Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Табиғат - қоршаған ортаны бейнелеу, табиғи көрінісін бейнелі түрде көрсету. Суретші өзінің көзқарасымен қоршаған ортаны, шындық өмірді әсерлі және нақты бейнелейді. Табиғаттың суретін бастамас бұрын алдымен сюжет пен композицияны қарастыру керек.

«Мәдениет -ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғалары мен әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана танылады . . . ». «Мәдени мұра» бағдарламасынан.

Микеланджело: «Сурет - живопись, мүсін және сәулет өнерінің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жаны мен қайнар көзі» десе, ал А. Байтұрсынов «Бояулы нәрсенің түрін, түсін кескін келбетін суреттеп көрсету - кескіндеме өнері» деп жақсы сипаттама берген.

Кескіндеме негізінен өмір шындығы болып табылады өсімдікке ұқсайды. Әр түрлі кезеңдермен мектептердің суретшілері өз шығармашылығын шығу тегін табиғаттан көрген. Табиғаттың «ұстаздың ұстазы» деп аталуы бекер емес. Қайта өрлеу кезеңінің ұлы суретшісі Леонардо до Винчидің пікірі бойынша «Кескіндемеші табиғатпен жарысып, айтысады». Француз пейзажшысы Камиль Коро былай деп жазған: «Табиғатта ең алдымен Табиғатқа еліктесең әрқашан жеңіске жетесің. Мен әрқашанда табиғатты зерттеймін, мен оған ғашықпын».

Француз мүсіншісі Огюст Роден өзінің шығармашылығы жайлы былай деген: «Жапсырма тек сыртқы дүниені көрсетеді, ал мен рухани дүниені сезіндіремін, ол да табиғаттын бір бөлігі. Мен көз көрген табиғатты ғана емес, бар шындыққа қол жеткіземін. Көңіл күйді көп білдіретін шетін сызып көрсетем. Мен табиғатымды өзгерткен жоқпын».

Илья Ефимович Репин: «Идеясыз ұлы көркемдік шығарманың болуы мүмкін емес», -деген. Алуан түрлі заттар мен өмірлік құбылыстардың эстетикалық байлығын айқындау үшін көркем бейнелеу өнерінің шығармасы өзінің мазмұны бойынша және айқындау түрі бойынша нақты дүниенің көріну қортындысы болуы тиіс.

М. Налбандян «Табиғат та, кітап та бір, оны оқып түсіне білу керек».

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: табиғат көрінісін анықтайтын тақырыпты сезініп, түсініп алу, айналадағы ерекше жерлерге көңіл аудару, композициялық шешімнің белгілі типіне жататын пейзаждың объектісін таңдау. Табиғаттың көктем мезгіліндегі мінездемесіндегі композицияның дұрыс шешімін және ең жақсы көріністі таңдау. Табиғаттың көрінісін тұрғызу, бөлек бөлшектердің бастысына көңіл аударып, композицияның негізгі идеясын бөліп көрсету. Композициялық табиғаттың шешіміндегі ең басты нәрсе - қиындығы суреттеліп жатқан орынға дұрыс мінездеме беру.

Табиғаттың композициялық суретін шешу кезінде табиғаттың жеке және кездейсоқ бөліктерін немқұрайлы алуға болмайды, бұл жерде ең негізгісін, ең типтік жерлерін көрсетіп, көрініп тұрған көрініске өзінің қатынасын білдіру керек.

Эстетикалық - эмоционалдық және айқын пейзаждың суреті суретшінің жарқын сезімін және ойын көрсетеді.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: пейзаждық кескіндеме жайында жаңа мәліметтер жазылған әдебиеттерге сараптама жасау. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы визуалды өнердегі пейзаж жанрының мақсат, міндетін айқындау. Жас ұрпаққа тәлім тәрбиемен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнерді бағалай білуге үйрету, табиғаттағы сұлулықты бейнелей білуге баулу, бейнелеу өнері арқылы ұлттық сананы қалыптастыру. Жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет пен өнерді, пейзаж жанрындағы тарихи мұраларды қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау, қарастырылатын ғылыми мәселенің ағымдағы жағдайын бағалау.

Диплом жұмысының мақсаты: қазақ даласындағы кең жайлау көрнісіндегі кеңістіктегі адам мен табиғатты үйлестіру, аспан, өсімдіктер, жануарларды байланыстырып ортақ шешімін табу. Табиғат көрінісін бейнелей отырып оқушыларды туған елдің табиғатын қастерлей білуге, аялауға және патриоттық сезімдерін оятуға, отансүйгіштікке тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру болып табылады. Қоршаған ортадағы табиғаттың сұлулығын тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-визуалды өнер арқылы оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;

-оқушыларға табиғат көрінісін салғыза отырып туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

-жазғы табиғат көрінісіндегі композициялық компоненттерді таңдай білу;

-оқушы жеке тұлғасының табиғаттағы әсемдікпен сұлулықты сезініп қалыптасуына көмектесу;

-білім берудегі жаңа технологиялар арқылы оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;

- мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып, одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: жазғы табиғат көрінісі, майлы бояуды пайдаланудың мүмкіндіктері, визуалды өнерді қабылдау барысында өткізілген эксперименттік сабақтар.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: Мизанбаев Р., Ералин Қ., Түрікпенова С. Ж., Барманқұлова Б. К., Қаржаубаева С., Амандықова Д., Е. Каменованың негізгі ғылыми зерттеу жұмыстарына және суретшілер альбомдарына сараптама жасалды.

Диплом жұмысының тәжірибелік базасы: кітапханалардан алынған ғылыми еңбектер мен әдебиеттерді тәжірибе жүзінде пайдалану, № 6 Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 5 «г», 6 «в» сыныптарында үлгілік және эксперименттік сабақтар жүргізілді, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 423 және 422 оқу шеберханалары.

Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, ізденіс және фор эскиздері, практикалық жұмыстың тұп нұсқасы мен теориялық жұмыс.

1 ӨНЕРДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА МЕН ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР.

ТАБИҒАТТАҒЫ СУРЕТТЕР

1. 1 Пейзаж өнеріндегі заманауи бағыттар

Өнер - адам жасаған құндылықтардың ең құнды дүниесі. Өнердің алға қоятын мақсаты - әдемілікті сездіру, сұлулықты таныту, көркемдіктен ләззәт ала білуге машықтандыру. Ал әдеміліктің талабы - адамзатты көркемдік сезіне білуге баулу. Өнердің тақырыбы өте кең. Бізді қоршаған әлем - тұтасымен әдемілік әлемі. Сізге және бүкіл адамзатқа жылы әсер етіп, көргенде көз жанары қызды өзіне тартып, естігенде құлағыңыздың құрышын қандырып, әр сәтте жан-жүрегіңізде баулап алса, оны әдемілік, әсемдік, сұлулық, көркемдік деп қабылдауымыз керек. Өнер адамдарды шыңдап сезініп, жүрегімен қабылдаған әдемілікті санада қорытып, оны шығармашылықтан қайта туындатса, ол өнер туындысы болып шығады. Әсемдікті санадан қайта туындатқанда, ол көркем дүние болып шықса ғана өнер болып есептеледі.

Біздің ғасырымыз - компьютер ғасыры өнерде жаңа бағыт - компьютер графикасын туғызды, яғни белгілі бір бағдарлама бойынша кез келген көлемді графикалық және түстік шешімді шешу мүмкіндігіне ие компьютер келіп шықты. Компьютер белгілі бір бағдарлама бойынша кез келген бейне мен портретті жасап шығара алады. Бірақ бұл машина жасаған фотосурет сияқты.

Реализм-ақиқат болмыстың шынайы, анық, жан-жақты көрінісі. Реализм өнері XX-XXI ғғ. ұлтық ерекшелікке және пішіндердің әртүрлігіне ие болады. Реализмнің алғаш туындыларына француз суретші Гюстав Курбенің (1819 -1877) еңбектерін жатқызады, ол 1855 жылы Парижде өзінің «Реализм павильоны» атты жеке көрмесін ашты, дегенмен, одан да бұрын реалистік нақышта Барбизон мектебінің суретшілері салған (Теодор Руссо, Жан-Франсуа Милле, Жюль Бретон) . 1870 жылдары реализм екі негізгі бағытқы бөлінді, олар - натурализм мен импрессионизм [1, 6 б. ] .

Символист-суретшілер аллегорияны, мифологиялық және діни сюжеттерді негізге алады.

Символизм шеберлері: Г. Моро, Пьер Пюви де Шаванн, О. Редон, Ф. Ропс, Э. Берн-Джонс, Д. Габриэль, Джон Эверетт Миллес, уильям Холмен Хант, М. Врубель[1. 7б. ] .

Кенеп бетіне ақиқатқа жанаспайтын, соқыр сезіммен ойға келген шынайлықты бейнелейді. Сюрреализм негізін қалаушылардың бірі-испандық суретші С. Дали. Сюрализм иллюзияларды қолданумен және пішіндерді үйлестірумен ерекшеленеді.

Заттық әлемдік геометиялық денелер немесе пішіндердің комбинациясы түрінде бейнелейді. Танымал суретшілер: П. Пикассо, Л. Попова.

Гиперралистердің мақсаты-әлемдік тек анық суреттеп қоймай, асыра ұқсату, шынайы көрсету [1. 7] .

Танымал тұлғалардың әйгілі фотасуреттерін, газет қиындыларын дәл бейнелейді немесе осы заттар мен суреттерден компазиция құрады. Поп-арттың ерекше сипаты-өзінің жеке идеясын негізге алуында. Әйгілі суретшілер: Д. Джонс, Р. Раушенберг, Э. Уорхол, Р. Лихтенштейн.

Кез келген заттардың кеңістікте үйлестірілген композициясы бар. Композиция тұрмыстық заттардан, өнеркәсіптік бұйымдар мен материалдардан, табиғат нысандарынан жасалуы, мәтіндік немесе көрнекілік ақпараттан құрылуы мүмкін. Қарапайым заттардың ерекше үйлесімділігін жасай отырып, суретші оған жаңа сиволикалык мән береді. Әйгілі инсаляторлар: Л. Астала, Й. Бойс, Р. Раушенберг, Д. Кошут, Э. Кинхольц[2, 78б] .

Кескіндеменің бейнелеу құралдарын күшейту үшін аппликация қолданылады. Фантастикалық күш қалыптасқан формалар мен түсініктерді ығыстырды. Түстердің ретсіз араласуын, қала суретінің және жекеленген құрылыстардың калейдаскоптық, осал, сансыз элементтерге бөлшектенгенін бейнелейді. Барлығы көрерменге қозғалстағытағы, жылт-жылт еткен, дыбыс беретін, эмоцияға толы әлем ретінде елестейді. Суретшіні бейнелеу мүмкін емес нәрсені жеткізуге білу мүмкіндігі қызықтырады.

Геометриялық абстракцияның бір түрі. Локалды ашық түстермен жазылған геометриялық пішін суреті. Супрематизмнің негізін қалаушы-К. Малевич [1, 9 б. ] .

Қоршаған әлем суретін қалыптасқан пішінде қолдану. Суретшілер заттар мен эмоцияларын көркем пішінің белгілі бір элементі арқылы береді (жарықтың таңба, сызық, фактура көлем) . Әйгілі суретшілер: Н. Горчарова, М. Ларионов, Б. Талмақов.

Қазіргі кездегі графит тұжырымдамалық, көшелік монументтік өнер түрлерінің бірі. Графит мәні- шығармашылық еркіндігі.

Әйгілі суретшілер: Д. Шаббаш, В. Потапов, В. Чтак, А. Тулесова.

Көрудің оптикалық ерекшеліктері пайдаланады. Міндеті-адамның көзін арбау, ерекше жағдайларға тап болдырып, типтік емес мәселелерді шешуге мәжбүрлей отырып, оны жалған реакцияға апару. Әйгілі суретшілер: Я. Агам, Родченко, А. Колдер .

Жопондық заманауи суретші Такаси Мураками ойлап тапқан термин. Термин қазіргі анемация мен комикстердің жазық визуалды тіліне ұқсас 2D, 3D форманың визуалды тілін түсіндіру.

Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі заманауи бағытта айналысатың суретшілердің бірі, Асхат Ахмедияровтың «Әженің көзі» инсталляциясы 32 сферадан құрылған және біріктірілген екі қазан түріндегі алқа бұйымы болып табылады. «Әженің көзі» өзінің немере қызына қалдырған әже мұрасы дегенді білдіреді[1, 8 б. ] .

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін көптеген суретшілер шығармашылығына басқаша көзбен қарап, жаңа бағыттарды іздестіре бастады. Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінде үш бағыт дами бастады: нышандық, тұжырымдамалық тәсіл және реализ. Қазақстан заманауи өнеріне шығармашылық ізденіс, жаңа дәуір мәселелерін әртүрлі жолмен шешетін стильдер тән.

Бүгінгі күні ол жанр, стилистика, шығармашылық бағыттар мен жеке талпыныстардың көп түрлігімен өзіне назар аудартып, тірі алам кейіптерін, қоршаған болмыс шындығын алуан түстермен бере отырып, қандай да бір көркем мәселелерін шешу үшін өзіндік бейнелеу тілдерін тапқан шеберлердің әртүрлі бунындармен таныстырылған.

Қазақстанның бейнелеу өнері ұлттық және әлемдік мәдениетте өз орны бар. Заманауи Қазақстанның суретшілері дүниежүзі бойынша танымалдық және құрметке ие болды. Олардың туындылары көптеген елдердің мемлекеттік галереяларының экспозициясы мен қорына енді [1, 6-9б] .

1. 2 Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы пейзаж жанры

Қазақ бейнелеу өнерінде кеңісті шексіз дала мен аспанның көрінісінде бейнелейді. Қазақ суретшілерінің шексіз кеңістікті геометрияның перспективалық жеткізуі қазақ кәсіби бейнелеу өнерінің қалыптасу кезеңдеріне байланысты көрініс тауып отырды.

Жергілікті жердің рельефінің сыртқы көрінісі, табиғаттың реңктерінің көптүрлілігі халықтың мінезіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Тек қол өнерінде ғана емес, қазақ кескіндеме өнерінде де монументалдылық айқын көрінеді. Мұндағы монументалдылық картинаның өлшемінен гөрі, кеңістіктің көрінісіне жақын.

Қазақ халқының мәдениетінде тұрмыстың заттарын декоративтердіру жүйесінің материалда жұмыс жасаумен байланысты жазық рельефі алға шығады. Бұл жағдайда жергілікті жердің рельефінің сипатын көрсетеді.

Пейзаж жанры-қазақ бейнелеу өнеріндегі салалы жанрдың бірі. Табиғат көріністері қазақ суретшілері А. Қастеев, С. Мамбеев, Ж. Шарденов, О. Тансықбаев, А. Черкасский, С. Романов шығармашылықтарынан орын алады. Олар бір қатар республикаға белгілі өзен - көлдері, дала мен тауларды өз шығармаларына арқау етсе, бірқатары жыл мезгілдерін, табиғаттың әсем ортасы өз шығармаларының өзекті буыны етіп алған [4, 190 б. ] .

Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы барысында оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілетін дамыту педагогика саласындағы маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі кезде көптеген мамандық иелерінің техникамен жұмыс атқаратындығы баршаға мәлім . Осыған байланысты баланың жас кезінен кеңістік туралы ойлау негіздерін үйрету жол ашты.

Пейзажда, жанрлы жұмыстарында да суретшілер әр уақытта табиғатымыздың байлағы мен ерекшелігін бере білді. Олар әсіресе Ч. Кенжебаев, С. Мәмбеев, Қ. Телжанов, Н. Нұрмұхамедов, К. Шаяхметов, Ә. Ысмайлов. [3, 185]

20-30 жылдары (XX ғ. ) Қазақстанның бейнелеу өнерінің кескіндемесі мен графикасы профессионалдық шеберлігін меңгеру жолында алғашқы қадамдарын жасайды.

1920 жылдарының екінші жартысынан бастап кішігірім көркем сурет галереясы ашылды.

1928 жылы тұңғыш көшпелі көрме Семейде ұйымдастырылды.

1933 жылы Қазақстан суретшілерінің бірлестігінің Оргкомитеті құрылды.

1940 жылы Қазақстан Суретшілер одағы құрылды. Совет өмірі, қазақ халқының тарихи-революцциялық өмір жолы, жұмысшылар мен колхозшылар еңбегі атты тақырыптар сол кездің әр суретшісінің шығармашылығына міндетті түрде енгізілді . Алғашқы кескіндемешілер ішінен қазақтың професионалдық бейнелеу өнерінің негізгі салушыларының бірі- Ә. Кастеев (1904-1967) .

Ш. Уәлихановтың «Теріскей Алатау», Бұлармен қатар кеңістіктегі көріністерді қағаз бетіне бейнелеудің кезеңдері көрсетілген таблицалар сабақта жиі қолданылады және мұндай сабақтар интерактивтік тақтасы бар сынып бөлмелерінде өткізіледі. Енді сәндік-қолданбалы өнер немесе сәндік сурет салу сабақтарына тоқталып өтейік. Сурет салу оқушыларға графикалық сауаттылық негіздерін меңгертумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың ерекше мүмкіндігі - осы сәндік сурет салу сабағы түрінде (бағдарлама бойынша ою-өрнектер құрастыру, альбомдарды безеңдендіру, бөлме ішін безендіру тапсырмалары) қарастырылған. Мұндай тапсырмалардың мектепте берілуі кәсіптік қызметке дайындау емес, шығармашылыққа тәрбиелеу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жол ашу және қоғамдық пайдалы еңбекке тарту болып табылады.

Қазақстанда үлкен жер ресурстары бар. Терең көкжиекті қалыпты табиғат суреттері. Мысалы, Ә. Қастеев шығармаларындағы көкжиек тереңдікті беру арқылы қазақ даласын толықтай кенеп бетінде көрсеткісі келеді. Панорамды шешілген Қастеев копмозициялары дала қойнауына ене кіреді. Суретші аспаннан қарағанда көкжиек сызығына дейін көрінетін, жоғары ракурсты пайдаланады. Қастеев шығармашылығын терең зерттеген өнертанушы Р. А. Ергалиева былай деген: «Қастеевтің жұмыстарында әрбір нәрсе - ол нені бейнелеген болса, соны дәріптеу, яғни идеалды аяқталған образ. Қастеевтің пейзаждарындағы концепция дүние шексіздік деген идеямен келіп, табиғат универсум ретінде қабылданып, кескіндемеге трансформацияланатын көшпелілердің ең негізгі ерекшелігі - өзін әлемде, ал әлемді өзінде сезінетін космизм. Суретшінің кенебімен бірге кәсіби бейнелеу өнеріне көшпелілер ұрпақтарына кеңістікті қабылдаудың өзіндік ерекшелігі тән» [3, 13б. ] .

Қастеев кеңістікті түсіндіруде картинада бүкіл әлемді беруге ұмтылушылық бар. Қастеев картинасында бүкіл әлемді сыйғызып бейнелеуге ұмтылған және сонымен қатар ол, дүниенің шексіздігін де беруге тырысады. Универсумның шексіздігі суретшінің сана қатпарларында әбден орнығып, суретшінің қылқаламы соны беруге ұмтылады. Қастеевтің кеңістікті шексіздікте қабылдауы қазақ бейнелеу өнерінде тұрақты қалыптасады. Қазақ кескіндеме өнерінде кездесетін «шексіз кеңістік» дәстүрлі идеясы әрбір келесі кезеңдерде дамып, жетіле түсті. Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана: мәдени-философиялық талдау, кейінгі кезеңнің суретшілерінің шығармашылығы «шексіз кеңістік» идеясын негізге алатын фундаментальды концепцияны дамытты.

Адам әуе бастан - ақ табиғат көрінісін салған. Бірақ көпке дейінбелгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек XVII ғасырдан ғана бірыңғай табиғат көрінісі бейнелейтін картиналар туа бастады.

Ә. Қастеев тақырыптық картина, портрет, пейзаж және кітап иллюстрациясы тақырыптарында жемісті еңбек етті. Ә. Қастеевтің шығармашылығысы мен өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол 1904 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә. Қастеевтің таланты қазан ревалюциясынан кейін бағаланып ол Алматы қаласына суретші Н. Г. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Суретшінің алғашқы шығармалары 30 жылдардың алғашқы кезеңінде көріне бастады. «Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» шығармалары осы кезде жазылды. Бұл шығармалар суретшінің әртүрлі жұмыс кезеңінде жұмыс аралығында салған тақырыптары мен тапсырыстарының бейнелері болады. Суретші бұл картиналарды кейіпкерлердің бас бейнесін көрсетіп қана қоймай, картина адам фонындағы киіз үй, жан-жануар, қазан-ошақ және тағы басқа қоршаған табиғатты қосып көрсетеді. Халық суретшісі Ә. Қастеевтің турксиб шығармасы көпшілікке танымал шығарма. Картинада сол кезеңдегі ерекше бір құбылыс Түркістан - Сібір темір жолының құрылысын көрсетуге арналады. Картинада қазақтың сары даласы темір жолмен келе жатқан паровоз және оны күтіп тұрған адамдар көрінісі бейнеленген. Ә. Қастеев тақырыптың суреттермен қатар табиғат көрінісін бейнелейтін пейзаждар сарғап суреттер. «Тау пейзажы», «Медеу келбеті» картиналары осыларға қосылады [5, 5-7 б. ] .

Ә. Қастеевтің шығармашылығының бір бөлігі қазан революциясынан кейінгі халық өмірін бейнелейтін кескіндеме шығармалары. Олардың қатарына мына картиналар жатады: «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы» «Түрксіб», «Көк жайлау» (3-сурет), .

Без названия (3).jfif

3-сурет. Ә. Қастеев «Көк жайлау», 1963

Белгілі өнертанушы Р. Ерғалиеваның айтуынша: «Қ. Қожықов туындылары мен Ə. Қастеев, Ə. Ысмайылов шығармаларының өзіндік ерекше қасиеттерінің айқындалуы, тұтастай алғанда, бүкіл келер шақтағы қазақ бейнелеу өнерінің негізгі пішінін қалыптастыру сапасын анықтайды. Қазақ суретшілерінің əр қырлы кескіндемелік туындыларындағы рəсімдік, салт-дəстүрлік ойидеяларын кіріктіру ұмтылыстары көркем сөзде, ырғақта, əдет-ғұрыптарда, дəстүрлі ұлттық ойындарда, халық ауыз əдебиетінде мəнерленуі табылған тұрақты дəстүрлі стереотиптік дүниетанымға айналады». Мəселен, Ə. Қастеевтің «Киіз үйдің ішкі көрінісі» (1929) атты туындысында суретші сырттай бақылаушы ретінде қалмайды. Үй ішіндегі бұйымдармен жəне адам тұлғалары үлкен үйлесімдікте шешілген деп түсіндірген өнертанушы-философ Б. Байжігітов те оның ұлттық қолтаңбасын орынды байыптайды [6] .

Қазақ бейнелеу өнеріндегі пейзаждың алатын орнына келсек, ең бірінші ұлттық колориттің айырмашылығын айта кету керек. Жалпы біздің ұлтық өнер қайталанбас, өзіндік сипаты бар.

Телжанов Қанафия Темірбекұлы 1927 жылы 1 майда Омбы обылысы Байқұдық ауылында туылған, қазақ кескіндемесішісі, Қазақстаның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академиясының корреспандент мүшесі (1967) .

1947-53 жылдары Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, хатшысы, 1973 жылдан Қазақстан Мемлекеттік Өнер музейінің директоры қызметтерін атқарды.

1950 жылдардың соңына таман тұрмыстық туындылар жазу төңірегін қамтыған кескіндемешілеріміз арасында өзіндік жеке тұлғаларымыз қалыптаса бастайды. Олардың ішінде Қанафия Телжанов өзіндік төлтума шығармашылығымен көзге түседі. Оның жанрлық туындысының дамуындағы жаңа көріністердің айқындылығы, композиция шешіміндегі түстік түзілім және көркемдік мүмкіндіктерінің кеңеюі мен тереңдеуі, ондағы даладағы тіршіліктің нақышталуы қазақ кескіндеме өнерінде өзіндік қайталанбас ерекшелігімен тұрмыстық жанрдың дами түсуіне ұйтқы болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды өнер шығармаларымен таныстыруда суретшілер өмірі мен шығрмашылығымен таныстыру
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанры
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
Станоктық кескіндемедегі композиция
Қазақстан бейнелеу өнері
Қазақ бейнелеу өнерінің тұлғасы
Қазақ кескіндеме өнеріндегі тұрмыстық жанр
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz