Етті бағыттағы қолтұқымдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
бет

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1
Шаруашылыққа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.1
Шаруашылықтың орналасқан жері, ауа-райы климаттық жағдайы ... ..
6
2
Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
2.1.
Етті бағыттағы ірі қаралардың халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

9
2.2
Етті бағыттағы ірі қаралардың биологиялық маңызы ... ... ... ... ... ... ...
11
3
Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
3.1
Бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру ... ... ... ...
12
3.2
Ірі қараларды бағып-күту барысында қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

14
4
Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
17
4.1
"Қайып-Ата" шаруа қожалығындағы етті бағыттағы ірі қараларды сою технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

17
5
Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
25

Кіріспе

Ірі қара - мал түліктерінен мүйізді ірі қара мал мен жылқы, түйенің біріктірілген атауы. Әдетте мүйізді ірі қара малды өзара осылай атайды (қ. Мүйізді ірі қара мал; Мүйізді ірі қара мал шаруашылығы; Сиыр). Ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығының өнімді көп беретін саласы. Ірі қараның арғы тегі ертеде Еуразия құрлығының далалы, орманды далалы өңірінде таралған жабайы тур. Ол бұдан 7-10 мың жыл бұрын Жерорта теңізі маңындағы елдерде қолға үйретілген. Ірі тұлғалы, денесінің биіктігі 2 м шамасында, мүйізі алға қарай бағытталып, ұзын болып келеді. Ерте кездерде көп аулағандықтан, ту рлар саны азайып, XVII ғасырдың басында біржола жойылып кеткен.Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Президент Жолдауында келесі басым бағыттарға ерекше назар аударды:
- астық саласында мемлекеттік серіктестікке негізделген біртұтас астық холдингін құру арқылы және астық өндірісі мақсатына жетуде біртұтас операторының міндеттерін анықтау. (Соның ішінде, бұл орталықтандырылған түрде астықты экспортқа жіберуге және оны демпингілік бағамен сатудан қорғайды);
- ет өндірісін экпортқа шығару әлеуетін өсіру (Ірі қара мал ет өнімінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасы 5 жылдан кейін 60 мың тонна етті өндіруді көздейді);
- мал өндірісінің басқа салаларының белсенділігін арттыру, соның ішінде қой шаруашылығы, жем өндірісі және шалғайдағы мал шаруашылығы.
Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында ауыл шаруашылық өндірісіне салынған жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін заемдерға кепілдеме беру және сақтандырудың мемлекеттік жүйесі жасалып, іске асырылады. Шаруалардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту мақсатында басқа да амалдар қарастырылуда.
Үкіметке ауыл шаруашылық өнімдерінің делдалдарсыз жеке саудасын мемлекеттік қолдау тетігін жасап, іске қосу тапсырылды.
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты: Ауыл шаруашылық малдарды - өнімдік және асыл тұқымдық қасиеттері бойынша бағалау, бордақылау технологиясымен танысу, ірі қара малдардың және қойлардың сою технологиясы мен және қондырғыларымен танысу, ірі қара малдарды есепке алу.
Өндірістік іс-тәжірибенің міндеттері:
етті бағыттағы ірі қараның халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшеліктері;
бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру және бағып-күту технологиясы;
бұқаларды бағып - күту барысында койылатын санитарлық-гигиеналық талаптары;
етті бағыттағы малдардың сою технологиясымен танысу.

1 Шаруашылыққа сипаттама

Өндірістік іс-тәжірибе Қайып-Ата ЖШС жүргізілді. Қайып-Ата ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында орналасқан. Ауыл аймағынан солтүстікке қарай 5 километрдей қашықтықта орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.
Қожалықтың иелігінде 200 га жер бекітіліп берілген. Шабындық жер 150 га негізінен қыс мезгілінде мал жейтін шөп дайындалуға пайдаланылады, 50 га суармалы жер бар. Жайылым ретінде қолданылатын жер телімдері ережеге сай жеткілікті сумен қамтылған. Мал басының саны 2000 бас етті бағыттағы ірі қара тұқымдары бар. Шаруашылық мүмкін болғанша суармалы аумақтарда азық жасаумен айналысады. Критикалық периодта азық ретінде дөрекі сабақты шөбі және біртіндеп концентрленген азық дәнді дақыл өнімі түрінде қызмет етеді.
Шөп аз болғанда отарды таулы жайлауға көшіреді, ол жердің шөбі қалың, құнарлы болады. Жазғы жайлаудан малдарды күзгі-қысқы жайлауға көшірген соң күн сайын 0,2-0,3 кг бір басқа концентрат және 1,0-2,0 кг ірі азықтарды бере бастайды, қосымша минералды азықтар беріледі, ірі қара малдарға жақсы күйде болуы үшін күтім жасайды .
Қайып-Ата ЖШС ашық боз топырағы тараған аймақта жатыр. Ашық боз топырақтағы шірінді мен азоттың мөлшері өте аз. Жоғарғы қабатында шірінді 0,57, азот 0,05% ғана. Топырақтың 0-8 см қабатындағы шіріндінің мөлшері 0,65 % болды.Бұл өңірдің жерлері шөл аймақтарына жатады да, топырақтары екі түрлі құба және сұрлы құба болып келеді.

1.1 Шаруашылықтың орналасқан жері, ауа-райы климаттық жағдайы

Қожалықтың аумағындағы температура жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Шаруашылық территориясы 1 км радиуста континенталды климатта орналасады, онда жаз мезгілі ыстық, қар аз жауады, кейде қыста күшті аяз болады. Температураның максималды мәні шілде де орын алады, ал минимальдысы қаңтар айында болады
Жаз өте ыстық, ұзақ, құрғақ келеді. Ауаның температурасы +40[0]С жетеді, өте ыстық айдың орташа температурасы шілдеде +25+28[0]С, облыстың оңтүстігінде +45+48[0]С жетеді. Орташа тәуіліктік температурамен периодтың ұзақтылығы 10[0]С жоғары- 250-306 күндер аралығында болады. Аязсыз орташа ұзақтылық периоды 165-205 күн. Жылына орташа температура +10+12[0]С, қаңтарда -4 -5[0]С. Жазда территорияның көп бөлігіне жауын шашын аз түседі, жылдық жиынтықтың 5% құрайды. Олардың мөлшері үш айда территория бойынша 10-15[0]С дейін өзгереді, ең жоғары құрғақтылықпен тамыз айы ерекшеленеді, оның жауын шашыны облыс бойынша 1-2 ден 10-20 мм аралығында өтеді. Жаздың жауын шашынсыз өту мүмкіндігі шілдеде - тамызда 50-70% құрайды. Орташа көп жылдық берілгендер бойынша жылына 517 мм жауын шашын түседі.
Күз мезгілінің басында тұрақты жылулықпен, құрғақ және желсіз ауа райымен сипатталады. Бұл қыс мезгілінің басталу уақыты. Ауа температурасы төмендеген сайын ауыл шаруашылық мәдениетінің активті вегетациясы негізінен аяқталады.
Қыс қарашаның екінші жартысында басталады және наурыздың ортасына дейін жалғасады. Жауын шашынның аздығынан (70-110 мм) қардың түсуі 4-9 см құрайды. Қар жауғаннан бастап малдардың бір орнында тұрып азықтандыруға көшіреді. Ең суық айдың орташа айлық температурасы - қаңтарда - 9-110С құрайды, абсолютті температураның минимумға түсуі - 35-420С аралықта тербеледі.
Қысқа тән ерекшеліктер - жылып кету, температура максимумы 8-12[0]С жылуды құрайды.
Ең қысқа мезгіл наурыздан мамырға дейін жалғасады - көктем. Ол жылудың, жарықтың, табиғаттың оянуымен ерекшеленеді. Наурыздың соңында табиғи шөптер өседі, тамырдағы ылғал қоры артқан сайын олар интенсивті өседі.
Өсудің активті вегетациялау сәуірдің ортасында басталады, онда орташа тәуліктік ауаның температурасы тұрақты +10[0]С өтеді.
Жылдың ең ұзақ мезгілі - жаз. Негізінен жаз 140-150 күнге созылады. Жаздың бірінші жартысына жылудың бірден артуы тән. Созылмалы жауындардың максимум түсуі маусым айында түседі - 25-50 мм. Шілденің басында орташа тәуіліктік ауа температурасы 35-420С жетеді. Осы аралықта жауын шашынсыз күндер басталады, ал жайлау өртке оранады. Температураның жағымды жылы аралығы 240-275 созылады, және аязсыз 170-185 күндер.
Климаттың ерекшелігі шығыс желінің басталуы, ол құрғатып жіберетін сипатқа ие. Мұндай күндері ауаның қатыстық ылғалдылығы 25% төмендейді және одан әрі төмендей береді, шілдеде және тамызда осындай ылғалдылықпен күндер саны 18-20 күнге жетеді.
Республиканың шөлейт және жартылай шөл аумақтарда көктемгі жайлауға негізінен жайлаудың таулы эфемерлі өсушілігі қатысады. Осы жайлауларда ерте көктемде эфемерлі өскіндер пайда болады, ол жаздың басында жанып кетеді және күзде жауын шашынан соң тіріледі. Мұндай жайлаулар көктемгі және жазғы жайлау болып табылады.
Шаруашылық териториясында өсімдіктің өсуі эфемерлі - әр түрлі шөпті, түрлі шөпті және жартылай бұтақты-эфемерлі ассоциациясымен көрсетілген. Көктемгі жаңару және осы өсімдіктердің дамуы қар жамылғысы еріген соң басталады. Сәуір айында эфемерлі өсу басталады, ол пиязшадан, сүйекшеден, қызғалдақтан, әр түрлі өсімдіктерден, түлкіше астрагал, павлинді мактан тұрады. Эфемерлі өсімдіктердің дамуы мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Эфемерлерді алмастыруға дәруменді өсімдіктер келді, шырмауық, пиязша және дөрекі көп жылдық шөптер өседі. Осы жайлауларды қолданудың көп жылдық мерзімі көктемгі және жазғы период. Жайлаулардың өнімділігі 1,7-2,8 цга құрғақ массаны құрайды, қолайлы жылдары 4,0-5,0 цга.
Шөпті эфемерлі түрлі шөпті ассоциациялар ерте шөптерден, жіңішке жапырақты арпа,пиязшадан, шоғайна, жантақ және басқалары кіреді. Бұл жайлаулар көктем және күз аралығында қолданылады. Орташа өнімділік 3-4 цга құрайды. Шаруашылықта негізінен көктемгі - күзгі мезгілдердің жайлауы қолданылады.
Жаз айы басталысымен және бағалы ерте көктемгі эфемерлі өсімдіктердің жануымен, эфемерлі жайлау жылдам өзінің бастапқы азықтық құндылығын жоғалтады. Осы аралықта арпа, таусылған соң таулы орманды жайлауға көшеді, онда олар күзге дейін жайылады. Ұрықтану периоды басталғанда олар базаға оралады.
Ірі қара үшін жазғы жайлау ретінде жартылай бұтақты эфемерлі түрлі шөптердің топтары үшін шөлейт жайлауы қолданылады, олар оңтүстік және батыс аймақта үлкен массивті алып жатыр, негізінен таулы бөліктер және жыл бойы жарамды саналады. Күзгі жайлаулар негізінен эмфемерлі тұзды шөптермен терескеннің және де басқа жартылай бұтақтар өсіріледі.
Қысқы мезгілде азықтық шөптерінде шырынды тұзды жайлаулар болып табылады.
Барлық шөл және жартылай шөлді аумақтарда ірі қара малды өсіруде жайлаулық қажеттіліктерді қолданумен мезгілдік технология қолданылады.
Қыс айларында жайылымға жаю ірі қара малды қораға қамап және оларды шөппен және концентраттармен азықтандырады . Қысқы және ерте көктемде ірі қара малды қоректендіру уақытылы жүргізіледі.
Шаруа қожалық жайылымында кездесетін өсімдіктердің тізбегі - жусан, изен, кеуреуік, қоңырбас, мортық, сексеуіл, балықкөз, ебелек, еркек шөп, жантақ, қоянжын, қоян-сүйек, күйреуік, торғай оты, шытыр, ала-бота, боржық еркек шөп, теріскен, түйе қарын.



2 Аналитикалық бөлім

2.1 Етті бағыттағы ірі қаралардың халық шаруашылығындағы маңызы

Етті бағыттағы қолтұқымдар. Бұл бағытта Қазақстанда кеңінен таралған қолтұқымға қазақтың ақбас сиыры жатады. Қолтұқым жергілікті қазақ, қалмақ сиырларын Англиядан әкелінген герефорд бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Түгі қызыл, басы ақ, бүкіл денесінде ақ түсті дақтар бар. Жазда жүні қысқа және біртегіс жалтылдап тұрады. Қыста жүні ұзын әрі тығыз болып өседі. Бұқаларының салмағы 850-1000 кг, сиырлары 500-550 кг тартады. Күтімі жақсы болса, 1,5 жастағы тайыншаларының салмағы 450-470 килоға дейін жетеді. Сиырдың бұл қолтұқымы Батыс Қазақстан өңірінде көбірек өсіріледі. Әулиекөл сиыры да етті бағытта шығарылған сиырдың жаңа қолтұқымы. Бұл Қостанай өңірінде қазақтың ақбас сиыры мен шеттен әкелінген шароле, абердин-ангус сиырларының бұқаларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Қол тұқым XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қырғызстан мен Жамбыл өңірінде шығарылған. Жергілікті сиырларды голланд қолтұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Дене тұлғасы ұзынша, басы - шағын, мойны - жіңішке, қатпарлы, мүйізі - қысқа, түсі - қара ала. Қолтұқым оңтүстіктегі таулы аймақтық құрғақ әрі ыстық ауа райына шыдамды келеді. Алатау сиыры етті бағытта өсірілетін қолтұқымға жатады.Ол ХХ ғасырдың 30-50-жылдарында жергілікті сиырларды швиц, кострома тұқымының бұқаларымен ұрықтандыру арқылы алынған. Сиырларының басы үлкен, тұмсығы сүйірлеу, кеудесі ауқымды, жалпақ, арқасы біртегіс. Денесінің артқы жағы сәл көтеріңкілеу келеді. Бұл - таулы аймақ малдарына тән қасиет. Түсі қоңырқай. Етінің сапалық қасиеті жоғары. Тез жетіледі, тайыншаларының салмағы 500 -- 550 кг. Алатау сиыры Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан өңірінің таулы аймақтарында өсіріледі.Қазіргі кезде ірі қара қолтұқымдарын асылдандыру шараларын ерекше көңіл бөлінуде. Сұрыптау жұмыстарында басты орын асыл тұқымды бұқаларды таңдап алуға тікелей байланысты. Сондықтан шет елдерде асыл қолтұқымды бұқалар өте қымбат бағаланады.Сиырлардан төлді көп алу үшін ұрықты (ұрықтанған жұмыртқажасушаны) екінші сиырға салу әдісі қолданылады. Ұрығы алынған сиырда қайтадан жұмыртқажасуша жетілт, оны қолдан ұрықтандыра береді. Осындай әдіспен бір сиырдай жылына 20-ға жуық ұрықтанған жұмыртқажасуша алуға болады. Ірі қараны сұрыптау әдіс арқылы шығарылған қолтұқымдарының сыртқы пішіні біркелкі емес. Мексика селекционерлері биіктігі 80 см, салмағы 120-150 кг тартатын өте кішкене денелі қолтұқым шығарған. Мұндай сиырлар жеке фермерлер үшін тиімді деп есептеледі.Қазір Қазақстанда сиырдың қолтұқымдарын асылдандыру мақсатында игі шаралар қолға алынды. Кубадан әкелінген зебу бұқаларын әулиеата сиырларымен жұптастыру арқылы сүтті бағыттағы қолтұқым шығару көзделуде. Зебу бұқаларын қазақтың ақбас сиырларымен ұрықтандыру арқылы етті бағыттағы қолтұқым алу жұмыстары жүргізілуде.Ірі қара малдың өзіне тән ерекшеліктері бар. Сиыр орташа 15-20 жыл жасайды. Қазақ жерінде сиыр - басқа түліктерден кейін қолға үйретілген мал. Алғаш сиырды Ресеймен көршілес аймақтардан айырбастау тәсілімен әкелген. Ғалымдардың пікірі бойынша, ерте кезде Қазақстанның көптеген аймақтарында жергілікті қазақ сиырларының қолтұқымы өсірілген. Сиырдың етін, сүтін пайдаланған. Қазіргі кезде ірі қара шаруашылығы - еліміздегі мал шаруашылығының ең дамыған саласы.Ірі қараның етті бағыттағы қолтұқымдары шет елдерде көптеп өсіріледі. Мұндай қолтұқымдарға - абердин-ангус, герефорд, шортгорн, галловей, шароле, лимузин, сапта-гертруда, т. б. жатады.Осы мақсатта өнімділігі аз жергілікті мал тұқымы еуропа тұқымдар -- герефорд, швиц, симменталь, голланд сиырларымен, қырдың қызыл сиырымен будандастырылып, малдың мол өнімді тұқымдары алынды.Ұзақ уақыт жүргізілген ғылыми практикалық жұмыстардың нәтижесінде елімізде алғашқы етті мал тұқымы -- қазақтың ақбас сиыры, сондай-ақ сүтті-етті тұқым -- алатау сиыры мен сүтті тұқым -- әулиеата сиыры шығарылды. Осымен қатар қырдың қызыл сиыры мен симменталь сиырының белгілі бір аймақтардың табиғи-шаруашылық жағдайына бейімделген жаңа түрлері алынды. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің дамуында мүйізді ірі қара шаруашылығы ерекше орын алады. Оның 93,5%-ы шоғырланған жеке меншік иелігіндегі шаруашылықтарда мал санының өсуі орта есеппен 5,9 -- 6,5%-ға, ет, сүт өндіру мөлшері 3,5 -- 6,0%-ға өсті. Республикада сүтті бағыттағы сиырлардың 7 тұқымы, олардың жоғары өнімді табындары -- 16 тұқыммал зауыты мен 80 тұқыммал шаруашылығында, етті бағыттағы сиырлардың 5 тұқымы, жоғары өнімді бөлігі -- 11 тұқыммал зауыты мен 30 тұқыммал шаруашылығында өсіріледі. Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан басқа аймақтарда өсірілетін асыл тұқымды етті сиырлар 32%-ды құрайды . Республика бойынша мүйізді ірі қараның үлес салмағы: қара-ала сиыр тұқымы -- 30,7%, симменталь -- 24,3%, қырдың қызыл сиыры -- 20,4%, алатау -- 17,3%, әулиеата -- 5,3%, айршир -- 1,3%, латыштың қызыл-қоңыр сиыры -- 0,7% болса, етті бағыттағы сиырлар негізінен отандық сиыр тұқымдары -- қазақтың ақбас сиырлары (84,4%) мен әулиекөл сиырларынан (11,3%) тұрады. Мал өнімділігін арттырудың тиімді жолы -- төлдерінің сапасы бойынша тексерілген, жақсартушы бұқалардың ұрықтарын сақтау және кеңінен қолдану. Сондықтан ірі қара малын өсіруде бастысы бағалы қасиеттерін төлдеріне тұрақты бере алатын тұқымжақсартушы бұқалар алу және өсіру жұмыстарын жолға қою болып табылады. Малды өнімділік бағыты, жас-жыныс, тұқымдық ерекшелігі мен физиологиялық күйіне орай жайылым мен қолда құнарлы азықтандыруды ұйымдастыра білу мүйізді ірі қара түлігінің өнімділік қасиеттерін биологиялық және шаруашылық тұрғыдан тиімді деңгейге дейін тұрақты арттыруға мүмкіндік береді. Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440 -- 470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26 -- 30 кг тартады. Алты айлықтарында 160 -- 170 килограмға жетеді. Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал.
2.2 Етті бағыттағы ірі қаралардың биологиялық маңызы

Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолымен сұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500 -- 550 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы -- 27 -- 30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде 220 -- 240 килограмға жетеді.Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55 -- 65 процентке жетеді.Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520 -- 550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20 -- 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200 -- 220 кг тартады.Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55 -- 60 процентке жетеді.Сақа сиырларының салмағы 350 -- 550 кг, бұқаларыныкі -- 800 -- 850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400 -- 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60 -- 65 процент. Конституциясы мықты.Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450 -- 600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35 -- 40 кг. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады.Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53 -- 60%.Қазіргі уақытта еліміздің қандай мемлекеттерінде болмасын сүт және ет өндіру интенсивті өндірістік технологияға негізделген. Мал өнімінің көбеюіне, бұл шаруашылықты шоғырландыру мен мамандандыруға да көп байланысты.Көптеген ғылыми деректер және алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың көрсеткіштеріне қарасақ, мал өнімінің өндірістік технологияда дамуы, оның көбеюі, ірі қара тұқымының сапасына, мал азығының өзіндік құны мен азық сапасына көп байланысты болып тұр. Асылдандыру жұмысының негізі жеке бір аймақта бір жоспар бойынша төл алу, оны өсіру, бұқаларын ұрпақ сапасы бойынша бағалау.Ірі қараны асылдандыруда әлемдік генефонд ресурстарын пайдаланған жөн. Ол үшін: біріншіден өз аймағымызда асыл тұқымды малдардың санын көбейтіп және сапасын арттыру, жергілікті ірі қара сиырларын шет мемлекеттерден әкелінген асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстыру.
Екіншіден жаңадан асыл тұқымды ірі қара тұқымын шығыру, ол үшін жергілікті ірі қара тұқымдарының сиырларын әлемге әйгілі генефодқа жататын қара-ала голштин-фриз, қызыл-ала голштин-фриз, монбельярд, айршир, швиц, англер және дания-қызыл асыл тұқымды бұқаларымен шағылыстырып, қара-ала, сары-ала, қоңыр және қызыл ірі қара тұқымдарының ұрпақ будандастарын алу.
Үшіншіден жергілікті аймақта шыққан сапалы да ірі қара тұқымдарының генефондысының бұқаларының ұрық банкасының қорын сақтау, ол үшін әр тұқым ірі қарасын өсіретін мамандырылған шаруашылықтар айналысуы қажет және ол шаруашылықтарға көптеген экономикалық жәрдем болу тиіс.

3 Технологиялық бөлім

3.1 Бордақылаудағы етті бағыттағы ірі қараларды азықтандыру

Асыл тұқымды жақсы мал өсіру, мал шаруашылық өнімдерін молайтуғана емес, сонымен бірге қыруар мал азығын үнемдеуге, ауыл шаруашылығында еңбек пен материалдық шығындарды нақты қысқартудың тиімді жолы. Бұл міндеттерді селекциялық - асылдандыру жұмыстары жүйесін іске асыруда.
Жаңадан алынған тұқым бұл ауыл шаруашылығының жетістіктерінің бірі. Асылдандыру жұмыстарының мақсаты жаңа тұқым алысымен бірге жаңалық ашу да болып табылады, азық-түлік бағдарламасына да байланысты, мал шаруашылығы алдындағы міндеттерді іске асыруда шешуші роль атқарады.
Ірі қараны дұрыс азықтандыру үшін олардың негізгі ас қорыту ерөкшеліктерін білген жөн. Басқа да күйіс қайыратын мал сияқты сиыр жеген азық та алдымен төрт камерадан тұратын асқазанының алдыңғы камералары -- үлкен қарын, жалбыршақ және тақия қарындарда алдынала өңдеуден өтеді. Бұл алдыңғы қарындарда көптеген микроорганизмдер тіршілік етеді. Осы қарындар олардың өсіп-өнуіне әбден қолайлы. Алдыңғы қарындарда ұлтабардағыдай өте қышқыл реакциялы қарын сөлі немесе тұз қышқылы болмайды, ал күйіс қайыру кезінде сиырдың сілекей бездері шығаратын сілекейі көп мөлшерде үлкен қарынға құйылып, ондағы ортаға микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы сілтілік реакция береді. Содан барып алдыңғы қарындарда әбден күйселіп, шайналып, ұсақталмаған азық бөлшөктері біршама уақыт кідіретіндіктен олардың қоректік заттарын пайдаланып, көптеген микроорганизмдер өсіп-өнеді. Олар бір клеткалы жануар тектес (микрофауна) және қарапайым өсімдік тектес (микрофлора) организмдерден тұрады. Өздерінің тіршілік процестеріне үлкен қарынға түскен азықтық заттарды пайдаланып, өз денесінің қосындыларына енгізеді. Мысалы, азықтық азоттың заттарды игеріп, өз денесі белогының амин қышқылдарын түзеді. Олар белоктық азот пен белок емес заттардың (амидтердің), сонымен қатар тіпті анорганикалық азотты (карбамид сияқты химиялық қосындыларды) да игере алатындығын ескерсек, осы микробиологиялық түзу арқылы сиырларға құнсыз азоттық, қосындылардан ауыспайтьш амин қышқылдарына байытылған құнды белоктар жеткізіледі. Міне, осыдан эволюция барысында макроорганизм (сиыр) мен микроорганизмдер (үлкен қарын микрофлорасы мен микро-фаунасы) бір-біріне қажетті жағдай туғызып, өзара тіршілік етеді.Алмастыруға келмейтін аминқышқылдарымен қатар алдыңғы орындардағы микроорганизмдер маңызды витаминдерді (В12 цианкобаламин, К витамині) де түзетінін ескерсек, олардың азықты биологиялық өңдеуден өткізуінің малға қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес.Сондықтан ірі қараның азық рационын олардың алдыңғы қатарындарында өтетін микробиологиялық процестерді ескере отырып жасау қажет. Азық рационы арқылы алдыңғы қарындардағы микробиологиялық түзуді неғұрлым ұлғайта алсақ, малды жоғары сапалы белоктың заттармен, қажетті витаминдермен солғұрлым қамтамасыз ете аламыз. Оның алғашқы шарты -- сиыр рационының бірыңғай сақтап, тез бұзбай, ал қолданылатын жаңа азықтарды біртіндеп, аз-аздап енгізеді. Сондай-ақ қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға ауыстырғанда да осы қағиданы ұмытпай, қысқы азықтарды жайылым отымен біртіндеп қана ауыстыру қажет. Сонда ғана сиырды іш өту індетінен сақтандырьш, қысқы рациондарға бейімделіп қалған микроорганизмдер ассоциациясын сақтап қалуға болады.Сиыр азықтандыруды дұрыс ұ.йымдастыру үшін оның жасына, тірілей салмағына, физиологиялық жағдайына, өніміне қарап оларға қажетті қоректік заттар мөлшерін (азықтық нормасын) анықтауға болады. Қазіргі кезде сиырларга 80-нен астам қоректік және биологиялық активті заттардың қажет екендігі белгілі болып отыр. Әрине азыңтандыру барысында олардың бәрінің деңгейін бақылау мүмкін емес. Сондыңтан ірі қара малдың организмінің қоректік заттарға деген мұқтаждығын көрсететін нормалық көрсеткіштер ретінде ең маңызды алты көрсеткіш алынады.

1 кесте - Жас (бір-екі бұзаулаған) және қондылығы төмен ірі қараларға қосымша азық берудің нормасы

Сиыр тәулігіне орташа мынадай салмақ қосса, кг
Күнделікті рационға мынадай қосылады
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой шаруашылығы туралы
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Қой шаруашылығы және Қазақстандағы жағдайы
Қой шаруашылығы
Кәсіби жануарлардың сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау
Ісек қойлар
Қойларды ұстау жүйелері
Өскемен аймағындағы ұсақ малдарға арналған мал қорасының жобасы
Семей аймағындағы қой малына арналған қораның жобасы
Қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
Пәндер