Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ

Когнитивті және прагматикалық лингвистиканың ағылшын тілінен қазақ тіліне
(жарнамалық ұрандардың тезаурсы) жарнамалық ұрандарын аудару
Дипломдық жұмыс

Алматы, 2019

Мазмұны

Қысқартулар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

I. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
1. Мәтін туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
2. Құжаттама мәтіндеріне сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды
стилдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..8.

II. Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудару ерекшеліктері
1. Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы ... ... ... 17
2. Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3. Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық
трансформациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
4. Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудармасына талдау ... ... ... ..39

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

Қысқартулар тізімі

ТМ - түпнұсқа мәтіні
АМ – аударма мәтіні
ТС – түпнұсқа сөйлем
АС – аударма сөйлем

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер
көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы
еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын
тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси
әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды,
оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып
бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай
психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен
техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы,
тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда
болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару
мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аудармай қоймайды. Осылайша
өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек
ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту
болып табылады.
Сол себепті дипломдық жұмысымның өзектілігі: қазіргі таңда, ғылыми-
техниканың дамыған шағында, тәуелсіз мемлекетімізде дамушы салалардың бірі
техникалық сала, оның ішінде біздің еліміздің экономикасының дамуына көп
үлес қосып отырған мұнай және газ саласы. Сол саланың тілдік ерекшеліктерін
терең де жан-жақты зерттеу, және де осы салаға қатысты арнайы ақпараттарды
түсіну, техника саласының дамып жетілуіне тікелей әсер етеді. Осыған
байланысты елімізде техникалық саланың тек теориялық білімі бар ғана емес,
осы салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Оның үстіне мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілін зерттеу, және аудару барысында аудармалық шеберлікке,
білімге ие болу және оларды қолдана білу өте маңызды. Ал біздің бұл
дипломдық жұмыста қарастыратынымыз мұнай және газ саласындағы техникалық
мәтіндердің аудару ерекшеліктерін анықтап осы өндірістік саланың дамуына
үлесімізді қосу болып отыр.
Зерттеу жаңалығы: Бұл жұмыста біз ең алдымен техникалық мәтіндердің
ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қарастырылатын келелі
мәселелерді қолға алып, олардың ерекшеліктерін және нақты мұнай-газ
саласындағы техникалық мәтіндердің аз зерттелгендігін көрсету болды.
Аударманың нәтижелілігін кітап, интернет және бұқаралық ақпарат
құралдардағы аудармаға қатысты оқу-әдістемелік мағлұмат мен деректер арқылы
көрсетуге тырыстық.
Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты мұнай-
газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін
анықтау.
Міндеті: Мұнай-газ саласындағы мәтіндерді аудару барысында түрлі
трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; мұнай-газ
саласындағы техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару
кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау;
техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету және
болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына көмектесетін
жұмысты ұсыну.
Зерттеу құралдары: Дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселесіне
байланысты шетелдік және отандық ғалым зерттеушілердің еңбектері, әртүрлі
электронды сөздіктер мен әдебиеттер енді.
Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің сипаттамасы
мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, түрлері және
оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы қолданылатын
трансформациялар қарастырылды. Жұмыстың қайнар көзі ретінде техникалық
мәтіндер түпнұсқалары қарастырылды. Өкініштісі қазыргі отандық баспада
нақты зерттеліп бекітілген техникалық терминдердің қазақ тіліндегі
сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі айқын. Осыған орай біз зерттеу
жұмыс барысында техникалық мәтіндердің аудару барысының құрамдас бөлігі
болып табылатын термин мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырыстық,
техникалық мәтін, термин және олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде
берілу мәселесін дипломдық жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік.
Теориялық мәні: Қазақ терминологиясымен техникалық аударманың
қалыптасуы үздіксіз үрдіс және терминдердің мемлекеттік тілдегі баламасының
жасалуы жан-жақты дамытуды қажет ететін бүгіннің талабы екендігін рас. Сол
себепті, біз дипломдық жұмыста мұнай-газ, кен өндірісіне қатысты әр түрлі
мәтіндердің аудару барысын сатылап мысалдар арқылы ерекшеліктерін көрсетуге
және нақтылауға тырыстық.
Практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары техникалық
аударма ісі саласын тану бағытындағы зерттеулерге, жоғары оқу орны нақты
аударма мамандығының студенттеріне және басқа да ізденушілерге айқын бағдар
болмақ. Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдар аударма саласын жаңа
мәліметтермен толықтырады. Оның ішінде нақты мұнай-газ саласына тиесілі
мәтіндер мен терминдердің аударма ерекшеліктерінің табиғатын анықтау
шеңберін кеңейтіп, айқындай түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, аударма
табиғаты, оның тілдегі, ғылымдағы, ұлт өміріндегі орны мен маңызы, оған
тіл, таным тұрғыларынан қойылар талаптар туралы түсініктерді нақтылауға,
тілді орыстану саясаты ықпалымен қалыптасып, бүгінде санаға сіңіп қалған
бірқатар келелі мәселелерді қайта қарауға түрткі және шетел сөздерінің
мүмкіндігінше қазақша баламасын тауып, сөздік қорымызды байытуға негіз
болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс қысқартулар тізімінен,
кіріспе, негізгі бөлім, екі тараудан, ал олар бірнеше тараушалардан,
түйіннен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған. Негізгі
бөлімде жалпы мәтін түсінігі мен түрлері, оның ішінде техникалық мәтіндер,
олардың классификациясы, қолданылатын трансформациялар және нақты мұнай-газ
саласындағы мәтіндердің аудару барысы қарастырылды.

I. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
1.1 Мәтін туралы түсінік және оның түрлері

Мәтін дегеніміз – құрылымдық-семантикалық бірлік ретінде қызмет
атқаратын күрделі біртұтастық. И.Р.Гальпериннен кейін мәтін – ауызша сөйлеу
әрекеті деген түсінікті жоққа шығарып, аяқталған ойды білдіретін, жазбаша
құжат ретінде байланысқан, әдеби жағынан сәйкестендірілген, өзіне тиесілі
тақырыптан және әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық
байланыстар түрімен біріккен ерекше бірліктер қатарынан тұратын шығарма
ретінде қарастырылды [1,126].
Мәтін дегеніміз латын тілінен Texus – қосылу, құрылым, байланыс.
Семантикада кез келген таңбаның байыпты реттілігі, қарым-қатынастың кез
келген түрі соның ішінде салт, би және сол сияқты. Тіл білімінде мәтін
ретінде төмендегілер ұсынылады. Мәтін сипаттамасы:
1) тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі;
2) жүйелі, байланысты, тұтас, тиянақты, қалыптасқан мағыналық жағынан
өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі;
3) коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік бірізділігі;
4) жазу үлгісіндегі ауызекі сөйлеу шығармалары;
5) ауызша немесе жазбаша ауызекі сөйлеу шығармалары [ 2,453].
Лингвистика тұрғысынан, мәтін – аяқталған тілдік шығарма ретінде
қарастырылады. Ал, кейбір жаңа зерттеу бағыттарының сипаты мәтінді шығарма
тұрғысынан қарастыруды жөн санайды. Мәтінді тілдік шығарма ретінде
жалпылыққа тән құбылыс [3, 608]. Осы анықтамаға сүйене отырып, мәтінді
сөйлемдер жиынтығы немесе бір сөйлем, сөз тіркесі немесе бір сөз деп алу
тиімді.
Мәтін – жазбаша немесе ауызша тілдік шығарма, кейбір құрылымдары
қарым-қатынас кезінде қалыптасқан, өз алдына аяқталған дербес құрылым.
Лингвистер мәтін атауын элементтер арасындағы байланыспен немесе
фразааралық байланыспен түсіндіреді. Олардың ойынша, мәтін дегеніміз -
әртүрлі байланыстар түрімен біріккен, жеке дара сөйлем ғана емес,
сөйлемнен де ірі абзац, параграф сияқты бірліктер құрылымын айтады [4,8].
Кейде мәтінді тұйықталған құрылым деп түсінеді.
Мәтін мәнін осылайша түсіндіретін бұл топтың бір ерекшелігі
байланыстылық категориясын енгізгендігінде болып отыр. Бұл топ
өкілдерінің бірі Харвегтің анықтамасы бойынша, мәтін – парадигматикалық
және синтагматикалық екі өлшемді үздіксіз алмастырушылар (субституттар)
тізбегін құраған тілдік бөлшектердің (бірліктердің) жалғаспалылығын айтады.
Алайда, Харвегтің берген анықтамасы мәтінді мағыналық, мәндік аясынан
тарылтады [5,13].
Мәтін – белгілі мақсаттылыққа және прагматикалық бағдарға ие шығарма.
Егер сөйлесімді дыбыстық қасиетке ие дейтін болсақ, мәтін графикалық
қасиетке ие. Егер сөйлесімді оның бірілділігі оқшаулап тұрса, мәтінді оның
көпөлшемділігі оқшаулайды. Сөйлесімді бірізді дейтініміз, ол дыбыстық
қасиетке ие баспа (графикалық не магнитті лента) оның саласын өзгертеді.
Осылайша ауызекі тіл қайтымсыз – дыбысталды және қандай да бір бөлшегіне
оралу мүмкін емес. Мәтін көпөлшемді, себебі оның кез келген бөлшегіне
көптеген оралу жолдары бар. Егер ауызекі сөйлеу қозғалыс, әрекетте болса,
мәтін екіжақты қасиетке ие, яғни тыныштық қалпында болу және қозғалыста
болу. Егер ауызекі сөйлеу тек сөйлеу процесі кезінде дыбысталу уақытымен
шектелсе, мәтін ештеңемен шектелмейді. Мәтін шындықты бейнелеп қоймай, ол
жайында хабардар етеді [6,12].
Мәтіннің семантикасы номинативтік және коммуникативтік компоненттерден
тұрады. Мәтінде коммуникативтік, когнитивтік және эмотивтік қызметтері
қиылысады. Коммуникативтік біртұтастықтың жоғарғы деңгейі ретінде мәтін –
ашық және тұйық жүйе болып табылады. Мәтіннің тұйықтылығы оның аяқтылығы
мен шетілігіне байланысты. Ал, мәтіннің ашық жүйесі оның қабылдану
ерекшеліктеріне байланысты.
Мәтін дегеніміз – жүйелік пен жекеліктің бірлігі. Мәтіннің жүйелілігі
тілдік кодтармен берілген мәтінді моделдеп, алушының жіберушіге деген
талабымен сипатталады. Мәтіннің жекелігі әдеби бейнені өзімен алып жүрген
заттық форманың шексіз вариациялық нәтижесімен сипатталады.
Р. Барттың мәтін жайында берген анықтамасында былай делінген: байланысқан
мәтін мазмұны жағынан біртұтастықты білдіретін, ішінара ұйымдасқан және
коммуникативтік мақсатқа арналған аяқталған тілдік ілеспелілік [7,18].
Сонымен, мәтін дегеніміз – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық,
құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық, біртұтастық
қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма. Сондай-ақ, мәтін – өз алдына
негізгі қасиеттері байланыстылық пен біртұтастық болып табылатын, мағыналық
жағынан біріккен таңба бірліктерінің бірізділігі. Ол функционалдық,
семантикалық, құрылымдық бірлік ретінде бір құралу ережесіне ие, өзін
құрайтын бірліктердің формальды және мағыналық заңдылықтарын айқындайды
деген тұжырымдамаға тоқталдық.

Ю.В.Ванников бойынша техникалық мәтіндердің классификациясы
Ғылыми техникалық саланың функциональдық стилі
I. Техникалық мәтіндер

Мәтіндер (Академиялық мәтіндер, оқытуға арналған мәтіндер, энциклопедиялық
мәтіндер):

I. Техникалық мәтіндер
• Өндірістік техникалық мәтіндер (техникалық құралдардың сипаттамасы,
технология және өндіріс тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру және
эксплуатация тәжірибесі);
• Инструктивті мәтіндер (эксплуатация бойынша басқарма); анықтама
әдебиеті (анықтама, техникалық каталог);

II. Информациялық мәтіндер
(реферат, аннотация, қайталау, библиографиялық сипаттамалар,
библиографиялық көрсеткіш)

III. Ресми-іскерлік мәтіндер
• Заң саласындағы мәтіндер (акт, келісім шарт, рекламация)
1) Басқару мәтіндер (шешім);
2) Іскерлік корреспонденция (арыз, ұсыныс хат, хат, жоба).

IV. Аралық мәтіндер
• Іскерлік мәтіндер (техникалық құжаттардың стандарттық ерекшеліктері
(стандарт, спецификация, технодокументация, нормаль, норматив,
фирмалық каталог); сипаттау (патент, авторлық құқық);)
• Публицистикалық мәтіндер (ғылыми танымал мәтіндер, өзіндік ғылыми
публицистикалық мәтіндер)

1.2 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің
функционалды-стильдік ерекшеліктері

Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде пайда
болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін
анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен функционалды
стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір функционалды стильде
әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын көруге болады; әдеби тілдің
функционалды стилі әдеби тілдің дамуының әрбір сатысындағы бірлікті
қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде болады.
20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды
ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын
ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық
зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ.
Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың қарқынды
дамуы байқалды.
Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық
әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды
дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік
құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.
Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына,
грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең
маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның
ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше
аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр
тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы
емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық
ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың
әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.
Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып,
жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми техникалық
әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жалпы әр
функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды әсер беретін
кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға Комиссаров
В.Н. [8,56] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми техникалық
материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші орында
терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық стильге қатысты
ерекшелік – оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелік,
басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және
осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілік.
Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес
ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала
қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар.
Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және арнайы
лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.
Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі – термин
проблемасына тоқталатын болсақ: Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі
мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға
барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтаса да
отырады - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың
бірі, профессор Қ.Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: Белгілі бір
ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей
ұғымдарға – ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады,
сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте
қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін.
Жалпы термин сөзін латыннан аударғанда шек, шекара деген
мағынаны білдіреді. Термин атауының өзі жайлы С.Әсілжанов былай дейді:
Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін атау, аталым, атауыш деген
қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі [9,357].
Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің
басы – термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң,
схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген
сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада кездесіп
жүрген былықтан құтылу мүмкін емес - деп 1956 жылы Қазақ әдебиеті
газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты
Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10,178]. Содан бері жарты ғасыр өтсе де,
қазақ тілінің өндіріс саласындағы техникалық терминологиясы әлі де ақсап
келеді.
Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі
толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И.Р.Гальпериннің
Текст как объект лингвистического исследования атты кітабында және басқа
да авторлардың еңбектерінде кездеседі [11,139].
Ендігі, термин дегеніміз – ғылым немесе техникалық белгілі саласында
мамандар пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз
тіркестерін айтады. Термин ретінде тек осы стильде қолданылатын сөздерге
қоса арнайы мағынаға ие жалпы халықтық сөздер де қолданылуы мүмкін
[12,143]. Мысалыға: smelter, recycling, galvanizing, die-casting, mining,
non-ferrous секілді металлургия саласына қатысты лексикалық бірліктерді
техникалық материалдан тыс кездестіру өте қиын. Сонымен қатар, осы
мәтіндерде термин ретінде барлығына таныс, жалпы қолданыста болатын
industry, market, metal, design engineers, production сөздері де
қолданылады.
Терминдер арқылы нақты объектілер мен құбылыстарға нақты және дәл
нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың берген ақпаратына бір мағыналы
түсініктеме орнатуы керек. Сондықтан да осы типке қатысты сөздерге ерекше
талап қойылады. Барлығынан бұрын термин дәл болуы керек, яғни берілген
ғылым және техника саласындағы терминнің орнын табатын, қисынды анықтау
арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға ие болуы тиіс.
Ағылшын тіліндегі ғылыми техникалық материалдарда грамматикалық
ерекшеліктер кездеседі. Әрине техникалық грамматика жоқ. Басқа
функционалды стильдерге қолданылатын синтаксистік құрылымдар және
морфологиялық формалар техникалық мәтіндерде де қолданылады. Дегенмен бұл
стильде басқаларға қарағанда грамматикалық өзгерістер көп қолданысқа ие.
Басқа авторларға қарағанда Комиссаров В.Н. ғылыми техникалық стильдің
грамматикалық ерекшеліктерін толығырақ жазады: ... бұл сияқты
материалдарға нақты объектінің қасиетін көрсете отырып суреттеу және
мағынасын анықтайтын сипатқа ие [13,38]. Бұл мынадай тұжырымдамалар
жасайды:
1) А дегеніміз Б құрылымының кең қолданылуы, яғни байланыстырушы етістік
пен предикативтен құралатын бағыныңқылы етістігі бар құрмалас сөйлем.
Мысалы:
Control is by a foot switch – Басқару аяқ педалімен іске асырылады.
The refrigerants are nontoxic and nonirritating – Тоңазытқыштардың еш зияны
жоқ.
2) жасырынулы анықтауыштар болып табылатын көптеген атрибутивті топтар зат
пен құбылыстың әртүрлі белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы:
A differential pressure type specific gravity measuring instrument –
Қысым төмендету тәсілін қолданатын салмақ өлшейтін құрал.
3) техникалық стильдегі дәйектілік және зат есімдік құрылымының басым болуы
нақты заттарға негізделуден туады.
Зерттеулер көрсеткендей бұндай мәтіндерде үрдістің сипатталуы да іс әрекет
те қалыптасады.
Мысалы:
to dean after the welding деудің орнына маман to do post welding
cleaning деп айтуды жөн көреді – желімдуден кейін тазарту жүргізу.
4) техникалық мәтіндерде оператор етістіктердің кең қолдануы байқалады. Бұл
іс қимылдың шындық бейнелеуінің функциясы заттық ұғымға берілумен
байланысты. Ал баяндауыш сөйлемде тек іс әрекетті білдіруші, заттың
операторы болып табылады. Төмендегі етістіктер оператор қызметін атқарады:
to effect, to assure, to perform, to obtain, to provide, to give, to
involve, to entail, to imply, to result in, to lead to, etc., олардың
мағынасы мен аудармасы толығымен сөйлемдегі негізгі мағынаға ие зат есімге
тәуелді.
5) үстеуді сөйлемнің заттық сөз тіркестерімен алмастыру дәйектілеу салдары
болып табылады.
Мысалыға:
accurately сөзін with accuracy very easy – with greatest ease немесе easy
way түрінде беруге болады. Бірақ бұның күшейткіш үстеулерге қатысы жоқ,
олар техникалық мәтіндерде негізгі модальды экспрессивті әдісс ретінде
қолданылады. Атап айтатын болсақ мына үстеулер: clearly, completely,
perfectly, positively, markedly, essentially, etc.
Мысалы:
the energy loss is markedly reduced – қуаттың жойылуы айтарлықтай
қысқаруда.
6)етістіктердің орнына демеулігі бар етістіктен туған сын есімдердің кең
қолданылуы техникалық стильдің етістікке қарсы үрдісінің бірден бір
көрінісі болып табылады.
Мысалы:
to attendant on – қызмет көрсетуші, to be conductive to – бір нәрсе әкеп
соғушы, to be destructive of – бір нәрседен жойылу, to be incidental to –
әсер етуші, to be responsive to – бір нәрсеге сезімтал болу.
This system is conductive to high volumetric efficiency – Бұл жүйе көлемді
нәтиже береді.
7) етістікті қолданудың ерекшелігі техникалық мәтіндердегі етістіктен
туатын баяндауыш саны көркем әдебиет туындыларына қарағанда екі есе аз.
Ырықсыз форма мен нақ осы шақ формасының басымдылығы байқалады. Аудармашы
арнайы мәтіндерде ырықсыз етістік мағыналы ауыспалы емес формасында
ауыспалы етістіктің қолдануына ерекше көңіл бөлуі керек.
Мысалы:
The steel forges well – Болат жақсы балқытылады.
8) ағылшын тіліндегі техникалық стильдің маңызды белгісі мазмұнды қысқа
түрде берілуі болып табылады, ал эллиптикалық құрылымның айтарлықтай кең
қолданылуында көрініс табады.
Мысалы:
A remote crane немесе a liquid rocket сөз тіркесін аудару барысында
аудармашы сөз тіркестердің эллиптикалық формасын тани білуі тиіс.
A remote operated crane – қашықтықтан басқарылатын кран,
A liquid fuelled rocket – сұйық жанармаймен ұшатын ракета.
Мазмұнды қысқа түрде беру үрдісі айқындауышты бағыныңқылы сөйлемді жанама
сын есіммен ауыстыруға (әсіресе –able, -ive және т.б. суффикстері) және сол
мақсатпен инфинитивті форманың анықтауыш функциясында қолануына себеп
болады.
Мысалы:
The materials available – қол жетерлік матермалдар, problems difficult with
ordinary equipment – арнайы құрал жабдықты қажет ететін күрделі жағдай, the
properties to be expected – күтілетін қасиеттер, the product to be cooled –
салқындатуды қажет ететін өнім.
9) техникалық мәтіндерде артикльді, әсіресе белгілі артикльді, түсіру
жағдайының жиі кездесуін атап көрсетуге болады, басқа типті мәтіндерде де.
Мысалы, реттік сан есім және нақты бөлшек атауының алдында: First uranium
mine in the region was - ... Осы аймақтағы тұңғыш уран шахтасы...
10) ағылшын тіліндегі ғылыми мәтіннің жиі кездесетін грамматикалық
ерекшеліктеріне өлшенбейтін зат есімдердің көпше түрінің кең қолданылуы
жатады: (fat – май, oil - мұнай, greases - май, steel - болат, rare earth –
сирек кездесетін жер үсті элементтері, sand - құм, wool - жүн, gasoline –
жанармай) бұл құрал-сайман атауларының көпше түрі (clippers - тістеуіш,
jointers - жақша, dwiders - циркуль, өлшеуіш); атрибутивті сөз тіркестерін
type, design, pattern, grade сөздерімен қолдану:
dry chemical type fire extinguisher – ұнтақты от сөндіруші;
туыстық қатынасты беру үшін of демеулігін қолдану: the fuel of kerosene –
жанармайлы керосин.
11) техникалық мазмұнның жүйелілігі мен дәлелденуіне байланысты қарқынды
түрде қолданылуы байқалады.
Мысалы:
since – содан бері, therefore - сондықтан, thus - осылайша, it involves –
бұған қатысты, it results in – бұл әкеп соғады.
Кез келген техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің көптігімен
өзгешеленеді (мәтіндердегі схема мен сызбаларды қоса санағанда). Көптеген
төл тілде сөйлеушілерге бұл белгілер белгісіз, себебі мәтін, осы білім
саласындағы мамандарға арналған. Құлмұхаммед М. өз атынан емес осы саладағы
барлық мамандардың өкілі ретінде шығады [14,76].
Техникалық мәтін когнитивті ақпарат тарату үшін қолданылады. Техникалық
мәтіннің жетекші тілдік әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) бастауыштың дәйекті семантикасы. Бастауыш ретінде осы білім саласының
тақырыбы аясында зат есімнің қолданылуы. Бірінші шақтағы жіктеу есімдігі
сирек қолданылады;
2) бастауыш формасына қатысты ырықсыздықты білдіру тәсілі, жақсыз және
атаулы сөйлемдер;
3) осы шақтың жиі қолданылуы әсіресе нақ осы шақты білдіруі, ол жеткізіп
отырған ақпаратты нағыз дәйекті уақытқа тәуелді ретінде көрсетуге мүмкіндік
береді;
4) күрделі сөздер мен абстрактілі мағынаның басымдылығы. Бұл тілдегі
мағлұматтардың жалпылылығының, олардың дәйектілігінің жоғары деңгейін
көрсетеді;
5) мәтіннің нақты дәйектілігі зат есімнің басымдылығы іс-әрекеттің етістік
арқылы емес, етістіктен туған зат есім арқылы білдіру, бұл мазмұнның
объективтілігін және абстрактілік деңгейін жоғарылатады.
Аталып кеткен ерекшеліктерден басқа техникалық мәтінге тән белгілерді атап
көрсетуге болады. Мысалы: термин және жалпы ғылыми лексика, қысқартулар,
сандар, формулалар. Сызба нұсқалардың көптігі, логикалық құрылымның
графикалық әдісі [15,87].
Техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа
мағлұматты хабарлау. Ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып табылатын
базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Сол себепті
техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға түсініксіз.

Техникалық аудармаға қойылатын талаптар

Техникалық мәтінге қойылатын басты талап адекваттылық, яғни түпнұсқа
мәтінге аударма тура келуі. Адекватты аударма деп түпнұсқа мәтіннің орнына
жүретін, түпнұсқа ақпаратты-коммуникативті қызметін атқара алатын аударманы
айтамыз.
Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық аударманың адекватты
мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері бар. Көркемәдеби аудармада образдық
ұқсастық болу керек болса, яғни семантика-стилистикалық адекваттық,
техникалық аудармада басқа тілдегі техникалық ақпаратты дәлме-дәл берілуін
қамтамасыз етуі керек. Стильдік ерекшеліктерді аудару қосымша мағынаға ие.
Аудармада стандартты немесе нормалық қолданбалы терминология болуы тиіс, ал
оның стилі аударылып жатқан тілдегі техникалық әдебиеттің нормасы және
түпнұсқаның стильдік ерекшеліктеріне сай болуы керек. Техникалық аударманың
адекваттылығы негізгі 3 критерийлер бойынша бағаланады: 1) лексика, 2)
грамматика, 3) баяндау тәсілі.
И.П. Смирнов [16,102] бойынша аударманың эквиваленттілігі және
түпнұсқа мәтінге әртүрлі дәрежеде ұқсастығы көп мөлшерде аутентивті
аудармада кездеседі. Аутентивті адуармаға қойылатын талаптар құқық
техникасына қатысты бәрінен бұрын ресми және потентті документтерде
көрінеді. Аутентивті (өмірден алынған) дегеніміз тек қана тлық адекватты
аударма емес, сонымен қатар ресми документ ретінде қолдануға болатын дұрыс
аударма. Техникалық жоба мәтіндерінің аутентивті аудармасы, аудару көлемі
мен уақытына байланысты қол жеткіліксіз. Техникалық аударманы дұрыс аудару
үшін аудармашыда терең лингвистикалық негіз болуы, TM мен AM жетік білу,
ғылыми білімі болу, алдын ала аударылған мәтін жайлы хабардар болуы, сондай-
ақ аударма процесін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет.
Жазбаша аударма процесіне дайындалу кезеңі, аударманың өзі және
аударманы қайта қарап шығу кіреді. Дайындалу кезеңіне қосымша
материалдармен бірге аударатын мәтінді басынан аяғына дейін алдын-ала оқу
кіреді. Осы кезде түсініксіз мәселелермен қысқартылған сөздер белгіленеді.
Бұл аудармашыға маманмен консультация өткізуге және анықтама әдебиет
тізімін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жалпы аударма аударылып жатқан бірліктің (сөйлем) және аударылып
жатқан тілдік құрал арқылы ондағы ақпаратты қайта қарап шығу және қайта
қарап шығу нәтижесінде инвариантын жазудан құралады. Аудармашының болжамы
мен интуициясы (сезімі) техникалық аударманың мағынасын айқындаудың негізі
бола алмайды, өйткені аударма барысында ақпарат мазмұны өзгертілмей,
мағынасы толық көлемде сақталып берілуі тиіс.
Қандай да болмасын жазбаша не ауызша аударма ісімен айналысатын
аудармашының өз жұмысына деген көзқарасы, жауапкершілігі қызметін дұрыс
жүргізуде өте маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ аудармашының өз ісін
қаншалықты білуі, аударма саласында қолданатын әдістері мен тәжірибесі
айтарлықтай жоғары дәрежеде болуы тиіс. Дегенмен, жалпы аударма ісі шетел
тілін білетін әрбір адамның қолынан келе бермейтін жұмыс. Ал, жоғарыда
айтылған біліктіліктердің аудармашылар үшін барлығын бірдей дамыту оңайға
соқпауы мүмкін. Сол себепті біздің қарастырып отырған мәселеміз техникалық
аударма. Және біз, нақты осы аударма жолында болашақ аудармашыларға кажетті
қабілеттер, дағдылар мен мағлұматтарды зерттеу жұмысымыздың барысында
көрсетуді және техникалық аударманың талаптарына сәйкес аударма үлгілерін
беруді жөн көрдік.
Аударманың дұрыс процесін ұйымдастыру үшін бәрінен бұрын аударылатын
мәтіннің жанрын анықтау керек. Сондықтан техникалық мәтіндердің жіктелуі
оның аудармасын зерттеудегі алғашқы нысан болып табылады.
Утробина А.А. бойынша техникалық мәтіндер мынадай түрлерге жіктеледі:
• философиялық ғылымдар (логика, диалектика);
• табиғи, техникалық ғылымдар (физика, химия, биология, геология,
медицина); Мысалға медициналық мәтін:
Cancer: Generally cancer is a disease in which cells change and
produce more cells without control or order. All tissues and organs of the
body are made of cells. Normally cells divide to produce more cells only
when the body needs them. This process makes us feel healthy. Cancer
appears when the body’s complex chemical system becomes damaged and cells
begin reproducing or dividing without control. About one half of all cancer
patients now survive for at least five years after medical treatment.
• қоғамдық ғылым (тарих, археология, этнография, география);
• қондырма және базалық ғылымдар (политикалық экономия, мемлекет және
құқық, өнертану, тіл біліміне кіріспе, психология, педагогика).

Мәселен, құқыққа қатысты мәтін:
Crime: Indictable, Summary and Hybrid Offences. From the point of view
of procedure, criminal offences may be divided into indictable, summary and
hybrid offences. Indictable offences are those which may be tried on
indictment, i.e. by jury; this is the only category known to the common
law, and it includes all the most serious offences.

Смирнов И.П. техникалық әдебиетті былай жіктейді:
• ғылыми әдебиет, бәрінен бұрын ғылым мен техниканың фундаментальды
әдебиеті;
• ғылыми техникалық әдебиет (ғылыми-техникалық журналдар мен конференция
материалдары);
• өнімді техникалық әдебиет;
• белгілі ғылыми әдебиет (ғылыми және техникалық әдебиет қалыптасқан
күйінде) [17,97].
Мұны зерттеу жұмысымда техникалық мәтіндердің функционалды классификациясын
Ю.В. Ванниковтың зерттеуі бойынша схема түрінде келтіреміз. Ол техникалық
әдебиетті – ақпараттық және публицистикалыққа бөлінеді. Техникалық мәтінің
классификацияснының ерекшелігі оған тек және техникалық мәтіндер ғана емес
осы саладағы ресми-іскерлік және аралас стильді мәтіндер сияқты басқа да
мәтіндердің жатуы болып табылады [18,46].
Техникалық мәтіндер – техникалық және ақпаратты болып бөлінеді.
Техникалық мәтіндерге өндірістік – техникалық (техникалық құралдардың,
өндіріс және технологияның тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру мен
эксплуатация тәжірибесін сипаттау) мәтіндері жатады.
Ресми іскерлік мәтіндер заңдық, басқару және іскерлік корреспонденция
мәтіндерінен тұрады. Аралас стильді мәтіндер дегеніміз – іскерлік құжат пен
публицистикалық әдебиет. Іскерлік құжат техникалық пен ресми іскерлік
функциональды стильдердің белгілерін қамтиды. Ал публицистикалық әдебиет
болса публицистикалық стильдердің белгілерін қамтиды.
Бұл классификацияның кемшілігі – техникалық әдебиеттен хабарсыз болу
және техникалық құжаттың айқын мысалы болып табылатын жобалық құжаттарды
іскерлік құжаттардың қатарына жатқызу болып табылады.
Ю.В. Ваниковтың классификациясының артықшылығы - техникалық саланың түрлі
бағыттағы мәтіндермен таныс болу болып табылады, бұл осы құжаттарды аудару
кезінде аудармашыға көмек көрсетеді [19,67].

Түйін

Жоғарыда зерттеу жұмысымыздың I-ші тарауында айтылған мағлұматтарды
түйіндей келе, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-
адекватты аударма алу үшін, алдымен жалпы жазбаша аударманың құрамдас
бөлігі болып табылатын мәтін түсінігін – жоғарғы тәртіптелген бірлік,
ақпараттық, құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық,
біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма деп алдық. Берілген
тілдің техникалық әдебиетінің жалпы және арнайы ерекшеліктеріне, кез келген
техникалық мәтін басқаларын көмекші белгілік жүйенің көптігімен
өзгешеленетіндігіне, техникалық материалдардың лексико-грамматикалық
ерекшеліктеріне, оның ішінде терминдер мен арнайы лексикаға, берілген
мәліметтің ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелілік,
басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және
осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілігіне көңіл бөлдік. Оның
ішінде терминді – ғылым немесе техникалық белгілі саласында мамандар
пайдаланатын арнайы объекті мен мағынаны білдіретін сөздер мен сөз
тіркестерін екенін айқындадық. Және терминдер арқылы нақты объектілер мен
құбылыстарға нақты және дәл нұсқау көрсетуді қамтамасыз ету, мамандардың
берген ақпаратына бір мағыналы түсініктеме орнатуға болатындығына мысалдар
арқылы көз жеткіздік. Сондықтан да осы техникалық мәтіндерге қатысты
сөздерге ерекше талап қойылатындығын, барлығынан бұрын термин дәл болуы
керектігін, яғни берілген ғылым және техника саласындағы терминнің орнын
табатын, қисынды анықтау арқылы мағынасын ашатын қатаң белгілі бір мағынаға
ие болатынын ашып көрсеттік. Техникалық мәтіндер жайында сараптай келе біз
техникалық мәтіннің комуникативті мақсаты – осы білім саласындағы жаңа
мағлұматты хабарлау және ол тек түпнұсқа мен аудармаға жалпы болып
табылатын базалық биіктіліктің жоғары деңгейінде ғана жүзеге асырыладындығы
анықталды. Сол себепті техникалық мәтін бұл саладан хабарсыз адамдарға
түсініксіз болуы айқын талданып көрсетілді.
Техникалық мәтінге қойылатын басты талап адекваттылық. Адекватты
аударма - түпнұсқа мәтіннің орнына жүретін, түпнұсқа ақпаратты-
коммуникативті қызметін атқара алатын аударма деген тұжырымдамаға тоқталған
болатынбыз. Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық аударманың
адекватты мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері анықталды. Көркемәдеби
аудармада образдық ұқсастық болу керек болса, яғни семантика-стилистикалық
адекваттық, техникалық аудармада басқа тілдегі техникалық ақпаратты дәлме-
дәл берілуін қамтамасыз ету керектігі, ондағы стильдік ерекшеліктерді
аудару қосымша мағынаға иелендіретіні айқын көрінді. Және аударма процесіне
сәйкес, техникалық аудармада стандартты немесе нормалық қолданбалы
терминология болуы тиіс, ал оның стилі аударылып жатқан тілдегі техникалық
әдебиеттің нормасы және түпнұсқаның стильдік ерекшеліктеріне сай болуы
керектігі анықталды. Ақпаратты аударманың түрлері секілді техникалық
аударманың адекватты мәселесінің де өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ
адекваттылығы негізгі 3 критерийлер бойынша бағаланатындығын ашып
көрсеттік: 1) лексика, 2) грамматика, 3) баяндау тәсілдері. Ал, аударманың
дұрыс процесін ұйымдастыру үшін аударылатын мәтіннің жанрын анықтау керек.
Сол себепті, техникалық мәтіндердің жіктелуі оның аудармасын зерттеудегі
алғашқы нысан болып табылады. Техникалық мәтінің классификациясына келетін
болсақ, олардың ерекшелігі оған тек және техникалық мәтіндер ғана емес, осы
саладағы ресми-іскерлік және аралас стильді мәтіндер сияқты басқа да
мәтіндердің жататындығы көрсетілді. Нәтижесінде мыналар анықталды,
техникалық мәтіндер – техникалық және ақпаратты болып бөлінеді. Оның ішінде
нақты техникалық мәтіндерге өндірістік – техникалық (техникалық
құралдардың, өндіріс және технологияның тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру
мен эксплуатация тәжірибесін сипаттау) мәтіндері жатады.

II. Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің
аудару ерекшеліктері
2.1 Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы

Аудармалық трансформация дегеніміз - түпнұсқадағы бірліктердің
аударма бірліктеріне көрсетілген мағына көмегімен өзгертуі. Аудармалық
трансформация мазмұндық және мәнерлік жоспары бар тілдік бірліктер арқылы
жүзеге асатындықтан, олар түпнұсқа бірліктің мағынасы мен құрылымын өзгерте
отырып формальды – семантикалық сипатқа ие болады.
Аударма барысында аудармалық трансформация ТМ бірліктері мен сөздік
сәйкестілік арасындағы талдау жасау құралы ретіндегі статикалық жоспарда
емес, аударма тәсілі ретіндегі динамикалық жоспарда, аудармашы аудару
барысында әртүрлі түпнұсқаларды сөздік сәйкестілік жоқ болғанда немесе
контекст шарттары бойынша тура келмегенде қолданады. Өзгерту барысындағы
түпнұсқа ретінде қаралатын, ТМ бірліктерінің сипатына байланысты аудармалық
трансформация: лексикалық және грамматикалық болып бөлінеді. Сонымен қатар,
бір деңгейде түпнұсқа бірліктерінің лексикалық және грамматикалық жағынан
өзгертетін немесе лексикалық бірліктерін грамматикалық бірліктеріне және
керісінше өзгертетін кешенді лексико-грамматикалық трансформация бар.
Комиссаров В.Н. бойынша жалпы трансформациялар 3 топқа бөлінеді [20,77]:
I. лексикалық (lexical);
II. грамматикалық (grammatical);
III. лексико-грамматикалық (lexica-grammatical);
Аударма барысында әртүрлі ТМ және АМ көмегімен қолданылатын басты
лексикалық трансформацияларға мынадай аудармалық тәсілдер жатады:
1. транскрибтеу (translational transcription);
2. транслитерациялау (transliteration) ;
3. нақтылау (specification);
4. жалпылау (generalization);
5. модуляция (modulation);
Кең таралған грамматикалық трансформацияларға мына тәсілдер жатады:
1. сөзбе-сөз аудару (word-for-word translation);
2. сөйлемдерді бөлу (partitioning of sentences);
3. сөйлемдерді біріктіру (integration of sentences);
4. грамматикалық ауыстыру (grammatical substitution), (сөз құрылымы, сөз
таптары, сөйлем мүшесі).
Лексико-грамматикалық трансформацияларға мынадай тәсілдер жатады:
1. антонимдік аударма (antonymous translation);
2. экспликация (суреттік аударма);
3. компенсация (compensation).
Бұған қоса аударманың басты принциптерінің стратегиясын толықтыратын
түпнұсқа аударманың формальды ұқсастықтарын бұзатын, бірақ баламаны ең
жоғарғы деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін техникалық тәсілдер бар. Жалпы
және кең таралған мұндай тәсілдер қатарына мыналар жатады:
1. Лексикалық бірліктердің орнын ауыстыру (Transposition);
2. Қосу (Addition);
3. Алып тастау (Omission).

Аудармалы трансформациялар
Translation transformations
Лексикалық (Lexical transformation)

• формальды өзгерту (транскриптеу (translational transcription);
• транслитерациялау (transliteration), калькілеу (loan translation);
• Мағыналық өзгерту (нақтылау (specification), жалпылау
(generalization);
• модуляция-мағыналық даму (modulation).

Грамматикалық (Grammatical transformations)
• Сөзбе-сөз аудару (word-for-word translation);
• Сөйлемдерді біріктіру (Integrating of sentences);
• Сөйлемдердің бөлінуі (Partitioning of sentences);
• Грамматикалық орын ауыстыру (Grammatical substitutions).

Лексико-грамматикалық (Lexica-grammatical transformations)
• Антонимдік аударма (antonymous transformation);
• Экспликация-сипаттау әдісі (explicatory translation);
• Компенсациялау (compensational technique).
 
Соңғы жылдары ресейлік компаниялар халықаралық мұнай нарығында маңызды
орынға ие болды. Мұнай және мұнай-химия өнімдерін қайта өңдеу және өндіру;
құбырларды салу, қайта құру және экспорттау; әлемдік нарыққа мұнай-газ және
мұнай-химия жабдықтарын жеткізу; Мұнай мен жабдықты өндіруге арналған озық
технологияларды енгізу және пайдалану - бұл Қазақстандық мұнай-газ саласына
қатысатын халықаралық жобалардың толық тізбесі емес. Әлемдік нарықта
табысты ынтымақтастық үшін компаниялар қажетті құжаттарды шет тілдеріне
немесе керісінше серіктестердің тілінен орыс тіліне аударуы керек.
Мұнай-газ саласының құжаттамасын аудару - техникалық аудармадағы ең
күрделі бағыттардың бірі.
Әдетте, мұнай және газды барлау және өңдеу, мұнай өңдеу зауытын салу,
мұнай-газ жабдықтарын пайдалану, келісімшарттар мен ілеспе құжаттар сияқты
өндірістік процестерге жатады. Көп жағдайда аудармашы мұнай-газ саласының
бұрғылау, аяқтау, жөндеу және пайдалану, мұнай мен газды өндіру және
тасымалдау сияқты ерекше учаскелерін түсінуі қажет. Арнайы жағдайларда
қандай жабдықты пайдалану керектігін, сондай-ақ мұнай-газ саласында қандай
проблемалар кездесетінін және өндіріс қауіпсіздігі қалай қамтамасыз
етілгенін білу керек. Мұнай мен газды аудару ерекшелігі көбінесе
ақаулықтарды жоюға, құрал-жабдықты сынға алуға, қызмет көрсету
стратегиясына және өндіріс тиімділігін бақылауға байланысты. Бұған қоса,
көптеген жағдайларда аудармашы экономикалық және сақтандыру тақырыптарын
білу керек, өйткені мұнай өндіру және өндіру экономикалық келісімшарттармен
тығыз байланысты және жақын арада ықтимал тәуекелдерді және шығындарды
сақтандыруды ескере отырып.
Мұнай-газ саласындағы техникалық аударма келесі құжаттамамен жұмыс
істейді:
• Тендерлік құжаттама пакеттерін дайындау
Мұнай-газ саласына қатысты сақтандыру полистерін аудару
• Халықаралық мұнай және газ стандарттарының аудармасы және оларды ресейлік
өндірушіге бейімдеу
• Салмақты және көлемді өлшеу жүйелерін (мысалы, баррельді тоннаға дейін)
аудару және бейімдеу;
• Мұнай-газ жабдығын әр түрлі форматтарда аудару (AutoCAD, PowerPoint)
• газ және мұнай кен орындарын игеру бойынша құжаттарды аудару
• Ұңғыманы пайдалануға байланысты құжаттаманы және өндірісті ұлғайту
әдістерін аудару
• Мұнай мен газды жинау, тасымалдау және сақтау бойынша құжаттарды аудару
• компрессорлық станциялар мен құбырларды салу бойынша құжаттаманы аудару
• Мұнай-газ жабдығын құрастыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды
аудару
• Мұнай-газ жабдығын қорғау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша
құжаттарды аудару
Мұнай-газ саласындағы экономикалық және нормативтік құжаттарды аудару.
Мұнай-газ саласында техникалық аударма қиындықтары көп, кейде күтпеген.
Мысалы, сақтандыру полистерін аудару кезінде аудармашы ресейлік шындықтарға
халықаралық сақтандыру ережелерін бейімдеуі керек. Мұндай саясатты
жасағанда туындайтын проблема - құжатта жалпы қабылданған халықаралық
ережелерді қолдану. Қазақстанда стандартты сақтандыру ережелері қазірдің
өзінде осы ескертпелерді қамтиды, сондықтан осы ескертпелердің әрқайсысын
аудару кезінде бөлек сипатталуы керек. Сонымен бірге аудармадан кейін
саясаттың өзі өте көлемді екендігін ескермей, орыс тіліне аудару қиын.
Тағы бір мысал: әрбір санаттағы автономды тұжырымдама болып табылатын
мұнай-газ саласының жоғалтылған сыныптары туралы құжаттар және нақты
аударма емес, тұжырымдаманың өзін еліміздің нарығына бейімдеу қажет.
Көптеген мұндай ұғымдар әлі күнге дейін орыс тіліндегі мұнай және газ
терминологиясымен байланысты болмағандықтан, бұл аудармада елеулі
қиындықтар тудырады және, тиісінше, аудармашының жоғары біліктілігін талап
етеді.
Негізгі қиындықтардың бірі - мұнайды және газды аудару
ерекшеліктерінің бірі болып табылады және мұнай-газ саласына кең тараған
арнайы тар профилді терминологияны аудару қажеттілігі. Мұны істеу үшін
аудармашылар сөздікпен ғана емес, сонымен бірге арнайы көздермен де жұмыс
істеуге тиіс. Сондай-ақ, метрикалық бірліктерді американдық ағылшын
бірліктеріне (баррель үшін тоннаға және керісінше) айырбастаудың қажеті
жоқ.
Тәуекелді қысқарту туралы құжаттармен немесе мұнай кен орнының
экономикалық тиімді дамуы мен үстеме шығыстардың төмендеуімен айналысқанда,
аудармашы тек мұнай-газ саласында білімді ғана емес, сондай-ақ экономикалық
және экономикалық терминологияны түсінуді де талап етеді.
Құжат мұнай-газ саласының жалпы терминологиясы болып табылмайтын
корпоративтік қысқартулар мен терминологияны қолданатын жағдайлар бар.
Содан кейін аудармашы компанияда қабылданған терминдердің және
қысқартулардың мағынасын түсіну үшін тиісті компаниялардың корпоративтік
құжаттарын зерделеуі керек.
Және, әрине, мұнай-газ саласының өлшеу стандарттары мен ерекшеліктерін
аударумен байланысты көптеген қиындықтар бар. Яғни, Қазақстандық мұнай-газ
стандарттары, мысалы, американдықтардан ерекшеленеді. Егер Қазақстандық
құжат Қазақстандық стандартқа, стандартты немесе саланы реттейтін
нормативтік құжаттарды ескертетін болса, аталған стандартты аудару қажет.
Құжаттарды шет тілінен қазақ тіліне аударғанда, айналар айнадағы сурет
қайталанады. Халықаралық тәжірибеде Америка мұнай және газ институты (API)
мұнай-газ және мұнай-химия салаларында жаһандық стандарттардың заң
шығарушысы болып саналады. API стандарттары бүкіл әлемде танылады және
мұнай-газ саласының барлық аспектілерін реттейді. Әрине, ресейлік
компанияны әлемдік нарықта табысты жұмыс істеуі және тануы үшін халықаралық
стандарттарға сай болу керек, бұл аударманың және осы стандарттардың қазақ
тіліне бейімделуін білдіреді.
Аталған қиындықтар мұнай және газ аудармашысының алдында тұрған
проблемалардың толық тізбесі емес. Мұнай және газ өнеркәсібінің
құжаттамасын аударудың негізгі сипаттамаларының бет-жүзінде айтылуы ғана.
Мұнымен қоса, мұнай-газ құжаттамасының аудармашысы салада кең көлемде білім
алуға, Қазақстандық және халықаралық шындықтарды білуге ​​және мұнай-газ
құжаттамасының экономикалық және сақтандыру аспектілерін түсінуге тиіс.

2.2 Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару
тәсілдері

Соңғы онжылдықта заманауи тіл білімінде өз жұмыстарын терминологияны
зерттеуге арнаған В.М. Лейчик, Н.В. Подольская, А.В. Суперанская, Г.П.
Немец, Н.В. Васильева, В.П. Даниленко сияқты бірнеше зерттеушілер пайда
болды. Осы зерттеушілердің ойынша қазіргі заманның терминологиясы — ол әр
бірлігі шектеулі қолданыста болатын сөздер тобы. Терминдерді басқа
сөздердер ерекшелендіретін қасиет ол оның ғылыммен тығыз байланыста болуы.
[5, 14б].
Терминдердің пайда болуы, даму барысында жаңа кезеңдерден өткен
ғылым мен техника салаларына байланысты болатыны баршаға мәлім. Мұнай газ
саласындағы терминдерді зерттеу барысында терминополе ұғымы пайда болды.
Терминополе ұғымын алғашқы рет А.А. Реформатский 1931 жылы тіл біліміне
енгізді, алайда көптеген тіл мамандары бұл ұғымның мәнін ары қарай
зерттеуде. Біз терминополе ұғымын белгілі бір жүйені құрайтын ғылыми-
техникалық жиынтық ретінде санайтын тіл мамандарының көзкарасымен
келісеміз. Мұнай газ саласында терминополе бүтін бірлік ретінде өзара
байланысты терминологиялық жүйе, терминологиялық тізбек пен терминдерден
тұрады. Мұнай газ саласындағы терминополе ұғымын ағылшын және қазақ
тілдеріндегі терминологиялық бірліктерін кешенді саралау арқылы анықтаған.
Мұнай газ саласындағы терминология адамның мақсатты іс әрекетінің
нәтижесінде дамып экономикамен бірге, бір уақытта қалыптасады. Ал терминдік
жүйе ұғымы мұнай газ саласында адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Ғылыми стильді мәтіндерді аудару
Патенттердің аннотациялық аудармасы
Ғылыми-техникалық мәтінді аудару амалдары
Пәндер