Тұз ерітінділерін индикатормен тексеру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
 
 

 
 
 
Химия пәнінің лаборатория жұмыстарын жүргізуге арналған оқулыққа қосымша
әдістемелік құрал
 
 
 
 
Химия-биология пәнінің мұғалімі: Тажбекеева Р.Т
 

Астана 2013
Кіріспе
    Оқулыққа қосымша әдістемелік құрал орта мектеп мұғалімдеріне және 8-11
сынып оқушыларына арналған. Бұл химия пәнінің лаборатория жұмысын жүргізуге
арналып, жоғарғы оқу орындарына түсушілерге химия пәнін толық қайталап
шығуға Г.П.Хомченко Химия оқулығына сәйкес бейімделген. Сол себепті
әдістемелік құрал мектеп оқушыларынан басқа, колледж оқушыларына да
пайдалануға болады.
   Әдістемелік құралда химия пәнінің: әуелі химияның жалпы теориялық
негіздері (I-бөлім), сонан соң,  соның негізінде бейорганикалық (II-бөлім) 
 материалдарын қамтитын лаборатория жұмыстары келтірілген: , жұмыстар
жартылай микроәдісімен орындалады.
 
    Жартылай микроәдіс дегеніміз – макро және микроәдістердің аралығындағы
әдіс, яғни тәжірибелерді жүргізгенде реактивтердің ең аз мөлшерін
пайдаланады: ерітінділердің көлемі 0,1–0,3 мл-ден аспайды. Құрғақ заттардың
мөлшері, макроәдіспен салыстырғанда 20–50 есе аз алынады, ал ыдыстарға
келсек 4-6 мл-лік пробиркалар, 50-100 мл стакандар толығымен жеткілікті.
               Жартылай микроәдістің құндылығы:
1)    Жұмыс жүргізуге уақыттың ұтымдылығы: макроәдіспен салыстырғанда,
қолданылып отырған әдіспен екі есе көбірек(бірдей уақытта) тәжірибелер
жүргізуге болады;
2)    Реактивтерді үнемдеп, шығымын қысқартады;
3)    Жинақты, ұқыпты, тез және үлкен дәлділікпен жұмыс жасауға үйретеді;
4)    Жұмысты суырғыш (вытяжной) шкафсыз, су құбырынсыз орындауға
мүмкіншілік береді;
5)    Жартылай микроәдіске өту өте жеңіл орындалады. Ол үшін өте арзан,
құрылысы жөнінен жай қондырғыларды керек етеді, яғни: үлкен пробиркаларды
кішкентайларға (4-6 мл-ліктерге), реактивтік ыдыстарды пипеткалармен
ауыстыруға болады, тек штатив қажет. Кейбір реакцияларды жай шыны
пластинкаларда да жүргізуге болады;
6)    Өте аз мөлшердегі реактивтермен жұмыс жасау – қазіргі нарық
экономикасына сәйкес лаборатория жұмысының ғылыми деңгейіне жауап береді.
 
 
                       
 
 
 
 

Реактивтер, ыдыстар, қондырғыштар
    Нұсқауда келтірілген барлық жұмыстарды орындау үшін, барлығы 60 реактив
қажет. Ол реактивтерді сақтайтын сатылы жәшік-штатив  жасауға  болады.
Жәшік-штативті өздеріңе ыңғайлы етіп құрастыруға болады, тек ескеретін
жағдай жәшіктің әр полкасына реактивтер склянкаларын  қоятын 15-20 ұяшықтар
(гнездо) жасау керек. Қатты реактивтерді және ерітінділерді  ыдыстың
сыртына атын жазып, сол ұяшықтарға орнықтырып қояды. Концентрлі қышқылдар
мен сілтілерді суырғыш шкафта сақтайты.
    Күнделікті қолданылатын сұйық реактивтерді антибиотиктерден босаған
шыныларға (пузырьки) салуға болады. Тек сол шыныларды  резинка немесе
пластмасса тығындары арқылы орнатылған тамшылатқыш пипеткалармен жабуға
болады. Тамшылатқыш пипеткаларды өздеріңізге жасауға болады, ал құрғақ
реактивтерді сол шыныларға (антибиотиктен босаған) салып, резинка тығынмен
жауып қояды. Шыныдан немесе металдан микрошпатель (микроқасық) жасауға
болады. Жасалған микроқасықты резинка тығынға орнатса дұрыс болады.
Микроқасықты шыныдан жасау үшін, диаметрі 2 мм шыны таяқшаны горелка
жалынында жұмсағанға дейін қыздырып, сосын қышқашпен (плоскогубцы) қатты
қысса, таяқша жалпайып,  микроқасық (микрошпатель) дайар болады. Ал
алюминий таяқшасын (диаметрі 2мм) қызарғанша қыздырып, ол жұмсағанда
темірдің үстіне салып балғамен ұрса микроқасық болады.
    Пробиркаларды пробиркаға арналған штативте сақтаған жөн. Жұмыс
жүргізуге түбі сүйірлеу келген пробиркалар ыңғайлы, себебі, аз мөлшердегі
химиялық процесс кезіндегі өзгерістерді (тұнба түсу, түсінің өзгеруі,
ерітінділер қабатының пайда болғанын) байқауға жеңіл. Сұйықтықтарды
араластыру үшін шыны таяқша болу керек. Мүмкін болса, колбалар – Эрленмейер
колбасын алған жөн.
 
Жұмысты ұйымдастыру және лаборатория
журналын қолдану
 
    Әр лаборатория жұмысын жүргізу үшін оқушы даярлықты оқулық, жұмысшы
дәптері және лаборатория жұмысына арналған нұсғау бойынша жүргізеді.
Лаборатория жұмысын жүргізген кезде оқушы лабораториялық журналға жазып
отырады. Журналға: жұмыс жүрген күннің, жұмыс тақырыбының реттік санын,
атын, жұмыстың реттік санын, атын, жүргізу тәртібін, реактивтердің санын,
атын, байқаған құбылыстарын, процестің химиялық теңдеуін және жұмыс туралы
қысқаша қорытындысын жазады. Жүргізген тәжірибе негізінде жасалған дұрыс
қорытынды тақырыпты жақсы игеріп, материалдар жақсы түсінгенін дәлелдейді.
 
             
Лаборатория жұмысына даярланғанда және оларды
орындағанда сақтыққа қажет қауіпсіздену
техникасының ережелері
 
   Химиялық реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жүргізу – қауіптілікті
азайтады, бірақ қауіпті жағдай болмайды дей алмаймыз. Сондықтан химиялық
лабораторияда тәжірибе жасайтын әрбір оқушы да, оқытушы да барлық
қауіпсіздік техника ережелерін білу және міндетті түрде орындау қажет.
1.     Химиялық лабораторияда жұмыс жасағанда өте сақтықты орындау
керек.Ұқыпсыздық, аңқаулық, ынтасыздық, химиялық заттардың қасиеттерін және
қондырғылармен жұмыс жасауды білмейтіндік сәтсіз оқиғаға әкелетінін ұмытпау
керек.
2.     Тәжірибе жасауға тек оқытушының ұлықсатымен кірісу керек.
3.      Тәжірибе жүргізгенде, химиялық реакцияға қажетті реактивтер,
олардың концентрациясы және мөлшері, қолданылатын ыдыстары – әдістемелік
нұсқаудағы, сол тақырыпқа арналған жұмысқа көрсетілгендерге сәйкес болуы
керек.
4.     Тәжірибені таза ыдыста жүргізу керек.
5.     Реактивтерді қолданарда олардың ыдысында жазылған атын ұқыптылықпен
оқу керек.
6.     Тәжірибе кезінде улы иісті немесе жағымсыз иісті заттар алынған
болса (мысалы құрамында галогендер, аммиак, күкіртсутекті т.б. заттар бар
немесе қышқылдар ерітіндісін қыздырып, қайнататын болса) ондай жұмысты
суырғыш шкаф ішінде жүргізу қажет.
7.     Қопарылғыш және тез жанатын заттармен немесе концентрлі қышқылдар,
сілтілермен тәжірибе жүргізгенде, қауіпсіздік техника ережелерін орындаумен
қатар, тәжірибені отырып емес, тіке тұрып орындау керек. Бөлінген газды
және буды жандыру керек болса, әуелі оның тазалығына көз жеткізгеннен кейін
ғана орындау керек, әйтпесе газдар қоспасы ауамен араласқанда қопарылуы
мүмкін.
8.     Реактивтерді құйып жатқанда немесе қыздырғанда ыдысқа еңкейіп,
үңілмеу керек, себебі бетке шашырауы немесе сұйықтық қопарылыс беруі
мүмкін. Колбаны, пробирканы немесе стаканды қыздырғанда, олардың ауызын
өзіне немесе кісі өтетін жаққа қаратпау керек.
9.     Егер бөлінген газдың иісін байқау керек болса, онда алыстан буды
немесе газды қолмен сілкіп, өзіне қарай ығыстырып иіскеу керек.
10.                       Еш уақытта реактивтердің дәмін көруге болмайды,
себебі олар негізінен улы заттар .
11.                       Реакция жүретін пробиркамен жалғанған газ жүретін
түтік қабылдағыш ыдыстағы сұйықтыққа батырылған болса, реакция біткен соң
горелканы пробиркадан айыру үшін әуелі газ жүретін түтікті сұйықтықтан
суыру керек, егер олай жасамаса, горелканы алғаннан кейін пробирка ішінде
қысымның төмендеуімен байланысты, қабылдауыш ыдыстағы сұйықтық газ жүретін
түтік арқылы реакция жүрген пробиркаға атылып кетуі мүмкін.
12.                       Лаборант отыратын бөлмеде өрт сөндіргіш, құм
салған жәшік және аптека болу керек.
13.                       Тез тұтанғыш заттарды бензин, эфир, спирт, бензол
т.б-ды от, жылу көздерінен алыс сақтау керек. Егер жанып, өрт болған
жағдайда асбестпен (егер үстел үстінде болса), немесе құммен жауып сөндіру
керек.
14.                       Газ горелкаларымен және спиртовкалармен жұмыс
жасағанда сақ болу керек. Сәл иісі білінсе, тез газ кранын жауып,барлық
жылу көздерін сөндіру керек. Газ кранын ашпас бұрын сіріңке жағып, ауада
газ жоқ екенін анықтау қажет. Жанып тұрған спиртовкаға қисайтып, екінші
спиртовканы тұтандыруға болмайды. Спиртовканы өшіру үшін оны өзінің
қақпағымен жауып өшіру керек.
15.                       Егер лабораторияда өрт шықса, тез өрт
сөндіргіштерді шақыру қажет. Өрт сөндіргіштер келгенше құммен, өрт
сөндіргішпен, сумен сөндіре беру керек.
16.                       Егер қышқылмен немесе сілтімен бетін, қолын
күйдіріп алса, тез бірінші көмекті көрсетіп, онан кейін медпунктке баруына
көмектесу қажет.
17.                       Қауіпсізд ену техника ережелерімен толық
танысқаннан кейін, әр танысқан оқушы, оқытушы немесе лаборант арнайы
журналға танысқанын білдіріп қолын қояды.
18.                       Лаборатор ияда ақ халат киіп жүреді, халатсыз
лаборатория жұмысын жүргізуге болмайды.   
 
                                      
 
Лабораторияда сәтсіз жағдай болғанда көрсететін   бірінші көмек
 
1.     Шыны сынығымен кесіп алған жағдайда әуелі кесілген жерде шыны сынығы
қалмағанын анықтау керек. Онан кейін кесілген жерді мақтамен
сүртіп(спиртпен батырылған), иодпен майлап, сосын марлімен байлау керек.
2.     Ыстықпен күйген жағдайда күйген жерге калий перманганатының
(марганцовканың) концентрлі ерітіндісіне батырылған марлімен байлау керек
немесе күйгенге қарсы маймен майлап қою керек. Егер перманганат ерітіндісі
немесе май болмаса, күйген жерге натрий гидрокорбонат (ас содасын) сеуіп,
салқын суға батырылған марлімен байлау керек.
3.     Қышқылмен немесе сілтімен бет, қол, аяқ күйген жағдайда әуелі тез
кран суымен 5 минуттай жуу керек, сосын қышқылмен күйген кезде ас содасының
2% ерітінсімен немесе нашатырь спиртінің әлсіз ерітіндісімен жуу керек;
    Сілтімен күйген жағдайда сірке қышқылының немесе лимон қышқылының 1%
ерітіндімен жуу керек. Сонан кейін екі жағдайда да спиртке батырылған
марлімен байлау керек.
    Көзге қышқыл немесе сілті тиген жағдайда әуелі крандағы судың көп
мөлшерімен көзді жуу керек, сонан кейін көзге өышқыл тиген жағдайда ас
содасының әлсіз ерітіндісімен жуу керек.
   Сілті тиген кезде бор қышқылының 1% ертіндісімен жуу керек. Бірінші
көмек көрсетіп болған соң жақын жердегі медпунктке немесе поликлиникаға
апару керек.
   Әр жұмысты жүргізер алдында оқытушы орындалатын жұмыстың ерекшелігіне
көңіл аударып, қауіпсіздік техника  ережелерін қайталап,  сол жұмыста
кездесетін қауіпті кезеңдерді атап, оқушыларды ескерту керек.
  
Лабораторияда бірінші көмек көрсетуге
қажет аптечкадағы дәрі-дәрмектер
 
1.     Бинт (марлі);
2.     Ылғал жұтқыш мақта;
3.     Лейкопластырь;
4.     Иодтың 3%-ті спирттегі ерітіндісі;
5.     Ұзындығы 40-50см резинка түтігі(жгут);
6.     Көз жуу үшін шыны тостағанша;
7.     Пипетка;
8.     Пинцет;
9.     Дәрі ішуге қажет өлшеуіш стакан          (мензурка);
10.                       Калий перманганатының 2%-ті ерітіндісі;
11.                       Натрий гидрокарбонатының (ас содасының) 1%
ерітіндісі;
12.                       Сірке қышқылының 1%-ті ерітіндісі;
13.                       Бор қышқылының 2%-ті ерітіндісі;
14.                       Глицерин;
15.                       Вазелин;
16.                       Сульфидин эмульсиясы;
17.                       Вишневски й майы;
18.                       Эфирвалер иан;
19.                       Нашатырь спиртінің 10%-ті ерітіндісі;
20.                       Этил спирті.
 
 
 

I бөлім
Электролиттік диссоцияциялану
теориясының негізі
 
№1жұмыс
Электролит ерітінділерінің аяғына дейін
жүретін өзара алмасу реакциясы
 
    Қондырғылар мен реактивтер: Пробиркалары бар штатив, натрий
сульфатының, барий хлоридінің, натрий карбонатының, қорғасын ацетатының,
калий иодидының, мыс сульфатының, темір хлоридінің, күкірт және тұз
қышқылдарының, натрий гидроксидінің ерітінділері.
 
№1 тәжірибе
Реакция аяғына дейін жүрген жағдайда
 
   Тұздардың және негіздердің судағы ерімділігі туралы кестені пайдаланып,
жоғарыда көрсетілген тұздардың, қышқылдардың, сілтілердің ерітінділерінің 
өзара әрекеттесіп: а) тұнба түзуге, б) газды заттарды бөлуге, в) аз
диссоцияланатын заттар түзуге әкелетіндерін таңдаңдар.
   Химиялық реакциялардың теңдеулерін молекулярлық және ионды түрде
жазыңдар.
Тәжірибелік тапсырма
 
1.     Мына ионды теңдеулермен көрсетілгендердің малекулярлық теңдеуін
құрып, тәжірибе жүргізіңдер:
                      а) Ba2++SO42- =BaSO4
                      б)Zn2++2OH- =Zn(OH)2
                      в)Ca2++CO32-=CaCO3
      2. Келесі тұздардың ерітінділерін араластырыңдар:
  а) күміс нитратын және барий хлоридін;
  б) натрий корбанатын және барий хлоридын;
  в)калций нитратын және барий хлоридын
        Көрсетілген реакциялардың қайсысы аяғына дейін жүреді?
      Реакциялардың малекулярлық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
 
№2 жұмыс
Тұздардың гидролизі
   Қондырғыштар мен реактивтер: пробиркасы бар штатив, горелка, қызыл және
көк лакмус қағаздары, натрий карбонатының, калий сульфидінің, мыс
сульфатының, аммоний хлоридының, натрий нитратының, темір хлоридының,
натрий гидроксидінің, алюминий хлоридының ерітінділері.
 

№1 тәжірибе
Тұз ерітінділерін индикатормен тексеру
   Әртүрлі тұздар ерітіндісінің лакмусқа әсерін анықтаңыз. Ол үшін шыны
таяқшамен, қызыл және көк лакмус қағазына  әр ерітіндіден тамызыңыз.
Тұздардың                                 Ерітінділік Қандай
формуласы    орта негіздер мен
  немесе
қышқылдармен
(күшті,
әлсіз)
түзілген

Бейтараптық Қышқылдық Сілтілік    Тұз ерітінділерінің 
индикатордағы бояу түсі:
 
Ескерту: ерітіндінің  рН  ортасын + немесе - таңбаларымен
белгілеңіз. Ерітінділері қышқылдық немесе негіздік реакция көрсеткен
тұздардың гидролиздену реакцияларының теңдеуін жазыңыз. Реакция теңдігін
малекулалық немесе иондық түрінде жазыңыз. Иондық теңдеудің қысқартылған
түрін пайдаланып, индикатор бояуының өзгеруіне қандай ион әсерін
тигізетінін көрсетіңіз.
 
№2 тәжірибе
Аллюминий карбонатының тұздарын алу және оның гидролизі
   3-4 тамшы аллюминий тұзының ерітіндісіне сондай көлемді натрий
карбонатының ерітіндісін құйыңыз. Ақ аморфты тұнба түзілгенінжәне
СО2 көпіршігінің бөлінгенін байқайсыз. Байқағаныңызды жазыңыз.
    Мына реакциялардың теңдеуін жазыңыз: аллюминий тұзының натрий
карбонатымен әрекеттесуін; аллюминий карбонатының сумен
әрекеттесуін;реакциялардың бірінші және екінші теңдеулерін біріктіріп,
қорытынды теңдеуінкөрсетіңіз. Оны иондық түрде жазыңыз.
 
                                         
№3 тәжірибе
Мыс сульфаты ерітіндісінің сілтілік гидролизі
   Мыс сульфатының 3-4 тамшысына натрий гидроксидінің 6-8 тамшысын қосыңыз
да пробирканы қыздырыңыз. Сонда тұнбаның қарайғанын байқайсыз.
   Тәжірибені қайталаңыз, тек мыс сульфатының 3-4 тамшысына натрий
гидроксидінің  2 тамшысын қосыңыз да, пробирканы қыздырыңыз. Сонда түсі
өзгереді ме, жоқ па? Байқағаныңызды жазыңыз.
   Төмендегі реакция теңдеулерін малекулярлық және иондық түрінде жазыңыз:
мыс сульфатымен натрий гидроксидінің  артық мөлшерімен әрекеттесуінің; мыс
гидроксидін қыздырғанда ыдырауының; мыс сульфатының натрий гидроксидімен
және сумен әрекеттесуінің нәтижесінде мыстың негіздік сульфатының
түзілуінің.
 
Тәжірибелік тапсырма
1.     Мына тұздар ерітіндісінде индикатор фенолфталеиннің түсі өзгереді
ме: Na2S, Na3PO4, Al2S3? Болжамыңызды тәжірибе жүзінде дәлелдеңіздер және
тұздардың гидролиздену теңдеуін молекулярлық және иондық түрінде
көрсетіңіз.
2.     Үш номерленген пробиркаға хром (III) нитратының, натрий силикатының,
калий хлоридінің ерітінділері құйылған. Индикатордың көмегімен қай
приборкада қайсы тұздың ерітіндісі екенін анықтаңыз. Тұз ерітінділерінің
ортасын көрсетіңіз.
 
II   Бөлім
Азот және Фосфор
№3 жұмыс
Азот және фосфор қосылыстарының қасиеттері Минералды тыңайтқыштар
   Қондырғылар мен реактивтер: темір штатив және оған қондырылған қыстырғыш
(зажим) және дөңгелек ұстатқыш(кольцо), пробиркалары бар штатив, горелка,
фарфор келісі, фарфор тостаған, стакан, аммиак алуға арналған қондырғы,
қызыл лакмус қағазы, аммоний хлориды, сөндірілген известь (әк), натрий
гидроксидінің, аллюминий қышқылының, барий хлоридының, күміс нитратының,
натрий карбонатының, кальций нитратының,  натрийдің үш орын алмасқан
фосфатының, натрий гидрофосфатының және дигидрофосфатының, кальций
хлоридінің ерітінділері, фенолфталеин.
№1 тәжірибе
Аммикты алу және онымен тәжірибелер
    Фарфор келісіне 0,5г аммоний хлоридін салыңыз да иіскеп, есіңізде
сақтаңыз. Үстіне , иісін есіңізде сақтап, сондай мөлшерде сөндірілген әк
салыңыз .Келідегі аммоний хлориді мен сөндірілген әкті шыны таяқшамен
араластырыңыз, аммиактың иісі сезіледі .Алынған қоспаны пробиркаға салып,
оны тығын арқылы газ жүретін түтікшемен жалғаңыз да, ол жүретін түтікшеге
құрғақ пробирка кигізіп, жалғаған жерін мақтамен тығындағыз, Пробирканы
жайлап қыздырыңыз; өткір иіс сезілгеннен кейін газ жүретін түтікшеге
кигізілетін пробирканы , тығындаған мақтаны алып алыптастап, түтікті
саусақпен жауып тұрып, сәл айналдырып, ұшын төмен қаратып суға батырығыз
да, қолығызды босатығыз, нендей құбылыс жүріп жатқанын байқағыз? Неге
пробиркадағы су деңгейі көтерілді? Қайтадан газ жүретін түтікшені
саусағыңмен су астында жауып , пробирканы судан шығару керек. Неге аммиакты
түбі жоғары қараған пробиркада жинадақ?
     Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз;
а) аммоний хлориді мен сөндірілген әктің қоспасын қыздырғанда жүретін
реакцияның;
б) аммиакты суда еріткенде жүретін реакцияның. Бұл реакция қайтымды процесс
пе? Қандай құбылыстан осындай қорытынды жасалады?
 
№2 тәжірибе
Аммоний гидроксидінің сілтілік қасиеттері
1-ші тәжірибеде алынған аммиак ерітіндісін екі пробиркаға бөліғіз;
а) Екі пробирканың біреуәнен шыны таяқшамен алып, бір тамшысын қызыл лакмус
қағазына тамызыңыз, не байқадыңыз? Сол пробиркаға фенолфталеиннің бір
тамшысын тамызыңыз.
    Лакмус қағазы мен фенолфталеиннің түсінің өзгеруі ерітіндідегі қайсы
ионның бар екенін дәлелдейді? Аммиактың судағы ерітіндісін заттардың қайсы
класына жатқызады?
б) Екінші пробиркадағы аммиак ерітіндісініғ бірнеше тамшысын алып
қайнатығыз да, оның бір тамшысын қызыл лакмус қағазына тамызыңыз.Сонда оның
түсі өзгермейді . Оны қалай түсіндіруге болады?
    Аммоний гидроксидінің электролиттік диссоциациясының схемасын жазыңыз.
№3 тәжірибе
Аммоний гидроксидін тұз қышқылымен  бейтараптау.
    Фарфор тостағына аммиактың судағы ерітіндісін 5 тамшы тамызып, үстіне
тамшылатып сұйылтылған тұз қышқылының ерітіндісін қосыңыз.Сонда қандай
реакция жүргенін анықтау үшін оның бір тамшысын, шыны таяқшамен алып,
лакмус қағазына тамызыңыз.
      Егер ерітінді бейтараптанған болса қызыл лакмус қағазының да, көк
қағазды да түсі өзгермейді.
   Ерітінді бейтараптанып болған соң, оны жай қыздырып буландырыңыз. Сонда
түзілген заттың түсін ,түрін анықтап жазыңыз.
    Аммоний гидроксидін тұз қышқылымен бейтараптанған реакцияның теңдеуін
молекулалық және иондық түрде жазыңыз.
                                            
№4 тәжірибе
Аммоний тұздарын сілтімен қыздырып байқау
   Пробиркаға аммоний хлоридінен 5-6 тамызыңыз да,үстіне сондай мөлшерде
натрий гидроксидін құйып қайнатыңыз. Бөлінген будың үстіне суға батырылған
қызыл лакмус қағазын ұстап,оның лакмусқа әсерін байқаңыз.Сонда лакмус
қағазының түсі қандай болды және қандай иіс байқадыңыз?
   Аммоний тұзының натрий гидроксидімен әрекеттесу реакция теңдеуін
молекулярлық және иондық түрінде жазыңыз.
 
№5 тәжірибе
Фосфаттардың,гидрофосфаттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерітіндінің концентрациясы еріген зат шамасының ерітінді шамасына қатынасы
Натрий сульфаты ерітіндісінін электролизі
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
Есепті шығару жолы
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ
Заттардың химиялык эквиваленті
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Пиксельдік өңдеу
Техникалық препарат құрамындағы қымыздық қышқылдың мөлшерін потенциометриялық анықтау
Пәндер