Жаздық жұмсақ бидай


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Агрономиялық факультет
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ІС-САНА БОЙЫНША
ЕСЕП
Орындаған:
Студент Тоқтарбай Н. А.
Жетекшісі:
аға оқытушы, PhD Утельбаев Е. А.
Нұр-Сұлтан 2019
Мазмұны
Кіріспе
Өсімдік қорғау және карантин - ауыл шаруашылығының маңызды саласына айналып отыр. Өйткені қазіргі уақытта халықтың жеміс-жидекке, көкөніске, дәнді-бұршақ дақылдарына деген сұранысы артты. Сол себепті елімізді сапалы өнімдермен қамтамасыз ету басты мақсат болып табылады. Осы бағытта елімізде көптеген ғалымдар, академиктер, профессорлар еңбек етуде. Күн сайын жаңа технологиялар шығарылып өндіріске енгізілуде. Еңбек күші азайып, автоматтандырылған жүйеге ауысуда. Бұл дегеніміз өз кезегінде қаржылық шығынды төмендетеді. Өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден, арамшөптерден қорғауда үлкен маңызға ие болған «Өсімдік қорғау және карантин мамандығы» елімізде қарқынды дамуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы Қазақстан халқына «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: «Әртараптандырудың маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады» делінген. Осыған байланысты ауыл шаруашылығының шешуші салаларының бірі - егін шаруашылығына баса назар аударылуда. Нақ осы салада жақын жылдары серпіліс жасау қажет, бұл алдымызға мемлекет басшысы қойған міндеттерді барынша толықтай шешуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін егін шаруашылығы дәстүрлі сала және тарихи тамыры тереңде жатыр. Өсімдікті қорғаудың негізін фитосанитариялық мониторинг құрайды. Ол дегеніміз аурулардың, зиянкестердің, арамшөптердің қаншалықты деңгейде таралғанына болжам жасайды.
Мен, Байсерке -Агро оқу ғылыми орталығында тәжірибе өту барысында шаруашылықтың негізгі мақсаты мен міндеттерімен таныстым. Шаруашылықтың негізгі мақсаты мал шаруашылығын дамыту арқылы халықты етпен, сүтпен, жүнмен т. б қамтамасыз ету және егін шаруашылығын дамыту арқылы арзан және сапалы өнімдермен қамтамасыз ету болып табылады. Өндірістік тәжірибе өту барысында университет қабырғасынан алған білімімді практика жүзінде толықтырдым. Өндірістегі атқарған негізгі қызметім жетекшімен бірге препараттарды сынақтан өткізу болды. Өткізу барысында фунгицидтердің, инсектицидтердің т. б препараттардың тиімділігін анықтадық.
I БӨЛІМ. Өндірістік тәжірибе өту орны
1. 1 «Байсерке-Агро» ЖШС оқу-ғылыми өндірістік орталығына сипаттама
«Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылдық округіне, қарасты Арқабай ауылында 2002 жылы қазан айының 28 жұлдызында өз бетінше жеке шаруашылық болып құрылған (тіркелу нөмірі 9558-1907-ТОО) . Өзінің жеке есеп шоты бар, өнімдерін толық есеп айырысу арқылы, тек келісім шарт бойынша ғана сатып таратып отырады. Қазіргі таңда серіктестіктің төрағасы Досмұхамбетов Темірхан Мыңайдарұлы, директоры Кенжебаев Алтай Абдрахманұлы, оқу-ғылыми өндірістік орталығының директоры Алиев Мұрат болып табылады.
Шаруашылық Алматы-Нарынқол трассасының бойында, аудан орталығы Талғар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20, Алматы қаласынан шығысқа қарай 15, облыс орталығы Талдықорған қаласынан оңтүстікке қарай 230 шақырымдай жерде орналасқан.
Орталықта 2 ветеринарлық паталого-анатомиялық зертханалар, мал азығын зоотехникалық талдау зертханасы, сонымен қатар агрохимия зертханасы орналасқан. Ветеринарлық дәріхана да бар.
Шаруашылық 2013 жылы асыл тұқымды шаруашылық статусына ие болды.
Шаруашылық үш сала - мал шаруашылығы, ветеринария және егіншілікпен айналысатын бұл ұжымда 300-ден аса адам еңбек етеді. Шаруашылықтың барлық жер көлемі 43332, 3 гектар, мұның ішінде негізгі жері табиғи жайылымдылық жерлер - 39822, 1 гектар (мал шаруашылығының барлық түрлерін өсіріп-өндіріп дамытуға, өркендетуге өте қолайлы), өндірістік активінде 3600 гектар егістік алқабы бар, соның ішінде 500 гектары тамшылатып суарылады, 114, 5 гектар көп жылдық отырғызылатын жерлер, 29, 9 гектар шабындық жерлер болып табылады.
Шаруашылықтың негізгі бағыты - астық шаруашылығы, етті, сүтті бағыттағы мал шаруашылығы және солардың өнімдерін өсіп-өндіру болып табылады. Атап айтқанда, шаруашылық етті бағыттағы Қазақтың ақбас тұқымын, Әулиекөл тұқымын, Абердин ангус тұқымын, Герефорд тұқымын және сүтті бағыттағы Голштино-фриз тұқымды ірі қара малдарының асыл тұқымдарын, Еділбай, Сарыарқа және Қазақтың биязы жүнді асыл тұқымды қой шаруашылығын, Қазақ түйлерін, Қазақы жылқылар мен спорттық жылқыларды өсіріп-өндірумен айналысады.
Бұл жерлер далалы, ойлы-қырлы, қыратты болып келеді де, мал өсіруге өте қолайлы. Осы жерлерде шаруашылықтың қыстаулары, күздеуі мен күздеуі, сонымен қатар мал өсіріп-өндіретін бөлімшенің орталығы мен мал қоралары орналасқан. Малдар қыстауларда қыстатылып, ірі қара малдар қыс-көктем айларында төлдетіліп, қойлар көктемде төлдетіліп, ал жаз айларында алыстағы жайлауларында семіртіліп бағылады да, күзге қарай күздеулерге қайта оралады.
Сурет 1. Талғар ауданындағы тәжірибе өткен ауылдардың картасы.
Қауіпсіздік шаралары
1. Өндірістік жетекші ұсынған инстуктажбен танысу
2. Дәрілеу кезінде респиратор кию
3. Қолғап, көзілдірік кию
4. Жұмыстан кейін міндетті түрде ағарған ішу
5. Дәріні қолмен ұстамау, иіскемеу
6. Маңайында адамдар орналасқан болса, оларға алдын-ала ескерту
7. 1 тәулікке дейін мал жаймау, дәріленген жерге отырмау, жатпау
8. Егер денеге дәрі тиген жағдайда сумен жуу қажет
9. Мөлшерін қатаң сақтау
10. Трактордың кузовына отырмау, тұрып тұрмау
11. Жүргізушінің рұқсатынсыз техниканы оталдырмау
12. Дәрілеу кезінде желге қарама-қарсы бағытта түру
13. Темекі шекпеу керек, мас күйінде рөлге отырмау
14. Терезелер мен люктарың жауып отыру қажет
1. 2 Шаруашылықтың жер көлемі туралы мағлұмат
Кесте 1 - «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2019 жылы шаруашылықта пайдаланылған жерлер көлемі
Кесте 2 - «Байсерке-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2019 жылғы ұжым тізімі
Шаруашылықтың
төрағасы
Кесте 3- Топырақ типтері
Фосфор
мен,
%
Калиймен,
%
1. 3 Шаруашылықтың топырақтары
Шаруашылықтың топырағы негізінен қара қоңыр топырақ, топырақтың механикалық қүрамы орташа саздақ топырақ. Топырақтың өсімдіктерді қажетті мөлшерде минералды элементтермен, сумен, оның тамырларын ауамен, жылумен қамтамасыз етіп, өнім беруіне мүмкіндік бере алатын қасиетін топырақтың құнарлығы деп атаймыз. Топырақ құнарлығын сипаттайтын қасиеттер мен режимдер уақыт ағымына, жыл мерзімдері ішінде топырақ түзелу үрдісінің құбылыстарына және адамзаттың топырақты ауыл байланысты өзгерістерге ұшырайды яғни қоректік заттар кемиді. Осыған байланысты топырақ құнарлығын арттыру шараларын жүргіземіз. Ол үшін топырақ құнарлығының негізгі факторы - қарашіріндіні енгізу қажет ол өте күрделі органикалық қосылыстардың жиынтық кешені. Кез-келген топырақта қарашірінді гумин қышқылынан, фульво қышқылдарынан және олардың тұздарынан тұрады. Қарашірінді топырақтың физико-механикалық биологиялық қасиеттеріне және оның қоректік режиміне үлкен әсер етеді. Топыратағы қоректік элементтердің жылжуын, олардың өсімдіктерге жетуін қарашірінді қамтамсыз етеді. Шаруашылықта қарашірінді мөлшері өте төмен.
Азоттың басты бөлігі топырақтың органикалық заттары қарашірінді құрамында болады. Өсімдіктерге тиімді азот қосылыстары нитрат, аммоний, нитрат иондары топырақтыңорганикалық заттары ыдырауы кезінде түзіледі. Азот өсімдіктердің ақуызы құрамына және басқада химиялық қосылыстарда кездеседі. Ол өсімдік тіршілігіне қажет басты элемент. Зерттеу нәтижелер шауашылық топырақтарында азот мөлшері төмен екенін көрсетті.
Фосфор топырақта органикалық және минералды қосылыстар түрінде болады. Өсімдіктерге ең тиімдісі суда еритін фосфор қышқылының тұзы. Фосфор өсімдіктердің өніп өсуіне қажетті негізгі элементтердің бірі. Бұл шаруашылықта агрохимиялық нәтижелер фосформен қамтамасыз етілуі орташа болды.
Калийдің топырақтағы жалпы қоры мол болып келеді. Ауыр механикалық құрамды топырақта калийдің мөлшері 2% және одан жоғары болады, бірақ жеңіл механикалық құрамы топырақтарда оның мөлшері кемиді. Калийдің негізгі қоры топырақтағы бастапқы және туынды минералдарда шоғырланған. Сонымен бірге топырақтың қатты бөлігімен сіңірілген калий иондары және қарапйым тұздар құрамындағы калий қоры да бар. Өсімдіктер негізінен топырақта алмаса сіңген калий иондарын қоректенуге пайдаланады. Шаруашылықта калий мөлшері жеткілікті, сондықтан калий тыңайтқышын қажет етпейді.
Өсімдіктердің дамуына топырақ рн реакциясы үлкен әсер етеді. Оларға көбінесе нейтралды немесе әлсіз қышқыл реакция ортасы жағымды. Агрохмиялық нәтижелерінің көрсеткіштері шаруашылық топырағының рн ортасы орташа қышқыл реакция ортасы екенін көрсетті.
Кесте 4 - Топырақтың құнарлылық сипаттамасы (агрохимиялық көрсеткіштері)
РН
көрсеткіші
Топырағы қара қоңыр Рн бейтарап және әлсіз сілтілі болып келеді. Топырақтың қара шірік мөлшері 4, 4 % қалыңдығы 0-40 см қабатындағы қоректік заттың орташа мөлшері. Шаруашылықта топырақ және климат жағдайларын ескере отырып бұл аймаққа дәнді дақылдарды өсіруге оның ішінде бидай, арпа, сұлы дақылдарын өсіруге қолайлы екенін биологиялық ерекшеліктеріне сай болғандықтан, осы дақылдарды себуге қолайлы.
Кесте 5 - 2019 жылы шаруашылықтағы техниканың түрлері және олармен қамтамасыздандырылуы
LANDINI(пресс), МТЗ-80
БЕЛАРУСЬ-80, МТЗ-50
90% - дан аса ауыл шаруашылығы машиналарын шетелдік жетекші фирмалар құрайды, мысалға Италия, Германия, АҚШ, Канада, Англия, Франция. Шаруашылықта соңғы үш жылда ауыл шаруашылық машиналарының жаңа маркалары мен агротехника құралдарын толықтырылды. Бұл жаңа техникалар мен машиналар агротехникалық шараларды уақытымен жұмыс істеуге және жұмыс көлемін арттырып шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Шет елден әкелінген JOHN DEER маркалы жаңа технологиялық техникалар арқылы тұқым себу жұмыстары топырақ өңдеу химиалық өңдеу жинау жұмыстарын жасады. Шаруашылықта қар тоқтататын СВШ-10, СВУ және ылғал жабатын ЗБЗСТУ-30 бар. Топырақ тырмалауға арналған ЛДГ-15, тұқым себетін СЗС-2, 1, себуден кейін бороналайтын ЗБЗС-1, 0, прес-подборщик, погрузка соломы СШП-0, 5. Терең қопсытқыш ПГ-3, 5. КПШ-9, КПШ-10. Шаруашылықта тұқым тазалағыш БЦС-50, ЗАВ-10, БТ-10 техникалары бар. Тұқым дәрілейтін ПС-10.
Біз тәжірибе өтуде көбінесе химиялық бағытта, тұқым дәрілеу, гербицид шашу, инсектицид бүркуді игердік деседе болады. Олардың қандай дақылға арналғанын, себу мөлшерін есептеу, әсер ету затын есептеу, қанша күнде нәтижесін беретінін бақылау-біздердің күнделікті жұмыстарымызға айналды. Әрине, ол процесттерді жүзеге асыру үшін ОП-3000-24 маркалы техникасы көмек берді.
Кесте 6 - Шаруашылық жағдайында қолданылатын препараттардың түрлері
БАЙЛЕТОН
(барлық вег кезінде)
Жаздық, күздік бидай, күздік, жаздық арпа, жүгері
Қоңыр тат, ақ ұнтақ, септориоз.
ЗЕНКОР
(түптену фазасында)
Жаздық бидай
½жылдық арамшөптер
П-4
Эмульсия концентраты
Астық дақылдар
1, 2 жылдық арамшөптер
П-4
сулы ерітінді
ЗЕНОН АЭРО
(Вегетация кезінде)
Жаздық бидай, жаздық арпа
Қоңыр тат, сабақ таты, септориоз, ақ ұнтақ
Эмульсмия концентраты
П-3
ГЕЗАГАРД
(топырақты дәрілеу)
Соя, жүгері
1, 2 жылдық арамшөптер
Суспензиялы эмульсия
П-3
Жоғарыда келтірілген химиялық препараттарды өндіріс кезінде қолдандық. Ондаған гектар жерлерді стандарттық нормаға көбейту арқылы есптеп отырдық. Мысалға, ЗЕНКОРды 24 га себетін болсақ, 24*0, 4=9, 6 л ерітіндіні ОП-3000-24 техникасына құйып, сумен араластырдық. Ал бұл техниканың сипаттамасы мынадай:
1. Оп-3000-24 бүріккішінің сипаттамасы:
Тип: жартылай тіркемелі
1 сағаттағы жұмыс жасау көлемі, га/сағ - 19, 2…28, 8
Жұмыс жылдамдығы, км/сағ - 8…12
Ұзындығы, м - 24
Бак көлемі, л - 3000
Салмағы, кг - 1950
Сурет 2. Егістіктерді бүркуге арналған жер үсті бүріккіштері
Бұл трактор ішінен жартылай гидравликалық автоматты компютермен басқарылып отырды. Пульт қанатын жаю, созу, оңға, солға, төмен, жоғары көтеріп, түсіру, шашу қызметтерін атқарады.
Сурет 3. Шаруашылық жағдайында GPS қондырғылары орнатылған машиналардың жұмыс процесі
Бұл тұқым сепкенде, жер жыртқанда, тырмалағанда қай жері жыртылды, қай жері жыртылмады немесе себілді-себілмеді деп көрсетіп отыратын іштен басқарылатын автоматты компьютер.
1. 4 Шаруашылық бойынша дақылдардың егіс көлемі
Байсерке - Агро оқу ғылыми өндірістік орталығында негізінен жемазықтық дақылдар, жүгері, соя, бидай, арпа, алма бақтары т. б өсіріледі.
Кесте 7 - Егілген дақылдар тізімі
Шаруашылықта биылғы жылы гектарынан 116 ц бидайдан өнім алып рекордтық көрсеткішке ие болды. Жүгеріден 140 т, қалыпты жағдайда 25-30 ц/га болғанын шаруашылықтың менеджері Әбілдашев Нұғман алға тартты.
Сурет 4. Ауыспалы егіс жүйесі және статистикалық цифрлар
Шаруашылық жағдайында себілетін дақылдарға сипаттама
Жүгері - жылылықты сүйгіш дақыл, өсу дәуірі кезінде керекті активті температура қосындысы 1700-3100°. Өсімдік собығы сүттеніп қамырлану кезеңіне жеткенше 1800- 2300°, ал толық пісуі үшін -2100-2700° керек.
Жүгері дәні топырақ 8°С жылы болған жағдайда көктеп шыға бастайды, бірақ ұзақ 15-20 күн өніп, көгі сирек болады. Тез өніп, 6-8 күнде жер бетіне біркелі жиі шығуы үшін себу тереңдігіндегі топырақ жылылығы 10-12°С, ал ауаның жылылығы 18-20°С болғаны жөн.
Жүгерінің жер бетіндегі органдарының өсіп дамуына температураның әсері үлкен. Алғашқы кезеңде өсімдіктің өсіп дамуына онша жылы температура керек емес, ал вегетативтік органдардың жылдам өсетін, гүлдеу және пісу кезеңдерінде температура барынша жылы болуы керек.
Жүгерінің өсу дәуірінің ұзақтығы күнделікті орташа температураның мөлшеріне де байланысты. В. И. Балюраның мәліметіне қарағанда жүгерінің Воронежская - 80 сорты 17, 3° температурада көктеп шыққаннан кейін 65 күнде, ал 18, 6 градуста 56 күнде гүлдеген. Күнделікті орташа температура 16, 3° болғанда собық гүлдегеннен кейін 47 күнде, ал 12, 9° градуста 60 күнде піскен.
Өсімдік 6-8 жапырақты кезеңінен дән қамырлану дәуіріне дейін 2-3° суықтан жүгері толық өледі. Бірақ жүгері алғашқы өсу кезінде (2-4 жапырақты кезең) суықтан зақымданса да қайтадан өсіп, жетіліп кететіндігін тәжірибе көрсетті. Мұның мәнісі, осы кезеңде дәндегі қоректік заттарды пайдалану арқылы зақымданған жапырақтардың төменгі жағы қайтадан әлденіп жаңа жапырақ өсе бастайды.
Қазақстанда күздік бидай ретінде негізінен жұмсақ бидай өсіріледі. Осыған байланысты төменде аталған түрдің өсу, даму және өсіру технологиясының ерекшеліктері қарастырылады. Күздік бидай биологиясы бойынша жаздық бидайдан ерекшеленеді. Жаздық бидайдан айырмашылығы - оның вегетациялық кезеңі күзде басталады да, келесі жылы жазда аяқталады. Тіршілік үрдісінде күздік бидай өну, көктеу, түптену, түтікке шығу, масақтану, гүлдену және пісу (сүттене пісу, балауыздана және толық пісу) кезеңдерінен өтеді. Алғашқы үш кезеңдері күзде, қалғандары - келесі жылы көтемде және жазда өтеді. Осы кезеңдері бойынша оның биологиялық ерекшеліктерін қарастырайық. Тұқымның өнуі - бұл тыныштық күйдегі тұқымның белсенді әрекетке көшуі, ол үшін жылу, ылғал және ауа қажет. Тұқымы өз массасының 45-50 % су сіңіргеннен кейін өне бастайды, топырақтың оңтайлы ылғалдылығы ТЫС-тың 60-70 % мөлшерінде болғаны дұрыс. Құрғақ-далалы аймақта алғы дақылды таңдағанда және дайындағанда бұл өте маңызды. Тұқымның суды сіңіруіне температура көп әсер етеді. Күздік бидай тұқмы 0оС-да суды сіңіре алады, бірақ мұндай жағдайда тұқым бөрткенімен физиологиялық өсу үрдісі тоқтап қалады. Топырақ ылғалдылығы ТЫС-тың 60 %-да және температура 4оС-да тұқым ылғалдылығы 50 %-ға жетінші тәулікте, ал температура 10оС-да - 3, 5 тәулікте жетеді. Тұқымның өнуі үшін оңтайлы ауа температурасы 14-16оС. топырақ ылғалдылығы өте жоғары, қатты тығыздалып қалғанда немесе топырақ қабыршағы пайда болғанда анаэробты жағдайларда тұқым өнбейді немесе нашар өнеді. Тұқымның өнуінің алғашқы күндерінде органогенездің бірінші кезеңі жалғасады - өсу конусының әртүрлі ткандерге дифференциясы (оқшаулануы) жүреді, ұрықтық тамыршалармен жапырақшалардың ұзара өсуі күшейеді, ұрықтық сабақ оқшауланады, жаңа жапырақтар ұрықтары қалыптасады. Тұқымның өну мерзімі топырақтың тығыздығы мен оны өңдеу түріне, тұқымның сіңіру тереңдігі мен топырақпен түйісуіне байланысты өзгереді. Құрғақ ірі кесекті нашар өңделген, арамшөптермен ластанған топырақтар күздік бидай тұқымының жаппай өнуіне жағдай жасамайды, мұны өсіру технологиясын жасағанда ескеру қажет.
Күздік бидайдың қоршаған орта факторларына қажетсінуін қорытындылай келе мынаны көрсеткен жөн:
- барлық өсіп-даму кезеңдерінде топыраққа жоғары талап қояды - қара топырақтарда жақсы өседі, алайда күңгірт-қоңыр топырақтарда да өсіруге болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz