Көлік логистикасы
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика факультеті
Менеджмент кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Көлік логистикасы. Халықаралық көлік дәліздері
Орындаған: Кадыркешева Мадина
Тобы: Мн-31
Қабылдаған: Толысбаева Б.С.
Нұр-Сұлтан, 2020 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Көлік логистикасы
Халықаралық көлік дәліздері
Халықаралық көлік дәліздерінің қызметі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Материалдық ағындардың қозғалысын ұйымдастыру мен басқарумен тікелей байланысты жалпы логистикалық ғылымның маңызды функционалдық бөлімдерінің бірі - көліктік логистика. Қазіргі нарықтық жағдайларда көлік логистикасы өте маңызды рөл атқарады, өйткені кез келген кәсіпорын сыртқы ортамен өзара іс-қимыл жасайды. Мұндай өзара іс-қимыл процесінде объектілерді: шикізат пен материалдарды жеткізушілерден өндірушіге, дайын тауарларды өндірушіден делдалдарға және олардан түпкі тұтынушыларға ауыстыру орын алады. Осындай жүктердің оңтайлы маршрут бойынша кеңістіктегі физикалық орнын аз шығынмен қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Көлік логистикасы дәл осымен айналасады.
Жұмыс объектісі - көлік логистикасы және халықаралық көлік дәліздері.
Жұмыстың мақсаты - көлік логистикасы мен халықаралық көлік дәліздерін зерттеу.
Қойылған мақсат зерттеу міндеттерін анықтайды:
көлік логистикасы не екенін, оның мақсатын, міндеттерін, негізгі түрлерін анықтау
Қазақстандағы көлік логистикасының жалпы жағдайын қарастыру;
халықаралық көлік дәліздерінің негізгі қызметі және Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері туралы ақпарат жинау.
Жұмыс кіріспеден, үш параграфтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыпты таңдаудың өзектілігі негізделген, пән, объект, мақсат және оған сәйкес міндеттер, ақпарат көздері анықталған.
Бірінші параграфта көлік логистикасы туралы жалпы ақпарат берілді және Қазақстандағы көлік логистикасының дамуы мен оның негізгі проблемалары қарастырылды.
Екінші параграфта Қазақстандағы халықаралық көлік дәліздері қарастырылды.
Үшінші параграфта халықаралық көлік дәліздерінің қызметтері көрсетілген.
Оқу жұмысының тақырыбын зерттеу мақсатында 10 дерек көзі пайдаланылды.
II. Негізгі бөлім
2.1 Көлік логистикасы
Көлік логистикасы - жеткізуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын логистика бөлімі, яғни қандай да бір материалдық объектілерді (өнім, заттар) бір пункттен екінші пунктке оңтайлы бағыт бойынша ауыстыру.
Көлік логистиканың мақсаты- қажетті сападағы мен сандағы қажетті тауарды белгіленген уақытта және орынға оңтайлы шығынмен жеткізу.
Көлік құралдарының осы үдерістерге қатысуынсыз материалдық ағындар, тауар-материалдық құндылықтар (ТМҚ) қозғалысы мен оның орын ауыстыруы мүмкін емес. Материалдық ағынның бастапқы көзден түпкі тұтынушыға дейін қозғалуымен байланысты логистикалық операциялардың елеулі бөлігі көліктің көмегімен жүзеге асырылады. Осы операцияларды орындауға жұмсалатын шығындар логистикаға жұмсалатын жалпы шығындарға 50%-на жуығын құрайды.
Тасымалдауды экспедициялау қызмет көрсету, жүкті өңдеу, тоғанаққа салу, тауарға меншік құқығын беру, сақтандыру, қорғау және т.б. кіретін логистикалық операциялар жиынынан тұратын логистикалық тізбектегі белгілі бір көлік құралымен, материалдық ағынның орын ауыстыруымен байланысты логистикалық қызмет ретінде анықтауға болады.
Мақсаты бойынша көлік екі түрге бөлінеді:
Ортақ пайдаланатын көлік - халық шаруашылығының белгілі бір саласын құрайды және халық шаруашылығының кез келген саласының немесе тұрғылықты халықтың тасымалдауларға деген қажеттілігін қанағаттандыра алады;
Ішкі пайдаланатын көлік - өндірісшілік көлік, сондай-ақ көліктік емес кәсіпорындарға жататын барлық түрлердегі көлік құралдары. Олар негізінен, белгілі бір өндірістік жүйелердің құрамды бөлігі болып саналады және органикалық түрде оған кірігіп тұруы тиіс.
Көлік логистикасының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
көлік жүйелерін, дәліздер мен тізбектерін құру;
кез келген көлік түрлері үшін көлік үдерістерін бірлесіп жоспарлау;
қойма және көлік шаруашылығының технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
көлік құралының түрін таңдау;
көлік құралының типін таңдау;
ұтымды жеткізу бағыттарын анықтау;
экспедициялық қызмет - бүкіл орын ауыстыру жолдарында жүктерді сүйемелдеу (құжаттық сүйемелдеу, кедендік сүйемелдеу, оңтайлы бағыттар мен ең жақсы делдалдарын анықтау).
Көліктің келесідей түрлері бар:
Көлік түрлері
Артықшылығы
Кемшілігі
Теміржол көлігі
жоғары тасымалдау және өткізу қабілеті;
климаттық жағдайға тәуелсіздігі;
тасымалдаулардың жоғары тұрақтылығы;
тасымалдау қауіпсіздігі;
жүктерді алыс қашықтыққа жеткізудің жоғары жылдамдығы (1500 км астам ).
тасымалдаушылардың шектеулі саны( табиғи монополия);
өндірістік-техникалық базаға үлкен күрделі салымдар;
тасымалдаудың жоғары капитал, материал және энергия сыйымдылығы;
түпкі тұтынушыға қолжетімділігінің төмендігі;
жүктердің сақталушылық деңгейінің төмендігі
Теңіз көлігі
құрлықаралық тасымалдау мүмкіндігі;
алыс қашықтыққа тасымалдаудың төмен өзіндік құны.
тасымалдаудың шектеулілігі;
жеткізудің төмен жылдамдығы;
жөнелтудің аз жиілігі;
жүктерді бекітуге және орауға қойылатын қатаң талаптар;
күрделі порт инфрақұрылымын құру қажеттілігі.
Өзен көлігі
тереңсулы өзендердегі өткізу қабілетінің жоғарылығы;
өзіндік құны мен капитал сыйымдылығының төмендігі.
тасымалдаулардың шектеулілігі;
жеткізудің төмен жылдамдығы;
маусымдылық;
тасымалдардың жеткіліксіз сенімділігі және жүктің сақталуы.
Автомобиль көлігі
жоғары қолжетімділік;
жоғары икемділік және маневр жасаушылық;
жоғары жеткізу жылдамдығы;
түрлі маршруттарды пайдалану мүмкіндігі;
жүкті шағын партиялармен жіберу мүмкіндігі;
лайықты тасымалдаушыны таңдау мүмкіндігі.
өткізу қабілетінің төмендігі;
ауа райы мен жол жағдайларына тәуелділік;
алыс қашықтықтарға тасымалдаудың жоғары өзіндік құны;
жүкті ұрлау және көлік құралын айдап әкету қаупі.
Әуе көлігі
жүкті жеткізудің ең жоғары жылдамдығы;
жоғары сенімділік;
жүктің ең жоғары сақталуы;
тасымалдаудың ең қысқа маршруттары.
өзіндік құнның және тарифтерінің аса жоғары болуы;
тасымалдаудың жоғары капитал, энергия және материал сыйымдылығы;
ауа райы жағдайларына тәуелділік;
шектеулі географиялық қолжетімділік.
Трубақұбыры көлігі
өзіндік құнның төмендігі;
жоғары өнімділік;
жүктің жоғары сақталуы;
төмен капиталды қажетсіну; арзандау;
аз қызмет көрсетуші персонал қажет.
тек жүктердің ерекше түрлерін (газ, мұнай өнімдері) тасымалдауға болады;
жүктердің шағын көлемдеріне қолжетімсіздік
1 кесте. Көліктің түрлері
Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ. Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5 -- 5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы -- Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады.
Әуе көлігі -- көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг -- 747" (АҚШ), "Ил -- 86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР -- Франция -- Ұлыбритания), жылдамдығы 2 -- 3 мың кмсағ-қа жететін "Конкорд" (Франция -- Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Ал Қазақстанда су көлігі - көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен "тоғысатын" өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігі - республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды.
Автомобиль көлігі - жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.
1-дәліз: Қорғас - Алматы - Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.
2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Орал - Ақтөбе -- Қызылорда - Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.
3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы - Петропавловск - Астана - Алматы - Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.
4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) - Павлодар - Семей - Майқапшағай. Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.
5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут - Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.
6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) - Петропавл - Есіл - Арқалық - Жезқазған - Қызылорда - Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.
7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) - Атырау - Бейнеу - Түрікменбашы.
Әуе көлігі - әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы - жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк - Новосергеевка бағытында).
1923 ж. "Добролет" қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
1924 ж. "Ю-13" ұшағымен Ташкент - Алматы, Алматы - Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
1925 ж. Бішкек - Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
1929 ж. Қызылорда - Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары ("Эйр Қазақстан", "Эйр Астана") құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
Құбыр желісі - көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау. Мұнда жылжымалы құрам - құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Әрбір 100 - 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін сероп стансалары орнатылады.
Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Оған 1998 -- 2005 жылдар аралығында көлік инфрақұрылымы мен көлік түрлерін жетілдіруге бағыттайтын үкімет жобасы дәлел болады. Бұл жоба халықаралық көлік жүйесіне кіру мақсатын көздейді. Жылма-жыл бұл салаға 320 млн АҚШ доллары есебінде инвестиция тартылады. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы -- теміржол көлігі болып табылад.
Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі кедергілерді қарастырайық.
Біріншіден, көп уақытқа дейін отандық экономикада Батыста логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады.
Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде экономикалық инфрақұрылымының дамуы дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында).
Сонымен жақын арада Қазақстанда логистиканың дамуы транспорттық кешенде және қоймалау жүйесінде қолдануға болады. Отандық транспорттық және экспедиторлық кәсіпорындар бірінші болып, өздерінде қазіргі заманғы тасымалдау және тауарды өңдеудің логистикалық технологияларды енгізді. Интермультимодальды және терминалды жүкті тасымалдау жүйесі дәл уақытта және есіктен-есікке тасымалдау технологиялары және т.с.с. Қазақстанның көптеген мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындары белсенді түрде өздерінің терминалды желіні, жүкті бөлшектеу және логистикалық орталықтарды, ақпараттық-коммуникациялық қамтамасыз ету логистикалық қызмет көрсету жүйелерін құра бастады.
Елдің өтпелі нарықтық экономикасы көлік жүйесіне жаңа, неғұрлым жоғары талаптар қояды. Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен сауда мен байланысты дамыта отырып, сондай-ақ өзінің көлік жүйесін да, яғни темір жол, әуе, автомобиль, теңіз және құбыржол көлігін да дамытады, өйткені көлік жүйесін дамыта отырып ғана әлемдік қоғамдастыққа ауыртпалықсыз кіруге болады.
Біздің еліміздің басты артықшылығы географиялық орналасуы болып табылады. Біз құрлықтағы бес елмен және Каспий теңізіндегі екі елмен шектесеміз. Көрші елдер үшін транзиттік нарықта аса сұранысқа ие бола отырып, біз өз, ішкі, логистиканы қатар дамытудамыз. Батыс Қытай-Батыс Еуропа жаңа дәлізі өзінің ішкі Логистикалық қызмет нарығын оңтүстік - батыс және кері бағытта дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның географиялық жағдайына байланысты белгілі бір логистикалық ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Республика аумағы арқылы шамамен бес халықаралық транзиттік жол және бірнеше ірі құбыржолдар өтеді. Қазақстанда Логистикалық қызмет көрсету нарығын дамыту үшін қосымша мүмкіндік Кеден одағын (КО) құру болып табылады, оның нәтижесінде одақішілік шекаралар ресми түрде ашық және Қытаймен құрлық шекарасы енді Еуропа үшін қол жетімді болды.
Бүгінгі таңда халықаралық сапа стандарттарына жақын ішкі логистика Алматы өңірінде ғана бар, онда "А" класты қоймалар шоғырланған және логистика нарығында бәсекелестік бар. Нұр-Сұлтанда логистикалық инфрақұрылым енді ғана пайда болып жатыр. Қазақстан аймақтарында сапалы логистикаға қажеттілік жоғары.
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа моделі тиімділікті қамтамасыз ететін маңызды шарттардың қатарында инфрақұрылымға, оның ішінде көлік инфрақұрылымына инвестициялау қажеттілігін айқындайды. Қазіргі уақытта көлік-коммуникация кешенін қайта құру үшін сырттан капиталды тарту мен пайдаланудың әртүрлі нысандары қолданылады,өйткені әлемдік кеңістікке тиімді ықпалдасу үшін Қазақстанға бірінші кезекте Теңіз және Мұхит жағалауларына қол жеткізуді қамтамасыз ететін жағдайлар жасау қажет. Егеменді көлік желісін қалыптастыру бұл ретте барлық қолданыстағы көлік коммуникацияларын жаңғырту және өзінің зауыттық жөндеу базасын құру қажеттілігін болжайды. Әрине, бұл жұмыс істеп тұрған көптеген өндірістерді қайта бейімдеуді талап етеді. Жалпы инвестициялардың 30% - ға жуығы темір жолдарды, әуе және су көлігін дамытуға - 35%, автомобильді дамытуға-25% бағытталды. Республикаға келе жатқан қаржы ағынын түрлі халықаралық ұйымдар, шет елдердің үкіметтері және олардың банктері қамтамасыз етеді. БҰҰ АТМЭӘК, Еуропалық Одақ комиссиясы, ЕҚДБ банктері, АДБ, ИДБ, Дүниежүзілік Банк тарапынан ерекше үлес жасалады.
Осыған қарамастан, елдің логистикалық индустриясының негізгі проблемасы жолдардың күйзелген күйінде қалып отыруы. Жолдарды жөндеудің қолданыстағы жабдықтарының жоғары тозуы байқалады. Автокөлік инфрақұрылымының едәуір бөлігі реттеу мерзімінен тыс уақытта пайдаланылады. Теміржол желісі республикада жақсы дамымаған, теміржол саласындағы негізгі қорлардың тозуы артып келеді.
Жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығы; қызмет көрсету деңгейінің төмендігі және бәсекелестіктің болмауы; теміржол көлігін жаңарту және дамыту үшін қаржыландырудың жеткіліксіздігі; тарифтерді белгілеудің және реттеудің тетіктерінің қазіргі қағидаттары клиенттердің тасымалдаушыға бағдарлануын жоққа шығарады
Су көлігі саласында порттық инфрақұрылымның жеткіліксіз қуаты, сервистік инфрақұрылымның әлсіз дамуы, білікті отандық мамандардың тапшылығы байқалады.
ҚР логистикалық саласына инвестиция тарту күрделілігінен басқа білікті кадрлардың жетіспеушілігі туралы мәселе өткір тұр.
Қазақстанның логистикалық нарығы енді ғана дамып келеді. Қазіргі уақытта елде логистика тұтас индустрия ретінде жоқ және үш құрамдас бөлікке: көлікте, қоймаларда және тауар иесі компаниялардың өзінде шоғырланған.
Нәтижесінде ірі өндірушілер мен дистрибьюторлар осы операциялардың көп бөлігін жүзеге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz