Құрылымдық бөлімдердің бизнес - жоспары
КІРІСПЕ
Бизнес-жоспардың негізгі талдауы – бұл жобалар – фирманың жаңа
перспективалық даму стратегиясының бағдарламасын қамтамасыз етуші ретінде
қарастырылады. Сондықтан, әрекет етуші кәсіпорынның жаңа өндірістік
құрылымы жобалау кезінде негізгі кезең дамытудың жаңа бас мақсаты және
болашақта оны жүзеге асыру стратегиясын қабылдау болып табылады. Шаруашылық
жүргізудің нарықтық жағдайларына нарықтық бағаның, қаржы мен несиенің
ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, ең алдымен, қаржылық тепе-теңдік пен
тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз етуге
бағытталған.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
үшін біздің экономикамыз, ғылымымыз, өнеріміз, әдебиетіміз тең дәрежеде
болуы керек. Бұған Елбасы да ерекше мән беріп отыр. Соңғы 17 жылдың ішінде
елімізде үлкен өзгерістер болды. Қазақстан онша дамымаған кешегі кеңестік
республикадан өркендеген, әлеуетті экономикасы бар, демократиялық
мемлекетке айналды. Мемлекетіміз бен Елбасымызды дүниежүзі біледі,
сыйлайды, құрметтейді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –
Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа Жолдауынан Үкіметке 2010
жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік
бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Оны Бизнестің
жол картасы – 2020 деп атауды ұсынған. Елбасының биылғы жолдауында шағын
және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Осы ретте кәсіпкерлерге
жеңілдетілген несие беру мәселесін айтсақ болады. Кәсіпкерлікпен
айналысқысы келген адам алғашқыда несие алуға әрекет жасайтыны белгілі.
Болашақ кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жоқ болса, тіпті қиын. Жолдауда
айтылғандай енді кәсіпті бастау үшін несие алған адамдарға мемлекет кепіл
болатын болды. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Әрине, мемлекет
кәсіпкерлерге жүз пайыз кепіл болмайтыны түсінікті. Дегенмен, еліміздегі
екінші деңгейлі банктер сырттан займдар тартқанда мемлекет кепіл болды.
Нәтижесінде банк саласы қарқынды дамыды. Осындай жағдайды шағын және орта
кәсіпкерлерге де жасайтын кез жетті. Мемлекеттің кепіл болуы халықаралық іс-
тәжірибеде бар. Айталық, мұндай тәжірибені Германиядан кездестіруге болады.
Банк кәсіпкерлердің бизнес-жоспарымен танысып, оған қаржы салудың тәуекелі
зор екенін білгеннен кейін, кәсіпкерлер мемлекеттің көмегіне жүгіне алады.
Жолдауда айтылған тағы бір көңілге қонымды мәселе, еліміздің барлық
аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтар ашу ісін атап айтуға
болады. Мемлекет кәсіпкерлік қауымдастықтарға арнайы гранттар тағайындап,
кәсіпкерлерге тегін ақыл-кеңес беру ісін ұйымдастыруына болады. Өйткені
қауымдастықтардың бай тәжірибесі бар. Яғни кәсіпкерлер осындай кеңес беру
орталықтарына жүгіне отырып барлық керекті сұрақтарына жауап таба алатын
болады. Соның ішінде бізнес жоспарды таңдау, әзірлеу тәртібі мәселесі
ерекше маңызға ие.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көптеген ірі батыс фирмаларында кәсіпорынды
құру мен оны жетілдіру сияқты дамыту бөлімдері жұмыс істейді. Оның басты
қызметі фирманың қабылданған жаңа даму стратегиясымен сәйкес басқарудың
өндірістік және ұйымдық құрылымдағы өзгерістері бойынша жасалынатын бизнес-
жоспардың қаншалықты мөлшерде фирмаға әкелетін тиімділігі мен әсер ету
жағдайын талдап, барынша тақырыптың мазмұны мен мақсатын анықтап талдау.
Яғни нарықтық экономикаcы дамыған шетел елдердің кәсіпорындарында бизнес-
жоспар ең басты элемент болып табылады. Қазақстан енді ғана бизнес-жоспарды
құрастыруды тәжірибе жинауда. Көбінесе қызығушылықты мекемелер мен
ұйымдардың жеке формалары танытуда.
Бизнес-жоспар қазақстандық кәсіпкерлікті стратегиялық жоспарлау құралы
ретінде кірді, сондай-ақ инвесторлармен, кредиторлармен және мемлекеттік
басқару органдармен келіссөздерді жүргізу үшін қажетті құжат болып
табылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр
түрлі саласында қолданады және кәсіпорынның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Бизнес-жоспар берілген бизнестің шағын, нақты, түсінікті анықтамасы болып
табылады. Бизнес-жоспар көптеген мәселелерді шешеді, ол бизнестің
мақсаттарын анықтауға және бизнесті құруға, мәселелердің шешу жолдарын
анықтайды және тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар – коммерциялық iс-шаралардың зерттеп-дайындалған негiзгi
аспектiлерiн, туындаған мәселелердi, мүмкiн болған кедергiлердi сараптау
және оны жоюдың әдiстерiн көрсететiн фирмаiшiлiк құжат. Несие беру үшiн
негiз болады, коммерциялық жобаның шынайылығын және тиiмдiлiгiн сараптау
құралы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бизнес-жоспардың теориялық аспектілері ретінде
оның негізгі мәні мен мазмұны, қызметтері мақсаттары, оның нарық
жағдайындағы рөлі курстық жұмыстың бірінші тарауында қарастылылған. Ал,
екінші тарау бойынша кәсіпорынның маркетингтік, менеджменттік және
стратегиялық даму жолдары талданып, бизнес-жоспардың экономикалық негіздері
мен тиімділігі қарастырылған. Кәсіпорынның бизнес-жоспарын қолдану мен
жетілдіруі жайлы сөз үшінші тараудың бөлімінде талданады. Яғни, оның мысалы
ретінде супермаркеттің құрылу жолы мен даму стратегиясы қарастырылып, жалпы
бизнес-жоспарын талдау негізі міндеті ретінде көрсетіледі.
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Бизнес жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері
Бизнес-жоспар құжат ретінде кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік
дамуының перспективаның жоспарын алмастыруға қабілетті. Сондықтан, бизнес-
жоспар – бұл кәсіпорынның өндірістік-қаржылық қызметінің рентабельдігін
арттырудағы статистикалық даму бағдарламасы.

табылады. Бизнес-жоспар мен стратегиялық жоспар арасында бірқатар
айырмашылықтар бар.
Стратегиялық жоспарды жалпы кәсіпорын бойынша құрастырады және барлық
мақсаттар мен міндеттерді қамтиды. Бизнес-жоспар негізінде жаңа бизнесті
құру мен дамыту үшін нақты мақсаттар мен міндеттер бейімделеді.
Бизнес-жоспар қатаң горизонтальдық жоспар болса, стратегиялық жоспарда кең
ауқымды болып келеді. Осыдан бизнес-жоспар бұл стратегиялық жоспардың нақты
бір мәселесінің қарастырылуын көрсететінін көреміз.
Бизнес-жоспарға ұқсас құжат болып техника-экономикалық негіз болып
табылады, өйткені мұның бағыты бизнес-жоспардағыдай, бірақ технико-
экономикалық негіз шағын негіз болып келеді. Бизнес-жоспар – бұл
кәсіпкерлік жобаның негізгі формасы болып табылады.
Бизнес-жоспар негізгі мақсаты берілген бизнестің негізін салу және нақты
кезеңге нәтижелерді бағалау. Осы тұрғыда бизнес -жоспар табысқа жету жолы
болып табылады; Бизнес-жоспар бизнесті басқару және іс-әрекеттер бағытын
анықтайтын құжат болып табылады. Бұл аспектіде бизнес-жоспар стратегиялық
жоспардың және басқарудың орындалуы мен бақылаудың қажетті элементі. Бизнес-
жоспарды жоспарлау процесі және фирманың ішкі басқару инструменті ретінде
қарастыруға болады. Сондықтан да бизнес-жоспар ылғи да өзгеріп отыратын
құжат, ол фирманың жаңа еңгізулерге бағыттайды.
Бизнес-жоспар өзін-өзі үйрету құралы. Бұл аспектіде бизнес-жоспар бұл
үзіліссіз тану мен өзін-өзін тану процессі құралы. Осыдан бизнес-жоспар
шығармашылық процесс деп бекітуге болады.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспардың құрылымы, формасы, мәні бойынша әр
түрлі типте қолдануы мүмкін. Бизнес-жоспар келесідей жіктеледі:
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары;
- Коммерциялық сана және инвесторлық жобаның толық бизнес-жоспары және
тұжырымдамасы;
- Құрылымдық бөлімдердің бизнес-жоспары;
- Бизнес-жоспар несиеге сұраныс;
- Бизнес-жоспар – грантқа сұраныс;
- Аумақтық даму бизнес-жоспары.
Берілген технология бойынша бизнес-жоспар әртүрлі қолдануына байланысты
атқарылады.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың қызметі – басқару құжаты
ретінде оның экономикалық дамуында қабылданған стратегияларға,
концепцияларға, мақсаттарға және міндеттерге сәйкес болуы. Қазіргі
экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция
атқарады.
Бірінші функция, бизнестің концепциясы (тұжырымдамасы) мен стратегиясын
дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функцияның міндеті кәсіпорынды құру
кезеңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек
инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймай,
толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық
және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-
экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екінші функция жоспарлау. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің) мақсаты
мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді
бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін
бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және
қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға
қажетті ақша қаражаттарын (ішкі және сыртқы инвестициялар) тартуға, жаңа
технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге
және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы
және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталды жұмылдыру тәсілдері (несие
қарыздар, үлестік қатынастар, т.б.) анықталады.
Төртінші функция фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс
жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технрлогиясын қоса алатын
әріптес тартуға мүмкіндік береді. Кез-келген әріптес (инвестор) ең әуелі
(көбіне жобаны жасаушылармен кездеспей тұрып) бизнес-жоспар негізінде
компанияның даму бағытына сәйкес фирманың мүмкіндіктерін (қаржыны қайтарып
алу, кепілдіктің шын болуы, сақтандыру және басқа жағдайлар) мұқият зерттеп
алады. Бұл жағынан алғанда бизнес-жоспар талдау құжаты және жарнама құралы
қызметін атқарады.
Сонымен, бизнес-жоспар фирманың тұрақты жұмыс құжаты болып табылады, ол
фирманың стратегиялық бағытын (даму тұжырымдамасын) анықтап қана қоймай,
кәсіпкерліктің барлық салаларындағы қызмет ету процесін де сипаттайды. Ол
фирма ішінде қолданумен қатар, сыртқы байланысқа да қызмет етеді.
Бизнес-жоспар жобасын жасау кәсіпорынның болашақтағы даму стратегиясын
анықтаудан басталады. Стратегияны қабылдауға сәйкес экономикалық концепция
жасалады.
Концепция негізінен жаңа техниканы (жаңа өнім) шығаруды игеру және жаңа
инвесторлар мен акционерлерді тарту, жаңа техникалар өндірісін игеру, сату
көлемін арттыру, жаңа нарықтарды игеру және т.б. арқылы нарықта тұрақты
жағдайды қамтамасыз ету негіздемесінен тұрады.
Қабылданған стратегия мен жасалған концепцияға сәйкес бизнес-жоспардың
мақсаттары мен міндеттері анықталады.
Бизнес-жоспарда сапалы және пайдалы, сондай-ақ, бәсекеге қабілетті өнім
өткізу нарығын жаулап алудың стратегиялық мақсаттары анықталады.
Мұндай мақсат бірқатар міндеттерді шешуде талап етеді:
- кәсіпорын дамудың экономикалық мақсатқа сай бағытын негіздеу;
- күтілетін қаржылық нәтижелерді негіздеу;
- инвестициялық бағдарламаны дайындау процесінде қаржыландыру көздерін
анықтау;
- бизнес-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және
экономикалық негіздеу.
Стратегиялар мен концепцияларды, мақсаттар мен міндеттерді өңдеу нарықтағы
кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдаудан басталады және кәсіпорынның
стратегиялық (болашақтағы) дамуының бағыттары мен іс-шараларын экономикалық
негіздеумен аяқталады.
1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны
Нарық экономикасы дамыған елдерде капитал, ресурстар, технологияны ұсыну
мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, компанияның даму бағытын
көрсете алатын бизнес-жоспар болғанда ғана жүзеге асады. Компаниялардың
көпшілігі бизнес-жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма қызметі айлық не
тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі.
Бизнес-жоспардың құрылымы канондалған емес, әр компания бизнес-жоспарды
өздігінше құрайды. Әлемдік тәжірибеде осы жоспарды құрудың бірегей немесе
қатаң шектелген нұсқасы жоқ. Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-
жоспардың мазмұны орталықтанған жоспарлаудан алдеқайда кең. Ол мынадай
негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:
- Экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу,
мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау.
- Рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұзақ мерзімде өндірілетін өнімнің
(жұмыстың, қызметтің) қажетті көлемі мен сапасын дәлелдеу, өндірістік
мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау.
- Басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау,
фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру.
- Фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын:
жарнама, сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары, т.б.
анықтау.
- Фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы нәтижелерінің
көлемін анықтау. Келешек және жылдық бизнес-жоспарда тұрғындардың
әлеуметтік жағдайын, аймақтықэкологиялық хал-ахуалды жақсарту шаралары
қарастырылады.
Отандық және шетелдік мамандар бизнес-жоспардың әртүрлі құрылымдарын
ұсынады. Мысалы менеджменттің жеті нотасы кітабында бизнес-жоспардың
құрылымы менеджменттің компонентері тұрғысынан беріледі. Құрылым үш блоктан
тұрады: Жобаның барлық басқару анализі; Іс шаралардың тізімі мен жоспары;
Қаржылық жоспар.
Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі (аса ірі
компаниялар) ғана 5 жылдан артық мерзімге жасайды.
Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың принциптері:
- Сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет;
- Барлық жағдайдың нақтылығы және дәлелділігі;
- Айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре алатындығы.
- Қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында жасау
және мақсатына қарай бейімдеу;
- Арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны қажетсінетін
адамға жеткізу.
Өнімге нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдаудың экономикалық
негіздемесі кәсіпорынның бизнес-жоспарын аяқталады, соның ішінде мынадай
экономикалық бөлімдер бойынша:
- өнім өндірісі мен кәсіпорын ресурстары;
- өндіріс шығындары;
- қаржы;
- экономикалық тиімділік.
Төмендегідей экономикалық бөлімдер бойынша негіздеме жүргізіледі:
І бөлім. Өндірістік қуаттылық, өнім (тауар), нарықтық сұраныс, нарықтық
сұранысты қамтамасыз ету.
ІІ бөлім. Өндіріс ресурстары.
ІІІ бөлім. Өндіріс шығындары.
ІV бөлім. Жобаланған баға мен өнім рентабельділігі.
V бөлім. Экономикалық тиімділік.
Әдістемелік және іс-тәжірибелік ұсыныстар “Кәсіпорын экономикасы”,
“Инновациялық менеджмент” және басқа экономикалық пәндер, соның ішінде
“Логистиканың экономикалық негіздері” бойынша курстық және дипломдық
жұмыстарын орындау барысында қолдануы мүмкін.
Бизнес-жоспар тек экономикалық бөлімдерден тұрады. Бизнес-жоспарда резюме,
өнімнің сипаттамасы, нарықтық маркетингтік зерттеулердің нәтижелері,
технология және өндірісті ұйымдастыру берілмейді, өйткені, шығарылатын өнім
бәсекеге қабілетті болып табылады, нарықта сұранысқа ие. Кәсіпорын
сипаттамасы бизнес-жоспардың “Кәсіпорын ресурстары” атты І бөлімде
беріледі.
Бизнес-жоспар есептелген мәліметтер бойынша құрылады және курстық жобаның
тиімділігін экономикалық негіздеу үшін болып табылады.
Өнімге деген нарық қажеттілігін қамтамасыз ету бағыттарын таңдауды
экономикалық негіздеу кезінде бизнес-жоспарға жан-жақты және терең
салыстырмалы талдау жасалынады. Өнім өндіру мен өткізуді арттыру орташа
еңбекақы, банк несиесін өтеу және қайтару мерзімі және т.б. салыстырылады.
Салыстырмалы талдаудың жағымды нәтижелері кезінде қарастырылатын әдістеме
бойынша экономикалық тиімділіктің негізгі критерийі ұзақ мерзімді банк
несиесін қайтару мерзімінде салынған қаржыларды қайтару болып табылады:
техникалық қайта жабдықтау және қайта құрастыру үшін – 5 жыл, ал кеңейту
және жаңа құрылыс үшін – 5 жылдан аса мерзім белгіленеді.
Егер жоба кері нәтижелерге алып келсе, онда өндіріс тиімділігін көтеру
жөнінде ұсыныстар жасалынады.
Кәсіпорын дамуының бизнес-жоспары мәліметтерінен болашақта кәсіпорынның
өндірісішілік резевтерін пайдалану және техникалық қайта жабдықтау есебінен
өнімді шығару мен өткізу көлемін 2 есеге арттыру экономикалық дәлелденген
болып табылатынын көруге болады. Капитал салымы банктік ұзақ мерзімді
несиенің мерзімі шегінде өтеледі. Шығынсыздық нүктесі өнім өткізу көлемінен
әлдеқайда төмен, дегенмен қаржылық орнықтылық қоры шығарылытын өнім
рентабельділігінің аз ған жоғарлауына байланысты жоғары болмайды.
Тиімділіктің басқа көрсеткіштері жағымды, мұны салыстырмалы талдау
дәлелдейді. Болшақта өнімнің өзіндік құны елеулі түрде төмендейді, бұл оның
нарықтық бағасын төмендетуге, ал осыған орай, өнімнің бәскеге қабілеттігін
көтеруге мүмкігдік береді.
Болшақта өнім көлемін арттыру мәліметтерін қор қайтарымдылығы,
рентабельділік, еңбек өнімділігі және орташа еңбекақы сияқты көрсеткіштрмен
салыстыру еңбек өнімділігінің өсуі орташа еңбекақының өсуін едәуір дәрежеде
басып озатынын көрсетеді.
1.3 Бизнес-жоспардың құрылымы
Бизнес-жоспар – бұл іскер жобаның негіздемесі. Бизнес-жоспардың құрылымы
өзіне арналған міндеттерге тәуелді. Бөлімідерінің құрамы бизнестің
ерешелігі мен нарықтың көлеміне байланысты көлеміне, проблемалық
жағдайларға, алда тұрған міндеттерге тәуелді өзгеруі мүмкін. Жалпы, бизнес-
жоспар келесі бөлімдерден құралады:
Титул парағы. Құжаттың атын, жобаның атын, шағын кәсіпорынның пішінін
(бизнес-жоспардың жасалуына себепкер жағдай), өндірушілердің аты-жөнін,
шағын кәсіпорындардың деректемелері менбизнес-жоспарды жасаудың орны мен
уақытын белгілеуден тұрады.
Аннотация (негіздеме). Барлық бөлімдердің қысқаша нәтижелерін құрайды
(жобаның мәні мен тиімділігі, фирма туралы жалпы мәліметтер, басқару
командасы, іс-әрекеттер жоспары, қаржыландыру көздері, инвестицияларды
қайтару жлспары мен кепілі).
Құпиялылық туралы меморандум. Әсіпесе фирманың дамуының перспективті
саясатына қатысты бизнес-жоспардағы барық ақпараттардың құпиялылығы туралы
әлеуетті инвесторларды ескерту үшін қажет.
Мазмұны. Бизнес-жоспардың мазмұнына оңай бейімделуге және қажетті
ақпараттарды тез табуға мүмкіндік береді, ол бөлімдер жоспарының тізімін
береді.
1-бөлім. Фирманың мүмкіндіктері(түйін). Ағымдағы жағдайлар, ұйымдастыру
құрылымы, шағын кәсіпорынның жетістіктері туралы мәліметтерді құрайды.
Бұл бөлімшенің көлемі 3-4 беттен аспауы керек. Оның мәтіні түсінікті де
қарапайым болу керек. Осы бөліммен жұмыс істеу өте маңызды, өйткені егер де
кәсіпкерлік жобаның тартымдылығы көрсетілмесе, бизнес-жоспарды ары қарай
инвесторлар да оқымауы мүмкін. Сондықтан осу бөлімді жазу кезінде
кәсіпкерге 2 кезеңді топтасқан түрде және негізделген түрде меңгеру қажет:
- инвесторлар үшін оның тартымдылығы мен іскер ұсыныстарының мәні;
- оның іс-әрекетінің негізгі бағыттарын сипаттау, жобаны табысты жүзеге
асыру бойынша фирманың мүмкіндіктері.
Бөлім фирманың миссиясының және оның негізгі стратегиялық
бағыттарын ұйымдастырумен басталады. Миссия – бұл ұйымның пайда болуын
сипаттайтын басты мақсат.
2-бөлім. Тауар (қызмет) түрлері. Шағын кәсіпорынның тауарлық саясатының
параметрлері қарастырылады.
Осы бөлімді жазуда кәсіпкерлерге төмендегілер қажет:
- тұтынушыларғы ұсынылатын тауарларға (қызмет) сұраныс пен сатып
алушылардың қажеттілігін бағалау;
- тұтынушылардың қажетілігіндегі өзгерістер үрдісін болжамдау.
Бірақ, не өндіру керек екенін білу, әлі де жеткіліксіз. Ол таңдалған өнімді
тұтынушылардың талаптарына толығымен жауап беретіндей етіп өндіре бәлу
қажет. Бұл үшін фирманың келесідей мүмкіндіктерін талдау қажет: өндірістік,
қаржылық, материалдық ресурстары, өнімді өткізу жүйесі, бар кадрлардың
біліктілігі және т.б. Тауарларды сатудан түскен табыстар, сондай-ақ нарықта
оның жүзеге асырылу процесінің ерекшеліктері көбінесе берілген тауар немесе
қызметтің өміршеңдік циклінің қандай кезеңде тұрғанымен анықталады.
Жетілудің соңғы кезеңінде тауарлардың өміншеңдік циклін ұзарту мақсатында
кәсіпкер тауарды жетілдіру, жаңарту, қолдану аясын кеңейту, жаңа өткізу
нарықтарын іздеу сияқты шешімдер қолдануы қажет.
Шағын фирмамен шығарылатын түрлі тауарлардың өміршеңдік циклі бірін-бірі
жауып, толықтырып отырған жағдайда, яғни тауармен нарықтың толығып кету
мезетіне дейін келесі бір жаңа тауар нарыққа ендірілген жағдайда ғана
фирманың өркендеуі сенімді түрде қамтамасыз етілетіндігін байқауға болады.
3-бөлім. Тауарлады (қызметтер) өткізу нарығы. Дайын өнімді өткізу нарығының
сыйымдылығы мен жағдайы; сұраныстың құрылымы мен деңгейіне түрлі
факторлардың әсер етуі; нарық конъюнктурасын өзгерту үрдісі зерттеледі;
нарықты сегменттеу жүргізіледі; фирма игере алатын үлесін анықтау.
Нарықты зеттеуде оның түрін сол немесе басқа белгілер бойынша анықтауға
тура келеді: Мәселен, сату көлемі бойынша нарықтар былай жіктеледі:
- негізгі, өнімнің негізгі бөлігі сатылады;
- қосымша, тауарлардың бір бөлігі сатылады;
- таңдамалы, тауарлардың байқалатын сатулары (пробные продажи) жүзеге
асырылады.
4-бөлім. Өткізу нарығындағындағы бәсеке. Негізгі бәсекелестер анықталады;
олардың стратегиясы мен тактикасы, әлсіз және күшті жақтары сипатталады;
нарықтағы бәсеке деңгейі және сәйкес бәсекелелік стратегиясы бағаланады.
Бұл үшін Бәсекелестер картасын құру, SWOT талдау, негізгі бәсекестер
бойынша нарықты сегменттеу әдісі, Порттердің бәсекелестер матрицасы сияқты
тәсілдер пайдалануы мүмкін.
Бұдан соң жағдайларға байланысты кәсіпкер бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз етудің келесідей стратегияларының бірін таңдай алады:
- бағалы бәсеке – ұқсас тауарларды едәуір төмен бағамен сатады;
- сапалық – сапалы өте жоғары немесе көп функционалды қасиеттері бар
тауарларды бәсекелестердің бағасы бойынша сату;
- сервистік бәсеке - өзінің өнімін сенімді сатудан алдыңғы және сатудан
кейінгі қызмет көрсетумен қамтамасыз ету.
Егер жүргізілетін талдау бәсекелестерден кемшіліктердің жоқ екенін
көрсетсе, онда кәсіпкерге бұл пікірден бас тартқаны және бизнестің басқа
нұсқаларын ойластырғаны дұрыс.
5-бөлім. Маркетинг жоспары. Өнімнің нарыққа шығу жоспары құрылады. Баға
саясаты, тауар қозғалысы мен өнім қозғалысы саласындағы негізгі параметрлер
беріледі.
Маркетингтік стратегияны жасауда шағын фирма кез келген тұжырымдаманы
таңдай алады, бірақ маркетинг бойынша фирма бюджетінің көлемі осыдан
тәуелді болатынын ұмытпаған жөн.
Қарқынды маркетинг стратегиясында фирмаларға жоғарғы баға береді және
өтімді ынталандыру үшін көп қаржы жқмсайды.
Пассивті маркетингтік стратегиясы, ережеге сай, сұраныстың деңгейі
негізінен бағамен анықталған жағдайда ғана қолданлады. Бұл жерде тауар
бағасы да, маркетингтік шығындары да төмен. Нарыққа кең кіру стратегиясы
нарықтың мүмкін болатын үлесін тез қамту үшін қажет және тауарға деген
төмен бағада маркетингке кететін үлкен шығындарды қажет етеді.
6-бөлім. Өндіріс жоспары шағын кәсіпорынның өндірістік саясатының
параметрлері белгіленеді, оның өндірістік мүмкіндіктері (өндірістік
қуаттары), технологиялық қамтамасыз етілуі мен өндірістік қызметтерінің
салалары анықталады.
Осы бөлімнің негізгі көрсеткіштерін есептеу болашақтағы 2-3 жылға жасалғаны
жөн. Өндірістік ағымдардың сызбасына сәйкес өндірістің технологиялық
тізбегін бейнелеуге болады, шикізат пен материалдардың барлық түрлері
қайдан және қалай келетінін, олар қандай цехтарда дайын өнімге қайта
өңделетін және бұл өнім фирмадан қайта жеткізілетінін көрсетуге болады.
7-бөлім. Ұйымдастыру жоспары. Жобаның кадрлық қамтамасыз етілуін
бейнелейді. Басқару құрылымын белгілеу, қызметтерге қабылдау, әріптестер
тарту бойынша ұйымдастыру құрылымын толық мазмұндау.
Ұйымдастыру құрылымы құрылымның графиктік сызбасында, қызметкердің штаттық
кестесінде, фирманы басқару аппаратының бөлімшелері туралы ережелерде,
жекелеген орындаушылардың қызметтік нұсқауларында құжаттық негізде
белгіленеді.
Бұл бөлімде әртүрлі қосымша төлемдердің түрлері: басқарушы жұмысшыларды
ынталандыру мен жоғары көтерілу жүйесі, мамандар біліктілігін жоғарылату
мен қайта даярлау жүйесі, сондай-ақ оұытуға кеткен шығындар сметасын
дайындау көрсетіледі.
8-бөлім. Фирма қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Кәсіпорынның ұйымдастыру
құқықтық нысаны мен меншік нысанын таңдауға негізделеді. Берілген жобаның
табысына әсер ететін бұл нысандардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері, оң
және теріс жақтары бар.
Сонымен бірге, бұл бұл бөлімде өзінің елімен қатар шет елдерде де шағын
фирманың қызметін реттейтін барлық заңды және құқықтық құжаттар көрсетілуі
тиіс.
9-бөлім.Тәуекелді бағалау және сақтандыру. Кәсіпорынның тәуекелдері мен
ескерту іс-шаралары, форс-мажорлық жағдайлар, инвесторлар мен әріптестерге
кепілдемелер көрсетіледі (4-бөлімді қараңыз).
10-бөлім. Қаржылық жоспар. Шағын фирманың өндірістік-шаруашылық қызметтің
тиімділігін сипаттайтын негізгі қаржылық көрсеткіштерді талдау және
жоспарлы-есептік құжаттардың жинағы ұсынылады.
Бұл берілген бөлімде есептік кезеңге көрсеткіштердің жоспарлы және нақты
алынған мөлшерлерін келесідей жоспарлы-есептік құжаттардың жүйесінде
көрсету қажет:
- оперативтік (жұмысшы) жоспар (есеп);
- табыстар мен шығындар туралы жоспар (есеп);
- ақша құралдарының қозғалысы туралы жоспар (есеп);
- баланстық есеп (бюджет).
11-бөлім. Қаржыландыру стратегиясы. Шағын фирманың инвестициялық саясатының
мәнін ашады, соның ішінде мынадай сұрақтарға жауап береді:
Бизнес-жоспарда ұсынылған жобаны жүзеге асыру үшін қанша құрал керек?
Қажетті құралдарды қай жерден және қандай түрде алуға болады?
Инвестицияларды қалай жақсы пайдаланған дұрыс?
Инвестициялар қашан табыс алып келе бастайды?
Бұл сұрақтарға жауаптар Қаржылық жоспар бөлімінде келтірілген
есептеулерге негізделеді. Сонымен қатар сәйкес қаржылық менеджменттен
көрсеткіштерді есептеулердің түрлі математикалық тәсілдері қолданылады және
осы жобаны инвестициялаудың мақсатқа лайықтылығы туралы қорытынды нәтиже
жасалады.
Қосымшалар. Бұл ақпарат қосымша сипатқа ие, ережеге сәйкес, мамандар үшін
(мәселен, технологиялық маршруттың кестесі, шығарылған өнімнің нақты
техникалық сипаты, келісімдердің көшірмелері және т.б.) қызығушылық
тудыратын ақпаратты көрсетеді.
Бөлімдердің әрқайсысында негізінен басты назарды рыноктағы фирманың орны,
олар бойынша мақсатты және оларға жету жолдары анықталады, сонымен бірге
фирма мен оның қызметі туралы мәлімет беретін ақпарат алынады. Сонымен
бірге сала кәсіпорынның сипаттамасын беріп, жоспарланып отырған өнім еткізу
аймақтарда – ел ішінде және шетелдерде тап осындай өндіріс орындарының
дамуын анықтау қажет. Мұнда мынадай көрсеткіштерді көрсеткен маңызды:
негізгі өнім мен қызмет тізілімі; өндірістің аймақтық құрылымы (өндіріс
қуаттарын аймақтарға бөлу); саланың қазіргі және болашақтағы шикізат
базасы; сала кәсіпорындарының негізгі қорлары және материалдық-техникалық
базасы.
Ішкі және сыртқы нарықтағы негізгі бәсекелестердің қызметіне талдау жасау
қажет: шығарылатын өнім атаулары және көлемі; оның бәсекелесу қабілеттігі;
бәсекелестер жұмыс істейтін рыноктар және олардың осы рыноктардағы
үлестері; бәсекелестердің өндірістік базаларының жағдайы; баға саясаты және
өткізу саласындағы саясат; бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтары
(олардың өнімдері мен тұтынушылары, жарнамалық қызметі, бағалары, сауда
көлемі, атағы, орналасқан жері т.б.). Сонымен бірге өнімге байланысты
патенттік-лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтар және басқа
да интеллектуалды меншік нысандары туралы мәліметтер өткізу де маңызды.
Өндірілетін өнімнің соңғы 5-10 жыл ішіндегі нақты және құндық
көрсеткіштері, оның құрылымы жөніндегі де мағлыматтар берілгені жөн.
2. КЕПТІРІЛГЕН НАН, ПЕЧЕНЬЕ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ НАН ПІСІРУ ӨНІМДЕРІ ЦЕХЫН ҚҰРУ
БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1. Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын
құру бизнес-жоспары.
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Шығыс Қазақстан облысында кептірілген нан, печенье
және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері кептірілген нан, печенье және сушкалар
болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне нысаналы топтың қажеттілігі
ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері (бөлке нан, баранкалар және т.б.)
қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-
ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Шығыстар, мың теңге 2 017
Негізгі капиталға инвестициялар 2 360
Айналым капиталы 716
Барлығы 3 076
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты
қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге Сомасы Кезеңі Үлесі
Негізгі капиталға инвестициялар 716 03.2017 23%
Айналым капиталы 2 360 03.2017 77%
Барлығы 3 076 100%
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы тенге
Пайыздық ставка, жылдық 7%
Өтеу мерзімі, жыл 6,0
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 3
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай 6
Өтеу түрлері тең үлестермен
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге 509
Активтердің рентабельділігі 23%
10% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған
таза кірісі 7 жылда 267 мың теңгені құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 13%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 267
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 4,8
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 5,8
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- ауылдық жерде 5 жаңа жұмыс орнын құруға;
- Шығыс Қазақстан облысының және цех орналасатын ауданның бюджетіне қосымша
кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- ауыл тұрғындарының сапалы және әр түрлі нан өнімдеріне деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кіріспе
Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына
өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи
кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады,
еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет
көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
Ұннан жасалған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары
сапасымен ерекшеленуде.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның
құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар.
Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін
атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық
материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант
бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады.
Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды
белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт,
кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер
артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай,
бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген
нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру
мүмкіндігі қарастырылады.
1.Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан,
печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру
көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға
ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға
мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі
арасында аралық буын болмайды.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:
- сары майдан жасалған кептірілген нан;
- ірімшік қосылған печенье;
- Марго кепкен тоқаштары.
Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле
отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т.б.) қосылатын

Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе
қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін
пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге
асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек
осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді.
Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты
шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп
жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын
жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру
өнімдері цехын құру көзделген.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар
дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді,.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның
құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының
төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық
концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %)
олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ
сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің
рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді.
Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі
белгіленген.Сақтау шарттары сақталған кезде сақтау мерзімі 1-ден 2 айға
дейінгі мерзімді құрайды. Кептірілген нанның ең маңызды көрсеткіштері – .
нәзіктігі мен суда бұқтырылуы. Кептірілген нан нәзік болуы тиіс. Олардың
суда толық бұқтырылуы 60 оС кезінде 1-2 минут болуы қажет.
Печенье. Пече́нье — қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің
қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек,
төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы
қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған
сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады.
Кепкен тоқаш өнімдері. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады.
Кепкен тоқаш тобында сушкалар, баранкалар және бубликтер бар. Бұдан басқа
осы топқа нан қиықшалар мен нан таяқшалар да кіреді.
Сушкалар, баранкалар мен бубликтер сопақ және домалақ болып келеді,
дөңгелек түрінде әзірленеді. Бұл өнімде шығыршықтардың шеттерін жапсыру
және шығыршықтар қосылған жерде өнімнің қалыңдығын өзгерту қолмен
жасалады. .
Бір бубликтің салмағы 50-100 г, шығыршығының диаметрі 7-10 см,
шығыршықтың қалыңдығы 3,3 см, ылғалдығы 25-27 %. Баранкалар диаметрі 7-9
см дөңгелек түрде жасалады, шығыршықтың қалыңдығы 2 см. Бір өнімнің
салмағы 25-40 г, ылғалдығы 14-19 %. Сушкилердің баранкалардан
айырмашылығы шағын дөңгелек түрде жасалуды (диаметрі 4-6 см)мен
шығыршығының қалыңдығы (1,0-1,7 см). Бір өнімнің салмағы 6,5-12 г,
ылғалдығы 9-13 %.
Қиықшалар қант, май және басқа шикізаттың тәтті, ащы, киевтік және ванильді
түрлері қосыла отырып жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан жасалады.
Бұл өнімдер жан-жағы жинақталған, диаметрі 8 мм және ұзындығы 100-280 мм
болатын таяқша түрінде жасалады. Дайын өнімнің ылғалдылығы қиықшаның
түріне байланысты 7-ден 11% дейін.
Жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.
1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
Атауы Түрі
Печенье Ірімшікпен
Кептірілген нан Сары май қосылған
Сушкалар Марго
3. Өндірістер бағдарламасы
Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл
нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады.
2–кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Көрсеткіш 2 0172 0182 019 2 020 2 021 2 022 2 023
Қуаты, % 77% 93% 95% 100% 100% 100% 100%
Ірімшік қосылған печенье, 2 7604 4404 560 4 800 4 800 4 800 4 800
кг.
Май қосылған кептірілген 2 5534 1074 218 4 440 4 440 4 440 4 440
нан, кг.
Марго сушкалары, кг. 2 5534 1074 218 4 440 4 440 4 440 4 440
Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген
ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.
3-кесте – Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
Көрсеткіш 2 0172 018 2 0192 0202 0212 0222 023
Ірімшік қосылған печенье, кг.1 2702 042 2 0982 2082 2082 2082 208
Май қосылған кептірілген нан,1 2001 930 1 9822 0872 0 2 0872 087
кг.
Марго сушкалары, кг. 1 2772 054 2 1092 2202 2202 2202 220
Барлығы 3 7466 026 6 1896 5156 5156 5156 515
Бағаны қалыптастыру кезінде халықтың орташа табыс деңгейі ескерілді
Түсімдерді есептеген кезде цех өнімінің мынадай құны назарға алынды:
4-кесте - Өнімге жоспарланған баға
Атауы Мәні, тгкг.
Ірімшік қосылған печенье 460
Май қосылған кептірілген нан 470
Марго сушкалары 500
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені
инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының
ұлғаюына әсер ететін болады.
2.2. Кәсіпорынның маркетингтік, менеджмент және стратегиялық жоспарының
экономикалық тиімділігі
4. Маркетингтік жоспар
1 4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ
облыста өмірлік маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық
және өндірістік әлеует бар.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55,3 млрд.
теңгенің тамақ өнімі, 1,5 млрд. теңгенің сусыны өндірілді. Тамақ өнімдері
өндірісіндегі нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда
120,2%, сусындар өндірісінде - 95,5% құрады.
Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің деректері бойынша
облыстың республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8,2%-
ға, сусындар - 1,1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облыстық
көлемінде салалар үлесі тиісінше 8,9 және 0,2% құрады.
Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің көбінде
өндіріс көлемінің өскені байқалады.
Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-тоқаш және ұннан жасалған
өнімдер өндірісінде, өзге де тамақ өнімдерінде өнім көлемінің
төмендегені байқалды.
1-сурет - Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш
және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер
өндірісінің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 230,5 млн. теңгеге
төмендеді.
Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын кәсіпорындарда 2015 жылғы қаңтар-
желтоқсанда 5891 адам немесе барлық өнеркәсіп өндірісінде жұмыс
істейтіндер санының әрбір он үшінші адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Тамақ өнімдері өндірісінде орташа айлық жалақы 39268 теңге немесе 2014
жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111,2% мөлшерінде қалыптасты.
2-сурет - Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және
печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна
Ақпарат көзі: ШҚО статистика департаменті
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ
сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен тәтті нандар өндірісі
бойынша аздап төмендеу байқалады. Мысалы, 2015 жылы Шығыс Қазақстан
облысында 2 158 тонна кептірілген нан мен печенье шығарылды, бұл 2014
жылғыдан 396 тоннаға кем.
5-кесте - 2011 жылғы қазандағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
кептірілген нан мен печенье өндіретін кәсіпорындар бағасының индексі, %
2016 жылғы қазан
2016 жылғы 2015 жылғы
қыркүйек желтоқсан
Кептірілген нан және печенье өндірісі, ұзақ 102,3 114,0
сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері
өндірісі

6-кесте - Шығыс Қазақстан облысының супермаркеттеріндегі негізгі
өндірушілердің кепкен нан өндіру өнімдері бағасының салыстырмалы кестесі
Өнімнің атауыӨндірушінің атауы Орау, граммБағасы, 1 Бағасы, 1 кг
қорабына үшін
теңгемен теңгемен
Кептірілген Караганда Нан 300 119 - 139 397 – 463
нан
Приправыч 200 119 - 125 595 – 625
Цесна 800 185-190 231 – 238
Сушкалар Караганда Нан 400 129-155 323 – 388
500 389-395 778 – 790
Аксай Нан 400 165-169 413 – 423
Цесна 400 165-167 413 – 418
Қоспасыз Уральские кондитеры 1 000 395-619 395-619
печенье
Баян - Сулу 1 000 279-325 279-325
Фламинго 1 000 469-470 469-470
Султан 80 39-40 488 – 500
175 79-80 451 – 457
240 239-242 996 – 1 008
300 135-145 40 – 483
Roshen 1 000 579-580 579-580
Twix 200 399-402 1 995 – 2
010
Twixels 125 285-290 2 280 – 2
320
250 530-535 2 120 – 2
140
Қоспасы бар Choco Boy 100 345-347 3 450 – 3
печенье 470
Choco - Pie 168 269-270 1 601 – 1
607
336 499-500 1 485 -
1488
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz