Шетел Азиясының халықтары
ҚазақстанРеспубликасыныңБілімжәнеғы лымминистрлігі
Х.Досмұхамедоватындағы Атырау мемлекеттікуниверситеті
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Қазақстан және дүние жүзі тарихы кафедрасы
Бекітемін
Факультет
деканы
т.ғ.к. Кайыргалиева Г.К._____
___ _________2017 ж.
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Etn 1202 Этнология пәні бойынша
5В011400 – Тарих мамандығы студенттеріне арналған
Атырау - 2018
Құрастырушы: Нағымов Шахман Нағымұлы, п.ғ.к., доцент, ҚР білім беру ісінің
құрметті қызметкері
Аннотация:
Этнология 5В011400 Тарих мамандығы студенттеріне оқытылады. Пәннің
міндеті студенттерді этнографияның теориялық проблемаларымен таныстырады.
Пән ретінде этностардың пайда болуын, халықтардың ерекше нышандарын –
тілін, материалдық және рухани мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, салт-
дәстүрлерін, үй-жайларын, ұлттық киімдерін т.б. зерттейді.
Etn 1202 Этнология пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Тарих-филология факультетінің 5В011400- Тарих мамандығының студенттері
үшін
Құрастырушы Нағимов Ш.Н. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университетінің баспасы. 2018ж.
1. ГЛОССАРИЙ
Алаш — ежелгі түрік сөзі- бауырластар, қандастар, туыстар. Көне заманда,
түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген.
Албандар – қазақ халқын құраған ірі тайпалардың бірі.
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық.
Би — рубасы, сот.
Ғұндар — ежелгі түркінің тайпа бірлестігі
Гуньмо — үйсіндердің жоғарғы басқарушысы
Динар — Шығыс елдерінің көне ақшасы
Дирхем — арбтардың ежелгі күмістен жасалған монета.
Дін – адамдардың құдайға табыну негізі, көзқарасы
Жайлау — көшпенділердің жазғы мал жаю тұрағы.
Жайык (Яик) — Орал өзені.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы – жазда және қысқы мал жайылым тұрағы.
Зекет — мал салығы.
Иқта — феодалдық қоғамдағы жер салығы
Иқтадар — жер салығын иемденуші.
Ислам — дүниежүзілік діннің бір түрі, ҮІІ ғасырда араб елінде пайда
болған, негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар, жалғыз құдай – бұл Алла.
Тарих - ғылым, адамзаттың басынан кешкенін зерттеу.
Киіз үй- көшпелі халқының негізгі тұрағы
Қади – сот.
Қаңлы – ежелгі түркі тайпаларының бірі.
Қидандар — қарақытай, ХІІ ғасырда Жетісу өңірінде мемлекетін құрған.
Көшпенділік — мал шаруашылығы негізінеде көшіп-қону
Кроманьондық — есті адам қазіргі адамға сай.
Қорған — ескі тастан жасалған зираттар
Қыстау — көшпенділердің қыстағы тұрағы.
Матриархат — әйел қоғамындағы елді билеуі
Мезолит — орта тас ғасыры.
Мустье — орта палеолит
Неандерталдық — ежелгі адамдар
Неолит — жаңа тас ғасыры
Палеолит — ежелгі тас ғасыры
Парадарайа — теңіз жағалауындағы сақтар
Патриархат — еркектердің қоғамдағы елді билеуі
Петроглиф – тастан қашап жазылған жазулар
Питекантроп — ежелгі адамның бір түрі.
Сақтар — VIII—III вв. б.д.д. біздің территориямызда мекен еткен тайпа.
Сарбаз — әскер
Сардар (бек) — әскери қолбасшы
Сарматтар — III в. б.д.д. —IV в. Батыс өңірін мекен еткен тайпа
Синантроп — Қытайдан табылған алғашқы адам.
Тәңірлік — ислам дінінен бұрынғы, түркі тайпалардың құдайды Тәңірім
деген сенімі
Тиграхауда — шошақ бөрікті сақтар
Төленгіттер — сұлтандардың хандардың құлдары ретіндегі бөлек сословиесі
Уезд — әкімшілік-территориясының бір бөлігі.
Үйсін — Жетісу өңірінде мекен еткен тайпалық одақ, кейін Ұлы жүзге еніп
кетті
Хаомаварга — хаом сусынын дайындайтын сақтар.
Шаманизм — бақсылар, тылсым күш арқылы емдеушілер.
Энеолит — тастан және мысқа ауысу кезеңі
2. ПӘННІҢ ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SILLABUS
2.1. Оқытушы туралы мәлімет.
Нағымов Шахман Нағымұлы, 1945 жылы туған, п.ғ.к. Гурьев мемлекеттік
педагогикалық институтын 1971 жылы бітірген. Қазақ ССР халық ағарту ісінің
озық қызметкері (1985), ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері (2006).
7 кітап және оқу құралдарының авторы. Қазақстан тарихы кафедрасының
меңгерушісі. Кафедрада сағат 8.30-дан 18.00 дейін болады.
2.2. Пән туралы мәлімет.
Аты: Этнология
Кредиттер саны – 3
Өткізетін орны: №2 оқу корпусы, 217, 218 аудитория
Оқу жоспарынан көшірме
ЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ КӨШІРМЕСІ
КурсСеместр Кредит саны Дәріс Семинар ОСӨЖ СӨЖ
1 Лекцияны Лекция Лекция Семестр Сұрақ-жауапӘр ай
ауызша материалын материалдар бойы сайын
жауап берубекіту
2 Бақылау Лекция Леекция Ай сайын Сұрақтарға Әр ай
жұмысы материалдарын материалдары, жазбаша сайын
қабылдау оқулықтары жауап беру
деңгейін
тексеру
3 Реферат Қосымша Оқулықтар, Семестр -------- ------
материалдарды журналдар жәнебойы
оқу басқа
материалдар
1. Семинар сабақтарының жобалық тақырыптары.
1 Кіріспе. Этнос және этнология. Дүние жүзі халықтарының негізгі
классификациясы
1. Материалдық мәдениет океания және Австралия халықтары
2. Алдыңғы және Батыс Азия халықтары
3. Оңтүстік Азия халықтары
4. Оңтүстік Шығыс Азия халықтары
5. Шығыс Азия халықтары
6. Африка халықтары
7. Америка халықтары
8. Солтүстік, Орталық Батыс және Оңтүстік Европа халықтары
9. Оңтүстік, Батыс, Шығыс славяндар
10. Шығыс Европаның славян емес халықтары
11. Прибалтика халықтары
12. Кавказ халықтары
13. Орталық (орта) Азия халықтары
14. Қазақстан этнографиясы
15. Негізгі этнологиялық бағыттармен мектептері
16. Океания халықтары
17. Орта Азия халықтарының материалдық, рухани, мәдениеті және шаруашылығы
18. Африка халықтарының діндері
19. Америка және индустардың мәдениеті
20. Европа халықтарының рухани мәдениеті
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. М.,1983
2. Итс. Р.Ф.Введение в этнографию Л.,1991
3. Леви-Стросс К.Структурная антропология М.,1983
4. Марков Г.Е.История хозяйства и материальной культуры М.,1979
5. Марков Г.Е. Очерки истории немецкой науки о народах. М.,1993
6. Масанов Э.А. Этнографическое изучение казахского народа в СССР
А.,1966
7. Никишенков А.А. Из историианглийской этнографии. Критика
функционализма. М., 1986
8. Токарев С.А История зарубежной этнографии. М., 1983
9. Шалекенов У.К. Әлем халықтарының этнографиясы А., 1994
10. Токарев С.А История русской этнографии М., 1966
11. Этнические процессы в современном мире. М.,1982
12. ЭтнографияПод.Ред.Ю.В.Бромлея и Г.Е.Маркова. М., 1982
13. ЭтнографияПод.Ред.Ю.В.Бромлея и Г.Е.Маркова. М., 1994
14. Атлас народов мира. М., 1964
15. Брук С.А Население мира . М.,1981
16. Народы мира. Историко-этнографической справочник. М., 1988
17. Население мира. М., 1992
18. Этнология; Учебник для ВУЗ-ов М., Наука, 1994г.
19. Этнология под. Ред.Е.В.Мисковой, Н.Л.Мехедова, В.В.Пименова. М., изд.
Культура. 2005
20. А.П.Садохин. Этнология. М.,2001
1.8 Бағалау бойынша ақпаратта бағалау шкаласы, білімді бағалау
критерийлері, тапсырманы орындауда қойылатын талаптар беріледі.
Рейтинг-шкала
Бақылау формасы Балдар
Ағымдағы 20
Аралық 35
Үй тапсырмасы 10
Қорытынды 35
Барлығы 100
1.9 Курс саясаты мен процедурасы.
Студенттерге төмендегі талаптар қойылады: Сабақтарға кешікпеу, сабақтарды
жібермеу, дәлелсіз себептермен жіберсе қорытынды пайыздары кемітіледі.
Сабақтарда, өз бетімен жұмыстарда, мұғаліммен бірге жұмыс кезінде
студенттің белсенділігі құпталып, нәтижесінде ықпал етеді.
Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар.
Курстық тақырыптық жоспары
рс Тақырыптың атауы лекция семинар СОӨЖ СӨЖ
1. Этнос және этнология. 2 1 2 3
Этнологиялық ақыл-ойдың даму тарихы.
2. Этногенез, этникалық тарих, 2 1 3 3
этникалық процестер.
3. Әлем халықтарының негізгі 2 1 3 3
классификациялары.
Әлем халықтарының тілдік
классификациялары.
4. Шаруашылық мәдени классификациясы. 2 1 3 3
Әлем халықтарының діни
классификациясы.
Теселі егіншілік және малшылар.
Австралия және Мұхиттық аралдар.
Полинезия халықтары.
5. Азия халықтары. 2 1 3 3
Қазіргі этникалық құрамы.
Оңтүстік Азия халықтары
Қазіргі этникалық құрамы.
6. Оңтүстік-Шығыс Азия халықтары. 2 1 3 3
Шығыс және Орталық Азия халықтары.
Этногенез және этникалық тарихы.
7. Африка халықтары. 2 1 3 3
Халқы, антропологиялық құрамы.
Солтүстік Африка халықтары.
Шығыс Африка халықтары.
Этникалық құрамы
8. Батыс Африка халықтары. 2 1 3 3
Этникалық құрамы.
Шаруашылығы, мәдениеті.
Орталық Африка халықтары.
9. Койсан халықтары, пигмейлер. 2 1 3 3
Мадагаскар халқы.
Оңтүстік Африка халықтары.
10. Америка халықтарының этногенезі және2 1 3 3
этникалық құрамы.
Арктикалық аңшылар мен балық
аулаушылар.
Калифорния терімшілері мен аңшылары.
11. Солтүстік-батыс жағалаудың 2 1 3 3
үндістері.
Орталық және Оңтүстік Америкада
мемлекеттердің құрылуы.
Батыс Европа халықтары.
Евразия халықтары.
12. Қазақ халқының этникалық құрамы, 2 1 3 3
орналасуы, саны.
Төрелер, қожалар, төленгіттер және
басқа топтар.
13. Қазақ емес жұртшылық. 2 1 3 3
Этникалық құрамы.
Шаруашылығы. Мал шаруашылығы.
Егіншілік, балық аулау, аңшылық.
14. Қазақтың қолөнері мен зергерлік 2 1 3 3
өнері.
Киіз басу, текемет, мата тоқу, кілем
тоқу, кесте тігу.
Дәстүрлі тұрғын үй; киіз үй, күрке,
қос.
Ұлттық киімдер.
15. Қазақтың салт-дәстүрлері. 2 1 3 3
Халық білігі.
Қазақтың музыка өнері.
Ұлттық ойындары мен мерекелері.
Ұлттық тағамдары.
Діни наным-сенімдері.
Барлығы: 30 15 45 45
Этнология пәні бойынша
(лекциялар курсы)
1-Лекция: Этнос және этнология.
Этнос және этнология (грек сөзі халық және білім) - әлем халықтары
туралы ғылым. Этнология терминін 1784 жылы А. Шаванн енгізгенмен, тек ХІХ
ғасырдың 20-30 жылдары Эдварс және Амнердің арқасында жұртшылық арасына кең
тарады. Гуманитарлық ғылымдар арасында этнология археология және тарих
ғылымдарымен бірдей орын алады. Академиялық ғылым және университет пәні
ретінде этнологиялық жеке дара маңызға ие болғанына көп болған жоқ. Алайда
этнология өте ерте замандарда рулық-тайпалық қатынастардың пайда болу
кезеңімен бір уақытта туындады деп те айтуға болады. Адамдар әруақытта
өздерімен көршілестердің тек өздеріне ғана тән ерекшеліктерін білуге
қызығушылық танытқан. Тарихи өткен кезеңдерде әлемнің көптеген халықтарында
этнографиялық әдебиет пен ауызша әңгімелер көп болған. Сонымен қатар бұл
үрдістің дамуының ерекше кезеңі пәнің ғылыми негіздерінің қалыптасуы мен
университеттерде жүргізіле басталуымен байланысты болды. Бұл ХVІІІ ғасырдың
аяғы мен ХІХ ғасырдың басында болатын. ХІХ ғасырдың 30-40жылдары Европа мен
Американың бірқатар елдерінде этнологияның алғашқы қоғамдағы Этнологияның
Париждік қоғамы (1839), Американдық этнологиялық қоғам (1848) т.б.
қалыптасты. Осы кезеңде этнология өзінің пәндік саласына физикалық
антропологияны енгізді. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап этнологияны халықтар
туралы ғылым ретінде, антропологияны адам туралы ғылым ретінде бір-біріне
қарсы қою әрекеті байқалды. Бұл 1869 жылы Германияда Антропология және
этнология және бастаулар қоғамының, 1871 жылы Антропология және
этнологияның Итальяндық қоғамының құрылуынан көрініс тапты. Антропология
мен этнологияның арасалмағы туралы мәселе алғаш рет құрамында антропология,
этнология және тарихқа дейінгі археология секциялары жұмыс істеген 1875
жылғы Парижде өткен халықаралық географиялық конгресте талқыланды.
Кейінірек бұл мәселе 1934 жылы өткен халықаралық және антропологиялық
ғылымдардың Одағының құрылуымен түпкілікті бекітілді. Сонымен қатар ХІХ
ғасырдың екінші жартысынан бастап этнологияны әлеуметтік антропологияның
құрамдас бөлігі ретінде қарастыру дәстүрі де қалыптасты. Қазіргі кезде
шетелдік ғылымда этнологияның орнына Әлеуметтік антропология деп те
пайдаланып жүр. Шетелдік ғалым Дюркгеймнің пікірінше этнология жазбаша пән
ретінде қарастырылып, оның материалдарын социология пәні қорытып отырады.
Батыста қалыптасқан бұл пікірге қарама-қарсы көзқарастың иелері этнология
ғылымын халықтар туралы ғылым ретінде қарастыра отырып, этнографияны сол
ғылымға қажетті мәліметтердің жиынтығы деп санайды. Ақыр соңында Леви-
Стростың еңбектерінде этнография, этнология және антропология адамзат
мәдениетін танып білудің кезекті үш кезеңі ретінде қарастырылады:
этнография далалық зерттеулермен айналысады, этнология географиялық, тарихи
және жүйелік бағыттарды зерттейді, антропология жалпы адамды танып-білуге
тырысады. Сөйтіп, Леви-Стростың пікірінше этнография, этнология және
антропология үш түрлі пән, зерттеу немесе ғылым болып табылмайды. Бұл шын
мәнісінде бір зерттеудің үш кезеңі, үш уақыттың межесі.
Этнография ұғымы Ресейде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап кең тарай
бастады. Халықтар мен тайпалар туралы ғылым ретінде ХІХ ғасырда пайда
болып, этнография 1920-1930 жылдары этнологияға айналды. Кейін бұл ғылыммен
айналысатындарды Космополитизммен айыптап, саяси қуғын-сүргінге ұшыратты.
Ғылымда 90-жылдары этнология ғылымына деген салқындық байқалды. Нәтижесінде
этнологиядан этнография термині ығыстырылып шығарылды. 1945 жылы Қазақ
ССР Ғылым Академиясының археология және этнография ғылыми зерттеу
институтының ашылуынан бастап Қазақстандық ғалымдар этнографияғылымында аса
зор табыстарға жетті. Қазіргі кезде этнология ғылымының кезек күттірмес
мәселелерін анықтау процесі жүріп жатыр.
2-лекция: Этнологиялық ақыл-ойдың даму тарихы.
Эволюционизм деп (латынша жылдам даму) ХІХ ғасырда барлық жерге тараған
этнографияның даму туралы мектеп аталды. Бұл мектептің әдістемелік
принциптері бойынша даму өте ерте кезеңнен ең соңғы кезеңге дейін әрбір
мәдениетте нәрестелік жағдайдан басталады да белгілі бір кезеңдерден өтеді.
Эволюционизмнің қалыптасуы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында басталды.
Әсіресе Л. Окен ұсынған даму туралы ой үлкен маңызға ие болды. Оның
ғылымдағы ізбасары тұқым қуалаушылық туралы идеяның авторы Ж. Ламарк еді.
Соңында сұрыптау принципін ұсынған Ч. Дарвин эволюциялық ілімді ілгері
дамытты. Эволюционизмнің негізгі бағыттарына мыналар жатады: а) Мәдени
тарихи бағыт (Л. Морган, К. Кавелин, М. Ковалевский, Э. Тэннор т.б.) б)
Биологиялық бағыт (Бастиан, Ахелис) Бұл бағыттың ғалымдары қоғамның даму
принциптерін табиғи ғылымдарға көшіру мәселесін көтерді. в) Әлеуметтік
бағыт (Конт, Дюркгейм, Бахофен, Штарке). Бұл бағыт жанұямен неке
қатынастарын, еңбектің қоғамдық бөлінісін, жеке меншіктің пайда болуын
зерттейді. г) географиялық бағыт (Пешель, Андре, Надеждин). Бұл бағыттың
өкілдері басты назарын халықтардың даму процесін тек географиялық
факторлармен байланыстырды. Француздық әлеуметтік мектеп бағыты Э.
Дюркгейм және оның шәкірттерінің есімдерімен байланысты. Әлеуметтану
термині ертеде пайда болғанмен, оның кең көлемде қолданысқа болып,
ізгілікті білім саласының ерекше ғылымының атауына кейінірек айналды.
Дюркгеймнің пікірінше қоғамды танып білудің әдісін әлеуметтану ғылымы
анықтайды. Эволюционистерге қарама-қарсы Дюркгейм адамзат қоғамдарын
адамдардың қоршаған ортаға бейімделуінің нәтижесі деп қарастырған жоқ,
оларды жабық жүйелер деп санады. Қоғамның тепе-теңдігі оның құрамдас
бөліктерінің қызметті кірігуімен және оның мүшелерінің әлеуметтік
ынтымақтастығымен қамамасыз етіледі. Дюркгейм пікірінің екінші маңызды
категориясына әлеуметтік факторлардан басқа ұйымдық көзқарастар жатады.
Дюркгеймді жақтайтындардың арасында аса көрнекті әлеуметтанушылар және
этнографтар М. Мосс, М. Гране, Л. Леви-Брюль т.б. болды. Мосстың (1872-
1950) ғылыми мұрасы ерекше зор және кейбір тұрғыда оның еңбектері Дюркгейм
еңбектерінен де кең танымал болды. Мосс тақырыптарының арасында табиғат
және құрбандық шалу, сиқыршылықтың жалпы теориясы, әлеуметтік ғылымның
құрылымы мен әдіснамасы, өркениет және мәдениет, генезис және мен
ұғымының эволюциясы және басқа мәселелер болды. Марель Мосстың ең белгілі
еңбектерінің бірі 1925 жылғы Сыйлық туралы очеркі. Мосстың Франциядағы
әлеуметтік ғылымдардың, ең әуелі этнологияның, әлеуметтік антропологияның
және социологияның дамуына тигізген ықпалы ұшан теңіз. Структурализм
ілімінің негізін салушы Леви-Стростың пікірінше Мосс этнология ғылымының
Ньютоны болды. М. Гране (1884-1940) Дюркгеймнің оқушысы және Мосстың
жақын досы ежелгі дүние тарихы мен Қытай мәдениеті туралы жұмыстарымен
белгілі болды.Француздық әлеуметтік мектебі өз жұмысын екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін тоқтатақанмен, қазіргі әлеуметтік антропологияның, француз
струкрурализмнің, экономикалық этнографияның дамуына үлкен ықпалын
тигізді.Структурализм – (латын – тұрғызу) – екінші дүниежүзілік соғыстан
кейін Францияда және Англияда, АҚШта кең тараған мектеп. Структурализмнің
өкілдері әр түрлі әлеуметтік институттардың арасында қалыптасқан байланыс
бар деп санайды. Структурализм алғаш 1920 жылдары Ұлыбританияда пайда
болып, оның негізін салушы Редкинард – Браун жаңа мектептің әдістемелік
бағдарламасын жасауға кірісті. Американдық тарихи мектеп – Ф. Баос есімімен
байланысты дамыды. Ол АҚШта 1890 жылдан 1930 жылға дейін дамып, европалық
және россиялық ғылымның дамуына терең әсер етті. Баос әрбір халықтың
тілінің, мәдениетінің дамуын, оның әлеуметтіка құрылысын зерттеуге ерекше
мән берді. Баостың ғылыми беделі ерекше зор болды, оның Унескер, Радлик,
Уент сынды талантты шәкірттері болды. Баостың пікірінше әр халықтың
мәдениеті өз алдына қайталанбас тарихи құбылыс, оны бір-бірімен біріктіріп
қарастыруға болмайды. Бұл айтылғандардан басқа этнологияда функционализм
және этнопсихология және т.б. мектептер болды.
3-Лекция: Этногенез, этникалық тарих және этникалық процестер.
Этногенез процесін этностардың пайда болуы мен даму процесін зерттеу
этнология ғылымының ең қиын бөлімдерінің бірі. Этногенезді зерттеудің
бастапқы пункті этностар мен этникалық топтарға байланысты, генезис
терминінің қолданылуы туралы түсіну болып табылады. Этнология ғылымында
этногенез процесін қазіргі адамдардың бұдан 40 мың жыл қалыптасу кезеңімен
байланыстырады. Бірақ этногенез туралы анық мәліметтерді неолит дәуірінен,
яғни тайпалық қатынастардың түпкілікті орнығу кезеңінен бастап алуға
болады. Адам баласы ең басында нәсілдік, этникалық, әлеуметтік және басқа
да мәселелер бойынша бір тектес болып қалыптаса бастаған деп жорамалдайды.
Адамдар саны көбейген сайын олардың жаңа жерлерге қоныстануы (басында
тропиктер мен субтропиктерге, кейін тұруға онша қолайлы емес жерлерге) да
арта түсті. Бұл бірте-бірте адамдардың антропологиялық және басқа жағынан
өзгерістерге ұшырауына әкеліп соқты. Тілге байланысты да осындай жағдай
қалыптасты. Өздері адам болып қалыптасқан орталықтан алыстаған сайын,
олардың тілі алғашқы тілдік нұсқадан айырмашылығы арта түсті. Бұған дәлел
ретінде кейбір елдерде өте ежелгі заманда өмір сүрген тайпалар қолданған
тілдердің сақталуын келтіруге болады. Н. Михлуко-Маклай Жаңа Гвинея
папуастарының әрбір деревнясында тұратын тайпалардың өздерінің тілдерінің
болғанын мысалға келтірді. Шамамен 40-30 мың жыл бұрын, соңғы вюрм мұздану
кезеңінде Homo sapiens-тің (саналы адам) қалыптасу кезеңі басталды.
Антропогенездің соңғы кезеңіндегі бұл гоминидтарды көбінесе неантроптар –
жаңа адамдар деп атайды. Бұлар адамдарға тән барлық икем-дағдылар мен
қасиеттерге ие болғанды. Бұлардың жақсы жетілген дене тұрқымен қатар, үлкен
мөлшердегі милары болды. Неандерталдықтар мен неантроптардың негізгі
кәсібі аңшылық және терімшілік болды. Негізгі әдістері аса ірі жануарларды
мамонттарды, пілдерді, мүйізтұмсықтарды, зубрларды, солтүстік бұғылар мен
тұрларды, жылқыларды, аюларды ұжымдық шарбаққа қуып, кіргізіп аулау еді.
Ерте тас ғасыры адамдары балықты, молюсканы аулауды үйренген.
Неантроптардың тұрғын үйлерінің рөлін үңгірлер немесе мамонттар мен
аюлардың терісін жапқан әр түрлі формадағы күркелер атқарды. Бұл кезеңде
рулық, тайпалық бірлестіктерде әйелдің рөлі басым болғандықтан, матриархат
кезеңі деген атауға ие болды. Қорымдардан қазып алынған аңдардың үй
жануарларының сүйектері, еңбек құралдары ежелгі адамдардың арасында о
дүниедегі өмірге сенімнің болғандығын растайды. Аңшылар арасында магияның
орын алғандығы жөнінде Испания, Франция және басқа Европа елдерінде,
Қазақстандағы атағы Таңбалы таста табылған суреттер дәлелдейді. Қазіргі
адамдардың арғы ата-бабалары палеонтроптар болатын. Барлық этнографтар ды
алғашқы адам баласы қай жерде пайда болған деген сұрақ мазалайды. Совет
ғылымында Я.Я. Рогинбекскийдің моноцентризм тұжырымдамасы кең жағдайда
пайдаланылды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес алғашқы саналы адамдардың
қалыптасқан аудандарының қатарына Оңтүстік-батыс Азия, Солтүстік-Шығыс
Африка, Оңтүстік Европа, Кавказ және т.б. аудандар жатты. Дегенмен ұлы
этнографтардың арасында бұл тұжырымдамаға келіспейтіндер де болды. Мысалы,
Ертіс жағалауында туып өскен Г. Потанин былай дейді: Біз тұратын осы жер
адамның нағыз отаны. Бұл жерде алғаш күнге табыну пайда болды. Бұл жердің
өзендері адамдар үшін туған анасындай көрінді. Адам Ата мен Хауана ананың
жұмағы Ертістің жоғарғы ағысында болғандығы мен үшін ешқандай күмән
келтірмейді. Европа – Азия өңірінде қалыптасқан қазіргі адамдардың ата-
бабалары бірте-бірте шығысқа қарай жылжи отырып, соңғы палеолитте
Индонезияны, Филиппиндерді, жаңа Гвинеяны, Жапония мен Сахалинді
қоныстанды. Бұдан 30 мың жылдай уақыт бұрын Беринг бұғазы палеонтологиялық
аңшылар мамонттардың ізімен Америкаға өтті. 10 мың жылдай уақыт бұрын бүкіл
Американы көктей өтіп, адамдар Отты Жерге жетті. Шамамен осы уақытта
қазіргі типтес адамдар Австралияны қоныстанды. 11 мың жылдай уақыт бұрын
сол кездегі табиғи көпір арқылы неонтроптар Тасманиға өтті. Сөйтіп, соңғы
палеолитте адамдар барлық дүние бөліктерінде өмір сүрді. Этностардың ең
ежелгі типін алғашқы қауымдық құрылыстың рулары анықтады. Алғашқы қауымдық
құрылыстың ыдырау кезінде жекеленген рулар өздерінің шаруашылық ыңғайына
қарай одақтарға біріге бастады. Мысал ретінде ондай одақтарға Солтүстік
Америкалағы геропездер лигасын, Мексикадағы ацтектер одағын, Оңтүстік
Африкадағы зұлұстар руларының одағын келтіруге болады. Алғаш рет құл
иеленушілік қоғам кезеңінде ежелгі египеттік, ежелгі эллиндік ұлттар
қалыптаса бастады. Европада халықтардың қалыптасу процесі феодализм
кезеңінде ежелгі орыс, поляк, неміс халықтарының құрылуымен аяқталды. Олар
әдетте, тайпалардың тегін, тілдерінің ұқсастығына қарай қалыптасты.
Мәселен, поляк ұлты славяндардың поморян, вислян, мазовжан тайпаларынан,
неміс ұлты – гермнадардың сакстер, алемандар және т.б. тайпаларынан
қалыптасты. Халықтардың қалыптасу процесінде, олардың арасында ірі бір
тайпасының тілі қалғандары үшін де ортақ тілге айналып, диалектілер бірте-
бірте азая келіп, кейін олар мүлде жойылып кетті. Бірте-бірте
территориялық, мәдени және шаруашылық бірлестіктер қалыптасты. Негізінде
нәсілдер – халықтардың этникалық дамуының нәтижесі болып табылады. Алайда
шекаралармен бөлінген кейбір халықөтар бірнеше ұлттық бірлестіктерге
айналуы да мүмкін (мысалы, португалдар, галлиліктер, немістер және
австриялықтар). Ежелгі орыс ұлтынан кейін ағайынды орыс, украин, беларусь
халықтары өз алдына бөлініп шықты. Тілдің бірлігі – этностардың
қалыптасуының басты шарттарының бірі. Әдетте, халық пен тілдің атауы бірдей
болып келеді. Алайда этникалық бірлестік және тілдік бірлестік ұғымдары
әсте бірдей емес. Әдетте, әрбір халық бір тілде сойлейді. Бірақ бір
халықтың тұрғындарының арасында кездесетін диалектілердің көптігінен олар
бір-бірін түсінбейтін де жағдай болады. Мысалы, қытайлықтар және тәжіктер.
4-лекция: Әлем халықтарының негізгі классификациясы.
Дүние жүзі халықтарын этнографиялық зерттеп білу және сипаттау оларды
ғылыми тұрғыдан жүйелеп алу негізінде жасалды. Классификациялау арқылы бір
географиялық регионда мекендейтін, шаруашылық және әлеуметтік дамуы жағынан
бір деңгейдегі, мәдени белгілері ортақ халықтар мен халықтар тобы
айқындалады. Классификация негізіне алынған бұл белгілердің әрқайсысы
белгілі бір этникалық құбылыстарды зерттеу кезінде маңызды. Мәселен,
туыстықты шығу тегі мен мәдениеті жағынан айқындау туыстас халықтарды
классификациялауға мүмкіндік береді, мұның өзі этникалық-генетикалық
зерттеулерге негіз жасайды. Алайда халықтың толық сипаттамасын, оның дүние
жүзінің басқа халықтарының арасындағы орнын тек анағұрлым мәнді және іргелі
классификациялық белгілердің жиынтығы ғана бере алады. Бұлардың санатына
географиялық, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени құрамдарды
қосуға болады. Классификациялаудың басқа да, мәселен, діни белгілерге қарай
бөлетін жанама принциптері де бар. Сөйтіп, дүние жүзі халықтарын жүйелеу
этностарды және оларға тән белгілерді сипаттайтын табиғи-ғылыми және
әлеуметтік құбылыстарды классификациялау жиынтығын негізге алады.
Халықтарды классификациялаудың аталған түрлерінің әрбірінің маңызын
қарастырайық.
Географиялық классификация адамзатты олардың мекендеу жерлеріне сәйкес
жекелеген таптар мен халықтарға бөлінуін қарайды. Алайда мұның өзінде бұл
классификация олардың шығу тегін, шаруашылық және әлеуметтік қарым-
қатынастарының даму деңгейін, мәдени реңктерін ескермейді. Осы себепті де
географиялық классификация халықтарды зерттеуден гөрі, оларды сипаттауда
көбірек пайдаланылады. Сонымен бірге көршілес қоныстанған халықтардың көп
жағдайда шығу тегі ортақ және мәдениеті ұқсас болып келеді. Дүние жүзі
халықтары таралған географиялық региондар ғылыми әдебиетте түрліше
анықталып жүр. Мәселен, совет ғылымында Орта Азияны дербес аймаққа бөлу
қабылданған, ал буржуазиялық әдебиетте оны көбіне Орталық Азияға енгізеді.
Байырғы жылдардың көптеген басылымдарында Орталық Азия, дұрысында, оны
дербес регионға бөлуге бола тұрса да, Шығыс Азияның құрамына қосылып келді.
Африканың географиялық региондары да түрліше классификациялануда.
Буржуазиялық ғылымда халықтарды европалықтар және европалықтар емес деп
бөлу бар. Совет ғалымдары классификациялаудың бұл тәсілін қостамайды. Сайып
келгенде, тек совет этнографиясында түсінікті себептерге байланысты
Шетелдік Европа және Шетелдік Азия деген дербес географиялық региондар
бөлініп беріледі.Дүние жүзі халықтарын классификациялаудың совет
этнографиясында қабылданған жалпы түрі мынадай:
ТМД халықтары КСРО-ның европалық бөлігі Сібір мен Қиыр Шығыс, Кавказ,
Орта Азия халықтары болып бөлінеді. Шетел Азиясының халықтары. Бұл –
мейілінше жалпылама ұғым және шығу тегі, тарихи тағдырлары мен мәдениеті
жағынан тіпті әр түрлі саны жағынан екі миллиард адамнан асатын халықтарды
қамтиды. Сондықтан оны дербес региондар түрінде Батыс, Оңтүстік, Оңтүстік
Шығыс, Шығыс және Орталық Азия аймақтарына бөлуге болады. Африка халықтары.
Африканы шартты түрде Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік Африкаға бөлуге
болады: Әдебиетте көбінесе Солтүстік және тропиктік Африкаларға бөлумен
шектелінеді. Австралия мен Мұхиттық аралдардың халықтары. Бұл территория
мынадай аймақтарға бөлінеді: Австралия және Тасмания, Полинезия,
Микронезия, Меланезия. Америка халықтары. Америка үш ірі аймаққа:
Солтүстік, Орталық және Оңтүстік аймақтарға бөлінеді.
Антропологиялық классификация. Антропология адамдар арасындағы әр түрлі
табиғи географиялық ортадағы олардың даму барысында қалыптасқан адамдар
арасындағы айырмашылықтарын зерттейді. Бірінен-бірі недәуір алшақ жерлерде,
әр түрлі табиғи жағдайларда тұратын адамдар топтары арасындағы дене
айырмашылықтары ғылымда нәсілдік айырмашылықтар деп аталады. Нәсілдер –
тұқым қуалаушылық морфологиялық және физиологиялық мұра белгілері ортақ,
белгілі шекте түрленіп отыратын тегі бір адамдардың тарихи қалыптасқан
топтары болып табылады. Нәсілдер үздіксіз араласып отырады, осы себепті де
олар тұқым қуалаушылықтан гөрі, тарихи қалыптасқан сипатқа ие болады.
Антропология нәсілдерді жеке адамдардың емес, адамдардың территориялық
топтарының жиынтығына санайды. Осы заманғы дамдарды сипаттайтын барлық
негізгі морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері
жағынан барлық нәсілдер арасындағы ұқсастықтар әлдеқайда күшті де,
айырмашылықтары онша мәнді емес. Қазіргі заманғы нәсілдер кейінгі палеолит
тұсында қалыптаса бастаған деп пайымдауға болады, содан бері олар араласу
мен басқа себептерге байланысты үздіксіз өзгеруде. Нәсілдік белгілердің
адамдардың тарихи дамуы үшін, адамзаттың әр түрлі топтарының, олардың
мәдениетінің даму дәрежесі үшін ешқандай маңызы болған емес және болмайды
да. Дегенмен, антропология деректері халықтардың шығу тегі, олардың
этногенезі туралы маңызды мәліметтер беретіндіктен этнографиялық зерттеулер
жүргізген кезде елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар нәсілдер мен нәсілдік
белгілерді зерттеу реакцияшыл буржуазия ғалымдарының ғылымға жат, нәсілдік
концепцияларына қарсы күрес жүргізуге мүмкіндік береді. Нәсілдерді айыруға
болатын белгілер әр түрлі болып келеді. Олардың кейбірі суреттемелі,
басқалары өте-мөте арнаулы болады. Елеулі нәсілдік белгілердің қатарына
шаштың формасы және үшінші шаш жамылғысының (сақал, мұрт) даму дәрежесі
жатады. Европаны мекендейтін халықтардың басым бөлігінің шаштары әдетте
жұмсақ, тік немесе толқынды болып келеді. Монголоидтардың, Шығыс және
Оңтүстік Шығыс Азияны және дүние жүзінің басқа да бірқатар аймақтарын
мекендеуші халықтардың шаштары тығыз және тік болып отырады.
Африкандықтардың шаштары қатты және бұйра болады. Европаны, Алдыңғы Азияны,
Закавказьені мекендейтін халықтарда, Австралияның байырғы халықтарында
үшінші шаш жамылғысы күшті дамыған. Африкандықтардың көптеген топтарының,
Азияның кейбір бөлігі халықтарында ол әлсіз байқалады. Нәсілдік диагностика
жасауда тері мен шаштың түсі (пигментациясы) бірталай мән атқарады.
Мәселен, Солтүстік Европа тұрғындарының кей топтарының пигментациясы әлсіз
болады. Терісі мен шаштарының қара болып келуі африкандықтардың басым
бөлігіне тән. Оңтүстік Европаны мекендеуші халықтардың Азияның байырғы
халықтарының недәуір бөлігінің шаштары қара, бірақ пигментациясы анағұрлым
ашық түсті болып келеді.Нәсілдік белгі ретінде адамның бойына, салмағы мен
дене пропорциясына бір сыпыра аз мән беріледі. Бойлары мен дене пропорциясы
жағынан негізінен алғанда Оңтүстік Америкадағы Кейбір аласа бойлы
(пигмейлік) топтар мен Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азияның негритостары
ажыратылады.
Нәсілдік типтерді ажырату үшін бас пен бет-әлпеті зерттеудің де маңызы
аз емес. Алайда бас көрсеткіші деп аталатын белгілер, яғни бас сүйегінің
ұзындығы мен енінің арақатынасы (ұзын-орта-қысқа басты болу) әрбір нәсілдің
өз ішінде-ақ күшті түрленіп отырады да, өз тарапынан нәсілдік көрсеткіш
бола алмайды. Кейбір белгілердің мысалы, мұрын формасының да
классификациялық маңызы бар. Антропологиялық зерттеулер үшін көптеген
арнаулы белгілер: гендер, қан группалары, саусақ терісінің өрнектері
(папиллярлық өрнектер), тіс формалары туралы деректер және т.б. пайдаланып
отырады. Антропология әдетте шығу тегі жағынан өзара
ортақ үлкен төрт нәсілді ажыратады. Олар: европеод, монголоид, негроид және
австралоид нәсілдері. Алайда нәсілдік типтердің таралу территориясы
бірімен бірі тоғысып жатады, осының салдарынан ауыспалы, контакылы нәсілдер
пайда болады. Оның үстіне, ежелгі, сондай-ақ аралас нәсілдер де кездеседі.
Европеоидтар бүгінгі кезде барлық континенттерді мекендейді және көптеген
екінші қатардағы нәсілдерге (немесе кіші нәсілдерге) бөлінеді.
Европеоидтар арасында ашық пигментті (ақсарылар), қоңыр пигментті (қара
торылар) және аралас топтар (қара қоңырлар, қоңыр-ақсарылар) көзге түседі.
Европеоидтар кейбір аймақтарда, негізінен алғанда КСРО-да шетелдік Азия мен
Америкада монголоидтармен аралас топтар құрайды. Монголоидтардың негізіг
қоныстанған аймақтары – Сібір мен Шетелдік Азия. Кей-кейде монголоидтарға
антропологиялық жағынан өзіндік ерекшелігі бар американдық үндістерді де
қосады. Монголидтық нәсіл континеттік тынық мұхиттық, арктикалық, немесе
эскимостық тармақтарға бөлінеді. Монголоидтар да аралас және ауыспалы
типтерді құрайды. Контактылы топтарға оңтүстік азиялық, полинезиялық және
басқа нәсілдік типтер жатады.Негроид нәсілінің таралу аймақтары Африкада.
Негроидтар Африкадан шыққан адамдар ұрпағы Жаңа дүниеде (Америкада) кең
таралған. Негроид нәсіліне негрлер, негрилдер, бушмендер мен готтентоттар
жатқызылады.Австралоид нәсіліне Австарлияның байырғы халқы папуастар мен
меланезиялықтар, негртостар мен Оңтүстік Шығыс Азия және Шри Ланка
аралдарының ішкі бөліктерін мекендейтін бойлары аласа веддоидтер жатады.
Негроид, австралоид және европеоид нәсілдері арасында көптеген ауыспалы
топтар бар. Олардың қатарына Оңтүстік Азияның дравидтерін, эфиоптарды,
Америкадағы, Африкадағы және жер шарының басқа да аймақтарындағы аралас
топтарды қосуға болады. Контактылы курильдық (айндық) нәсілді өз бойларында
монголоидтар мен австралоидтар белгілері ұштасып жататын айндар құрайды.
5-лекция: Әлем халықтарының тілдік классификациясы.
Тіл тарихы туралы деректер көп жағдайда этникалық генетикалық
зерттеулер кезінде шешуші маңызға ие болады, тілдік туыстықты айқындау
әдетте халықтар арсындағы генетикалық туыстықты анықтау болып табылады.
Сонымен бірге өздерінің тегі ортақ және түп-тамыры бір тілдерді
пайдаланатын этникалық қауымдасулардың шаруашылығы мен мәдениеті жағынан
күшті айырмашылықтарының болуы тарихи себептермен түсіндіріледі. Бұл жағдай
тіл туралы деректер мен тілдік классификацияның этнографиялық зерттеулер
кезінде маңызын бірсыпыра шектейді, сондықтан олар этнографияда басқа
деректермен қатар пайданылып отырады.Тіл тарихын салыстырмалы-тарихи
тілтану ғылымы шығу тегі туыстас тілдерді, ортақ тілдік-негіздің
диалектілерінен өрістейтін бір тілдік семьяға енетін тілдерді салыстыру
жолымен айқындайды. Тілдік-негіз дегеніміз ежелгі тайпалардың немесе
халықтардың диалектілерінің нақтылы бірлігі, туыстас тілдер тобының (тілдік
семьяның) қайсысы болсын сайып келгенде генетикалық жағынан соған барып
тоғысады. Екі немесе одан да көп тілдер бір тілдің эволюциялық салдары
болып табылса, онда олар туыс тілдер аталады. Туыстас тілдердің жиынтығы
тілдік семья ұғымымен белгіленеді. Мәселен, орыс, тәжік және ағылшын
тілдері өзара туыстас тілдер болып саналады, өйткені олар ортақ
индоевропалық тілдік-негізге барып тоғысады. Егер тіл тұтас этникалық
территорияда дамитын болса, уақыт озған сайын оның әр түрлі аймақтарында
диалектілер деп аталатын кейбір тілдік ерекшеліктер пайда болады.
Тіл қоғамдық құбылыс болып табылады және қоғамда ғана өмір сүреді:
қоғамнң тілсіз өмір сүруі мүмкін емес. Тіл адамзатпен бірге пайда болып,
антропогенез және кейінгі тарихи дәуірлер барысында қалыптасады. Тіл тарихи
құбылыс ретінде үздіксіз дамып, оның негізгі элементтері: грамматикасы,
лексикасы, фонетикасы өзгеріске ұшырап отырады. Көп жағдайда спонтандық
өзгерістер байқалады, бұл ұрпақтың мұрагерлігі және кірме сөз енбей-ақ ішкі
қорлануы тілдегі жаңа сөздердің нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ өзге
тілдерден кірме сөздердің енуіне байланысты өзгерістер де байқалады. Ақыр
соңында, халықтың тілді алмастыруы болып өтеді. Лингвистердің есептеуінше,
ерте қалыптасқан цивилизациялы аймақтарда тіл бері қойғанда бір рет, ал көп
жағдайда одан да жиі алмасып отырған. Мұның өзінде бұрынғы тіл субстрат
ретінде жаңа тілдің дамуына ықпал жасайды. Осы құбылыстардың бәрі бастапқы
тіл-негіздің тармақталуына, тідік семьялардың, олардың тармақтарының және
одан да ұсақ тілдік топтардың қалыптасуына әкеледі. Қаралған процестер
басқалардан гөрі көбірек зерттелген үндіевропалық тілдік семьядан анағұрлым
айқынырақ көрінеді. Бұл тіл семьясына қазіргі күндері славян, герман,
роман, балтық, үнді, иран, кельт, армян, грек, албан тілдері қосылады.
Көптеген үндіевропалық тілдер (ежелгі грек, латын, санскрит, авеста, Хетт
патшалығының үндіевропалық тілдері хорезм, согда, скиф және т.б.) көп бұрын
қолданылудан қалып, өлі тілдер деп аталып жүр.Үндіевропалық тілдерге
үндіевропалық тіл-негізге барып тоғысатын және оны үздіксіз мұрагерлікпен
жалғастырып келе жатқан тілдер жатады. Үндіевропалық тілдік семья, басқа да
семьялар тәрізді, таза тарихи құбылыс және оған кіретін барлық тілдерге
ортақ грамматикалық, лексикалық немесе фонетикалық сипаттама беруді
көздемейді. Сондықтан да қазіргі кезде белгілі бір тілді үндіевропалық тіл
ретінде айқындауға мүмкіндік беретіндей бірде-бір белгі жоқ. Үндіевропалық
семьялардың констанциясы бір кездерде бұл тілдер үндіевропалық тіл-негізгі
енген сәттің болғандығын, сөйтіп, олар өзара генетикалық туыстас екендігі
жайлы фактіні анықтайды. Олар тек шығу тегі жағынан ғана
қауымдас.Үндіевропалық тілдер семьясының қалыптасу мезгілі дәл айқын емес,
алайда бұл қола дәуіріне дейін болған, ал одан кейін тілдік тармақтар
қалыптаса бастайды. Қазіргі заманғы тілдер одан да кейінірек бөлінген.
Мәселен, славян тілдеріндегі жағдай осылай, оладың тіл-негізінен бір
кездерде шығыс славян, оңтүстік славян және батыс славян тілдері бөлініп
шыққан. Өз кезегімен бұдан біршама кейінірек шығыс славян тармағынан орыс,
украин және белорусь тілдері; оңтүстік славян тармағынан болгар, серб-
хорват, словен, македон тілдері; батыс славян тармағынан поляк, чех,
словак, жоғарғы және төменгі луж тілдері бөлінген. Аталған тілдердің
әрқайсысынан жергілікті диалектілер мен говорлар айырылады.Осы заманғы
тілдік семьялар қайдағы бір өте ежелгі тіл-негізге барып тоғысады да, осы
себепті олардың арасында генетикалық туыстық көрінеді деген ғылыми болжам
бар. Мәселен, үндіевропалық тілдердің өзге семьялармен, көбіне семит-хамит
семьясымен өте ежелгі байланыстары жөнінде осыедай жорамал айтылды. Алайда
қазіргі кезде лингвистикаға белгілі деректер әлі де болса мұндай
генетикалық байланыстардың бар екендігін жеткіліклі айқындауға мүмкіндік
бермейді.Үндіевропалық семьядан өзге мынадай ірі тілдік семьялар бар: Семит-
хамит семьясы, оның семит, кушит, бербер және чад тармақтары бар. Орал
семьясы, оның фин-угор және самодий тармақтары бар. Алтай семьясы, оның
түрік, монғол, тунгус-маньчжур тармақтары бар. Кавказ семьясы, оның
картвель, авхз-адыгей, нахс-дағыстан тармақтары бар. Конго-кордофан (нигер-
кордофан), ніл-сахара және қойсан семялары. Австронезия семьясы, оған
вьет, мяо-яо, монкхмер, мунда т.б. тілдік топтар енеді. Австронезия немесе
малайя-полинезия семьясы. Қытай-тибет семьясы. Тай семьясы. Үнді
семьясы. Давид семьясы. Папуас семьясы.
6- лекция: Шаруашылық-мәдени классификация.
Шаруашылық-мәдени классификация. Дүние жүзі халықтарын
классификациялаудың аталып өткен түрлерінің ішінде тек шаруашылық-мәдени
классификация ғана меншікті этнографиялық классификацияға жатады және
шаруашылық пен мәдениетті этнографиялық әдістерін зерттеп білуді негізге
алады. Этнология пәнін классификациялаудың қарастырылап отырған
түрініңелеулі маңызы бар және этникалық тарихты, шаруашылық пен материалдық
мәдениеттің пайда болу және даму тарихын, халықтар арасындағы тарихи және
мәдени байланыстарды зерттеу үшін, ең ақырында адамзат мәдениетінің
глобальдық үздіксіздігі мен ортақтастығын айқындап ашу үшін қажет.
Этнологиялық деректер әлеуметтік-экономикалық дамудың біыңғай деңгейінде
және біркелкі табиғи-географиялық орта жағдайында, тіпті тарихи өзара
байланысы жоқ және әр түрлі этникалық және тілдік әр түрлі топтарға жататын
халықтардың шаруашылық пен материалдық мәдениетінде ұқсас құбылыстар пайда
болатынын көрсетеді. Бұл белгілер жағынан ұқсас халықтар шаруашылық-мәдени
типтер (ХКТ) бойынша классификацияланады. Этнологияда шаруашылық-мәдени
типке әлеуметтік-экономикалық даму жағынан біріне-бірі жақын және ортаның
ұқсас жағдайларында мекендейтін әр түрлі халықтарда тарихи қалыптасатын
шаруашылық пен мәдениет ерекшеліктерінің комплексі ұғынылады. Шаруашылық-
мәдени типтер бүкіл адамзат тарихы бойында адамдардың қоршаған ортаға
бейімделуі барысында қалыптасады. Мұның өзінде олардың біреулері өте
байырғы типтер болса, екіншілері кейінірек пайда болған. Осы заманғы
түрдегі адамдар пайда болғанға дейін өмір сүрген шаруашылық-мәдени типтер
жөнінде ештеңе де белгісіз дерлік және бұған қатысты жорамалдар жұмыстық
ғылыми болжамдардан әрі бармайды. Жаңа заманға дейін
болған шаруашылық-мәдени типтер кейінгі палеолитте қалыптаса бастаған.
Капитализмнің, ал онан соң социализмнің дүние жүзілік системасының
қалыптасу дәрежесіне орай дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтерде өзгерістер
болып өтті. Сондықтан шаруашылық-мәдени классификация тарихы шектеулі
маңызға ие және дамыған индустриалды қоғамдардың шеткі аймақтарынан басқасы
осы заманғы жағдайларға аз үйлеседі. Уақыт тезіне қарай жекелеген
шаруашылық-мәдени типтердің, мәселен, цивилизацияның пайда болу
дәуіріндегі, орта ғасырлардағы және біздің кезіміздегі плугты егіншілік
типтердің мазмұны мен саңызы елеулі түрде өзгеріске ұшырайды. Шаруашылық
сипаты мен даму дәрежесі шаруашылық-мәдени типтердің негізгі, анықтауыш
элементтері болып табылады. Мәдениеттің даму дәрежесі классификациялаудың
бұл түрінде жанама маңызға ие, өйткені адамзат мәдениеттері мейілінше алуан
түрлі және таза жүйе құруға мүмкіндік бермейді. Шаруашылықтың даму
дәрежесіне қарай шаруашылық-мәдени типтер үш топқа бөлінуі мүмкін. Бірінші
топ меншіктенетін салалық әрекеттің басым болуымен сипатталады (аңшылық,
балық аулау, терімшілік). Екінші топқа кетпенді қол егіншілігімен мал
шаруашылығының басымдылығы тән. Үшінші топ соқалы егіншілерді біріктіреді.
Шаруашылық-мәдени типтердің
бірінші тобы анағұрлым архаизмді және әлеуметтік-экономикалық дамудың
алғашқы қауымдық дәрежесіне сай келеді. Бұл топтағы ең артта қалушы – кезбе
аңшылар мен терімшілер типі, бұл тип кей жерлерде тропикалық зонаның
географиялықө жағынан тұйықталған аймақтарында күні бүгінге дейін
кездеседі. Бұл шаруашылық-мәдени типке жататын тайпалар металл қорыту және
оны ыстық күйінде өңдеу жұмыстарыымен таныс емес. Еңбек құралдары мен қару-
жарақты олар тастан, ағаштан, сүйектен, бақалшақтан және сол тәрізді
заттардан жасайды.Теңіздер мен мұхиттар жағалауында негізінен алғанда балық
аулаумен және терімшілікпен айналысатын кейбір халықтардың әлеуметтік-
экономикалық және мәдени даму дәрежесі кезбе аңшылар мен терімшілердегідей.
Біздің кезімізде бұл шаруашылық-мәдени тип жоғалып барады.
7-лекция: Әлем халықтарының діни классификациясы.
Діннің басқа да қоғамдық құбылыс сияқты өзінің тарихы бар. Ғалымдардың
көпшілігі діннің алғашқы белгілері неандертальдық типтегі адамдардың
арасында болған деп санайды. Табиғаттың дүлей күштерін түсінуге санасы
жетпеген алғашқы адамдар бұл құбылыстардың ар жағында тылсым, діни себеп
бар деп санады. Уақыт өткен сайын діннің қарапайым үрлері күрделене түсті.
Соңғ,ы палеолитте тотемизмге (жануарларға, өсімдіктерге, табиғат
құбылыстарынасену) және магиялық құбылыстарға сену пайда болды.
Мезолит дәуірінде магия мен тотемизммен
қатар, табиғи діндердің анимизм(рухтарға, аруақтарға сену) және шаманизм
(аруақтарды шақыру, адамдарды емдеу) сынды түрлері қалыптасты. Б.э.д. 1
мыңжылджықтан бастап, діннің кейбір түрлері өзінің территориясынан шығып,
кең аймақтарға жайылды. Оларды әлемдік діндер деп атайды. Олардың ең
ежелгісі - будда діні, ең көп таралғаны – христиан діні, ең жасы ислам діні
болып табылады. Христиан діні б.э. 1 мыңжылдығының бас кезінде
Оңтүстік-батыс Азияда Рим империясында өткір әлеуметтік және ұлтаралық
күрес болып жатқан кезде қалыптасты. Жаңа дін шыдамдылықты, кешірімділікті
уағыздады. Сондықтан басқару шеңберіндегілер жаңа дінді бірден қабылдап,
оған қолдау көрсетті. Христиан дінінің сенімінің негізі – Исус Христостың
құдайлық әрі адами қасиеттердің иесі екендігі және оның жерге
түсіп,адамдардың күнәсін көтеру мақсатында өзін аса қинап өлімге қиюы болып
табылады.
Христиан дініне тән монотеизм (бір
құдайға сену) құдайдың үш өкілі болатыны (құдай-әке, құдай-бала және құдай-
қасиетті рух) сеніммен байланыстырылады. Христиандар рухтың мәңгі өмір
сүретініне, о дүниеде өмірдің барлығына, жұмақ пен тамұққа сенеді.
1054 жылы Византия императоры мен Рим епископының
арасындағы қиян кескі күрестің нәтижесінде христиан діні екі бағытқа
православие мен католицизмге бөлініп кетті. Католицизм кейінірек аса қуатты
діни ұймға айналып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz