Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстар конкурсы
Тақырыбы: «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы көркем еңбек пәнінің маңыздылығы»
2019 жыл
МАЗМ
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДА ТИІМДІ ОҚЫТУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ. .
Көркем еңбек" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы . . .
КІРІСПЕ
Ғылыми жобаның өзектілігі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі - ұлттық білім беру жүйесін жаңғырту болып табылады», - деп атап көрсеткендей, білім беру үрдісі жыл сайын жаңарып келеді. Білім беру үрдісіне еніп отырған жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай білім беру жүйесін жетістіктерге жетелейтін озық бағдарлама. Ұстаз қолында адам тағдыры, сол арқылы болашақ ел тағдыры тұрады. Олай болса, жаңартылған білімге көшу - білім жүйесін ізгілендіру болып табылады.
Мектеп оқушыларының-бейнелеу өнері және басқа өнер түрлері саласындағы шығармашылық іс-әрекеттерінің қалыптасып дамуы, көркемдік білім мен тәрбие жүйесіндегі өнер пәндеріне тән түсініктердің, дағды мен іскерліктің, қабілеттіліктің бекуіне сүйенбей жүзеге аспайтынын педагог, психолог ғалымдар балалардың көркемдік іс-әрекетінің мән-мазмұнын дәлелдейді. Оқушыларды өнерге тән көркемдік тілді игеруге, көркем бейнелі образды жасауға баулу, дағдыландыру, қабілеттерін ашу, олардың эстетикалық ләзаттануына, танымына, әсерленушілігіне, сезіміне, рухани қанаттануына ықпал жасау.
Ғылыми жобаның мақсаты: жаңартылған бағдарлама мазмұны сәйкес білім беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес сабақтар арқылы арттыру. Өмірде дұрыс жол табу үшін оқушылардың саналы ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету. Оқушылардың бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу рухани күштерін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектесу. Оқушыларды өзін-өзі жетілдіруге бейімдеу.
«Адамның өз болмысын тануға ұмтылуына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады», - деп көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасы жобасында.
Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек. Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс.
Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», -деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.
Ғылыми жобаның жалпы сипатты: Ұсынылып отырған жоба да жаңартылған білім беру бағдарламасындағы көркем еңбек сабағындағы ерекшеліктер мен оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін қолдану қарастырылған.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: жаңартылған бағдарлама, білім берудің жаңа мазмұны, жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігімен тиімділігі, интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін көркем еңбек сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары. «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы, тиімді технологияларды қолданудың ерекшеліктері, көркем еңбек пәнінен үлгілік сабақ жоспары.
Ғылыми жобаның зерттеу әдістері: Зерттеу әдісі жұмыстың мақсатынан туындайды. Бұл еңбектін басты мақсаты жаңартылған бағдарлама, білім берудің жаңа мазмұны, жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігімен тиімділігін, әдіс-тәсілдерін көркем еңбек сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру және оқушылардың қызығушылығын арттыруға болатынын дәлелдеу.
Ғылыми жобаның дерек көздері: жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына сараптамалар жасалған.
Ғылыми жоба атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларына өткізілген эксперименттік сабақтарында дәлелденді және мақалалары республикалық ғылыми практикалық конференция материалдар жинағында жарияланды, «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын» іске асыру аясында өткізілген «Үздік сабақ жоспары» III Республикалық қашықтық педагогикалық сайысына қатысып, III орын алды. Автордың жеке шығармашылық жұмыстар көрмелері өткізіліп, каталог шығарылды.
1 ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА
МАЗМҰНЫ
1. 1 Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі мен тиімділігі
Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі - құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ - ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра, дәстүрлі емес сабақ түрлері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын, тапсырмалар мен ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткізуге болады.
Қазіргі қоғамның жаһандану үдерісінде адамзаттың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерімен жаңа еңбек салаларының қалыптасып дамуына ықпал етуде. Ол адам еңбегінің икемді, қолайлы және тиімді орындалуына мүмкіндіктер жасап келеді. Соның бірі, өндіріс пен қызмет көрсету салаларында замануи материалдардың пайда болуы, инновациялық технологиялардың, акпараттық-коммуникациялық технологиялардың үдемелі даму болып табылады. Осы замануи инновациялық технологиялар барлық қоғамның инфрақұрылымдарына үйлесімді енгізілуі негізінде тұрпайы еңбек түрлері еңбек нарығында жойылып, жаңа еңбек түрлерінің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Соның салдарынан қазіргі еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болып, олардың еңбек мазмұны да жиі өзгерістерге ұшырып келеді. Осыған куә болатын үлгілерге өндірістердегі автоматтандырылған қондырғылармен өнімді жасау, сол сияқты қызмет көрсету салаларында кішігірім құралдар мен аппараттардың кеңінен қолданылып, маманның еңбек операцияларын жеңілдетуге үлкен көмегі тиіп келеді. Бұл үлгідегі құрал-жабдықтар қазіргі өндірісте, қызмет көрсету саласында және тұрмыста да кең орын алып келе жатқаны белгілі.
Бейнелеу өнері пәнін оқыту эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған. Жаңартылған бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем- шығармашылық қызмет мазмұны». Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған [1, 16 б] .
Жаңартылған бағдарлама бойынша бейнелеу өнерiнің оқыту мақсаттары: - эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; - қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; - өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру; - халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу [2, 26 б. ] .
Ал оқыту міндеттері:-өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту; - сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету; - бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т. б. ) таныстыру; - көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру) ; - шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т. б. ) ; - балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял, елестетуді дамыту; - оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту; - өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру элементтерімен таныстыру. «Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері», «Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер». Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Жаңартылған бағдарламадағы сабақтардың маңызды нәтижелері: - мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен бағыттарын айыра білуі; - өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады. Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады. Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына, одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған. Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т. б. таңдауда көбірек еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Жаңартылған бағдарламаның оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары», «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған [3, 13 б. ] . Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге) әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
- Білім берудің мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыт
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz