Киіз басу өнері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Спорт және өнер факультеті

Дизайн және бейнелеу өнері кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Ақ киізден әйел бас киімін жасау технологиясы

Орындаған: ӨДЗ-815 тобы студенті

Досымбетова С.

Жетекші: п.ғ.к., аға оқытушы

Жолдасова Б.Б.

Түркістан 2011

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім.
1. Киіз бұйымдарының түрлері
1.2 Жүнді бояу тәсілдері

1.3 Инелер технологиясы

1.4 Ақ киізден жасалған әйел бас киімдері
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тарихи деректерге зер салсақ, алғашқы адамдар үңгірді мекендеген шақта
табиғаттың дүлей күштерінен, аңдардан қорғану үшін тек тірі қалуды ғана
ойлады. Паналаған үңгірлер, аң аулау үшін жасалынған құралдар, суықтан
қорғану үшін денесін жапқан лыпалар қолөнерінің ең алғашқы бастауы екенін
олар білген жоқ. Қажеттіліктен туған еңбек қызметінің алғашқы түрлері бұл
күнде адамдар айналысқан кәсіпке айналып отыр.
Жер бетіндегі жасалған еңбектің қайсы бірі балмасын, адам баласының ой
еңбегімен, асқақ рухымен жасалынып, ғасырдан ғасырға жалғасын тапқан
қасиетті мұра.
Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласынан болсын, жер
жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне заманнан бері
келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай
ерекшелігімен көзге түседі. Қандай-да болмасын өнер және талант иелерін
өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан-да біз оларды халықтық дейміз.
Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар
жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы,
содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Жүк артып, күш
көлік ретінде пайдаланылған түйенің жүні ұйысып, киіздей болып қалады. Оны
"жабағы" дейді. Әлгі жабағынын астынан "боздақ" деп аталатын үлпілдек жүн
еседі де, жабағы өзінен-өзі көтеріледі. Түйе жабағысынан әр түрлі жеңіл де
жылы күпі тігіледі. Жабағы жүнді түтіп көрпеге де салады, әр түрлі жіптер
иіреді.
Түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптерін иіріп, шекпен, қап, белбеу,
құр, кілем, қоржын сияқтыларды токиды. Сол сияқты түйе жүні айыл-құйысқан,
өмілдірік, ноқта жасауға және көген, бау-шy есуге өте қолайлы. Түйе жүні
көрпеге салуға, шапанға тартуға ете жақсы, жеңіл әрі жылы болады, қылшық
шықпайды,
"Шуда" деп түйенің мойнындағы, тізесіндегі, екі өркештің үстіндегі
салалы қылшық жүндерін айтады. Шудадан жамау-жасқаулық жіп иіріледі. Бұрын
қазақтың тон-шалбары, сабасы мен торсығы, көн ыдыстары осы шуда жіппен
тігілген. Түйе шудасы кейбір арнаулы бау-шуларға да қосылып есіледі. Шуда
жіп "шертер", "керуші" деп аталатын ән-күй аспаптарына ішек есебінде де
тағылған.
Қойдын жүнін "жабағы", "күзем жүні", "қозы жүні", "өлі жүн" және "шет-
пұшпақ" деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі
күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), кепшік, женіл байпақ
тігеді. Қойдың жабағы жүнін түтіп, одан кейін матаның сыртына шықпас үшін
қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Бұл жүнді шайырынан арылтып тазарту үшін де
істеледі. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасьша салады, неше түрлі иіру
ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке
жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады.
Ал күзем жүнінен, қозы жүнінен киіз басылады, текемет, қалпақ,
кебенек, киіз етік, пима сияқты киім-кешектер жасалады. Күзем жүні мен қозы
жүні иіруге келмейді, ол киімнің, көрпенің арасына тартуға да жарамсыз.
Малдың терісінен жұлынып немесе жидітіп алынған жұлма жүнді, қойдың
бауырында, пұшпақтарында байланып жүретін білтеленген жүндерді "өлі жүн"
деп атайды. Қотанның ортасында түсіп қалған, бұтаның басынан жиналған, бау-
шу ескеннен қалған үзік жүндерді "шет-пұшпақ жүн" деп атайды. Мүндай жүндер
кебінесе арқан-жіп есуге жүмсалады.
Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен
роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.
Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әр түрлі
төсеніштер мен қап, шекпен сиякты ең қажетті мүліктер жасалған.

1.1 Киіз басу өнері
Киіз басу өнері көне заманнан бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Киіз
басу да киіз үйдің тұрмысқа пайдалануға келуімен тұстас. Тіпті одан
бұрынырақ келгені даусыз. Киіз үй біздің заманымыздан бұрынғы 3000 -
жылдықта пайда болды деген деректер бар. Ал Шыңжан өңірінде киіздің қай
замандардан бастап пайдаланғанын мөлшерлеуге болатын тарихи қазба деректер
де табылған. Шыңжан өлкесінің шығысындағы бұрынғы үйсіндердің мекені –
Құмыл өңіріндегі қара төбе қабірыстанына зерттеу жүргізілгенде бұдан 3200
– 3600 жыл бұрын астына киіз төселіп, тері киімдермен оралып көмілген
әйелдің мүрдесі табылған. Тіпті таңғаларлығы сол қабірлерден қазір де
өзіміз істейтін ызылған құрлар, жіптер, ақ, қара жолақты, ұсақ шақпақты жүн
кездеме, мәуітілер, шұғалар табылған. Міне, осы дерекке негізделгенде
халқымыздың жүнді пайдаланып киіз басу, арқан, жіп есу, құр ызу сияқты
қолөнерінің тарихының әріден басталғанын көреміз. Ал киіз үйдің біздің
заманымыздан бұрынғы VII – ші ғасырда кеңінен пайдаланылып, белгілі бір
еңбек кәсібіне айналған делінеді жазба деректерде.

Демек, киіз басу өнері Орта Азияны қоныстанған көшпенді ұлттардың
шаруашылығының тұрмыс мәдениетінің туындысы.
Бұл халқымыздың атадан балаға ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарихи
тума мамандығы.
Киізді халқымыз көшпенді тұрмысының барлық қажетіне жаратты. Мәселен,
баспанасына жабынды, басына сая, еденіне төсеніш, үстіне ды білдіреді.
Бірақ басу сөзі тағы бір мағынаны – ыстық өткізу деген ұғымды білдіреді.
Бізде бауырына басу деген сөз бар. Бұл адамның ыстық мейір – махаббатын
бейнелейтін сөз. Мысалы: жұмыртқа басу деген сөзді алсақ, күш түсіру
деген ұғым қате болар еді. Құс жұмыртқаға өз денесінің жылуын өткізеді,
шайқайды, денесінің жылуымен жандандырады. Сондықтан бұл жердегі басу
сөзінің мағынасы – ыстық өткізу, затты (денені) бір түрден екінші түрге
өзгертуді білдіреді. Сол сияқты киізді ыстық су құйып домалатамыз,
білектейміз, қолмен аударып, төңкереміз.
Ал пима жоғары температурада тоқпақтап отырып жасалады. Бұны пима
басу дейміз. Демек, киіз басу сөзі өзінің жасалу барысындағы қажетті
шарттарына қарай қалыптасқан десек болады. Киім тірісше сән – салтанат
бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болды. Халқымыз тарихтағы хандарын
да ақ киізге көтеріп тағына отырғызған.
Басу сөзіне үңілсек, халқымыз киіз жасауды - киіз басу деп атаған.
Бұл сөздің қалыптасуы да тегін емес екені мәлім, өйткені киіз жүннен
жасалады. Ал жүн қанша мол болып тұрғанымен үстінен көлемін бастыра салмақ
(қысым) түсірсеңіз қалыңдығы жұқарып, көлемі кішірейеді. Міне, осы қасиетін
байымдай білген ата – бабаларымыз су сеуіп, кеспелтек ағаштармен басу
арқылы алғашқы киіз нұсқасын жасамағанына кім кепіл. Кейін жүннің ыстық
суда бірігетін физикалық қасиетін игеріп, киіз басу техникасын меңгергені
белгілі.
Басу сөзі былай қарағанда ба- тұрып салмақ түсіру деген ұғым.
Киіз басуға қажетті дайындық:
- киіз басуға желсіз ашық күн таңдалады;
- мол күзем жүн қажет;
- 4 – 6 қанатқа дейін ақ ши дайындалады. Ерекше жағдайда 9 – 10 қанат
ши керек;
- шабақтайтын сабау;
- қайнаған cу;
- жүн шабақтайтын, жүн тартатын 5 – 6 әйел, шиге орап ыспалайтын,
білектейтін 5 – 6 адам;
- буатын арқан және тізгін жіп, немесе бір дана бақан не сырық.
Осы дайындықтар біткен соң жүн басатын отбасы тегіс әрі таза жер
таңдап, қанат шилерді екіден қатарлап төрт немесе алты шиге дейін екі – үш
шиден жұптап біріне – бірін жалғап көктейді. Шилердің ұзыны мен көлденеңін
басылатын киізге жетерліктей етіп құрап алады.
Жүн шабақтау
Туырлық үшін шиге алдымен кер қызыл жүн шабақталады. Сабалған жүн киіз
басатын шидің үстіне сабаумен көпіртіп бір тегіс (қалыңдығын бірдей етіп.
жайып шығу жүн іпабақтау делінеді. Жүн шабақтауға 2 – 3 әйел қатар
отырып, жайылған шидің бір басынан 2 – басына дейін жүнді шабақтап жайып
шығады. Жүн шабақталып біткен соң бір басынан бастап осы қызыл жүннің
үстінен 2 – рет ақ жүн тартылады.
Жүн тарту
Шабақталған жүннің үстіне ақ жүн шүйкесін бір тегіс қатарлап үзіп
жатқызып шығуды жүн тарту дейді.
Ақ жүннің бір бөлігін алып, жұмырлап, шидегі шабақталған жүннің бір
басынан бастап үстіне тартады, оң қолдың қырымен басып, сол қолмен шүйкені
үзіп алып, үзілген шүйкені қайта әлгі үзіп тасталған жүннің қатарына салып,
тағы да әлгіндегідей үзіп алу қимылын қайталаймыз. Осылай көлденең қатарды
толтырып (әркім өз алдындағы бөлікті біріне-бірін жалгастырып істейді) онан
соң алдыңғы үзіліп қалдырылған шүйкенің шетін бастыра тағы шүйке салып,
үзіп, жүн тартылады. Бұл жүн тарту қимылы шабақталған жүннің үсті толғанша
жүргізіледі. Жүн бір жері жұқа, бір жері қалың болмай тегіс тартылуы керек.
Сондықтан жүн тартатын адам ысылған шебер адам болуы қажет. Жүн тартуды екі
не үш әйел қатар отырып істейді. Өйткені жүн шабақтау, жүн тарту ісін
бірнеше адам жабыла істеп тез бітірмесе, үп еткен жел де бұл жұмысқа
кедергі болады. Жел ұшырмау үшін тартылған жүн үстіне сабау, жіңішке
ағаштар бастырылады.
Жүн шабақтап, жүн тартушылар басылатын киіздің шамасына қарай жүнді
қалың, не жұқа етіп тегістеп отырады. Туырлық, үзікке 6 – 7 см қалыңдықта
жүн тартылады. Сырмақ киіздеріне 4 см қалыңдықта жүн салынады. Ал үзік және
сырмақ киізіне асты – үстіне бірдей ақ жүн салынады. Сырмақ киізі жұқалау
басылады. Астарлық киіздерге де кер қызыл жүн жұқалап қосылып басылады.
Су себу
Жүндер тартылып болған соң 80° - тан жоғары ыстық су себіліп, жүн
бастырылады. Суды әдетте төңкерілген шөміштің үстінен құю арқылы шашыратып
себу керек. Немесе шүмегіне темір тесікшелер орнатылған су бүріккіш
құмандармен сепсе де тегіс себіледі. Су жүнге біркелкі сіңуі шарт.
Тазартқыш ұнтақ салу
Су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе, екі шилік
көлемдегі жүнге бір қалта есебіндегі, төрт шилікке екі, алты шилікке үш
қалта, тоғыз шилікке төрт – бес қалта тазартқыш ұнтақты жүннің үстіне тегіс
шашып шығады.
Тізгін жіп салу
Су шашып, тазартқыш ұнтақ салумен қоса, жүн тартылған шидің басына
жүнге тигізбей, шиге орап екі ұшын шидің екі басынан шығарып ұзын жіп
салынады. Бұны тізгін жіп дейді.
Ши шиыршықтау
Су себіліп, тізгін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз басу тарихы
Қолөнер
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Жүндерді іске әзірлеу
Қазақтардың өте ертедегі тұрақты тұратын үйлерінің бір түрі
Костюм - халықтың сәндік өнерінің бір бөлігі
Қазақ қолөнері
Өрмек және ши тоқу өнері
Көркем еңбек сaбaғындa оқушылaрдың дәстүрлі қолданбалы өнер дaғдылaрын дaмыту
Пәндер