Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
Аннотация
АП-16-7к тобының студенті Сейітхан Ақниеттің "Мал өсіру және селекция" пәні бойынша "Қара түсті жакет-елтірілік типті қаракөл қойларының өнімділік ерекшеліктері" тақырыбы бойынша жазылған курстық жоба.
Студент Қаракөл қой тұқымының өсіп-жетілуін, биологиялық ерекшеліктерін, малдың өнімділік сипатын зерттей келіп, олардың елтірілік типтері бойынша өнімділік ерекшеліктерін анықтаған. Соның ішінде қара түсті жакет-елтірілік типті қаракөл қойының пигментациясы және басқа түсті елтірілерге қарағанда биологиялық ерекшеліктерін анықтаған.
Курстық жоба әдебиетке шолу, технологиялық бөлім, тіршілік қауіпсіздігі, әдебиеттер тізімдерінен тұрады. Барлық алынған материал жалпы қабылданған биометриялық әдістермен компьютерде Times New Roman,14 пт шрифтімен А-4 парағына терілген және беттер саны -31, суреттсер саны-1, пайдаланылған әдебиеттер саны-37.
Мазмұны
бет
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
Мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
Анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
Белгілер мен қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
1.1
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
11
1.1.1
Қаракөл қой тұқымының шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
11
1.1.2
Қаракөл қойының құрылымдық түрлері мен өнімдері ... ... ... ... ...
13
1.1.3
Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...
16
1.2
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
1.2.1
Жакет-елтірілік типті қаракөл қойларының биологиялық өнімділік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
1.2.2
Пигментация мөлшерінің қара түсті қаракөл қойларының нәсілдігіне ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2
Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
29
Нормативті сілтемелер
МЖМБС 2.104 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 - 68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 - 2006 КҚБЖ (ЕСКД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304 - 81 КҚБЖ (ЕСКД). Ж. Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
Анықтама
Селекция- сұрыптау мен жұптау қызметінің бірлігіне негізделген тұқымды жетілдіру үрдісі.
Сұрыптау- белгілі бір тіршілік ортасына, не өндіріс технологиясына бейімделген немесе адамдардың өзінің қажеттілігін өтей алатын жануарларды алып қалып, өсіруді айтады.
Будандастыру-белгілі бір мақсатпен әртүрлі тұқым өкілдерін бір-бірімен, сонымен қатар алынған будандарды өзара және басқа мал топтарымен жұптастыруды айтады.
Қаракөл қойы- қой шаруашылығындағы елтірілі бағытындағы арнайы қаракөл қой тұқымы.
Қаракөл елтірісі- туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі.
Қаракөл бұйрасы- тұқымның басты белгісі және тері өнімінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Тірілей салмақ- қаракөл қойларының даму мен өнімділігінің, өмір сүру қабілеттілігі мен ұрықтылығының көрсеткіші болып табылады.
Белгілер мен қысқартулар
кг- килограмм
г- грамм
см- сантиметр
%- пайыз
№- нөмір
0С- градус Цельси
т.б.- тағы басқа
n- тәжірибеге алынған мал саны
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы - ауылшарушылығының негізгі саласы,ол халқымызды әр түрлі тағамдармен әрі жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан алынатын жоғары калориялыөнімдерімен,биологиялық аса қажеттілігімен ерекшеленеді. Өнеркәсіп тауары ретінде - жүн, түбіт, тері, елтірілі киім және аяқ - киімдер өнеркәсіп тауары ретінде аса қажетті шикізат көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының негізі болып саналатын - мал шаруашылық саласына қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың [1]ауыл шаруашылығын дамыта отырып, Республикамыздың экономикалық жағдайының жеделдетуіне, мал шаруашылық саласының үлесі туралы өз жолдауларының бірінде: ...мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет, - деп көрсеткен Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуға деген міндеттер қойылды.
Сондықтан да, дәстүрлі қой шаруашылығы арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі жағдайында, ауыл шаруашылық өндірісінің барлық салаларын реформалау отандық мал тұқымдарының генетикалық қорын толықтай пайдалану үшін ұтымды әдіс тәсілдерді қолдану маңызды роль атқарады. Осы орайда, қаракөл қойын өсірушілердің алдында тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып - елтірі өндірісін ұлғайту және оның сапасын арттырумен қатар, олардың тірілей салмағын, тәуліктік салмақ қосуын, тез жетілгіштік қабілетін жоғарылату екені белгілі. Сондықтан, қаракөл қойларының шаруашылыққа пайдалы белгілерін жетілдірудің тиімді әдістерін қолдана отырып, мал өнімділігін арттыру қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Еліміздің қой шаруашылығы саласында, қаракөл қойын өсіру халық шаруашылығында өзіндік ерекше маңызды орын алады. Бұл жолдарды шешудің амалдары дүние жүзінде, сауда орындарында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Қаракөл елтірісінің ерекше түстері мен реңдерін шығару тәсілдерін арттыру және сапалы елтірісін көбейту болып табылады.
Қаракөл қойынан алынатын өнім сапасы және түрі, түсі бойынша алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Көптеген жылдар бойы отандық және шетелдік ғалымдардың басшылығымен жүргізілген жүйелі іріктеудің, сұрыптаудың, азықтандыру, бағып - күтудің нәтижесінде өнімділік қасиеті қалыптасқан қойдың бұл ғажап тұқымы дүние жүзілік маңызға ие болып отыр.
Қазіргі таңда қаракөл шаруашылығы республикамыздағы мал шаруашылығының маңызды саласының бірі болып табылады. Өйткені басқа мал тұқымдары жеткілікті түрде сапалы өнім бере алмайтын еліміздің шөл және шөлейт аймақтарының биологиялық ерекшеліктеріне қаракөл қойларының тиімді өсуі, көбеюі сияқты бейімділігін қалыптастыруға себеп болып отыр.
Қаракөл қойы - тaбиғат ғажaйыбы мен адамзат дaнышпандығының жемісі,шөл падишасы, аңызaқ шөл өсімдіктерін биoлогиялық жoлмен өңдеп алтынға айналдыратын мал тұқымы.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Қара түсті жакет-елтірілік типті қаракөл қойларының өнімділік ерекшеліктерін анықтау.
Аталған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
-қаракөл қой тұқымының шығу тарихы;
- қаракөл қойларының құрылымдық түрлері;
-жакет-елтірілік типті қаракөл қойларының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері;
-пигментация мөлшерінің қара түсті қаракөл қойларының нәсілдігіне ықпалы.
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдебиетке шолу
1.1.1 Қаракөлқой тұқымының шығу тарихы
С.Н.Боголюбский [2],Е.А. Богданов [3],Е.Я.Борисенко[4] осы аталған ғалымдарымыздың деректеріне жүгінсек,қойдың қазіргі тұқымдарының барлығы дерлік, арқар мен муфлоннан шыққан деп жорамалдайды.Зерттеушілер қысқа құйрықты қойдың арғы тегі муфлон дейді.Атап айтқанда,құйрықты қой мен тондық тері алынатын романов тұқымы содан шыққан.
Сондай -ақ ұзын құйрықты және май құйрықты қой тұқымдары арқардан тарайды. Қойдың кейбір тұқымдарының пайда болуына жабайы қойдың,олардың ішінде Солтүстік Африкада қазір де кездесетін жалды қойдың қатысы болуы ықтимал делінген.
Негізінен біздің еліміздегі қой тұқымдары екі түрлі бағытта зоологиялық және өндірістік(шаруашылық) классификациясы ретінде қолданылады.Мұның біріншісі қой құйрығының ерекше бітімі мен формасына байланысты,ал екіншісі қойдың негізгі өнімдеріне:жүніне,елтірісіне,тондық қасиетіне және басқа салаларына негізделеді.
Қаракөл қой тұқымының шығу тегі және пайда болу тарихы туралы зерттеушілердің деректері мен пікірлері 2-ге бөлінген. Өйткені, төмендегі ғалымдарымыздың деректеріне жүгінсек қаракөл қой тұқымы будандастыру арқылы пайда болған деп көрсетілсе, ал кейбір деректерде мутация арқылы пайда болған деп айтылған.
М.Д. Тавитовтың [5]пікіріне қарағанда қаракөл қойы өте ертеде-біздің дәуірімізге дейінгі 200 жыл бұрын Сирияда,Палестинада және Месопотамияда пайда болған, қой тұқымынан пайда болғандығы және Түркістанға VIII ғасырда жаулап алушы арабтар алып келгендігі айтылған.
М.Ф.Ивановтың [6]айтуынша жергілікті шаруалар құйрықты қойды елтірісі алынатын қоймен елтірісі мен жүн сапасын жақсарту үшін әдейі будандастырған деп есептейді. Сол уақыттарда көшпеліліер үшін елтірінің маңызы онша болған жоқ, ал жүн қажетті шикізат еді. Өйткені одан киім,қап,киіз жасайды.
П.Н.Кулешовтің[7]дерегі бойынша:мериностар сияқты қаракөл қойы да ертеден келе жатыр және оны шығаруға да мыңдаған жылдар керек болды,-дейді. Бұл жағдайды оның шөл далаға бейімделгіштігі және елтірілік қасиетін ұрпағына бере білетін биологиялық ерекшеліктері де дәлелдеп отқандығын айтып көрсеткен.Атап айтқанда, ол былай деп жазды: Қаракөл қойлары өте ертеден келе жатыр және оны шығаруға мыңдаған жылдық жұмыс қажет болды.Ғасырлар,мыңдаған жылдар өтті,сөйтіп, тамаша қаракөл тұқымы пайда болды... Демек мұндай ғаламат жақсарудың,және декөптеген ғасыр бойында өткен сұрыптаудың нәтижесі,- болғандығын айқан.
В.И. Стояновскаяның [8]айтуынша:қаракөл қойы қара түсті елтірілі тұқымынан, көк, сур және агути түстерін құйрықты қойдан алған,- деп сендіреді.
Н.С. Гигинейшвили [9] былай деп жазған: Қаракөл тұқымын шығару кезінде оның елтірілік яғни шаруашылық құндылығы бар түстері ғана сақталады.Ең құнды түстер қара,көк,сұр болды.Міне, осы түстерді қаракөл өсірушілер тұқымға сақтап қалған.Ал басқа - қоңыр,күрең,қызғылт,халили,ала жиекті және күлгін түстерге сұраныс болған жоқ, сондықтан олар қолдан сұрыптау кезінде жойылып отырған. Қаракөл қойының түрлі түсін шығаруда оны өсірушілердің саналы қызметінің белсенді рөл атқарғандығының дәлелі бола алады.
И.Н.Дьячковтың [10] тұжырымдауынша: қозылардың елтірілік қасиеті мутация процесі арқылы және ол қасиеттерін адам іріктеу және сұрыптау жолдарымен бекіте түскенде пайды болды,- деген пікір айтқан.
Е.К. Елемесовтің[11] көптеген ғалымдардың пікірлері және зерттеулерінен кейін өз қорытындылауы бойынша:елтірісі алатын қой тұқымдардың шыққан орталығы Орта Азия деп есептеу керектігін. Басқыншылық, соғыстар, сауда - саттықтың дамуы нәтижесінде ол қойлар әлемнің басқа да елдерінде тарағандығын былайша түсіндіріп кеткен:
- қаракөл тұқымының отаны деп Өзбек ССР-індегі Бұқара облысының территориясы деп есептеу керек. Онда ол XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында шығарылған, қаракөл деген ат оның шыққан жеріне - Қаракөл деген ауданның атына байланысты;
- қаракөл қозыларының елтірілік қасиеті - кейіннен қолдан іріктеу мен сұрыптау арқылы қалыптасқандығын, мал филогенезіндегі(шығу тегіне) мутациялық (кенет пайда болатын) өзгерістердің нәтижесі;
- қаракөл тұқымының пайда болу жағдайына, жүнінің сапасы жағынан да, құйрығының формасы жағынан да бір-бірінен бөлек,жергілікті популяцияның бірнеше тұқымының қатысы бар, яғни қаракөл қойының шығу тегі полифелитикалық (бірнеше тұқымнан пайда болған) жол;
- табиғатта негізінен қаркөл қойының түсі қара болған. Көк,сұр және басқа да түстер - дәл сондай түсті басқа қой тұқымдарымен саналы және кездейсоқ будандастырудың нәтижесі болып табылады.
И.Н. Дьячковтың [10] пайымдауынша: қазіргі қаракөл қойы фенотипі мен генотипі бойынша осы ғасырдың басында зерттеушілер сипаттап жазған қой емес, одан өзгеше болады.Тұқымдық және өнімділік қасиеттерін жетілдіру туралы, комплексті ғылыми зерттеулер жасалып,олардың өндіріске енгізілуі нәтижесінде қаракөл қойы шын мәнінде қайта туған,өзгертілген, жаңадан шығарылған заводтық тұқым болып табылады.
К.Е.Елемесовтың [11] айтуынша:Елтірісі, негізгі өнімі - қаракөлінің сапасы бойынша да, бұйрасының түрі мен формасы бойынша да, сондай -ақ жүнінің түсі жағынан да, қазіргі қаракөл тұқымының құрылымы өте күрделі болып келеді. Елтірінің әрбір түріжәне бояуы алдағы уақытта қойдың жаңа елтірілік тұқымдарын шығаруға негіз болады.
Ә.Омбаевтың [12] деректерінде:қаракөл тұқымы - әлемдегі ерте заманнан келе жатқан ең әйгілі қой тұқымдарының бірі: Еуропаның,Азия мен Американың ондаған елдерінде өсіріледі.Қаракөл қойы өсірілетін ұланғайыр аумақтардың ауа-райы және азықтық жағдайы,селекциялық-асылдандыру жұмыстарының деңгейлері малдың биологиялық және өнімділік ерекшеліктеріне айтарлықтай, әсер ететіндігі дәлелденді.Мәселен, шөбі сирек өсетін оңтүстік аймағының құмды шөлінде бағылатын қаракөл қойлары кең алқапта жайылуға және де аса қатты ыстыққа жайылуға да мейілінше бейімделген.Және де дене құрылымдары тез,әрі жеңіл қозғалатындығын көрсетеді. Тау етектерінде яғни шөлейт және құмды -сазбалшықты шөлде шөбі біршама қалың өскен,көксоқта қар жауатын және салқын жаңбырлы күндері ширақ қимылдайтын да қабілеті бар.
1.1.2 Қаракөл қойының құрылымдық түрлері мен өнімдері
Ә.Омбаевтың [12] айтуынша:қазіргі кезде қаракөл қойы тұқымын өсіру аясының ұлғаюы нәтижесінде күрделі мал құрылымдары пайда болды.
Мұнда көптеген ерекшеліктер бар - тұқымішілік генетикалық полиморфизм(көп пішінділік) немесе гетеморфизм(алуан түрлілік), біріншіден, сол тұқым түрінің өзінен, екіншіден, ішкі және әлемдік елтірі нарығында туындайтын қажеттілік.
Академик К.Е.Елемесовтың [11] деректерінде: Қазақстандағы қаракөл қойларының мынадай құрылымдық түрлерін айтып көрсеткен
1.Экологиялық-географиялық(аймақтық ): қызылқұмдық,арыс-түркістандық, қаратау-мойынқұмдық,сырдария-аралды қ,маңғышлақ-үстірттік,батыс қазақстандық;
2.Тұқымдық және тұқымішілік: қара,көк,сұр(бұхарлық,сұрхандариялы қ, қарақалпақтық,қазақтық) т.б.;
3.Жүндес-конституционалдық;мығым,дө рекі,нәзік;
4.Өнімділік (елтірілік): қаракөлшелі (құлпырмалы),жалпақ (жалпақ бұйралы), қабырғалы (қабырғалы-білікшелі), жакеттік (жартылай шеңберлі бұйра) , кавказдық (өскелең).
5.Зауыттық:
-қара түсі бойынша: задариялық,тоғыскендік,созақтық,тас тылық, есбол және қожатоғайлық тұқымішілік;
-көк түсі бойынша: гурьевтік,таластық,темірлік,сырдари ялық;
-сұр: қазақтық,әлімтаулық,байырқұмдық, тартоғайлық, сондай-ақ атыраулық құйрықты әлтірілік етті -майлы тұқымдары құрайды.
Ә.Омбаевтың [12] зерттеуі бойынша: қаракөл елтірісі - қаракөл қойларының негізгі өнімі.Қаракөл елтірісі өзіндік ерекше әдемілігімен,бұйрагүлінің өзіне тән пішімі мен бірегейлігімен,олардың алуан түрлілігімен,жылтырлығы жәнетүк жамылғысының жібектей жұмсақтығымен,өрнектерінің ерекшеөзіндік әдемілігімен дүние жүзіне әйгілі.Яғни,қозылар туылғанда елтірілік белгілері қалыптасқан күйінде болады.Қозылар туылғанда бұйрагүлдің типі мен пішіміне байланысты бес өнімділік(елтірілік) типке бөлінеді:жакеттік,қабырғагүлді,жазы қгүлді,кавказдық және қаракөлшелі.
Қ.С. Сәбденов, Т.К. Бексейітов, М. Абдуллаев, Е.И.Исламов, Б.Т. Құлатаевтардың [13] зерттеулерінде: қаракөл қойының негізгі өніміне - елтіріден басқа да өнімдері жатады.Қозысын сойған соң әр қойдан 50кг сүт саууға болады.Қаракөлдің ет өнімділігіде жаман емес.Қошқарлары 65-70кг,саулықтары 45-50кг тартады.Қозылары тез өседі,туғанда 3,5-4,0 кг, енесінен айырғанда 22-25 кг-ға жетеді.Әр қойдан аталығынан 3,5-5,0 кг,аналығынан 2,5-3,0 кг жүн қырқылады, 100 аналықтан 110-120 қозы береді.
Ә.Омбаевтың [12] пайымдауынша: Қаракөл қойларыныңіштегі төлдерінің терісі әртүрлі сатыда жетіледі олар:
-яхoбaб-15-30 күндігінде өлген немесе амалсыз сойылған қозыдан алынған тері;
-трясoк - 2-4 айлық қoзыдан алынған тері;
-гoляк(тықыр елтірі) - құрсақта 115-126 күн aрaлығындa қoзыдан мерзімінен бұрын алынған (іш тастаған) тері;
-қaрaкөлше - құрсaқтa 128-135 күн aралықтарныдa қозыдан мерзімінен бұрын алынатын тері.
-қaрaкөл- қaлыпты туылғaн қoзының үш күнгe дeйінгі елтірісі.
Т.Жолшыбектің[14] зерттеуі бойынша: қаракөл елтірісі төрт топқа бөлінеді: жакетті тип (жарты шеңберлі бұйра), жазық тип (жазық бұйралы), қабырғалы тип және кавказдық тип (бұйрасы шамадан тыс жетілген). Бұл төрт елтірілік топ өзіндік бұйралары мен қылшықтарының орналасуы деңгейіне байланысты ерекшеленеді. Жакеттік типтің бұйралары биіктігі мен көлденеңі жағынан бірдей, жауып тұратын қылшықтарының ұшы бұйраның ішіне еніп тұрады, бұл оның тығыздығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Ал, жазық бұйралы типтің бұйрасының биіктігі көлденіңіненасып түседі. Бұл екі топтың жамылғыларының ұштары ілініспейді. Кавказдық тип өзге елтірілік типтерден, жүнінің өсіктігі мен бұйрасының шамадан тыс жетілуіне байланысты ерекшеленеді.
Ә.М. Омбаев, К.И. Алдабергенов, И.Ә. Әбішев, Н.Н. Әлдібаев, Д.Ә. Сыдық,C.О.Түрбеков,Ж.Ә. Паржанов, И.У. Үмбетаевтардың [15] зерттеулерінде:Оңтүстік Қаракөл шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салаларының бірі ретінде Оңтүстік және Оңтүстік - Батыс Қазақстан аймақтарымыздағы көптеген шаруашылықтар экономикасында маңызды орын алады. Қаракөл қойларынан ет, жүн, елтірі, сүт және басқа да маңызды, күнделікті шаруашылыққа қажетті өнімдер алынады. Оларды өсірудегі негізігі мақсат - негізгі өнім, ерекше түсті және өте берік, бір-үш күндік қозылардың елтірісін алу болып саналады. Қаракөл елтірісі маңызды экспорттық тауар. Ішкі және халықаралық сауда-саттықта бұдан басқа да зор сұранысқа ие ауыл шаруашылығының шикізатын табу қиын.
1.1.3 Қаракөл қойының биологиялық ерекшеліктері
К.Е. Елемесовтың [11] деректерінде:қойдың қаракөл тұқымы - шөл мен шөлейтті аймақтардың қатал жағдайына бейімделген,сирек кездесетін тұқымдардың бірі.
Қаракөл қойының аяқтары ұзын болып келеді.Бұл оларлың жайылым шөбін іздеп,едәуір қашықтықта еш кедергісіз жүруі үшін қажет.Олар қажетінше жайылу үшін күн сайын (жайылымның шығымдылығына байланысты) шамамен 10 км-ден 20км-ге дейін жүреді.
Ә.Омбаевтың[12] зерттеулерінде:қаракөл қойларының денесі біршама созылыңқы болады,саулықтарының -бөксесі едәуір ауқымды(алмұрт тәріздес),кеудесі терең,құйымшағы салыңқы,мойны орташа ұзындықта,басы сүйір,дөң маңдайлы,тегіс,қатқыл,жылтыр,қылшық ты, құлақтары салбыраңқы,тіпті ұзындығы 18 см-ге дейін жететін,жылтыр биязы жүнді.Саулықтары мүйізсіз болса, қошқарлары иірмелі қайқы мүйізді.Сирақтары қысқа,мығым,тілерсек буынына дейін түседі.
Д.Н. Кашкарованың [16]тұжырымдамасы бойыншаәр түрлі қой тұқымдарын зерттей келе,мынадай қорытынды жасады:барлық қойдың ішінде жоғары температураға ең төзімдісі де, сондай-ақ күннің әр мезгілінде және ауа райы әр түрлі болғанда да ең көп жүретіні қаракөл қойлары.
С.Б. Саудабаев,А.Н. Нартбаевтардың[17]жазбаларындағы деректері бойынша: қаракөл қой шаруашылығы - табысты сала.Бұл қой шөл және шөлейт аймақтарда жыл бойы жайылымда бағылады. Қаракөл қозыларының елтірілік құндылығы толқын және бұршақ тәрізді бұйраларының болуына, олардың қалай орналасып ұштастырылуына байланысты. Бұл қойдың жүні түбіттен, аралық қылшықтан және ірі қылшықтардан құралады. Жүні қылшықты келгенмен оның сапасы құйрықты қойлардың жүнінен жоғары болады. Қаракөл қойы жылына екі рет - көктемде және күзде қырқылады. Көктемде жүнінінің ұзындығы 12-15 см-ге жетеді. Жылына саулықтан 2,5-2,7 кг, қошқардан 3-3,5кг және қозыларынан күзде қырыққанда 0,7-0,8 кг жүн алынады.
А.С. Ахметше, М. Бутаев, Б. Нарботалардың [18] анықтаулары бойынша: қаракөл қойларының тұқымдық асылдандыру жұмыстарын жүргізген кезде, дене түзілісі мен өсіп -жетілу жағдайларына жітікөңіл бөлінгені жөн, себебі ол малдың денсаулығын, өміршеңдігін және өнімділігін анықтайтын бірден-бір тиімді тәсіл. Қойлардың дене құрылысын зерттеу, әсіресе жаңа экологиялық жағдайда өсіре бастаған кезде маңызды болып есептеледі, өйткені адаптация көзі әрбір жануардың қалыптасуына күшті әсер етеді.
1.2 Технологиялық бөлім
1.2.1 Жакет-елтірілік типті қаракөл қойларыныңбиологиялық өнімділік ерекшеліктері
Академик В.М. Юдиннің [19] айтуынша: қаракөл қойының бағалы өнімі яғни елтiрiсi табиғаттың керемет туындысы болып табылады. Оның бұйрасын қолдан жасау мүмкін еместігін. Ал, оның табиғи түр-түсінің өзі адамды таң қалдырарлық екендігін. Қаракөлдiң сапалық қасиетiн қозы кезiнде анықтау керектiгін,- айтқан.
З. Туғанбаева, Х.А. Аубакировтердің [20] анықтауынша: қаракөл қойларындағы сұрыптау жұмыстары негізінде елтірі аумағында жартылай шеңберлі бұйралар болып келетін жакет елтірілік типтегі қойларды көбейтуге бағытталып келінеді. Халықаралық нарықтық деңгейдегі қаракөл елтірісінің осы түріне деген сұраныс сапасы тұрақты түрде сақталуымен бірге тұтынушылар арасында сапасы жағынан жоғары деңгейдегі сұранысқа ие екендігі анықталған. Сонымен қатар көні жұқа болып келетін қабырғалы және жалпақ бұйралы қаракөл елтірілері жакет елтірік типтегі каракөлге қарағанда жеңіл салмақтарымен, өздеріне тиісті әрі қайталанбайтын әдемі және ұзын бұйралы суреттерімен ерекшеленеді.
К.Б. Тілегенова, Ж.Р. Еламановалардың [21] зерттеулерінде: ақ және қара түсті қойлардан алынған терілердің сапасы салыстырмалы түрде жоғарлығымен, жамылғы түгінің таза және ұзындығы бойынша біркелгілігімен сипатталады. Екі түске де жататын жакеттік типтегі қойлардың терісі тығыздылығымен ерекшеленеді. Олардың жамылғыларының түгі иілгіш, сонымен қатар ұзындығы орташа және жеткілікті деңгейде болып, жақсы иректелген бұрымшаға жинақталғандығымен сипатталады.
В.С. Жилякованың[22] пайымдауынша:қойдың жүн талшықтарын соның ішінде, олардың түстерін зерттей отырып, қара және сұр түсті қойлардың биологиялық ерекшеліктерін зерттей келе, сұр түсті қойлардың дене бітімі жағынан босаң түріне көбірек ауытқитынын және мұның олардың өміршеңдігіне кері әсер ететінін тілге тиек етеді. Зерттеушінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде, сұр елтірінің бұйралары өз құрылысы жағынан қара елтірінің бұйраларына ұқсас екендігін, алайда, бірқатар физика-механикалық қасиеттері жағынан олардың бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары болғаныдығын анықтаған. Сұр елтірілердің бұйра сапасы, қара түсті елтірілермен салыстырғанда ендері жуандау, бұйрасы тығыз емес, жүнінің талшықтары ұзын болады. Гүлінің бұйралығы көбінесе қажетсіз (сақина, айналма бұршақ түрінде) болады, ал ондай жағдай елтірінің көрінісін нашарлатады және кавказ тобы қаракөліне жататын елтірілер үлесінің көбеюіне алып келеді.
Өзбекстанның таулы алқабына жақын орналасқан далалы аймақта өсірілетін қаракөл қойларының қабырғалы және жалпақ гүлді елтірілік типтерінің сапалық көрсеткіштері туралыМ.А. Кошевой, Э.М. Хасанов, Б.Л. Исаяництер[23] салыстыра келе, олардың жоғары өнімділікке ие екендігін атап көрсетеді. Авторлар: жайылымдық жағдайды қатаң ескере отырып, осы бағыттағы селекциялық сұрыптау жұмыстарын жүргізе беру керек,- деген пікірге келеді.
Сонымен қатар жоғарыда аталған авторлар жаңа аймаққа әкелінген малдар ішіндегі әр түрлі конституциялық типтерге жататын қаракөл қойларының физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп, салыстыра келе, мынадай қорытындылар жасаған: Оңтүстік Қазақстан аймағы жағдайында Өзбекстанмен салыстырғанда сыртқы ортаның жоғары температурасына қаракөл қойларының жауап реакциясында айтарлықтай айырмашылықтар байқалмайды. Бірақта, сыртқы дене тұрқына нәзік конституциялық типіндегі қойларда, қоршаған ортаның температурасы 15-32С шамасында, дене қызуының реттелуінде де біршама ауытқулар болатыны байқалады. Мығым конституциялық типтеріндегі қойларда, дөрекі және нәзік типтегі малдармен салыстырғанда қоршаған ортаның бірдей температура жағдайында, дем алу жиілігі бойынша біршама айырмашылықтар болады. Мығым конституциялық типтеріндегі қойлар, ауа температурасының жоғарылауы жағдайында, кеуденің терең тыныс алуы арқылы, ағзаға қажетті газ алмасу қарқындылығының артуын қамтамасыз ете алады. Яғни дене тұрқының конституциясы бойынша сыртқы орта жағдайына, температурасына мығым типті қойлардың физиологиялық көрсеткіштері келетіндігін айтуға болады.
Д. Баатардың[24] тұжырымдауынша: жакеттік елтірілік типті малдардың үлесін көбейтуге бағытталған селекциялық жұмыстардың нәтижелерінің тиімділігі төмен болуының басты себептерінің бірі, қаракөлдің негізгі типтерінің пайда болуын айқындайтын генотиптердің, белгілі тепе-теңдігін анықтауға алып келген, селекция жұмыстарының тиімділігін арттыратын қара түсті қаракөл қойларының, әр түрлі елтірілі типтеріндегі малдарымен үнемі араластырылып отырылғанына байланысты болғандығы.
Ә. Омбаевтың[12] жазған деректерінде:жакеттік елтірілік типтегі қара түсті қаракөл қойының жаңа созақ зауыттық сүлесінің авторларыныңзерттеуінше қара түсті қаракөл қойының созақ зауыттық қойларының өзіне тән ерекшелігі- елтірілік өнімділігі,өсімталдығы,шөбі сирек шөл және шөлейт жайылымдарды пайдалану қабілетімен ерекшеленеді.Денесі ірі, конституциясы мығым,дене құрылымы үйлесімді,жүні өскелең болады.Терісі ірі мөлшерде,түк жамылғысы жібектей жұмсақ,жылтыр,қою,ұзындығы бойынша ұзын және орташа,тығыз әрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz