Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Тарихи-әлеуметтік жағдай және кейіпкерлер жүйесі . . . 9
- Әбіш Кекілбаевтың туындыларындағы өмiршеңдiк рух . . . 9
1. 2 Образ жасаудағы психологизм және көркем характер . . . 23
2 Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал-тәсілдер . . . 35
2. 1 Ішкі монолог- көркемдік-аналитикалық тәсіл . . . 35
2. 2 Әбілқайыр образын жасаудағы ішкі монологтың көркемдік мәні . . . 49
Қорытынды . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының маңыздылығы. Көркем өнер, оның ішінде, сөз өнерінің адам тағдырының небір тылсым сырларына, адамзат тарихының қайсыбір бел-белесті кезеңдеріне құрылатыны ақиқат. Көркем әдебиеттегі адам табиғаты, оның көркем шығармада бейнелену ерекшеліктері сыншылардың зерттеушілердің назарында әр кез болып келген және бола да бермек. Өйткені қандай дәуірде болмасын, адамның ой-аңсары, өмірлік мақсаты - мәңгілік мұраттармен ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір кезеңдегі ерекшеліктермен сабақтаса бейнеленіп келген. Дәуір дидары, заман келбеті қаламгерлерге ой тастап, оларды өзінің дүниетанымына, суреткерлік мұратына орай бейнелеуге бейімдеген.
Әдеби бейне, көркем образдар, кейіпкерлер жүйесін, тұлғалы кейіпкер жасауда ХХ ғасырдағы қазақ сөз өнерінің орны ерекше. ХХ ғасыр - ұлттық жазба әдебиеттің толысып, одан әрі даму ғасыры болды. Әсіресе, қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді.
Ж. Аймауытов, Б. Майлин, М. Әуезов сияқты ұлы қаламгерлердің әңгіме, повесть, романдарынан басталған қазақ прозасының классикалық дәстүрі кейінгі әдебиеттен жалғастық тапты. Сөйтіп қазақ прозасы дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік өзгерістері мен құбылыстарын бейнелеуде, алуан-алуан адам характерлері мен кейіпкерлер жүйесін жасауда үлкен табыстарға жетті.
ХХ ғасырдағы қазақ прозасы халық, ұлт өмірінің әр қилы қырларын бейнелей отырып, көркем бейненің бай галереясын жасады. Проза жанрының өз дәуірінің қоғамдық, рухани болмысын суреттеумен бірге, іргелі тарихи тақырыптарды игере отырып, ұлт тағдырының шежірелі күндерінің болмысын да көркемдікпен бейнелеп бере алды. Бұл салада Ғ. Мүсіреповтің, І. Есенберлиннің, Х. Есенжановтың, Ә. Әлімжановтың, С. Жүнісовтің, М. Мағауиннің, Ә. Кекілбаевтың, Қ. Жұмаділовтің, Д. Досжанның, С. Сматаевтың, т. б. прозалық шығармаларында халқымыздың өткен тарихы көркемдік шешімін тауып жатты.
Сөз өнерінің басты қасиеті - көркемдік пен бейнелілік десек, аталған кезеңдегі қазақ прозасының ең басты табысы - оның көркемдігінде. Осы тұрғыдан келгенде, қазақ прозасының көркемдік деңгейі, әсіресе, көркем бейне жасау тәжірибелері төл әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа рухани шыңдарға жетелей түсті. Әдеби бейне сомдауда қазақ қаламгерлерінің шығармашылығы әр алуандығымен ерекшеленді.
Жалпы алғанда, 60-80 жылдарда Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен жүрді. Әдебиет жанрының барлық түрі тең дамыды және реалистік проза кең көлемде өрістеді. Әдебиеттің негізгі жанрларын байытудағы және қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі белсенді қызметімен сөз өнерінің жас күштері алға шықты. Ә. Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Ф. Оңғарсынова, Ә. Тарази, Д. Исабеков, Ш. Мұртаза т. б. осы кезеңде өздерінің мол шығармашылық мүмкіндіктерін айқын танытты. Осы ірі, майталман қаламгерлердің ішінен жазушы, драматург, аудармашы Әбіш Кекілбаевтың орнын, ролін әрі шығармашылық жолын ерекше атауға болады.
Ә. Кекілбаев шығармаларында адам тағдыры туралы суреттеулер көбінесе кейіпкердің ішкі жан дүниесіне, ішкі психологиясына жетелейтін жол іспеттес болып, оқырманын бей-жай қалдырмайтын тартымды авторлық баяндаулар образ ашудың тиімді әдіс-тәсілі ретінде, яғни психологизмнің сыннан өткен біртұтас арналары ретінде алдыңғы қатарға шығады. Тарих пен адам Ә. Кекілбаев шығармасында әрдайым тұтастықта, бірлікте, сабақтас өріледі. Жеке адамның пенделік тағдыры мен тұтас бір елдің, халықтың тарихи тағдырын жазушы ешқашан бөліп алып, арасын ажыратып, жеке-дара қарастырмайды. Ұлт тағдыры, ел тағдыры жайындағы тарихи әңгіменің желісін жазушы ешқашан назардан шығармайды.
Жазушы шығармаларындағы сан алуан кейіпкерлер жүйесі арқылы қазақ халқының қилы кезеңіндегі бастан кешкен тарихи тағдырын оқырманның көз алдына әкеліп, кейіпкер іс-әрекеті, оның ішкі жан-дүниесінде өтіп жататын психологиялық иірімдер арқылы заман шындығын, уақыт сырын ашып көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы кейіпкерлер жүйесінің бейнелену жолдарын көркемдік тұрғыдан талдап, қаламгер шеберлігін пайымдау.
Қаламгер шығармаларында адам, адамның жұмбақ әлемі, адам және қоғам мәселелеріне философиялық тұрғыда үңілуі байқалды. Соның ішінде философиялық толғау, философиялық пікірлерге берілетін шығармалардағы адам концепциясы өзіндік сипатымен танылуда.
Атап айтқанда, әлемдік әдеби - философиялық ағым - экзистенциализм дәстүріне иек арту үрдісі де көрініс тапты. Бұл мәселенің көркем әдебиеттегі шешімін психологиялық талдау тәсілінсіз қарастыру мүмкін емес. Бұған Ә. Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдары, «Күй», «Шыңырау», «Аңыздың ақыры», «Шеткері үй», «Бір шоқ жиде», «Бәйгеторы», «Құс қанаты» повестері, О. Бөкейдің «Қар қызы», «Мұзтау», «Қамшыгер», «Сайтан көпір», Д. Исабековтің «Тіршілік», «Сүйекші» повестері мен «Қарғын» романы т. б. нақты дәлел бола алады.
Біз зерттеу еңбегімізде белгілі жазушы Ә. Кекілбаевтың тарихи романдарындағы психологизм және кейіпкерлер мәселесін қарастыра келе, соның ішінде ішкі монологтың көркемдік-идеялық мәнін ашуды мақсаттадық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен мәселенің қазіргі жағдайы. Ә. Кекілбаев - қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы туралы бірқатар әдеби-сын мақалалар жарық көрді, кандидаттық диссертация қорғалды. Ол еңбектерде қаламгер шығармаларының біраз қырлары сөз болған. Солардың ішінен Р. Бердібаевтың «Қазақ тарихи романы» [1], «Роман және заман» [2], С. Қирабаевтың «Ә. Кекілбаевтың повестері туралы» [3], Ж. Дәдебаевтың «Өмір шындығы және көркемдік шешім» [4], Б. Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» [5], С. Әшімбаевтың «Шындыққа сүйіспеншілік» [6] еңбектерін атап өткен орынды.
Бұл еңбектерде Ә. Кекілбаевтың шығармашылығы алуан түрлі проблемалар тұрғысынан қарастырылғанмен де барлық қырынан толыққанды зерттелді деп айтуға болмайды. Осының өзі зерттеу нысанына айналған тақырыптың өзектілігін танытса керек. Зерттеулердің басым көпшілігі кеңестік әдебиеттану әдіснамасының принциптеріне сүйеніп жазылған. Ал бүгінгі әдебиеттану талаптары мүлде басқа екені белгілі. Сондықтан да кеңес дәуірінде жарық көрген көркем туындыларды саралауда сол кезеңдегі әдебиет пен саясат арасындағы сабақтастықты ескере келе, шығарманың көркемдік-эстетикалық құндылығын танытуды басты назарда ұстаған жөн.
Осы тұрғыдан алғанда Ә. Кекілбаев шығармашылығының әлі де талай ғылыми-зерттеу еңбектерінің нысанына айналары сөзсіз.
Р. Бердібаевтың «Биік парыз» [7], Ж. Дәдебаевтың «Қазіргі кезеңдегі қазақ тарихи прозасының дамуындағы Әуезов дәстүрі» [8], «Қазақ тарихи романы: дәстүр және жаңашылдық» [9], Ш. Елеукеновтің «Замандас парасаты» [10], «Әдебиет және ұлт тағдыры» [11], С. Қирабаевтың «Шындық және шығарма» [12], Қ. Алпысбаевтың «Тарихи шығарма: таным және көркемдік шешім» [13], Е. Аманшаевтің «Әдеби бейне жасаудың рухани және көркем арналары» [14], А. Исмакованың «Казахская художественная проза» [15], Т. Есембековтің «Драматизм және қазақ прозасы» [16], Б. Майтановтың «Суреттеу және мінездеу» [17], Р. Нұрғалиевтің «Сырлы сөз» [18], З. Серікқалиевтің «Ақ жол» [19], Т. Рахымжановтың «Романның көркемдік әлемі» [20], Т. Сыдықовтың «Қазақ тарихи романы» [21], Г. Пірәлиеваның «Ішкі монолог» [22], Х. Рүстемованың «Поэтика прозы А. Алимжанова» [23], М. Хамзиннің «Қазіргі қазақ романы» [24], С. Тахановтың «Принципы раскрытия художественного характера в современной прозе» [25] атты еңбектерінің бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім екі тараушадан тұрады. Алғашқы тарауда Ә. Кекілбаевтың жалпы шығармашылығы, оның көркемдік-эстетикалық, тақырыптық ерекшеліктері сөз етіледі. Ал екінші тарауда суреткер повестерінің идеялық-философиялық сипаты талдана келіп, жазушының адам характерін даралаудағы қолданған көркемдік тәсілі - психологиялық талдауға мән беріледі. Сол арқылы Ә. Кекілбаевтың повестерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері, ондағы көтерілген өзекті мәселелер, психологизмнің көркемдік-эстетикалық компоненттерінің көркемдік қызметі зерделенеді.
Екінші бөлім де екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда біз жалпы ішкі монологтың әдеби-теориялық жақтарына, кейіпкерлер болмысын ашудағы ролі жайлы, көркем әдебиеттегі көрінісіне, фольклордағы, әлем әдебиетіндегі дәстүрлі үлгілеріне тоқтала келе, ғылыми тұрғыдан түйіндеуге тырыстық. Ал екінші тарауы негізгі зерттеу нысанына арналған, яғни Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы кейіпкерлер жүйесіндегі ішкі монологтың көркемдік мәнін ашуға арналады.
1 Тарихи-әлеуметтік жағдай және кейіпкерлер жүйесі
- Әбіш Кекілбаевтың туындыларындағы өмiршеңдiк рух
Әбiш Кекiлбаев - қазақ рухани әлемiнiң iрi тұлғаларының бiрi. Халықтық әдебиет қайнарларынан терең сусындап, әлемдiк ақыл-ой аңсарларын жан-жақты жiтi зерделеу арқылы даралық биiгiне көтерiлген қаламгер - ұлттық мәдениетiмiздегi ерекше құбылыс. Оның шығармашылық қуатының алтын өзегi, адастырмас ариадасы - Уақыт. Ол үшiн тарих - тек тақырып емес, рухани темiрқазық және адам өмiрiнен, қоғам тағдырынан әлдеқайда биiк тұрған мәңгiлiк өлшем. Дүние құбылыстарына сол заңғардан көз салады.
«Тiл құнарын терең игерiп қана қоймай, оны тамаша түрлендiре де бiлетiн сөз зергерiнiң ойшылдық стихиясы басым. Ойшыл қаламгер көркем сөз кестелерiн көңiл аулар қызыл-жасыл бояу ретiнде емес, өзiне тартып барып, өзегiн тануға жетелер өзгеше жолбасшы ретiнде пайдаланады. Ол үшiн сөз сұлулығы мен ой тереңдiгi екi түрлi категория емес. Тұтас бiр болмыс. Сондықтан да көпшiлiк оның ойы мен сөзiн бiрдей жақсы көредi. Ойшыл үшiн де, суреткер үшiн де бұл аз бақыт болмаса керек» [1, 86] .
Әбiш Кекiлбаев шығармашылығының шырайын шығарып тұрған - оптимистiк, өмiршеңдiк рух. Жылағанмен қоса жылап, жасыққа жеңгетайлық жасауды емес, шикiнi ширату мен мықтыны мадақтауды мұрат тұтады. Шартпа-шұрт «не бар, не жоққа» емес, табиғи ұстамдылық пен ұшқырлыққа iш тартып, өлермендiкке емес өмiрдiң өзiне жүгiнуге көбiрек бүйрек бұрады. Айсберг тәрiздi: айтқысы келгенi - айтқанының астарындағы алып мұздақ. Тақырып маятнигi мәңгүрттiк пен мәрттiк арасындағы кең амплитудада еркiн тербелгенiмен, ат байлары айқын: адамгершiлiк, адалдық пен әдiлдiк, тазалық пен тектiлiк.
Әбiш Кекiлбаев әлемi . . . Қазiргi қазақ мәдениетiнiң бiр рухани атауы. Өнердегi алғашқы адымын өлең жазумен бастаған Әбiш Кекiлбаев «Алтын шуақ» (1963) атты тұңғыш жыр жинағымен-ақ «Ақынның сөзi алтыннан құнды келетiнiн» дәлелдеп жыр құмар қауымды бiр сiлкiнткенiне куәмiз. Әңгiме-роман жазды, ақтаңдағы жетiп-артылатын қазақ тарихының қабат-қабат көрпесiнiң тiгiсi сөгiлдi. Сын жазды, жақсы мен жаманның, сан мен сапаның, жазушы мен жазғыштың ара жiгiн балталамай, бiлiм мен парасаттық қылпыған қандауырымен жiгiн ажыратып, риалистiгiмен тәнтi еттi.
Өнер-өмiр танудың, қоғам танудың, сол қоғамның негiзгi адамды танудың теңдесi жоқ құралы. Қоғамның қадiрiн кетiретiн адам бойындағы жағымсыз мiнез-әрекеттер. Эгоистiк мораль жайлаған ортада шындық болуы тазалық, әдiлет болуы мүмкiн бе? Әрине, жоқ. Әбiш Кекiлбаев «Көлденең көк атты» әңгiмесiнде Саматтың әйелi Жазира күйеуiн менсiнбей қосағының көзiне шөп салып жүрiп, ақыры шолақ белсендi Жанаспен жарасып, кiмге де болса жақсылық жасауға әзiр тұратын күйеуiн жар төсегiнен жеруге мәжбүр етедi. Характер логикасы мен оқиға логикасының арасында еш қисынсыздық байқалмайды. Бәрi табиғи. Иiстенген ортада намыс пен ыза адамды ерiксiз тосын шешiм қабылдатып, күйзелтiп, сана күресiне, өмiрге сергек қарайтын көзқарас күресiне жетелеп әкелмек. Әңгiмедегi сұлулығына табынғандардың көптiгiне Жазира алғашында «тойып секiрсе», артынан «моласындай бақсының» жалғыздықтың. парықсыздықтың зардабын шекпеске амалы қалмайды. Самат жаны күйзелiп, жүрегi қабынғанымен, жаны «арам қаннан» тазарып, арманы биiктей жаңа болмыс - бiтiммен айшықтана түскен.
Философиялық, аналитикалық суреттеу тәсiлi Әбiш Кекiлбаевтың сүйiп қолданатын тәсiлдерi. «Ұлтының кешегi, бүгiнгi болмыс-бiтiмiн, рухани әлемiндегi психологиялық, әлеуметтiк, этикалық, адамгершiлiк менталитетiн суреттей отырып ол кейiпкерлерiн барлық қырынан аударып-төңкерiп, қырнап-жонып, бүгiп-жазып дегендей жете танытып, қилы мiнездер галереясымен армансыз жүздестiредi» [18, 184] . Қаламгер шығармаларының жақсы оқылатыны, бiзше, өмiрлiк шындықты күрделi адамдық болмысты қылықтан емес, құлықтан iздейтiндiгiнде.
«Тасбақаның шөбi» әңгiмесiнде автор шығарманың басынан аяғына дейiн екi кейiпкер Қарабала мен Оңбайды алмастыра жүздестiрiп олардың жан сарайларына терең талдау жасайды. Оңбай қылықтың адамы. Үнемi өзiнiң неге қабiлеттi, неден ұтылатынын, неден есесiн мол қамтып қалуға тиiстi, бағасы қандай, орны қай жерде екенiн өзi де бiлiп, өзгеге де бiлдiруге итiн салып жүретiн «пысықай». Үлестiң үлкенi өзiнiкi, төрдiң төбесi өзiнiкi, қызметтiң жоғарғысы, майлысы өзiнiкi, сөздiң түйiнi, жүйесi т. б. тек өзiнiкi. Өзiне бұйырмағанды сұрап алуға, сұраудың қисыны кеткенде тартып алуға, тартып алмаса ағайындығын сақалын саудалап, әскерден мүгедек боп оралғанын көлденең тартып ештеңеден тартынбайтын сұғанақ. Адал жүрiп адал тұруды шынның бетiн боямауды құдай Оңбайға дарытпағандай. Қанға бiткен мiнез елден артық тұрып, елден есесi, атақ-дәрежесi, бағы көш iлгерi болса да болғанның үстiне бола түссем, алғанның үстiне ала түссем, бiреу аяғымнан шалып, аузыма қақпақ болмаса, жағасын мен жыртқанмен, оның қолы менiң жағама жетпесе, ешкiм жолымда тұрмаса деген мысық тiлеу эгоизмi асқынған жан. Елден аспаса да ел қатарлы еңбегi қоғамға сiңген, соғыстың ауыртпалығын бiр азаматтай-ақ көтерген «ардагер». Алайда, жұрт Оңбайдың төбесi көрiнсе қарадан қарап терiс бұрылып кетiп, сөзге келiп, сұхбаттасуға, ақыл-кеңес алуға құлықты емес. Өйткенi, оның пиғылы қара. Ауыл түгiлi бүкiл ауданды дүбiрлеткен «шолақ аяқ басқарманың» қайда барса да сырын алдырған соң қызметтен сырғанап жүргенi.
Туысы Қарабалаға: «Қазiр орынсыз момын болуға да, орынсыз ақылды болуға да, орынсыз пысық болуға да, орынсыз алғыр болуға да болмайды, қасқа» деп ақылгөйсуi сұңғылалығынан. [26, 84] .
«Молданың айтқанын iсте, iстегенiн iстеме» дейтiн уәж дәл Оңбайға келедi. Сыртын түзеп, сырын түзеуден кеткен онбайшылдықтың көкiрегiн кеулеп жеп жатқан ақ бас құртын Абай баяғыда-ақ: «Iшпек, жемек, кимек, күлмек, көңiл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жинамақ, мансап iздемек, айлалы болмақ, алданбастық-бұл нәрселердiң бәрiнiң өлшемi бар. Өлшеуiнен асырса, боғы шығады» деп түстеп-түгендеп берген. Онбайшылықтан құлан таза айығудың рецептiң де Абайдың өзi жазып берiп кеткен: «Адал жүрiп адал тұрып, счетiн тура келуге». Онбай сол өлшеуден асқан, «боғы шыққан» адам.
Қоғамға Оңбайлардан гөрi «шапса жүйрiк, мiнсе берiк, жуан жуас» Қарабалалар қадiрлi. Олар қара төс, қара балғаның арқасында «өзiне жұрттың iсi түскенiмен, өзiнiң жұртқа iсi түсiп жарытпағанына» шүкiршiлiк етедi. Досын ол ұрыншақ, дәукес деуге қимайды, үйiндегi жылы-жұмсағы соның аузында, тiлегiн орындауға «Үш мұхитты кешiп», жалқау торысын қорс-қорс желдiрiп барып, орындап қайтуға пейiлдi. Сөзге жоқ, iске бапандай. Қулық-сұмдықтан қашық. Аузы «беремге» икемдi, «аламға» - ауыр. Халық басына түскен тауқыметi қайыспай көтеретiн кереге жалды кер тарлан. Қарабалалардың - қолы құтты, жолы болғыш, жаны жомарт. Түбi құдайдың қандай пендесiнiң де көкiрегiне от жағып, жанына iзгiлiк егетiн мықтыңыз да пысықай Оңбай емес, осылар. Өйткенi олар қолына шырақ алып тоңғанды жылытып, ашыққанды тойдырып, несiбесi бұйырмағанның жыртық-тегiсiн жамау үшiн жаратылғандар. Әңгiмеде Қарабала шамадан тыс ұстамды, шамадан тыс байыпты, саясатқа самарқау, ел сөзiне селқос, әрекетi болбыр көрiнгенiмен, ақырын жүрiп анық басатын, адамдық мiнез тұтастығы айқын, дара тұлға. Асылы, «Тасбақаның шөбiндегi» Қарабаланың қазiргi ауылдағы қолы алдына сыймай аңтарылған жұртқа үлгi боларлық даралық танытатын шағы, заманы ендi туды. Қара төс пен қара балғаның астынан шыққан баяғы шалғы, орақ, баяғы өгiз, ат, соқа, шөп машинасы, тырма, лабогрейкаға тiршiлiгi тiленiп қалған шағын шаруа қожалықтарын тұйықтап алып шығатын жарылқаушы - жебеушiсi осы - Қарабала. Ал елдiң есебiне жемсауын тығындап, мемлекеттiң босбелбеулiгiн пайдаланып, сұрақсыз байлығын сұғанақ арам аузымен жұлып жеп, мұртын майлап жататын Оңбайлардың күнi келмеске кеттi. Еңбекпен келген бедел-абыройын, «Тасбақаның шөбiне» аудара салатын дарқан Қарабаланың заманы озбайтынын, айналып соқа беретiнiн көрегендiкпен болжап, мәңгiлiк идеяны «өзi бiлетiн өмiрдi тотының түгiндей құбылтып» ғұмырлы туынды беруi көреген суреткерлiктiң нышаны.
Г. Бельгер Әбiш Кекiлбаевтың асықпай, айшықтап, шешен сөйлейтiнiн, асықпай баппен жазылатынын, қиналып жазылатынын оның екi томдық таңдамалы шығармаларының жинағына жазған алғы сөзiнде қадаңқырап айтыпты. «Бiзге сол сөздер зергер қаламгердiң шығармашылығындағы кең тыныстылықты нәзік сезiнуден гөрi мүсiркегендей әсерде қалдырды. Әр жазушының жазу машығы, мақсаты мен мұраты, қаламына құт мәңгiлiк тақырыбы болады. Әбiш Кекiлбаевтың сүйiктi тақырыбы: қоғам, мемлекет, мораль, философия, этика, адамгершiлiк мәселелерi. Олар мол бiлiм, жеткiлiктi тәжiрибе, тынымсыз iзденiс қажетсiнедi. Қай-қайсысы да бай материалсыз адымыңды аттатпайды. Оған біз кемел суреткердiң шындыққа адалдығын, ойлы, сабырлы, парасатты болмысын, сезiмтал жанын, әр әңгіме, повесi, романдары тұрмақ, мақаласына да жанын салып, ақыл-ойының нәрiн сығып беретiн жауапкершiлiгiн қосыңыз» [27, 55] .
Әбiш Кекiлбаев - бауыр етiндей жақын халықтық характерлер галереясын жасаған зергер қаламгер. «Құс қанаты» повесiндегi жаулығы қарқарадай қара кемпiрдiң бар болмысында жат санап, үрпие қалар еш артықтықты сезбейсiз, ана сезiмiнiң күрделi шындығы судың бетiне қалқып шығады. Бүгiнгi «керме қас, қыр мұрын, жайнаң көз, жiңiшке сүйек» қыздар мен келiншектер қара кемпiрдiң монологі арқылы өрiлетiн ұзақ ғұмырындағы жүрегiн қабындырған ыстық шақтардың шындығын көкiрек құлағымен қабылдаса пiкiрi, көзқарасы. Тұзы жарасып, тiршiлiгiнiң түнiнен күнi ұзаңқырай түсер едi. Қаракемпiрдiң бүгiнi - келiнiнiң ертеңi, келiнiнiң бүгiнi - енесiнiң кешегiсi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz