Білім алушылардың әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделуі


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІ
6М010300- Педагогика және психология мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
МАЗМҰНЫ
- БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазіргі кезеңде бейімделу мәселесі психологияның шешуші мәселелерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесіне қызығушылықтың артуы және оның әлеуметтік психология аясында қарастырылуының өсуі қазіргі қоғамда жүріп жатқан қарқынды өзгерістермен байланысты болып отыр[1] . Әлеуметтік үдерістердің тұрақсыздығы және жиі алдын-ала болжауға мүмкін еместігі тұлғаға қойылатын талаптарды күшейте түсуде.
Тұлға бір жағынан, әлеуметтік талаптарға сай болуы, екінші жағынан, ішкі тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтау қажет. Қазіргі қалыптасқан жағдайда адам өзінің дүниетанымын, көзқарастарын жаңаша қалыптастырып, неғұрлым аз уақыт аралығында ақиқатты дұрыс көре білгені жөн. Аталған мәселе аясында, адам дербестігін мойындау қарқыны, осыған сәйкес адамның әлеуметтік ортамен өзара өнімді әрекеттесу жағдайында өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері неғұрлым айқындала бастады.
Адамға қазіргі қоғамда тиімді әрекет ету үшін келесі талаптарды орындау қажет: қоғам мен оны қалыптастыратын ұйымдардың табиғатын ұғыну; аталған ұйымдардағы өз және өзгелердің рөлін ұғыну; өз әрекетінің және өзі қатысты ұйымдардың әрекеттерінің нәтижелеріне талдау жасай алу[2] .
Жоғары білім беру болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру үдерісінің маңызды бөлігі бола отырып білімдерді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оларды үйлесімді тұлғамен өрбіте дамыту болып табылады[3] .
Білім беру үдерісінде адамның өмірлік ұстанымдары қалыптастырылады, оның әлеуеті жүзеге асырылады, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзіне сенімділік пайда болады[4] . Қарастырылып отырған мәселе аясында ЖОО екіжақты рөл атқарады. Бір жағынан, жоғары мектеп ерекше әлеуметтік-психологиялық орта болып табылады. Жоғары оқу орнына түсе отырып талапкер үйреншікті әдеттерінен бас тартып, жаңа жағдайларға бейімделуге мәжбүр болады. Осылай бола тұра, білім алушының бейімделуінің табыстылығы индивидтің ерекшеліктері және білім беру ортасының ерекшеліктері тәрізді екі негізгі факторға тәуелді деп айта аламыз.
Жоғары оқу орны талапкерге жаңа әлеуметтік кеңістікті ұсынумен қатар, студенттерінде жаңа жағдайға бейімделу қабілетін қалыптастырады. Осылайша болашақ түлекті кәсіби саласында тиімді қызмет жасауға даярлайды. ЖОО міндеті білім алушының өз күштерін сезіне білуге және қойған мақсаттарына қол жеткізу қабілетін сіңіру болып табылады[5] .
Соңғы кезде адамның әлеуметтік ортаға бейімделу мәселесіне айтарлықтай назар аударылып жүргеніне қарамастан, аталған мәселенің көптеген аспектілері жеткілікті түрде қарастырылмай отыр. Бүгінге дейін білім алушының жоғары оқу орнына әлеуметтік-психологиялық бейімделу ұғымы жүйелі түрде қалыптастырылмаған.
Аталған ұғымды жүйелендіру бұл құбылыстың бүкіл күрделілігі мен қарама-қайшылығын ескеретін болатын. Аталған феноменнің студенттік өзін-өзі басқару контексінде қызмет етуін зерттеу әдістері де жеткілікті түрде нақты болмай отыр. Тұлғаның бейімделушілік қорларының неғұрлым өзекті мәселелері жөнді әдіснамалық шешімдерін таппай отыр.
Бүгінге дейін білім алушының жоғары оқу орнына бейімделу үдерісінде студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық орта ретінде атқаратын рөлі жайлы мәселе ашық күйінде қалып отыр. Психологиялық көзқарас тұрғысынан студенттік өзін-өзі басқарудың білім алушының жоғары оқу орнына бейімделуіне тиізетін ықпалының табыстылығы толық зеттелмеген.
Білім алушының жоғары оқу орнына бейімделу мәселесінің көпжақты, кешенді сипаты және де жүйеленбеген материалдардың ауқымдылығы біртұтас тұжырымдама әзірлеу үшін зерттеушілердің алдына бірқатар әдіснамалық қағидалар мен тәсілдерді қайта қарастыруды талап етеді[6] .
Білім алушылардың бейімделуі психологиялық - педагогикалық еңбектерде көпфакторлы үдеріс ретінде қарастырылады. Дегенмен, білім алушыларды оқытудың жаңа жағдайларына бейімделуіне кедергі келтіретін факторларды жоятын ғылыми негізделген кешенді бағдарлама құрастырылған жоқ. Отандық ғалымдардың еңбектерінде негізі қаланған бағытты ұстана отырып біз білім алушының жоғары оқу орнына әлеуметтік-психологиялық бейімделуі мен бейімделуде студенттік өзін-өзі басқару органдарының рөлін зерттейтін тәсілдерді талдап, жүйелеуді жөн көрдік.
Қазіргі таңдағы ғылым мен тәжірибеде бейімделу түсінігі білім алушының дайындығының тиімділігін жоғарлату әдісін өңдеумен айналысады. Білім алушының бейімделуі білім берудің фундаменталді сұрақтарының қатарына жатады. Демек, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жеке тұлғаның дамуы, мамандандыру, білім алушының әлеуметтенуі білім алушының бейімделуі сәтті болса, білім алушының мамандануы жақсы қалыптасады және қоғамдық ортада дамуы жүзеге асады.
Зерттеу жұмысымыздың мақсаты - білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуін кешенді зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
-тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми-теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;
- «әлеуметтік орта», «бейімделу» ұғымдарына талдау жасау;
- білім алушының әлуметтенуіне әсер ететін факторларды жүйелік талдау;
- білім алушылардың әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделуіне арналған бағдарлама жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орнының білім алушылары.
Зерттеу пәні: білім алушының жоғары оқу орнына әлеуметтік-психологиялық бейімделу үдерісі.
Зерттеу жұмысының болжамы. Егер білім алушының жоғары оқу орнына психологиялық бейімделуі кешенді зерттелсе, арнайы бағдарлама енгізілсе, онда білім алушылардың ортаға бейімделуі нәтижелі болады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: « әлеуметтік орта», «әлеуметтену», «бейімделу» ұғымдарының мәнін ашатын теориялық қағидалар, сондай-ақ әлеуметтік, философиялық, психологиялық білімді қалыптастыру мәселелерін қарастыратын ғалымдардың ойларын, көзқарастарын, тұжырымдамаларын зерттеу, талдау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
- Білім алушылардың әлеуметтік бейімделуін жіктеудің стартегиялары ұсынылды (өзін белсенді түрде өзгерту, орта талаптарына енжарлық мойынсұну, өзіндік ішкі әлеміне енжар түрде бойлау т. б. ) бейімделу үдерісінің кезеңдеріне орай.
- Білім алушының әлуметтенуіне әсер ететін факторларды жүйелік талдау жүргізілді.
Практикалық маңызы: Білім алушының білімді меңгеруі мен білім алуға деген қызығушылығы және оның үлгерімінің жоғары дәрежеде болуына оның жаңа қоғамдық ортадағы әріптестерімен, оқытушылармен, жоғары оқу орнының әкімшілігімен өзара қарым-қатынасының жақсы болуы үлкен әсер етеді. Сондықтан профессор-оқытушылар құрамының студенттермен жұмыс жасау жағдайы олардың бейімделуіне үлкен әсерін тигізеді.
Зерттеу әдістері:
- ғылыми әдебиеттер мен бағдарламалық-әдістемелік құжаттарға теориялық талдау жасау, диагностикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, бақылау, тестілеу) ;
- А. Г. Маклакова, С. В. Чермякинаның «Бейімділік» атты тұлғалық сауалнамасы.
Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1 курс студенттері
Зерттеудің бірінші кезеңінде (2014-2015 оқу жылының 1 жарты жылдығы) зерттеу тақырыбының жоспары жасалынып, библиографиялық көрсеткіш талқыланды. Таңдалған тақырыпқа байланысты ғылыми әдебиеттер мен қажетті материалдар жинақталып, ғылыми зерттеу жұмысының ғылыми аппараты жасалынды. Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде ғылыми-теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеліп, бірінші бөлім нақтыланды.
Зерттеудің екінші кезеңінде (2014-2015 оқу жылының 2 жарты жылдығы) тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми-теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу жасалынып, «әлеуметтік орта», «бейімделу» ұғымдарына талдау жасалды, білім алушының әлуметтенуіне әсер ететін факторларға жүйелік талдау жүргізілді. Диссертацияның негізгі бөлімі дайындалып, теориялық бөлім бойынша зерттеу жұмысының нәтижелері басылымға жарияланды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде (2015-2016 оқу жылының 1 жарты жылдығы) экперименттік бөлімнің әдістемелері нақтыланып, зерттеу тақырыптары бойынша озық педагогикалық тәжірибелерді сарапталып, әңгіме, сауалнамалар жнақталды. Зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдердің жоспары жасалып, білім алушыларға арналған әлеуметтік ортаға бейімделуіне арналған бағдарлама дайындалды.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерін сынақтан өткізу: Зерттеу нәтижелері педагогикалық эксперимент жүзінде өткізілді. Оның негізгі идеялары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланды:
1. «Білім алушылардың әлеуметтік ортаға психологиялық бейімделуі». «Жоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасының мазмұнын және ұйымдастыру талаптарын институттандыру» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015
2. « Білім алушылардың әлеуметтік ортаға бейімделуі». «100 нақты қадам - Қазақстаның білім және ғылым жүйесінің жаңа өркендеу дәуірі» Халықаралық ғылыми конференциясы, 2015
Зерттеу жұмысының құрылымы: диссертация жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, кестелерден, сызбалар мен диаграммалардан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады
1. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. 1 Бейімделу ұғымының мәні, құрылымы және бейімделу кезеңдері
Бейімделу жалпы ғылымның мәселесі болғандықтан, қазіргі кезде ол психофизиологиялық, жеке психологиялық және әлеуметтік психологиялық деңгейлерде зерттеліп жүр. Негізінен педагогикалық аспект әр түрлі сатыда қарастырылады:
- оқушының ішкі жан дүниесі;
- тұлғаның қалыптасқан бағыты бойынша педагогикалық біліктілікті игеруі;
- іскерлік-педагогикалық біліктілікті бекітудің сатысы;
- әлеуметтік-педагогикалық сатысы бойынша жүзеге асады[7] .
Қазіргі уақытта бейімделуді мақсатты тұлғаның қолайлы уақытта қызметтендіру, яғни оны негізгі уақыт орын талабына келтіру, сол уақытты оның барлық қуаты, физиологиялық және рухани байлығы негізгі мәселелерді шешу үшін бағытталуы және шығындалуы тиіс.
Басқа қайнар көздерден қарайтын болсақ, "бейімделу" сөзінің астарында "тұлғаның орта арасында қарама-қайшылықсыз, әр қилы талаптарына бейімделу" деп жазылған[8] .
Көбіне ғалымдар "бейімделу" түсінігін жеке тұлғаның қоршаған жерінде және табиғи ортасында реакцияларын белгілеу үшін қолданады[9] .
"Бейімделудің" нақты түсінігін таппасақ та, жоғарыда көрсетілген ғалымдардың жұмыстарында жағдайлар ерекшелеп қарастырылған болатын. Олардың негізгісі - бұл жеке тұлғаның белгілі талаптарға бейімделуі үшін өзгеруі, мұндай құралдандыру ағзаның қоршаған ортамен байланыстырылуы болып табылады.
Алайда, бейімделу әрекетін әлеуметтік аспектіде қарағанда, ол мектептегі оқытудың мазмұнын жан-жақты келетін үрдісті толығымен ашпайды.
Білім алушылардың оқу бағдарламасына үйрену кезеңінде, ғалымдар бейімделудің көптеген түрлерін қарастыруды ұсынады. Негізінен, бейімделуді қоршаған ортасына сай 5 түрге бөледі:
- әлеуметтік;
- әлеуметтік-психологиялық;
- психологиялық;
- іскерлік;
- педагогикалық[10] .
Көбінесе зерттелген бейімделудің түрі - бұл оқу бағдарламасына педагогикалық бейімделу. Өзіне сәйкес бейімділік үрдісті құрылымы жағынан, яғни физиологиялық реттеуде оның жеке дара қарым-қатынас кезеңіндегі бейімделуіне қарау керек. Осы негізде психо-физиологиялық бейімделу басты мағынаға ие. Ол бейімділік үрдіске айрықша әсер етеді. Бірақ та оның бейімделу нәтижесінің тұрғылықты болуындағы динамикалық жағдайы мен маңызы әлі зерттелмеген.
Бейімделуді ұстаз бен оқушы арасындағы беделді еңбегіне және оның құндылығының қажетті жағдайларын қарастыратын зерттеу жұмысы ерекше қызығушылыққа ие болады.
Мазмұны мен нәтижесіне қарай автор бейімділіктің екі түрін: шығармашылық және формальдық түрлерін көрсетеді. Шығармашылық бейімділік оқу үрдісіне бейімделуді жоспарлайды, оған қоса оқушы білімді терең әрі мығым түсініп игереді, өзінде шығармашылық ойлау және болашақ маманның қасиеттерін қалыптастырады, тұлғаның еңбектегі жоғары құлшынысымен ерекшеленеді.
Формальды бейімділік -оқушының тек сынақ пен емтиханды жақсы тапсыруы үшін оқу үрдісінде қалыптасады[11] .
Егер де шығармашылық бейімділікте біржақты пікір болса, онда формальдық бейімділікте кейбір авторлардың қарсы пікірі болады. Мысалы, формальдық бейімділік білім алушылардың жаңа ортаға бейімделуімен, жаңа ортаның ерекше жағдайларын меңгеруімен қалыптасады, соның арқасында қоршаған орта құрылымды, жүйелі болып, адамға онда қалыптасу оңай болады.
Мұндай формальдық бейімділіктің анықтамасын біз нақты деп есептейміз. Бұны психология тұрғысынан қолданғанда, ол әлі де қарастыруды қажет етеді. Бұл бейімделу үрдісінің белсенділігімен, енжарлығын айыру барысында адамның қоршаған ортамен қалай байланысуынан туындайды[12] .
"Бейімделу" түсінігі бойынша мынадай анықтамалар анықталды.
1. Бейімделу - бұл жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға белсенді араласуы[13] .
2. Бейімделу - бұл осы үрдістің нәтижесі[14] . Бұл құрамдас бөліктердің бірлігі жеке тұлғаның мақсаты мен дұрыс бағдарына байланысты.
Г. И. Царегородцевтің [15] айтуынша бейімделу процесі жанасатын немесе мүлдем әр түрлі білім салаларына экспортталып, пайда болатын жалпы ғылыми түсініктерге жатқызуымызға болады. Философиялық ғылымдармен қоса жалпы ғылыми түсініктер де әр түрлі ғылымдарға жататын объектілерді біріктіріп зерттеуге қабілеті бар.
Тар мағынада біз бейімделуді өндіру үрдісі деп қарастырамыз, өз мүмкіндігіне қарай оқытушының көмегімен тұлғаның мақсатты түрде жүйеленуінің ұтымды тәртібі, оқудың жаңа бағытымен байланысты оның қызметінің құрылымын қалыптастырады.
Әрбір тірі жан туғаннан бастап өмірінің соңына дейін қоршаған ортасына жақсы бейімделуге тырысады. Бұл қасиет барлық тірі ағзаға тән, яғни дем алу, қозғалу, көбею секілді қасиеттері бар ағзаға.
Көне грек философы Эпидокл өсімдіктер мен жануарлар эвалюциясы жайлы гипотезасын қозғағанда ең алғаш өмір сүру және бейімделу түсінігін көрсеткен.
Қазіргі заманда, әсіресе, қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Ғалымдар осы күрделі процестің түрлі шегін зерттеуге, бағалауға болатындығын көрсетуде.
Ғылыми әдебиеттерді қарастырғанда бейімделу әрқашан жеке тұлғаның әлеуметтік рөлге енуі мен жаңа режимге көшуімен байланысты екені айтылады. Осы ұғымды ары қарай қарастыруымыз арқылы бейімделу - үдеріс пе әлде нәтиже ме деген сұрақ жайлы әлі нақты көзқарастың жоқ екенін аңғартты.
С. М. Елеусізованың [16] пайымдауынша, бейімделу - жеке тұлға мен әлеуметтік орта арасындағы белгілі қарым-қатынас үдерісі және нәтижесі.
Стефаненко Т. Г. [17], С. А. Сущенко [18] бейімделу үдерісі - «қандай да бір кезеңдегі құбылыстың пайда болуының, оның уақытқа тәуелді дамуын, өзгеруін, бірте-бірте ретімен бейімделу элементтерінің жиынтығын қамти тұрып, жаңа кезеңге өтудің сапалы нәтижесін береді».
И. Я. Зимняяның [19] пікірінше, тұлғаның бейімделу үдерісі обьективті ортаны өзінің тұрмыстық болмысын саналы түрде сезінуі, айыра алуына байланысты туындайды, екіншіден, адамның еңбек қызметі бейімделуші ортада әрқашан маңызды, үшіншіден, адам өзінің өмір сүру салтына қарай бейімделу үдерісін пассивті түрде қабылдап қана қоймай, мақсатты түрде өзгерте алады.
Н. Н. Мельникова [20] келесі бейімделудің мінез-құлықының келесі стратегияларын айтады:
- ортаның белсенді өзгеруі;
- өзін-өзі белсенді өзгерту;
- ортадан кетіп басқа ортаны іздестіру;
- ортадан байланысты үзіп, өзінің ішкі дүниесіне кету;
- өзін-өзі пассивті (жәй, баяу) репрезентациялау;
- ортаға пассивті бейімделу;
- ортаныңы өзгерісін пассивті түрде көрсету;
- ішкі өзгерістерді пссивті түрде күту.
Ең жақсы нәтижеге ие болатын бейімделудің бір түрі, бұл өзін - өзі әрі қоршаған ортаны өзіңе ыңғайлы етіп өзгерту тәсілі болып табылатын зерттеулер бар. Бейімделудің қоңыржай нәтижеге әкеп соғатын әрі тұлғаныың ішкі дүниесіне әсер етпей субъектінің сыртқы жағынан өзін - өзі өзгеруі болып табылады. Сонымен қатар соған екі балама моделдер бұл- ортадан кету және сыртқы мен ішкі дүниенің өзгеруін күту. Бейімделудің ең төмен көрсеткіші субъектінің ортамен өзара байланысқа түспей өзінің ішкі дүниесіне кетіп қалуына байланысты.
Зерттеушілердің айтуынша бейімделу процесі кезінде копфакторлы детерменизмнің орын алуын бақылайды, және де ол оқудың әр түрлі кезеңдерінде оғасн әсер етуі мүмкін болатын психологиялық жағынан мінез құлқының өзгері кезінде анықталатындығын айттады.
Бейімделу процесі аса динамикалы болып табылады. Оның жетістігі көбінде обьективті, субьективті оқиғаға, функционалды жағдайға, әлеуметтік тәжірибеге, өмірлік бағдарға және т. б. байланысты. Әрбір адамға сол әсер еткен стимул әр түрлі адамдарда түрлі жауап реакциясын тудыруы мүмкін.
А. Н. Жмыриков [21] бейімделудің белгісі ретінде тек екі деңгейді көрсетеді: толық бейімделу және бейімделудің бұзылысы.
Енді бейімделу бұзылысына тоқтала кетпекпіз. Ал бейімделуге бұл жерде қарастырмауымыздың себебі, алдынғы және осы бөлімдерде қарастырылып кеткен.
Сонымен бейімделу бұзылысы дегеніміз - қоршаған орта мен өзара әрекет етуінің бұзылуы, мәселелі жағдайдың күрделенуі және тұлға аралық, тұлға ішілік қақтығыстардың болуы мен көрінетін процесс.
Тұлғаға әсер етуінің ұзақтығына байланысты уақытша, тұрақты жағдайлық және жалпы тұрақты тұлғаның бейімделуінің бұзылысын көрсетеді. Уақытша бейімделудің бұзылысы - жаңа жағдайға ену мен байланысты міндетті түрде бейімделуі керек жағдай.
Тұрақты жағдайда бейімделудің бұзылысы - мәселені шешу барысында арнайы жағдайға бейімделуде қолайлы әдіс-тәсілдерін таба алмауы мен байланысты (кәсіби іс-әрекет жағдайында, жанұя қарым-қатынасы аймағында) . Жалпы тұрақты бейімделудің бұзылысы қорғаныс механизімін белсендендіруде тұлғаның тұрақты икемделе алмау жағдайы.
Бейімделу бұзылысының пайда болу себептері болып:
- созылмалы ауру мен кәсіби мәселелер, ажырасу нәтижесінде пайда болған психо-әлеуметтік стресті басынан өткізуі;
- басынан өткізген экстремалды жағдайлар - жарақатты дағдайлар, яғни адамның қайғылы оқиғаларға тікелей өзінің қатысуы болған жағдай;
- жаңа әлеуметтік жағдайға сәтсіз, қолайлы емес енуі немесе топтағы өзара әрекет етуінің бұзылысы.
Бейімделу процесі барлық тірі ағзаға тән деп айтып кеттік, бірақ адамның бейімделу ерекшелігі ол тек ортаға бейімделуіне байланысты емес, сондай-ақ ең алдымен ол өзін қажеттілігіне сәйкес икемдей алуына байланысты болып табылады.
Кез келген тірі ағзаға белгілі ортада өмір сүреді, ол сыртқы ортадан міндетті түрде өмірге қажетті компоненттерді үнемі алуға мәжбүрлі. Тірі ағзаны сыртқы ортадан шектеу, оның өлуіне әкеледі. Сондықтан тірі ағза ішкі теңдікке жетуге талпынуда, ол бір уақытта тұрған орта жағдайына бейімделуі керек. Осы құбылыс «бейімделу» түсінігінің сипатын анықтайды. К. Бернар жұмысынан бастап бейімделуді теңсіз жүйелер аралығындағы қатынас ретінде қозғалмалы құрылудың жиынтығы деп қарастырылады.
Гештальт психологиясының теориясы бойынша - барлық ағзаны функциялау, өзін реттеу принципіне бағынады деп тұжырымдайды. Адамдар табиғи жағдайда пайда болып, қажеттіліктерді саналы түсіну ретінде және оларды пайда болу шегіне, қанағаттануына байланысты өмірде қозғалмалы теңдікті (немесе гомеостазды) ұстап тұрады деп қарастырады.
Гештальт бағытының психологы және щвейцар психологы Ж. Пиаженің интелектуалды даму теориясында, бейімделуді баланың интелектуалды дамуындағы маңызды процесс ретінде қарастырады. Жаңа мәселелі жағдайда бейімделу барысында аккомадация және ассимиляция процесі бірігеді, ал олардың қосылуы бейімделуді білдіреді.
Ж. Пиаже [22] аккомадацияны - жаңа пқпаратты меңгеру мақсатында ақыл-ой белсенділік механизімін қайта құру ретінде қарастырады, ал ассимиляция - сыртқы жағдайды иемдену және оны ойша қайта құру деп түсіндіріледі.
Адам ағзасы және жануарлар ағзасы қоршаған ортаға туа біткен және жүре пайда болған акт жиынтықтар негізінен бейімделеді. Бұл бейімделулер дәлме-дәл немесе дәлме-дәл емес болуы мүмкін, олардың көмегімен ағза өзінің өмір сүруін жеңіл - желпі ұстап тұрады.
Негізінен адамды жақсы бейімделген деп егер оның іс-әрекетінің өнімділігі, өмірмен рахаттана алу қабілеті және оның психикалық теңдігі бұзылыссыз болғанда айта аламыз. Бейімделу ең алдымен ағза мен қоршаған ортаның өз ара байланысы болып табылады. Бейімделу процесінің толық дамуы өмір сүру үшін қолайлы қоршаған орта және генотип арасындағы өзара байланыстан туады деп айта аламыз.
Психоанализ ерте қалыптасқан адамның бейімделу құралының және осы бейімделу процесінің арасындағы өзара қарым-қатынасты зерттеу және индивид пен қоршаған орта арасындағы бейімделу жағдайы индивидке себепкер болу, қоршаған орта мен белсенді тікелей әсер ету процесін талқылауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz