Экономика салаларында МЖӘ дамыту


Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
Менеджмент кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «ҚР-ғы МЖӘ жобаларының экономикалық маңызы мен мақсаттары »
Орындаған: Кадыркешева Мадина
Тобы: Мн-31
Қабылдаған: Хасенова К. К.
Астана 2019 жыл
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қазақстандағы МЖӘ тарихы
- МЖӘ-нің экономикаға қосатын үлесі және оның түрлері
- Экономика салаларында МЖӘ дамыту
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
МЖӘ дегеніміз - бұл қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу үшін мемлекет пен жеке сектордың өзара әрекеттесу; тіршілік үшін маңызы зор, мемлекеттік меншіктің стратегиялық маңызы бар нысандарын жекешелендірудің баламасы.
Жалпы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) - қоғамдық маңызы бар міндеттерді өзара тиімді шарттар негізінде шешу үшін мемлекет пен бизнестің орташа және ұзақ мерзімге өзара әрекет ету формаларының жиынтығы.
МЖӘ жобаларының мақсаты - елдің инфроструктурасын дамытуға жеке капиталды тарту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
МЖӘ қолданудың артықшылығы жекеменшік инвесторға инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде бастапқыдан дәстүрлі жауапкершілігіне жататын жауапкершіліктерінің белгілі бір бөлігін қайта бөлуге және мемлекеттік тәуекелге қорытынды жасау.
МЖӘ жобаларының негізгі белгілеріне жататындар:
- білім, денсаулық, ТКШ, энергетика, көлік т. с. с. салаларда қоғамдық қызмет көрсету үшін ұзақ мерзімді (30 жылға дейін) келісім шарт жасасу;
- бизнес пен мемлекет арасында тәуекелдер және қызығушылық балансы жағдайындағы теңдей әріптестік қатынас;
- мемлекет атынан жекеменшік секторлардың қызмет көрсету мүмкіндігі (авто жолдары мен темір жол жолдарына сервистік қызмет көрсету, білім саласына, ауруларды стационарлы емдеуге қызметтер көрсету т. с. с. ) ;
- әріптестік экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларына бірдей жасалуы тиіс.
- Қазақстандағы МЖС тарихы
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы табиғи және энергетикалы ресурстардың үлкен қорына, өнеркәсіптік және көлік әлеуетіне ие еді.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекетік активтермен басқару элементі ретінде қарастырылған. Осы өзара қарым қатынасты реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілері ретінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы», 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болған.
Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті реттеуші бірінші құқықтық негіз инвесторларға жалғы құрал - концессияны ұсынған. Осы мақсатпен, 1991 жылғы 23 желтоқсанда «Концессиялар туралы» Бірінші Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған, ол өз күшін 1993 жылы жойған. Ол Қазақстан Республикасының аумағында тек шетел инвесторларына концессиядағы объектілерді ұсынудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарын реттеген.
Концессия бастапқы редакцияда шетел заңды немес жеке тұлғаға - концессионерге - жалғы мүлікті, жерді, табиғи ресурстардың беруін қарастырған. Басқа сөзбен айтқанда, концессия жалға алу (мүліктік жалға алу) шартының призмасы арқылы анықталған, бірақ бір уақытта концессиялық қатынастарда мердігер, сақтандыру, еңбек шартының элементтері болуы мүмкін еді.
Қазіргі уақытта түрлі мемлекеттік объектілер мүліктік жалға алуда (тұрғын емес қорды, жабдықты, жерді жалға алу) жатыр немесе жасасқан шарттар негізінде сенімді басқаруда болып табылады.
«Концессия» термині қолданылған келісімшарттардың «Пионерлері» ретінде «Интергаз Орталық Азия» АҚ басқаруына Қазақстанның газды көлікті жүйелерін беру және Шульбинск, Өскемен және Бұқтырма қалалық электр станцияларын (ҚЭС) концессияға беру жобалары болған.
Кейінірек концессия көлік инфрақұрылымы мен энергетикада жобаларды іске асыру кезінде қолданған: «Шар-Өскемен» теміржол желісінің құрылысы мен «Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы» электр тапсыру желісі.
2006 жылы «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін концессия тетіктерін пайдаланумен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құқықтық алаң салынған.
Бұдан басқа, концессия саласындағы заңнама ең жақсы халықаралық тәжірибенің есебімен жетілдіріледі. Яғни 2008 және 2010 жылдары объектілерді концессияға тапсыру рәсімдері, мемлекеттік қолдау көрсету шараларын кеңейту және концессиялық жобалардың тартымдылығын жоғарлату, мемлекеттік қолдаудың белгілі бір шараларын беру кезінде инфрақұрылымдық облигациялардың шығару міндеттемесін жою мәселелері бойынша концессия туралы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізілген.
Бүгінде МЖӘ тәсілдері, әр елдің оның дамуының деңгейлері мен бағыттары түрлі, әлемнің көптеген елдерінде әлі де МЖӘ тетіктерін қалыптастыру және енгізу процесі жүріп жатыр.
МЖӘ дамыту шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең: дайындық
- МЖӘ саласында мемлекеттік саясатты дайындау
- Заңнаманы талдау
- Бастама жобалардың портфелін анықтау
- МЖӘ қолдану үшін алғышарттардың талдауы
- Заңнаманы қалыптастыру
- МЖӘ мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым құру
2-кезең: енгізу
- МЖӘ қолдану аясын кеңейту
- Жобаларды қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу
- МЖӘ жүйесінің бүтіндігін қалыптастыру
- Заңнамалық кедергілерді жою
- МЖӘ қолдану аясын кеңейту
- Жобаларды қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу
3-кезең: жетілдіру
- Әдістемелік нұсқаулар мен ережелерді дайындау
- МЖӘ іске асырудың модельдерін жақсарту
- МЖӘ іске асырудың модельдерін одан сайын жақсарту
- Жобаларды қаржыландырудың дамыған жүйесі
- МЖӘ мәселелері бойынша жоғарғы біліктілігі бар мемлекеттік қызметкерлер
Қазақстанда дайындық кезеңі аяқталған. Бұдан басқа, енгізу кезеңінің кейбір іс-шараларын жүзеге асыру екінші кезеңнің белсенді фазасының басталуы туралы куәландырады.
• концессия мәселелері бойынша заңнамасы бар;
• қоғамдық талқылау кезеңінде МЖӘ кейбір мәселелері бойынша заңның жобасы бар, ол тәжірибеге мемлекет пен инвестор арасындағы қатынастың жаңа түрін енгізуге мүмкіндік береді;
• концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйым ретінде Қазақстандық МЖӘ Орталығы құрылған;
• концессиялық жобалардың дайындығы мен іске асырылуы жүргізіліп келеі.
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық даму - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында, 2011 жылғы 29 маусымдағы № 731 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2011-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша Бағдарлама қабылданған.
- МЖӘ-нің экономикаға қосатын үлесіжәне оның түрлері
МЖӘ-нің экономикаға қосатын үлесі :
МЖӘ жобаларын белсенді түрде енгізудің кез келген мемлекеттің ұлттық экономикасына «толқынды ықпалы» және мынадай әсері болады:
А) жеке капиталды (инвестициялар) қатыстыруды іске қосу және пайдалану есебінен мемлекеттің экономикалық тұрғыдан өсуі.
Б) әлеуметтік қызметтердің уақытында ұсынылуы нәтижесінде әлеуметтік инфрақұрылым және азаматтардың әл-ауқаты айтарлықтай жақсарады.
С) баға/сапаның үздік арақатынасындағы әлеуметтік қызметтер көрсету арқылы мемлекеттік шығындарға деген қаржы жүктемесі төмендейді.
МЖӘ негізгі түрлері:
1. ВВО (Buy-Build-Operate) - (Сатып алу-Салу-Пайдалану) : Мемлекеттік мүлікті келісімшарт талаптары негізінде жеке және мемлекеттік сыңайлы құрылымға беру, бұл келісімшартқа сәйкес мүлік белгілі бір уақыт кезеңінде жетілдірілуі және пайдаланылуы тиіс. Мемлекеттік бақылау мүлікті беру туралы келісімшарттың әрекет ету кезеңінде іске асырылады.
2. ВОТ (Build-Operate-Transfer) - (Салу-Пайдалану-Беру) : Жеке сектор ұзақмерзімді және концессиялық келісім негізінде жаңа ғимаратты жобалайды, қаржыландырады және салады да, сол келісім әрекет ететін кезеңде оны пайдаланады. Жобаның аяқталуы себебінен бұл құқық әлі өтпеген болса, әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін меншік құқығы мемлекеттік секторға өтеді. МЖӘ бұл түрі негізінен концессиялар туралы келісімдерге пайдаланылады.
3. ВООТ (Build-Own- Operate-Transfer) - (Салу-Меншік құқығымен иелік ету-Пайдалану- Беру) : Жеке сектор құрылымы белгілі бір кезеңге ғимаратты салу мен пайдалануды қаржыландыруға франшиза (сондай-ақ пайдаланғаны үшін ақы алу) алады, мерзім аяқталғаннан кейін меншік құқығы мемлекетке қайтарылады.
4. ВОО (Build-Own- Operate) - (Салу-Меншік құқығымен иелік ету-Пайдалану) :
Жеке сектор ғимаратты қаржыландырады, салады, иелік етеді және пайдаланады немесе өмір бойы иелік ету немесе жалға алу негізінде қызмет көрсетеді. Мемлекеттік шектеулер түпнұсқа келісімде және тұрақты реттеуші органның қызметі арқылы белгіленеді.
5. DBFO (Design-Build- Finance-Operate) - (Жобалау-Салу-Қаржыландыру-Пайдалану) :
Алдын ала құжаттары өңделмеген дайын жобаларға қатысу мүмкіншілігі (ТЭН, ҚЭН т. с. с. )
- Экономика салаларында МЖӘ дамыту
МЖӘ принциптері бойынша республикалық деңгейде «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ қызмет етеді.
Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығы - жаңа типтегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі жетекші қазақстандық аналитикалық және сараптау орталығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында, МЖӘ механимзі жеке инвестицияларды тарту бойынша зор әлеуетке ие екені туралы айтты. Ол іске қосылды, бірақ үздік әлемдік практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді.
МЖӘ - бұл қоғамдық маңызды мәселелерді шешу үшін мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігі.
Оның артықшылығы мемлекеттік және жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді, міндеттемелерді және құқықтарды теңгерімдік бөлу; жаңа технологияларды анағұрлым жылдам енгізу; қор нарығының және банк секторының дамуын ынталандыру; ішкі және сыртқы жеке меншік инвестицияларды тарту; шағын және орта бизнесті дамыту; жеке меншік сектордың мемлекеттік және жергілікті органдармен жасасатын ұзақ мерзімді келісім-шарттар нысандарының көп түрлілігі; мемлекеттік бюджет жүктемесін қысқарту болып табылады.
2015 жылы 11 қарашада Елбасы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңға қол қойды, ол Қазақстанда МЖӘ-ні дамытудың жаңа парағын ашады. Енді біздің елімізде МЖӘ екі заңмен: ірі инфрақұрылымдық жобаларды қамтитын Концессия туралы заңмен және экономиканың барлық салаларына әрекеті таралатын МЖӘ туралы жаңа заңмен реттеледі.
Заң мемлекет пен жеке меншік бизнестің Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өзара әрекеттілік шартын анықтайды. Осыған орай инфрақұрылымды және тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері үшін инвестицияларды Қазақстан экономикасына тарту мәселелерін регламенттейді.
Заң біртұтас терминологияны регламенттейтін және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жүзеге асырудың негізгі тәсілдерін бекітетін базалық болып табылады.
Сонымен қатар МЖӘ-ға қатысушылар аясын және қолдану салаларын реттеу, МЖӘ келісім-шарттық нысандарын кеңейту, институционалдық МЖӘ мәселелерін реттеу, МЖӘ шарттарының құрылымдарын анықтау, жеке меншік қаржылық бастама енгізу, квазимемлекеттік сектор субъектілерін МЖӘ жобаларға қатыстыру нысандарын анықтау болжанады.
ҚОРЫТЫНДЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz