Мемлекет алғашқы президенті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазіргі қазақстан тарихы және рухани дене тәрбиесі кафедрасы

№2 СЕМЕСТРЛІК ЖҰМЫС

Пәні: Қоғамның саяси құқықтық және әлеуметтік рухани негізі
Тақырыбы: ҚР ұлтаралық келісім саясаты
Мамандығы: 5В071800 - Электроэнергетика
Орындаған: Ахмет Ерасыл Тобы: ЭЭк-18-6
Қабылдаған: Әбдіқалық А. Ә., аға оқытушы

Алматы, 2019ж
Жоспар:
I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекет болып қалыптасу кезеңдері
2.2. Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту
2.3. Қазақстан халқының Ассамблеясы - біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер



Кіріспе:
Қазақстан - бүгінде 40-тан астам конфессияларда біріккен 130-дан астам этнос достықта және келісімде өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет.
Біз Қазақстанның барлық тәуелсіз жылдары бойы түрлі этникалық топтардың арасындағы келісімді сақтай алдық. Қазақстанда посткеңестік кеңістікте орын ала бастаған ұлтаралық жанжалдардың қаупін дер кезінде бағалай алдық. Мұны ең бірінші мемлекетіміздің алғашқы басшысы Н.Ә. Назарбаев түсінді.
Қоғамда тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің ішкі саясатының бағытының негізгі ірге тасына айналды.

Бізде өте ұзақ уақыт бойы халықтар арасындағы өзара қатынастардың ерекше дәстүрі қалыптасқан. Бүкіл әлемде қазақстандық этникааралық келісімнің үлгісі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдырдың еркімен біздің ортақ отанымыздың территориясына келген барлық этникалық диаспораларға қазақтардың төзімді және шыдамды қатынасы жатыр.
Мысалы, славяндық халықтардың басым көпшілігі Қазақстанға XIX -- XX ғасырлар тоғысында Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруаларды жаппай көшіру жылдары келген.

Сталиндік тоталитарлы тәртіп жылдары байтақ Қазақстанымызға он мыңдаған саяси тұтқындар келді. Қазақстан лагерлі республикаға айналды.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдары бұрын Қиыр Шығыс, Күнгей Кавказ, Солтүстік Кавказ, Қырым, Еділ арнасы және т.б. жерлерден соңды болып көрмеген жаппай жер аударулар басталды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру, жаппай кеңестік индустриялдық құрылыс жылдары жүз мыңдаған жастар Қазақстанда жаңа Отандарын тапты.
Кез келген осы сатыларды қазақтар қоныс аударғандарды ерекше жылулықпен және жайдарылықпен қарсы алғандарын еске сала кету қажет. Ең күшті дағдарыс кезеңі республикада өткен жүз жылдықтың 90-шы жылдарының бірінші жартысына тұс келді. Бұл мемлекеттіліктің өркендеу кезеңі болатын. Шетелдік мемлекеттермен байланыстар орнатылу үстінде болды.

Республиканың алғашқы Конституциясы қабылданды. Жеке валютасы енгізілді. Елдің экономикасы аса қиын дағдарысты басынан өткізіп жатты, қоғамда әлеуметтік мәселелер асқынды. Халықтың республикадан тыс жерлерге кету процесі басталды. Отандастарымыз мемлекеттен тыс жерлерде өздеріне жақсы тағдырлар іздеуді бастады. Немістер - Германияға, гректер - Грекияға, орыстар - Ресейге, украиндықтар - Украинаға және т.б. жақтарға кетіп жатты. Қоғамда тіл, азаматтық және көші-қон мәселелері көтерілуіне байланысты елдегі жағдай шиеленісе түсті.
Қазақстан Республикасының мемлекет болып қалыптасу кезеңдері
Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі - Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.
Дамыған, өркениетті қоғам құру, құқықтық мемлекет пен толыққанды азаматтық қоғам қалыптастырыу қай елде болмасын, сол мемлекетте ұлттар мен халықтардың татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде 3000-ға жуық ұлттар мен ұлыстар өмір сүріп отыр. Олар екі жүзден астам мемлекетке біріккен. Әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігі бірыңғай бірұлтты емес, көп ұлтты. Әлемнің аймақтарының халқы барған сайын этностық құрамы, мәдениеті мен өмір салты бойынша әркелкілене (әр түрлі бола түсуде) түсуде. Бұл шаруашылық пен қоғамдық өмірдің интернационалданрылуының, халықаралық және ішкі мемлекеттік көші-қонның өсуі мен некенің санының артуының нәтижесі. Бұл заңды процесс болып табылғанымен, өкінішке орай көп жағдайда ұлтаралық шиеліністің күшеюіне, кейде тіпті қан-төгіске әкеленетін ашық дау-жанжалдарға да алып келіп ұрындыруда. Соған байланысты, ұлтаралық келісім мен татулық қазіргі таңда қоғамдағы көкейтесті мәселенің біріне айналып отыр.
Біздің ортақ отанымыз - Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны - елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр, -- деп алғашқы Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр. Еліміздің ұлттық құрамына тоқталсақ, Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар -- 2962,1 мың, украиндар -- 444,7 мың, өзбектер -- 433,5 мың, ұйғырлар -- 231,4 мың, татарлар -- 229,1 мың, немістер -- 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар -- 58,9% және орыстар -- 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады. 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер -- 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар -- 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар -- 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар -- 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар -- 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды.
2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[16].
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
Діні Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.
Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі - тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі - оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.
Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі - Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі - нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту
Қазіргі Қазақстан - бұл бұрынғыдан өзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған тәуелсіз мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.
Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу - өмірлік маңызды мәселе болып саналады. Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да өзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан өткеріп отыр. Бұл жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту өзекті мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар.
Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі - осы жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық. Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті - барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы және Еуропа мемлекеттері арасындағы байланыс
Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ
ТМД елдерімен қарым-қатынасы
Қазіргі таңдағы Қазақстан - Түркия арасындағы экономикалық қарым - қатынастары
Қазақстан – президенттік Республика: ерекшелігі
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Қазіргі заман тарихындағы даму көрсеткіштерін жылдар бойынша сараптау
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Пәндер