Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Мазмұны
І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшеліктері ... ... ... ... 5
1.1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама беру ... ... ... ... ... ... .10
1.2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. .15
2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын педогогикалық үрдісте қолданудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі ... .20
2.2 Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын ана - тілі сабақтарында пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3 СТО арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер беруде. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға жаңа технологиятерминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты - оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады.
Зерттеу кезеңдері:
1 кезеңде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, философиялық және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, ғылыми ақпарат айқындалады.
2 кезеңде жинақталған теориялық және дерекі материалдарға жүйелі талдау беріліп, басқа да ғылымдар салаларында жарық көрген еңбеттерді зерттеп, талдау жұмысы жалғастырылады.
3 кезеңде эксперименттік - тәжірибе жұмыстарының нәтижелері жүйелі талқыланып, тұтас педагогикалық үрдісте байқаудан өтіп, ой елегінен өткізілді және әдістемелік ұсыныстар жасалынады.
Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,- деп атап көрсеткен. Біздер болашақ ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.
Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында: Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру - білім берудің түпкілікті мақсаты екендігі айқындалған. Осы орайда, Елбасы Назарбаевтың: ... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, тілін дамытуға жағдай жасау. Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Өйткені, сын тұрғысынан ойлау - ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Аталмыш жобаның негізгі идеялары мен қағидаларына тоқтала кетсем, оқушы өзіне сенудің, ел ертеңін жетілдіре түсудің бірден-бір басты құралы екеніне бүгінде ешкімнің таласы жоқ. Сондықтан да өтілетін әр сабақты белгілі бір мақсатқа негіздеп, оқушының қабілетін, танымын кеңейтіп, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызуымыз керек.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығуды ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі. Сабақта қызығушылықты ояту құрылымы бойынша топқа бөлу, топтастыру стратегиясын, мағынаны тану бойынша венн диаграммасы мен бес жолдық өлең әдістері пайдаланылады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту - сынау емес, шындалған ойлау. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой-өрісін кеңейтеді, еркін ойлап отырып келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, шағын жинақты мектеп алдында тұрған негізгі міндет - ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуын талап етеді.
Зерттеу мақсаты:
Сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды - машықтарды қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау жобасының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау жобасын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
+ оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
+ оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
+ берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.
Зерттеу әдістері: бастауыш сыныптағы оқыту процесін бақылау; алдыңғы қатарлы үлгілі ұстаздардың озат іс-тәжірибелерін жинақтау, талдау, салыстыру, қорыту; педагогикалық эксперимент жүргізу және оның нәтижесін сұрыптау; диагностика жасау.
1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның ерекшеліктері
1.1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама.
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру - деп нақты көрсетілген.
Жалпыұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты да тұжырымдамаға сәйкес төмендегідей: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау.
Бүгінгі таңда жас мемлекетіміздің өркениетке жету жолында әрбір талабына тұғыр боларлықтай білім жүйесінде алға қойылған міндеттер жеткілікті. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламаларға сәйкес, білім беру тұжырымдамасының негізгі мақсаты - білім беру жүйесінің барлық деңгейінде өзін- өзі дамытуға, ойындағы пікірін сауатты жеткізе алатын азаматты тәрбиелеу.
Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады.
Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген:
№
Технологиялар атауы
Авторлары
1
Саралап деңгейлеп оқыту
Қараев Ж.А.,Кобдикова Ж.У.
2
Модульдік оқыту технологиясы
Жампеисова М.М.
3
Дамыта оқыту технологиясы
Тұрғымбаев Т.,Эльконин Д.Б.
Давыдов В.В.,Зайцев В.
4
Проблемалық оқыту технологисы
Монахов М.
5
Ірі блокпен оқыту технологиясы
Шаталов, Эрдниев П.М.
6
Жобалау әдістемесі
Дж. Дьюи
7
Сын тұрғысынан ойлау
Джинни, Л. Стил, С.Крутис, Ч.Темпл
8
Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)
Жүнісбеков Ә.
9
Алдын-ала оқыту технологиясы
Лысенкова А.
10
Тұлғалық гумандық технологиясы
Амонашвили Ш.
11
Шоғырландырып- қарқындап оқыту
(Концентрированно- интенсивное обучение)
Нұрахметов Н.Н.
Абдығалиев К.А.
12
Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы
Ғалиев Т.Т.
13
Интерактивті оқыту технологиясы
Я.А.Каменский
Бұл, әрине, барлық технологиялардың толық тізімі емес.
М.Монаховтың жоғарыда айтылған сөзіннен, технология- оқу үрдісін жобалаудың жүйелік әдісі... Педагогикалық технологияны дұрыс жобалау үшін мынандай 5 элемент керек:
1. Мақсат қою.
2.Болжау. Оқушылар еңбегін болжау дегеніміз: деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өздік жұмысы.
3. Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
4. Логикалық құрылым. Шығын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды.
5. Түзету. Қарастырып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар: оқушылардың көп жіберетін қателері, оқушының оқу стандартты деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шаралар жүйесі.
Сонымен қатар, педагогикалық технологияны құрудың алғашқы сатысы мынандай баптардан тұрады:
1. Мұғалімді әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Мектеп оқулықтарын дайындау жүйесі.
3. Мұғалімнің кәсіпкерлік дайындық жүйесі.
4. Оқу үрдісін жобалау.
5. Оқушының жалпы және оқу жүктемелері.
Нәтижесінде оқу технологиясы осы мақсаттарға жетуі тиіс:
1. Оқушыны илеуге көне қоятын объект деп қарамай, табиғат берген қасиетін, күш қуатын шыңдайтын, қабілетін дамытатын жеке тұлға деп мойындау.
2. Жеке тұлғаның мемлекеттік және жергілікті жердің мүддесін ұштастыруы.
3. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне, бейімділігіне, қабілетіне қарай білім мазмұнын міндетті түрде игеретін деңгейлерін анықтау.
4. Оқушыға Білім туралы Заңға сәкес өз бағасын таңдауға мүмкіндік беру.
5. Жалпы білім беру мекемелерінің көп түрлігін қамтамасыз ететін білім мазмұның құрылымын нақтылау.
Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп есептелінеді. Дегенмен, кейбір ұстаздардың іс - тәжірибелерінде осы технология қолданылуда. Осыған орай біз сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны бастаушы сынып пәндерін оқытудағы мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат еттім.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Солардың бірі оқушыларды жоғары ойлау және сынай ойлау деңгейіне жеткізетін әдіскер жүйесіне арналған Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы.
Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл жобаның негізгі мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымның бірін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты Сорос-Қазақстан қоры арқылы келген бұл технология мектеп тәжірибесіне ене бастады. Сыныптағы балалармен қалай жұмыс жасау керек деген сұрақтың қарапайым жауабы жоқ. Бірақ мұғалім өзін ойы мен сезімі бар адам ретінде қарайтын оқушыны қалыптастыру керек. Я. А. Каменскийдің айтуы бойынша Оқытуда нені үйретсек те, оқытсақ та табыссыз болмас.
Бүгінгі таңда біз демократиялық қоғамда өмір сүріп отырмыз. Осы қоғамдағы жастардың белсенді өмір сүруіне сын тұрғысынан ойлау дағдысымен тапсырманы орындаудың және белгілі бір мақсатқа жетудегі керекті мәліметті таба білу қабілетінің қажет болатындығы анық. Сыни ойлау жаңа, түсінікті идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады - дейді Дэвид Клустер. Дэвид Клустер сыни ойлауды былай деп анықтайды.
* Сын тұрғысынан ойлау - бұл- өзіндік, жеке ойлау;
* Сын тұрғысынан ойлау - ақпарат тұйықталушы емес, атқарушы пункт болып табылады;
* Сын тұрғысынан ойлау - сұрақтар мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;
* Сын тұрғысынан ойлау - адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;
* Сын тұрғысынан ойлау - әлеуметтік ойлау;
Біз әдетте оқушылардың идеяларының дамуына шыдамсыздықпен қараймыз. Бірақ идеялардың жинақталуы толғануға алып келеді де, оған көп уақыт керек болады. Сұрақтар қою және ізденісті жалғастыру білім мен кез келген дамудың мағынасы болып табылады.
Е. Дакворт өз кітабында керемет ойдың пайда болуы интеллектуалды дамудың көрсеткіші болады. Баланың өзіндік ойын құрап, сол ойды құрағаны үшін өзін жақсы сезінетіндей орта құру педагогиканың негізі болып табылады.
Ал, Дьюидің негізгі идеялары:
Оқушыны оқу бағдарламасымен біріктіру. ( Кім? - Оқушының өзі! Мұғалім бұл үшін тек жағдай тудырады.)
Дьюидің білімдік қағидасы екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, пәннің жаңа тақырыбын сауатты қолдану арқылы тәжірибені толықтыру және басқа жағынан мінездің моральдық сипатын дамыту, әсіресе интеллектуальды, кооперативті ойлау сияқты.
Идеяларды кірпіш тәрізді бере салуға болмайды. Идеялар сынақтан өзтізу арқылы игерімді және белсенді жолмен меңгерілді.
Оқушылар тікелей оқыту нәтижесі мен формальды көрсетуде белсенді емес. Мұғалімдерге мектептен тыс оқыту, қашанда жанама оқыту жағдайында пайдалану керек. Мұғалімдер назарын соңғы нәтижеге емес оқыту процесіне көбірек аударулары керек.
Бұл АҚШ профессорларының пікірлері:
Ал, С. Мисейова мынадай пікір білдіреді: Мұғалімдерге тіпті жақсы оқу әдістерін үйреткенде, біздер оларға өз-өздерінің оқығандығының мәнін түсіндіріп және іс - тәжірибесіне өзгерістер енгізу туралы сенімді болуына мүмкіндік береміз бе? Ол үшін жағдай мен уақыт керек.
1. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының ерекшілігі неде?
Болашақта жастар қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай. Шәкәрім: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді деп есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу - туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің рөлі зор, яғни білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Білім беру жүйесіне еніп жатқан интерактивті әдістер, әсіресе Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының педагогтарының белсенді шығармашылық әрекетін қамтамасыз етудегі орны ерекше. Өйткені жоба білім алушыларды ізденіс жолына түсіріп, дәріскермен бірлесе отырып жаңа ақпарат алуға жұмылдырады.
Сын тұрғысынан ойлауды қолдануда мұғалімнің рөлі өзгереді, ол оқушыға ең мықты білімнің кілтін ұстатады. Ең қымбат нәрсе балаға білімді дайын күйде бермей, білімді өзі алатындай етіп біліктермен қаруландырған дұрыс деп ойлаймын.
Сыни тұрғысынан ойлау жобасы ерекше, өйткені бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі университет оқушыларымен барлық деңгейдегі мұғалімдерді мектептерде елеулі өзгерістер енгізуді талдау және жүзеге асыру үшін біріктірді. Сыни тұрғысынан ойлау жобасы көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізіндегі өзгерістер үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер ішіндегі мыңдаған кластардағы шынайы және ұзақ елеулі өзгерістің ерекше қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде сыни тұрғыдан ойлау жобасы мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді.
Жоба бүгінгі күні қалай оқыту керек деген сұраққа дайын жауап бермейді, жоба мұғалімдердің сабақтан-сабаққа жауапты, тұрақты түрде өздерінің ізденуіне мүмкіндік береді.
Сын тұрғысынан ойлау алты негізгі сенімнен тұрады:
1. Бүкіл өзгеріс процесінде оқытушының өзіндік билігі болуы керек және өзгеріс мектеп директоры мен университет қызметкерлері, оқушылар мен ата-аналар қатыса отырып, бірлесе істелетін процесс болуы керек.
2. Өзгеріс кластағы мұғалім мен оқушы арасындағы және оқушылардың өздерінің арасындағы қарым-қатынас матифисті болып табылады.
3. Өзгеріс процесі жүйелі, әрі жақсы ұйымдастырылған, теория жүзінде дәлелденетіндей әрі қолданбалы және ыңғайлы болуы керек.
4. Әрине, өзгеріс процесі тәуелшілдікке тартатын болғандықтан оған қатысатын мұғалімдер де тәуекел етеді.
А) Кәсіби өздерінің алғашқы алған кәсіби білімдерінің шеңберінен шығу.
Ә) Әлеуметтік жағынан, мектеп мәдениеті және мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасынан жаңашылдықты күту.
Б) Эмоциональды жағынан үйренуге жаңа, таныс емес тәсілдерді қабылдауда кездесетін сәтсіздіктерге тәуекел ету.
5. Өзгеріс процесіне елеулі уақыт бөлу керек. Уақыт үлгілерді құру мен оларды нәтижелі түрде іске асыру үшін, тәжірибесін дамытып және ықпалын өлшеу үшін қажет болады.
6. Егер процесс бірлесіп жүрмесе, атқару, мазмұн және нәтиже толықтай орнамайды. Оған жету үшін соңғы нәтиже мен қадамдар тікелей сол өзгеріс процесі арқылы өзгеріске ұшыраған көрініске жауап беру үшін өте икемді болуы керек.
Сыни тұрғысынан ойлау - бұл біздің ғасырдан-ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет. Осы қабілетті ағылшын тілін оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, мағынаны танытып, қорытындылау мақсатында ой-толғаныс жасау арқылы оқушылардың білімін зерттеп, ары қарай сөздік қорын көбейту біздің міндетіміз.
Сыни тұрғыдан ойлауды қалай анықтауға болады?
Менің ұсынатын анықтамам үш пунктен тұрады:
Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сабақ осы процесске негізделетін болса, әр оқушы өз ойлары мен пікірлерін еркін айтады, ең қиын деген мәселені өздері шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек.
Екіншіден, білім алушы өз пікірін нақты дәлелдейтіндей болуы керек. Бұл оқу барысында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.
Үшіншіден, тақырыпты ашу үшін сұрақтар қою арқылы шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Дегенмен, нағыз таным процессі өзінің талпынысымен басталады.
Америка философы, әрі педагогы Джон Дьюи сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептейді. Ситуацияға немесе құбылысқа байланысты қойылған негізгі сұрақ осы құбылыстың қандай мәселелерден туындайтындығы туралы болмақ. Осыдан келіп шығатыны - сабаққа дайындалу барысында мұғалім оқушының айналасында тұрған мәселелерді анықтап алуы керек. Сыни тұрғыдан ойлаудың көмегімен ескішілдікке негізделген сабақ мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, оқушылар онда нағыз интеллектуалды жұмыс атқарып, нағыз өмір қиыншылықтарын шеше алатын болады.
Англия мен АҚШ - та кеңінен қанат жайған мұғалім-зерттеуші қозғалысы мұғалімнің сыныптағы зерттеуінің маңыздылығы жөніндегі Дьюи мен Пиаже идеяларын толық көрсетеді. Оқушы әрқашанда белсенді және сезімтал, қызыққыш болады. Мұғалімдер шынайы еңбекпен жұмыс жасау барысындағы ең маңыздысы оқушының тақырып бойынша ұғынғандына, бір-бірімен пікірталас, сұрақ-жауап арқылы өз ойларын еркін жеткізуіне және де өз ой қорытындысын айта алатындай деңгейге жеткізу.Мұндай жағдайда білім оқушылардың бір пәннің әдістемесінің шеңберінен шығып, жалпы мәдениет төріне көтерілуге, рухани байлығын кеңейтуге мүмкіндік туады.
2. Стратегияларды тиімді қолдана білу.
Ал сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымына көңіл аударсақ, үлгінің үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталады. Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс немесе ҚМО. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызымет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазылардың қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады.
Алғашқы фаза - Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлене еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалу керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан тапсырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды.
Ал Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видеокассета, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы екі фаза оқушыларды ақпараттар және мазмұнмен кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының негізгі міндеті - мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы біліммен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет.
Ой толғаныс - үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде олар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету- бұл фазаның мақсаты.
Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.
Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар ағылшын пәнінен алған білімдерін, ойларын нақтылайды, сыныптастарымен мұғалімнен кері сұрақ арқылы байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.
Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс құрылымы үйрету процесін түсіндірудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизімі ретінде қызымет атқарады. Бұл- мұғалімдер өз сабағында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектесетін стратегияларды біріктіре алатын үлгі.
Мұғалімдердің өз пәні шеңберінде оқушыларды мағыналы білім беру тәрбиесіне тарататын тиімді стратегиялар қоры бар. Стратегия - бұл әдіс. Сабақтың қызықты да тартымды өтуіне стратегияның үлесі зор. Стратегияның мақсаты, ол:
:: ой әрекетін белсенді ету;
:: талқылауға қатысу;
:: идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
:: жеке өзгерісте жігерлендіру;
:: өздерінің сұрақтарын қою;
:: өз пікірлерін құрастырып білу;
:: сын тұрғысынан және икемді ойлау;
Өзге тілді үйренудің оңай еместігі белгілі. Ал оқушыларға осы қиындықты әртүрлі амалмен, стратегиямен, сыни тұрғыдан ойлату арқылы жеңіл жолды іздестіріп, оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын оятсақ, біздің ұзтаздық алғашқы мақсатымыздың орындалғаны емес пе? Тіл үйрету кезінде жаңа тақырыпты оқушыға меңгерту үшін стратегияларды пайдаланған тиімді.
Топтастыру стратегиясы. Бұл еркін ойлауға, тақырыпты ашық талқылауға бағыттап тұратын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия арқылы мұғалім оқушының қалай жұмыс істеп жатқанын байқайды. Зерттелінбей жатқан тақырыптарға ой тудыру арқылы білуге көмектеседі. Балаты жазуға ынталандырады. Өз ойларын тереңдетуге көмектеседі.
Ал, бес жол өлеңді алайық - бұл пайдалы да әсерлі шара. Өткен тақырып қайталанады, біріктіріледі, негізгі тақырып айқындалады. Кейбіреулерге өлеу шығару дәстүрге айналған. Міне. Осылайша жаңа талап, жаңа есім қалыптасады.
Өз ойын жеткізуде, түсіндіріп көрсетуде, салыстырып, дәлелдеуге құмарлардың саны көп. Бұл олардың белсенділігін білдіреді. Бұл ойды іске асыруға эссекөмектеседі. Оқушылар сыртқа шығара бермейтін ой-пікірлерімен бөліседі. Қиялдау мен армандауларына мүмкіндік туады, осылайша оқушының ішкі дүниесі ашылады.
Венн диограммасы. Бұл стратегия ақпаратты еске сақтауға, оқушының деңгейін көрсетеді. Мұнда екі нәрсені яғни, зат, тарихи тұлға, оқиға, т.б. алуға болады және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата алады.
Тағы бір стратегия туралы айта кетсек, тақырып беріледі. Бір адам екі сөйлемнен жазады. Көршісі одан әрі ойларын жалғастырады. Бұл стратегияның аты бір- бірімен бөліскен әңгіме.
Кубизм стратегиясы. Бұл стратегия жан-жақты ойлауға жазуды қамтуға мүмкіндік туғызады. Ол үшін кубикті пайдаланады. Кубиктің алты жағы бар. Кубиктің жан-жағындағы жазудың көлемі 15-20 см көлемінде жазылуы керек.
1. Суреттеңіз: тақырыпқа жақынырақ келіп түсінгеніңізді суреттеңіз яғни, түсі, көлемі, формасы.
2. Салыстырыңыз: неге ұқсас, басқа нәрседен қандай айырмашылығы бар.
3. Байланыстырыңыз: нені ойлатады, ойыңызға не келеді, ұқсас заттар бар ма, ой өзегінен шалып өтіңіз.
4. Саралаңыз: қалай жасалғанын айтыңыз:
5. Қолданыңыз: онымен не істеу керек екенін айтыңыз:
6. Талқылаңыз немесе қарсы пікір айтыңыз: өз сөзіңізді дәлелдеп, логикалық дұрыс немесе дұрыс емес пікірді айтыңыз.
Әлемді шарлау- бұл стратегияның мақсаты оқушыларды пікірлестіру, ұжымдық, топтық жұмыстың нәтижесін қағаз бетіне түсіру, ортақ шешімге келу, бір- бірінің ортақ пікірін білу, қиялдау.
Ұқсастық пен даралық стратегиясы. Бұл стратегияда төрт нәрсені сипаттап жазады. Осы төртеуінің ұқсастығы ортаға жазылады. Бұл стратегиядан оқушылар ұқсастықты табуға, даралықты тануға үйретеді.
Сол сияқты ой ашар, екі жақты күнделік, бір-бірімен бөліскен әңгіме, шығу парағы, семантикалық карта, сұрақ қою, сезімнен шыққан өлеңдер, елесті жетелеу, болжау стратегиялары сабаққа қолдануға ыңғайлы.
Сабақ - оқытушының педагогикалык мәдениетінің айнасы. Сондықтан да қазіргі қоғамдағы өзгерістер дамудың негізгі басымдылығы ретінде мұғалімнің шығармашылық мәселесін алдыңғы қатарға шығаруда.
1.2 Педагогикалық технологияны пайдалану ерекшеліктері
Бүгінгі білім берудегі басты мақсат - бұл білім, білік және дағдыларды игеру ғана емес, сонымен қатар жеке, әлеуметтік және кәсіби дағдыларды дамыту - өзін-өзі іздеу, талдау және қазіргі заманғы тез өзгеріп жатқан әлемде ақпаратты, өмір мен жұмысты ұтымды пайдалану. ,
ХХІ ғасырда әлемдік өзгерістер, экономикалық дамудың жаңа стратегиялық бағдарламалары, қоғамның ашықтығы, оны жедел ақпараттандыру және жедел дамыту білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.
Оқушылардың белсенділігін арттыруға негізделген педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану керек. Сондықтан мен сіздермен бөліскім келді.
Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеті - жаңа білім беру технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге қол жеткізу, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби өсу болып табылады. . Бүгінгі таңда әр мұғалімнің басты міндеттерінің бірі - оқыту әдістерін дамыту. миды жетілдіріп, жаңа педагогикалық технологияларды үйреніңіз.
Осыған орай оқытудың мақсаты - қазіргі заман талабына сай терең білім, дағды, қабілет негізінде еркін жүре алатын, танымдық іс-әрекет арқылы мақсаттарға жетуге, дұрыс және тиімді шешім қабылдауға қабілетті адамды қалыптастыру.
1. Ойын технологиясы.
Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
2. Проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту - мұғалім басшылығымен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
3. Коммуникативтік байланыс технологиясы.
Коммуникативтік байланыс технологиясы - шеттілдер мен байланыс негізінде оқыту. Ол сабаққа іскерлік бағдар береді. Сабақтың практикалық жағына бағытталады. Сөйлеу жаттығулары арқылы лексика мен грамматикалық ұғымдар кең көлемде бірқалыпты, және тез мөлшерде жинақталады. Коммуникативтік оқыту қарым-қатынас жағдайларын құруға мүмкіндік береді:
1. Қызығушылығын коммуникативтік тұрғыдан арттыру, коммуникативтік мотивация;
2. Дұрыс бағытта сөйлеу;
3. Өзара қатынастың қалыптасуы;
4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай стратегиялар арқылы іске асады: ассоциация, кооперативтік қызмет, көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Технология енгізу қорытындысы:
- оқу үрдісіне деген қызығушылықтың артуы;
- оқушының өзбетімен білім алуына мүмкіндік береді;
- сыныпта қайырымды білім атмосферасы қалыптасады.
Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
1. Түсіндіре баяндау арқылы тірек схемаларын қолдана отырып, перспективалы оза оқыту (С.Н. Лысенкова).
Бұл технологияда материалды меңгеру үш кезеңде жүреді:
- алдын ала;
- жаңа ұғымдарды дәлелдеу, оларды жинақтау, қолдану;
- оқу іс-әрекеті және ойлау әдістерін дамыту.
Оқу материалдарын осылайша деңгейлеу білімді ұзақ уақыт есте сақтауға мүмкіндік береді.
2. Деңгейлік саралау технологиясы - саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әр түрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
3. Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлерімен модельдерін қарастырады:
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады.
Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін, әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
4. Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ)
ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:
- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір- біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әртүрлі деңгейлік;
- тақырып пен тапсырмалардың әртүрлілігі;
5. Топтық технология.
Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
6. Оқытудың компьютерлік технологиясы - оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады, мүлдем жаңа технологиялық жолдар ашады.
Оқытудың компьютерлік технологиясы - мәліметтерді компьютер көмегімен даярлау және беру процестері. Бұл технология материал мазмұнын кейбір модельдерді пайдалануға негізделеді.
Оқу материалдарын дидактикалық жетілдіру негізіндегі педагогикалық технология
1. Мәдени диалог
Оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында диалог түрінде құрылады: орыс тілінің сөздігі мен Европа мәдениетінің негізгі түрлерінің тарихи бір ізділігі;
Оқу негізгі таңдану нүктесі айналасына орналасқан ішкі диалогқа негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ)
Әдістемелік құрылымның элементі негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған.
ДБІ технологиясының ашушы элементі - жаттығу - триада элементтері сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;
- кімге арналғандығы;
- жинақтау;
Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін этаптар бойынша қалыптастыру, мақстаттың бағытталу технологиясы - бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауынқажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық этаптарында бақылап отыру - технологияның ең маңызды компоненттерінің бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технологиялар
1. Ерте және интенсивті сауаттылыққа оқыту технологиясы.
Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты активтендіре отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Жалпы оқу шеберлігі - бастауыш мектепте жетілдіретін технология.
Технологияның мақсаттық бағыты:
- бірінші сынып оқушыларның сөйлеу тілін дамытуға даярлау;
- екінші, үшінші сыныптарда ең тиімді оқытуға жету (минутына 120 сөз).
- үшінші сыныпта тез жазуды арттыру (минутына 60 әріп);
- орфографиялық сауаттылықты арттыру;
- қайталап айтуға үйрету;
- білім іскерлік және дағдыны терең меңгеру;
3. Эффектілі сабақтар системасына негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- стандартты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;
Альтернативті технологиялар. Вольдорф педагогикасы гуманистік педагогика мен еркін тәрбие идеяларын іске асырудағы әртүрдің біреуі болып табылады. Ол мұғаліммен партнерлікке жекеліктің өзбетінше дамуы мен тануы жүйесінде көрінуі мүмкін.
Табиғи белсенділі ктехнологиялары.
1. Сауаттылыққа табиғи белсенділікпен тәрбиелеу.
Мақсаттық бағыты:
- сауатты оқырманды тәрбиелеу;
- келесі білім алуда кеңірек пайдалану үшін психоинтеллектік базаны құру;
- шығармашылық ойлауын дамыту - оқу кезінде біруақытта оқылып отырған шығармадағы оқиғалар мен кеңістік әлемін көре білу қабілеті;
- дауыстап оқу мен іштей оқу арасындаға айырмашылықта айыра білу;
Технология текстен белгілі сөздерді бүтіндей кейіпкерлерді тану процесі ретінде қарап оқуды дамытуды қалыптастыруға көмектеседі.
2. Өзіндік дамыту технологиясы ( М.Монтессори).
Мақсаттық бағыты:
- жан- жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер элементін біріктіру.
Басты мақсаты - оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
2.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын педогогикалық үдерісте қолданудың маңызы
2.1 Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері еліміздің рухани өмірінде көптеген өзгерістер болды. Бұл оң өзгерістер болашақ жастарды тәрбиелеуде жаңа мақсат - міндеттер жүктеп отыр. Қазақстан жастарының рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты бастауыш мектепте жасалынады.
ХХІ ғасыр мектебінің мақсаты жас жеткіншектерді жауапкершілігі жоғары, парасатты, адамгершілік мәдениеті қалыптасқан, өмірге икемді, ұлтжанды тұлға қалыптастыру. Болашақ мұғалімдер осы мақсатты орындауға бейімделген маман болуы шарт.
Елбасымыздың жолдауында ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады - деп сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр. Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: Біз жан - жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан - жақты зерттеп білуіміз керек. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз, педагогтың бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі.
Субъект - таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз, іскер, мақсаткер адам.
Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесі мен білім беру жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Бұл ұғымның өзі объектіге, яғни - балаға әсер етудің мәні мен мазмұнын жояды..
Шығармашылық деген сөздің мәніне үңілсек, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл-ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz