ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1
ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
5
1.1
All inclusive жүйесінің тарихы мен түсінігі
5
1.2
All inclusive жүйесінің классификациясы
8
1.3
All inclusive жүйесі бойынша турлардың мәні
10
2
ТҮРКИЯДАҒЫ ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
19
2.1
Түркиядағы туризмнің қазіргі даму жағдайы
19
2.2
Түркиядағы All inclusive жүйесінің даму тарихы
27
2.3
All inclusive жүйесі бойынша жұмыс істейтін қонақ үйлер
(3-5 категориялы)
33
3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕГІ ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
40

3.1
All inclusive жүйесінің мәселелері
40
3.2
All inclusive жүйесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
44
3.3
All inclusive жүйесін Қазақстанда қолдану бойынша ұсыныстар
47

ҚОРЫТЫНДЫ
56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
58

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда қонақ үй нарығында қызметтердің саны өте кең ауқымды қамтып жатыр. Соның ішінде кең сұранысқа ие сондай өнімдердің бірі All inclusive жүйесі бойынша демалыс болып саналады. Бұл қызмет жүйесі жарнамалық элементтерді және баға белгілеу сияқты маркетингтік процесті қамтитын жан-жақты маркетингтік құрал болып табылады. Турист қызметтердің толық спектрін нақты анықталған, тіркелген, туристік пакеттің бағасымен алады.
All inclusive немесе Барлығы қамтылған - бұл белгілі бір уақыт аралығында қонақ үйдің аумағында ұсынылатын тегін қызметтер жүйесі. Алдымен бұл жүйе тек круиздерде жұмыс істеді. Кейіннен қонақ үйлер де бұл жүйеге қызығушылық таныта бастады. Қазіргі уақытта Анталия қонақ үйлерінің 90%-ы және Мармарис пен Бодрумның 50%-ы осы қағидаға сәйкес жұмыс істейді. Барлығы қамтылған жүйесі Түркияның туризміне шетелдік туристерді өз тарапына тартуда маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының қонақ үйлерінде All inclusive жүйесі бойынша қызмет көрсету мүлде дамымаған десек те болады. Осыған байланысты, осы жүйенің даму перспективаларын қонақжайлық индустриясының отандық кәсіпорындары тәжірибесінде зерттеу маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: All inclusive жүйесі бойынша Түркиядағы туризмнің даму тәжірибесі мен ерекшелігін Қазақстанның қонақжайлық индустриясының кәсіпорындары тәжірибесінде зерттеу.
Дипломдық жұмыста қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей зeрттey жұмысының міндеттері алға қойылды:
oo All inclusive жүйесінің мәні мен тарихына шолу жасау;
oo Түркиядағы All inclusive жүйесінің ерекшелігін талдау;
oo All inclusive жүйесінің Қазақстандағы мәселелерін қарастыру;
oo Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесіндегі All inclusive жүйесінің жағдайын зерттеу;
oo All inclusive жүйесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу пәні: Қонақ үй бизнесінде All inclusive жүйесін қолдану ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: All inclusive жүйесі.
Ғылыми-зерттеу жұмысын жазу барысында келесідей әдістер қолданылды: жүйелі талдау, классификация (жіктеу) әдісі, салыстырмалы талдау, сауалнама, әдістері қолданылады.
Дипломдық жұмыстың аясында Қазақстанның қонақ үй бизнесіндегі All inclusive тұжырымдамасы, шетелдің озық тәжірибесіне сүйене отырып, толыққанды және кешенді түрде зерттелді. Міне, осы аспектпен диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы айқындалады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі: All inclusive жүйесінің теориялық-әдістемелік негіздеріне талдау түрлі ақпарат көздеріне жүгінуді талап етеді.
Жұмыстың қайнар көздері ретінде Котанс А.Я., Соколова М.В., Kervankıran, İ. ve Çuhadar, M., Азар В.И., Ляпина И.Ю., Tellioğlu, S. & Tekin, M., Квартальнов В.А., Ильина Е.Н., Тучнин Р., Bahar, O. & Kozak, M., Черных Н.Б., Данильчук В.Ф., Ефимов А., Вернадский Д.К., Исмаев Д.К., Панов В. Я., Байлик С.И., Быков А.Т., Яковлева Г.А., Буйнов В.И., Дурович А. П., Папирян Г.А., Усов В.В., Исимова Б.А., Güzel, Ö., Аверьянов Б.И. және тағы да басқа ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Зерттеудің нәтижелерін туристік-рекреациялық қызмет пен іс-әрекетті ұйымдастыруда қолдануға болады. Туризм ұйымдастырушыларының тарапынан қызығушылық тудырады. Сонымен қатар ұқсас мәселелерді зерттеуде қолдануға болады.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Щучье көлінің жағасында орналасқан Бурабай шипажай аумағындағы Rixos Borovoe қонақ үйінің мысалында All inclusive жүйесі бойынша қызмет көрсетуді енгізуді ұсынумен зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы айқындалады.
Жұмыстың құрылымы: 60 беттен, кіріспеден, үш тараудан, 20 суреттен, 10 кестеден, қорытындыдан, 47 пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

0.1 All inclusive жүйесінің тарихы мен түсінігі

Дүниеде алғаш рет осындай жағымды демалыс түрін ұсынған Еуропадағы алғаш йога насихаттаушыларының бірі Жерар Блиц. 1912 жылы Антверпенде (Бельгия) зергерлер жанұясында дүниеге келген. Жерар Блиц өз ағасы сияқты толыққанды спортшы және су полосы бойынша Бельгия құрамасының мүшесі болған. 1949 жылдың соңында Корсика аралындағы спорттық іс-шаралардың бірінде Гилберт Триганомен танысады. Олар бірігіп 200-ге жуық шатырға арналған кемпинг бизнес-жобасын ойластырады. Іске асыру үшін жарнама жазады: Балеар аралдарында 2 апта үшін 159 франк. Бәрі қамтылған Кейіннен метрода парақшаларды таратады [1].
Сұраныс үлкен ауқымға ие болады. Бірақ Майорка аралында Алкудияда бірінші лагерь ашылғанда, жағдай күрделене түсті. Алайда, Жерар Блиц берілмей, жаңа қонақжайлылық тәжірибесін енгізеді. Қазіргі таңда Түркияда All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлердің көбісі қолданатын, қонақтарды гүлдермен және сияпатпен қарсы алу рәсімін ұйымдастырды.
1951 жылы шатырлар доминик-бунгало үйлеріне ауыстырылды (сурет 1). Осыған байланысты Жерар Блиц өзінің негізгі идеясын білдірді: Өмірдегі басты нәрсе - бақытты болу және бұл үшін ең жақсы орын - осында, ал ең жақсы уақыт - қазір.

Cурет 1. Бәрі қамтылған жүйесіндегі алғаш доминик-бунгало үйі [1]

1954 жылы All inclusive жүйесін алғаш француздық қонақ үй желісі Club Med қолданады. Бұл концепция мінсіз демалыс үшін қажетті барлық нәрселерді қамтыды: рейстер, трансферлер, жайлы қонақ үй бөлмесі, тамақтандыру, балаларға арналған күтім [2].
1960-жылдардың аяғынан бастап, ол Кариб теңізі бойынша экскурсия ұйымдастырған бірнеше мұхит лайнерінде сәтті қолданылған. 1970-жылдардың басында басталған жаһандық мұнай дағдарысы басты серпін болды. Адамдар аз саяхаттай бастады, ол өз кезегінде туризмге зиянын тигізді, ал кәсіпкерлер осы уақытта сұранысты көтеретін жол ойластыра бастады. 1976 жылы Ямайкада ашылған Negril Beach (қазіргі Hedonism II) толыққанды Барлығы қамтылған жүйесі бойынша қызмет көрсететін қонақ үйлердің бірі болды. Көп ұзамай Кариб аралдарының көпшілігінде қонақ үй бизнесі дамыды. Бұл тұтынушылар ынта-жігермен қабылдаған қымбат өнім болды. Бірақ 90-жылдардың соңында Түркияның дамып келе жатқан қонақ үй индустриясында қолданыла басталмағанда, ол ауқатты адамдар үшін жұмақ аралдарында демалудың экзотикалық формасы болып қалатын еді. All inclusive жүйесінің танымал болғаны соншалықты, осы жүйеге 2-3 жұлдызды санаттағы қонақ үйлер де қосыла бастады. Қазіргі уақытта Анталия қонақ үйлерінің 90%-ы және Мармарис пен Бодрумның 50%-ы осы қағидаға сәйкес жұмыс істейді.
90-жылдардың ортасына дейін қонақ үйдің иелері Бәрі деген тұжырым астарында не ұсынантынын өздері шешкен. Біреу туристерге максималды қызмет, тамақ, ойын-сауық және экскурсия ұсынды, ал кейбіреулері жай баспана, үстел және шезлонгпен қамтамасыз етті. 1995 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйым All inclusive жүйесінің соңғы біртұтас нұсқасын құрады:
бұл жолдама уақыты біткенше қонақ үй аумағында тегін және шектеусіз ұсынылатын қызметтердің жиынтығын білдіреді және турды сатып алғанда төленеді.
Соңғы кездері All inclusive жүйесінің әртүрлілігі соншалықты, туристер былай тұрсын, тіпті туристік нарықтың кәсіби мамандары оның мән-мағынасы мен түрлерін шатастырады.
Барлығы қамтылған жүйесі Түркияның туризміне шетелдік туристерді өз тарапына тартуда маңызды қадам жасауға мүмкіндік берді. Осы жүйе арқасында 2017 жылы түрік курорттары 8 миллионнан астам туристерді қарсы алды және өсім үрдісі байқалады. Қолжетімді түрік инклюзивін қолданған туристер оны басқа елдерден талап ете бастады. Бұл қозғалыс Болгария, Тунис, Египет және Хорватияны жаулап алды. Барлығы қамтылған жүйесі, бірінші кезекте, қонақтардың қонақ үй аумағында үнемі қалуы үшін және мүмкіндігінше сирек оның шегінен тыс шығуы үшін бағытталған. Сондықтан да бұл жүйе қонақ үйден тыс аумақта инфрақұрылым дамымаған аймақтарда белсенді дамып келеді. Көптеген барлар, мейрамханалар, клубтар мен дүкендер бар үлкен туристік қала (Испания, Греция, Кипр, Тайланд) болып табылатын елдерде All inclusive жүйесі негізінен көптеп пайдаланылмайды және қонақ үйлерде BB (таңғы ас), HB (жартылай пансион - таңғы ас және кешкі ас, сусындарды қоспағанда) және FB (толық пансион - таңғы ас, түскі және кешкі ас, сусындарды қоспағанда) тамақтандыру жүйелері қолданылады.
All inclusive - толық экономикалық жүйе және оның дамуына құрамына кіретін түрлі элементтер әсер етеді. Бұл жүйенің мәнін толықтай түсіну үшін оның объектісі мен субъектісін анықтап алу қажет (сурет 2).
Туристік ұйымдар

Туристер

Қонақ үй индустриясы

ALL INCLUSIVE
Дестинация
Туристік ресурстар
Тәуелсіз инвесторлар
Тасымалдау компаниялары

Сурет 2 - All inclusive жүйесінің субъект - объектік құрылымы
([4] дереккөзі негізінде жасалды)

Зерттелу аясындағы жүйенің субъектілері: тұтынушы (турист), қонақжайлық индустриясының өкілдері, туристік ұйымдар, тасымалдау компаниялары, тәуелсіз, жеке инвесторлар.
Негізгі субъект - бұл All Inclusive жүйесінің негізгі тұтынушысы ретінде турист, жүйе олардың рекреациялық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға бағытталған.
Жүйенің объектісі ретінде All inclusive бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыру барысында туындайтын туристік өнімді тұтынушы (турист) мен түрлі саладағы (көлік, қонақ үй, тамақтандыру) туристік ұйымдар арасындағы қатынастар айқындалады.
Сонымен, All inclusive немесе Барлығы қамтылған - бұл белгілі бір уақыт аралығында қонақ үйдің аумағында ұсынылатын тегін қызметтер жүйесі. Бірақ, All inclusive жүйесінде мүмкін болатын қызметтердің ауқымы таңдалған қонақ үй деңгейіне қарай айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. All inclusive жүйесі елдерге байланысты да ерекшеленуі мүмкін. Әрине, курорт неғұрлым беделді және қонақ үй жұлдыздарының рейтингісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым толыққанды қызмет көрсетулерді ұсынады. Әдетте, All inclusive турларының құны мыналарды қамтиды:
oo қонақ үйде тұру;
oo қонақ үйдегі тағамдар;
oo қонақ үйдегі сусындар, соның ішінде алкогольді сусындар;
oo қонақ үй аумағында балалар мен ересектерге арналған анимациялық бағдарламалар;
oo қонақ үйдің инфрақұрылымын пайдалану.

0.2 All inclusive жүйесінің классификациясы

All inclusive жүйесі ұсынылған қызметтер санындағы кейбір айырмашылықтарға мүмкіндік береді. Кейбір жағажай елдерінде олар Ultra inclusive, All inclusive excellent, All inclusive superior, All inclusive vip class сияқты тартымды қосымшаларды қосуды ұнатады. Көбінесе мұндай белгілер жарнамалық айла болып табылады. Бірақ экскурсияны дұрыс таңдау үшін, қонақ үйлердің маркетингтік амалдарын дәл білу керек, сондықтан All inclusive жүйесінің классификациясы құрастырылған (сурет 3).
All inclusive жүйесінде ұсынылатын қызметтер таңдалған қонақ үй деңгейіне қарай айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. All inclusive қонақ үй орналасқан елге байланысты да ерекшеленеді. Егер курорт неғұрлым беделді және қонақ үй жұлдыздарының рейтингісі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым толыққанды қызмет көрсетулерді ұсынады [3].

ULTRA ALL INCLUSIVE

IMPERIAL

MAX. INCLUSIVE

ALL INCLUSIVE

АРАЛАС СЕРВИС
ҚҰБЫЛМАЛЫ СЕРВИС
MINI ALL INCLUSIVE

Сурет 3 - All inclusive классификациясы
(автормен [3] дереккөзі негізінде жасалды)

MAX. INCLUSIVE
Бұл жүйенің айырықша ерекшелігі - барлық сусындар, оның ішінде шетелдік алкоголь де турдың бағасына қосылған. Нөмірдің мини-барындағы алкогольсіз сусындар мен сыра тегін. Сонымен қатар, уақытша шектеу жоқ - қонақ үй аумағында кез-келген сусындарды тәулік бойы тапсырыс беруге болады. Бұл жүйе қонақтарға қонақ үй мейрамханаларында тағамдардың кең ассортиментіне кепілдік береді. Осы жүйенің қонақ үйлерінде кейбір қосымша ойын-сауық түрлері (мысалы, моторлы спорт түрлері) жиі тегін ұсынылады.
IMPERIAL
Бұл жүйеде барлық алкогольдік және алкогольсіз, соның ішінде шетелдік сусындар турдың бағасына кіреді. Сондай-ақ, қонақ үйдегі мейрамханалар мен барларда көп тағамдарды ұсына алады. Сонымен қатар, қонақ үйде арнайы мамандандырылған мейрамханалар (мысалы, балық, итальян және т.б.) ұсынылады, оған алдын-ала брон жасау қажет. Тегін ойын-сауық аймағында моторлы спорт түрлеріне (су шаңғысы, үрлемелі банан) мүмкіндік беретін қосымша артықшылықтар бар.
ULTRA ALL INCLUSIVE
Бұл жүйеде турдың бағасы жергілікті ғана емес, сондай-ақ импортталған алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді қамтиды. Қонақ үй мейрамханаларының швед үстелі тағамдардың кең ассортиментін ұсынады. Ultra All Inclusive жүйесінде жұмыс істейтін қонақ үйлердің көпшілігі әлемнің түрлі халықтарының тағамдары бар мейрамханаларда қосымша ақысыз тамақтануды ұсынады + a-la carte мейрамханаларында тамақтану, сондай-ақ қонақ үй әкімшілігінің қалауы бойынша қосымша қызметтер ұсынады. Ultra all inclusive жүйесінің бірнеше түрі бар: All inclusive De Luxe, All inclusive High Class, All inclusive Royal Class, All inclusive Superior.
1. All inclusive De Luxe - тамақтандыру түрі мен қонақ үйдегі қызмет көрсетулер жүйесі. Қонақтарға жергілікті және импортталған алкогольді, алкогольсіз сусындар, мамандандырылған а-ля карт жүйесіндегі мейрамханаларда тамақтандыру, мини-бардағы сусындар мен бөлмеде қызмет көрсетуді (room service) қамтамасыз етеді.
2. All inclusive High Class - қызметтердің ауқымы мамандандырылған а-ля карт жүйесіндегі мейрамханаларда тамақтандыру, жергілікті және импортталған алкогольді, алкогольсіз сусындар, мини-бардағы сусындар мен бөлмеде қызмет көрсетуді (room service), кір жуу, массажды қамтиды.
3. All inclusive Royal Class - қонақтарға бөлмедегі қызмет көрсетулер, жергілікті ғана емес, сондай-ақ импортталған алкогольді және алкогольсіз ішімдіктер, қонақ үй аумағындағы мамандандырылған а-ля карт жүйесіндегі мейрамханаларда тамақтандыру, internet cafe, боулинг қызметтерін ұсынады.
4. All inclusive Superior - қонақ үй нөмірінде күнделікті жеміс-жидектер мен шоколад, жергілікті және импорттық алкогольсіз сусындар мен ішімдіктер, a-la carte мейрамханаларында тамақтандыру, мини-бардағы сусындар, теннис пен шағын гольф ойындарын үйрету курстарын қамтамасыз ететін Ultra all inclusive жүйесінің бір түрі.
MINI ALL INCLUSIVE
Толық пансион + сусындар, тәулігіне үш рет тамақтандыру. Көптеген қонақ үйлерде кешкі асқа швед үстелі ұйымдастырылады. Тамақтану уақытында жергілікті сусындар ұсынылады. Сонымен қатар, сусындарды тамақтану кезінде ғана емес, кез-келген уақытта, бірақ шектеулі мөлшерде алуға болады.
Қонақ үйлерде BB, HB, FB тамақтандыру жүйелері де қолданылады [4].
Bed and Breakfast (BB) - күніне бір мезгіл тамақтандыру, таңғы ас. Әдетте бұл іссапарлар мен экскурсиялық турларға арналған. Континенталды таңғы асқа (әдетте, бұл 2* - 3* қонақ үйлерде ұсынылады) жиі жіңішке кесілген шұжық пен ірімшік, күлше, кішкене қаптамалы йогурт және кофе беріледі.
Нalf-Board (HB) - жартылай пансион (таңғы және кешкі ас). Таңғы ас дәстүрлі түрде швед үстелі болуы мүмкін.
Full-Board (FB) - толық пансион (күніне үш мезгіл тамақтандыру). Күндізгі және кешкі уақытта да сусындар ақылы.
FULL BOARD PLUS (FB+) және HALF BOARD PLUS (HB+)
Әдетте қызметтердің бұл түрлері швед үстеліндегі жергілікті сыра мен шарапты турдың бағасына қосады. All inclusive жүйесінен айырмашылығы, олар басқа тегін қызметтерге кепілдік бермейді.
Аралас сервис
Демек, белгілі бір қонақ үй аумағында туристерге All inclusive жүйесімен де, басқа жүйелермен де (BB, HB, FB) қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету жүйесін таңдау туристердің өз қалауына байланысты. Шатастыруды болдырмау үшін қонақ үй қонақтары жеке қонақ үйлерді айырбастау жүйесін пайдалануға шақырылады. Әдетте, бұл арнайы білезіктер немесе басқа да атрибуттар, олар арқылы қонақ үй персоналы сіз таңдаған сервистік жүйені дәл анықтай алады.
Құбылмалы сервис
Кейбір қонақ үйлер, маусымға байланысты, қонақтарға әртүрлі санаттағы қызметтерді ұсынады. Мысалы, жазда қонақ үй All inclusive жүйесінде, ал қыста HB жүйесі бойынша жұмыс істейді. Осындай қонақ үйлердің бірінде демалысты жоспарлағанда, оператордан қызықтырған уақытта қандай сервис ұсынылатындығын анықтап алған жөн.

0.3 All inclusive жүйесі бойынша турлардың мәні

All inclusive жүйесі бойынша қызмет көрсететін қонақ үйлер бірқатар ерекшеліктерге ие. Оларда күніне кем дегенде үш рет тамақтану: таңғы ас, түскі және кешкі ас, сондай-ақ түрлі сусындар (алкогольсіз және алкогольді) ұсынылады. Көбінесе All inclusive қонақ үйлерінде тамақтандыру швед үстелі жүйесі арқылы ұйымдастырылады. Өз-өзіне қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады, және таңдаған азық-түлік көлеміне ешқандай шектеулер болмайды. Жалғыз шектеу - тек уақыт интервалы. Әрбір қонақ үйде таңғы ас, түскі ас және кешкі ас кестесі бар, яғни тағам белгілі бір уақытта беріледі. Мысалы, таңғы ас әдетте 7-ден 10-ға дейін созылады. Бұл жағдайда турист қосымша ақы үшін қонақ үйдің барында жеңіл тамақтана алады. Көптеген All inclusive қонақ үйлерде арнайы тамақтану жүйесі бар. Мысалы: балалар үстелі, вегетариандық тағамдар, қант диабетімен ауыратын адамдарға арналған тағам және тағы да басқа. Сонымен қатар, бұл қонақ үйде ұсынылатын сусындарға да қатысты. Әдетте All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлерде сусындар тегін және шектеусіз мөлшерде ұсынылады. Соның ішінде алкогольсіз сусындар (шай, кофе, шырындар, газдалған және газдалмаған су, түрлі коктейльдер) және алкоголь (сыра, шарап, арақ, ром, бренди, джин, текила, алкогольдік коктейльдер) сияқты сусындарды ішуге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл мәселеде белгілі бір ескертулер бар. Біріншіден, барлық сусындар тек жергілікті өнімдер болуы керек. Бұл дегеніміз Түркиядағы демалыс барысында, чех сырасын тегін ішуге болмайды. Оның оң жақтары да бар, мысалы, Грузияда, Испанияда, Болгарияда немесе Кипрде елдердің керемет аспаздық дәстүрлерін бағалауға ғана емес, жергілікті алкогольдік сусындардың дәмін татуға мүмкіндік бар. Греция мен Болгария өздерінің күшті үстелдік шараптары мен арақтарымен танымал, Испания - Херестің туған жері, ал Кипрде олар керемет бренди шығарады. Екіншіден, барлық шетелдік сусындарға ақы төлеуге тура келеді. Үшіншіден, қонақ үйде барлық сусындар белгілі бір уақытта ұсынылады. Көбінесе бұл интервал таңғы 10-нан түңгі 10-ға дейін, ал кейбір қонақ үйлерде сусындар тегін және тәулік бойы беріледі. Төртіншіден, мини-бардағы сусындар ақылы болып табылады. Ешнәрсеге шектеуді қаламайтындар және уақыт туралы алаңдағысы келмейтіндер - жоғары санаттағы қонақ үйлерді таңдайды. Қонақ үйдің деңгейі неғұрлым жоғары болса, онда швед үстелі соғұрлым сан алуан болады. Тамақтандыру мөлшері де өсуі мүмкін - мысалы, бесіндік қосылады. Сонымен қатар, тамақтану үшін уақыт интервалы айтарлықтай кеңейтіледі. All inclusive жүйесіндегі көптеген қонақ үйлерде тамақтандыру түрлі мейрамханалар мен барларда тәулік бойы ұйымдастырылады [5].
Туристер тек тұрғын үй жағдайына ғана емес, сондай-ақ қонақ үйдегі анимациялық топтың деңгейіне де қызығушылық танытады. Бұл қызмет All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлерде толығымен ұсынылған. Таңертеңнен кешке дейін қонақ үйдің аниматорлары ересектерге және балаларға зерігуге жол бермейді. Әр түрлі жарыстар, белсенді ойындар мен түрлі-түсті көрсетілімдер қонақ үйлерде күнде өткізіледі. Қонақ үйдің аниматорлары арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар, олар тілдік тосқауыл мәселесін айтарлықтай жеңілдетеді. Әдетте күндізгі ойын-сауық қонақ үйдің бассейні мен спорт алаңдарына (ашық аспанда, аквалық аэробика, спорттық іс-шаралар және т.б.) шоғырланған. Кешкіге түрлі-түсті театр қойылымдары, дискотекалар және түрлі тақырыптық шоулар ұйымдастырылады. Әдетте, All inclusive қонақ үйлерінде, әсіресе, балалар үшін анимациялар болады. Балаларды аниматорларға тапсырып, еркін көңіл көтеруге мүмкіндік болады [6].
All inclusive қонақ үйлердің ерекшеліктері сан алуан. Қонақтардың үлкен саны салдарынан үлкен қонақ үй кішігірім қонақ үймен салыстырғанда жақсы пайда табатыны құпия емес. Тиісінше, үлкен қонақ үйде әртүрлі және сапалы қызметтер ұсынуға мүмкіндігі бар. Үлкен қонақ үйдің тағы бір артықшылығы - оның аумағы, кең, жақсы ойластырылған, әсем безендірілген ландшафт. Көптеген ірі қонақ үйлер 4 және 5 жұлдызды бағаланып отырады, бұл қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне кепілдік береді. Мұндай қонақ үйлерде инфрақұрылым әрдайым жақсы дамыған, бөлмелер ыңғайлы және тығыз емес, тағамдар ассортименті кең. Демалыс үшін All inclusive қонақ үйін таңдағанда, жеке жағажайларының бар екеніне назар аудару керек. Өйткені, туристер барлық қонақ үй қызметтерін алдын-ала төлегендіктен, оларды максималды түрде күтеді. Ал егер қонақ үйде өз жағажайы болмаса, онда жағажайда тамақ пен сусындарға, күн шатырларына ақша төлеу қажет болады. Жеке жағажайдың жетіспеушілігінен көптеген демалушылар демалыс үшін ерте таңертең хауыздан орындар алады. Сағат 6-да хауыз жанынан орын алу үшін көтерілу туристер демалысына оң әсерін тигізбейді. Сонымен қатар, көптеген All inclusive қонақ үйлерінің теңіз жағасында жағажайлар барлары болады. Қонақтар үшін бұл да маңызды болып табылады [30].
Қонақ үйдегі хауыздың болуы жайлы демалу үшін қажетті шарт болып табылады. Ал хауыз неғұрлым үлкен болса, соғұрлым жақсы. Әдетте қонақ үйдегі хауыз өз аумағының қақ ортасында орналасады. Мұнда анимацияның барлық ойын-сауық бағдарламалары шоғырланған және бар орналасады. Ал қонақ үйдің жеке жағажайы болса да, қонақтар демалыстарын әртараптандырғысы келеді, және олар, әрине, хауызға жүгінеді. Сонымен қатар, хауыз, теңізге бармай-ақ сергуге тамаша мүмкіндік. All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлерде хауыз - турдың құнына кіретін қызметтердің әртүрлі түрін (сусындар, жеңіл тісбасарлар, ойын-сауық және т.б.) алуға мүмкіндік беретін орындардың бірі. Қонақ үйдің жеке жағажайы болмаған жағдайда хауыздың болуы және өлшемі ерекше маңызды [7].
Жоғарыда айтылғандай, көптеген қонақ үйлер аралас қызмет көрсету жүйесінде жұмыс істейді. All inclusive жүйесі бойынша демалушылармен бірге қонақ үйде басқа да қызмет көрсету жүйесін таңдаған туристер демалады. Негізі бұл жағдай әртүрлі қолайсыздықтар тудырады. All inclusive жүйесінің ерекшелік белгісін (білезік немесе басқа нәрсе) ұстану мiндеттемесiнен басқа, демалушы персонал немесе басқа туристер тарапынан теріс қатынастармен бетпе-бет келуі мүмкін. Өйткені, олар тегін алып жатқан қызметтерге басқаларының ақы төлеуі қажет болады. Өз кезегінде, қызметкерлердің көбінесе олардан шайпұл алуына мүмкіндік болмайды, өйткені ондай демалушыларға ештеңе төлеудің қажеті жоқ. Сондықтан, менің көзқарасым бойынша, таза All inclusive жүйеде жұмыс істейтін қонақ үйді таңдау керек.
All inclusive қонақ үйінде демалыс дегеніміз қонақ үй аумағындағы тұрақты уақыт өткізуді білдіреді. Өйткені, экскурсияға қонақ үйден шыққанда, онда тамақ, сусындар және ойын-сауық үшін қосымша ақша төлеуге тура келеді. Демалыстың толық көлемін төлеп қойған жағдайда қосымша шығындар өте қисынды емес. Демек, бұл демалыс түрі бір жерде жағажай демалысын қалайтын адамдар үшін қолайлы. Ал жаңа білімге, саяхаттауға және белсенді демалысқа ұмтылатындарға, өзге сервистік жүйесімен (BB, HB) қонақ үйге экскурсия сатып алу тиімді болады [8].
All inclusive жүйесінде мүмкін болатын қызметтердің ауқымы таңдалған қонақ үй деңгейіне қарай, қонақ үй орналасқан елге де байланысты ерекшеленеді. Еуропа елдеріндегі қонақ үйлердің All inclusive жүйесі мен танымал түрік жүйесінің арасында белгілі бір айырмашылықтар мен ерекшеліктер бар [9].
Кипрдегі Бәрі қосылған жүйесіндегі қонақ үйлердегі қызметтердің айырмашылықтары жұлдыз санына ғана емес, басқа да заңдылықтарға байланысты.
3* қонақ үйлер - тәулігіне үш рет тамақтандыру, алкогольсіз сусындар (кофе, шай, жергілікті алкогольдік сусындар, газдалған сусындар, шырындар).
4* қонақ үйлер - тізімдегілерге қосымша қызметтерді қосады - жеке SPA-рәсімдерге қатысу, қонақ үйде a-la carte мейрамханасы және басқа да ойын-сауықтар.
5* қонақ үйлер - күнделікті тегін сусындар (алкогольді қоса алғанда) және тамақтану, тісбасарлар мен балмұздақтар, ойын-сауық бағдарламалары және көптеген қонақ үй инфрақұрылым қызметтерін тегін пайдалану. Турдың құны үйірмелер, сауналар, джакузи, фитнес-орталық, ойын бөлмесі сияқты қосымша қызметтерді қамтуы мүмкін. Балалар үшін жеке хауыздар, ойын алаңдары, мини-клубтар.
Кипрдегі Бәрі қамтылған жүйесіндегі қонақ үйлер жергілікті алкогольді және алкогольсіз сусындарды, ал Ultra all inclusive жүйесіндегілер импортталған алкогольді, алкогольсіз сусындарды ұсынады.
All inclusive жүйесіндегі танымал қонақ үйлер: Coral Beach 5* (Пафос), Melissi Beach 4* (Айя Напа) және Atlantica Oasis 4* (Лимассол).
Барлығы қосылған жүйесі демалыс шығынын жоспарлауға және орташа табысты отбасыларға қаржыны айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.
Соңғы кездері Грецияда көп өзгерістер орын алды. Бұл туризм саласындағы жаңалықтарға да қатысты. Туризм министрінің орынбасары Георгиос Никитиадис All inclusive жүйесін пайдалануды шектеуді ұсынды. Бұл инвестициялар туралы заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан субсидия алатын қонақ үйлерге қатысты. Оның жаңа басылымы қазір Греция үкіметінде талқылануда.
Өз кезегінде мейманханашылар Федерациясының өкілдері жаңалыққа түсініктеме берді. Бұл жағдайда олар грек қонақ үйлерінің қызметі түрік немесе мысырлықтан әлдеқайда кем болады деп сенеді.
Жалға берілетін үй иелері қауымдастығының өкілдері немесе таверна мен кафе иелерінің пікірлері бөлек. Олар мұндай жаңалықты құшақ жая қарсы алды. Олардың пікірінше, Грецияда демалып, оның көрікті орындарын көруге келген турист қонақ үйдің аумағында жабылып, көше мейрамханасына түскі асқа бармайды, ел ішінде саяхаттау үшін автокөлікті жалға алмайды. Сондай-ақ, қонақ үйден экскурсияға тапсырыс береді, жергілікті клубтар мен кафелердің иелеріне пайда түсіруге кедергі келтіреді деген пікірде.
Кейбір сарапшылар жүйенің әрекет ету уақыты шектелуі мүмкін деп болжайды. Қонақ үйде All inclusive тәулік бойы емес, таңертеңнен кешкі уақытқа дейін қолжетімді болады. Бәрі қамтылған жүйесін алып тастағаннан кейін, туристер жергілікті мейрамханаларды іздестіре бастайды. Желіде қалдырған туристер пікірі бойынша, ешкім аш күйінде, балалармен тамақтандыру орындарын іздестіруге уақыт жұмсағысы келмейді. Қалаған мейрамхана, бос орын әрдайым табыла бермейді. Мәселе - белгілі тағамға қонақ үйдегі стандартты кешкі асқа белгіленген бағадан көп мөлшерде қаражат жұмсау мүмкіндігі. Сонымен қатар, Грецияда All inclusive жүйесінде жұмыс істейтін жоғары деңгейдегі қонақ үйлерде үнемі әртүрлі, теңдестірілген мәзір болады. Мысалы, диетадағы адамдарға, балаларға арналған үстел.
Гректер көңілді өмір салтын ұстанушылар. Жарқын анимациялармен қонақ үйлердегі туристерді де онымен қамтамасыз етеді. Бұл жағынан ол түрік қонақ үйлеріне ұқсайды.
All inclusive қонақ үйлеріндегі демалушылар жатақтар мен қолшатырларды тегін пайдалана алады. Бұл жеке жағажайлары бар қонақ үйлерге қатысты.
Осылайша, туристік қызмет мемлекет пен тұрғындарға айтарлықтай табыс әкелетін кейбір елдерде All inclusive жүйесі өзін жақсы дәлелдеді. Ол демалуға келген қонақтарға да, мейманханашыларға да ыңғайлы болып табылады. Грецияның туризм министрінің орынбасары жақында айтылған ұсынысы мемлекеттік субсидиялар қолданылатын қонақ үйлерде All inclusive жүйесін жою туралы. Бұл ұсыныс туризм сферасында қызмет атқаратын адамдардан, мейманханашылардан немесе жағалаудағы дәмханалар мен мейрамханалар иелерінен кері байланысқа себеп болды. Алайда, Грецияда All inclusive идеясының іске асуы Түркиядан ерекшеленеді. Грецияға келетін болсақ, бұл жүйенің жойылуы кафелер мен мейрамханаларда тамақтану шығынын қалтасы көтермейтін туристердің басқа елдердегі демалыс ұсыныстарын қарастыруына себеп болуы мүмкін.
Испанияда All inclusive жүйесі жақында, әсіресе туристердің басты мақсаты экскурсия болып табылатын материкте дами бастады. Сондықтан HB тұжырымдамасы Испаниядағы демалыс үшін қолайлы болды. Алайда, соңғы жылдары Испаниядағы теңіз жағалауындағы қонақ үйлер бұл жүйені кең қолдануда. Бұл негізінен жыл сайын жазғы демалыстар үшін испан курорттарын таңдайтын ресейлік туристер сұранысының әсерінен.
Испаниядағы All inclusive жүйесінің ерекшеліктері:
oo Қонақ үйлерде All inclusive тәулік бойы емес, негізінен 22:00 -23:30-ға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
oo Испаниядағы барлық жағажайлар муниципалдық болғандықтан, күн сайынғы жатақ пен қолшатырларды қолдану үшін қосымша қаражат қажет.
Каталонияда All inclusive санатындағы 60-тан астам қонақ үйлер 2-4 жұлдызды. Ең танымалылары Коста Дорада, Коста Барселона және Коста Брава курорттарында: Estival Park 4* қонақ үйі, Best Hotels қонақ үйі (Коста Дорада) және H.TOP. Ал Майоркада 80-нен астам 3-5 жұлдызды қонақ үйлер Бәрі қамтылған жүйесі бойынша қызмет атқарады.
Испания қонақ үйлерінде ұсынылатын сусындар ассортиментіне байланысты бұл жүйені 3 түрге бөлген:
oo Стандарттық Al - шектеусіз алкогольді және алкогольсіз сусындар (жергілікті).
oo Al Premium - шектеусіз жергілікті алкогольді және алкогольсіз сусындар + шектеулі премиум брендінің алкогольді сусындары (Whiskey, Vodka, Gin, Rum, Brandy, Irish Cream,алкогольсіз сусындар);
oo Al Gold - шектеусіз алкоголь және алкогольсіз сусындар (жергілікті өндіріс) + премиум брендтері мен қосымша сусындардың кең таңдауы (Whiskey, Vodka, Gin, Rum, Brandy, Irish Cream, алкогольсіз сусындар мен кофе түрлері).
Испанияның Балеар архипелагының Майорка, Менорка, Ибица және Форментера аралдарындағы қонақ үйлер Барлығы қосылған жүйесінен бас тарту мәселесін қарастырды. Осындай түбегейлі шаралармен қонақ үйлер аумағында шектелмеген мөлшерде, тегін алкогольді сусын ішіп, маскүнем туристердің ықпалымен болған көптеген жағымсыз жағдайларды шешуге тырысуда. Алкогольді сусындар ақылы болса, келеңсіз жағдайлар аз орын алады деп болжанып отыр. Бұл, әсіресе, Ұлыбритания азаматтарына қатысты. Нәтижесінде, All inclusive жүйесін қалдырып, қызметтердің қатарынан тегін алкогольдік сусындарды алып тастау нұсқасы ұсынылды. Қонақ үйлерді бұл жүйеден бас тартуға ынталандыру үшін испандық архипелаг үкіметі алкогольді сусындар мен тағамдарға арналған пластикалық ыдыстарды және бір реттік пластиналарды, сабандарды қолдануға тыйым салатын заң жобасын дайындау барысында, сондай-ақ экскурсиялар мен қайық сапарларында туристерге ішімдік ішуге тыйым салады.
Италияда Бәрі қамтылған айтарлықтай танымал емес. Бұл елде тағамдар ассортименті кең, асханасы сан алуан болғандықтан, туристер жергілікті таверналарда және мейрамханаларда тамақтанғанды қалайды. Алайда, кейбір итальяндық қонақ үйлерде All Inclusive - HB All Inclusive Treatment және FB All Inclusive Treatment жүйелері ұсынылады. FB-де турдың құны үш рет тамақтануды Таңғы ас, түскі және кешкі ас + тамақтану барысында сусындар (1 стақан су + 1 стақан шарап немесе сыра) + жағажай жабдықтарын (2 жатақ + 1 қолшатыр) қамтиды.
Ерекшеліктер:
oo Итальяндық қонақ үйлердегі мини-барлар қосымша қаражатты қажет етеді;
oo Италиядағы барлық жағажайлар муниципалдық болғандықтан, туристерді тарту үшін қонақ үйлер балалар мен ересектерге арналған көптеген қызметтер мен ойын-сауықтарды ұсынады, мысалы, жағажайлық мини-клубтар;
oo жағажайлардағы жатақтар мен қолшатырлар аймаққа және қонақ үй концепциясына байланысты ақылы немесе тегін беріледі. Теңіз жағалауының бірінші қатарындағы жатақтар әрқашан қосымша ақы үшін және қымбат.
Хорватия қонақ үйлерінде All inclusive емес, HB (таңғы және кешкі ас) жүйесі кең қолданылады. Мұнда Барлығы қосылған 5* емес, 3* және 4* санаттағы қонақ үйлерге тән.
Хорватиядағы All inclusive - таңғы, түскі, кешкі ас (швед үстелі), сонымен қатар тәулік бойы хауыз жанындағы барлардағы сусындар (шарап, сыра, алкогольсіз сусындар, кофе, шай) және тісбасарлар. Бардағы алкогольді және алкогольсіз сусындар жергілікті өндірістік болып келеді.
Қонақ үйлерде аптасына бір немесе бірнеше рет тематикалық тамақтандыру ұйымдастырылады. Кейбір 4* қонақ үйлер күні бойы балаларға тегін балмұздақтар мен сусындар ұсынады. Хорватияда таңғы, түскі, кешкі ас және тамақтандыру барысындағы жергілікті алкогольді, алкогольсіз сусындарды қамтитын Light all Inclisive жүйесі бар.
Қонақ үйдің мүмкіндіктері мен деңгейіне байланысты түрлі теннис, үстел теннисі, шағын гольф, велосипед, баскетбол, бильярд, дартс, түрлі ойындар (шахмат, домино, карталар), күндізгі және кешкі ойын-сауық, анимациялық бағдарламаларды қамтиды.
Бүгінгі күні Бәрі қосылған теңіз бар жерде ғана емес, басқа да мүмкіндіктер қамтамасыз етілген жерде әдеттегі іске айналды. Мысалы: Норвегия мен Болгарияда шаңғышыларға арналған жүйе серпін алуда, оның ішінде қонақ үй мен азық-түлікке қоса, көтергіш құрылғыларға рұқсатнама, бір трассадан екінші трассаға өтуге мүмкіндік беру, жөндеуге, кептіруге және жабдықтарды күтуге арналған сервис ұсынылады.
Көбінесе демалысты жоспарлауда туристер екі жүйенің: Барлығы қосылған және Толық пансион арасында таңдау жасайды. Әрине, Толық пансион - ең алдымен, күніне үш рет тамақтану ғана және All inclusive жүйесіндегі қызметтердің тізімін қамтымайды. Хауыз жанындағы аниматорлар мен жаттығу залын қолдану мүмкіндігін маңызды емес деп санайтын туристер де бар. Толық пансион жүйесі All inclusive сияқты белгілі бір экономикалық пайдасы бар және кешкі асқа немесе түскі асқа кафе, мейрамхана іздеу секілді қажетсіз алаңдаушылықтардан арылуға мүмкіндік береді.
Бәрі қосылған форматындағы ең танымал бағыт - Түркия. Қазіргі таңда демалысқа тамақтандыру, сусын, алкогольді сусындар, аниматорлар мен ойын-сауық бағдарламасы, моторсыз спорт түрлері, жаттығу залы, сауна немесе түрік моншасы кіреді (қызметтердің нақты жиынтығы қонақ үйге байланысты ) [8].
Түркияның тау шаңғы курорттарында да All inclusive жүйесі енгізілген. Тау шаңғы курорттарында тамақ, сусын және ойын-сауық, сонымен қатар нұсқаушы қызметтері, монша ұсынылады.
Туркияның All inclusive идеясын жылдам қабылдаған және оны өзіне бейімдеген ел - Болгария. Мұнда, әрине, әрбір қонақ үй бұл жүйеде жұмыс істемейді, дегенмен, мұндай қонақ үйлер жеткілікті, сондықтан Болгария алаңсыз демалуға арналған ел деп аталады. Болгариялық жағажай қонақ үйлеріндегі қызметтердің ауқымы жалпы Түркиядағыдай.
Болгариядағы тау шаңғы курорттарының көптеген қонақ үйлері (Банско, Боровец, Пампорово) орналастыру және тамақтандыруды ұсынады. Бұл демалыс түріне алкогольді және алкогольсіз сусындар, таңғы ас, түскі және кешкі ас, кеш таңғы ас, шаңғы базасына тегін автокөлік, балаларға күтім жасау, әртүрлі қосымша қызметтер мен ойын-сауық және шаңғы жабдықтарын күту жатады.
Чехияның тау шаңғы курорттарында All inclusive жүйесі жоқ, алайда жабдықтарды жалға алу, шаңғы сабақтары және шаңғы бумаларын сатып алу мүмкіндігі бар.
Чехияның бальнеологиялық курорттарына келетін болсақ, олар Толық пансион + емделу немесе Толық пансион + демалыс бағдарламаларын ұсынады.
All inclusive жүйесінің тағы да бір мұрагері - Тайланд. All inclusive жүйесіндегі қонақ үйлер бұл елге түрік мейманханашылары мен басқарушы компаниялардың келуімен пайда болды. Жалпы алғанда, Тайландта мұндай қонақ үйлер көп емес, ең маңыздысы - бүкіл демалысты қона үйде өткізу емес, көптеген мейрамханалар, клубтар, барлар мен ойын-сауық орталықтары барлық тай шипажайларында бар. Сонымен қатар, Тайландтағы бағалар Оңтүстік-шығыс Азияның барлық елдеріндегідей төменірек.
Оңтүстік-шығыс Азиядағы All inclusive бойынша және жанұялық демалысқа арналған тағы бір орын - Қытайдың Хайнань аралы. Хайнаньдағы қонақ үйлерде Түркиядағыдай анимация жоқ.
All inclusive туралы айтатын болсақ, Біріккен Араб Әмірліктерін ұмыту мүмкін емес. Бұл елдегі All inclusive Түркияның Бәрі қамтылған жүйесіне ұқсамайды. Мұнда алкогольді сусындар шектеулі мөлшерде ұсынылады. Демек, Біріккен Араб Әмірліктерінің қонақ үйлерінде демалуға келетін туристер санаты жағымды жағажай демалысының, сондай-ақ спорт және ашық ауада демалудың әуесқойлары.
All inclusive жүйесі бойынша демалыстың жеке санаты - аралдар: Мальдив аралдары, Маврикий, Сейшел, Лангкави (Малайзия), Бинтан (Индонезия). Мұнда тұжырымдама ерекшеленеді, бұл әлдеқайда тыныш, жайбарақат демалыс.
Ресейде Бәрі қамтылған жүйесін қолдану тәжірибесі қызықты. Ресейлік туристік индустрия одағының (PCT) вице-президенті Юрий Барзыкинның айтуынша, бүгінгі таңда Ресейде қонақ үйлердің 10%-ы All inclusive жүйесі бойынша жұмыс атқарады. Сарапшының айтуынша, бұл жүйені енгізген ресейлік курорттар Түркияға және Египетке баратын туристерді қызықтыруға мүмкіндік береді. Алайда, ресейлік All inclusive қымбат. РСТ вице-президентінің айтуынша, отандық All inclusive бойынша үш жұлдызды қонақ үйде бір күннің құны шамамен 3,5 мың рубльді құрайды.
Баға диапазоны белгілі бір туроператорға байланысты, алайда орташа есеппен шетелде бюджеттік ұсыныстар ең тиімді болып қала береді. Мәселен, мамыр айының соңында Анападағы Бәрі қамтылған жүйесі бойынша төрт жұлдызды қонақ үйде екі ересек адамға 1 апталық демалыс үшін ірі туроператорлардың бірі 64-80 мың рубльге дейін тур ұсынады. Сонымен қатар, Анталияға апталық тур сол туроператорда 34-150 мың рубльге дейін тұрады.
Басқа туроператор Анапаға 139 мыңнан 215 мың рубльге дейін, ал түрік курорттарына 33 мыңнан 42 мың рубльге дейін жолдамалар ұсынады (талап етілетін шарттар бірдей).
All inclusive қонақ үйіне турды сатып алғанда, ұсынылған тегін қызметтердің бүкіл спектрін және оларды алу тәртібін мұқият зерделеу артық емес. Себебі, түрлі қонақ үйлерде жүйе әртүрлі. Бір жерде алкоголь сусындары таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін тегін, ал кейбір жерде таңғы 11-ден түңгі сағат 1-ге дейін ұсынылады. Кейбір қонақ үйлерде күні бойы балмұздақты тегін жеп, табиғи таза шырындарды ішуге болады, ал басқа қонақ үйлерде оған ақша төлеуге тура келеді. Сол сияқты ойын-сауық және қосымша қызметтер саласында айырмашылықтар бар. Сондықтан, турды сатып алудан бұрын қызықтыратын барлық сұрақтарды қоюға болады. Егер сатушы толық ақпаратпен қамтамасыз ете алмаса, оны қонақ үйдің веб-сайтынан немесе қонақ үйге хабарласып сұрастыру қажет [10].
Осылайша, All inclusive форматындағы демалыс қонақ үй санатына, қонақ үй орналасқан елге байланысты түрлі ерекшеліктерге ие. Мәселен, 2 және 3 жұл - дыз - - ды қонақ үйлер туристерге үш реттік ас берумен қатар, күні бойы тегін сусындарды ұсына алса, 4 жұлдызды қонақ үйлерде туристерге 4 реттік ас, 10 түрлі салат пен 10 түрлі ыстық тамақ, мұнымен қоса, күні бойы тегін шай мен дәмді тоқаштар ұсынылады. 5 жұлдызды қонақ үйлер жоғарыда айтылған қызметтерден бөлек, шетелдік шараптарды тегін ұсынады. Сонымен бірге қонақ үйдің кең инфрақұрылымын қолдануға мүмкіндік беріледі.

1 ТҮРКИЯДАҒЫ ALL INCLUSIVE ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Түркиядағы туризмнің даму жағдайы

Қазіргі уақытта туристік жолмен дүниежүзінің бірқатар мемлекеттері жақсы дамып, мемлекеттік бюджетке көптеген кіріс кіргізуде. Олардың қатарында туристік жолмен көптеген елдермен тығыз байланыс орнатқан Түркия мемлекеті де бар. Бұл мемлекетте туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономикалық саласы болып табылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМДЕГІ ЛОГОПЕД - ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ РӨЛІ
Қонақ үй қызметінің жетілдірілуі, негізгі бағыттары
Қызмет көрсету деңгейі бойынша жұлдыздардың санын анықтау
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Қонақ үйдің шығу тарихы
Қонақ үйлік қызметтер
Туркия мемлекетiндегi туризм орталықтары, мәдени және тарихи байлықтар орталығы
Түркия елінің беделді қонақ үйлерінің тур пакеттері
Толық сервисті мейрамханалар
Пәндер