Этиканың құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Этика оның пәні, түрі, құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . №1
2. Ежелгі Шығыс этикасы және Антикалық этика ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...№2
3. Жаңа заман этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .№3
4. Қазақ этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...№4
5. Мораль, адам өмірі. Қоғамның басқа салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...№5
6. Психология, заты мен міндеттері. Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері ... ... .№6
7. Сананың психологиялық концепциясы. Өзіндік сана сезім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... №7
8. Тұлға және жеке бас даралылық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .№8

Лекция №1
Тақырыбы: Этика оның пәні, түрі, құрылымы
Жоспар:
1. Этика терминінің мәні мен мазмұны.
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы.
3. Ойшыл ғалымдардың этика және мораль терминінің тарихы жөніндегі теориялық пікір.
Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. " Этизм" термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының ("Никомах этикасы", "Евдем этикасы", "Үлкен этика") атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. "Адамзаттың түрлі арнайы іс-қимылдарын саралаған соң" Аристотель бақыттың қайнарын байқадым деп есептейді. Ал адам көңіліне талдау жасап үш бөлікті жіктейді: "Азықтану көңілі" (астық, жер, адамға тән), "Сезу көңілі" (хайуанда және адамда бар) және "Ақыл көңілі" (тек адамда ғана бар). Сондықтан, адамзаттың қабілет міндеті дегеніміз адам істеуге тиісті іске кірісу, адамға тән қабілетті пайдалану -- ақыл қабілетіне жүгіну деп есептеді. Осындай іс істеген адам бақытты, өйткені ол Ақыл көңілінің мақсаты мен мәніне жетті және соны іске асырды. Адамның Ақыл көңіліне талпыну дәрежесіне орай адамзат баласы төрт дәрежеге бөлінеді. олар:
1. ізгі;
2. тежемді;
3. тидаусыз;
4. сұрқия.
Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократәр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның "Адамның табиғаты" туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этиканың құрылымы.
Этика үш бөліктен тұрады:
* теориялық этика;
* нормативті этика;
* эмпириялық этика.
Теориялық этика -- этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика -- негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, ұят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика -- белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.

Лекция №2
Тақырыбы: Ежелгі Шығыс этикасы және Антикалық этика
Жоспар:
1. Ежелгі Шығыс этикасы
2. Этикадағы Конфуцийдің 4 принципі
3. Антикалық этиканың табиғатпен байланысы
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді этикасы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 - 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 - кастаға бөлінді.
Әскери (кшатрий)
Абыздар. (брахмандар)
Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
Төменгі каста (шудралар)
Шудралар - теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті.
Джайнизм - этикалық ілім. Оның негізгі - адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм - материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Жанның басты белгісі, джайнизм бойынша - сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.

Ежелгі Қытай этикасы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі - мистикалы, екіншісі - атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам - Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір - тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
Бос қиялға салынбау.
Мен білемін дегендіктен аулақ болу.
Қасарыстық көрсетпеу
Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Мо - Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс -- әрекетінен, жаппай сүйіспеншілігінен туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге - сезімге (у - лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.
Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао - Цзы (4 - 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао - мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын - Көк Аспан емес, Дао. "Дао - заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, -- деді - Бүкіл әлем сол заңға бағынады". Лао - Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды
Сөйтіп, Шығыс этикасы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай этикасы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао - Цзы төңірегінде топталды.
Европалық этиканың дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық этика б.з.д. 5 - 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек этикада "жаратылыстанушылар. Грек этикасының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек этикасының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек этикасының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы - су, сол сияқты Анаксимет дүниенің алғашқы кірпіші ауа деді. Анаксимандр апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз.

Лекция №3
Тақырыбы: Жаңа заман этикасы
Жоспар:
1.Жаңа дәуір этикасы
2.Жаңа Дәуір этикасының ерекшелігі

Жаңа Дәуір этикасының қалыптасуы мен мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер айқындаушы әсер етті. ХVІІ-ғасырда капитализм әлемдік-дүниежүзілік сауда мен мануфактуралық өндірістің тез қарқын-мен дамуын бастан кешті, ол рационализмге негізделген еді жән өндірістегі механизмдердің рөлі арта түсту
Капиталистік өндірістәсілі ғылымғадеген сұранысты күшейтіп, ғылым бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастады. Экономикалық және әскери жағынан мықты мемлекетке айналуды мақсатетіп қойған европалық мемлекеттер ғылыми ізденістерге ерекше көңіл бөлуге мәжбүр болды, бұл өмір талабы еді.

Негізгі ерекшеліктері:
-- ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі
-- білімнің қарқынды дамуы
-- ғылымдардың пайда болуы
-- діннің беделі мен билігі алдыңғы орынға шығуы.

Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл -- ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл -- ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.
Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:
1. Адам табиғатына тән тектік елесінен
2. Әркім жеке басына тән үңгір елесінен
3. Нарық (базар) елесінен
4. Театр елесінен.
Білім -- күш қағидасын берік ұстанған. материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия -- материяның ішкі қасиеті -- дейді.

Р.Декарт (1596-1650ж.ж.) -- фр. философы, дворяндар отбасында өмірге келген ол Ла -- Флеш коллегиясында физика, арифметика, математика, музыканы тереңдетіп оқытады. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қазықпаған декарт алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысады. Жарықтың сыну заңын ашады, қанның айналуын зерттеп, псидология мен космогония және философияға талдаулар жасайды. Еңбектері: Әдіс туралы ой -- толғау және Философияның алғашқы бастаулары.
Космология, космогония, физика мен физиологияда - материалист, психология, таным теориясында -- идеалист, соған орай Декарт дуализм бағытының өкілі ретінде сналады.
Декарттың рационализмінің негізі -- күмән. Күманданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, соған байланысты оның өмірі айқындала түспек. Мен ойлаймын, олай болса өмір сүргендігім дейді.

Лекция №4
Тақырыбы: Қазақ этикасы
Жоспар:
1. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесі
2. Әбу Насыр әл-Фарабидің әдептану ілімі

Қазақ этикасы - қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мәдениетінен нәр алады. Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиет-нақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары - имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді. Көбіне Қорқытты күйші ретінде білеміз, өмірде қайда барсаң да Қорқыттың көрі - деген аңыз кездейсоқтық емес, ол адам баласына айтылған ескертулер. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала ақтара қарай отырып, оның әлеуметтік ортадағы салмағын анықтай білген. Соңында, өздерінің көз жеткізген ой қортындыларын жасаған. Олар адамға үлкен моральдық талаптар қоя отырып, зор сенім, үлкен үміт артады. Дәстүр-салтымызда, инабаттылық пен иманжүзділікті қалыптастыру мақсатында тақырыпты халық даналығымен байланыстырудың маңызы зор. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, ақыл-парасаттылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етіп, олардың тілек-армандарын орындаудан; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, мәжілістерде тыныш, үндемей отырудан, әдеп сақтап, білмейтін нәрсені айтпаудан және өкіндіретін сөздердің тілге ілігуінен сақтанудан; тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы, біреудің ісіне, өзі сұрамаса, араласпаудан, құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тән мән-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бәрі атадан-балаға жазылмаған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған. Біздің пайымдауымызша: моральдық-этикалық дәстүрлер дегеніміз моральдық сана тәжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар. Тарихи кезеңдердің жаңа дәуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта, Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы, Ұят кімде болса, иман сонда, Әдептілік, ар-ұят - адамдықтың белгісі, Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді т.б. деген мақал-мәтелдері дәлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде Абыройлы бол!, А, құдай абыройыңнан айырма - деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс - адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс - адамның қадір-қасиетіне байланысты өте нәзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман әрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесі туған жерге, отбасына, үлкен-кішілерге, қоғамға т.б. көрініс береді. Үлкендерге деген сыйластықты орнату мақсатында қалыптасқан нормалар мінез-құлықтың қалыптасуына зор ықпал етеді. Бұған мысал: үлкеннің жолын кесіп өтпе, сөзін бөлме, үлкендерге сәлем бер, үлкендердің көңілін қалдыратындай қылық жасама, т.б.

Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, әмбебап ғалым - Әбу Насыр әл-Фараби. Ол этиканы жақсылық пен жамандықты айыруға мүмкіндік беретін ғылым ретінде қарастырды. Оның түсінігінше, адам жаратылыстағы ең қасиетті жан. Сондықтан оған үлкен құрметпен қарау керек. Ғұлама данамыз Әл-Фараби Қайырымды қаланың бірінші басшысы, қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы өз бойында туа біткен 12 қасиетті ұштастырған адам ғана бола алады деген. 1) Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелерінің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы керек, сонда егер адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденедей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, айтылған сөзді сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; 2) өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; 3) әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болу шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар болу шарт; өнер-білімге құштар болу, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жететін болу керек; 4) тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болу керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; 5) шындық пен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен суайттарды жек көру керек; 6) жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын болуы шарт; жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары болып жаратылысынан игі істерге ынтазар болуы тиіс; 7) жаман атауға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; 8) жаратылысынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көру керек; 9) жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне де өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыруы қажет; 10) әділ болу керек, бірақ қыңыр болмау керек; 11) әдептілік; 12) өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек... - дейді.

Лекция №5
Тақырыбы: Мораль, адам өмірі. Қоғамның басқа салалары
Жоспар:
1. Моральдың негізделуі және анықтамасы
2. Моральдық мотивация
3. Мораль және қоғамның басқа салалары

Мораль (латын moralіs - әдет-ғұрып) - адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этикалық ізгіліктер
Философия мен этика
Информатика және этика
Этика ұғымы және оның мәні. Гиппократ этикасы және деонтологиясы
Эмпирикалық этика
Этика ұғымы және оның заты туралы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Қазақ этикасының зерттелуі
Этикет туралы ұғым
Пәндер