Жеткіншектердің қабілетінің тұлғааралық қарым - қатынас жағдайында даму мәселесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒААРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
1. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ ЖАЛПЫ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
1.1 Жалпы қабілеттердің мәні, құрылымы мен динамикасын теориялық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9
1.2 Жеткіншектердің қабілетінің тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында даму мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
23
2. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕУ ... ... ... ... .
40
2.1 Жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамытуға арналған әдістеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
40
2.2 Зерттеу жұмыстарының сандық және сапалық өңдеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
73
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
79
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
80

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда мектептің басты мақсаты: білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және азаматтық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады. Осы мәселеге орай жеткіншетердің жалпы қабілеттерін дамытып, олардың даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқушылардың оқу әрекетіне деген көзқарасын өзгертіп, қатынасын жақсарту мақсатында оқу-тәрбие жұмысын жеткіншектердің жақын арадағы дұрыс даму аймағына бағыттау үлкен маңызға ие.
Жеткіншектердің тұлғааралық қатынастарының қалыптасу және даму мәселесі көптеген психологтар мен педагогтардың назарын аудартуда. Бұл тақырыпта біздің елімізде де, шет елдерде де көптеген эксперименттік және теориялық зерттеулер белгілі. ХХ ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас, тұлғаралық әрекеттестік мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастады.
Мұндай зерттеулердің ішінде жеткіншектердің әрекеттестік сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Әлеуметтік зерттеулер негізінде тұлғааралық қатынастар өзі қатарлас құрбысына эмоционалды және іскери баға берудің пәні ретінде қарастырылады. Жалпы, қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы және тұлғаның эмоционалды күйінің маңызды детерминанты.
Бүгін де ғылым дәлелдегендей, жеткіншектердің қарым-қатынасы олардың тек қана интеллектуалды сферасына ғана емес, сондай-ақ, эмоционалды, әлеуметтік және жалпы қабілеттерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жеке адамның дамуы адами қоғамда, тілмен қарым-қатынаста жетіледі.
Қоғам дамуындағы әлеуметтік жүйеде жеке тұлғаның қарқынды дамуы қарым-қатынас мәселесімен байланысты. Тұлғааралық қарым-қатынас - бұл әр адамның тұлға болып қалыптасуының шешуші жағдайы. В.Н. Дружинин өз еңбегінде: Жеткіншектер қарым-қатынасы бұл рухани құндылықтар алмасуының қоршаған адамдармен және әр түрлі серіктерімен ойша диалогтық формадағы біріккен әрекет процесі,- деп тұжырымдайды [1].
Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Қазақтың көрнекті ғалымы, С.Бап-Баба: Оқыту процесіндегі субъектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды,- деген [2]. Сондықтан қарым-қатынастың нақтылы, бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді.
Өзара әрекеттестік танымдық қызығушылықтың өсуіне, өзіндік білім алуға, белсенділікке итермелейді. Адам өміріндегі ең тамаша қасиет - оның басқа адамдармен қарым-қатынасы, - деп 3. И. Калмыкова айтқандай жеткіншек ересектермен, өзі қатарлас жеткіншек лармен қарым-қатынасқа түсу арқылы дамып, ой-өрісі толысып, кеңейіп отырады, сөздік қоры молайа түседі [3].
С.И.Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады [4].
Сонымен қатар, қарым-қатынас контекстінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асыру тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырады. Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану, этика, психолингвистика - осы сияқты, әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді.
Мысалы, Е.А. Сергиенко іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды [5]. М.С.Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады [6]. А.Н. Воронин адамның қарым-қатынасын коммуникативті іс-әрекет, қатынас өзара түсіну және өзара әсер ретінде қарастырады [7].
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынас ұғымына анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
Қарым-қатынас ұғымының көптеген анықтамаларының ішінде біз коммуникативті іс-әрекет ұғымымен синоним деп қарастыратын (А.Н.Леонтьев [8], М.И.Лисина [9], Х.Т.Шерьязданова [10], А.Д. Алферов [11], Л.А. Венгер [12], В.С. Мухина [13] және т.б) позицияларына жүгініп, М.И.Лисинаның [9] анықтамасын арқау етеміз.
Сонымен, қарым-қатынас деп - екі немесе одан да көп адамдардың қатынас жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас орнына, кіші мектеп жасындағы жеткіншектердің , яғни бастауыш сынып оқушысының психикасының дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға, жеткіншектердің қарым-қатынас қажеттілігі мен мотивтерін анықтауға баса назар аудардық.
А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндірді[8]. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырды. А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г.Ананьевтің[14], А.А.Бодалевтің [15] коммуникативтік әрекет жайлы ілімдері біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болады.
Ал, отандық ғалым С.Бап-Баба бүтіндей оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бірі және оқытушы мен оқушының арасындағы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық танымдық іс-әрекетті тиімділік критерийі деп көрсетті[2]. Мұнда өзара әрекеттестік, қарым-қатынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үрдісіне жетекшілік жасау мүмкіндігі пайда болғандығы дәлелденді.
Өзара әрекететестік негізінде жалпы қабілеттерді дамытудың маңызы зор. Жалпы қабілеттерді дамытуда қоршаған орта факторларының рөлі психология ғылымында ғана емес, сонымен қатар теориялық психология ғылымының аясынан шығып отырған өткір және таласты мәселе болып табылады.
Шынында, егер жалпы қабілеттерінің деңгейі оқудағы жетістік және түрлі ғылыми білім саласындағы өмірлік жетістіктермен байланысы жоғары деңгейде болса, онда қабілеттерді дамыту ең алдымен білім беру бағдарламалары мен педагогтардың назарын аударады.
Аталған мәселені зерттеудің мүмкін болар бағыттарының бірі - білім беру бағдарламаларының мазмұндық аспектісін жеткіншектердің жалпы қабілеттерін даму көрсеткіштерімен байланыста қарастыру болып табылады [16].
Екінші бағыт - жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің дамуында ересектер және құрдастарымен тұлғааралық өзара әрекеттестіктің рөлін зерттеу. Отандық ғылыми еңбектерде жеткіншектердің нақ осы ересектермен өзара әрекеттестігі мен арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеті оның дамуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайларды қалыптастырады [17].
Теориялық және эмпирикалық еңбектерді талдау жеткіншектердің мұғаліммен қарым-қатынас ерекшеліктері оның жалпы қабілеттерінің дамуы мен құрылымының қалыптасуының дербес ерекшеліктерімен байланысты екендігін көрсетіп отыр.
Дегенмен, жеткіншектердің қабілеттерінің дамуын ең жоғары түрде қамтамасыз ететін мұғалімнің тәрбиелік ықпалының жеке факторларын нақтылау одан әрі зерттеулердің пәні болып қала береді. Жеткіншектердің қабілеттерінің құрылымын қалыптастыруда ересектің тәрбиелік ықпалының рөлі отбасылық ортаны зерттеу аясында қарастырылғанымен, бүгінде білім беру ортасы оның қабілеттерді дамытумен өзара байланысы контексінде қарастыру неғұрлым аз зерттелген сала болып отыр.
Сонымен қатар, білім беру ортасындағы тұлғаралық өзара әрекеттестік жеткіншектердің тек мұғаліммен ғана емес, құрдастарымен де қарым-қатынасынан құралады. Эмпирикалық зерттеулерде топтағы өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің қабілеттер мен дербес сипатта көрініс беретін түрлі тапсырмаларды орындау көрсеткіштерімен байланысы көрсетілген.
Осылайша, жеткіншектердің мұғаліммен және құрдастарымен тұлғаралық өзара әрекеттесу көрсеткіштерінің жалпы қабілеттердің деңгейлік және динамикалық көрсеткіштерімен байланысын бірыңғай зерттеу бағдарламасының аясында қарастыру өзектілікке ие болып отыр.
Аталған мәселелермен қатар қабілеттерді дамытуды ғылыми білімдер мен қоғамдық өмірдің түрлі пәндік салаларындағы жеке жетістіктерінде жүзеге асыру контексінен тыс зерттеу толық болмайтыны анық. Берілген диссертациялық зерттеуде қабілеттерді дамыту көрсеткіштері және білім беру ортасында тұлғараралық өзара әрекеттесу ерекшеліктері жеткіншектердің неғұрлым кейінгі өмірлік жетістіктерінде, атап айтқанда мектептегі оқу табыстылығы контексінде талдау жасалынады.
Зерттеу нысаны - өзара әрекеттестікке неігзделген жеткіншектердің жалпы қабілеттері
Зерттеу пәні тұлғаралық өзара әрекеттесу жағдайындағы жеткіншектердің жалпы қабілеттердің даму динамикасы
Зерттеу мақсаты - жалпы қабілеттердің деңгейі мен даму динамикасы көрсеткіштерінің өзара байланысын, бжеткіншектердің тұлғааралық өзара әрекеттесу көрсеткіштерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
oo тақырыптың мазмұны аясында ғылыми-теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;
oo тұлғаралық өзара әрекеттесу жағдайында жеткіншектер қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асырылуын зерттеу, тұлғааралық өзара әрекеттесу және жалпы қабілеттердің рөлін нақтылау;
oo тұлғаралық өзара әрекеттестік негізінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту әдістемесін жасау;
oo жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту жұмысының тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік тексеру.
Зерттеу болжамы: егер, тұлғааралық әрекеттестік негізінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемесі жасалып, білім беру процесіне ендірілсе, онда жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің даму көрсеткіштері жоғарылап, мектептегі оқыту табыстылығы артады.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері: дамуды көпжүйелік үдерісте және дамудың детерминациялық жүйесі сипатында жүйелік тәсіл мен оларды нақтылаудың әдіснамалық қағидалары; мәдени-тарихи теория аясында дамытылатын жеткіншек қабілеттерін дамытуда ересектермен өзара әрекеттесудің рөлі жайлы көзқарастар; субъективтік-әрекеттік тәсіл көзқарастары және оқу іс-әрекетінің субъектісі ретінде дамуы туралы теория.
Жалпы қабілеттердің даму мәселесі жалпы қабілеттердің құрылымы туралы ой-пікірлеріне сәйкес қарастырылды, шығармашылық, әлеуметтік интеллект - әлеуметтік контексттегі міндеттерді шешуге қабілеттілік ретіндегі тұжырымдамалар.
Зерттеу мақсатына сәйкес ұсынылған болжамдар бойынша зерттеу бағдарламасы құрылды және онда Х.Зиверттің шығармашылық қабілеттерді анықтауға арналған сынағы пайдаланылды..
Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы жұмыстың әдіснамалық негізделуімен, зерттеу мақсаты мен пәніне сай келетін әдістемелік құралдардың таңдалуымен; сыналушыларды іріктеу көлемімен (50 адам); мәліметтері статистикалық өңдеудің заманауи әдістерін пайдаланумен қамтамасыз етілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
oo тұлғаралық өзара әрекеттестік негізінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің дамуы мен жүзеге асырылуы зерттелді;
oo тұлғаралық өзара әрекеттестік негізінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту әдістемесі жасалды;
oo жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту жұмысының тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік тұрғыда тексерілді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Аталған зерттеу жұмысының нәтижелері жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің дамуында мұғалім және құрдастарымен тұлғааралық өзара әрекеттесудің рөлі ұғымына үлес қосады: білім беру ортасында тұлғааралық өзара әрекеттесу көрсеткіштері мен жеткіншек қабілеттері динамикасы көрсеткіштерінің байланысының екіжақты сипаты берілді, жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамытумен байланысты мұғалімнің тәрбиелік ықпалының жеке факторлары сипатталды.
Жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамытумен байланысты тұлғааралық өзара әрекеттесу көрсеткіштері мен оның оқудағы табыстылық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жүргізу, жеткіншектердің мектепте оқу табыстылығында қабілеттерін жүзеге асыруда мұғалім және құрдастарымен тұлғааралық өзара әрекеттесудің рөлі жайлы көзқарастарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық мәні. Жалпы қабілеттер мен мектептегі оқу табыстылығын неғұрлым кейінгі бағалау көрсеткіштері өзара байланысының екіұштылығы жеткіншектерді білім мекемелеріне және арнайы сыныптарға іріктеу барысында қабілеттерін тестілеу мүмкіндіктері мен шектеулері айналасындағы пікірталас тұрғысынан өзектілігі ерекше болады.
Жалпы қабілеттерді дамытуда білім беру ортасының тұлғааралық аспектісінің рөлін зерттеу басты назарды білім беру бағдарламасының аясында ортаны пәндік-ақпараттық байытудан, жеткіншек мен мұғалімнің өзара әрекеттесу мәселесіне аударуға мүмкіндік берді.
Жеткіншектердің когнитивті қабілеттерін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде күшейтілетін тәрбиелік ықпал жасау факторлары мен ақиқатында когнитивтік дамумен байланысты факторлардың арасындағы анықталған қарама-қайшылық тұрғысынан педагогтар және ата-аналармен ағартушылық жұмыстың жаңа деңгейде жүргізудің өзектілігі арта түседі.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар:
1. Мектептегі оқу кезінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің деңгейі білім беру ортасындағы тұлғааралық өзара әрекеттесу ерекшеліктерімен байланысты. Өз кезегінде, мұғалім және құрдастарымен тұлғааралық өзара әрекеттесу жеткіншектердің жалпы қабілеттерінің динамикасымен байланысты болып келеді.
2. Мұғалімнің тәрбиелік ықпал жасау құрылымында дербес категориялар ретінде мына төмендегілер ерекшелеп көрсетіледі: жеткіншек ға эмоциялық қолдау көрсету, қатаң бақылау және дамуын ынталандыру. Мұғалімнің эмоциялық қолдау көрсетуі жеткіншектердің ақыл-ой көрсеткіштерімен байланысты болады, бұл байланыс тәрбиелік ықпал жасау қарқынының қолайлы деңгейінің болуына байланысты желілік емес сипатта болады.
4. Ақыл-ой қабілеттерінің динамикасы бір жағынан, мектепте оқу табыстылығының көрсеткіштері екінші жағынан өзара байланысты болғанымен, мұғалімнің тәрбиелік ықпал жасауының түрлі категорияларымен де байланысын көрсетеді. Мектепте оқу табыстылығының көрсеткіштері ең алдымен жеткіншектердің дамуын ынталандырумен байланысты.
Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары мен нәтижелерін сынақтан өткізу: Зерттеу нәтижелері педагогикалық эксперимент жүзінде өткізілді. Оның негізгі идеялары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жарияланды:
1. Тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсеріЖоғары педагогикалық мектепте инновациялық білім беру ортасының мазмұнын және ұйымдастыру талаптарын институттандыру Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 2015
2. Тұлғааралық әрекеттестік негізінде жеткіншектердің жалпы қабілеттерін дамыту жолдары 100 нақты қадам - Қазақстаның білім және ғылым жүйесінің жаңа өркендеу дәуірі Халықаралық ғылыми конференциясы, 2015
Диссертация құрылымы. диссертация жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, кестелерден, сызбалар мен диаграммалардан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. ТҰЛҒААРАЛЫҚ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК НЕГІЗІНДЕ ЖАЛПЫ ҚАБІЛЕТТЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Жалпы қабілеттердің мәні, құрылымы мен динамикасын теориялық талдау

Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы ең қиын кез болып есептеледі [18]. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Тұлғанын қалыптасу және даму заңдылықтарын, түрлі жағдайлардағы оның мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін зерттейтін, адамдарды жиі жағдайларда жақындықтары бойынша біріктіру (отбасы, оқу топтары, өндірістік ұжым) әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік психолог үшін адамдарды біріктіру мәселесі зерттеудің екі аспектісі бойынша қарастыру маңызды.
Олар: біріншіден, адамдарды біріктіру тұлғаны қалыптастыру шарты ретінде және, екіншіден, тұлғаға тиімді тәрбиелік әсер ету құралы ретінде. Аталған аспектіңің екеуі де өзара тығыз байланысқан. Адамды өмір сүріп, жұмыс жасап, оқып отырған ортасынан тыс тіршілік етуін елестету мүмкін емес.
Қазіргі кезде қоғамдық еңбек пен өндіріс орындарында еңбек адамдарымен тілі табысып, олардың күнделікті қажеттіліктері мен талап - тілектеріне жете мән беріп, оларға ерекше мән беріп отыру. Мұндай талаптарды жүзеге асыру кәсіпорындар мен ұжымдардағы қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді байыпты шешу қажеттігі өмір тәжірибесі айқын көрсетіп отыр.
Қарым-қатынастан, адам қоғамнан тыс адам салыстырмалы түрде өзіндік адами қасиеттерін жылдам жоғалтады. Адамдардың ортақ нәтижеге қол жеткізу мен қатынасты жақсарту мақсатындағы олардың күшін біріктіруге және келісімге келуге бағытталған екі немесе одан да көп адамның өзара әрекеттесуі қарым-яатынас болып табылады Сондықтан қарым-қатынас әлеуметтік байланыстың негізгі құралы
Сонымен, қарым-қатынас кұралы - бұл тұлғалар арасында ақпарат алмасу кезіндегі операция болып табылады. Ал, бұл қатыңас екі негізгі қарым-қатынас каналы вербалды және вербалды емес жүзеге асырылады. Адамның тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асатын каналы - вербалды қарым-қатынас болса дене тілі деп аталатын адамның ым-ишарасы, бет қимылы және т.б. үнсіз қозғалысы вербалды емес қарым-қатынас.
Тұлғаның көпшілік қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетін бақылау оның айтатын сөзін жеткізу ерекшелігі болып табылады. Олай болса, оның қоғамдық ортада сөйлеу қасиеті мен мәнерін бағалау, жалпы айтқанда сөйлеу ерекшеліктерін анықтау қажет. Сондықтан, қарым-қатынасқа қабілеттілік тұлғаның сөйлеу мәнеріне, мінез-құлық құрылымына, типологиялық қасиетіне байланысты екендігі байқалады. Мұнда тұлғаның ұйымдастырушылық және коммуникативтік сапалары маңызды болып табылады. Ал бұл сапаларының дамуы басқалармен оның тиімді тұлға аралық қатынас құруға, олармен бірлескен іс-әрекетте өзара әсер етуге мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт.
Алайда, әсер ететін осы жағдайлардың өзінде де белгілі бір зандылықтар болады, мысалы, баланың аяғы кеудесіне қарағанда жылдам өседі де ерекше ұзын сияқты болып көрінеді.
Бала денесінің өсуіндеп осындай әркелкілік дененің басқа мүшелері мен органдарында да көрініс береді, мысалы сүйек етке қарағаңда тез өседі. Сүйектің өте тез өсуі кейде жанға батарлықтай ауыратыны байқалады, денесі құрысып, қатты мазасызданып, баланың берекесі кетеді. Сонын әсерімен баланың мінезінде ашушандық, қызбалық пайда болады.
Жүректің көлемінің өсуі бойдың өсуін қуып жете алмайды, сондықтан да қа жүретін тамырлар әлдеқайда жіңішке болады, қан қысымы артады. Өсудегі морфологиялық тепе-теңдіктің болмауынан тамырдың соғуы да, жүректің жұмысы да қалыпты болмайды, басы ауырады, қаны аздылықтан тез шаршайтын болады.
Бала жеткіншек шаққа өткен кезде оның нерв жүйеснің құрылымы морфологиялық жағынан жетіліп болады. Оның одан әрі қарай дамуы ағзаның барлық қызметіне және екінші сигналды жүйенің жетілуіне бақьшау жасауды күшейтеді. Балалық жастан өту нерв жүйесіне де оңайлыққа түспейді[19]. Ағзаның тез өсуі әрі оның өсуінің бір қалыпты болмауы нерв жүйесінің өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасының қайта құрылуына мәжбүр етеді.
Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзің қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасьш орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады.
Ол - айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін киналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Біз өз алдына жеке қарастыратын әлеуметтендіру факторларының ішіндегі аса маңызды әрі ықпал ету күші басымы -қоғамның алғашқы ұжымы болатын - отбасы, бала оның ықпалын бәрінен бұрын, тез қабылдағыш қасиеті артып тұрған кішкентай кезінде ерекше сезінеді.
Отбасы жағдайы, оның әлеуметтік деңгейі, ата-аналарының айналысатын кәсіптері, материалдық жағдайы және олардың білім деңгейі баланың өмірлік жолын айқындайды. Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.
Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі -- жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады[20].
Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайды, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді[21]. Жеткіншекдердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық-топтық болып табылады.
Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі -- өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатындсын, әлемдегі өзінің орнын табу. Ал бұл қажеттілік басқа адамдармен карым-қатынастары қанағаттандырады. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруда әдебиет пен өнердің атқаратын рөлі ерекше.
Әдебиет жасөспірімнің аддына адамзаттық қарым-қатынастардың, мінез-құлықтардың, сезімдердің аса бай да күрделі мәнін ашып береді: ол әрбір кейіпкерден өзін көретін болады, өзінің сезімдері мен құмарлық-құштарлықтарының дұрыстығына жауап іздейді. Ал музыка -- адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да жеткіншекдердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншектер қоғдмдық-өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жеткіншек үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жеткіншекдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жеткіншекдерге тән.
Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектің досы -- ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалдтын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес.
Ол - жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Ал жеткіншек шактың орта тұсында қыз балалардың бойында ер балалар арасынан, ер балалардың бойында қыз балалар арасынан дос табуға деген қажеттілік оянады. Осылайша, ақылға салынған мақсатты қарым-қатынастағы достық қалыптасады, осыдан келіп жастық шақтың алғашқы махаббаты да оянуы мүмкін.
Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея:
oo іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді;
oo құндылықтарын қалыптастыру;
oo мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады[22].
Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді.
Жеткіншектердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достары мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жеткіншектің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Демек, осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады.
Жеткіншектер өмірінде, әсіресе, 9 сыныпта, яғни, толық орта білім алу жолына тандау жасайтын кезде, олардың бойында әртүрлі мамандықтарға, мектеп пәндерінің ішіндегі белгілі бір пәнге деген қызығушылығы пайда болады. Психология ғылымында қабілет жайлы бірнеше пікірлер кездеседі. Соның бірі - қабілеттер тұқым қуалау арқылы дамып отырады дейтін ілім.
Мысалы: Гальтон таланттың тұқым қуалаушылық жолымен болатынын тарихқа белгілі көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын зерттеу арқылы дәлелдегісі келген.
М.М.Безруких "мың рет сәтсіздікке үшырап, мың бірінші рет жаңалық ашқан, адам қабілетті де, осыны шешпей тастап кеткен адам қабілетсіз"-дейді[23].
ХҮІІІ-ғ. Гельвеций "Қабілеттің түгелімен қоршаған ортамен тәрбиеден туындайтынына ерекше мән берген."
Қабілет жөнінде және бір ілім яғни пікір-ол Маркстік диалектикаға сүйеніп түжырым жасайды. "Қабілеттердің дамуын да табиғи, биологиялық және әлеуметтік жүре пайда болатын қасиеттердің арақатынасының диалектикасына сүйенеді" [24].
Шындығында, қандай қабілет болса да қолайлы әлеуметтік жағдайларда, іс-әрекет, еңбек үстінде қалыптасып отырады.
Адамның кейбір өзгешіліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасына және туыстарына үқсап тууы, Бүны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мүны физиологиялық нышан дейді.
Нышанның соңғы түрі қабілетінің дамуында белгілі орын алады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетім дамуы музыкалық қабілетті байқатады, көру анализаторының өзгешілігі суретке қабілетін байқатады.
Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін-дарындылық. дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне байланысты болып келеді. Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге көрінеді.
Осыдан 200 жыл бұрын Германияда "Ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік 4 жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хайнекеннің өмірі, іс-әрекеті, саясаты мен өлімі-деген кітап жарық көрді."
Дарынды адамдардың қабілеті ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары дәлелдеп жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. Кейде дарынды балалар мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін кездері де болады.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінен бастау алады.
Философияда "қабілеттілік" тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын көрсетеді[25].
Қабілеттер - іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігі[26]. Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі, жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет-өмірлік қалыптасу, олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие - оларды белсенді қалыптастырады.
Жалпы қабілет адамдардың өзін ой әрекеттері мен еңбек әрекеттерінің түрлі салаларынан, сол сияқты ғылымның, техниканың, өнердің салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды. Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырыстарын сәтті орындап отырады. Бірақ өмірде қабілеті әрекеттің белгілі саласынан ғана (мысалы, музыка, сурет, математика, техникадан) көрініп, басқа жағынан жетістікке жете алмай жүретін адамдарда кездеседі. Бұл - арнайы қабілет. Жалпы және арнайы қабілеттер бір-бірімен тығыз байланысты[27].
Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы, ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста. Адамның жалпы қабілетінің жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады. Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект) дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, практикалық қабілеттер шығармашылық әрекетте жоғары деңгейде дамыған, интеллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның конструктивтік-техникалық қабілеті көбінде үлкен ғылыми дарынмен байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да жаңалық енгізеді.
Дарынды ғалымда үлкен конструкторлық қабілет те болуы мүмкін. Сөйтіп, іс-әрекеттің қай-қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі бір талап қояды.
Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан-жақты дамуы ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына көмегін тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада мамандануы керек деген қорытынды шықпайды.
Қоғам алдында тұрған көптеген сұрақтардың жауабын табу адамдардың жеке шығармашылық потенциалын нақты түрде ұйымдастырусыз әрбір адам бойындағы талантты, қасиетті, қабілетті оның балалық шағынан бастап, маманданған жұмысшыға дейінгі қасиеттерін қолданусыз мүмкін емес. Қабілеттілік белгілі бір арнайы жағдайлардан көрінеді. Дербес жағдайда қабілеттіліктің пайда болуының мынадай ерекшеліктері бар:
1. Қабілеттілік дамыған түрде адамдардың белгілі бір іс-әрекеттің және оның осы іс-әрекетке шығармашылық әрекетін сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2. Қабілеттілікті дамытудың құрылымы келесі үш компонентті қамтиды:
а) сипап-сезу және интеллектуалды процестердің жоғары деңгейіне негізделетін жоғары танымдық белсенділік;
б) танымдық тәжірибенің шығармашылық интерпретациясы;
в) іс-әрекеттің эмоционалды дамуының жоғарылануы, нақты іс-әрекетке бағытт алуы.
3. Қабілеттілік оқушының жеке-дара ерекшелігі болып саналады. Ол сипап-сезу процесінің аса жоғары белсенділік деңгейін қалыптастырады.
4. Жоғары деңгейі ес, назар аудару, қабылдау процестерінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл оқушыға белгілі бір мәселелерді шешуде перспективтік бейнелермен еркін жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
5. Адамдардың балалық шағында сипап-сезу мүшесі тез дамып, оны танымдық процестерге түрлі мақсаттарға жетуде қолдану арқылы психикалық сезімталдық деңгейі жоғарылайды.
6. Іс-әрекеттің эмоциональді жоғары деңгейге көтерілуі қабілеттіліктің бір компоненті болып саналады, өйткені ситуациялық-эмоционалдық процесстер психиканың жұмыс жасауын жақсартады: олар еңбекке қабілеттілігін арттырады, сезімталдықты жоғарылатады, ес пен зейінді дамытады, ойлау әрекетіне тиімді әсер етеді. Мұндай психикалық іс-әрекетке эмоционалды процесстердің әсер етуі оқушылардың одан әрі дамуына және нақты іс-әрекетте жетістіктерге жетуге ұштасады[28].
Адам қабілетінің әртүрлі болуын ұлы физиолог И.П. Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамның жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді.
Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды.
Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды[14].
Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн [29] қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс-әрекет жүзеге асады.
Жалпы және еңбек психологиясындағы білімдарлық-қабілеттілікті анықтаудың бірден-бір параметрі, Н.С. Лейтестің [30] пайымдауынша, білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі. Б.М.Тепловтың дәлелдеуінше [31], белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.
В.А. Крутецкий, өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге В.А. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды [32].
Ж. Аймауытұлы [33] Психология және мамандық таңдау еңбегінде белгілі ғалымдардың зерттеулеріне сүйеніп, мамандықты адекватты таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынды. Оның пікірінше, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді.
Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді, ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтардың еңбектерінен бастау алады.
Философияда "қабілеттілік" тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын көрсетеді.
Адамның психикалық ерекшелігі қабілеттілік туралы ойлар, сонау антик заманында өмір сүрген грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық тек өнер адамдарда ғана байқалып, жекелеген адамдардың табиғи қабілеттіліктің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген.
Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін, бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Рафаель т.б.).
Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды[34].
Қабілеттілік туралы ой - пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан Исследование способностей к наукам (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық Европалық тілдерге аударылды[35]. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады.
А.Н. Пащенко табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан[36].
Ал Артемова Т.И. қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген[37].
19 ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.
Қабілет мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде - ағылшын ғалымдары А.В.Алексеев, А.Б. Воронин [38] ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады.
Олар адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.
Ресей психологы Н.В. Видинеев жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, адамның ақыл ойын анықтауға арналған әдістеме ұсынды, әрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл - ой қабілеттілігі [39].
Қабілет және дарындылық теориясының негіздерінің қалыптасуына белсене атсалысқан кеңес психологтары Б.М.Теплов [31], Б.Г.Ананьев[14], Л.С.Выготский[40], Н.Лейтес[41], В.И. Носов [42] еңбектеріндегі психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М.Тепловтың пікірінше, қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады[31].
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша өзара өзгешеленеді.
Б.М.Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д.Небылицин [31] қабілеттерде және дарын-дылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға назар аудару керек деді.
Адам қабілетінің әртүрлі болуын ұлы физиолог И.П.Павлов сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П.Павлов адамының жоғары жүйке жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып бөлінеді.
Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын, болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Б.Г.Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір бөлігі ретінде қарастырылды[14].
Белгілі психолог С.Л.Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық үрдістерден пайда болады деген [29]. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.
Н.С.Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-дылығымен өзгешеленетін және еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді [41]. Бұл тұжырым маңызды ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде болады.
В.А.Крутецкий, өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге В.А.Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды.
Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір бірімен тығыз байла-ныстағы туыс ұғымдар. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бір нәрсеге бейімділігіне орай қалыптасады.
Бейімділік адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға деген құлшынысы оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Е.Г. Будрина [43] мнемикалық қабілет-терді және оның табиғи алғы шарттарын комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі нәтижелілігімен салыстыру мәселесін көрсетті.
Д.Б. Богоявленскаяның [44] зерттеулері көрсеткеніндей таным функцияларының жеке даралық типтік ерекшеліктерінде өте айқын көрінетін дихотомия - вербалды және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі психологиялық сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері
Жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы қарым - қатынастың рөлін зерттеу
Балаңыз қанша жаста
Жеткіншектердің өзара қарым-қатынасы мен өзін-өзі бағалауының психологиялық ерекшеліктері
Достық қарым - қатынастар
Жеткіншектердің құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас мәселелерінің психологиялық аспектілері
Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру
Жеткіншектік кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі
Пәндер