Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама


Мазмұны
бет
Кіріспе . . . 2
- Негізгі бөлім . . . . . . 1. 2.
1. 1. 2Климат, ауа райы жағдайлары
2. 1 Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама . . . 8
2. 2 Қойлардың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктері . . . 9
2. 3 "Бағ-Мир" шаруақожалығындағы қой төлдету науқанын
ұйымдастыру . . . 11
3 Технологиялық бөлім . . . 13
3. 1 Қой шаруашылығындағы азық түрлеріне сипаттама . . . 13
3. 2 Ордабасы қойын азықтандыру ерекшеліктері . . . 17
4 Жеке тапсырма . . . 21
4. 1 "Бағ-Мир" шаруақожалығындағы ордабасы қой тұқымдарын
азықтандыру ерекшеліктері . . . 21
5 Техникалық қауіпсіздік . . . 24
Қорытынды . . . 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 28
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы - ауылшарушылығының негізгі саласы, ол халқымызды әр түрлі тағамдармен әрі жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан алынатын жоғары калориялы өнімдерімен, биологиялық аса қажеттілігімен ерекшеленеді. Өнеркәсіп тауары ретінде - жүн, түбіт, тері, елтірілі киім және аяқ - киімдер өнеркәсіп тауары ретінде аса қажетті шикізат көзі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының негізі болып саналатын - мал шаруашылық саласына қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Осы орайда, еліміздің тұңғыш президенті, ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың Ауыл шаруашылығын дамыта отырып, Республикамыздың экономикалық жағдайының жеделдетуіне, мал шаруашылық саласының үлесі туралы өз жолдауларының бірінде: « . . . мемлекеттің, бизнестің және ғылымның өзара әрекетінің инновациялық әлеуетін арттыру қажет», - деп көрсеткен «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты халыққа жолдауларында агроөнеркәсіп кешені алдына - «Экологиялық таза өндіріс саласында ғаламдық ойыншы» және жаңа ғылыми, технологиялық, басқарушылық жетістіктерді ескере отырып, мал шаруашылығындағы дәстүрлерімізді жаңғыртуға деген міндеттер қойылды[1] .
Қойдың аса бір құнды қасиеті - өсімталдығы. Сондықтан азықтандыру, күтіп-бағу жағдайы келісе, қойды жылына екі немесе үш рет қоздатуға болады. Қойдың төлі тез жетіледі, 1, 5 жасында-ақ ірі қой тобына қосылады. Осы қасиеттері қойдың басын тез көбейтуге мүмкіндік береді. Қой өте төзімді келетіндіктен, ауа-райы өте суық немесе ыстық жерлерде де жақсы өсе береді және оңай жерсінеді. Қой үшін құлағын шөлде, шыны биік тауда бірдей. Қайсысын болса да өте тиімді пайдаланады. Ал, қой тұқымдарын өсіруде, күтіп-баптауда ең тиімдісі қылшық жүнді қой тобына жататын биязы жүнді қойлар . Себебі қылшық жүнді етті-майлы өнімді қойлардың ет, май өнімдерімен қатар, олардың сапалы елтірі жүндері де күнделікті тұрмыста және Қазақстанның экономикасын көтеруде де еліміздегі етті-майлы бағыттағы қойларды басып озатын - Ордабасы қой тұқымдары болып табылады. Сондықтан, ордабасы қой шаруашылығын одан әрі дамыту үшін олардың азықтандыру дәрежесіне, күтіп-баптауына жіті назар аудару керек.
Қой шаруашылығы басқа салалармен салыстырғанда, жерді, азықты және қора - жайды тиімді пайдалану жағынан ерекшеленеді.
Өндірістік іс-тәжірибенің мақсаты. Қазакстан Республикасында ауылдық әлеуметтік экономикалық дамуын жеделдетудің стратегиялық бағытында жүзеге асырылып жатқан және болашақта атқарылуға тиіс шараларға сәйкес фермерлік және қожалық шаруашылықтарға қой өсіру технологиясын, соның ішінде қазақтың қылшық жүнді қой тұқымының кой төлдеу науқанына қатысып, технологиялық процесстерін игеру болып табылады.
Өндірістік іс-тәжірибенің міндеттері:
- ордабасы қой тұқымдарының өнімділіктерін, экстерьерін, интерьерін
зерттеу әдістерін меңгеру;
- ордабасы қой тұқымдарын азықтандыру, күтіп - бағу, өсірудің тәжірибелік
машықтарын игеру;
- болашақта ордабасы қойларының көбеюі мен таралуына жағдай жасау;
- қой шаруашылығындағы будандастыру нәтижесінде пайда болған мал
түрлерімен танысу;
- төлдеу науқанында жаңа туған қозыларды есепке алу, сырғалау,
азықтандыру жуйесін менгеру.
1 Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
«Бағ-Мир» шаруақожалығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында қарасты «Бадам» ауыл аймағынан солтүстікке қарай 17 километрдей қашықтықта орналасқан. 2003 жылы ұйымдастырылған. Шаруашылықта 680 бас ордабасы қой тұқымының қойлары және 12 бас қошқарлары бар, жылда 100 аналыққа 92 бас төл алынады. Шаруашылықта қолдан ұрықтандыру әдісі қолданылып, осындай нәтижеге жеткен. Сонымен қатар шаруашылықта 150га жайылым және 50га суармалы жерлер бар. Егіншілікте пайдаланылатын 1камаз, 1К - 700 тракторы, 1тасымалдау автокөлігі бар және Нива автокөлігі бар.
Облыс орталығынан Шымкент қаласының батыс жағында Бадам өзенінің оң бет аңғарында орналасқан. Жер бедері жазықтау келеді, солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған құм төбешіктері кездеседі.
«Бағ-Мир» тәжірибе жайы ашық боз топырағы тараған аймақта жатыр. Ашық боз топырақтағы шірінді мен азоттың мөлшері өте аз. Жоғарғы қабатында шірінді 0, 57, азот 0, 05% қана.
1 сурет. «Бағ-Мир» ШҚ тәжірибе жайы
Шөл аймақтың физикалық-географиялық жағдайының біркелкі болмауы мұнда түрлі топырақ түрлерін қалыптас-тырған. А. Н. Байрашев кезінде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түбегейлі жақсарту кезінде топырақтың он төрт түрімен жұмыс істеуге тура келеді деп атап өткен болатын.
А қабаты 0-7 см - шымды, құмдауытты, тозаңды - қабыршақты, қоңырқай-сұр, аздап тығыздау.
В 1 қабаты 7-23 см - сұрлы-ақшылды-қоңырқай, аздап тығыздау, қалың тараған тамырлар, карбонат дағы байқалады.
В 2 қабаты 23-53 см - сұрлау тығыздау, кұмдауытты, карбонаты көзшелер сирек, жеке тамырлар кездеседі.
ВС қабаты 53-80 см - ақшыл-сұрлау, кесекті, сирек жайылған карбонат дақтары бар ауыспалы қыртыс.
С к қабаты 80-110 см - гипспен қаныққан құба-сарғыш-қоңыр, жеңіл саздақты қабат.
С 1 қабаты 110-168 см - құба сары, қиыршықтасты, тығыз қабат
С 2 қабаты 118-200 см - жыныс қыртысына ауысатын қабат, гипстің жаңа құрылымдары байқалады, төменгі қабаты ақшыл, аздап тығыздау, орташа саздақты. [2]
Тәжірибе жайының негізгі таралған құмдауытты боз сұр топырақтың жоғарғы қабатында Топырақтану иниституты анықтап берген мәліметтер бойынша қарашірік мөлшері 0, 32-0, 79% аралығында ауытқиды.
Бұл топырақтың бір ерекшелігі 1, 2 м дейінгі тереңдікте тұздар қосынды-сының азығы - 0, 043-0, 181%. Кестеден көрінгендей тұздар қосындысының жоғарғы көрсеткіші топырақтың төменгі қабаттарына тән 0, 548-0, 727%. Топырақ реакциясы сілтілі (РН 8, 8-8, 9) .
1. 1. 2Климат, ауа райы жағдайлары.
Шаруашылықтың климаттық жағдайы далалы алқаптың табиғатына тән өте құбылмалы және континентальды. Жауын-шашын түсімі аз. Орташа жылдық нормасы 260 мм көлемінде. Жаз мезгілінде ең жоғарғы температура +45°С, қыс мезгілінде температура -25 0 С.
Қыс мезгілі салыстырмалы түрде қысқа, жерді қардың басып қалуы ұзаққа созылмайды, кейде аяз болған кезде температура -15-20 0 , сондықтан мал көбінесе жайылымды пайдаланады. Қар желтоқсан айының соңы мен қаңтар айларында 8-12 см-дей жауып еріп кетеді. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 55-60 тәуліктей жатуы мүмкін.
Көктем мерзімі қысқа әрі жылы. Жауын-шашыны молдау болып келеді. Орташа айлық температура наурыз айында +9 0 С, сәуір айында +14 0 С. Кейбір жылдары сәуір айының басында температура 0 0 С-қа төмендеп суытып тұратын кездері де болады. Мұнда түсетін ылғалдың мөлшері 130 миллиметрден 180 миллиметрге дейін ауытқып тұрады.
Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы - сәуір айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақыт секундына 3-5 м жылдамдыққа дейін жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 14 м/сек-қа жетеді.
Жазы ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 4%-ын құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде +46 0 С-қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі - далалы жерлерге тән сары топырақты болып келеді.
Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі - әр түрлі шөпті ассоциациялармен анықталады. Олардың өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады. Соңғы жылғы мәліметтерге сүйенсек, табиғи шөптердің орташа түсімі 8, 5 ц/га мөлшерінде болып отыр. Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қызғалдақ (Тulipa greigi) кездеседі. Эфемердің өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамыр айының ортасына дейін созылады. Маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Роа bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins), тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды.
Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де олардың орнын жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурек (Ferulla foetida), боз жусан (Arte misia glocuca fall) мен қара жусан (Artemisia pauciflora) алмастырады.
Жайылым өсімдіктері осы аймақтағы малдардың негізінен көктемгі және жазғы қажеттілігін қамтамасыз ете алады. Ал, күзгі және қысқы қажеттіліктер арнайы дайындалған пішендемелер мен қоспа жем есебінен толықтырылып отырылады.
Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағының климаты күн сәулесінің молдығымен, оң температура қосындысының жоғары келуімен, жауын-шашынның басым бөлігі қыс-көктем айларына тура келуімен ерекшеленеді. Жылдық орта температурасы жазық шөлде теңіз деңгейінен 215 м орналасқан «Бағ-Мир» ауа райы бекетінің өткен жылдары алынған деректері бойынша 11, 80С және 12, 10С болса, «Шымкент» бекеті бойынша бұл көрсеткіштер сәйкесінше 11, 80С және 11, 90С көтерілген. Жауын-шашын мөлшерінің де жоғарлағаны байқалған. Егер «Бағ-Мир» бекетінің жылдық жауын-шашын мөлшері 206 мм болса және 243 мм, «Шымкент» бекеті бойынша тиісінше 488 және 582 мм құраған. Бұдан шығатын тұжырым, кейінгі жылдары жауын-шашынның мол түсуі байқалады. Бізді қызықтыратын оның маусымдық түсуі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда жауын-шашын мөлшерінің басым бөлігі 76-84% қыс-көктем айларына, яғни буассье шытыршығының негізгі өсіп-даму кезеңіне тура келеді. Шымкент жағдайында наурыз айы ылғалды келіп, 80, 7 мм жаңбыр жауды. Дегенмен екі бекет бойынша да жылдық ылғал мөлшері көпжылдық орта көрсеткіштен 37, 6 және 153, 2 мм артық.
Өсімдік жамылғысы . Тәжірибе жұмыстары жүргізілген алқаптардың экологиялық ортасының біркелкі болмауы мұндағы өсімдіктер жамылғысының өзіндік түрлерін қалыптастырған.
Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорын анықтау бағытында істелінген жұмыстар жетерлік.
Жалпы шөл аймақтың өсімдік түрлерін жан-жақты зерттеген Н. Т. Нечаева, Л. С. Гаевская еңбектерінде олардың тіршілік нышандары анықталған. Бір ерекшелігі табиғи жайылымдардағы өсімдіктердің басым бөлігі өсіп-дамуы күз-қыс-көктем кезінде өтетін эфемер және эфемероид тіршілік нышандарына жатады. Сондықтанда 1982 жылы жарық көрген Қазақ ССР атласында тәжірибе жүргізілген жерлердің өсімдік жамылғысы қияқ-өлеңді қоңырбасты және қоңырбасты - қияқөлеңді эфемероидты түрлеріне жатқызылған. Ал соңғы жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесі «Бағ-Мир» тәжірибе жайының өсімдік жамылғысы гүлқайыр және көбенқұйрық аралас эфемероидты жусанды, физиологиялық кешендікі эфемерлі эфемероидты - жусанды - қоңырбасты жартылай саванналық қамтыған аймақтарға қарайды.
Біздің жүргізген көп байқаулардың нәтижесінде «Бағ-Мир» тәжірибе жайында саздақты және құмды жерлерде өсетін өсімдіктер, ал физиоло-гиялық кешенде саздықты аймақтарда кездесетін түрлердің басымдау келетіні анықталды.
«Бағ-Мир» ШҚ жайындағы өсімдіктер түрлердің басым бөлігі оңтүстік шөлге тән эфемерлерден тұрады. Жылма-жыл тұрақты өсетін және кең тараған түрлерге татар шөпжияры (Uxioliron tatarricum), жапырақты сарғалдақ (Ranunculus polithirus), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), түркістан айқайыны (Malcolmia turkaestanica), нохатек (Trigonella orthoceras), шөл жауылшасы (Alyssum desertorum), тоты көкнәрі (Papvez croceum) және басқалар жатады. Келесі тіршілік нышандары біржылдық шөптесін өсімдіктерден қарсыгүл сағаны (Gizgensohnia oppositiflora), түйе сары тікен (Horaninovia anomala), құм ебелегі (Ceratocarpus arenarins), екіжылдық шөптесін өсімдіктерден шашақты жусан (Artemisia scopania), көбенқүйрық (Cousinia) жэне басқалары кездеседі. Бұлардың өсіп-дамуы күзге дейін барады.
«Бағ-Мир» ШҚ жайындағы басым (доминант) тіршілік түріне эфемероидтар, яғни көпжылдық, бірақ өсіп-дамуы эфемерлер сияқты жаздың бас кезінде аяқталатын шөптесін және жартылай бұталар жатады. Олардың арасында ең көп тарағаны және бағалы мал азықтык өсімдік түрлеріне жататыны жуышықты қоңырбас (Роа bulbosa), толық қияқөлең (Саrех pachystylis) және құм төбешіктерде тараған даражапырақ таспа - Astragalus unifoliolatus.
Мал азықтың құндылығы жоғары бұршақ тұқымдасқа жататын қаргүл таспасы (Astragalus chinoanthus), имек таспа (А. flexus), турчанинов таспасы (А. turczaninovii), сондай-ақ шырыш (Eremurus anisopterus), ерте гүлдейтін құртқа түрлері (iris tenuifolia, J. Longiscapa), қазжуа (Yagea graminifolia), қызғалдақ (Tulipa), сасық сасыр (Ferula foltida), рауғаш (Rheum tataricum) түрлері сирек өседі.
Кейінгі жылдары «Бағ-Мир» тәжірибе жайында өсіп-даму мерзімі жаз айларына дейін созылатын көпжылдық шөптесін өсімдіктерден түлкіше (Astragalus alopecias) және домалақбас таспа шөбі (А. globiceps) түрлері кеңінен тарала бастады. Бір ерекшелігі домалақбас таспашөбінің таралу аймағы механикалық кұрамы жеңіл (құмдауытты, құүмды топырақтармен шектеледі.
Бұта және бүташық тектес өсімдіктерден таралғаны ақ шеңгел (Halimodendron), басты жусан (Artemisia diffusa) ара-кідік дермене (А. сіnа) өседі.
Тәжірибе жайынан солтүстікке қарай 3-4 шақырым жерде эверсман теріскені (Krascheninuikovia eversmanniana), шоған (Holathammus subaphyllus) түрлері кездеседі.
2 Негізгі бөлім
2. 1 Қой шаруашылығы және ордабасы қой тұқымына сипаттама
Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады. [3]
Оңтүстік Қазақстан облысының селекционер-ғалымдары «Ордабасы» деп аталатын жаңа қой тұқымын шығарды. «Ордабасы» қой тұқымы - қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын отандық (еділбай) және шет елдік (қиссар) тұқымды қошқарларымен күрделі будандастыру арқылы шығарылған. Селекциялық жұмыстар үшін қылшық жүнді құйрықты қазақы қойлардың аналықтары мен еділбай мен қиссар тұқымды қошқарлары іріктелінген. Будандарды өзара шағылыстыру арқылы алынған «Ордабасы» қойының төлі де өзі қатарлы қозылардан анағұрлым ірі.
Оңтүстіктің мақтанышы - «Ордабасы» атты асыл тұқымды қой - оңтүстік ғалымдарының 21 жылдық еңбегінің жемісі. Бір аталық мал басы 120 кг-ға дейін ет береді. Бүгінде ел аумағына таралған ет бағытындағы аталмыш қой тұқымына көрші мемлекеттер де қызығушылық танытып отыр. Өйткені, жаңа тұқымды қойлар ыстық пен суыққа төзімді, шөлге шыдамды. Жүні мен майы аз, еті мол. Төрт айлық қозының орташа салмағы 40 кг тартады. Ірі, сақа саулықтардікі 70-90 кг, ал қошқарларының салмағы шамамен 95-120 кг-ға дейін жетеді. Еттілігіне байланысты мұндай қой тұқымы қазірдің өзінде аса өтімді. Қазақы қойдың тағы бір ерекшелігі - барлық жердің табиғатына тез бейімделеді. Төзімді, жер таңдамайды, жылдам жетіліп, тез қоңданады. Негізінен, бұл қой тұқымының басын көбейтуді Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш, Отырар және Сайрам аудандарының шопандары мықтап қолға алған. Қазір ұсақ малдың май емес, ет беру өнімділігіне ерекше мән беріледі. Бұрын керісінше еді.
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, Оңтүстік Африка.
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше. [4, 5]
2. 2 Қой тұқымдарының биологиялық және ас қорыту
ерекшеліктері
Мал шаруашылығы - Қазақстан республикасы халық шаруашылығының өте ертеден келе жатқан дәстүрлі саласы, әсіресе етті-майлы құйрықты қой, жылқы, түйе шаруашылығы жақсы дамыған. 1916 жылы Қазақстанда 18, 4 млн. қой-ешкі, 4, 3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5, 0 млн ірі қара, 278 мың шошқа бағылған екен. Ұжымдастыру кезеңінде бұл мал өте қатты қысқарып, 1935 жылы республикада 2, 6 млн. қой, 422 мың жылқы, 72 мың түйе, 276 мың шошқа ғана қалған.
Қазақстандағы етті-майлы бағыттағы қой шаруышылығы дәстүрлі қалыптасқан сала болып есептелінеді. Құйрықты қойлардың тұқымдары, нәсілдері, генетикалық популяциялары - бұл қазақ халқының ежелден жүргізген тұқым асылдандыру жұмысының нәтижесі. Құйрықты қойлардың алыс жайылымының, табиғатын қатал жағдайында өсіріп-бағуға өте бейімділігі, жоғары етті-майлы өнімділігі, қозылардың емізілу мерзімінде ауа райының құбылмалы өзгеруіне қарамай тез өсуі мен дамуы, бұл қой тұқымның болашағының өте жоғары екенін көрсетеді.
Етті-майлы өнімді құйрықты қойлардың мал басы саны жағынан, ет пен жүн өндіру бойынша Қазақстан бірінші орынды иеленіп келген. Ол, арзан да жоғарғы сапалы қой және қозы етінің, қылшық және жартылай қылшықты жүннің, сонымен бірге, жеңіл өнеркәсіп үшін аса құнды қой терісінің көзі болып табылады.
Құйрықты қойлар биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, қаракөл қой тұқымдарын дамыту сияқты жаңа бағыттардың пайда болуында үлкен рөл атқарғаны жөнінде жазады. Олардың негізінде, сырттан алынып келінген жануарларға қарағанда жергілікті жағдайға әлдеқайда бейімірек жаңа тұқымдар мен тұқымдық топтар жасалынды және жасалыну үстінде. Автор, осы құйрықты қойлардағы маңызды қасиеттерді, жаңа тұқымдағы қойлар өз бойларына сіңіріп алғандығы жөнінде пікір айтады. [27]
Құйрықты қойлар жергілікті жағдайға жоғарғы дәрежеде бейімделген, сонымен бірге өзінің таңқаларлық төзімділігімен, мықтылығымен, өсімділігімен және азық тапшылықтарына қиналмай шыдай алатындықтарымен ерекшеленеді. Сонымен бірге, осындай қиыншылықтардың өзінде де ол өзінің тез жетілу, ет қосу, май жинау сияқты құнды сапаларын жоғалтпайды. Құйрықты қойлардың осы теңдесі жоқ қабілеттері, оларды басқа тұқымдар арасында дараландырып тұрады және олардың шаруашылық үшін өте маңыздылығын көрсетеді. [28]
Ас қорыту жүйесі бойынша ірі қара секілді көп қарынды күйісті малға жатқанымен, қойдың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар басқа малға қарағанда жайылым шөбінің көбірек түрін жейді және оларды толығырақ пайдаланады. Тұқымына қарай түрлі жайылымдарға бейі келеді. Мысалы, қазақ арқар мериносы тау жайылымдары, қылшықты қой тұқымдар шөл және шөлейт жайылымдарды жақсы пайдаланады. Соның арқасында арзан қой етін өндіру үшін табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше толық, тиімді пайдалану көзделеді.
Қойдың асқорыту органы ірі азықты қорытуға бейімделген, ал бұл рационда болмаған жағдайда ол азықты жөнді жемей, ас қорытуы бұзылады. Ірі азықтарға пішен, сабан мен топан жатады.
Жайылым оты жетіспеген жағдайда қойға ірі, шырынды, құнарлы азықтармен толықтырады. Қой ұсақ, майда пішенді жақсы жейтінін, бірақ ірі қарамен салыстырғанда азық клетчаткасын нашар қорытатынын ескеру қажет. Қой азыққа онша талғампаз болмағанымен рацион азығы мол және әртүрлі болғанын қалайды. Жылдың мал жаюға жайсыз мезгілдерінде қосымша азықты үзбей беру керек. Әйтпесе, азықтандыру жағдайы төмендеген қой арықтап, тері, одан жүн талшықтары зардап шегеді.
Дер кезінде ұрықтанып, мол қоздап, сапалы жүн қырқу үшін саулықтарды дұрыс құнарлы азықтандыру қажет.
Қойлар 100 кг тірі салмағына 3, 2-3, 8 кг құрақ зат, оның 1 кг 8, 8 - 9, 2 МДж АЭ шоғырланған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz