Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2
1
Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2
Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
2.1.
Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары ... ... ... ... ... ... .. ... .
6
2.2
Жылқы тұқымының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері.
7
3.
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
3.1
Жылқы шаруашылығындағы азық түрлеріне сипаттама ... ... ... ... ... ...
11
4
Жеке Тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
13
4.1
Жылқыларды азықтандыру және күтіп-бағу ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13

5
Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
20

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
22

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы- ауылшарушылығының негізгі саласы,ол халқымызды әр түрлі тағамдармен әрі жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан алынатын жоғары калориялы өнімдерімен, биологиялық аса қажеттілігімен ерекшеленеді. Өнеркәсіп тауары ретінде - жүн, түбіт, тері, елтірілі киім және аяқ - киімдер өнеркәсіп тауары ретінде аса қажетті шикізат көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының негізі болып саналатын - мал шаруашылық саласына қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, Республикамыздың экономикалық жағдайының жеделдетуіне, мал шаруашылық саласының үлесі туралы өз жолдауларының бірінде: ...мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет, - деп көрсеткен Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуға деген міндеттер қойылды[1].
Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б.1-мыңжылдық - б.з.2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Қазақы жылқы - Қазақстан табиғатына сай, заман мүддесі мен мүмкіндігіне бейімдей сұрыптаудың нәтижесінде қалыптасқан жергілікті тұқым. Салт міну, жүк тасу, ет пен сүт өңдіру үшін өсіріледі. Ғасырлар бойы халықтың сұрыптау әдісімен шығарылған. Жыл бойы жайылымда бағуға бейімделген, жал-құйрығы қою, мойны жуан, арқасы берік, жұмыр денелі, жатаған, аяқтары сіңірлі, тұяқтары шымыр. Қазақы жылқының кейбір аймақтардың табиғи ерекшеліктеріне және басқа жылқы тұқымдарының ықпалына байланысты қалыптасқан бірнеше түрлері (Адай жылқысы, Жабы) бар.
Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер, атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді. Адам серігі Қазақ халқы жылқыны, ең алдымен, ел қорғаны ердің жан серігі деп дәріптеген.
Өндірістік тәжірибенің мақсаты: Жылқыларды азықтандыру және күтіп - бағуды зерттеу.
Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
- жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары
- жылқы тұқымының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері
- жылқы шаруашылығындағы азық түрлеріне сипаттама
- жылқыларды күтіп - бағу және азықтандыру ерекшеліктері.

1 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама

Тәжірибе жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы ≪Қарасай батыр-2≫ өндірістік кооперативінде жүргізілді. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 2500 га және оныңішінде жайылымдық жері 1500 га, егістік жерлері 100 га, ал шабындық жерлері900 га болыптабылады.
Шаруашылықтың климаттық жағдайы шөл жағадайына тән өте құбылмалы жәнеконтинентальды. Жауын-шашын күздің соңында, қыста және ерте көктемде түседі. Жылдық нормасы 70-80 мл көлемінде. Қыс ұзақ әрі суық, қар көбінше аз, кейде аяз болған кезде температура минус 23-350С, сондықтан жылқы малы көбінесе жайылымға шығып тебінде жайылады. Қар желтоқсан айының соңында жерді басады. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 65-70 тәуліктей жатуы мүмкін. Көктем қысқа, әрі жауын-шашынды. Орта айлық температура наурыз айында +3-50С, көкек айында +100С. Бірақ көкек айының басында температура 00С төмендеп суытып тұратын кезі деболады.
Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы - көкек айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақытсекөнтіне 8-10 м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 10-15 мсек-қа жетеді.
Жаз ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 60-70 мл құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде плюс 450С -қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі - құмды, сары топырақты, ал батыс жағынан жал құмдауытты. Жайылымның өнімдігі 1 га жерден 5-8 ц шамасында құрғақ массаға тең болады. Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі - әртүрлі шөпті ассоциациялармен анықталады. Олардың өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады.
Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), дала келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қығалдақ (Tulipa greigi)кездеседі. Эфемердің өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамаыр айының ортасына дейін созылады.маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Poa bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins), тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды. Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де, олардың орнына көп жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурук (Ferulla foetida), боз жусан (Arte misia glocuca fall) мен қара жусан (Arte misia pauciflora) алмастырады.
Шаруашылықтың су мәселесі Сайрам су өзені мен артезиандық терең қазылған шахталықұдықтар арқылы қамтамасыз етіледі. Қыста құлындарды сапалы пішенге негізделген рациондармен азықтандырады. әр 100 кг тірілейсалмаққа шаққанда 6-12 айлық құлындарға 3,0 кг, 12-18 айлық тай-жабағыларға 2,85 кг, 18-24айлыққұнандарға 2,6 кг, 2-3 жастағы дөнендерге 2,4 кг құрғақ зат жегізеді. Негізінен шаруашылық 350 бас жылқы малымен сипатталады.
Шарушылықтың жеке мал дәрігері, оссиминаторы, медициналық пункті мен азық сақтайтынқоймалары, қолдан ұрықтандыру пункті, моншасы және душы бар, ал техникалық жағынан жеке комбайны, үш тракторы сенокосикасы мен тырмасы, жұмысшылар тасмалдайтын УАЗ автокөлігі, егіндік жері бар. Климаттық жағдайы тамаша, шөптесін өсімдіктер мен жайлым шабындық жерлері шөпке бай.
Негізгі бұл шаруашылықта атқарылып жатқан жұмыстардың бірі болып сүтті бағыттағы жылқытұқымын қарқынды көбейту болып сыналады. Осы жұмыстардын натижесінде шаруашылықта мал басы жылдам қарқымды өсіп өріс алуда. Малдың нәсілдік қасиетіне тән сезімталдығы, өнімділігінің жетілгені оларға қажетті табиғи- климаттық жағдайды туғызғанда ғана жүретін тығыз байланыс. Адамның малға жасаған қамқорлығы нәтижесінде мал адамға сапалы өнім береді. Себебі ішкі-сыртқы климаттың малдың өсіп-өнуіне тікелей әсері көп.
Қандай да тұқымдағы мал болсада оларға әсер ететін факторлардың ең бастысы мал өсу жағдайынемесе бұл бір-бірімен күрделі әсер ететін факторлардан тұрады. Ауаның физикалық-химиялық қасиеттері организмдегі зат алмасу процестеріне, қанның физикалық-химиялық кұрамына, газ және жылу алмасуына, терісіне тікелей әсер етеді. Жылқының өнімі оның азығына байланысты, сол себепті азықтандырғанда шаруашылықтың күрделі мәселелерінің бірі. Берілетін азықпен, ішетін судың түсі, дәмі арқылы эволюциялық даму арқасында қалыптасқан қасиеттерінің арқасында мал оның сапасын, тіпті шандырушылығын ажыратады. Бұл оларды сапасыз, зиянды азықпен бір рет азықтандырса, екіншіден мал орнының өте қышқыл реакциясы азықпен енген микробтарды өлтіріп организм мен сыртқы орта арасындағы барьерлік, яғни қауымдық қызметін атқарады.

2 Аналитикалық бөлім
2.1 Жылқы шаруашылығы және жылқы тұқымдары

Жылқы шаруашылығы - бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50-185 см, салмағы 60-1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз - бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз - жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бутниктың мәліметтерінде [2] Адай тұқымды жылқысы Қазақ даласында батыс өңірінің Атырау мен Маңғыстау облыстарында өсіріледі, салт мінуге бейімделген. Адай жылқысының пайда болуы тарихи әңгімелер, аңыздар көп тараған. Қазақтар мен түркімендер екі елдің жылқы тұқымын будандастырып селекциялық жолмен жаңа тұқым алуы сол екі елдің экономикалық сауда байланысының белгісі деп көрсетеді В.О. Витт. Адай тұқымының тарих сахнасында болуы сөз жоқ, түркмендер мен адайлардың жақынырақ орналасып, бір-бірімен байланыса бастаған сәті XVIII ғ. бірінші ширегі. Ол кезде адай тайпаларының жылқысы қазақы тұқым болған.
Адай жылқысы қазақтың өзге жылқы тұқымдарымен салыстырғанда денесінің құрғақтылығымен және етсіздігімен өзгешеленеді, - деп көрсетеді мамандар: Басы етсіз, құрғақ және ұзын бір аршынға жетіп қалады, маңдай сүйегі жетілген, шығыңқы, көздері өте үлкен. Басы тузу, бұлан бас емес, мұрны аздап ойсыздау. Арқасы тузу, шекті жылқысына қарағанда арқасы айтарлықтай ұзындау, мойны ұзын, аяқтары жіңішке, тұяғы кішкене, тасты жерде жүргендіктен, тұяғы қазақ жылқыларының ішіндегі ең қаттысы. Жалпы адай мініске арналған, салт жүруге сатып алынады[3]. Адай жылқысының өзін қазақтар жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланған. К.А. Овчинников 1930 ж. қазақтың жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысы жайында: ...Жартылай көшпенді аймақтарда жылқы тұқымын асылдандыруға - адай жылқысы, ол адай жерлерінде - түркмен жылқысы пайдаланылады. Маңғыстау түбегінде біз таза қанды және жартылай таза қанды айғырларды қөрдік. Бұлар кәдімгі бойлары биік, мүлдем етсіз, құрғақ, ақалтеке тұрпатты жылқылар.... Адай жылқысының өзінің ішінде адайдың көкмойындары деп аталатын бойы биік, бәдені сұлу, мойыны ұзын, аяқтары тік, кесе тұяқ, сымпыс құйрықтар өте аз кездеседі, жоғары бағаланады, бұлар ақалтеке мен адайдың 3-ші және 4-ші ұрпақтары болған [4].
Маңғыстау өңіріндегі сәулет ескерткіштеріне салынған жылқы кескіндерін шартты түрде екіге бөлуге болады. Суреттердің бір тобында бойы аласа, жал-құйрығы, қаба аяқтары жуан жылқылар кескінделген. Мұндай суреттер аз кездеседі. Келесі суреттерде мойны ұзын, бойы биік, бәдені сұлу жылқылар бейнеленген. Қысқасы адай жылқысында арғымақ пен қарабайырға қарағанда түркімен тұқымының белгілері басымырақ болу себебі Адай руының Хиуа хандығымен көрші тұрғандығында емес, ең бастысы табиғат жағдайларының ұқсастығында. Адай тұқымының пайда болуы қазақ тайпаларының Маңғыстау түбегін түркімендерден босатып, қайтадан келіп қоныстана бастау дәуірімен, яғни ХVІІІ ғ. бірінші ширегіне сай келеді. Адай жылқысымен 60-70-жылдары А.И.Иманғалиев жүйелі түрде жұмыс жүргізді. А.Иманғалиев адай жылқысы тай-құлындарының өсіп жетілу заңдылықтарын, ет-сүт өнімділігін, әртүрлі қашықтықтағы шабыс төзімділігін зерттеді. Адай жылқысын жетілдіру нәтижесінде Өрендік, Еңсеген-торы, Қибаскөк, Бекес-торы, Есполай-торы, Есполай-жирен, Ізтұрған зауыттық аталық іздері қаланды. Қазіргі таңда осы адай жылқысының генеалогиялық және генетикалық құрылымдарын қайта зерттей отырып, толық бір тұқым ретінде бекуіне жан-жақты жұмыс жасау қажет болып отыр[5].

2.2 Жылқы тұқымының ата тегі және оның биологиялық ерекшеліктері
Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Белгілі этнограф М.Бабажановтың 1871 ж. Ресейдің "Журнал охота" (ғ6, 7, 11, 12) және "Журнал коневодство и коннозаводство" (ғ4, 5, 6) басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ халқы өсіретін жылқыларды үш топқа бөледі: күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қоңға пайдаланылған; жүрдек аттар. Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар; жүйрік аттар. Осы соңғы топтың өзін автор қарғыншыл ат (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын ұшқыр ат), қашағаншыл (бұл да аз қашықтыққа, асауды қайыруға пайдаланылады), шын жүйрік ат деп бөледі. Зерттеушінің бұл пікірі қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығын қуаттайды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлікдеп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабыдеп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53 - 57%, кейде 60% ет алынған (230 - 250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы,қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған (қ. Тулақ, Жүн). Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18 - 20 л сүт сауылған (қ.Қымыз). Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ол бас сауым (күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы сауымы), жебей сауым(бас сауымнан жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже сауым (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауым), т.б. болып бөлінеді[6]. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақдеп атайды. Мыңнан тұлпар. Мың құлында бір құлын 13 пар (пар - қазақ сөзі - пар ат жеккен, ол оған пара-пар келеді деген сөз тіркестері бар) қабырғамен, яғни екі қанатымен туады екен. Сондай құлынды қазақтар ерекше күтіп, өсірген, баптаған. Ертегілерде, аңыздарда, жырларда айтылатын, қырық күншілік жерді бір күнде алатын, небір биік қамалдардан секіріп өтетін, тағы басқа да кереметтер жасайтын жылқылар осылар. Жебе мініп жау алған. Өте ұшқыр, керемет жылдам, екпіні қатты, алысқа шабатын, төзімді Жебе деген қазақи жылқы тұқымы болған. Тақымы бос адамдар үстінде шыдап отыра алмаған. Батырлар жекпе-жекке осы тұқымның аттарын мініп шығатын болған. Бұндай аттар тұрған орнынан бірден үлкен жылдамдық алып, жекпе-жек уақытында өзінің иесіне оның жауының алдында көптеген артықшылық әперген. Жауға мінбе Жабыны. Қазір Жәбе немесе орысша Жабэ деп жүрген Жабы деген қазақи жылқы тұқымы. Оның етті, сүтті, жұмысқа пайдаланатын түрлері болған. Сүті мол, қымызы дәмді және шипалы, еті көп, қазысы көзге ерекше көрініп және айландыруға ыңғайлы болып тұратын, мініс-тұрысқа көнпіс, мінезі жайлы, төзімді жылқылар. Сондықтан бұл жылқыларды соғысқа мінбеген, тек күнделікті тұрмыста пайдаланған. Қазіргі ғылым тілімен айтқанда Жабыжылқысының Наймандық типі деген түрі Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сақталған. Осы облыстың Катон-Қарағай ауданында мал жейтін шөптер өте құнарлы, нәрлі, емдік қасиеті және күші бар шипалы болып келеді. Осы ауданда өсетін қазақ жылқысының қымызы дүние жүзіндегі ең керемет қымыз болып есептеледі. Өйткені, қымыздың қасиеті жылқының тұқымына және шөптің сапасына байланысты болады. Ал, қазақ жылқысының сүтті тұқымдарының кейбір түрлері қымыз өндіруге арнайы сұрыпталып шығарылған. Бұл ауданда өсетін маралдардың мүйізінің қасиеті мен сапасы да әлемдегі ең жоғары болып есептеледі. Жылқы атаулары Жалпы қазақ тілінде жылқы өсіруге, оның мінез-құлқына, жасына, жүрісіне, т.б. байланысты ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы төлдерін: құлын (биенің жас төлі), жабағы (6 айдан асқан құлын), тай (1 жастан асқаны) деп атайды. Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды: құнажын байтал (2 жастан асқаны), дөнежін шығар (3 жастағы байтал), дөнежін байтал (3 жастан асқаны), бесті бие (4 жастан асқаны), қасабалы бие (7 - 8 жастағы бие), кәртамыс бие (11 - 14 жастағы бие), жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды. Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары: құнан айғыр (2 жастан асқаны), дөнен айғыр (3 жастағысы), сәурік айғыр (3 - 4 жастағы үйірге салынбағаны), бесті айғыр (5 жастағысы), сақа айғыр (11 - 12 жастағысы), т.б. Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары: ат (піштірілген еркек жылқы), сақа ат (11 - 12 жастағысы), шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат), тұғыр (салт мінуге қолайлысы), мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат), азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б. Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Табиғи жүріс - жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға). Аяң жүріс - жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады. Өгіз аяңда - алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 - 7 км жүреді). Желіс - аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді. бүлкіл - желістің ең жай түрі (сағатына 13 - 15 км); бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді. сар желіс - желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды[7,8].

Сурет 1. Жылқы

Шабыс - жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді. Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл - әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет. Жылқының өзге жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы 8,3 м ордан қарғи алады. Дәстүрлі қазақ қоғамында жылқы өсіруге (қ. Күзеу, Ен, Таңба), оларды салт мінуге арнап ер-тұрман жасауға, тіпті жылқыға тіл қатуға қатысты ұғымдар мен атаулар да көп болған. Жылқыға арналған мәдени шаралар Халыққа жақсы танымал "Кербескер", "Қара жорға", "Бестай", "Бозжорға", "Тепеңкөк" тәрізді әндер мен күйлер, Ақан серінің "Құлагері", "Маңмаңгері", "Құлагердің желісі" әндері,Біржанның "Телқоңыр", "Бурылтай", "Керкекіл" әндері, К. Әзірбаевтың "Көкшолағы", Е. Аязбаевтың "Шайтанқарасы", т.б. жылқыны әспеттеудің үздік үлгілері саналады. Жылқы аурулары Қазақ халқы жылқының маңқа, қара өкпе, шойырылма, қарақаптал, киеңкі, жамандат, мандам, боғымалы, қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т.б. ауруларын дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген[9,10,11].





3 Технологиялық бөлім
3.1 Жылқы шаруашылығындағы азық түрлеріне сипаттама

Жылқыға қандай азық беру керектігін білмей тұрып,ат баптау,мал басын көбейту мүмкін емес.Шаруашылыққа қажетті ат,серуен-шеруге мінетін сүйікті сәйгүлік,бәйгеге қосар бәденді жүйрік болсын,кез-келгені жақсы азықты қажет етеді.Жылқы азығы 3 ке бөлінеді:шырыны мол,қатқыл және нәрлендірілген.Олардың құрамы құнарлы, пайдалы элементтері әр түрлі болып келеді.Әр жылқының жасына,тұрқына және пайдалану ерекшелігіне қарай көлемі де түрліше болады.
Жылқыға қажетті ең табиғи азық-шырынды азық,яғни шөп.Жайылым болса тіпті тамаша.Алайда, табиғат аясындағы жайқалған шөпке еркін жайылту арнайы дайындалған шөп пен біраз уақыт сақталған шөптің сапасының да аз да болса бұзылуы аттың ас қорыту жүйесіне кері әсер тигізеді.
Шырынды азықтың тағы бір түрі-пішен.Пішен іс жүзінде консервіленген шөпке жатады.Оның құрамындағы ылғал мөлшері 55% шамасында ғана сақталады.Шөп тамырлары мен көкөніс те шырынды азық.Ол шірімеген,бұзылмаған болуы тиіс.Мәселен,азық қызылша,асқабақ,сәбіз т.б. Жылқыға ішті кептіретін азық беруге болмайды,шикі картоп беруге де тыйым салынады.Қатқыл азық пен шырынды азықтың түп-төркіні бір деуге болады.Жылқы малының негізгі қорегі осы екеуіне негізделген.Қатқыл азыққа жататындар[12].
Жақсылап кептірілген пішенді балғын шөп бар болған кезде де беріп тұрған жөн.Ең дұрысы қоңырбас,бозот,кәдімгі тарғақшөп,қылтықсыз арпабас сынды шөп түрлерін кептіріп әзірлеу.
Шөп пен мүк түйіршіктері.Бұл екеуінің пішеннен айырмашылығы дайындау әдісіне байланысты.Шөп пен мүк түйірлері жоғары температурада кептіріледі,үгітіледі және престеледі.Оның құрамындағы ылғал мөлшері өте төмен,құнары өте жоғары сол себепті мұндай азық нәрлендірілген азық түріне жақындау.Қатқыл азықтарды әзірлеуде оны дайындау уақыты ғана емес,дайындау сапасы мен сақтау сапасы да маңызды.Шіріп кетпеуіне көңіл бөлуді қажет етеді.Нәрлендірілген азық жылқы малы үшін жанармайдыңрөлін атқарады.қөп жағдайда бордақылауға,не болмаса аттың сыртқы бітімін жақсартуға пайдаланылады.Ауыр жұмысқа, күн сайынғы мініске арналған атты нәрлендірілген жемсіз күтіп ұстау қиын[13].
Нәрлендірілген азықтың бірнеше түрі бар:бүтін астық,үгітілген астық және қоспа жем(комбикорм).Ең жиі қолданылатындары:
Сұлы.Жылқы малы үшін классикалық рацион.Сұлы жылқыға қосымша күш-қуат береді.Оның құрамында крахмал көп(50%-ға дейін).Мамандар оның құрамында қорытылатын кальций мөлшері фосформен салыстырғанда аздау деп санаса да,атқа сұлы беруге бұл кедергі емес,және ат сүйегінің жетілуіне де сұлының тигізер әсері жоғары.Cұлыға қарағанда құнарлылығы жоғары,бірақ ақ ұлпасы аздау.Сол себепті тым жиі беруге болмайды.Бұқтырылған күйде берген дұрыс,сонда оңай қорытылады.
Жүгері.Крахмал заттардың көптігімен ерекшеленеді-70%-ға дейін.Аз уақытта қосымша қуат беруге болады.Аз көлемде ауыр жұмыс алдында берген жөн.
Кебек.Құрамында крахмал жоққа тән,бірақ ақ ұлпа мол.кебектің кемшілігі-минералды заттар,ақуыздар,дәрумендер өте шектеулі.
Қоспа жем(комбикорм).Түрлі астық түрлерінен, кебектен,мүктен,минералды қоспалардан әзірленеді.Үй жағдайында оған тұз,ұсақталған қызылша және басқаларын қосуға болады.Жылқы азықтандыруы оның атқаратын жұмысы мен беретін өніміне қарай ұйымдастырылады. Жылқы атқаратын қара жұмыс денеде зат алмасуын жеделдетіп, гликоген, май, ақзат сияқты қоректік заттардың ыдырауын күшейтеді. Демек, атқаратын жұмысы ауырлаған сайын денеге азықпен бірге түсетін қоректік заттар мөлшері де көбірек болуға тиіс[14,15].

4 Жеке тапсырма
4.1 Жылқыларды азықтандыружәне күтіп - бағу ерекшеліктері

Республикамыздыңдалалы аймақтарының географиялық және ауа райы, мезгілдік жағдайына байланысты әрбір зонада жылқыны күтіп-бағудың өзіндік артықшылықтарыбар. Жылқы шаруашылығында оның екі түрі қолданылады: қорада және табында. Бұл жүйелерді пайдалану жылқының тұқымына, жылқы шаруашылығындағы жылқыны қолдану бағытына, тұрғылықты жердегі жағдайына және шаруашылықтың қаржылай және басқада жағдайына байланысты блып келеді.
Жылқыларынқорада ұстау жүйесі еліміздің барлық санаттарындағы қожалықтарында, атап айтқанда ішінара асыл тұқымды, тауарлы соның ішінде қымыз өндіру кәсіпорындарында қолданылады. Жылқыларды қолда ұстаудың өзі әжіреде және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын малдарды әжіреде ұстайды; асыл тұқымды және басқа жұмысқа пайдаланылатын құлынды биелерді, жарататын жас малдарды, желгіш және ауыр салмақты жылқыны әжіреде немесе секцияда ұстайды; жұмыс көлігін қорада байлап ұстайды. Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ қора тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақ қораның көлемі - 600 м2, жас жарататын малдар үшін - 400 м2, ал басқа жылқы топтары үшін - 200 м2 көлемінде болуы керек. Жұмыс көлігі ретінде пайдаланатын аттар үшін шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалауға арналған далада оны байлайтын орынның болуы қажет[17].
Жылқылардың шаруашылықтағы бағатына қарай жазды күні тәулік бойы, немесе тек күндіз жайылымда бағады да, ал түнде қорада ұстап, аздап азықтандырып қояды. Жылқыларды табындық жүйеде ұстаудың екі түрі бар: сұрыпталған табында және жетілдірілген табында. Сұрыпталған табын жүйесінде жылқыларды жылдың көп уақытында табында бағады, мұнда жынысы жағынан да бірыңғай болып келуі керек. Ал жылдың суық кезінде осы топтарға қарай қора-жай салу керек. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқы тұқымдары
Башқұр жылқы тұқымы
Дон жылқы тұқымы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Жылқы малдарының гигиенасы
Жылқы көшпенді халықтың негізгі байлығы
Совет ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдары
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы
Мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы
Жылқы фермаларының негізгі кұрамдары
Пәндер