Қазақ этногенезінің сақ кезеңі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Факультет деканы

т. ғ. к. Қайырғалиева Г.

«___» 2018 ж.

5В020300, 5В011400 - Тарих мамандықтарына арналған

«ҚАЗАҚ халқының этногенезі мен этникалық тарихы»

пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Атырау -2018 ж.

«Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік жинақты Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының доценті, п. ғ. к. Шахман Нағымұлы Нағымов құрастырды.

Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы пәні 5В020300, 5В011400 - Тарих мамандықтары студенттері үшін элективті пән негізінде 3 курстарда оқытылады. Пәннің міндеті студенттерді этностың пайда болу, құрылу, даму заңдылықтары теориясына үйретеді. Жалпы этностардың шығу теориясын зерделей отырып, қазақ этногенезінің күрделі процестерімен қоса, этникалық территориясына қатысты ғылыми еңбектермен терең таныстырады.

Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті студенттеріне арналған «Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені (құрастырушы Ш. Нағымов - Атырау: Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасы, 89 бет, 2018 ж. )

Глоссарий
Глоссарий: Пән бойынша модульдік оқу бағдарламасы (Syllabus)
:
Глоссарий: Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
:
Глоссарий: Пәннің оқу-әдістемелік қамсыздандырылуының картасы
:
Глоссарий: Пәнді зерделеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
:
Глоссарий: Дәрістер кешені
:
Глоссарий: Практикалық (семинарлық) жұмыстар жоспары
:
Глоссарий: Студенттің оқытушы жетекшілігімен өз бетімен орындайтын жұмыстары
:
Глоссарий: СӨЖ тапсырмалары
:
Глоссарий: Аралық және қорытынды бақылауда студенттер білімін бағалауға арналған материалдар
:
Глоссарий: Студенттер білімін бақылау материалдары
:
Глоссарий: Мамандандырылған, арнайы жасақталған аудиториялар тізбесі
:

Мазмұны


ГЛОССАРИЙ

-А-

Адам - Жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің тарихи процесінің, дамуының субъектісі, анық сөйлей алатын, ойлай алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тірлік иесі.

Адаптация - жүйенің сыртқы және ішкі орта жағдайына бейімделу процесі.

Анимизм - адамдрдың, жануарлардың өміріне, заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарына ықпал ететін-міс аруақтарға және рухтарға сену.

Антропогенез - қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілі процесі.

Анықтама (дефиниция) - белгілі бір объектіні айыруға, табуға, құрастыруға, ғылымға жаңадан еңгізілген сөз атауы мағынасын тұжырымдауға мүмкіндік беретін қисындық тәсіл.

Аңыз - халықтың наным-сенімімен, қиял-арманынан туатын ауызша айтылатын шежіре, ауыз әдебиетінің жанры.

-Ә-

Әдет-ғұрып - адамдардың белгілі бір жағдайларға байланысты, қайталаным отыратын үйреншікті мінез-құлықтық іс-қимылдары. Оларға көпшілікке ортақ еңбек ету әдістері, тұрмысқа және отбасыға байланысты адамдар арақатысының сол қоғамда кең тараған түрлері және діни салттар, тайпа, тап, халық өмірінің ерекшеліктерін бейнелейтін және қайталанып отыратын әрекеттер жатады.

Әкімшілік - іске нақты басшылықтың орнына бұйрықшыл-жарлықшыл әдісті қолданушылық.

Әлем - материалды дүние, мтериалды объектілер, сапалық жағынан әртүрлі болып келетін материя формаларының толық жиынтығы.

Әлеуметтік құрылым - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы және олардың өзара тұрақты қтынастары.

Әмір - шығыс елдеріндегі әскербасылық атақ. .

-Б-

Бай - дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәулетті-әлеуметтік топ.

Батыр - әскери өнерді жақсы меңгерген, жау-жүрек ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ.

Бедел - адамның жалпы жұрт таныған қадір-қаситі, ықпалы, көзқарастар жүйесі немесе белгілі бір қасиеттеріне, сіңірген еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.

Бек - ежелгі түркілер мемлекетінде қолбасшылық дәрежесін білдірген әскери шен, атақ.

Би - дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.

-Г-

Генезис - шығу, пайда болу.

Гипотеза - ой қорыту жүйесі, сол арқылы бірқатар фактілер негізінде объектінің, байланыстың немесе құбылыс себептерінің болуы туралы тұжырым жасайды.

Глоссарий - терминдермен айтылған ойлардың түсіндірме сөздігі.

Гурхан - кидандар мемлекеті билеушісінің лауазымы.

-Ғ-

Ғылым - табиғат, қоға және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы.

Ғылыми болжам - теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.

-Д-

Дағды - ұзақ уақыт қайталаудың нәтижесінде машықтанатын іс-қимылдар.

Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы.

Даму - мәңгі, қажетті қозғалыс, уақыттағы өзгеріс.

Дәріс - белгілі бір тақырып бойынша материалдарды баяндау. Жоғарғы оқу орындарында жаңа білімді хабарлаудың алдыңғы қатарлы әдісі.

Дәстүр - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғмдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т. б., қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері.

Диаспора - күштеп көшіру арқылы, түрл саяси-әлеуметтік жағдайға душар болған, басқа елдердің ортасына барып паналаған этностардың шашыранды топтары.

-Е-

Ел - көне түркі тілінде халық сөзінің синонимі ретінде қолднылған атау.

Елтебер - Түрік қағанаты тұсындағы дәрежелі әскери-әкімшілік шеннің ең төменгі лауазымы.

-Ж-

Жабғу - Түрік қағанаты тұсындағы дәрежелі әскери-әкімшілік қызмет сатысы жүйесіндегі қаған мен ұлықтан кейінгі лауазым.

Жәдігер - ертеден қалған мұра, ескерткіш.

Жеке адамға табыну - белгілі бір қайраткердің беделіне көзсіз бас ию, оның сіңірген еңбегін әсірелеп көрсету, тарихи тұлғаны әулиеге теңеу.

Жүйе - өзара қатынастар мен байланыстарда болатын, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын элементтер жиынтығы.

Жылнама - халықтың, мемлекеттің, қаланың т. б. жылма-жыл жазылған тарихи шежіресі.

-З-

Заң - құбылыстардың жүйелі түрде өзгеруіне себепші болатын оның ішкі, мәнді және тұрақты байланысы.

Зат - материалдық дүниенің біршама дербес тіршілік ететін бөлігі.

Зекет - ғаріп-ғасерге тарату үшін арнайы жиналатын салық.

-И-

Иқта - мұсылмандық құқықтағы тиісті салықтарды мемлекетке төлеу шартымен иен жатқан жерлерді пйдалануға беру тәртібі.

Ислам - құдайға құлшылық ету - дүние жүзіне кең тараған діни сенімдердің бір түрі. Исламның дін ілімі мұсылмандардың қасиетті кітабы «Құранда» бяндалған.

Көші-қон - адамдардың тұрғылықты мекенінен әртүрлі себептермен басқа жерге қоныс аударуы, көшіп-қонуы.

Көшпелілік - көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шараушылық-мәдени типі.

Классификация - бөлудің әлдебір жиынтығы болып табылатын ұғым аумағын бөлудің логикалық операциясы, қолданудың ерекше көрінісі.

-Қ-

Қабілет - адам психикасының өмір сүруінің ішкі шарттары мен тәсілдері.

Қаған - ерте түрік мемлекеттерінің басшысы.

Қарама-қарсылық - қайшылықтың даму сатыларының бірін білдіретін категория.

Қауым - алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі экономикалық ұясы.

Қоғам - адамдар арасында тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі.

Қоғамдық қатынастар - адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасатын қатынастар.

Құран - мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы.

-М-

Магистрантқа арналған пәннің бағдарламасы (Syllabus) - әрбір сабақтың тақырыбы және ұзақтылығы көрсетілген әр пәннің оқыту бағдарламасы.

Магистранттардың оқу жетістіктерін бақылау - әр түрлі бақылау тапсырмаларының (жазбаша жұмыстар, тесттер, практикалық жұмыстар, ауызша сауал және т. б. ) негізінде нақты пән бойынша магистранттың білім жетістіктерін тексеру; ол өз кезеңінде ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға бөлінеді.

Магистранттардың өзіндік жұмысы (МӨЖ) - оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығрмалар мен есептер түрінде бақыланатын өзіндік жұмысқа берілген белгіліөбір тақырыптар тізімі бойынша жұмыс.

Магия - алғашқы дін формаларының бірі, ол көптеген түсініксіз сиқыршылық құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделген және адамдрға, жануарларға, қиялдағы рухтарға және т. б. әсер ету мақсатын көздейтін слт-жоралардың жиынтығы.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі.

Мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (белгі жүйелерін және т. б. жасау) және затсыздандыру (мәдени мұраны меңгеру) процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады.

Мемлекет - қоғамды басқарудың, оның экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғауды іс жүзіне асырушы қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.

Миф - тарихтың ертедегі кезеңдерінде туған хикаялар: олардағы қиялы бейнелер (аңызға айналған батырлар, оқиғалар және с. с. ) табиғат пен қоғамның түрліше құбылыстарын жалпылай түсіндіруге әрекет жасаудан келіп туған.

Міндетті компонент ( Core Subjects ) - оқу бағдарламасы бойынша магистранттрадың міндеттітүрде оқитын пәндері.

Монотеизм - бір құдай: бір құдайға құлшылық ету.

-Н-

Нақтылық - көпжақтылық, күрделілік, дамығандық, тұтастық.

Наным - субъктінің жағдайы, ол жеке адамның рухани дүниесімен тығыз байланысты болады, идеяларда бейнеленетін, объект туралы белгілі бір ақпарат хабарының негізінде пайда болады, басқа да сезімдермен қатар наным сезімімен қосарласып, адам қызметінің мотиві, стимулы, мақсаты және бағдары болып табылады.

Негіз - белгілі бір құбылыстың, нәтиженің өмір сүруіне және оны айқындауға алғышарт жасайтын қажетті жағдай.

-О-

Оба - тастан қалаған қарақшы, меже, белгі.

Оқытудың кредиттік жүйесі - оқу үрдісін регламенттеу және білім көлемін кредит түрінде есепке алу шегінде білім траекториясын таңдау, жекелендірі негізінде өз бетінше білім алуды жоғарылату және білімді шығармашылық түрде игеруге бағытталған білім беру жүйесі№

Оқытушының жетекшілігімен жүзеге асырылатын магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) ( Office Hours ) - оқу кестесінде көрсетілген және оқытушының педагогикалық жүктемесіне кіретін оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың аудиториядан тыс жұмысы.

Отан - туған ел, атамекен.

-Ө-

Өмір - материя қозғалысының формасы.

Өнер - қоғамдық сана мен қызметінің өзгеше формасы, көркем тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудыі аса маңызды тәсілі.

Өркениет - қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы.

Өту баллы (Grade Point Average - GPA) - таңдап алынған бағдарлама бойынша магистранттың оқу жетістіктері деңгейінің орташа бағасы (кредиттердің қорытынды бақылау баллдарының сандық эквивалентіне көбейтінділері жиынтығының ағымдағы оқу кезеңіндегі жалпы кредит санына қатынасы) .

-П-

Патриархат - алғашқы қауымдық құрылыстың рулық ұйымының формасы; ол қоғамдық өндірісте оның істерін басқару мен мүшелері арасындағы қатынастарды реттеуде ерлердің маңызды роль атқаруымен сипатталады.

Политеизм - көп құдай: бірнеше құдайға құлшылық ету.

Пререквизиттер, постреквизитте (Prerequisite, Postrequisite) - берілген пәнге дейін және пәннен кейін игерілуге міндетті пәндер.

Ру - қаны бір, туыстық байланыстармен топтасқан алғашқы қауым - алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында қалыптасқан адамдар бірлестігінің түрі.

Рух - ойлау ұғымымен деңгейлес.

-С-

Сабақтастық - жалпылық байланыс пен дамудың арақатынасын бейнелейтін материалистік ұғымы.

Сана - объективті шындықты бейнелеудің адамға ғана тән жоғарғы формасы, оның дүниеге және өзіне адамдардың қоғамдық-тарихи қызметінің жалпыға бірдей формаларының жанама түрдегі қатынасының тәсілі.

Семиотика - белгімен хабарлаудың ең қарапайым жүйесінен тілдерге және ғылымның формалданған тілдеріне дейінгі белгілік жүйелерді салыстырып зерттеумен айналысатын пән. Белгілік жүйелердің негізгі функциялары: а) хабарларды жеткізу және мәнді білдіру функциясы; б) тілдік қатынас функциясы, яғни тыңдаушының берілген хабарды түсінуін қамтамасыз ету, сонымен бірге іске даярлау, оған эмоциялық әсер ету және т. б.

Сенім - білімге негізделмесе де белгілі бір құбылыстың ақиқаттығына илану.

Сословие - құл иеленуші және феодалдық құрылысқа тән таптық айырмашылық формаларының бірі.

-Т-

Табиғат - өзінің барлық шексіз көп түрлілігімен көрінетін бізді қоршаған дүние.

Тағдыр - адам ғұмырындағы барлық жағдайларды алдын ала пешенесіне жазып қоятын табиғаттан тыс күш туралы діни мистикалық түсінікті білдіретін ұғым.

Тайпа - алғашқы қауымдық құрылысқа тән адамдар бірлігінің формасы. Ол рулық қатынастарға негіздлді, яғни оның мүшелері қандас туыстардан тұрды, рулар мен аталарға бөлінді.

Таным - іс-әрекетінің адам мақсаттары мен ұмтылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі.

Таптар - адамдардың қоғамдық өндірістің тарихи белгілі бір жүйесіне алатын орнына қарай, өндіріс құрал-жабдықтарының қатынасына қарай, еңбекті қоғадық жолмен ұйымдастырудағы роліне қарай, демек, қоғамдық байлықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті бөлу әдістеріне қарай жіктелетін үлкен топтары.

Тарихтың объективті факторы - адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты мен ауқымын көрсететін шарттар.

Тарихтың субъективті факторы - бұқараның, топтардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс-қимылға бейімділігі және т. с. с. жатады.

Теория - өзінің объектісін құрастырып отырған белгілі бір жиынтықтың қызметін сипаттайтын, түсіндіретін және болжайтын, шындықтың қандай да болмасын «фрагменті» жөніндегі нақты білімді жинақтап қорытындылайтын жүйе.

Тепе-тең ақиқат пікірлер - ақиқаттың кез-келген мәндерінде ақиқат болатын қисындама пікірлер, өрнектер немесе формулалар.

Тепе-теңдік - заттың, құбылыстың өзара біркелкі, тең дәрежелі болуын немесе бірнеше заттың деңгейлес екендігін өрнектейтін категория.

Тоталитаризм - зорлық-зомбылық пен қоқан-лоққыны негізіне алған саяси үстемдік жүйесі.

Тотемизм - алғашқы қауымдық қоғам дінінің ерте кезгі формаларының бірі. Оның негізі - қандайда болсын адамдар тобының белгілі бір жануарлар, өсімдіктер, заттар немесе құбылыстармен ортақ тектестігіне және қандас туыстығына нану.

Тұрмыс - қоғам өмірінің адам өзін ұлғаймалы өндіруімен тікелей байланысты негізгі аяларының бірі, оның тамақ, киім, тұрғын үй, демалу, көңіл көтеру, денсаулығын сқтау сияқты жақтарын қанағаттандыратын материалдық және мәдени орта.

Тіршілік - өзгермелі заттардың өзара байланыстары мен әрекеттерінің алуан түрлілігі.

-Ұ-

Ұғым - дүниені танып-білу сатысындағы белгілі бір тұтстықта құрастырылп отырған заттың мәнін оның қалыптасу тәсілін анықтау арқылы олардың теориялық танымның формасы.

Ұлыс - тайпалық қатынастардың ыдырау барысында тарихи қалыптасқан адамдардың қоғамдастығы.

-Ү-

Үлгерімді аралық бақылау (Midterm Examination) - бекітілген академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілетін магистранттың оқу жетістіктерін мерзімдік тексеру.

Үлгерімділікті ағымдағы бақылау - оқу пәнінің әрбір тақырыбы немесе әрбір тарауы бойынша оқу пәнінің оқытушысы жүзеге асыратын тыңдаушының оқу жетістіктерін жүйелі тексеру.

-Ф-

Фетишизм - әр зтқа тән ерекше әлеуметтік сипат беретін, ал мәдени даму барысында пайда болатын қасиеттерді табиғи нәрселер болып табылатын қоғамдық қатынас және соған сәйкес келетін көзқарастар.

-Э-

Эпос - көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.

Этногенез - этностың шығу тарихы.

Этникалық идентификация - этностардың бір-біріне жақындығы.

Этникалық қауымдастық - тарихи жағынан белгілі бір территорияда қалыптасқан, тілдің, мәдениет пен психиканың, өздеріне ортақ, айтарлықтай ерекшеліктеріне, сондай-ақ өздерінің бірлігін және этнонимде бекітілген өздері тәріздес құрылымдардан айырмашылығын сезіну санасына ие адамдардың тұрақты бірлестігі.

Этникалық құрам - бір мемлекетте тұратын ұлт өкілдерінің құрамы.

Этнос - адамдардың еркі бойынша емес, табиғи-тарихи процесс нәтижесінде пайда болған әлеуиметтік топтасудың айрықша бір түрі.


«ҚАЗАҚ халқының этногенезі мен этникалық тарихы» ПӘНІНІҢ МОДУЛЬДІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS

1. 1 Оқытушы жөнiнде мәлiмет: Нағымов Шахман Нағымұлы - штаттық негіздегі доцент, п. ғ. к.

Кафедрадағы уақыты - сабақтан тыс уақыттағы мерзімде

1. 2 Пән бойынша мәлiметтер:

Модуль атауы - мамандық бойынша модуль, базалық пәндер циклінің таңдаулы пәндер қатарына жатады.

Оқу пәнінің атауы және коды: KHEET 3220 Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы

Атауы: «Қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы»

ҚР және ЕСТS кредиттер саны: 3/5

Өтетін орны: сабақ кестесіне сәйкес жаңа оқу корпусындағы аудитория

Пәннің оқу жоспары бойынша бекітілген сағат саны:

Оқу жоспарынан көшірме

Мамандық: Мамандық
Курс: Курс
Се-местр:

Се-

местр

Кредит:

Кредит

Дәрістер:

Дәрістер

Семи-нарлар:

Семи-

нарлар

СОӨЖ: СОӨЖ
СӨЖ: СӨЖ
Барлығы: Барлығы
Бақылау формасы: Бақылау формасы
Мамандық:
Курс:
Се-местр:
Кредит:
Дәрістер:
Семи-нарлар:
СОӨЖ:
СӨЖ:
Мамандық: 5В020300, 5В011400-Тарих
Курс: 3
Се-местр: 6
Кредит: 3
Дәрістер: 30
Семи-нарлар: 15
СОӨЖ: 15
СӨЖ: 75
Барлығы: 135
Бақылау формасы: емтихан

1. 3 Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері:

Курстың мақсаты - бакалаврларға қола дәуіріндегі тайпалардан бері қарай қазақ халқының шығу тегі, олардың жалпы даму эволюциясы, халық болып қалыптасуда зор роль атқарған ру-тайпалардың тарихы туралы терең білім алуға бар теориялық және методологиялық жағынан мүмкіндік жасау.

Курстың негізгі міндеттері:

  • қазақ халқының этногенгезі мен этникалық тарихы туралы теориялық мәселелерді қарастыру;
  • қазақ халқының құрылуының тарихи алғышарттарын зерттеу;
  • ежелгі және ортағасырлық Қазақстан территориясындағы этникалық процестерді зерттеу;
  • монғол-татар шапқыншылығынан кейінгі халық болып қалыптасу процесінің шешуші себептерін зерттеу;
  • Қазақ хандығының құрылуына байланысты қазақ халқының қалыптасу кезеңіне анализ жасау;
  • «қазақ» атауының шығуы мен мағынасына байланысты ғылыми талас мәселесін зерттеу;
  • Ұлы, Орта және Кіші Жүздер сияқты этнотерриториялық бірлестіктердің қалыптасуы мен құрылу механизмдерін зерттеу.

Оқыту нәтижелері:

Аталмыш курсты оқу нәтижесінде бакалаврлар қазақтардың этногенезінің теориялық мәселелері мен қолданбалы аспектілеріне байланысты терминдерді біліп, қолдана алады. Сонымен қатар Қазақстан территориясындағы әр тарихи кезеңдердегі этногенез процестеріне орынды баға бере алады. Курсты меңгергеннен кейін олар бейімделген жүйелі білімдерін ғылыми зерттеулеріне, мақалаларына, реферат, курстық және бітіру жұмыстарына пайдалана алады. Осы пәннің нәтижесінде алынған білімдер мен материалдарды практикалық жұмыстарда да, архив, мұражай және әдеби деректерде, жоғарғы оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерінде сараптамалық және кеңес практикаларында қолдануға болады.

1. 4 Білім алушының оқу пәнін игергенге дейіңгі және кейіңгі дайындығына (құзіреттілігіне) қойылатын талаптар:

Курстың пререквезиті: тарих, археология, алғашқы қауым құрылыс тарихы, этнология, демография, мәдениеттану, отан тарихының, этнологияның іргелі мәселелері және т. б. курстар.

Курстың постреквезиті: Осы пәннің ерекшеліктерін игеруге мүмкіндік жасайтын теориялық- әдістемелік пәндер.

Курстың календарлық-тақырыптық жоспары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мағлұмат
Қазақтардың этникалық тарихының деректері
Қазақ сөзінің этимологиясы (мәселенің тарихнамасы)
Түркілер дүниетанымы
Қазақ халқының қалыптасуы туралы мәлімет
Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы
Түрік қағандықтары
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Қарақалпақ автономиясы
Қазіргі қазақ мемлекеттігінің республика территориясындағы ежелгі мемлекеттер мен Қазақ хандығынан ерекшелігін талдап көрсетіңіз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz