дейін тұрады. Большевизм өтпелі кезең, өз орнын бейбітшіл, жасампаз, социалистік сипаттағы десе де болады, үкіметке қалдырып «сахнадан» кетеді. Әзірше, большевизм барлық ескі және іріп-шірігендерді күйретуші мәнге ие. Жасампаздар басқа адамдар болады»-деп большевистік билік турасында көзқарасын білдірді.

1919 жылы 24 қаңтарда Кеңес әскерлері Орал қаласын орыс-казактардан азат етеді. Бұл күні Б. Б. Қаратаев И. Пляскунов басқарған 1-ші бригадасы көмегімен түрмеден босатылады. Тоғыз ай түрмеде орыс-казактардың қатыгездігі мен жауыздығын көзімен көріп, ауыр жағдайды басынан кешірген Б. Б. Қаратаев бостандыққа шығысымен-ақ, Орал өлкесін контрреволюцияшыл орыс-казактардан азат ету жұмыстарына белсене араласады. Ол 4-ші Армияның Әскери революциялық кеңесінің қаулысымен құрылған облревкомға мүше болып енеді. 1919 жылы 2 ақпанда РКП(б) президиумы сайланады. 6 ақпанда Б. Б. Қаратаев РКП(б) қатарына қабылданды.

1919 жылы 3 ақпанда облыстық ревком Б. Б. Қаратаевқа Ұлттық істер бөлімін меңгеру ісін тапсырады. Оның басшылығымен Ұлттық істер жөніндегі алқаның қызметі кеңейіп, қазақ, татар, үгіт ұйымдастыру, мәдени-ағарту, баспасөз, статистика және ақпарат бөлімдері ұйымдастырылады.

Б. Б. Қаратаев Ұлттық істер алқасымен қоса, қазақ бөліміне басшылық етуді өз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бақытжан Бисәліұлының кеңестік кезеңдегі қоғамдық - саяси қызметі
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Бақытжан Бисәліұлы жаңа шыққан Айқап журналы туралы Айқаптың 1911 санындағы Тұла бойым тұңғышым атты мақаласында
Б.Қаратаевтың өмірбаянын толық қамтып баяндап, қайраткердің қоғамдық-саяси қызметін зерттеу
Алғашқы қазақ заңгері
1905-1917 жж. қазақ интеллегенциясының әлеуметтік қозғалысы
Бақытжан Қаратаев және Ресей мемлекеттік Думасы
Алаш қозғалысы жайында
Бақытжан Қаратаевтың ғылыми-зерттеу жұмыстары
ХIX ғ. аяғы –XX ғ. басындағы Қазақстандағы әлеуметтік-эканомикалық жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz