Экономикалық басқару әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
Менеджмент кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Рыноктық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі

Орындаған: Кадыркешева Мадина
Тобы: Мн-31
Қабылдаған: Молдакенова Е.К.

Нұр-Сұлтан - 2020 жыл

Жоспар:
1. Басқару әдістерінің мәні
2. Экономикалық басқару әдістері
3. Басқарудың ұйымдастыру - өкімдік әдістерін жіктеу

Басқару әдістерінің мәні
Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Басқару әдістері - басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінң болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімділігінің алғы шарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғарғы тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік - шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекше көрініс береді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Әдістер - басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады. Өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.
Жалпы түрде алғанда басқару әдістерін мынандай екі үлкен топқа бөлуге болады:
Бүкіл басқару жүйесіне қатысты іс-әрекеттер (жалпы әдістер),
Басқару жүйесінің жекелеген бөліктеріне қатысты іс-әрекеттер (шағын ауқымдағы әдістер),
Басқарудың жалпы әдістерінің жіктелу түрлері:
кәсіпорын, бірлестік, экономикалық аймақ деңгейіндегі басқару қызметінің неғұрлым нақты тәсілдері;
министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің қызмет әдістері;
түрлі деңгейдегі басшылардың өз қызметінде қолданатын әдістері;
белгілі бір басқару функцияларын іске асыру әдеттері.
Нақты әдістер немесе жұмыс стилі деп аталатын бұл әдістердің бәрі шағын сипатта болады, өйткені олар қайсыбір жекелеген басқару органына, қызметкерлерге қатысты.
Басқару теориясы мен өндірісті басқарудың практикасы үшін ең алдымен басқару әдісінің проблемасына бүкіл қоғамдық өндірісте қолдануға болатын жалпылама түрде талдау жасау маңызды.
Іс жүзінде басқару әдістерінің өзінің мазмұнымен (олар қандай басқару қатынастарын білдіреді), мақсатымен (қандай объективті заңдарын іске асырудың құралы екендігімен), қызмет мотивтеріне байланысымен (осы мотивтердің қайсысын білдіреді), қолдану формаларымен (дара, ұжымдық) ерекшеленетін сан алуан түрлері қолданылады.
Осы жүйеде ұжымдарға, жекелеген қызметкерлерге, тұтас экономикалық жүйелерге белгілі бір басқару буынының алдына қойылған міндеттердің соның ішінде экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік-психологиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін ықпал жасауды мақсат ететін әдістер маңызды орын алады.
Басқару әдістері жеке емес, бірге пайдаланылады, барлық әдістер бір-бірімен өзара байланысты.
Сонымен бірге әдістердің әрбір тобының өзіне тән ерекшеліктері, өздерінің көріну формалары мен қолданылу шеңбері болады.
Басқару әдістеріне талдау жасау кешенді көзқарасты, әдістің мазмұнын, оның бағытын және ұйымдық формасын бөліп көрсетуді талап етеді.
Басқару әдістері өндіріске тән объективті заңға сәйкес келген жағдайда басқару мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.
Сонымен, басқару әдісі дегеніміз - объективті заңдардың талаптарын іске асыру тәсілі, яғни көздеген мақсатқа жету жолында адамдарға ықпал ету үшін қолданылатын тәсілдер мен амалдар жиынтығы.

2. Экономикалық басқару әдістері
Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.
Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.
Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның коллективті, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр. Бұған қандай әдістер, тәсілдер жатады?
Мемелкеттік мекемелерде өндірісті қаржыландыру саясаты, тиімді, келешегі зор, сұранысы көп заттарды шығаруға, жаңа техника мен озат технологияны енгізуге, жоғары сапалы заттар шығаруға бағытталғаны дұрыс.
Ынталандыру жүйесін кеңінен жұмыскерлер, цех және ұжымдар да қолдануы керек. Ынталандыру жүйесі еңбек өнімділігін өсіруге, зат сапасын көтеруге, үнемділік тәсілдерін игеруге бағытталуы тиіс.
Несиені тиімді пайдалану арқылы жаңа техника, технология, жаңа өндіріс бағдарламаларын өркендетуге мүмкіндік береді.
Салық жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың ұйымдастыру - әкімшілік әдістері
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Басқару функциялары - берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мақсатты қызметтің нақты түрлері
Басқаруда қолданылатын негізгі әдістер
Менеджмент әдістерін қалыптастырудың жалпы ғылыми принциптері
Персоналды басқару жүйесі туралы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Басқарудың әлеуметтік - экономикалық әдістері
Ұйымдар және оларды тиімді басқару
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
Пәндер